Азаматтық істер бойынша өкілдік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Января 2014 в 16:01, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының Конституциясында адам құқықтарына, оны заңмен тиым салынбаған кез-келген әдіспен қорғауға кепілдік берілген. Демек, өкілділік осы құқықтарды пайдаланудың бір көрінісі болып табылады: Алайда барлық азаматтардың заңмен берілген өз құқықтары мен бостандықтарын пайдаланып, оны заңмен берілген тәсілдермен қорғай алмайтын кездері тәжірибеде жиі кездесіп отыратындығы жасырын емес. Міне, сондықтан да заң оларға өкілділікті - өзгенің көмегін, дәлірек айтқанда заңи білікті көмек алуына мүмкіндік беріп отыр.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Азаматтық істер бойынша өкілдік.doc

— 199.00 Кб (Скачать документ)

1. ұйымдастырушылық мәселелері;

2. заңдық база мәселесі;

3. адвокатураның өзге  құқық қорғау органдарымен қарым-қатынасынан пайда болатын проблемалар;

4. халықаралық құқықтық  кеңістіктегі қазақстандық адвокатура  проблемалары;

5.адвокатураның өзіндік  проблемалары.

Адвокатураның ұйымдастырушылық мәселелері адвокаттық корпустың ескіруі  мен адвокаттар санының аздығына байланысты. Өйткені бүгінгі күні адвокаттық қызметпен айналысу құқығын алған 4600 адамның іс жүзінде 2475-і ғана осы қызметпен кәсіптенуде. Олардың көпшілігі бұрынғы мамандар,  ал жаңадан лицензия алған заңгерлер толқынын құрап отырғандар саны – 611. Десек те, қазіргі уақытта республиканың 17 ауданында  адвокат жетіспей отыр. Бұл негізінен алыс әрі экологиялық ахуалы төмен Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстары.Қазіргі таңда республикада 16 аумақтық және 1 аумақаралық адвокаттар алқасының құрамында 176 заң, 217 адвокаттық кеңселер жұмыс істеуде, Адвокаттардың жалпы саны – 2475.

 Республикада адвокаттар орталығы жұмыс істейді. Ол Конституция, заң, сондай-ақ оның жарғысына сәйкес адвокаттық қызметпен айналысатын азаматтардың өзін-өзі басқаратын қоғамдық бірлестігі болып табылады, Бұл орган Қазақстанның барлық адвокаттарының қауымдастығының ұйытқы органы болып табылады[19, б.8].

Адвокаттық қызметті лицензиялау жөнінде де айта кетелік. Тіркеу қызметінің Комитетінің мәліметтеріне сәйкес мұндай қызметті қазіргі таңда 445 заиды тұлға, 157 жеке тұлғалар көрсетеді, олардың ішінде өз филиалдары арқылы заңи қызмет көрсететін 12 шетелдік заң  компаниялары бар. Осындай қызмет  нарығын реттеу үшін қандай ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар қолдануға болады. Бұл сұрақтарға былайша жауап қайыруға болады: Біріншіден, осы қызметтің субьектілері, сондай-ақ адвокаттар кәсіби тексеруден өтуі керек. Екіншіден, лицензиарға олармен көрсетілетін заңи қызметтің сапасына бақылау жүргізу құқығын беру қажет, үшіншіден, ҚРАІЖК-нің 111-бабына бұрынғы КазКСР-нің АІЖК-де көрсетілгендей сот шешімі қай тарап пайдасына шығарылса, сол тарап шығыстардың орнын  толтыру қажет деп толықтыру енгізу керек. Осындай жағдайда ешбір емтихан тапсырмай лийцензияға ие тұлғаларда адвокаттық лицензия алуға стимул пайда болады.

Жоғарыда аталған шетелдік заң фирмалары Қазақстанда экономика  саласындағы заңи қызметтердің тиімсіздігі  мен жеткіліксіздігі себебінен  пайда болды деп еш күмәнсіз айтуға болады.

Адвокатураның ішкі проблемасы жөнінде айталық. Олардың қатарына мыналар жатады: адвокаттық қауымдастықтағы  ақпараттық жүйенің және әдістемелік  қызметтің болмауы жатады. Елімізде адвокатураның фундаменталды проблемаларымен  айналысатын ғылыми-зерттеу орталықтарының болмауы жағдайында бұл неғұрлым өзекті болып табылады. Адвокатураның материалдық-техникалық базасы төмен. Адвокатураның әлсіз жерлеріне жарналарды төлемеу, тәртіптік шаралар, адвокатарды оқыту, адвокаттық этика мәселелері жатады. Әділет министрлігі жанынан біліктілікті көтеру курстарының жабылғанына байланысты адвокаттардың оқуы төмендеп кетті.

Азаматтық іс жүргізудегі  адвокатура проблемалары туралы айта отырып адвокаттардың қызметінің этикалық тұстарын  айтпай кету мүмкін емес. Адвокаттар қауымдастығы қызметінің  нақ ортасы  тәуелсіздігі мен құзыретінің, өнегелілігінің мәселелері  болуы керектігіне еш шүбә  келтіре алмаймын, алайда құқықтан гөрі этикалық сипатқа ие фактілер көп кездеседі.  Мысалы, мемлекеттік тілде өткізілетін азаматтық сот процесіне қазақ тілінде сөйлей алмайтын адвокаттардың қатысуы. Сонымен қатар адвокаттардың сот істеріне қатыса алмайтындығы туралы уақытында хабарламау да  практикада жиі кездеседі[20].

Бұрын жоғары заңгерлік білімі бар адвокат болуды ниет еткен жас маман  ұрғғылықты жеріндегі адвокаттар  алқасына мүше болып тіркеліп, белгілі бір сынақ мерзімінен өткен соң осы қызметпен айналысу құқығына ие болатын. Қазір Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы  Заңының 9-бабына сәйкес адвокаттық қызметпен айналысуға ниет еткен азаматтарға жоғары заңгерлік біліммен қоса, екі жыл заңгерлік қызмет стажы және арнайы комиссияның сынағынан өткені туралы лицензиясы болуы керек.

Басқаша айтпағанда, Әділет министрлігі жанынан құрылған бұл  комиссия сынағының қиындығы  сондай,  одан сүрінбей өтуге тәжірибелі  заңгередің мүмкіндіктері жете  бермейтінін 29 наурызда өткен ¦кіметтің  кеңейтілген мәжілісінде Жоғарғы сллот  төрағасы Қайрат Мәмидің  өзі қынжыла тұрып мойындаған болатын. Сот саласында  кездесіп отырған қиындықтар мен  кедергілерді саралаған Жоғарғы сот төрағасы өздері ұсынған мемлекет тарапынан қаржыландыратын тұрақты адвокаттық қызметтің жаңа жобасының өтпей қалғанына өтініш білдірді.

Осындай қиындықтар мен  кедергілер салдарынан  бұл саланың  қызметі  ақсауда. Жоғары оқу орнын бітірген  жас заңгерлер тарапынан адвоукаттық қызметпен айналысуға ниет білдіргендер табыла қалған жағдайда заңда көрсетілген екі жылдық  жұмыс стажының болмауынан  мақсаттарын жүзеге асыра алмауда.

Адвокаттық қызметпен  айналысушылар саны жыл санап азайып келеді. Алайда, бұл мұндай құқықтық  қызметке қажеттілікті толықтай  өтеп отыр деген сөз емес. Алдыңғы жылдарға қарағанда өткен жылы адвокаттар қатары  179  адамға көбейді.  Бірақ, бұл адвокаттық қызмет көрсетілмейтін 24 ауыл-ауданның 7-дегі  қажеттіліктің орнын толтыруға  мүмкіндік берген. Сонымен бірге  ауылдық жердегі адвокаттар саны жалпы санның төрттен бірін ғана құрайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Осы тақырыпты зерттеудің нәтижесінде мынадай тұжырым  жасауға болады: Қазақстан бойынша  адвокаттардың қанша азаматтық іске қанша рет өкіл болғаны туралы жалпы ресми статистикалық мәліметтер жоқ. Қазақстан адвокатурасының тыныс-тіршілігі, қызметінің бағыттары, сот тәжірибесі  туралы баяндайтын баспасөз құралы жоқ.

Менің ұсыныстарым:

Біріншіден, Адвокаттық  қызмет туралы Заңда адвокат тәуелсіздігінің кепілдіктерін көрсетіп толықтыру енгізу керек. Заңда белгіленген адвокатураның ұйымдастырылуы мен қызметіндегі тәуелсіздігі адвокатты нақты және толық тәуелсіз етіп бекітпейді. Адвокат та судья сияқты тәуелсіз тұлға болуы керек. Екеуінің де қызметінің түп төркіні  адам тағдыры мен оның мәселелері, оны шешу не оған жауап, қол ұшын беруде жатыр.

Екіншіден, адвокаттардың  этикалық Кодексін қабылдау керек. Өйткені  қандай да болмасын іс: қылмыстық немесе азаматтық іс бойынша адвокаттың өкіл, я болмаса, қорғаушы қызметін атқарғанында оның кәсіби адвокаттық этикасын сақтауы оның клиент алдындағы, жалпы қоғамдағы өз беделін көтереді деп ойлаймын.

Үшіншіден, қолданыстағы заңнан адвокатттық қызметпен айналысқысы келетін жас мамандарға  лицензия алуда екі жылдық  еңбек тәжірибесі болуы керек деген талапты алып тастау;

Төртіншіден, адвокаттар алқасында құжаттарды  рецензиялау  институтын жаңғырту.

Осы аталған ұсыныстар  республикамыздың Парламентінде талқылауда жатқан Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасында өз көрінісін тапса екен деген тілегім бар.Сот өкілдерінің процессуалды-құқықтық жағдайын анықтау үшін екі түрлі құқықтық қатынасты ажырату қарастырылды: сыртқы;ішкі.  Өкілдер ішкі қатынастың қатысушысы ретінде (өкіл мен өкілі болып отырған азаматтар,ұйымдар арасында)  азаматтық іс жүргізу құқығының дербес субьектісі болады. Сыртқы – бұл арызданушы,үшінші тұлғалар, тараптар мен сот арасындағы қатынастар, өйткені өкілдер оның мазмұнына енетін құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыра отырып қарастырылған.

Өкіл азаматтық процестің  барлық  сатыларына, соның ішінде атқару өндірісіне де қатыса алатындығы. Адвокаттың атқару өндірісіне қатысуы  Азаматтық іс жүргізу кодексінің  және Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралың заңының нормаларына сәйкес жүзеге асырылуы негізделген.

Өкілдің сот қарауына қалайша  қатысқанына қарай өкіл беруші  ісінің тағдыры шешіледі. Сот қарауындағы әртүрлі әрекеттерге  адвокат-өкілдің  қатысуы терең зеріттелген.

Әдебиеттерде заңды  мүдде анықтамасы түрліше тұрғыда  қарастырылады. Көп жағдайда заңды  мүдде қандай  да бір себептермен  субьективтік құқықтармен жанамаланбайтын  нақты мүдде  немесе қажеттілік арқылы анықталынады. Заңды мүдденің мәні мүдденің иесінің немесе оған қарсы  тұлғаның іс-әрекетінің  мазмұнына байланысты болды.

Қазіргі таңдағы адвокаттардың  қызметінде кездесіп отырған мәселелеріне кеңірек тоқталып, қазақстандық қоғамда  адвокатураның жауапкершілігі мен  ролін арттыру мәселесін, құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғаларының кәсіби құқықтық саласының осы институтқа  қатынасына қарастырдым.

Бұрын жоғары заңгерлік  білімі бар адвокат болуды ниет еткен  жас маман  ұрғғылықты жеріндегі адвокаттар  алқасына мүше болып тіркеліп, белгілі бір сынақ мерзімінен өткен соң осы қызметпен айналысу құқығына ие болатын, ал қазір Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы  Заңының 9-бабына сәйкес адвокаттық қызметпен айналысуға ниет еткен азаматтарға жоғары заңгерлік біліммен қоса, екі жыл заңгерлік қызмет стажы және арнайы комиссияның сынағынан өткеннең кейіе лицензиясы беріледі, бұл менің ойымша дұрыс табылған шешім.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. З.Х.Баймолдина. Гражданское процессуальное право Республики Казахстан. І том ,Общая часть. Алматы:КазГЮА, 2001.
  2. З.Х.Баймолдина. Разбирательство гражданских дел в суде первой инстанции.Алматы: Жеті Жарғы,2001.
  3. Г.Г.Гиздатов. Судебная риторика. Алматы:Жеті Жарғы,2007.
  4. Қазақстан Республикасының  азаматтық іс жүргізу құқығының өзекті мәселелері: ҚР тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған  ғылыми-теориялық конференцияның материалдары, Алматы: ҚазМЗА,2001.
  5. С.Т.Тыныбеков. Организационные формы и деятельность адвокатуры в Республике Казахстан. Алматы: Қазақ университеті, 2007.
  6. ҚР Конституциясы,2005 жыл,30 тамыз.
  7. ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі,2009 жыл,13 шілде.
  8. ҚР атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы Заңы,2008 жыл,30 маусым.
  9. ҚР адвокаттық қызмет туралы Заңы, 2007 жыл, 5 желтоқсан.
  10. Талғат Шарип-қали. Адам құқығын қорғаудағы қордаланған қиындықтар// Заң газеті,20 қараша,2002.
  11. Ж.Темірғали. Кепілді қызмет көрсетуге кедергі не?//Заң газеті, № 14, 2003.Б.1.
  12. «Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі». (жалпы бөлімі) Алматы. 27 желтоқсан, 1994ж. 2003ж. 15қаңтарынан өзгертулері мен қоса.
  13. «Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы»1-том.Ғ. Төлеуғалиев.
  14. "Қазақстан Республикасындағы заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу 
    туралы" ҚР Президентінің заң күші бар Жарлығы.17 сәуір, 2005ж.
  15. "Қазақстан Республикасындағы шет ел инвестициясы туралы" ҚР  Заңы. 27. 12. 2004ж.
  16. Н. Назарбаев «Қазақстан – 2030»: Барлық Қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы: Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. - Алматы:  Білім, 2007ж.
  17. «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. 27 сәуір, 2008ж.
  18. Шаруашылық серіктестіктер туралы»  ҚР Президентінің заң күші бар   Жарлығы. 2 мамыр, 2005ж.
  19. «Мемлекеттік кәсіпорындар туралы» ҚР Президентінің заң күші бар                Жарлығы. 19 маусым, 2009ж.
  20. «Акционерлік қоғамдар туралы»ҚР Заңы.  10 шілде, 2009ж.

 


Информация о работе Азаматтық істер бойынша өкілдік