Азаматтық істер бойынша өкілдік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Января 2014 в 16:01, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының Конституциясында адам құқықтарына, оны заңмен тиым салынбаған кез-келген әдіспен қорғауға кепілдік берілген. Демек, өкілділік осы құқықтарды пайдаланудың бір көрінісі болып табылады: Алайда барлық азаматтардың заңмен берілген өз құқықтары мен бостандықтарын пайдаланып, оны заңмен берілген тәсілдермен қорғай алмайтын кездері тәжірибеде жиі кездесіп отыратындығы жасырын емес. Міне, сондықтан да заң оларға өкілділікті - өзгенің көмегін, дәлірек айтқанда заңи білікті көмек алуына мүмкіндік беріп отыр.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Азаматтық істер бойынша өкілдік.doc

— 199.00 Кб (Скачать документ)

Мына тұлғалар тараптардың  өкілдері бола алмайды:

1. 18 жасқа толмағандар; 

2. сот қаулысымен жеке  және  қоғамдық құқықтары шектелген;

3. қамқорлықта тұрған  тұлғалар;

4. адвокаттар алқасынан шығарылған  тұлғалар;

5. судьялар, сот мүшелері, тергеушілер мен прокурорлар,  олар ата-аналары,  асырап алушы,  қамқоршы, сондай-ақ соттың немесе  прокуратураның өкілі болған  жағдайларды қоспағанда.

Прокурор, тараптар, үшінші тұлғалар және олардың тұлғалардың  келуімен байланысты  барлық сұрақтарды шешіп  алған соң сот  сот мәжілісін  жалғастыру мүмкіндігі болған  жағдайда  куә, сарапшы, аудармашылардың, т.б. келгендігін тексереді, келмегендердің келмеу себептерін  анықтайды және  прокурордың қорытындысын,  тараптардың сөздерін тыңдап болған соң  осы сот мәжілісінде істі тыңдау  немесе оны кейінге қалдыру туралы  шешім шығарады[11, б. 68].

Талаптарды қосу және бөлу жөніндегі  мәселені шешу айтарлықтай  қиындық тудырады. Осыны ескере отырып КСРО кезінде РСФСР Жоғары Сот Пленумы бір өндіріске  талаптарды біріктіруге  талаптарды сипаты бойынша  олардың өзара байланысы,  жалпы дәлелдемелердің болуы  дәлелдемелерді дұрыс және бір уақытта  неғұрлым  тез шешу мүмкін болған жағдайда  ғана  жол беріледі деп көрсеткен болатын. Бұл нұсқау сондай-ақ  процессуалды экономика қағидасынан да  туындап отыр. Негізгі талаптарды  бөлу егер оларды бөліп қарау процесті  жеңілдетсе және дұрыс болған  жағдайда орын алады, мысалы,  істі қарау бір не бірнеше қосылған  талаптарға еш қатысы жоқ тұлғаларды шақырумен немесе тартумен  байланысты болса немесе бірнеше жауапкерлерге бірнеше талапкерлердің  талаптарын бөліп қарастыру дұрыс болса.

 

  • 2.2 Адвокат-өкілдің сот жарыссөзіне қатысуы және адвокат сөзі

  •  

    Дәлелдемелерді зерттеп  болғанан кейін сот сот жарыссөзіне көшеді. Сот жарыссөзі іске қатысушы тұлғалардың  және олардың өкілдерінің сөздерінен тұрады.

    Адвокаттар алқасының  Президиумы адвокаттардың кәсіби қызметінің  сапасын арттыруға, әсіресе  олардың  сот жарыссөзінде  сөйлеуіне ерекше мән береді. Бұл үшін  рецензияны құру және талқылау, жиналыс, кеңестерде  талқылап соттағы бұрын сөйлеген сөздерін  үнтаспаға жазып алу,  неғұрлым күрделі істер бойынша адвокаттың позициясын алдын ала талқылау сияқты жолдастық өзара көмек пен қадағалаудың әдістері  мен  нысандары қолданылады. А.А.Круглованың  «Советская адвокатура: задачи и деятельностьң  деген еңбегінде  «біз істі жеңдікң деген сөзге қарсы екенін жазған. Ойын былайша өрбіте ашады. Бұлай айту заңи негізсіз және саяси тұрғыдан дұрыс емес: істі жеңу емес, оны заңға сәйкес  шешу –   прокуратураның, соттың, адвокатураның мемлекеттік маңызды міндеті болып табылады. Егер іс дұрыс қаралса,  қателік пен бұрмалаушылыққа жол берілмеген болса,  бұған біздің де зор еңбегіміз сінді деп ойлау бізді аса бір  моралдық ләззатқа бөлейді.

    Сот жарыссөзінде алдымен  талапкер және оның өкілі,  содан  кейін жауапкер және оның өкілі сөйлейді. Басталып кеткен процесте  дау пәніне жеке талап мәлімдейтін  үшінші тұлға  және оның өкілі тараптардан кейін  сөйлейді. Дербес талап мәлімдемейтін  үшінші тұлға және оның  өкілі өзі қай жақтан іске қатысып  отыр сол жауапкер немесе талапкер  сөйлегеннен кейін сөйлейді.

    Прокурор, мемлекеттік  органдардың және  жергілікті өзін-өзі  басқару органдарының,  ұйымдардың өкілдері және басқа  адамдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын  мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінген  азаматтар сот жарыссөздерінде соңынан сөйлейді. Жарыссөзге қатысушылардың  барлығы сөз сөйлеп болған соң олар сөздерінде айтылғандарға байланысты  екінші рет сөз сөйлей алады. Бұл реплика деп аталады. Соңғы реплика құқығын үнемі жауапкер мен оның  өкілі иеленеді.

    Іс бойынша тарап  болып табылмайтын  және Қазақстан  Республикасы Азаматтық іс жүргізу  кодексінің  55-бабының 2-бөлігінде  көзделген тәртіппен  процеске қатысушы прокурор сот  жарыссөздерінен кейін  жалпы істің мәні бойынша  қорытынды береді. Кодекстің 55-бабының 2-бөлігінде  былай делінген: Прокурордың азаматтық  сот ісін жүргізуге қатысуы мұның өзі  заңмен көзделген немесе  осы іске прокурордың  қатысу қажеттілігін сот таныған  жағдайларда міндетті. Прокурор өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру  мақсатында іс бойыншеа  қорытынды  беру үшін және азаматтардың құқықтарын,  бостандықтарын және заңды мүдделерін,  ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін,  қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді  қорғау үшін өз бастамасы немесе  соттың бастамасы бойынша  процеске қатысуға құқылы.

    Сот жарыссөздеріне қатысушылар  егер бұл мән-жайлар мен дәлелдемелерді  істің мәні бойынша қарау аяқталмай  тұрып өз міндеттемелерінде көрсетпесе,  өз сөздерінде сот анықтамаған мән-жайларға, сондай-ақ  сот отырысында зерттелмеген  дәлелдемелерге сілтеме жасауға құқығы жоқ. Егер сот сот жарыссөздері  кезінде немесе одан кейін іс үшін  маңызы бар жаңа мән-жайларды  анықтау немесе жаңа дәлелдемелерді зерттеу  қажет деп тапса, ол істі мәні бойынша  қайта жалғастыру туралы ұйғарым шығарады. Істі мәні бойынша  қарау аяқталғаннан кейін сот  жарыссөзі жалпы тәртіппен жүргізіледі. Сот жарыссөздерінен кейін  прокурор жалпы істің мәні бойынша қорытынды  бергеннен кейін сот шешім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетеді, төрағалық етуші бұл туралы  сот отырысы залында  отырғандарға хабарлайды.

    Адвокат сот жарыссөзінде екі мақсатты көздейді. Біріншіден,  іс бойынша өзінің құқықтық позициясын  негіздеу; екіншіден, сотты өзінің  дұрыс айтып тұрғандығына сендіру.

    ҚР АІЖК-не сәйкес сот  дәлелдемелерді  олардың жиынтығымен  сотта  жан-жақты, толық және обьективті қарауға  негізделген ішкі сенімі бойынша  бағалайды. Сондықтан адвокат  өз позициясын  аргументтей отырып сот сенімінің  қалыптасуына ықпал етеді. Бастысы бұл ықпал ету  клиентке зиянды емес, оған  пайдалы болуы керек. Осы сатыда адвокат өзінің аналитик талантын, шешендік өнерін, құқықтық білімін көөрсетуге мүмкіндік алады.

    Заңдарда сот сөзінің  міндетті  тиісті құрылымы қарастырылмаған. Алайда практикадағы сот сөзінің құрылымы  істің  нақты жағдайының негіздемесі,  дәлелдемелерді құқықтық   анализдеу және  мәні бойынша істі шешу туралы өз ойын білдіру болып табылады[12, б.91].

    Сот жарыссөзі  істі сотта қарау сатысында дербес бөлігі  болып табылады. Азаматтық істерді қарау жөніндегі сот  отырысында  сот сөзінің мынадай түрлері бар:

    1.  Азаматтық талапкердің  және жауапкердің сөзі;

    2. І инстанциялы сотта  азаматтық істер бойынша прокурордың  және адвокаттың сөзі ;

    3. ІІ инстанциялы сотта  азаматтық істер бойынша  прокурордың  және адвокаттың сөзі;

    4. Қоғамдық ұйымдар  мен  еңбек ұжымы өкілдерінің  азаматтық істер бойынша сөзі;

    5. Сот сөзінің ерекше  түрі ретіндегі реплика.

    Сот жарыссөзінде  прокурор мен адвокат сөзі ерекше орын алады. Біз тек адвокаттардың сөзін ғана қарастырамыз.

    Сот сөзі өзге ораторларға  оның  қарсылығын және осы іс бойынша  шешеннің түйінін білдіретін және сот  отырысында  айтылған істі қарау  кезінде   барлық қатысушыларға  және сотқа бағытталған жария  сөз өз кезегінде сот сөзінің пәні сот нақты  қылмысты немесе құқық бұзушылықты зерттей отырып  қаулымен, шешіммен немесе ұйғарыммен шешетін сұрақтар болып табылады. Сот сөзінің негізгі қасиеті – барлық тезистер мен түйіндердің сенімділігі. Логика заңдарының талаптарынан ауытқу, дәлелдемелік ойлауды  жүргізе алмауы сөздің нақтылығын  айтарлықтай әлсіретеді, істі анықтауды қиындатады, кейде  заңсыз шешім мен  қате түйінге әкеп соғады.

    Сот әділділігінің патриархы  А.Ф.Кони былай деген: «Сот  қызыл тілінің негізінде  «сендіру»-ді дәлелдеу қажеттілігі жатыр». Дәлелдемелік – сот шешенінің ойлауының  маңызды белгісі. Сөз оның барлық  ережелері негізді, дәлелденген, дәлелдемелерге  логикасы мен аргументация сәйкес болған  жағдайда нақты болады. Дәлелдеменің логикалық операциясы (яғни  қандай да болмасын ереженің  растығының негізділігі)  үш өзара байланысты  элементтерден тұрады: тезис (растығын дәлелдеу қажет ереже), аргументтер (теориялық және нақты түйіндер, тезисті негіздеуге көмектесетін негіздер),  демонстрация (дәлелдеу әдісі, аргумент пен тезис арасындағы логикалық байланыс).

    Адвокаттар сот жарыссөзіндегі олардың сөзін судьялар тыңдамайды дегенді жиі айтады. Соттың көңіл  аударуына, сөздің психологиялық  әсер етуінің тиімділігін күшейтуге  сөз текстінің белгіленген лингвистикалық құрастырылуы, анық композициясы көмектеседі. Сотта сөйлеудің тұтастылығының негізін  негізгі айтылмақшы ойдың логикалық құрылымы мен пәндік-құрылымдық мазмұны құрайды. Барлық өзге жария сөз үшін сияты сот сөзі де 3-ке бөлінеді:

    1. Кіріспе;

    2. Негізгі;

    3. Қорытынды.

    Сот сөзіне ынта оратордың  сот құрамымен байланыс  орнатқанына  т.б. көбінесе байланысты. Кіріспе бөлігі сөздің мәнімен анықталады және істің  кейінгі  мән-жайларын зерттеу негізі болып табылады,  шешілуі қажет  мәселелерді қамтиды.

    Судьяларды сендіруге  тырысу және  сот отырысында отырған  азаматтардың  эмоциясы мен интелектісіне  барынша әсер  ету күрделі тілдік құралдар білімін талап етеді. Соңғысы  логикалық байланыс пен сөздің мәндік байланысына  әсер еткен болар  еді. Жекелеген сөздер  мен композициялық бөліктер арасындағы  логикалық байланыстың маңызды  құралы ойдың кезекті  дамуына сілтеме жасайтын  арнаулы құралдар, қарама-қайшы қатынастар, себеп-салдарлы қатынастар, бір ойдан екіншісіне ауысу, қорытынды, түйін болып табылады[13].

    Сот жарыссөзінің басты  міндеті - өзінің құқықтық позициясын дәлелдеу, сотта зертелінген және жиналынған дәлелдемелер негізінде  қарама-қарсы жақтың  позициясын жоққа шығару, құқықтық материалдарды  тиімді қолдану.

    Сот жарыссөзінің соңында  адвокаттың мынадай қорытындысы болуы керек: «Жоғарыда аталғандардың негізінде талап Қазақстан республикасының Азаматтық кодексінің бабына сәйкес қанағаттандыруға жатадың.

    Қарсы жақтың адвокаттарының сөзінің  кейбір өзіндік ерекшеліктері  бар. Қарсылықтар мынадай болуы мүмкін:

    А. Талапкердің талаптарының барлық фактілерін емес, қандай да болмасын біреуін дәлелдеу арқылы жоққа шығару;

    Ә. Қарсылас жақтың позициясын құрап отырған дәлелдемелерді сынға  алу;

    Б. Қарсы тараптың талаптарын негіздеу, т.б.

    Келтірілген нұсқамалар екі тараптың да өкілдеріне қатысты. Жарыссөздің барлық қатысушылары  сөйлегеннен кейін олар айтылған  сөздерге байланысты қайтадан сөйлейді. Соңғы сөз  әрдайым  жауапкер мен оның өкіліне тиесілі. Соңғы сөзге, яғни репликаға қатысу  міндетті болып табылмайды. Іс барысында  адвокат соңғы сөзден нәтиже, оның мәні  бар ма екенін шешуге құқылы.

    Сот процесі жарыспалылық  арқылы екі қарама-қарсы функциялардың  соқтығысуы, дау, пікір-талас, аргументтер  таласы жағдайында, әрбір мән-жай  зерттелгенде,  қорғау және айыптау тұрғысынан әрбір дәлелдеме  тексерілгенде шындықты анықтайды. Мұнда сот жарыссөзінің алар орны ерекше.

    Сот сөзі  әрдайым да шығармашылық процестің жемісі, ол автордың  жеке даралығын көрсетеді. Бір іс бойынша  екі адвокаттың сөзін тыңдап тіпті құқықтық позициясы бір болса да олардың бір-бірінен ерекшелігіне көз жеткізуге болады. Сот жарыссөзіне қатысу адвокаттың І инстанциялы соттағы неғұрлым жауапты міндеттерінің бірі. Сот жарыссөзі  істі мәні бойынша қарауды аяқтайды, бұған қатыса отырып адвокат істі мәні бойынша қараудың  қорытындысын шығарады, нақты мән-жайларға қатысты қорытынды ойын айтады, сотпен зерттелінген  дәлелдемелік материалдарға өз бағасын ұсынады, осы дауға қолдануға жататын құқықтық норма, талаптың негізділігі туралы өз пікірін айтады.

    Сот жарыссөзінде дәлелдемелерге жүргізілген зерттеу және іс мән-жайларын  зерттеудің нәтижесі айтылады. Іске қатысқан тұлғалар  істің қандай мән-жайлары  белгіленеді және қандай дәлелдемелер негізінде, қандай дәлелдемелер дұрыс  болды, қандай мән-жайлар дәлелдемелермен  бекітілмеген, қандай заң қолданылуы керек еді, даулы құқықтық материалдық қатынастардың мазмұны қандай, істі қалай шешу керектігі жөнінде өз ойларын ортаға салады. Сот жарыссөзіне тұлғалардың сөйлеу тәртібі заңмен  қатаң белгіленген (ҚР АІЖК 211-б.2,3-б.).

    Сот жарыссөзінің қатысушылары және прокурор өз сөздері мен қорытындысында сотпен анықталмаған мән-жайларға, сондай-ақ сотпен  анықталмаған дәлелдемелерге, сот мәжілісінде зерттелінбеген дәлелдемелерге егер  олар істі мәні бойынша қарау аяқталар алдында өз мәлімдемелерінде  осы мән-жайлар мен дәлелдемелерді көрсетпесе сілтеме жасай алмайды.

     

    • 2.3 Апелляциялық сатыдағы адвокат-өкілдің қызметі

     

    ҚР АІЖК –не сәйкес  соттың шешімдеріне шағымдану өкілдің  арнайы өкілеттіліктері болып табылады, бұл жөнінде сенімхатта көрсетілуі керек. Мұндай өкілділік көрсетілмесе адвокат сот шешіміне,  ұйғарымына  сот актісі заңсыз  немесе негізсіз  болса да шағымдана алмайды. Апелляциялық тәртіппен шағымданғысы келетін тарап, үшінші тұлға тапсырма шартын жасауы немесе  алғашқы жасасқан сенімхатқа  осындай өкілеттілік беріледі деп көрсетуі керек.

    Шартты түрде адвокат  қызметін 3 сатыға бөлуге болады:

    1. шағымды әзірлеу;

    2. апелляциялық шағымды  жазу және оны сотқа беру;

    3. апелляциялық инстанция  сотына істі қарауға қатысу.

    Іс үшін  маңызды  мән-жайлардың дәлелденбегендігі  немесе анық еместігі; сот түйінінің  іс мән-жайына сәйкес келмеуі; материалды және процессуалды құқық нормаларын  дұрыс қолданбау немесе бұзу шағымдануға  негіз болып табылады. Алдымен  адвокат апелляциялық шағым беруінің мерзімі өтіп кеткен жоқ па, жіберіліп алған мерзімді қалпына  келтіруге негіз бар ма, іс бойынша біреудің  апелляциялық шағымына қосылуға бола ма – осыларды тексеріп алуы керек.

    Апелляциялық шағымдарды мына органдар қарайды:

    1. Аудандық және оларға теңестірілген  соттар шығарған шешімдерге – облыстық және оған теңестірілген соттың  азаматтық істер жөніндегі алқасы,

    2. Облыстық және оларға  теңестірілген І инстанциялы  соттар шығарған шешімдерге –  ҚР Жоғарғы Сотының азаматтық  істер  жөніндегі алқасы /33-бап.

    Апелляциялық шағымның мазмұны:

    - шағым жолданатын  соттың атауы;

    - шағым жасайтын тұлғаның  атауы;

    - шағым жасалатын шешім  және сол шешімді шығарған  соттың атауы;

    Информация о работе Азаматтық істер бойынша өкілдік