Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Января 2014 в 16:01, курсовая работа
Қазақстан Республикасының Конституциясында адам құқықтарына, оны заңмен тиым салынбаған кез-келген әдіспен қорғауға кепілдік берілген. Демек, өкілділік осы құқықтарды пайдаланудың бір көрінісі болып табылады: Алайда барлық азаматтардың заңмен берілген өз құқықтары мен бостандықтарын пайдаланып, оны заңмен берілген тәсілдермен қорғай алмайтын кездері тәжірибеде жиі кездесіп отыратындығы жасырын емес. Міне, сондықтан да заң оларға өкілділікті - өзгенің көмегін, дәлірек айтқанда заңи білікті көмек алуына мүмкіндік беріп отыр.
- істі қараудың дұрыс
еместігі неде екендігін
- заңдарға, өзге де нормативті құқықтық актілерге және материалдарына сілтеме жасай отырып шешімнің заңсыздығы немесе негізсіздігі неде екендігінің негіздемесі;
- шағым жасайтын тұлғаның
шағымды толық немесе бір
- шағымға қоса тіркелген құжаттардың тізімі;
- шағымды беру күні және шағым беретін адамның қолы болуы тиіс.
Шағымға мемлекеттік баждың төленгендігін растайтын құжаттар да қоса тіркеледі. Өкіл берген шағымға сенімхат немесе іске осындай өкілеттілік болмаса, өкілдің өкілеттілігін растайтын өзге де құжат қоса тіркелуге тиіс. Апелляциялық шағымда айғақтарына апелляциялық шағым бойынша дау айтылатын куәларды шақыру туралы өтінімнің де болуы мүмкін[14, б.45].
Апелляциялық шағымды жазғанда адвокат сот ісін жүргізудің осы сатысында соттың қатынасының ерекшелігін ескеру керек. Процестің осы сатысында сот шешімін өзгерту қиын, апелляциялық инстанция соты істі қарауға формалды қарайды. Сондықтан адвокат пәнді анықтауда және шағымдануды негіздеуде аса сақ болуы керек. Іс материалдарын жан-жақты суреттеу қажет емес, өйткені апелляциялық инстанция соты онымен өзі танысады, судьялардың біреуі оны процесте мәлімдеп береді. Сонымен бірге шешімнің заңсыздығы және негізсіздігі туралы барлық анықталған түйінді нақты, қысқа аргументті келтіруі керек. Қандай да болмасын дәлелдемелерге сілтеме жасап жалаң негіздемеге жол бермеу керек. Іс апнелляциялы сатыда ол І сатыдағы соттан келіп түскен күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірілмей қаралуға тиіс.
Апелляциялық тәртіппен сот шешімінің күшін жоюға немесе оны өзгертуге:
1. іс үшін маңызы
бар мән-жайлар шеңберінің
2. І сатыдағы сот
белгіленген іс үшін маңызы
бар мән-жайлардың
3. І сатыдағы сот шешімінде баяндалған қорытындылардың істің мән-жайына сәйкес келмеуі;
4. Материалдық норманың
немесе іс жүргізу құқығы
нормаларының бұзылуы немесе
дұрыс қолданылмауы негіз
Материалды құқық нормалары егер сот:
1. қолдануға тиісті заңды қолданбаса;
2. қолданылмауға тиісті заңды қолданса;
3. заңды дұрыс түсіндірмесе;
4. заңға ұқсас қалыпты
немесе құқыққа ұқсас қалыпты
дұрыс қолданбаса, бұзылған немесе
дұрыс қолданылмаған деп
І инстанциялы сот шешімінің күші мына жағдайларда,егер:
А. Істі бұл істі қарауға құқығы жоқ судья қараса;
Ә. Сот, істі сот отырысының уақыты мен орны хабарланбаған, іске қатысушы адамдардың біреуі болмаған жағдайда қараса;
Б. Істі қарау кезінде сот ісі жүргізіліп отырған тіл туралы ереже бұзылғанда;
В. Сот іске қатысуға тартылмаған адамдардың құқықтары мен міндеттері туралы мәселелерді шешкенде;
Г. Шешімге судья қол қоймағанда немесе шешімде көрсетілгеннен басқа судья қол қойғанда;
Ғ. Істе сот отырысының хаттамасы болмағанда;
Д. Істе І сатыдағы соттың жасалуы міндетті жеке іс жүргізу іс-әрекеттерінің хаттамасы болмағанда шағым дәлелдеріне қарамастан жойылуға тиіс.
Жоғарыда аталғандардан басқа іс жүргізудің бұзылуы орын алған жағдайда, егер бұл бұзушылық істі дұрыс шешпеуге әкеп соқтырса немесе әкеп соқтыруы мүмкін болса, шешімнің күші жойылуға тиіс. Істі апелляциялық тәртіппен қарағанда адвокат түсініктеме береді. Тұсініктемелердің алдын ала жоспары күні бұрын құрылуы керек, оны өңдеу судьяның баяндауы уақытында да жүре алады. Тұсініктеме апелляциялық шағымның жалғасы болмауы керек, өйткені судья оның ойларын өз баяндамасында айтып кеткен болатын. Адвокаттың түсініктемелері кәсіби, дәйекті, зандарды білумен қатар іс материалдарын да терең білумен жазылуы керек, өйткені іс үш кәсіби судьямен қаралады және қайта қараудың пәні сот қаулысының заңдылығы мен негізділігі болып табылады[15, б.91].
І инстанциялы сотпен жіберілген қателіктерді белгілей отырып бұл неге әкелуі мүмкін және неге әкелгенін көрсету маңызды болып табылады. Қарама-қарсы жақ адвокатының түсініктемелері өзге сипатқа ие болуы мүмкін. Нақты іске қатысты олар мынадай болуы мүмкін:
1. шешімнің заңдылығы мен негізділігін бекіту;
2. апелляциялық шағымның түйіндерін теріске шығару;
3. І инстанция сотында орын алған қателік шешімнің дұрыстығына әсер етпегендігін дәлелдеу;
4. шешімнің дұрыстығына
әсер етпеген шағымдалып
5. І инстанциялы сотқа ұсыну
мүмкін болмаған
Тұсініктеме нақты және қысқа болуы керек. Егер І инстанциялы соттың шешімі шағымдалынбаса немесе оған қарсылық білдірілмесе, ол соңғы нысанда шешім шығарылған сәттен бастап 15 күн өткеннен кейін заңды күшіне енеді. Адвокат сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған қол қойғаннан кейін 5 күн ішінде жіберілген қателіктер мен толымсыздықты көрсете отырып жазбаша ескертпелер беруге құқылы. Хаттамаға ескертпелерді оған қол қойған төрағалық еткен тұлға қарайды, онымен келіскен жағдайда оның дұрыстығын куәландырады. Төрағалық еткен судья ескерпемен келіспеген жағдайда ол осы ескертпені жасаған адвокаттың қатысуымен сот отырысында қаралады. Қарап болғаннан кейін төрағалық етуші оның дұрыстығын куәландыру немесе одан толық не ішінара бас тарту туралы ұйғарым шығарады. Ескертпе іске тіркеледі. Хаттамаға ескертпе ол берілген күннен бастап 5 күн ішінде қаралуы керек. Іс бойынша төрағалық еткен судья қандай да болмасын обьективті себептерге байланысты хаттамаға ескертпелерді қарай алмаса, бұл ескертпелер материалдарға қосылады[16, б.123].
Шағымданудың негізі дұрыс емес ұйғарым және іс үшін маңызы бар мән-жайлардың шеңберін дұрыс анықтамау; іс үшін маңызды І инстанциялы сотпен белгіленген мән-жайлардың дәлелденбеуі; іс мән-жайларына шешімде көрсетілген І инстанциялы сот түйінінің сәйкес келмеуі; процессуалды немесе материалды құқық нормаларын дұрыс қолданбау немесе бұзу болып табылады.
Сот шешіміне іс бойынша өндірісті тоқтатуға мынадай негіздер болған жағдайда да шағымдануға болады:
1. Іс азаматтық іс жүргізу тәртібімен қарауға жатпаса;
2. Сол пән, сол тараптар
арасында заңды күшіне енген
сот шешімі немесе талапкердің
талаптан бас тартуына байланысты
іс бойынша өндірісті тоқтату
туралы сот ұйғарымы немесе
тараптардың бітімгершілік
3. Талапкер талаптан бас тартса және бас тарту сотпен қабылданса;
4. Тараптар бітімгершілік келісімге келіп, ол сотпен бекітілсе;
5. Іс бойынша тараптардың
бірі өлгеннен кейін даулы
құқықтық қатынаста құқық
6. Іс бойынша тарап болып отырған ұйымдар құқық мирасқорлары болмағандықтан және өз қызметін тоқтатуға байланысты таратылса.
Адвокаттың шешімге
шағымдануға тапсырма алуға келісімі
осы шағымдануға заңды
Апелляциялық шағым беру мүмкіндігіне ие тұлғалар арасында ерекше орынға өкілдер ие. ҚР АІЖК 58-бабына сәйкес азаматтар өз істерін сотта жеке өздері немесе өкілдері арқылы жүргізуге құқылы. Азамат өзі де, өкілі де – екеуі бірге қатыса алады. Апелляциялы инстанциялы сотта істі өкілдері арқылы қатысу құқығы іске қатысушы барлық тұлғаларға тиесілі. АІЖК 333-бабының 1-бөлігіне сәйкес апелляциялық шағымданудың обьектісі талаптың құны 5 мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тарпатары заңды тұлғалар мен азаматтар болып табылатын мүліктік дауларды қарағанда шығарылған аудандық және оларға теңестірілген соттардың шешімдері болып табылады. Апелляциялық шағымдану субьектісінің шеңберін талап бағасының шегін көрсете отырып шектеу дұрыс емес деп ойлаймын.
І инстанциялы соттың барлық қарайтын істері бойынша шешімдерін апелляциялық тәртіпте шағымдау мүмкіндігін бермей отырып заң шығарушы қате сот актілерінің заңды күшіне енуі мен орындалуына жол береді. Апелляциялық инстанция соты І инстанциялы сотқа егер процесуалды құқық нормаларын бұзу істі қате шешуге әкеп соқса немесе белгіленген тәртіпте оны шешу мүмкіндігін жоятын кемшіліктерімен апеляциялық сотқа жіберілген болса істі қайтаруға міндетті. Процессуалды құқық нормаларын бұзу қатарында сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарланбаған іске қатысатын тұлғалардың біреуінің қатысуынсыз істі қарау, істі қарап келген сот құрамында болған судьялар емес, басқа судьялармен шешімдер шығару; істе сот мәжілісінің хаттамасы болмауы және т.б. бар.
Осы шағымды қарап апелляциялық инстанция соты мыналарға құқылы:
А. І инстанциялы сот ұйғарымын өзгеріссіз, ал шағымды қанағаттандырусыз қалдыру;
Ә. ұйғарымның күшін жою және мәселені шешуді І инстанциялы соттың жаңадан қарауына жіберу;
Б. ұйғарымның күшін толығымен немесе ішінара жою және мәселені мәні бойынша шешу.
Қазіргі таңдағы адвокаттардың қызметінде кездесіп отырған мәселелерге кеңірек тоқтала кетелік.
Адвокаттармен көрсетілетін заң көмегіне және 1999 жылы 26 тамызда үкімет Қаулысымен бекітілген республикалық бюджет қаражаты есебінен ақы төлеу тәртібі және қорғау мен өкілділік етумен байланысты шығындарды өтеу Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңының 5-бабының талаптарына сәйкес келмейді,өйткені адвокаттардың көпшілігінің жалақысының орташа сағаттық мөлшері 5-тен 20 теңгеге дейін құрайды. Неғұрлым көп тәжірибесі бар және соңғы 2 айға жоғары жалақысы бар адвокаттардың жалақысы бұл көрсеткіш бойынша 100 теңгені құрайды. Сонда 1 айда 8 сағаттық жұмыс күнінде адвокаттардың көпшілігі 840-тан 3360 теңгеге дейін алады деген сөз, ал бұл мемлекетпен белгіленген жалақының ең төменгі мөлшерінен аз.
Адвокатураның тәуелсіздігі туралы мәселе де бұрыннан бері пікір-талас тудырып жүр. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңының 3-бабында адвокатураның қызметі мен ұйымдастырылуы өзгелермен бірге адвокаттардың өз қызметін жүзеге асырудағы тәуелсіздігі мен адвокаттардың қызметіне прокуратура, сот, анықтама және алдын ала тергеу органдары және өзге мемлекеттік органдар, заңда көрсетілгеннен басқа ұйымдар мен лауазымды тұлғалардың араласпауы принципіне негізделеді делінген, өкінішке орай, адвокаттардың құқықтары бұзылатын жағдайлар да кездесіп жатады.
Қазіргі қазақстандық қоғамда адвокатураның жауапкершілігі мен ролін арттыру мәселесі құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғаларының кәсіби құқықтық саласының осы институтқа қатынасына байланысты деп ойлаймын[17, б.83].
Демократия принципін жүзеге асыру мемлекет қоғам үшін өмір сүретінін білдіретін болса, демократиялық мемлекет үшін адвокаттың қызметі – бұл оны жоюға емес, керісінше, оны дамытып гүлдендіруге бағытталған қызмет. Сондықтан адвокатураның дамуының кезекті сатысы бұрынғылардан бөлек болуы қажет, мемлекет адвокатураның ұйымдастырылуы мен оның өзін өзі басқару органдарының қызметіне араласпауы, адвокаттар арасындағы өзара және адвокат пен клиент арасындағы қарым-қатынасқа өзіндік ережелерін қоймауы тиіс,т.б. Мемлекет азаматтық, қылмыстық, әкімшілік сот ісін жүргізуді заңмен белгіленген шекте ғана реттей алады, өйткені мемлекет азаматтардың білікті заң көмегін алу құқығының кепілі болып табылады. Соттың қажеттілігінің себептерін толық түсіндірмей тараптардың біреуінің өкілін іске қатыстырмайтын жағдайларды да тәжірибеде кездестіруге болады. Сот тарапынан тұлғаға неге өкіл керек, ол өзі-ақ қатыса алады деген сұрақтардың да қойылып жүргені жасырын емес. Судья тарапынан мұндай көзқарастар азаматтардың білікті арнайы көмек алу құқығын бұзу болып саналады. Бұл жерде судьяның процеске қатысушылардың жеке істері мен құқығына заңсыз араласқандығы көрінеді. Сондықтан да мүдделі тұлға судьяны ренжітіп аламын деген үрейден арылып сотқа ескертуі тиіс[18, б.68].
Біздегі ең қорғансызы – адвокат екенін ескере отырып, адвокатураның реформасы осы жағдайды өзгертуі қажет. Аталғандар адвокатураның реформасы жөнінде мынадай бірнеше маңызды түйін жасауға мүмкіндік береді:
1.Адвокатураның реформасы
адвокатураның қызметі мен
2.Мемлекет олармен
кепіл берілген құқықтары мен
бостандықтарына тиесілі
3. Заңдар егер бұл жекелеген адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзатын болса адвокатура қызметіне қоғамның немесе оның жекелеген өкілдерінің араласуына жол бермеуі қажет.
4.Адвокатура адвокаттар
қызметі мен
Реформаның осындай бағыты адамдардың заңсыз бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру мен қорғауға өз іс-әрекеттерімен қабілетті тұлға ретінде адвокат мәртебесін бекітіп берер еді.
Қазіргі таңда адвокатурада құқық қорғаушылық миссияны, сондай-ақ қоғамда заңдылықты орындауды қамтамасыз етуге арналған өзге құрылымдарға қарағанда проблемалары көп. Бұл проблемаларды шартты түрде мынадай бірнеше топтарға бөлуге болады: