Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Января 2014 в 16:01, курсовая работа
Қазақстан Республикасының Конституциясында адам құқықтарына, оны заңмен тиым салынбаған кез-келген әдіспен қорғауға кепілдік берілген. Демек, өкілділік осы құқықтарды пайдаланудың бір көрінісі болып табылады: Алайда барлық азаматтардың заңмен берілген өз құқықтары мен бостандықтарын пайдаланып, оны заңмен берілген тәсілдермен қорғай алмайтын кездері тәжірибеде жиі кездесіп отыратындығы жасырын емес. Міне, сондықтан да заң оларға өкілділікті - өзгенің көмегін, дәлірек айтқанда заңи білікті көмек алуына мүмкіндік беріп отыр.
КІРІСПЕ
Осы курстық жұмысты
таңдап алған себебім, тақырыптың өзектілігі,
оны зерттеудегі мақсаттары аталып,
әр тарауда қолданылған
Қазақстан Республикасының Конституциясында адам құқықтарына, оны заңмен тиым салынбаған кез-келген әдіспен қорғауға кепілдік берілген. Демек, өкілділік осы құқықтарды пайдаланудың бір көрінісі болып табылады: Алайда барлық азаматтардың заңмен берілген өз құқықтары мен бостандықтарын пайдаланып, оны заңмен берілген тәсілдермен қорғай алмайтын кездері тәжірибеде жиі кездесіп отыратындығы жасырын емес. Міне, сондықтан да заң оларға өкілділікті - өзгенің көмегін, дәлірек айтқанда заңи білікті көмек алуына мүмкіндік беріп отыр. Міне, осы орайда мен бітіру жұмысымда құқықтың теориялы әрі қолданбалы саласы болып табылатын азаматтық іс жүргізу құқығының ауқымды институты - өкілділік институтындағы тапсырма шарты бойынша азаматтық іске қатысатын адвокаттар қызметі, адвокатураның азаматтық іс жүргізудегі ролі, ерекшеліктері, маңызы жөнінде айтпақпын.
Азаматтық іс жүргізудегі адвокаттық қызмет, адвокатураның ролін қарастыруымның себебі мыналар:
1. Қазіргі таңда Қазақстанда
азаматтардың құқықтық
2. Осыған орай елімізде
тапсырма бойынша өкілділік
етудің, соның ішінде адвокаттың
азаматтық іс жүргізу
Аталған мән-жайлар сонымен бірге тақырыптың өзектілігін де көрсетеді.
Тақырыпты зерттеудегі мақсатым:
1. Қазақстан Республикасының
адвокат-өкілдерінің азаматтық
2. Адвокатура мәселелерін саралап оның шешу жолдарын қарастыру.
Бұл жұмыстың бірінші тарауында соттағы өкілділік, оның түрлеріне жалпы сипаттама беріліп, түрлері аталып, азаматтық істер бойынша өкілділік етудің адвокатура қызметінің негізгі бағыттарының бірі екендігі; екінші тарауында адвокаттың кеңес беру қызметі; үшінші тарауда адвокат-өкілдің өкілеттіліктері жеке-жеке, сатылар бойынша - азаматтық істерді сотта қозғау, І инстанциялы сотта істі мәні бойынша қарауға, апелляциялық инстанцияда іс қарауға, қадағалау тәртібімен және жаңадан ащылған мән-жайлар бойынша заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарауға, атқару өндірісіне қатысуы қарастырылады. Сонымен бірге адвокат сөзі де кеңірек талқыланады. Төртінші тарауда қазақстандық а двокаттардың азаматтық іс жүргізудегі проблемалары
топтарға бөлініп көрсетіледі.
Аталған аспектілерді зерттеу барысында әрбір тарауда қолданылған әдебиеттер мен нормативтік-құқықтық актілер, баспасөз материалдарын атап кетелік.
Курстық жұмысты жазу
барысында сонымен қатар
Қазақстан сот тәжірибесіндегі адвокат-өкіл қызметінің мәселелері атты І тарауды жазу барысында қазіргі таңдағы мәселелер жоғарыда аталған ғылыми еңбектерде аталғанымен де, өзектілігін жойғандықтан, көбінесе баспасөз беттерінде жарияланған материалдарға сүйене отырып өз пікірімді білдірдім.
Елімізде қазақстандық адвокат-өкілдердің азаматтық іс жүргізуге қатысуы жөнінде жеке дара еңбек әлі жарық көрген жоқ. Алайда, С.Т.Тыныбеков, З.Х.Баймолдина, О.В.Арсентьев,т.б. білікті заңгер-ғалымдар осы тақырыпты өз еңбектерінде қарастырған.
Тәуелсіз Қазақстанның адвокаттық қызмет туралы Заңы 1997 жылы 5 желтоқсанда қабылданды. Осы заңға сәйкес адвокаттар заңда көрсетілген барлық тәсілдермен азаматтардың құқықтарын кез келген қол сұғушылық пен бұзудан қорғау жөніндегі міндеттерін жүзеге асырады. Атап айтсақ, қылмыстық істер бойынша қорғаушы қызметін атқару; жауапкер, талапкер және іске қатысушы өзге тұлғалардың өкілі ретінде азаматтық істерді сотта қарауға қатысу; ұйымның тапсырмасы бойынша сотта өкілділік; заңи мәселелер бойынша кеңестер беру; өзге де заңи көмек көрсету.
Қорытынды бөлімде зерттелген
мәселелер төңірегінде
Жұмыста қолданылған негізгі терминдер: азаматтық іс жүргізу, адвокатура, адвокат, өкіл, өкілділік, тапсырма бойынша өкілділік, консультациялық қызмет, сот жарыссөзі, адвокат сөзі, апелляциялық инстанция, атқару өндірісі.
Сотта өз істерін нәтижелі жүргізу үшін азаматтар азаматтық заңдарды, сот ісін жүргізу ережелерін жақсы білуі қажет. Азаматтардың бәрі бірдей мұндай білімге ие емес екендігі белгілі. Сондықтан да заң көмегіне жүгінуге тура келеді.
Іске қатысушы тұлғаның заңи кеңес беру, ол үшін қажетті процессуалды құжаттарды толтыру, сот алдындағы жарыссөзде оның құқықтары мен мүдделерін қорғап сөйлеу қызметі құқық қорғаушылық деп аталады. Профессор Н.А.Чечинаның пікірінше, әдетте құқық қорғаушылық соттағы өкілділіктің жеке бір көрінісі болып табылады. Бірақ егер әдетте өкіл сотта өкілділік етіп отырғанды толығымен алмастыратын болса заңи кеңесші – құқық қорғаушы өзі өкілі болып отырған адамды алмастырмай, бірақ оған іс жүргізуге көмектесе отырып сот ісін жүргізуде айтарлықтай маңызды да, дербес рольге ие болады. Құқық қорғаушыға қажеттіліктен адвокатура деп аталатын ерекше институт пайда болды. Республика дәуірінде римдіктер сотта жолдас болған кеңес берген жақын туыстары мен достарын осылайша атаған. Адвокатура тарихында Ежелгі Рим кезеңінде өз қызметінің салаларының өзара тығыз байланысты болғандықтан сот өкілі мен құқық қорғаушылық қосылған болатын. Азаматтық істерді сотта қараудағы өкілділіктің өкілділіктің мақсаты тараптар мен үшінші тұлғалардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау үшін заңмен көзделген барлық әдістер мен процессуалды тәсілдерді қолдану болып табылады. Егер жауапкер немесе талапкер процеске өз атынан өзінің материалдық-құқықтық мүдделерін мән-жайларды дәлелдеу арқылы қатысса, сот өкілі сот ісін жүргізуге үшінші тұлғалар немесе тараптар атынан олардың мүдделерін көздеп қатысады. Сонымен сот зерттеуінің пәні өкілдің жеке материалды-құқықтық мүддесі емес, азаматтық құқықтық дауға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері болып табылады [1,б.6].
«Адвокат» сөзі латыншадан аударғанда қолдаушы, жақтаушы, іс қуушы деген мағынаны білдіреді. Ежелгі Римде адвокат деп айыпталушының сотта оны алып жүруін сұраған достары мен жақын-туыстарын түсінген.
Азаматтық процестегі сот өкілі дегеніміз өкіл берушінің (азамат немесе ұйым) атынан оның мүддесі үшін процессуалды әрекеттер жасайтын тұлға. Сот өкілі деп азаматтық істер бойынша сот әділділігін жүргізуде сотқа сот әділділігін жүргізуге септігін тигізу және өкілдік берушінің өз құқықтарын жүзеге асыруға көмектесу, сондай-ақ азаматтық сот ісін жүргізуде құқықтардың бұзылуын болдырмау, неғұрлым тиімді сот шешімін алу мақсатында өкіл берушінің атынан сотта оған берілген өкілділіктер негізінде бір тұлғаның екінші бір тұлғаның мүддесі үшін жүзеге асыратын қызметі танылады.
Адвокат өзі өкілі болып отырған адамның құқықтары мен заңды мүддесін білдіреді. Әдебиеттерде заңды мүдде анықтамасы түрліше тұрғыда қарастырылады. Көп жағдайда заңды мүдде қандай да бір себептермен субьективтік құқықтармен жанамаланбайтын нақты мүдде немесе қажеттілік арқылы анықталынады. Заңды мүдденің мәні мүдденің иесінің немесе оған қарсы тұлғаның іс-әрекетінің мазмұнына байланысты болады. Егер мүдде қандай да бір іс-әрекетті жасаудан бас тарту жолымен қанағаттандырылатын болса, онда мұндай жағдайда ғана заңды мүдде орын алады.
Өкіл мен өкіл берушінің арасындағы қарым-қатынас материалды құқық (азаматтық, отбасы,еңбек құқығы) нормаларымен реттеледі. Ал өкіл мен сот арасындағы қарым-қатынас азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттеледі.
Азаматтық процессуалды өкілділіктің белгілері:
1. Өкіл өкіл берушінің атынан шығады, бұл келісім-шартпен белгіленеді;
2. Өкіл өкіл берушінің мүддесі үшін қызмет етеді;
3. Өкіл процесте
өкіл берушінің міндеттерін
4. Өкіл оған өкіл берушімен және заңмен берілген өкілеттіліктер шеңберінде әрекет етеді;
5. Процессуалды әрекеттерді жасай отырып өкіл өкіл беруші үшін құқықтар мен міндеттер тудырады.
Өкілділіктің пайда болуының негізі әрқашан да өкіл берушінің ерік білдіруі болып табылады.
Адвокаттың өкіл болып қатысуы үшін мыналар қажет:
-тапсырма шартын жасасу (материалды-құқықтық факт);
-азаматтық іс қозғау;
-заңға сәйкес
рәсімделген өкілеттіліктерді
Процессуалды өкілділік мынадай 3 түрлі құқықтық қатынастардың болуымен ерекшеленеді:
1.Өкіл мен өкіл беруші;
2.Өкіл мен сот;
3.Өкіл беруші мен сот.
Сот өкілділігі – сот пен сот өкілі арасындағы барлық қоғамдық қатынастарды емес, қоғамдық қатынастың тараптарын (элементтерін) реттейтін азаматтық прцессуалды құқықтың жалпы институты. Осындай элементтерінің бірі көптеген ғалымдар сот өкілділігі анықтамасында дұрыс белгілейтін оның субьективтік жағы болып табылады. Ал субьектісі Азаматтық іс жүргізу Кодексінде көрсетілген өкіл беруші атынан процессуалды әрекеттер жасайтын өкілеттілігі дұрыс рәсімделген тұлғалар ғана бола алады. Осы институтты құқықтық реттеудің тағы бір элементі - өзіне жүктелген міндеттерді орындауға бағытталған сот өкілінің процессуалды іс-әрекеттері (қызметі).Сот өкілділігі институты – азаматтық іс жүргізу құқығы саласының құрылымдық бөлімшесі. Сондықтан оны құратын құқықтық нормалар процессуалды нормалар болып табылады. Материалды-құқықтық нормалар азаматтық іс жүргізу құқығының салаларына, соның ішінде құқықтың осы саласының институты – сот өкілділігіне ене алмайды. Аталған құқықтық нормалар өзгелермен бірге құқықтың материалды саласының тиісті құқықтық институттарын құрайды.
Д.Р.Джалиловтың
”Гражданские процессуальные правоотношения
и его субьекты” деген еңбегінд
А. Іске қатысудағы мақсаты өз құқықтары мен мүдделерін қорғау болып табылатын үшінші тұлғалар,тараптар;
Ә. Азаматтардың заңмен қорғалатын мүдделері мен құқықтарын немесе қоғамдық не мемлекеттік мүдделерді қорғау және азаматтық сот ісін жүргізу заңдарының дәлме-дәл, дұрыс орындалуы үшін іске қатысатын прокурор;
Б. Іс бойынша қорытынды беретін және өзге адамдардың құқықтарын қорғаушы ұйымдар мен мемлекеттік және қоғамдық органдар;
В. Өзге тұлғалардың мүддесіне талап ұсынатын азаматтар;
Г. Қаралып отырған іс жөнінде өз пікірін сотқа айту үшін процеске қатысатын қоғамдық ұйымдардың өкілдері.
Демек, адвокаттарды азаматтық істер бойынша өкіл ретінде азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынасының субьектісіне жатқызамыз. Адвокат іске өкіл болып қатысқандығынан азаматтық құқықтық қатынасқа түседі. Осы құқықтық қатынастың мазмұны мүмкіндігі немесе қажеттілігі процессуалды құқықтармен және міндеттермен белгіленген заңи мүмкіндіктер немесе тиісті процессуалды әрекеттер бола алады. Осы еңбекте профессор Д.М.Чечоттың мынадай пікірі келтірілген: процесс қатысушысы түсінігін анықтаған кезде критерий ретінде мыналар алынады: 1.сот әділдігін жүзеге асыру жөнінде қызметін тоқтату,өзгерту немесе пайда болуын өз әрекеттерімен азаматтық іс жүргізу құқығы субьектілерінің тудыру қабілеті;
2.процеске өзге
адамдардың немесе өзінің
Сот өкілдігі өкіл берушінің өкілге жеке сенім білдіруіне негізделген, сондықтан өкілдің әрекет қабілетсіздігі жағдайында ол оның құқықтарын жүзеге асыратын тұлғамен алмастырыла алмайды[2, б.58].
Өкілдердің процеске түсуі үшін процестен тыс ерекше құқықтық қатынастардың пайда болуы қажет. Өкілділіктің сипаты (заң бойынша өкілділік үшін негіздердің болуы, тапсырма шартының мазмұны, сенімхатпен белгіленген өкілеттіліктер шеңбері, т.б.) сот өкілдерінің процестің қаншалықты дербес қатысушысы екенін көрсетеді.
Ұйымдар,мекемелер, кәсіпорындар, азаматтар мүдделері мен құқықтарын қорғаудың азаматтық процессуалдық-құқықтық құралдарының тиімділігі – бұл оларды азаматтық процесте неғұрлым тиімді пайдалану негізінде қол жеткізілген неғұрлым жоғары нәтиже. Сот өкілділігі – осындай құралдардың бірі, алайда оның тиімділігінің дәрежесін анықтау қиындау, өйткені сот шешімдерінің және ұйғарымдарының заңдылығы сот төрелігін жүзеге асыруға ықпал еткен тұлғалардың, іске қатынасқан тұлғалардың, соттың қызметіне байланысты. Сот өкілділігі сот қаулысында белгіленген сот пен өкілдің позицияларының толық сәйкестігі жағдайында тиімді болады. Алайда, позициялары сәйкес келіп,шығарылған шешім заңсыз, азаматтық процесте өкілдің талабы немесе қарсылығы дұрыс, жеткілікті аргументтелген, ал сот оны мойындамай заңсыз қаулы шығарған жағдайлар да болады. Сот өкілділігі дұрыс жүзеге асырылуы, қажетті құқықтық нәтижеге жетуге бағытталуы керек. Сот өкілділігі дұрыс және жеткілікті белсенді болмаған жағдайда тиімсіз болады. Сот өкілінің процессуалды өкілеттіліктерін теріс пайдалануы сот әділділігіне зиян әкеледі. Бәсеңдігі іс бойынша обьективті шындықты белгілеуге кедергі келтіреді. Сот өкілділігі мынадай екі өзара байланысты мақсатқа бір мезгілде бағытталған жағдайда тиімді болады:
-өкілі болып отырған тұлғалардың мүдделері мен құқықтарын қорғау;
-сотқа заңды және негізді шешім немесе ұйғарым шығаруға ықпал ету.
Сот өкілдерінің
процессуалды-құқықтық жағдайын анықтау
үшін екі түрлі құқықтық қатынасты
ажырату қажет: сыртқы;ішкі. Өкілдер
ішкі қатынастың қатысушысы ретінде (өкіл
мен өкілі болып отырған