Азаматтық істер бойынша өкілдік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Января 2014 в 16:01, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының Конституциясында адам құқықтарына, оны заңмен тиым салынбаған кез-келген әдіспен қорғауға кепілдік берілген. Демек, өкілділік осы құқықтарды пайдаланудың бір көрінісі болып табылады: Алайда барлық азаматтардың заңмен берілген өз құқықтары мен бостандықтарын пайдаланып, оны заңмен берілген тәсілдермен қорғай алмайтын кездері тәжірибеде жиі кездесіп отыратындығы жасырын емес. Міне, сондықтан да заң оларға өкілділікті - өзгенің көмегін, дәлірек айтқанда заңи білікті көмек алуына мүмкіндік беріп отыр.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Азаматтық істер бойынша өкілдік.doc

— 199.00 Кб (Скачать документ)

    Адвокаттың позициясы мынадай талаптарға сай болуы қажет:

  1. мүдде тұрғысынан да, адвокат  қызметінің сипаты тұрғысынан да заңды;
  2. адвокат позициясының сенім білдіруші позициясына  қайшы келмеуі;
  3. сенім білдірушінің адвокаттың құқықтық позициясы  жөнінде және оны мақұлдау жөнінде білуі.

Адвокат дәлелдемелерді өзі жинай алады,  бірақ кейде  оған оларды  жинауға көмек керек  болады.  Адвокаттардың дәлелдемелерді жинау варианттары:

А. Заң консультациясы арқылы сұратуды рәсімдеу;

Ә. Сотқа іс бойынша  дәлелдемелерді  талап  етіп жолдануы;

Б. Сот тапсырмасы туралы өтінішпен сотқа жолдану;

В. Талапкердің  талаптарын жазу.

Адвокат пен клиент арасында  олардың жүздесуі процесінде  мынадай  қатынас қалыптасады:

1. Сенім. Практикада бұған керісінше  азаматтың  өз өкілінен кейбір мәселелерді жасырып қалатын жағдайлары да кездеседі.

2. Тек істі  ғана емес клиентті де жақсы  білу

Бұл өз қарым-қатынасын  олармен  дұрыс құруға, кейін соттағы  жағдайды да дұрыс қалыптастыруға  мүмкіндік береді.

3.  Өзара сыйластық.  Адвокат оған өз біліктілігімен, клиентпен де, сотта  да өзін  дұрыс ұстау қабілетімен және  өзінің сырқы түрімен қол жеткізеді.

 4. Бірлесіп жұмыс істеу.

Адвокат сұрақ мәнін  анықтай білуі, заңи фактілердің  құрамын толық және нақты анықтай білуі, құқық нормаларының талаптарына сәйкес қорытынды бере білуі қажет. Заңға сілтеме - консультациялық қабылдаудың  тиімділігінің міндетті шарты болып табылады. Құқықтық кеңес егер адвокат қолданбау керек заңды қолданса немесе заңның мазмұнын және мәнін дұрыс түсіндірмесе қате болады[6].

Ол қолдануға құқылы және заңмен белгіленген  жауапкердің  мүдделерін  қорғаудың процессуалды тәсілдерін мынадай түрлерге бөлуге болады:

1. талапқа қарсылық;

2. қарсы талап;

3. істің нақты мән-жайларын  анықтауға  және оның процесуалды құқықтары мен міндеттерін  сақтауға бағытталған жауапкердің өтініштері мен арыздары.

Ұсынылған талапқа қарсылық  және қарсы талап – заңмен жауапкерге оның процессуалды  мәртебесіне  байланысты  берілген құрал Өтініш беру және  арыз беру құқығы  іске қатысатын барлық  тұлғаларға сияқты оған да берілген.

Өкіл азаматтық процестің  барлық  сатыларына, соның ішінде атқару өндірісіне де қатыса алады. Адвокаттың атқару өндірісіне қатысуы  Азаматтық  іс жүргізу кодексінің  және Қазақстан  Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралың заңының нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Осы сатыдағы адвокаттардың  өкілеттіліктері ордермен және сенімхатпен  бекітіледі. Атқару өндірісінде өкіл тараптың барлық құқықтарын пайдаланады, атқару қағазын орындауға ұсыну, екінші бір тұлғаға өкілеттіліктерді беру, мүлік пен ақшаны алуға құқық, қамаудан мүлікті босату жөнінде  талап ұсыну,  бітімгершілік келісімге отыру, өндіріп алудан бас тартуды қоспағанда осы әрекеттерді  жасауға өкілдің өкілеттіліктері сенімхатта көрсетілуі керек.

Процестің қандай сатысына қатысса да  адвокат адамдармен жұмыс істейтіндіктен  белгілі  бір шекте психологиялық шешендік бағыттағы өзге тәсілдерді қолдана  алады, Әсіресе, азаматтық процесте женген іс  - бұл жеңістің жартысы ғана. Оны орындауға қол жеткізу неғұрлым  қиындау, яғни сот арқылы қол жеткізген нәрсені орындаттыру қиындау. Атқарушылық әрекеттер жұмыс күндерінде сағат 6.00-ден 22.00-ге дейін жасалады. Атқарушылық әрекеттерді  осы шекте жасаудың  нақты уақытын  сот орындаушысы белгілейді. Атқарушылық іс жүргізуге  қатысушы тараптар  атқарушылық әрекеттер жасаудың өздеріне  қолайлы уақытын ұсынуға құқылы[7].

Тараптар және олардың  өкілдері  атқарушылық іс жүргізуге  қатысушы  адамдар деп танылатындықтан  адвокат-өкілдің мынадай құқықтары бар:  атқарушылық іс жүргізу материалдарымен  танысу, олардан үзінділер жасау,  көшірмелерін алу, қосымша материалдар беруге, өтініш білдіру, атқарушылық әрекеттер жасауға қатысуға, атқарушылық  әрекеттер процесінде ауызша және  жазбаша түсініктер  беру, атқарушылық іс жүргізу барысында  туындайтын барлық  мәселелер бойынша өз дәлелдері мен пікірлерін айту, атқарушылық іс жүргізуге  қатысушы басқа адамдардың  дәлелдері мен өтініштеріне қарсылық білдіру,  бас тартуын мәлімдеу, атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша сот орындаушысының әрекеттеріне  немесе шешімдеріне  шағым жасау. Бұл сатыға қатысушылар  өздеріне берілген барлық  құқықтарды адал пайдалануға,  атқарушылық іс жүргізу туралы заңдардың  талаптарын орындауға міндетті.

Атқару құжаттары мына мерзімдерде:

1. жалпы юрисдикция  соттары шешімдерінің негізінде  берілетін бұйрықтар мен атқару  парақтары -   3 жыл ішінде;

2. нотариат органдарының  атқару жазбалары – 3 жыл ішінде;

3. өзге соттар шешімдерінің  негізінде берілетін  атқару парақтары – 6 ай ішінде;

4. еңбек даулары бойынша  сот беретін куәліктер – 3 ай  ішінде;

5.әкімшілік құқық бұзушылық  туралы  істерді қарауға уәкілетті  органдардың (лауазымды адамдардың) қаулылары – 3 ай ішінде  мәжбүрлеп  орындатуға берілуі мүмкін[8, б.167].

Мерзімді төлемдер өндіріп  алу туралы шешімдер (алимент өндіріп  алу туралы, мертіктірумен немесе денсаулығына өзгедей  зақымдаумен  келтірілген зиянды өтеу  туралы және басқа істер бойынша) атқару құжаттары төлем жасауға берілген барлық уақытта күшін сақтайды. Мұндай жағдайларда мерзім әрбір төлем үшін жеке есептеледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        2 АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ АДВОКАТ-ӨКІЛІНІҢ    ӨКІЛЕТТІЛІКТЕРІ

 

        2.1 Адвокат-өкілдің сот қарауына қатысуы

 

 

Өкілдің сот қарауына қалайша  қатысқанына қарай өкіл беруші  ісінің тағдыры шешіледі. Сот қарауындағы әртүрлі әрекеттерге  адвокат-өкілдің  қатысуын айтып  кетелік.

Жауап алу кезінде  адвокат өзінің куәсін дұрыстап зейін қойып тыңдауы, қарауы керек. Адвокаттың  куәнің сөздеріне  мән беріп мұқият қарауы судьяның да дұрыстап назар аударуын тудырады. Адвокат куәнің жауаптарын судьяның естігенін,  хаттамаға енгізілгеніне сенімді болуы керек. Аса маңызды жауаптарға  аса көңіл аудару үшін  адвокат оны өзі  үшін де қайталай алады.

Істі тыңдауға дайындық сатысында  судья іске қатысушы тұлғаның  мүддесін ескере отырып егер ұсынылып отырған  дәлелдемелер және іс материалдары  анық қажет етсе сараптама тағайындауға құқылы. Істің мән-жайлары бойынша  белгілі бір әрекетті жасау сәтіндегі  тұлғаның психикалық жағдайын анықтау  қажет болған барлық жағдайларда  сот-психиатриялық сараптаманы  тағайындау қажет. Бұл әсіресе мәмілені  жарамсыз деп тануға қатысты.

Адвокат сараптама шешуге тиісті қажетті сұрақтарды алдын ала дайындап қоюы керек. Сонымен бірге ол сарапшыға  құқықтық сипаттағы сұрақтарды (мысалы, тұлғаның әрекет қабілеттілігі немесе әрекет қабілетсіз)  қоюға  болмайтындығын білуі керек және  сұрақтар арнайы сала бойынша қойылуы қажет. Осы сұрақтарды құрастыру үшін мыналар қажет:

1. Осы құқықтық қатынас  түрін реттейтін  құқық нормасымен  танысу;

2. Қандай да болмасын  сұрақтың  шешілу мүмкіндігін,  яғни оған жауап  алынатындығын  білу керек.

Адвокат өз клиентінің мүддесі  үшін азаматтық іс жүргізу заңдарының ережелеріне сәйкес  сараптама тағайындау туралы, қосымша және қайталама сараптама тағайындау туралы сотқа өтініш бере алады.

Сот өкілдері процессуалды әрекеттерді  оларға өкілеттілік  берген тұлғалар атынан жасайтын болғандықтан  өкілдің өкілеттіліктерінің көлемі  сенім білдірушінің (талапкердің, жауапкердің, дербес талап мәлімдемейтін 3-ші тұлғаның) процессуалды жағдайымен анықталады. Сонымен бірге сот өкілінің  өкілеттіліктерінің көлемі  сенім білдіруші нені  бергеніне қарай да анықталады. Сонымен сенім өкілінің өкілеттіліктерінің  көлемі екі мән-жайға байланысты:  сенім білдірушінің өкілеттілігінің ауқымы және сенім білдіруші өкілге қандай  өкілеттіліктер бергеніне қарай. Өкілдің өкілеттіліктері  мазмұны жөнінен жалпы және арнаулы деп бөлінеді. Жалпы өкілеттілік – сенімхатта көрсетілгеніне  қарамастан кез келген өкіл  орындауға құқылы процесуалды әрекеттер. Бұларға мынадай өкілеттіліктер жатады:  іс материалдарымен танысу, іс материалдарының көшірмесін алу,  қарсылық білдіру, дәлелдемелер ұсыну, дәлелдемелерді зерттеуге қатысу және  сот процесіне қатысу мүмкіншілігімен байланысты өзге де әрекеттер[9].

Арнайы өкілеттілік  – сенімхатта көрсетілсе ғана орындауға  болатын әрекеттер. Осындай арнайы өкілеттіліктердің бірі -  өкілмен сотта азаматтық істі қозғау. Судья егер талап арызды  істі жүргізуге  өкілеттілігі жоқ тұлға берген болса талап арызды қабылдаудан бас тартады.

Соттағы өкілділікке  іс жүргізу заңымен  барлық азаматтық  істер бойынша  барлық соттарда және азаматтық процестің барлық сатысында жол беріледі.

Ресей Федерациясының «Дисциплинарная  практика Московской городской  и  областной коллегий адвокатовң деген  адвокаттар үшін әдістемелік бағдарламадан  мынадай үзінді келтіргім келіп  отыр: ңАдвокат тараптардың азаматтық  істі сотта  қарауға тапсырма алып заңмен  берілген барлық құққытарды  пайдалануы тиіс, соның ішінде бітімгершілік  келісімін жасауға құқылы. Адвокат  бұл құқықтарды өзге тараптардың өкілдерімен  немесе сл мүдделі қарсы тарап  болып отырған адаммен жүзеге асыра алады.   Сот органдарында азаматтық істі жүргізуге  тапсырма алған адвокаттың  міндеттеріне  өзіне сенім білдірген адамға оның құқықтарын  растау үшін қажетті құжаттарды алуға  көмек көрсету де жатады. Адвокаттың бұл міндеттерді  орындамауы  тәртіптік шара қолдануға әкеліп соғадың. Мен де осыған қосылғым келеді.

Тараптар келмеген жағдайда істі  қарау процестің дұрыс  жүруін бұзады. Тараптар жоқ болғанда шығарылған  шешім ІІ инстанциялы  сотпен жиі күшін жояды. Сондықтан  адвокат сот отырысына  тараптар немесе  үшінші тұлғалар келмеген  жағдайда не істеу керектігін білуі керек,  егер тіпті заң осы тұлғалардың жоқтығында  істі қарауға тиым салмаса да,  жауапкер, талапкер немесе 3-тұлға, кейде  куә келмеген жағдайда  істі қарағанда  қандай салдар болуы мүмкін, мұндайда сот негізді және дұрыс шешім шығара ала ма, процестің қандай да болмасын қатысушысы жоқ болғанда  обьективтік шындықты аша ала ма – осыларға анализ жасауы қажет.

Осы сұрақтарды адвокатпен дұрыс шешу  оның сенім білдірушісі  үшін де қажет. Адвокат  тараптар жоқ кезде шешім шығару  сенім білдірушіге пайда емес, залал әкелетінін естен шығармауы керек. Бірақ сенім білдірушілердің  өзі осыған көп мән бере бермейді. Олар істі қарауға қатысушылардың  біреуінің болса да келмеуі істің  олардың пайдасына және тез шешілуіне көмектседі, екінші жақтың жағымсыз түсініктері жойылады деп ойлайды. Адвокат өзінің сенім білдірушісіне мұндай түсініктің қаншалықты қате екендігін түсіндіруі керек.

Тараптардың ерік білдіруінсіз тапсырма бойынша өкілділік туындамайды.

Адвокаттық қызметтің адамгершілік  белгісі І инстанциялы соттың  жариялы сот ісін қарауында анық көрінеді. Адамгершілік талаптарынан сәл  ауытқу - сот мәжілісінің тәртібін, кәсіби жүріс-тұрыс ережелерін бұзу, тәкаппарлық, құлықсыздық көрсету қоғам назарына тез түсіп, адвокатура  престижіне және мамандықтың  абыройына нұқсан келтіреді. Міне,  сондықтан істі ашық қараған  жағдайда адвокаттан жинақтылық, ынта, ішкі өзін өзі қадағалау және  өзін өзі тәртіпке салу талап етіледі. І сатылы сотта істі қараудың барлық сатыларындва адвокаттық процессуалдық қызметінде  мінез-құлықтың ерекшке мәні  оның нақты және дәлелдік материалдарға, әсіресе сот жарыссөзінде  дәлелдемелерге баға беру, істі мәні бойынша қарау барысында оларға зерттеу әдістерінде, дәлелдемелерді ұсыну тәртібі  мен уақыт туралы мәселелерді шешуге  қатынасынан көрінеді[10, б.8].

Сотта іс қарау  - дұрыс  жүріп келе жатқан азаматтық процестің  үздіксіз  сатысы, онсыз мекемелер  мен азаматтардың  заңмен қорғалатын мүдделері мен  субьективтік құқықтарын сотта қорғау мүмкін емес. Өйткені соттық өкіл процеске өзінің емес өкіл берушінің материалдық  құқықтық мүддесін қанағаттандыру үшін  процеске қатысады, оның сот ісін  қараудағы заңи мүдделілігі  материалды емес, процессуалды. Сот өкілінің процессуалды мүдделілігі  мына мағынаны білдіреді: өкіл берушінің  атынан  және оның мүддесі үшін  сот ісін қарауға  қатыса отырып  оның мынадай процесуалды  мақсатқа жетуді  көздеуінде – белгілі бір мазмұндағы шешім қабылдау, іс бойынша  өндірісті тоқтату немесе арызды қараусыз қалдыру туралы шешім қабылдау.

Азаматтық процестің  істі мәні  бойынша қарайтын, дәлелдемелерді зерттейтін,  шешеім шығаратын, нақты  құқықтар мен міндеттер анықтайтын  басты сатысы сотта іс қарау болып  табылады.  Оны дұрыстап ұйымдастыру  және әрбір істі азаматтық іс жүргізу заңдарына сәйкес қарап жүргізу – негізгі және  заңды шешім қабылдаудың,  құқық бұзушылықтың алдын алудың, заңды бұлжытпай орындау рухында  азаматтарды тәрбиелеудің маңызды шарты болып табылады.

Өкілділік шартынан туындайтын қатынастар:

-азаматтық құқықтық;

-азаматтық процессуалдық.

Адвокат-өкіл мен сенім  білдіруші арасыгндағы  азаматтық  құқықтық қатынастар  заң консультациясымен, бюросымен, фирмамен жасақан шарт негізінде  қалыптасады. Азаматтық процесуалды  қатынастар өкіл болып табылатын  адвокатпен арадағы  процесуалды құқық нормаларымен  реттелетін қатынастар.

Адвокаттың сот қарауындағы  әрекеттері:

-тараптардың құқықтары  мен міндеттері, істің нақты мән-жайларын  анықтауға ықпал ету;

  • сенім білдірушінің заңды мүдделері мен  құқықтарын қорғауға өзінің барлық  күшін жұмсау;
  • оның дұрыстығын негіздеу үшін  барлық заңды әдістер мен тәсілдерді  қолдану.

Заң консультациясының  меңгерушісі,  адвокаттар алқасының  төралқасы азаматтың мүліктік жағдайына  қарап адвокатпен  көрсетілетін заң көмегіне ақы төлеуден толық немесе ішінара босатуға құқылы. Сот шығындарымен байланысты  барлық ұйғарымдарға  жеке шағым берілуі немесе қарсылық келтірілуі мүмкін.

Істі қарау тараптардың  өтініші немесе соттың бастамасы  бойынша  және сот отырысында адвокат  немесе тараптардың  өзге өкілі болмаған жағдайда кейінге  қалдырыла алады.  Іске қатысуға  тараптың өкілін жіберместен бұрын  сот оның өкілеттілігін тексереді. Өкілеттілік сот отырысының хаттамасына  енгізіле отырып  өкіл беруші тұлғаның ауызша арызымен немесе заңмен белгіленген  тәртіпте куәландырылған   ерекше сенімхатпен ресімделеді.

Информация о работе Азаматтық істер бойынша өкілдік