Азаматтық істер бойынша өкілдік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Января 2014 в 16:01, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының Конституциясында адам құқықтарына, оны заңмен тиым салынбаған кез-келген әдіспен қорғауға кепілдік берілген. Демек, өкілділік осы құқықтарды пайдаланудың бір көрінісі болып табылады: Алайда барлық азаматтардың заңмен берілген өз құқықтары мен бостандықтарын пайдаланып, оны заңмен берілген тәсілдермен қорғай алмайтын кездері тәжірибеде жиі кездесіп отыратындығы жасырын емес. Міне, сондықтан да заң оларға өкілділікті - өзгенің көмегін, дәлірек айтқанда заңи білікті көмек алуына мүмкіндік беріп отыр.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Азаматтық істер бойынша өкілдік.doc

— 199.00 Кб (Скачать документ)

Процессуалды  әдебиеттерде азаматтық процестегі адвокаттың жағдайы оның қылмыстық  іс жүргізудегі жағдайынан айырмашылығы айтарлықтай деп дұрыс көрсетілген. Егер азаматтық процестегі адвокаттың басты функциясы клиент атынан өкілеттілік ету болса, қылмыстық процесте адвокат сотталушының қорғаушысы ретінде оның атынан өкілділік етпей, заң көмегін көрсете отырып қатысады. Осыған байланысты қылмыстық процестегі қорғаушыға өкіл терминін қолдану дұрыс емес, өйткені бұл ұғым азаматтық  құқықтық және азаматтық іс жүргізу қатынастарына тән.

Кей жағдайда адвокат  азаматтық істі жүргізуге тапсырма алғаннан кейін іс бойынша жиналған материалдарына обьективті анализ жасау  нәтижесінде сенім білдірушінің құқықтық жағдайына алдын ала  баға беру бұрыс жүргізілгендігін және клиенте талапқа қарсылық білдіруге және талабын қанағаттандыруды талап етуіне негіз жоқ екендігіне көзі жетеді.  Мұндай жағдайда істі жүргізуден адвокаттың бас тартуы іс сотта қаралғанға дейін сенім білдіруші өз таңдауы бойынша әрекет етуі үшін алдын ала білдірілуі керек. Мұндай жағдайда адвокат клиентке іс материалдарына және заңға негізделген позициясын айтуға, оны ниетінің, жасамақшы әрекетінің дұрыс емес екендігіне сендіруге тырысуы керек[3, б.145].

Азаматтарға білікті  заң көмегін көрсету үшін адвокат іс материалдарымен мұқият танысып шығуы қажет. Алайда сот процесіне белсене қатысуға дайындалу үшін, азаматтық іс бойынша сот сөйлеуін дұрыс құрастыру үшін сот ісі бойынша өндіріс  (досье) те маңызды роль атқарады. Адвокат мұны сот өкілділігін жүзеге асыруға тапсырма алған сәттен бастап жүргізу керек. Досьені дұрыс жүргізу адвокатқа өкіл берушінің мүддесін сот процесінде жақсы қорғап шығуға мүмкіндік береді. Осы жөніндегі әдістемелік нұсқамаларда әрбір азаматтық іс бойынша адвокат өндірісінде болуы керек материалдардың үлгілі тізбесі көрсетілген. Оларға мыналар жатады:

1. Талап арыздың  және оған қарсылықтың көшірмесі  немесе осы құжаттардан үзінді;

2. Істі жүргізуге  қажетті шекте іске тіркелген  құжаттардан  үзінді;

3. Жазбаша түрде  сотқа берілген өтініштің көшірмесі;

4. Осы іс бойынша  өз позициясын негіздеп сілтеме  жасайтын заңдарды көрсете отырып  іс бойынша құрастырған сөзінің  тезистері немесе жоспары;

5. Сот мәжілісінің  хаттамасынан үзінді және егер  енгізілген болса хаттамаға ескертпелердің көшірмесі;

6. Сот шешімінің  көшірмесі немесе оған шағым  жасалмаса, оның үзіндісі;

7. Адвокат берген  апелляциялық шағымның, осы шағымға  қарсылықтың көшірмесі, прокурордың  қарсылығы.

Азаматтық іс бойынша  адвокаттық досье адвокаттың істеген  жұмысының деңгейін көрсетеді. Ондағы жазбалар мен іскерлік қағаздар сотта адвокаттың істі жүргізуге дайындығының сапасын білуге мүмкіндік береді.

Азаматтық процесте заңды  күшіне енген сот шешімдерін  қайта қараудың екі нысаны бар:

-қадағалау инстанциясында  іс жүргізу;

-жаңадан ашылған мән-жайлар  бойынша қайта қарау.

Азаматтық процестің  осы сатыларында адвокаттың  қатысуы  жоғарыда қаралғанға ұқсас мынадай  сатыларға бөлінеді:

1. шағымды әзірлеу;

2. шағым келтіру;

3. істі қарауға қатысу.

Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша  қайта қараудың негізі осы істі қарағар кезде сотпен жіберілген заңды бұзу және жаңа дәлелдемелер емес, жаңадан ашылған мән-жайлар болып табылады.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты қадағалау алқасының  қаулыларын қоспағанда, республиканың  барлық соттарының заңды күшіне енген актілері, осы тарауда көзделген негіздер  болған сот қадағалауы тәртібімен  қайта қаралуы мүмкін.

Соттың заңды күшіне енген шешімдеріне, ұйғарымдары мен қаулыларына  және сот бұйрықтарына  тараптар және апелляциялық шағымдар беруге құқығы бар іске басқа да қатысушылар істі қадағалау  тәртібімен қайта қарауға өкілетті сотқа тікелей шағымдана алады. Соттың шешімі, ұйғарымы, қаулысы заңды күшіне енген күннен бастап  1 жыл ішінде  қадағалау шағымын  беруге болады. Бұл ереже адам мен азаматтың Қазақстан республикасының Конституциясында баянды етілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін, ҚР Конституциялық кеңесі оларды  шығаруда  негізге алынған акт конституциялық емес деп тануы сот шешімдерін , ұйғарымдарын, қаулыларын қайта қарау жағдайларында қолданылмайды.

Қадағалау шағымының (наразылық  келтіру туралы өтінімнің) мазмұны:

1. шағым (өтініш) жолданатын  лауазымды адамның аты-жөні;

2. шағым беруші тұлғаның  атауы, оның тұрғылықты жері  немесе орналасқан орны және  істегі іс жүргізу жағдайы;

3. сот актісінің мазмұны,  сондай-ақ тұрғылықты жері немесе  орналасқан орны  көрсетіле отырып  іске қатысушы тұлғаның аты-жөні;

4. істі І,апелляциялық  сатыда қарайтын соттар және  олар қабылдаған шешімдердің  мазмұны;

5. шағым жасалып отырған,  наразылық келтіру ұсынылатын сот шешімі, ұйғарымы, қаулысы көрсетілуі керек;

6. сот қаулысының заңсыздығы  немесе негізсіздігі неде екені  және шағым (өтінім) беруші тұлғаның  не өтінетіні көрсетілуге тиіс.

Егер сот актісіне апелляциялық тәртіппен  шағым жасалмаған болса, шағымда оған шағым жасалмау себептері көрсетілуі тиіс. Егер қадағалау шағымын (өтінімін) іске қатыспаған тұлға берсе, онда шағым жасалып отырған шешім, ұйғарым, қаулы бұл тұлғаның қандай құқықтары бұзылғанын көрсетуге тиіс[4, б.12].

Істі қадағалау тәртібімен қараудын нәтижесінде сот мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

  1. І, апелляциялық немесе қадағалау сатысындағы шешімді өзгеріссіз, ал шағымды, наразылықты қанағаттандырмай тастайды;
  2. І, апелляциялық сатыдағы сот шешімінің толық не белгілі бір бөлігіндегі күшін жояды және істі І, апелляциялық сатыдағы сотта жаңадан  қарауға жібереді;
  3. І, апелляциялық сатыдағы сот шешімінің толық не ішінара күшін жояды және талап-арызын қарамай тастайды не іс бойынша іс жүргізуді қысқартады;
  4. Іс бойынша шығарылған шешімдердін біреуін күшінде қалдырады;
  5. І, апелляциялық немесе қадағалау сатысындағы соттын шешімін өзгертеді не оның күшін жояды, материалдық құқықтық нормаларды қолдануда және түсіндіруде қате жіберілген болса, істі жаңадан қарауға жібермей, жаңа шешім шығарады.

Жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша арыздың нысанына азаматтық іс жүргізу заңдары ешқандай талап қоймайды, сондықтан оны құрастырған кезде апелляциялық шағымның құрылысын пайдалануға болады. Алайда мұндай арыздарда мыналар белгіленуі керек:

-жаңадан анықталған мән-жайлар;

-істі шешу үшін  олардың мәндік маңызы айрықша  белгіленуі;

-іс бойынша шешімнің  күшін жоюдың қажеттілігін бекітетін  дәлелдемелер.

Сот актілерін жаңадан  анықталған мән-жайлар бойынша қайта  қарау үшін:

1. арыз берушіге белгілі  болмаған және  белгілі бола алмаған іс үшін елеулі  мән-жайлар;

2. заңды күшіне енген сот үкімімен  белгіленген, заңсыз не негізсіз  шешім шығаруға  әкеп соққан  куәнің көрінеу жалғаң  жауаптары,  сарапшының көрінеу  жалғаң  қорытындысы, көрінеу дұрыс аудармау, құжаттардың не заттай дәлелдемелердің жалғандығы;

3. заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленген, тараптардың, іске қатысушы басқа адамдардың  не олардың өкілдерінің қылмыстық  әрекеттері немесе судьялардың сол істі  қарау кезінде жасаған қылмыстық  әрекеттері;

4. белгілі бір шешімді, ұйғарымды немесе  қаулыны шығаруға негіз болған  сот шешімінің, үкімінің не қаулысының не өзге де орган қаулысының  күшін жою негіздер болып табылады.

І сатыдағы соттың заңды  күшіне енген шешімін  жаңадан  анықталған мән-жайлар бойынша  осы шешімді шығарған сот қайта қарайды. І сатыдағы соттың шешімін өзгерткен немесе жаңа шешім шығарған  апелляциялық не қадағалау сатыларындағы ұйғарымдары, шешімдері, қаулылары  жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша  қайта қарауды шешімді өзгерткен  не жаңа шешім шығарған сот жүргізеді. Мұндай арызды іске  қатысушы адамдар қайта қарау  үшін негіз болатын мән-жайлар  анықталған күннен бастап 3 ай ішінде бере алады.

 

 

1.2 Азаматтық істер бойынша консультациялық қызметі атқару өкілдігі

 

Азаматтық істер  бойынша адвокаттар  қызметінің бірі – құқықтың әртүрлі саласы бойынша  түсініктемелер, анықтамалар,  кеңестер беру, яғни  адвокаттың кеңес беру қызметі болып табылады. Осыны сотта іс қарауға  дайындық сатысы деп те атауға болады. Өйткені адвокаттың берген кеңесімен іс  қорғалуы мүмкін. Адвокаттың кеңсімен мүдделі  тұлғалар сот дауын қозғайды немесе оны тоқтатады, шартқа отырады, оларды іске асырудан бас  тартады,  қандай да болмасын құқықты талап етеді немесе оның жоқ екеніне көз жеткізіп одан  бас тартады. Білікті заңи кеңес  негізсіз құқықтық даудың жойылуына,  бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге  немесе құқық бұзушылықтың алдын алуға септігін тигізеді. Сондықтан  істің сотта қозғалуы адвокат қызметіне байланысты.

Адвокатқа тұрғын үйге құқығым  бар деп санайтын, сондықтан оған  тұрғын үй ауданын  беру жөнінде сот  ісін қозғауға ниеті бар адам  жолданады. Мекеме басшысы адвокаттан егер жұмысшы  ішкі еңбек тәртібі ережесін  алғашқы рет бұзса оны жұмыстан  шығаруға бола ма деп сұрайды. Туынды авторы  кәсіпорын басшысынан  төлеуден бас тартуын алғанна кейін  шығарған затын пайдаланғаны  үшін оған сыйақы төлеу туралы  талап бергісі келеді. Жоғары тұрған ұйым басшысына бұл бас тартуға  шағымданбаған. Егер барлық келтірілген  жағдайларда заңға негізделген, дұрыс  және нақты мән-жайға сәйкес  қорытынды жасалса және егер тұлға  адвокаттың ұсынымына сәйкес әрекет  етсе заң бұзылмайды деп сеніммен  айтуға болады, яғни азаматтар және ұйымдар болашағы жоқ сот ісін жүргізуге  қаражат пен уақыт жұмсамайды, ал сот өз кезегінде негізсіз  талаптарды қараудан босатылады. Өкінішке орай, адвокаттардың барлығы  мұны түсінбейді және сот ісін жүргізумен байланысты емес қателіктер  кеңес беру қызметінде көбірек кездеседі[5, б.68].

Сот ісін дайындаудағы адвокат  қателіктері процесс  барысында  процессуалды құралдармен түзетілуі мүмкін: талап мөлшері немесе пәнін,  негізін өзгертуге, жаңа куәлерден жауап алу туралы,  қосымша дәлелдемелер талап ету туралы,  тиісті емес тарапты ауыстыру туралы өтініш қозғауға, т.б. болады.

Берілген кеңестегі  қателік кейде түзеуге келмейді. Мысалы, адвокат клиентке  ол талап беру мерзімін өткізіп алды және  өз талабын сотта қорғау құқығын жоғалтып алды  деп түсіндіреді. Сондықтан клиент бұл уақытта ескіру мерзімі өзге тараптың тануымен үзілген болса да  оның талап беруінен еш нәтиже  шықпайды деп ойлайды, бірақ адвокат мұны ескермей қалды. Адвокат  сіздің мұрагер болуға  құқығыңыз жоқ, өйткені  мұра қалдырушы сіздің  әкеңіздің я, анаңыздың інісі  болып табылады деп жауап береді. Клиент сондықтан мұраға қатысты  ешбір шара қолданбайды

 Кеңес мыналарды қамтуы керек:

-даудың материалды  құқықтық аспектісі;

-азаматта талапқа  құқығының болуы (процессуалды  аспект);

-іс бойынша  түпкілікті кеңес: қорғау үшін  негіз бар ма және қандай  формада  ( соттық, әкімшілік,т.б.), бұл үшін не істеу керек.

Адвокаттың  беретін кеңесі мынадай болуы  керек:

1. Заңды. Құқық  нормасына дұрыс  сілтеме жасау  және оған түсініктеме беру,  құқықты жүзеге асыру жолдары  және т.б.;

2. Тұсінікті,  қол жетімді;

3. Нақты. Құқық  жөнінде жалпы  ойлау және  оны қорғау жолдары, мәселені шешудің ықтимал, нәтижесі белгісіз жауаптарынан құралған кеңес берілмеуі керек  

4.Нәтижелі. Консультация  аяқталған соң  азамат істің  болашақ қозғалысының перспективасын  анық  білуі керек.

 Консультация іс бойынша тапсырма  алумен тығыз байланысты.  Тапсырма қабылдау өз кезегінде іс бойынша  құқықтық позиция түсінігімен  байланысты.

Адвокат соттық қорғауға жататын  талаптардың негізділігі  және заңдылығы  жағдайында, яғни іс бойынша процессуалды-құқықтық  және материалды –құқықтық позицияны  дұрыс бағалаған жағдайда ғана тапсырма  алады. Азаматтың  жолданып отырған  ісі жай ( материалды құқықтық жағынан  қарағанда) немесе күрделі (істің болашағы белгісіз, нақты құрамы, мазмұны күрделі,т.б.) болуы мүмкін.

Егер іс анық, түсінікті болса, адвокат істі жүргізуге тапсырманы  алады немесе  одан бас тартады.  Күрделі іс қосымша жұмысты қажет етеді. Іс бойынша құқықтық позицияның  бар немесе жоқ екені туралы  қорытындыға келместен бұрын  бұл қосымша жұмыс мыналарды қамтиды:

А. Талаптың нақты мазмұнын анықтау;

Ә. Іс бойынша  позицияны белгілейтін  қажетті  дәлелдемелерді анықтау;

Б. Дауды құқықтық саралау;

В. Құқық нормаларына  сәйкес нақты  құрамға анализ жасау.

Іс бойынша  құықтық позиция жөнінде  оң шешім  қабылдаған жағдайда  мыналарға  анализ жасау қажет:

  • тұлғаның талапқа құқығы бар ма?
  • арыз сотта қарауға жата ма?

-  жауапкер  немесе талапкердің  процессуалды  құқық қабілеттігі бар ма?

-  істің осы  категориясы үшін  заңмен белгіленген  алдын ала  соттан тыс дауды  шешу тәртібі сақталған ба?

  • осы тұлғалар арасында, сол зат жөнінде, сол негіздер бойынша - соттың заңды күшіне енген шешімі немесе  бітімгершілік келісімін бекіту туралы  немесе талаптан талапкердің бас тартуын  қабылдау туралы сот ұйғарымы бар ма?
  •   аралық соттың қарауына осы  дауды беру туралы тараптар арасында  жасасқан шарт бар ма?

Информация о работе Азаматтық істер бойынша өкілдік