Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Сентября 2013 в 10:53, дипломная работа
Қазіргі уақытта қала өндірісінің қарқынды дамуы және күннен-күнге шағын мекемелердің көбеюі, көліктер санының артуы ауаның ластану дәрежесін жоғарылатуда. Сондықтан атмосфераның төменгі қабатының және өндіріс аймақтарындағы ауаның мөлшерден тыс ластануы қала экологиясы мониторингі көрсеткішінің ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл мәселені қарастыру – адамдардың денсаулығын сақтаудағы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
КІРІСПЕ............................................................................................................
І Бөлім ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯ
ЛЫҚ ОРНЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Тараз қаласының табиғат жағдайы мен табиғат ресурстары
1.2 Тараз қаласының экономикалық-географиялық жағдайы.
1.3 Тараз қаласындағы өндіріс орындарының орналасуы мен дамуының географиялық алғышарттары
ІІ Бөлім ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ
2.1 Тараз қаласының ірі өндіріс орындарының қоршаған ортаға әсері
2.2 Тараз қаласының бүгінгі экологиялық жағдайы
2.3 Тараз қаласының өндіріс орындарына қалдықсыз технология әдістерін енгізу мүмкіндіктері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМШАЛАР
Тараз қаласының өндіріс орындарына қалдықсыз технология әдістерін енгізу мүмкіндіктерінен бұрын, қалдықсыз технологияның не екендігін білгеніміз дұрыс. Қалдықсыз технология – бұл өнімді өндірудің тәсілі энергия мен шикізат кезеңінде кешенді және әбден орынды түрде пайдаланылады. Атап айтқанда: шикізат ресурстары - өндіріс -тұтыну - қайталама шикізат ресурстары, яғни, кез келген қоршаған ортаға болатын әсерлер оның қалыпты жұмыс істеуін бұзбайды. Шетел әдебиеттерінде «таза өндіріс» термині қолданылады. Ол қоршаған орта мен адам үшін қауіп-қатерді ең аз деңгейге түсіріп, қоршаған ортаны ластауды болдырмайтын технология стратегиясы ретінде түсіндіріледі. Өндіріс үрдістерінде пайда болатын барлық шағарынды мен қалдықтардың уыттылық дәрежесін және олардың санын азайту, уытты шикізат материялдарын қолдануды болдырмау, үйлесімділігіне сәйкес келеді.
Қалдықсыз өндіріс кезінде бастапқыда барлық шикізат соңғы қорытынды да осы немесе өзге өнімге айналады.
Осы өндірісте қоршаған ортаға зиянды әсер ететін деңгей қалыпты мөлшерден аспайды. Мысалы, рұқсат етілген санитарлық-гигиеналық мөлшерден және техникалық, ұйымдастырушылық, экономикалық бойынша немесе өзге себептерге байланысты шикізат пен материалдардың бір бөлігі пайдаланылмайтын қалдықтарға ауыстырылып, ұзақ мерзімді сақтауға жіберіледі немесе көміледі.
Сонымен, қалдықсыз өндіріс орны табиғи экологиялық жүйе мен үйлесімі бойынша ұйымдастырылған іс жүзіндегі тұйықталған жүйе болып тұр. Бұл жерде, тіршілік әрекетіндегі бір организмдермен пайдаланылады және зат тектестердің өзін-өзі реттейтін биохимиялық айналымы толықтай жүзеге асып жатады. «Қалдықсыз өндірістің» маңызды ережесін белгілеу - шикізаттың барлық компоненттерін ұтымды және кешенді түрде пайдалану. Сонымен, өндірістің қоршаған ортаға сөзсіз болатын ықпал етуі оның қалыпты жұмыс істеуін бұзбайды. Қоршаған ортаға соншама түсетін салмақ жол берілген экологиялық мөлшерден аспайтынын тиісінше ескеру қажет.
Қалдықсыз өндірісті құру ұзақ мерзімге созылатын процесс. Сонымен қатар, өзара байланысты бірқатар технологиялық, экономикалық, ұйымдастырушылық және басқа да күрделі міндеттердің шешімін талап етеді.
Атап айтқанда, қалдығы аз ресурс үнемдеуші технологияны енгізу жалпы бірқатар талаптарды ұсынады:
Информация о работе Тараз қаласындағы өндіріс орындарының қоршаған ортаға әсері