Тараз қаласындағы өндіріс орындарының қоршаған ортаға әсері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Сентября 2013 в 10:53, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі уақытта қала өндірісінің қарқынды дамуы және күннен-күнге шағын мекемелердің көбеюі, көліктер санының артуы ауаның ластану дәрежесін жоғарылатуда. Сондықтан атмосфераның төменгі қабатының және өндіріс аймақтарындағы ауаның мөлшерден тыс ластануы қала экологиясы мониторингі көрсеткішінің ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл мәселені қарастыру – адамдардың денсаулығын сақтаудағы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ............................................................................................................
І Бөлім ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯ
ЛЫҚ ОРНЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Тараз қаласының табиғат жағдайы мен табиғат ресурстары
1.2 Тараз қаласының экономикалық-географиялық жағдайы.
1.3 Тараз қаласындағы өндіріс орындарының орналасуы мен дамуының географиялық алғышарттары
ІІ Бөлім ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ
2.1 Тараз қаласының ірі өндіріс орындарының қоршаған ортаға әсері
2.2 Тараз қаласының бүгінгі экологиялық жағдайы
2.3 Тараз қаласының өндіріс орындарына қалдықсыз технология әдістерін енгізу мүмкіндіктері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМШАЛАР

Прикрепленные файлы: 1 файл

Диплом.doc

— 9.15 Мб (Скачать документ)

Қаратау Фосфорит Алабы – Жамбыл мен Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы фосфорит кендері шоғырланған өңір. Тараз қаласының солтүстік-батысында 100 км-ден басталатын Қаратау Фосфорит Алабының ұзындығы 100 – 120 км, ені 25 – 30 км. 1936 ж. геолог И.И. Машкара Кіші Қаратау (Батыс Тянь-Шань) жотасында ұсақ түйірлі кремнийлі-карбонатты төмен кембрийлік фосфорит қабаттарын ашты. Ал 1937 – 46 жылы П.Л. Безруков, Б.М. Гиммельфарб, А.С. Соколов, т.б. осы өңірден, әр түрлі 40-тан аса үлкенді-кішілі кен орындар мен кен білімдерін анықтады. Бұл жылдары алаптағы фосфориттердің қоры 2 млрд т деп бағаланған. 1946 жылы алаптың алғашқы кен орнын игеру басталып, Шолақтау кенті (қазіргі Қаратау қаласы) салынды. Мұнда Шолақтау кен орны негізінде Қаратау кен-химия комбинаты іске қосылды. Осы комбинатқа қарайтын Жаңатас, Ақсай, Шолақтау, Көксу, Түйесай кендері пайдаланылуда. Қаратау фосфориттері кембрий кезеңінде теңіз түбінде тұнған Шолақтау свитасы құрамына кіреді. Бұл свитаның фосфорлы шөгінділері төменнен жоғары қарай мынадай стратигр. кезекпен қабаттасады: доломиттер, кремнийлі және кентасты қабаттар. Ұсақ түйірлі доломиттен құралған доломиттер қабатының қалыңдығы 6 – 8 м. Кремнийлі қабаттың қалыңдығы 15 – 25 м, құрамында 70 – 90% кремний минералдары бар. Кентасты қабат бірнеше фосфорит, фосфорлы-кремнийлі және фосфорлы-әктасты-кремнийлі қабаттардан тұрады, оның жалпы қалыңдығы 60 м, ал фосфориттердің жиынтық қалыңдығы 30 – 35 м. Түйірлердің ірілігі 0,07 – 0,3 мм. Фосфат, негізінен, фторапатиттен тұрады. Қоры мен сапасы жағынан Қаратау фосфориттері дүние жүзінде алдыңғы қатардан орын алады. Мұндағы фосфор ангидридінің (Р2О5) мөлшері 3 27 – 37%-ды құрайды. 1960 – 80 жылы. Қаратау алабына мемлекеттік үлкен маңыз беріліп, оны арнайы барлау үшін Жаңатас геологиялық-барлау экспедициясы ұйымдастырылған. Фосфоритті горизонт ашылған жолақтың ішінде 49 жеке кен орны анықталған. Барлық кен орындар аймақтық жіктелім бойынша 5 топқа бөлінеді. Бірінші топтың кен орындарына ірі Шолақтау фосфорит кенінен басқа бірқатар шағын: Тамды, Арбатас, Сүлейменсай, Насынқұл, Шолақтау-ІІ, Қотырбұлақ, Жетімшоқы-І және ІІ кен орындары кіреді. Тамды, Арбатас, Қотырбұлақ, Жетімшоқы І және ІІ кен орындарының өндірістік мәні төмен. Екінші топтың кен орындарын ірі Ақсай фосфорит кені, Түйесай фосфорит кені және қоры шағын: Көктал, Тесіктас, Шилібұлақ, Қыршабақты кен орындары құрайды. Үшінші топ өндірістік мәні төмен бірқатар ұсақ (Жетімтал, Бүркітті, Ақтас, Қарашат, т.б.) кен орындарын қамтиды. Олар Ақсай және Көксу кен орындарының аралығында орналасқан. Төртінші топ бірнеше өндірістік және ұсақ кен орындарын біріктіреді. Олар Ақжар, Үшбас, Жартас, Арқалысай, Көксу, т.б. Бесінші топқа өндірістік Көкжон фосфорит кені, Жаңатас, Гиммельфарб кендері және бірқатар ұсақ кен орындары кіреді. Қаратау фосфориттері Қазақстанның және шет елдердің көптеген химиялық өнеркәсіп орындарында пайдаланылады. Олардан минералдық тыңайтқыштар, элементтік фосфор, т.б. халық шаруашылығына қажет заттар өндіріледі.

Қазақстанның оңтүстік өңірінде қарқынды металлургиялық өнеркәсіп  құру мақсатымен, 2006 жылдың аяғында  «Орта Азия инвесторлық – консалтингілік компания» атты Қазақстандық инвесторлар тобы, кезінде химия өнеркәсібінің алабы есептелген «Химпром-2030» ЖШС-н химия өндірісін металлургия кәсібіне бейімдеп, қайта құруға бел байлаған болатын. Жаңа жоба Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тарапынан қолдау алып, «Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС ел экономикасындағы алдыңғы қатарлы өндірістік-инвестициялық жобалар қатарына кірді. Бұл Қазақстан индустриясының даму тарихындағы жаңа кезеңін ашты. Аталған инвестициялық жобаны игеру басында екі балқыту пештерін (№5, №6 пештері) қайта құру жұмыстары қолға алынды. Осының нәтижесінде 2007 жылдың шілде айында №5 пеш іске қосылды. 2007 жылдың аяғына таман, оған қоса, кенді-термикалық №6 пеш жаңғыртылып өндірісін бастады. Сонымен қатар, ферроқорытпалар өндіретін РКО-25 маркалы тағы екі пештің (№3, №4) құрылысы басталды. Бұл пештер атмосфераға тарайтын өндірістік зиянды қоқыстарын 97 пайызға дейін кемітетін газ тазарту жүйелерімен жабдықталған. 2011 жылы жаңа құрылған кенді-термикалық РКО-25 пештері іске қосылды. Сонымен бірге, қайта құрылған №5 және №6 пештерді әрмен қарай жаңғырту жұмыстары, РКО-25 маркалы тағы екі жаңа пештер құру бойынша жобалық жұмыстарға кірісу, оларды да қажетті газ тазартқыш жүйелермен жабдықтау және өндіріс телімдерінде күрделі жөндеу жұмыстарын өткізу жоспарлануда. Маркетингілік саясат тиімділігін ұйғастыру және Ресей Федерациясы кеңістігіндегі тұтынушылармен қарым-қатынастарды нығайту мақсатымен, астанасы Мәскеу қаласында «САТ» Сауда Орталығы ашылды. Бұл Ресей нарығынан сұраныс қоржынын толтыру мүмкіндігіне жол ашып отыр.

Жаңа пештердің іске қосылуы бәсеке қабілеттілігі жоғары сапалы өнім шығарумен қатар, жұмыс  орындар санын көбейтуге және соның арқасында аймақтағы әлеуметтік мәселелерді шешуде қатысуға мүмкіндік ашады. Инвесторлар келген кездегі дүние жүзілік дағдарыстың келеңсіз салдары мен кәсіпорынның қаржы таршылығына қарамастан, зауыт өндірісін қалыпты түрде сақтау мен жұмыс орындарын қалдыру ұжымның қолынан келді. Қазіргі таңда Тараз металлургиялық зауытында 1400-тан астам қызметкер жұмыс атқарады. Біз шығарған өнімдердің сапалық дәрежесі мен ішкі және сыртқы нарықтардағы сұраныс көлемдері жағдайын зауыт өнімдерімен қамтамасыз етілетін географиялық бағыттар анық көрсетеді. Қазірдің өзінде ТМЗ қоржынында Ресей және ТМД елдерінің сұраныстары толық қалыптасқан [6].

 

Сурет 11. Ферросиликомарганец өнімін шығару.

Қызмет бағыттары:

Құрыш легирлендіруге арналған шикізат өндіру; 
Келесі өнім қатарын шығару: ферросиликомарганец, марганецті лигатура, электродтық масса, ремонттық масса, қиыршық тас, фосфор өндірісінің шлак құмдары, электрокальциланған антрацит (термоантрацит)

Стратегиялық мақсаттары

• Қазақстан металлургиялық өнеркәсібінің алып кәсіпорынына айналу; 
• Нарықтағы нақты орнын бекіту; 
• Қаржы салымдарынан түскен пайдасын арттыру; 
• Өндіріс қарқынын қамтамасыз ету; 
• Өнім сапасын көтеру; 
• Өндірісте озат технологияларды ендіру; 
• Зауыт қызметкерлерінің әл-ауқаты мен әлеуметтік жағдайларын қаматамасыз ету;

    1. Тараз қаласының бүгінгі экологиялық жағдайы.

 

Адам әр кезде де табиғатпен тығыз байланыста өмір сүреді, оның байлықтарын пайдаланады және өз қызметі арқылы табиғатқа әсер етеді. Антропогендік фактор – адамның қызметі әрекетінен жаңа түрде туындайтын факторлар. Адамның шаруашылық іс-әрекеті салдарының қоршаған ортаның кейбір жерлерінің өзгергені соншалық. Табиғи құрауыштарының байланысы басқа болып, бұрынғы кешендермен салыстырғанда жаңа кешендер қалыптасады. Антропогендік факторларға өнеркәсіп индустриясының барлық салалары, көлік, ауыл, орман шаруашылығы, энергетика, атом қаруын сынау, мұнай, газ және тау кен өндірісі салалары. т.б. жатады. Тек өндірістік кәсіпорындарының ғана қоршаған ортаға әсер етіп ластануын мынадай негізгі түрлерге бөлуге болады: шикізат материалдар, құрал-жабдықтар, отын, электр энергиясы, су, қалдықтар, өнімдер, атмосфераға таралатын (газ, бу, ауа тозаңы), энергетикалық шығарындылар, шу, инфрадыбыс, ультрадыбыс, жарық, электромагниттік өріс, лазерлі сәулелер, иондағыш шығарындылар т.б. Биосфераны ластайтын компоненттердің химиялық құрамы отын - энергетика ресурстарының түріне, өндірісте қолданылатын шикізатқа оларды өндейтін технологияға байланысты келеді [39].

Антропогендік факторлар әсерінің артуынан күрделі экологиялық проблемалар; парник эффектісі, қышқыл жаңбыр, ормансыздандыру, ядролық қыс, озон қабатының жұқаруы мен тесілуі, шөлейттену т. б. атмосфераға антропогендік жер тікелей немесе жанаша түрде болуы мүмкін. Жаңаша әсер - биосфераның басқа компоненттерінде экологиялық тепе-теңдіктің бұзылу, салдарынан атмосфераның жағдайына алқаптар, жыртылған егістік жерлер, ұйымдастырылған үлкен су қоймалары, өзгертілген өзен ағыстары, мелиоративтік жұмыстар, пайдалы кен қазбаларының ашық әдіспен жаппай алынуы жатады. Жер бетінің қасиеті мен сипатамасының өзгеруі жер атмосфера энергиялық жүйесіндегі алмасу процестеріне, альбедо шамасына, атмосфераға өтетін шығындыққа әсерін тигізеді. Ал, тікелей әсерге мысал ретінде өндірістен шығатын тастанды заттектерді, күлді, металл оксидтері мен тұздарын, күкірттің газды қосылыстары, аммиакты, көмір сутектерін радиоактивті газдарды, шаңдарды, озонды суктекті қосылыстарды және тозаңды келтіруге болады.

Пайдалы қазбалар қорының  ғылыми негізсіз пайдаланылуы, жер бетіндегі өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесінің жұтаңдануы және табиғи ортаның шектен тыс ластануы күрделі экологиялық проблемаларды тудырды. Кейбір өндіріс орындарынан бөлінген зиянды қалдықтардың шектен тыс көбеюі     қоршаған орта жағдайының нашарлауына, адам денсаулығының бұзылуына апарып соғуда. Осының барлығы қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлуді және оны қалпына келтіру жұмыстарымен айналысуды, сондай-ақ оның ресурстарын тиімді пайдалануды талап етеді. Сондықтан жерді суландыру, орманды қалпына келтіру, өндірістік қалдықтар мен ақаба суларды тазартудан өткізу, топырақтың құнарлылығын сақтау және топырақ эрозиясына жол бермеу жұмыстарын қарқынды жүргізуді өмірлік маңызы бар талап ретінде алға тартуда.

Табиғаттағы өзін-өзі реттеу мен қалпына келтіру үдерістері ұзаққа созылады. Адамның зиянды істері де бірден байқалмайды, оны адамдар көбінесе ұзақ жылдар өткен соң ғана байқайды, бірақ оны жедел түзеу жұмыстары күткендей нәтиже бере қоймайды.

Табиғат дамуының заңдылықтарын  білмеу, кейде оларды есепке алмау бос шығынға, адамдардың өмір сүру жағдайының және табиғи ортаның нашарлауына алып келді. Қазақстанда табиғи ресурстар қорының азаюымен қатар олардың тозуы, ластануы экологиялық жағдайдың шиеленісуімен үздіксіз ұлғаюда. Дамудың жаңа сатысы – ғылыми-техникалық прогрестің негізіндегі жоғары технологияға ауысу табиғатты пайдаланудың жаңа стратегиясының қалыптасуы арқылы жүзеге асуы тиіс. Оның өзі өз кезегінде мемлекеттік және қоғамдық экологиялық саясатты мұқият жүргізуді талап етеді.

 Экологияның нашарлай түсуі Қазақстан жағдайында бұрын-соңды болмаған жаңа проблемалар тудыруда. Оған ауа, су, топырақ ресурстары мен өсімдік пен жануарлар әлеміндегі соңғы жылдардағы өзгерістер мысал бола алады [39].

Антропогендік қысымдар табиғат ресурстарының барлық түріне тікелей және жанама әсер ете отырып, кейбір жағдайда экологиялық апаттар әкелуде. Мәселен, Қазақстан Республикасының біршама жерінің шөлге айналуы мемлекеттік проблемалар тудырып отыр. Сол сияқты Республиканың барлық жерінің 30 млн. га көлемін өнеркәсіп, көлік, елді мекендер, т.б. нысандар алып жатыр.

Жамбыл облысы республиканың  ертеден халық қоныстанған, экономикасы  сан-салалы дамыған аграрлы-индустриялды аймағы. Шаруашылықтың әртүрлі саласы жергілікті жердің табиғи ландшафтысына әртүрлі деңгейде әсер етеді. Соңғы он жыл ішінде облыстың экологиялық жағдай күрделеніп келеді. Облыстың бірнеше қалалары ластануға ұшырап отыр (Сурет 7). Өндіріс орталығы болып табылатын ірі қалаларға тән бұл жағдай Тараз қаласында да экологтардың негізгі проблемаларының бірі.

Тараз қаласының өндірістерінің жетекші салалары – тау-кен өндірісі, химия өндірісі болған. Бірақ экономикалық қиындықтарға байланысты бұл салалардың мекемелері жұмыстарын толық тоқтату алдында. Соған қарамастан, жеке шаруашылықтар, кіші кәсіпорындар, әсіресе көліктердің көбеюі ауаның ластану дәрежесінің әлі де болса жоғары деңгейде болуына себепші болып отыр. Жамбыл облысының 144,6 мың км2 аумағында 1,04 млн. адам тұрады, оның 479,6 мыңы – қала тұрғындары. Соңғы уақыттарда антропогендік әсер деңгейі төмендегенімен облыста жалпы экологиялық жағдай әлі де жақсарды деуге болмайды. Облыс аумағының 15 %-ы экологиялық жағдайы қолайсыз аймақта, ал 5 %-і экологиялық дағдарыс (кризистік аймақта) аймағында жатыр. Осы, 5 %-дық аумақ Шу, Талас, Аса өзендері бассейіндерімен қатар Тараз қаласына және оның маңайына тиісті жерлер болып отыр [40].

 

 

 

Сурет 12. Ауа бассейінінің ластану деңгейі, коэффицент есебімен (2012ж)

 

Облыс тұрғындарының  басым көпшілігі тұратын Тараз  қаласының ауасы қоршаған ортаның негізгі компоненті ретінде адамдардың денсаулығына тікелей әсер етеді. Қала ауасын негізгі ластаушы компоненттерге органикалық шаң-тозаң, күл, СО, NO, NO2, SO2 жататыны анықталды. Бұл жағдай ескірген қондырғылар мен технологиялар таза емес отын түрін жағу, жылыту жүйесінің децентрализациялануы және шығарылатын ластықтарды бақылау жұмысының жеткіліксіз екендігі себебінен деп түсіну керек.

Тараз қаласының  ластануы ұзақ уақыт бойы химия өндірісімен  тікелей байланыстылығы мәселесі өз маңызын жойған жоқ. Бұл жағдайда қоршаған табиғи орта сапасын реттеу стратегиясының ең маңызды мәселесі - халық денсаулығына және биосфераға ең күшті әсерін тигізетін факторлар мен көздерді анықтайтын және осы әсерге көбірек ұшырайтын биосфера элеметтерінің анықтайтын жүйе ұйымдастыру мәселесі болып табылады. Мұндай жүйеге қоршаған орта жағдайының антропогендік өзгерістерінің мониторингі жатады.

Қазақстан Республикасындағы 43 ең ірі табиғат пайдаланушылардың ішіндегі Жамбыл облысының қоршаған орта сапасына келеңсіз әсерін тигізетін ең ірі ластаушы Тараз қаласындағы «Қазфосфат» ЖШС болып табылады, Осы мекеменің құрылымдық фосфор өндіруші салалары «Қаратау» ТӨК және «Шолактау» ТӨК, мұнай және газ сақтайтын жер асты қоймасы жоқ. Сол сияқты зиянды заттар және өндіріс қалдықтарын көму - жүргізілмейді. Карьер сулары Шу-Талас экология департаментінен мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткен, әзірленген жобаға сәйкес, жеке су жинағышқа жіберіледі. Тараз қаласындағы шайынды суларды тазалаудың қондырғыларының болмауынан, қалаға таяу жатқан: ауылдарда – Көктөбе, Еңбек, Жамбыл (Жамбыл ауданы) жер асты сулары ластанған. Жер асты сулары ауылдарда ертеден шаруашылық – ауыз суы ретінде пайдаланылатын. Шайынды сулар есебінен, ауыл шаруашылық жерлерінде грунт суларының деңгейі көтерілуде осы экологиялық мәселені шешу үшін, облыс әкімшілігі мен «СОЖЕА» француз формасы «Тараз қаласындағы суды биологиялық тазалау қондырғыларын орнау» проектісің технико-экономикалық негіздемесі (ТЭО) жасалған. Бірақ инвестицияның болмауына байланысты, жұмыс тоқтап тұр. Тараз өнеркәсіп торабындағы шешімін таппай тұрған экологиялық мәселе –тұрмыстық қатты қалдық заттарының үйгінділігі (ТБО). Облыстық қалдық экология басқармасының мәліметі бойынша, қала маңындағы полигонда шамамен 2,0 млн т. қалдық зат жиналған. Бұл үйінділер айналадағы шаруашылық жерлері мен жер асты суларын ластауда. Полигондар елді-мекенді пунктерге жақын, бұл инфекциялық ауруларды қоздыратын бірден-бір нысаналар. Минералды тынайтқыштардың өндірісінің көп жылғы әсерінен, Жамбыл обласының оңтүстігінде техногенді жолмен пайда болған биохимиялық арсал қалыптасқан. Қаланың ауа бассейінің ластануының әлеуметтік салдары қала тұрғындарының денсаулығының нашарлауынан көрінеді.

Информация о работе Тараз қаласындағы өндіріс орындарының қоршаған ортаға әсері