Тараз қаласындағы өндіріс орындарының қоршаған ортаға әсері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Сентября 2013 в 10:53, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі уақытта қала өндірісінің қарқынды дамуы және күннен-күнге шағын мекемелердің көбеюі, көліктер санының артуы ауаның ластану дәрежесін жоғарылатуда. Сондықтан атмосфераның төменгі қабатының және өндіріс аймақтарындағы ауаның мөлшерден тыс ластануы қала экологиясы мониторингі көрсеткішінің ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл мәселені қарастыру – адамдардың денсаулығын сақтаудағы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ............................................................................................................
І Бөлім ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯ
ЛЫҚ ОРНЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Тараз қаласының табиғат жағдайы мен табиғат ресурстары
1.2 Тараз қаласының экономикалық-географиялық жағдайы.
1.3 Тараз қаласындағы өндіріс орындарының орналасуы мен дамуының географиялық алғышарттары
ІІ Бөлім ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ
2.1 Тараз қаласының ірі өндіріс орындарының қоршаған ортаға әсері
2.2 Тараз қаласының бүгінгі экологиялық жағдайы
2.3 Тараз қаласының өндіріс орындарына қалдықсыз технология әдістерін енгізу мүмкіндіктері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМШАЛАР

Прикрепленные файлы: 1 файл

Диплом.doc

— 9.15 Мб (Скачать документ)

 

 

Сурет 13. Қаланың өндіріс түтіндері мен қалдықтарымен ластануы.

 

Облыстық денсаулық  сақтау басқармасының эколого-гигиеналық зерттеулерінің мәліметіне Тараз қаласында  қала тұрғындарымен ластану деңгейінің арасында шығу байланыс бар. Қаланың тұрғындар тұратын орталық массивтерінде, фосфорин сутек пен фторин сутек пен ластануы жоғары деңгейлі аудандарға, тек сірілген тұрғындарға аурудың 20,4% тіркелген. Ластану дәрежесі қалыпты, аса шектен шықпаған аудандарда, аурулар көрсеткіші 5,4-4,2% болған. Ластанған аудандарға аурудың белгілі бір түрлері, атап айтқанда «Тыныс алу органдарының ауруы», екінші орында психикалық аурулар. Аса ластанған ауданда оның көрсеткіші 9,5-9,7% құрайды. Тыныс алу органдарының ауруын қоздыратын фтор мен фосфор қосылыстары бар шаңдар. Судың құрамында F-ң мөлшері 1-2 мг/л артып кеткен жағдайда, адамдар мен үй мандарының арасында сүйекпен тістің флюероз ауруы қозады. Фосфордың күлді гилагының құрамында хром, күкірт, селен, телур т.б. зиянды элементтер бар. Күлді шақ құрамындағы кремнийдің қос тотығың өкпені қабындыратын әсері бар. «Суперфосфат» АҚ-ң күкірт қышқылы өндірісіне шығарылатын қалдық құрамындағы Fe2О3-ң шектеулі зиянды көрсеткіші (ПДК) 6мг/м3 – тен артуы қажет. Тараз аймағында жер асты суларының ластануы дәрежесі – жылына 100м жылдамдықпен артып отырады. Қаланы ауыз сумен жабдықтайтын скважиналардан алынған судың құрамындағы сульфат пен нитрат, полифосфат, фтор концентрациясы артық тіркелген [39].

 

Кесте 12.

 Тараз қаласындағы өндіріс қалдықтарының көзі

(2011-2012 жж)

 

Өндірістік сала

Өндіріс қалдықтары мың. Тонна

2011 жыл

% жалпы көлем

2012 жыл

% жалпы көлем

Жалпы облыс бойынша, оның ішінде:

10,9

100

10,5

100

Химиялық сала

2,202

22,1

4,243

40,4

-ЖШС«Казфосфат» (НДФЗ)

1,995

 

4,039

 

-ЖШС «Казфосфат» Минералды

0,076

 

0,077

 

- ЖШС «Тараз металлургия зауыты»

0,131

 

0,127

 

Жылу энергетика

2,376

25

0,461

4,4

- ААҚ «Жамбыл ЖЭС»

2,2

 

0,324

 

- АҚ «Тараз энергия орталығы»

0,176

 

0,137

 

Тау кен өндірісі

1,318

10,5

1,383

13,2

-ТӨК «Каратау»

0,726

 

0,816

 

-ТӨК «Шолақтау»

0,256

 

0,187

 

- ААҚ «Акбақай ГОК»

0,08

 

0,06

 

«Шатыркөл»

0,073

 

0,052

 

- ААҚ «Восточное рудоуправление»

0,183

 

0,268

 

-ЖШС «Ер-Тай»

-

 

-

 

Газ

1,685

14,1

1,798

17,1

-УМГ «Тараз» ЗАО «ИЦА»

1,630

 

1,740

 

 

Тексеру нәтижесінде  біраз олқылықтардың беті ашылды. Мәселен, «Мұнай Сауда Ойл», «РТС Ойл» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінде санитарлық қорғау аймақтарын көріктендіру, көгеріштендіру және ретке келтіру жұмыстары нашар, тіпті, жоспарланбаған да. Қоршаған ортаның тазалығын бақылау мониторингі жүзеге асырылмаған. Шу қаласындағы «Теміржол жылу», «ДСУ-86» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінде шаң тосқыш қондырғылар күрделі жөндеуден өтпеген. Кейбір қалада, аудан орталықтарында жылу қазандықтары экологиялық талаптарға сай емес, тетіктері қолды болып бұзылған шаң газ ұстағыш қондырғылар жөнделмеген, қалпына келтірілмеген. «Жуалы сервис» кәсіпорны мен «Южный» ЖАҚ-ның газбен жылытылатын қазандықтары жөндеу көрмеген. Тізе берсек, мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады.

Солай десек те, 2003 жылғы  тексеру қорытындысымен салыстырғанда, 2004 жылы қоршаған ортаны қорғау мәселесіне көптеген табиғатты пайдаланушылардың жанашырлықпен қарай бастағандығы байқалады. Оған айғақ, 2003 жылы 1757 тексеру нәтижесінде 2306 табиғатты қорғау заң талаптарының бұзылғандығы анықталған болса, бұл 2004 жылғыдан 500-ге артық.

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2004 жылғы 24 қарашадағы нұсқауы бойынша меншік түрлеріне және ведомстволық иелігіне қарамастан тұрақты және жылжымалы көздерден — кәсіпорындарға, автокөліктерге, жол құрылыстары мен ауыл шаруашылығына, өзге де техникаға, тағы басқа ластау көздеріне, шайынды су мен өндірістік-тұрмыстық қалдықтарының қоршаған ортаға кері әсер ететіні үшін төлем мөлшері белгіленген. Қоршаған ортаны шектен тыс ластағаны үшін төлемақы да еселеніп алынады.

Көптеген дау талаптары бөлініп шыққан ластағыш заттардың, шайынды сулардың, қалдықтарды орналастырудың нормадан артық болуына байланысты болды. Осындай экологиялық талаптарды бұзғандығы үшін «Ақбақай тау кенін байыту комбинаты», «Қазақмыс» корпорациясы», «БМ» жауапкершілігі  шектеулі серіктестігі, «Шығыс кен басқармасы», «Қант» және «Бурный ірімшік зауыты» ашық акционерлік қоғамдары, басқа да біраз ірі кәсіпорындарға дау талаптары қойылды.

Кәсіпорындарға осындай  дау талаптары қойылса, қоршаған ортаны қорғау ережелерін орындамағаны үшін кейбір жеке немесе заңды тұлғаларға, лауазым иелеріне айыппұлдар салынды. Атап айтқанда: қалдықтардың жинақталу есебін жүргізбегені үшін «Ақбақай тау екенін байыту комбинаты» ашық акционерлік қоғамы бас энергетигіне — 5000 теңге, «Аса-агропромтехника» ЖШС директорына — 8000 теңге, ауаны ластауға рұқсат құжаттары жоқ болғандықтан «Степан» шаруа қожалығына — 9000 теңге, ал «Жібек жолы» базары әкімшілігінің автокөлік жуғыш «РБЕ-Ойл» ЖШС үстінен айналасындағы жерді шайынды сулармен ластап жатқандығы туралы шағымға сәйкес санитарлық эпидемиологиялық станция қызметкерлерімен бірлесе отырып, кешенді тексеру нәтижесінде автокөлік жуғыш жұмысшыларының тазалық тәртібін өрескел бұзғаны, канализация жүйесі тұнбалармен, қалдықтармен бітеліп қалғаны, санитарлық талапқа мүлдем сай еместігі үшін аталмыш серіктестіктің заңды тұлғасына — 45950 теңге көлемінде айыппұл салынды. Осындай мысалдарды айта берсек, жетерлік.

Облыс орталығында шайынды  суды тазалау және сүзгі алаңында бұру аса қиын жағдайда қалып отыр. Тараз қаласының кәріз жүйесі екі өндірістік аймаққа бөлінген (солтүстік-шығыс және солтүстік-батыс). Солтүстік-шығыс өндірістік аймақтағы кәсіпорындардың шайынды суы Байзақ ауданының «Бурыл» ӨҚ тәулігіне 100-120 мың текше метр мөлшеріндегі 80 пайыздан аса шаруашылық-тұрмыстық және өндірістік шайынды су Жамбыл ауданындағы «Тастөбе» өндірістік кооперативі (бұрынғы Куйбышев атындағы кеңшар) жерінде орналасқан көлемі 193,4 гектарлық сүзгі алаңына жіберіледі. Кәсіпорындарда шайынды судың оқшауланған немесе қарапайым су тазалағыш құрылымдарының жоқтығынан олар тазаланбастан сүзгі алаңдарына түсуде. Сонымен бірге, сүзгі алаңдарына түскен шайынды су салмағы рұқсат етілетін нормадан 4 есе артық. Жыл сайынғы сүзгі алаңдарына түсетін шамадан тыс гидравликалық салмақ әсерінен Жамбыл ауданының жақын жатқан елді мекен тұрғындарының шаруашылық-ауыз су қажеттіліктеріне пайдаланатын жерасты суының ластануына, сонымен қатар ауылшаруашылық жайылымдарының батпаққа айналуына және елді мекендерді су басуына әкеп соқты. Тазалау құрылымдарындағы қалыптасқан ахуал Аса өзенінің алабтарын ластауға әсер ететіндей экологиялық қауіп туғызып және аймақта эпидемиологиялық жағдайды күрделендіріп отыр. Облыстық денсаулық сақтау бөлімінің мәліметтері бойынша сүзгі алаңдары орналасқан шаруашылық жерлерінде вирусты гепатит, іш сүзегі ауруларымен науқастану деңгейі орташа есеппен алғанда республикалық көрсеткіштерден 1,4-2,5 есе артық. Тараз қаласында шайынды суды толық биологиялық тазалау кешенін салу мәселесі шешілмеуде.

Облыс бойынша жер үсті су көздерін шайынды су шығарылымдары мен ластайтын негізгі кәсіпорындар — Тараз қаласының, Жамбыл және Жуалы аудандарының кәсіпорындары болып табылады. «Тараз» ЖШС-нің шаруашылық-тұрмыстық және өнеркәсіптік шайынды суы табиғи биологиялық тазалаудан өтіп (сүзгі алаңы) Талас өзеніне, ал, шартты-таза өндірістік су — Төрекелді каналына бұрылады. Дәл осындай тазалау мен шайынды су бұру жүйесі «Жамбыл ГРЭС» ААҚ-да да бар, онда шаруашылық-тұрмыстық шайынды суы толық биологиялық тазалаудан өтіп, Талас өзеніне бұрылады. 2001 жылы «БМ» ЖШС-нің шайынды суды биологиялық тазалау станциясы пайдалануға берілгелі Талас өзеніне бұрылатын су сапасы жөнделді.

Облыста шайынды су тазалайтын 28 құрылым бар, олардың ішінде қазіргі  кезде біраз кәсіпорындардың  тоқтап тұруына байланысты «Ұлар» АҚ, «Луговой РМЗ» ЖШС, «Нұрлан» АҚ жұмыс істемейді. Қала типтес Мирный және Ақсүйек елді мекендерінің тазалау құрылымдары қайта жөндеуді қажет етеді, қазіргі кезде бұл кенттерге ауыз су беру тоқтатылғандықтан тұрғындар тасымалданып әкелінетін суды пайдаланады.

Бүгінде облыста 96,27 млн  тонна қалдықтар шоғырланған, соның  ішінде өндірістік қалдықтар — 94,66 млн тонна. Нақтылай айтсақ, радиоактивті аршынды жыныстар — 29,23 млн тонна, химиялық өнеркәсіптік қалдық — 20 млн  тонна, өнеркәсіптік тау-кен аршынды жыныстары — 44,81 млн тонна, қалдық қоймасындағы шламдар — 2,03 млн тонна, шала әк — 0,043 млн тонна, сүзгі тұнбалары — 0,155 млн тоннаны құрайды.

1999 жылдан бастап химия өнеркәсіп орындарынан шыққан өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу тоқтатылды. Бұл жыл сайын қалдықтардың молаюына әкеліп соғуда. «Химпром 230» ЖШС 2003 жылдан бастап шлак тастарын өңдеп, шлак шағалын шығара бастады, бұл шлак тастарының 273,5 мың тоннаға кемуіне себеп болды.

Өте бір күрделі проблема — іске жарамайтын пестицидтер мен  улы химикаттарды көму мәселесі. Улы қалдықтарды, жарамсыз улы химикаттарды көму полигонының жоқтығынан 114.41 тонна қалдықтар 1947 литр пестицидтер көмусіз күйде.

Облыста арнайы тұрмыстық қатты қалдықтарды жинайтын 189 қойма бар. Жалпы өңірімізде 5,8 млн тонна тұрмыстық қатты қалдықтар шоғырланған. Соның ішінде Тараз қаласы бойынша 1,8 млн тонна. Жыл сайынғы қалдықтардың шоғырлануы 90 мың тонна, соның ішінде Тараз қаласы бойынша 23-28 мың тоннаға дейін жетеді.

Тұрмыстық қатты қалдықтар  жинауды ұйымдастыру аудандар орталығында, қалаларда арнайы коммуналдық кәсіпорындарына жүктелген. Дегенмен, Мойынқұм, Қордай, Меркі, Тұрар Рысқұлов, Жамбыл аудандарында коммуналдық кәсіпорындарының жоқтығынан бұл жұмыстар ауыл әкімдеріне тапсырылған. Бұл салада олар техниканың, қаржының, жұмысшы күшінің жоқтығына байланысты мардымды жұмыс атқарып жатқан жоқ.

Тұрмыстық қатты қалдықтарды  жинау және қайта өңдеу бойынша, әсіресе, Тараз қаласының жағдайы  ойлантарлықтай — тұрмыстық қатты  қалдықтар қаладан 10 шақырым жердегі солтүстік-батыс аймағына орналасқан аумағы 30 гектарлық қоқыс төгетін жерге жинақталады. Тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру жүйесіз, жоспарлы түрде қатпарланып жиналмайды, оны улы заттарды өткізбейтін инертті материалдармен жабу жүзеге асырылмайды. Соның салдарынан қала маңының экологиялық жағдайы нашарлауда. Қазір облыстағы аса бір проблемалық мәселе — бұрынғы уран өндірісінің 30,94 млн. тонна  көлеміндегі қатты қалдықтарының шоғырлануы,оның 14,46 млн тоннасы Мойынқұм ауданында. Үкімет бағдарламасына сәйкес 2002 жылы Мойынқұм ауданындағы, 2004 жылы Қордай ауданындағы бұрынғы уран кен орындарын жою және залалсыздандыру нәтижесінде радиоактивтік қалдықтар көлемі 2191,8 мың текше метрге кеміді. Сөйтіп, 937 гектар жер табиғи қалпына келтірілді.

Бұрынғысынша автокөліктердің облыстың ауа кеңістігін ластауы арта түсуде. Олардың үлесіне облыс көлеміндегі жалпы шығарындылардың 69 пайызы тиесілі. Бұл жағдайдың түзелер түрі жоқ, шығарындылар көлемі бұрынғы деңгейде — 26, 3 мың тоннаны құрайды. Экологиялық таза заттарды пайдалану үлесін арттыру немесе табиғи газға көшу, троллейбустарды көбейту туралы мәселе өз шешімін таппай отыр. Автокөліктерде катализаторлар-нейтрализаторларды пайдалану жұмыстары жүргізілмеуде.

Мына жәйтті айтпай кетпеске болмайды. Облыстың айдалмалы жерлерінің жағдайы қатты алаңдатуда. "Облыс жерінің тек 5 пайыз ғана жоғарғы дәрежеде гумусталған (қара шіріндімен), 26 пайызы орташа және 69 пайызы төмен және өте төмен дәрежеде. Шабындықтар мен жайылымдарды жиі және жүйесіз пайдалану олардың өнімділігінің төмендеуіне, шөп түрлері құрамының (55-60 пайыз) нашарлауына алып келді, ал кей жерлерді мүлдем тоздырып жіберді. Ал, жайылым жерлердің үлкен бөлігін бұталар басып және талқандалып кеткен. Жел және су эрозиясына ұшыраған жер көлемі 7073,4 мың гектарды құрайды.

Көпжылдық бақтар, жүзімдіктер, көкөніс отырғызылған жер көлемі 10,9 мың гектарды құрайды. Олардың үлкен бөлігі суармалы жерлерде орналасқан.

Соңғы жылдары бұндай жерлер көлемінің азаю тенденциясы байқалуда.

Проблемалық мәселелердің бірі бұзылған жерлерді қалпына келтіру болып табылады. Қазіргі кезде облыста жерді қалпына келтіру жұмыстары мүлдем жүргізілмеуде. Осыған байланысты ауыл шаруашылық айналымынан шығып қалған жерлер жыл сайын молая түсуде.

Облыс аумағында өсімдіктердің 1309-дан аса түрі өседі, солардың ішінде 79-ы эндемикалық (сирек) түрі, 104-і — дәрілік шөптер. Дегенмен, өсімдік дүниесінің табиғи көптүрлілігі тоқтаусыз кемуде. Республикалық Қызыл кітапқа 98 өсімдік түрлері енген.Шу, Талас, Аса өзендерінің төменгі ағысында табиғи кешендерде экологиялық тепе-теңдік бұзылу салдарынан өсімдіктердің көптүрлілік қасиеті жойылып, жануарлар мен құстардың кемуі жалғасуда.Қоршаған ортаны қорғау мәселесі бойынша елеулі жетістіктердің бар екенін де айта кеткен жөн. Өткен тексеру шаралары бойынша берілген ескертулер мен нұсқауларға мән беріп, жіберілген қателіктерін дер кезінде түзеткен өндіріс, өнеркәсіп орындары басшыларының іс-әрекеттері құптарлық. Олардың қатарына «ДСУ-85» ЖШС, «Қордай Фуд Мастер», «Жамбыл жолдары» ашық акционерлік қоғамдары, «Меркі қант зауыты» ЖШС, тағы біраз кәсіпорындарды қосуға болады, «Жамбылгипс» ұнтақтау бөлімінде 2,5 миллион теңге игеріліп, шаңтосқыш жүйесіне күрделі жөндеу жүргізді. Осындай игілікті жұмыс нәтижесінде қысқа мерзім ішінде гипс шаңының көлемі 15тоннаға кеміді. 8 жылу қазандықтарын (Байзақ ауданының Сарыкемер ауылында — 2, Тұрар Рысқұлов ауданының Құлан ауылында — 5, Жуалы ауданының Бауыржан Момышұлы ауылында — 1) көмірмен емес, газбен жылыту нәтижесінде зиянды шығарындылар көлемі 17,8 тоннаға кеміген. Тараздағы 2-ші қалалық аурухана мен қалалық балалар емханасы жылу қазандықтарының жұмысын көмірден әлдеқайда тиімді экологиялық тұрғыдан таза отын түрі — газға көшіру жоспарланып отыр. Болжамды есеп бойынша бұл игілікті жұмыс 9,5 тонна зиянды, улы заттардың қысқаруына себеп болады.

Осы тұрғыда айта кететін  мәселе, 2005-2007 жылдарға арналған Жамбыл аймақтық экологиялық бағдарламасы облыс көлеміндегі экологиялық  проблемалар ескеріліп жасалған және қоршаған ортаның ластану деңгейін төмендетуге бағытталған. Бұл бағдарлама облысымыздың экологиялық ахуалын жақсартуға бірден-бір себебі болады деген сенімдеміз

Информация о работе Тараз қаласындағы өндіріс орындарының қоршаған ортаға әсері