Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Сентября 2013 в 10:53, дипломная работа
Қазіргі уақытта қала өндірісінің қарқынды дамуы және күннен-күнге шағын мекемелердің көбеюі, көліктер санының артуы ауаның ластану дәрежесін жоғарылатуда. Сондықтан атмосфераның төменгі қабатының және өндіріс аймақтарындағы ауаның мөлшерден тыс ластануы қала экологиясы мониторингі көрсеткішінің ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл мәселені қарастыру – адамдардың денсаулығын сақтаудағы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
КІРІСПЕ............................................................................................................
І Бөлім ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯ
ЛЫҚ ОРНЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Тараз қаласының табиғат жағдайы мен табиғат ресурстары
1.2 Тараз қаласының экономикалық-географиялық жағдайы.
1.3 Тараз қаласындағы өндіріс орындарының орналасуы мен дамуының географиялық алғышарттары
ІІ Бөлім ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ
2.1 Тараз қаласының ірі өндіріс орындарының қоршаған ортаға әсері
2.2 Тараз қаласының бүгінгі экологиялық жағдайы
2.3 Тараз қаласының өндіріс орындарына қалдықсыз технология әдістерін енгізу мүмкіндіктері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМШАЛАР
Биологиялық түрлердің жазықтан тауларға ауысқан сайын артуы тек біздің облыс жеріне ғана тән құбылыс емес, бұл жер бетіндегі барлық аридті, яғни құрғақ аймақтарға тән табиғи жағдай. Біздің тауларда Қазақстанда өсетін барлық 685 өсімдіктер түрінің 181 түрі өседі. Өсімдіктердің алуан түрлерінің шоғырлануы тұрғысынан, облыс жеріне 15 % еніп жатқан Талас Алатауы алдыңғы орында. Мұнда бір мың км2 жерге 145 түрлі өсімдіктен келеді екен. Бұл Қазақстан үшін ең үлкен (максималды) көрсеткіш, республика бойынша орташа көрсеткіш бұдан әлде қайда төмен бір мың км2 ғана ауданы бар Тараз қаласында екі түрден келеді. Шу-Іле және Қаратау аласа таулары өсімдіктердің жаңа түрлері қалыптасатын орталықтар қатарына жатады, себебі неотектоника әлі жүріп жатыр. Мысалы, бір ғана Қаратауда ағаштың 25 эндемик түрлері анықталған. Облыс жеріндегі тауларда Республиканың Қызыл кітабына енген 65 түрлі жоғарғы сатыдағы өсімдіктер өседі.
Мамандардың пікірінше, шөлдің өсімдіктеріне қарағанда таулардың өсімдіктерінің жойылып кету қауіпі 5 есе артық. Осы жағдайлар таулардағы өсімдіктерді тез арада қатаң қорғауға алуды талап етеді. Себебі, Қазақстан Халықаралық биологиялық алуантүрлілікті сақтау Конвенциясын қабылдаған мемлекеттердің бірі. Республика жеріндегі осы түрлерді сақтауға, біз дүние жүзілік қауымдастық алдында жауаптымыз. Осы орайда үлкен бір шешімін таппай тұрған экологиялық мәселені айтпай кетпеуге болмайды. Мамандардың пікірінше, біздің облыста ғана емес, бүкіл республика бойынша, ормандардың ағаш қорын есепке алғанда ондағы биологиялық алуан түрлер есепке алынбайды екен. Орман қорының есебі алынғанда, ондағы ағаштардың құрамы ғана есепке алынады да, ал оның түрі, қандай туысқа жататындығы анықталмайды. Осының салдарынан, ормандағы құнды генетикалық, селекциялық (тұқымдық) қор болатын жабайы Сиверс алмасы, Регель алмұрты, Тянь-Шань шиесі, нағыз жаңғақ (фистащка) т.б. популяцияларды сақтау мен қорғау шаралары ұйымдастырылмаған. Орман шаруашылығында ариалы 40% алып жатқан ағашпен бұталардың түрлері ғана есепке алынады. Ал ариалы шағын, биологиялық түр ретінде жойылып кетуі алдында тұрған жоғарыдағы ағаш пен бұталар есепке алынбайды. Популяциясы шағын ариалды алып жатқан құмда жабайы жеміс ағаштарының жойылып кетуінің тағы бір себебі, олардың генетикалық ластануы. Облыс жерінде 1947 жылдан осы жабайы жеміс ағаштарының қасына мәдени алманың, алмұрттың отырғызылуы Мақпал шатқалындағы, Мамай-Қайыңды және Сиверс алмасы мен кәдімгі жабайы өріктің генетикалық түр ретінде жойылып кетуіне себеп болуда. Жабайы өсімдіктермен мәдени өсімдіктердің тозығы мен тозаңдануынан олардың генетикалық структурасы өзгеріп, жартылай мәдени түрлерге айналып барады. Осындай жағдайлар Жуалы, Аспара Меркі және Қарақұндыз орман шаруашылығы жерінде де орын алып отыр. Мәдени өсімдіктермен бірге, таулы ормандарға тән емес ауралармен өсімдік зиянкесті келеді [46].
Тараз қаласындағы орман алқаптарына бөтен аймақтардың ағаштарының, атап айтқанда, американдық түрлер - үйеңкі, жалған акция т.б. жерсіндірілуі, табиғи жергілікті түрлердің ареалын жаулап алып, олардың жойылып кетуіне әсер етуде. Осының салдарынан табиғи таулы экосистемалар бөтен жердің түрлерімен ластануда. Бұл жәйт биологиялық түрлерді сақтаудың Халықаралық Конвенциясының талаптарына тағы да қайшы келіп отыр.
Пайдалы қазбалары. Тараз қаласының негізгі байлығы фосфорит кендері. Фосфоритті бассейіні, Кіші Қаратаудың солтүстік-шығыс бөлігінде 45 кен орнын қамтиды. Геолог ғалымдар осы бассейінді 3 бөлікке: оңтүстік-шығыс, орталық және оңтүстік – батысқа бөледі. Оңтүстік-шығысындағы ірі кен орындары - Шолақтау мен Ақсай, екеуіде тау аралық аңғарларда жиналған конгломераттарда шоғырланған. Кен орындары минералды-химиялық құрамына қарай 4 қабатқа: негізгі фосфоритті, фосфат-кремнийлі, төменгі фосфоритті және кремнийлі болып бөлінеді. Фосфорлы ангридтің мөлшері әртүрлі қабатта әрқалай: 2-7% тен 15-37% аралығында болады. Өнеркәсіптік маңызы бары - алғашқы екеуі, осы кеннен алынатын суперфосфат рудасы, алдын ала байытуды қажет етпейді [8].
Кіші Қаратаудың кен орындарын алғаш 1936 жылы геолог И.И. Машкара геологиялық барлау барысында анықтаған болатын. Арнаулы геологиялық зерттеулерден кейін, рудалардың химиялық анализі жасалған соң, фосфориттің кәсіптік маңызы бар екендігі анықталған соң ғана басталды. Өнеркәсіптік маңызы бар фосфорит кен орындары: Тесіктас оның қалындығы –3,5 м, фосфоритті ангидрид мөлшері - 30 %, Жаңатас, Көксу, Көкжан, Үмбас - 24-25%, 29-30%. Кіші Қаратауда, фосфориттен басқа, тас көмір, мирабилит тенардит, марганец табылып отыр. Облыс жеріндегі шөгінді тау жыныстарымен галит, ізбестас, саз, цемент, доломит т.б. құрылыс материалдары байланысты. Жамбыл облысының геологиялық құрылысы мен пайдалы қазбаларының экологиялық салдары әр алуан. Құмды шөлдегі сусымалы құмдар мен таулар бөктеріндегі лесс тау жыныстары тасымалдануға, үрленуге, үңгіленуге (дефляция) және тасымалданып шөктірілуге бейім. Сондықтан олардың бойында көптеген техногенездік зиянды заттар мол жиналады [9]. Минералды шикізат көздерін игерген кезде, жер қойнауындағы химиялық элементтері жер бетіне шығарылып, территорияның табиғи геохимиялық фонын бұзады. Оның дәлелі, облыс жерінде қалыптасқан геохимиялық аномалиялар мен судың, топырақтың зиянды заттармен ластанулары. Тауларды құрап турған докембрийлік, палеозойлық тау жыныстары экологиялық берік тау жыныстары, ал жазықтардағы өзеннің, көлдің аллювиальды, деллювиальды шөгінділері экологиялық берік емес - борпылдақ тау жыныстарына жатады. Олар жел, су эрозиясына бейім, тез шайылып, тасымалданып кетеді.
Климаты. Тараз қаласының климаты құрғақшылығымен, шұғыл континентальдылығымен сипатталады. Бұл жағдайлар, біріншіден қарастырылып отырған аумақтың Еуразияның дәл ортасында орналасуымен және мұхит бассейндерінен шалғайда орналасуына байланысты. Екіншіден, атмосфера циркуляциясының да әсері бар. Қоңыржай ендіктердің оңтүстігінде орналасуы - күн радияциясының мол келуіне септігін тигізеді.
Облыс территориясына түсетін күн сәулесінің жарқырап түсуінің орташа мөлшері 2500 сағат, бүл Мәскеу қаласына (1600) түсетін сәуледен 1,5 есе артық. Академик А.А.Григорьевтің мәліметіне жүгінсек, Қазақстанның оңтүстігінде, мамырдан шілдеге дейін 4 ай ішінде, келіп түсетін жылу мөлшері осы мерзім ішіндегі тропикадан (150с.е.) бірде-бір кем емес; сәуір мен қыркүйек аралығында, тропиакадағы желтоқсан мен қаңтар айлары аралығында келіп түсетін жылудан кем емес; ақпан мен наурызда түсетін жылу мөлшері, субтропикадағы қыс айларында келіп түсетін жылумен тең болады. Желтоқсан мен ақпан айларында келетін жылу энергиясы, жалпы жер бетінің 650с.е.-не түсетін жылуға пара-пар [10].
Облыс территориясяна
келіп түсетін жылудың мөлшері,
Жамбыл облысы климатының қалыптасуында ауа циркуляциясының ролі айтарлықтай. Жылдың суық маусымында (қазаннан наурызға дейін) ауа райының қалыптасуына Сібір антициклонының тармағы әсер етеді.Оның ықпалынан облыс жерінде қыста ашық аязды ауа райы, ал түнде қатты суық ауа райы қалыптасады. Күндіз ауа температурасы көтерілген соң суық ауа біртіндеп жылынады. Антициклонды жағдайды солтүстік-батыстан келетін циклондар бұзады. Циклон Каспий теңізінің оңтүстігінде және Теджен, Мургаб өзен аңғарлары тарапынан келеді. Суық фронттың келуінен не жаңбыр не қар жауады. Солтүстік-батыстан Еуропа жазығынан, Батыс Қазақстан арқылы келетін қоңыржай ауа массасы, қыста құбылмалы ауа райды туғызса, көктемде, күзде жауын-шашын әкеледі. Жылдың жылы мерзімінде, Сібір антициклоны кері шегінеді, облыс территориясы қатты қызады. Облыс жеріндегі ауа райын Еуропанның оңтүстігінен келетін Азор антициклонның тармағы анықтайды. Сонымен қатар, жазда оңтүстік Қазақстанмен Орта Азияның өз жерінде термикалық депрессия орнайды. Осы жерде қалыптасқан континентальды тропикалық ауа массасы да ауа райына әсер етеді. Жаздың аптап ыстығын Жерорта теңізі жақтан келген ауа массасы сәлде болса бәсендетеді. Циклондық әрекет әлсіз, дегенмен температураны, бұлттылықты өзгертеді. Солтүстіктен, солтүстік-батыс пен батыстан келетін ауа массалары, жазда аз келеді, жазық жерде ол қызып үлгіреді, ал конденсация деңгейі жоғарыда жатқандықтан, бұлтсыз ашық күндер орнайды. Ал тауларда, бұл ауа массалары бұлттылықты орнатып, жаңбыр мен биік шыңдарда қар жауғызады. Жамбыл облысы климатының континентальдылығы, жыл мезгілдерінің айқын, бірінен кейін бірінің алмасып отыруына себеп болады: құбылмалы, салыстырмалы суық қысқа қыс мезгілі, жаңбырлы көктемге, ол қүрғақ жазбен алмасады.
Қыс әдетте қарашаның
соңында қалыптасады:
Кесте 1.
Жамбыл облысының климаттық көрсеткіштері
Ұзақтығы, күндер саны |
+100С артық темпе ратура жиын тығы |
Ауа температурасы, градус есебімен |
Жауын-шашын,мм | ||||||
Тұрақты қар жамылғысының |
Аязсыз күндер |
+10 С артық күндер |
Орташа Тамыз |
Орташа Қаңтар |
Абс. мак симум t0С |
Абс. мини мум t0С |
Жыл ішінде |
Жылы мерзімде | |
60-80 |
180-200 |
165-190 |
3600 |
260 |
-100 |
440 |
-410 |
250 |
100-150 |
Қазіргі Тараз Жамбыл облысының ірі әкімшілік-мәдени орталығы болып табылады. Тараз және Астана қалаларының ара қашықтығы 1300 км құрайды, ал Алматы қаласына дейін – 550 км. Қала батысында Жамбыл және Жуалы аудандарымен, солтүстігінде – Байзақ ауданымен, шығысында – Тұрар Рысқұлов ауданымен, оңтүстігінде – Қырғызстан Республикасымен шектеседі. Қаланың аумағы Жамбыл облысының 0,1 мың км2 немесе 0,07% аумағын құрайды. Халқы 355119 адам, немесе облыс халқының 34% құрайды.
Қаланың халық саны: 380 000 адам (2012 жылғы мәлімет) Тараз қаласының халық санының 70% қазақтар. Қалада орыстар, өзбектер, кәрістер, татарлар, түріктер, немістер, күрттер, дүнгендер, қырғыздар, гректер, әзірбайжандар, ұйғырлар, шешендер тұрады. Қалада «Достық үйі» бар [6].
Кесте 2.
2009 ж. 1 қаңтарындағы Тараз қаласы тұрғындарының этностық құрамы.
Этникалық құрамдар |
Халық саны 2012 жылы |
% |
Қазақтар |
722 627 |
69,23% |
Орыстар |
141 829 |
13,59% |
Өзбектер |
24 986 |
2,39% |
Татарлар |
10 651 |
1,02% |
Немістер |
6 695 |
0,64% |
Басқалар |
137 055 |
13,13% |
Әкімшілік бөлінуі: Тараз қаласы 3 ауданға бөлінген. Қалада 13 ықшам аудан бар: Ақбұлақ, Қаратау, Жайлау, Салтанат, Қарасу, Талас, Самал, Алатау, Мыңбұлақ, Аса, Жансая, Астана, Байтерек.
Қалада 9 саяси партиялардың, 132 үкіметтік емес ұйымдардың филиалдары, оның ішінде 47 жастар ұйымдары, 21 этномәдени бірлестік, 64 діни бірлестіктермен берілген 5 әртүрлі конфессиялар жұмыс істейді. Өзара іс-қимылдың аса маңызды институттары ретінде үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі, діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңестер, қала әкімдігі жанындағы Қоғамдық кеңестер жұмыс істейді.
38 БАҚ, оның ішінде 11 мемлекеттік баспасөз және 27 мемлекеттік емес тіркелген және жұмыс атқарады.
Барынша экономикалық тиімді жол тораптарының қиылысуында орналасқан қала аумағының транзиттік әлеуеті (әуе, темiр жол және автомобиль) жоғары болып табылады, бұл Азия елдерімен, Таяу және Орта Шығыс және де Еуропа елдерімен өзара байланыстырады. Туристiк потенциалды дамытуға қаланың мүмкіндігі барынша мол, бұл әсіресе шипажай-қорықтағы аймақтар мен олардың рекреациялық қорына, сонымен қатар ерте заманның тарихынан сыр шертетін тарихи-сәулеттiк ескерткiштерінің көптігіне негiзделген
Сурет 1. Тараз қаласының географиялық орны
Қаланың өнеркәсiптiк өндiрiсiнiң құрылымы көп салалы сипатқа ие. Кен өндiру өнеркәсiптiң самғауы экспортқа негізделген пайдалы қазбаларды өндiруімен байланысты. Электр энергиясын, газ және суды өндiру мен үлестiрiлуі өлкенiң өнеркәсiптiк өндiрiсiнiң құрылымында небәрі 27, 5%-ын құрайды.
Тараз өнеркәсiп өндiрiсiнің негізгі бөлігін қаланың кәсiпорындары құрайды. Қаланың өнеркәсiп потенциалы бірқатар кәсiпорындарымен айқындалады, соның ішінде iрi химиялық өндiрiстер, ауыл шаруашылық машиналарға арналған қосымша бөлшектерді өндiру зауыттары, коммуналдық машина жасау, жүнді алғашқы өңдеуден өткізу кәсiпорны, гранит және мәрмәрдi өңдеу бойынша кәсiпорын, қант зауыты, ет-сүт өндіретін желі және басқада шағын кәсiпорындар. Олар сары фосфор, минералды тыңайтқыштар, натрийдың триполифосфаты, электр энергиясы, аяқ киiм, тiгiн бұйымдары, жуылған жүн, кiр жууға арналған жабдықтар, қант, құрылыс материалдары мен конструкциялар және т.б. заттар өндіреді.
Сонымен бiрге, қаланың
өнеркәсiптiк өндiрiсi бірқатар қиындықтарымен
беттеседі: ең алдымен, бұрынғы одақтас
республикаларының
Жоғарыда айтылғандай тұрақты даму химия өнеркәсiбiне тән, бұл жағдай азық-түлік бағасының тұрақты дамуымен түсіндіріледі.
Информация о работе Тараз қаласындағы өндіріс орындарының қоршаған ортаға әсері