Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Сентября 2013 в 10:53, дипломная работа
Қазіргі уақытта қала өндірісінің қарқынды дамуы және күннен-күнге шағын мекемелердің көбеюі, көліктер санының артуы ауаның ластану дәрежесін жоғарылатуда. Сондықтан атмосфераның төменгі қабатының және өндіріс аймақтарындағы ауаның мөлшерден тыс ластануы қала экологиясы мониторингі көрсеткішінің ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл мәселені қарастыру – адамдардың денсаулығын сақтаудағы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
КІРІСПЕ............................................................................................................
І Бөлім ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯ
ЛЫҚ ОРНЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Тараз қаласының табиғат жағдайы мен табиғат ресурстары
1.2 Тараз қаласының экономикалық-географиялық жағдайы.
1.3 Тараз қаласындағы өндіріс орындарының орналасуы мен дамуының географиялық алғышарттары
ІІ Бөлім ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ
2.1 Тараз қаласының ірі өндіріс орындарының қоршаған ортаға әсері
2.2 Тараз қаласының бүгінгі экологиялық жағдайы
2.3 Тараз қаласының өндіріс орындарына қалдықсыз технология әдістерін енгізу мүмкіндіктері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМШАЛАР
«Казфосфат» ЖШС-і шығаратын өнім көлемiнің көп бөлігі әлемнiң 27 еліне экспортқа, соның ішінде, сары фосфор – Еуропа елдеріне, натрийдың триполифосфаты, фосфорит шикiзаты - Ресейге және таяу шетелге, минералды тыңайтқыштар – Қытайға жолданады ( Б Қосымша ).
Химия өндірісінің бәсекеге
Фосфор саласын комплексті
Болашақта кәсіпорын өзін дүние жүзілік нарықта сары фосфорды экспорттаушы ретінде көрсетпей, негізігі күшті минералды тыңайтқыш өндірісіне бағыттауда. Кәсіпорында екі даму жоспары белгіленген – ағымдағы жоспар, жұмыс iстейтiн кәсiпорындарды қалпына келтiру және өндiрiс көлемін ұлғайту, ал стратегиялық, ұзақ мерзімді перспективалық құрылыстың жаңа өндірістік объектісінұсыну,
соған тиесiлi минералды тыңайтқыштар зауытының шығарылымымен қоса синтетикалық жуғыш заттар зауытының шығарылымын, меншiктi электр станциясы бойынша зауыт және қазiргi кәсiпорындарға талғаулы минералды тыңайтқыштардың өндiрiсiнiң тәртiпке келтiру.
Келешекте өнім көлемінің шығарылымы, негізінен ықшамдау есебі мен жаңа инвестициялық жобалардың нәтижесінде өседі деп күтілуде.
Сары фосфордың
өндiрiс көлемдерi және одан өндірілетін
натрийдың
Машина жасау
2012 жылы машина жасау өнімдерін шығару 3,2 млрд. теңгені құрады, өткен кезеңіне 94,1%-ды құрайды. Салада жуу техникалары басымдықпен шығарылады.
Машина жасаудың даму қарқыны баяу. «Таразкоммаш» атты жалғыз кәсіпорын өндірістік жуу машиналарын, киім кептіретін және кір сығатын машиналар ғана шығарады, онда бірқатар шешілмеген мәселелер бар:
- жабдықтардың ескіру деңгейі өте жоғары (43-80%);
- шығарылатын өнімнің
бәсекеге қабілеттілігінің
- қолда бар өндіріс қуаттырын толық пайдаланбау;
- саланың инвестицияға
тартымдылығының төмендігі
- инфрақұрылымның біршама
бөлігінің (конструкторлық
- өндірісті дамытуға
қаржы тартудың пайыздық
II Бөлім ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫ
Таразда Қаратау тауларының бөктерінде Қаратау фосфор зауыты жұмыс істеп тұр. Бұл зауыт фосфор шығарудаң әлемде беделді орындардың бірінде. Облыста бірдей 3 зауыт ашылған болатын, солардың бірі «Жамбыл фосфор зауыты», «Химпром», «Жаңа Жамбыл фосфор зауыты». Қалада темір құрастырушы зауыты, автожөндеу зауыты, «Автобөлшектер» зауыты т.б. зауыттар жұмыс істеп тұр [2].
Компания қызметі Қазақстанның химия саласы кәсіпорындарын дамытудағы өміршең міндеттерді шешуге, әлемдік нарыққа бәсекеге қабілетті сапалы өнім шығаруға, шикізат өңдеудің жоғары деңгейін көрсететін жоғары технологиялық тауарлар өткеруші ретінде Қазақстан Республикасының бедел-бейнесін жасауға бағытталған.
«Қазфосфат» ЖШС-нің тұрақты жұмыс істейтін кәсіпорындары бюджетке қомақты қаржы аударуда, өнеркәсіпті жандандыруда, еңбекке жарамды халықтың көпшілігін жұмыспен қамтамасыз етуде, ал мұнымыз аймақтағы әлеуметтік ақуалды жақсартудың негізгі факторы болып табылады.
Өндірілген өнімнің сапасына және оның сервистік деңгейде өткерілуіне ерекше ден қойған компания қызметкерлерінің жоғары кәсіби біліктілігі мен дұрыс таңдаған стратегиясы, сондай-ақ өндірістің даму қарқыны «Қазфосфат» ЖШС-н Қазақстандағы ең бір үміт күттіретін кәсіпорын деп санауға кепілдік береді.
Компания қызметінің негізгі түрлері: геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу, фосфорит рудасын шығару және өңдеу, сары фосфор мен оның туындыларын, фосфорлы минералды тыңайтқыштар мен мал-азықтық фосфаттарды өндіру және өткеру, минералды шикізаттар негізінде өнеркәсіп өнімдерін шығару.
ТМД елдері аумағында құрамында фосфоры бар өнімдер өндіру жөнінен жетекші компания болып табылатын «Қазфосфат» ЖШС-Қазақстан Республикасы фосфор өнеркәсібінің шынайы бет-бейнесі. «Қазфосфат» ЖШС өнімдері Шығыс және Батыс Еуропаға, ТМД елдеріне, Қытайға және ішкі нарыққа шығарылады.
Серіктестік өз құрамына келесі филиалдарды біріктіреді:
Сурет 6. «Қазфосфат» ЖШС
Жамбыл филиалы, Тараз қаласы.
Жамбыл филиалы – Тараз қаласынан солтүстік-батысқа қарай 15 шақырым қашықтықта «Кіші Қаратау» жотасының Үлкен Бурыл сілемінің терістік етегіне орналасқан сары фосфор мен құрамында фосфоры бар өнім шығаратын химия зауыты. Зауыттың жалпы аумағы 644,75 гектар.
Кәсіпорын құрамына келесі негізгі өндірістер кіреді:
Кәсіпорында әлемдік тәжірибеде алғаш рет сары фосфорды фосфор шикізатының агломераттанған ұнтағынан алу технологиясы енгізілген. Филиал баяу гидратталатын НҮПФ шығаруды игерді. Сары фосфорды өндіру кезінде пеште балқыған өнімдер – қож бен феррофосфор пайда болады. Зауытта отандық металлургияда кеңінен пайдаланылатын және басқа елдерге шығарылатын феррофосфордың төрт түрі өндіріледі. Бұл қорытпалар сапасы саланың көптеген басқа зауыттарында өндірілетін өнімдерге қарағанда анағұрлым жоғары.
Фосфор мен оның
қосылыстары халық
ЖЖФЗ филиалында шығарылған сары фосфор жоғары сапасы үшін беделді халықаралық жүлделермен марапатталады:
Сары фосфор шығыс және батыс Еуропаның бәсекелестігі жоғары рыногына, сондай-ақ Ресейге шығарылады. Компания натрий үшполифосфаты рыногында Ресей, Украина, Молдова, Иран және Қазақстандағы барлық негізгі деген синтетикалық жуу құралдарын шығарушы өндірістер үшін өнім өткеруші озық компаниялардың бірі болып табылады.
Сурет 7. Техникалық сары фосфор,
Химиялық формуласы: Р4
Сыртқы түр-түсі: Ашық-сарыдан сұр-жасыл түске дейін түрленетін парафин тәрізді зат.
Қолданылуы: Қызыл фосфор, ортофосфор және полифосфор қышқылдары, сульфидтер мен басқа фосфор қосылыстары өндірісі.
Кесте 5.
Техникалық сары фосфордың физикалық-химиялық көрсеткіштері.
№ |
Параметрлер атауы |
Нормалары |
1 |
Фосфордың үлес салмағы, % кем емес |
99,9 |
2 |
Ерімеген қалдықтың үлес
салмағы, %, артық емес Күкіртті көміртекте |
0,1 0,1 |
3 |
Шламның үлес салмағы, % |
Жоқ |
Буып-түю: Сақтандырғыш қаптамасы бар арнайы теміржол цистерналары немесе сыйымдылығы 250 литрден артық емес, қалыңдығы кем дегенде 2 мм болаттан жасалған, ауа кірмейтіндей тығындалып жабылатын арнайы болат бөшкелер жасалынады.
Таңбалау: Манипуляциялық белгілер мен қауіптілік белгілері көрсетілген.
Тасымалдау: Арнайы теміржол цистерналарымен жүргізіледі.
Сақтау: Бөшкелерде немесе жылытылатын жабық сыйымдылықтарда судан сақталған жағдайда сақталу мерзіміне шек қойылмайды.
Сурет 7. Термиялық ортофосфор қышқылы.
Химиялық формуласы: Н3РО4.
Қолданылуы: Тыңайтқыштар, синтетикалық жуу құралдары өндірісінде, медицинада, фотография ісінде, металл өңдеуші, тоқыма, мұнай, шыны және керамика жасау, тамақ өнеркәсібінде кеңінен қолданылады.
Кесте 6.
Термиялық ортофосфор қышқылының физикалық-химиялық көрсеткіштері.
№ |
Параметрлер атауы |
Техникалық |
Тағамдық |
1 |
Сыртқы түр-түсі |
Ақ түсті аяда қараған кезде түссіз немесе әлсіз сары реңдес, қабаты 15-20 мм сұйықтық |
Ақ түсті аяда қараған кезде түссіз, қабаты 15-20 мм сұйықтық |
2 |
Ортофосфор қышқылының (Н3РО4) үлес салмағы, %, кем емес |
73 |
73 |
3 |
Хлоридтердің үлес салмағы, %, артық емес |
0,01 |
0,005 |
4 |
Сульфаттардың үлес салмағы, %, артық емес |
0,015 |
0,010 |
5 |
Нитраттардың үлес салмағы, %, артық емес |
0,0005 |
0,0003 |
6 |
Темірдің үлес салмағы, %, артық емес |
0,010 |
0,005 |
7 |
Күкіртті сутегі тобындағы (Pb) ауыр металдардың үлес салмағы, %, артық емес |
0,002 |
0,0005 |
8 |
Күшәннің үлес салмағы, %, артық емес |
0,006 |
0,0001 |
9 |
Н3РО3-ке шағып есептегендегі тотықсыздандырғыш заттардың үлес салмағы, %, артық емес |
0,2 |
0,1 |
10 |
Метафосфор қышқылы (НРО3) |
Жоқ |
Жоқ |
11 |
Қалқыңқы түйіршіктердің үлес салмағы, %, артық емес |
Жоқ |
Жоқ |
12 |
Сары фосфор (Р4) |
Нормаланбайды |
Жоқ |
Сурет 7. Техникалық натрий үш полифосфаты, Химиялық
формуласы:Na5P3O10, Сыртқы түр-түсі: Ақ түсті үгілгіш ұнтақ.
Қолданылуы: Жуу құралдары өндірісінде, суды өндеу үшін қазандықтарға салынады, мұнай, шыны және керамика жасау өнеркәсібінде кеңінен қолданылады.
Кесте 7.
Техникалық натрий үш полифосфатының физикалық-химиялық көрсеткіштері
№ |
Параметрлер атауы |
Нормалары | ||
жоғары сорт |
SK-10 |
SK | ||
1 |
Жалпы фосфор бестотығының үлес салмағы, %, кем емес |
57,0 |
56-58 |
56-58 |
2 |
Натрий үшполифосфатының үлес салмағы, %, кем емес |
94 |
94 |
94 |
Қыздырған кезде жоғалтатыны, 1050С, %, артық емес |
- |
1,0 |
1,0 | |
Гидраттау деңгейі 1 минуттан соң5 минуттан соң |
- |
- |
81-88 84-95 | |
3 |
Натрий үшполифосфатының бастапқы формасының Үлес салмағы, %, артық емес |
10 |
10 |
10-60 |
4 |
Темірдің үлес салмағы, %, артық емес |
0,01 |
0,01 |
0,01 |
Натрий пирофосфатының үлес салмағы, %, артық емес |
4 |
4 | ||
Натрий ортофосфаты мен жалпы құрамы, %, артық емес |
- |
2 |
2 | |
5 |
Суда ерімейтін заттардың үлес салмағы, %, артық емес |
0,10 |
0,1 |
0,1 |
6 |
1 % су ертіндісіндегі рН |
9,7±0,3 |
9,2-10,3 |
9,2-10,3 |
7 |
Сусымалы-үгілгіштігі, %, кем емес |
30 |
- |
- |
8 |
Ақшаңқандық дәрежесі, %, кем емес |
80 |
- |
- |
Буып-түю: Қапшықтар, үйіп жинау, «Big Bag» іспетті жұмсақ контейнерлер.
Таңбалау: Өнім атауы, сапасы, жалпы және таза салмағы туралы мәліметтер жазылады
Тасымалдау: Жабық теміржол вагондарымен, жабық палубалы кемелермен, жабық автокөліктермен ғана жүргізіледі.
Сақтау: Жабық қоймалар ішінде, сақтау мерзіміне шек қойылмайды.
Өндіруші: «Минералды тыңайтқыштар» кәсіпорны, Тараз қаласы.
Сурет 8. «Минералды тыңайтқыштар»
Информация о работе Тараз қаласындағы өндіріс орындарының қоршаған ортаға әсері