Тараз қаласындағы өндіріс орындарының қоршаған ортаға әсері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Сентября 2013 в 10:53, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі уақытта қала өндірісінің қарқынды дамуы және күннен-күнге шағын мекемелердің көбеюі, көліктер санының артуы ауаның ластану дәрежесін жоғарылатуда. Сондықтан атмосфераның төменгі қабатының және өндіріс аймақтарындағы ауаның мөлшерден тыс ластануы қала экологиясы мониторингі көрсеткішінің ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл мәселені қарастыру – адамдардың денсаулығын сақтаудағы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ............................................................................................................
І Бөлім ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯ
ЛЫҚ ОРНЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Тараз қаласының табиғат жағдайы мен табиғат ресурстары
1.2 Тараз қаласының экономикалық-географиялық жағдайы.
1.3 Тараз қаласындағы өндіріс орындарының орналасуы мен дамуының географиялық алғышарттары
ІІ Бөлім ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ
2.1 Тараз қаласының ірі өндіріс орындарының қоршаған ортаға әсері
2.2 Тараз қаласының бүгінгі экологиялық жағдайы
2.3 Тараз қаласының өндіріс орындарына қалдықсыз технология әдістерін енгізу мүмкіндіктері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМШАЛАР

Прикрепленные файлы: 1 файл

Диплом.doc

— 9.15 Мб (Скачать документ)

Тараз – облыстың әкімшілік, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми, білім  және мәдениет орталығы. Осы себепті  Тараз қаласы бүтіндей алғанда, бүкіл  облыстың экономикалық және әлеуметтік дамуының басты бағыттаушы күші болып табылады. Бұл тарапта, аудандармен салыстырғанда, әсіресе, оның инфрақұрылымдарының дамуы зор ықпал етуде [27].

Қаладағы әлеуметтiк  мәселелер: кәсiптiк оқыту мекемелерiндегi оқытушылардың, медициналық мекемелерде жоғары мамандырылған дәрігерлер мен медициналық жабдықтардың жеткіліксіздігі; ана мен баланың өлiм көрсеткiшінiң өсуi; ҚР-дың басқа өлкелерімен салыстырғанда өлiм-жiтiмiнiң жоғарғы көрсеткiшi; тұрғындардың мәдени белсендiлiгiнің, әлеуметтiк саладағы бюджеттiк құралдардың қолдануының төменділігі.

Қаланың инфрақұрылымы  аймақта бiрқалыпты таралмаған және қызметтердiң түрлерi бойынша дамымаған.

 

 

Сурет 2. Тараз қаласына кіру қақпасы.

  

Көлiк инфрақұрылымы (көлiктiң  барлық түрлерi және жолдар) қарқынды дамытуды қажет етеді, сонымен қатар, тұрғындарды газбен, ауыз сумен, жылу және электр энергиясымен қамтамасыз ету керек.

Тараз қаласының жалпы  өңірлік өнімі 2010 жылы ағымдағы бағамен 64 млрд теңгені, 2011 жылы – 107,2 млрд теңгені, 2012 жылы – 66,9 млрд теңгені құрады.

Бұл ретте Жамбыл облысының  жалпы ішкі өніміндегі Тараз қаласының ЖӨӨ-нің үлес салмағы 2010 жылы 65,6%-ды, 2011 жылы - 71,4%-ды, 2012 жылы - 57,9%-ды құрады  сурет 3.

 

 

Сурет 3. Тараз қаласының өндірісінің ЖӨӨ-нің үлес салмағы

 

Тараз қаласының жалпы  өңірлік өнімі жоғары өсу қарқынына қарамастан, бұл көрсеткіш соңғы 5 жылда тек 2011 және 2012 жылдары ғана Жамбыл облысындағы орташа өсу қарқынынан артық болды. 2011 жылы Тараз қаласының ЖӨӨ-нің өсу индексі алдағы кезеңге қарағанда 121,3%-ды, 2012 жылы -122,7%-ды құрады.

 

Сурет 4. ЖӨӨ-нің өсу индексі

 

      ЖӨӨ-нің өсу қарқынының көрсеткіштері бойынша Тараз қаласы Жамбыл облысының басқа аудандардың өзге өңірлерінен біршама қалып келеді және ол 7-9 орындарда тұр.

Жалпы өңірлік өнімінің өсу қарқынының төмендігі көптеген факторларға байланысты болып отыр, оның ішінде өнеркәсіп құрылымы (сұраныстың әлсіздігінен тоқырап қалған химиялық және тамақ өнеркәсібінің басымдығы), мұнай мен газдың ірі кен қорларының жоқтығы.

Жамбыл облысының өнеркәсiп  өндiрiсiнің негізгі бөлігін қаланың  кәсiпорындары құрайды. Қаланың өнеркәсiп  потенциалы бірқатар кәсiпорындарымен айқындалады, соның ішінде iрi химиялық өндiрiстер, ауыл шаруашылық машиналарға арналған қосымша бөлшектерді өндiру зауыттары, коммуналдық машина жасау, жүнді алғашқы өңдеуден өткізу кәсiпорны, гранит және мәрмәрдi өңдеу бойынша кәсiпорын, қант зауыты, ет-сүт өндіретін желі және басқада шағын кәсiпорындар. Олар сары фосфор, минералды тыңайтқыштар, натрийдың триполифосфаты, электр энергиясы, аяқ киiм, тiгiн бұйымдары, жуылған жүн, кiр жууға арналған жабдықтар, қант, құрылыс материалдары мен конструкциялар және т.б. заттар өндіреді [48].

 

 

 

 

 

 

 

 

Кесте 2.

2008-2012 жылдардағы тауар  өнімдері өндірісінің көлемі және нақты көлем индексі (НКИ)

 

Атауы

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

Өнеркәсіп, млрд теңге

51,3

51,2

64

107,2

66,9

Алдағы жылға НКИ,%-бен

108,9

102,6

121,3

122,7

59,8

оның ішінде:

         

тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді игеру, млрд теңге

0,0965

0,1416

0,2648

0,5534

0,3588

Алдағы жылға НК, %-бен

153,6

154,7

96,3

159,6

75,7

өңдеу өнеркәсібі, млрд теңге

42,7

40,6

44,4

74,6

46,5

Алдағы жылға НКИ, %-бен

105,3

100,1

112,9

118,6

61,5

электрмен қамтамасыз ету, газ, бу беру және ауа желдеткішін беру, млрд теңге

8,6

10,5

19,4

32

19,3

Алдағы жылға НКИ, %-бен

126,8

113,3

146,8

130

55,8

Сумен қамсыздандыру; канализация жүйесі, қалдықтарды жинау мен орналастыруды бақылау, млрд. теңге

-

-

-

-

0,8

Алдағы жылға НКИ, %-бен

-

-

-

-

50,2


 

Сонымен 2012 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 66,9млрд. теңгені (НКИ – 2012 жылғы деңгейге 59,8%-ды) (кесте 2) құрады. Өнімге деген сұраныстың баяулауынан, әлемдік бағаның төмендеуінен болған қаржылық дағдарысқа байланысты 2008 жылдан бастап өндірістің физикалық көлем индексі төмендеді, бұл кәсіпорындардың жағдайы тұрақталғанға дейін өндірістерін тоқтата тұруына алып келді. 2008 жылмен салыстырғанда өндіріс көлемінің өнеркәсіптің негізгі салалары – тау кен өндірісі мен карьерлерді игеруде – 24,3%-ға, өңдеу өнеркәсібінде –38,5%-ға, электрмен қамсыздандыру, газ, бу және ауа желдеткіштерін беруде –44,2%-ға, сумен қамсыздандыру, канализация жүйесі, қалдықтарды жинау мен орналастыруды бақылауда –49,8%-ға төмендеді [50].

Тараз өнеркәсiп өндiрiсiнің негізгі бөлігін қаланың кәсiпорындары құрайды. Қаланың өнеркәсiп потенциалы бірқатар кәсiпорындарымен айқындалады, соның ішінде iрi химиялық өндiрiстер, ауыл шаруашылық машиналарға арналған қосымша бөлшектерді өндiру зауыттары, коммуналдық машина жасау, жүнді алғашқы өңдеуден өткізу кәсiпорны, гранит және мәрмәрдi өңдеу бойынша кәсiпорын, қант зауыты, ет-сүт өндіретін желі және басқада шағын кәсiпорындар. Олар сары фосфор, минералды тыңайтқыштар, натрийдың триполифосфаты, электр энергиясы, аяқ киiм, тiгiн бұйымдары, жуылған жүн, кiр жууға арналған жабдықтар, қант, құрылыс материалдары мен конструкциялар және т.б. заттар өндіреді.

 

 

    1. Тараз қаласындағы өндіріс орындарының орналасуы мен дамуының географиялық алғышарттары

 

Тараз қаласы бәсекелестiк басымдылықтарға ие болатындай табиғи ресурстарына бай. Сонымен қатар, тұрғындардың  ұлттық әр түрлiлiгi (қазақтар, орыс, өзбектер, кәрістер, түріктер және тағы басқалар) де қала артықшылықтарының бірі. Қала түсті металдарға бай, барит, қаптайтындар және техникалық тастар, құрылыс материалдары,  фосфорит  және плавикошпат шикізатының бірегей базасы болып келеді және Тараз қаласы өнеркәсібінің дамуын анықтайды.

Барынша экономикалық тиімді жол тораптарының қиылысуында орналасқан қала аумағының транзиттік әлеуеті (әуе, темiр жол және автомобиль) жоғары болып табылады, бұл Азия елдерімен, Таяу және Орта Шығыс және де Еуропа елдерімен өзара байланыстырады. Туристтiк потенциалды дамытуға қаланың мүмкіндігі барынша мол, бұл әсіресе шипажай-қорықтағы аймақтар мен олардың рекреациялық қорына, сонымен қатар ерте заманның тарихынан сыр шертетін тарихи-сәулеттiк ескерткiштерінің көптігіне негiзделген.

Қаланың өнеркәсiптiк  өндiрiсiнiң құрылымы көп салалы сипатқа  ие. Кен өндiру өнеркәсiптiң самғауы  экспортқа негізделген пайдалы қазбаларды өндiруімен байланысты. Электр энергиясын, газ және суды өндiру мен үлестiрiлуі өлкенiң өнеркәсiптiк өндiрiсiнiң құрылымында небәрі 27, 5%-ын құрайды.

Сонымен бiрге, қаланың  өнеркәсiптiк өндiрiсi бірқатар қиындықтарымен беттеседі: ең алдымен, бұрынғы Одақтас Республикаларының өнеркәсiптiк өнiмге деген сұраныстың құлауы (әсіресе, Ресей жақтан), және протекционистік саясат шарттарының дұрыс орындалмауынан ұқсас өнiмді шығару кезінде шетел өндiрушiлерiне (Қытай) қарағанда бәсекеге төтеп бере алмауы қабiлетсiздiгі.

Жоғарыда айтылғандай тұрақты даму химия өнеркәсiбiне тән, бұл жағдай азық-түлік бағасының тұрақты дамуымен түсіндіріледі.

Қаладағы әлеуметтiк  мәселелер: кәсiптiк оқыту мекемелерiндегi оқытушылардың, медициналық мекемелерде жоғары мамандырылған дәрігерлер мен медициналық жабдықтардың жеткіліксіздігі; ана мен баланың өлiм көрсеткiшінiң өсуi; ҚР-дың басқа өлкелерімен салыстырғанда өлiм-жiтiмiнiң жоғарғы көрсеткiшi; тұрғындардың мәдени белсендiлiгiнің, әлеуметтiк саладағы бюджеттiк құралдардың қолдануының төменділігі [51].

Қала өнеркәсібінде  өңдеу өнеркәсібі басымды сала болып  табылады, оның кәсіпорындарының үлесіне  өнеркәсіп өндірісінің 74,6%-ы сәйкес келеді. ЖӨӨ-дегі өңдеу өнеркәсібінің  үлесі 2012 жылы 74,6%-ды құрады. Өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестициялар 13,7 млрд. теңгені құрады. Өңдеу өнеркәсібіндегі ЖҚҚ 2012 жылы 5,5 млрд. теңгені құрады.

Өңдеу өнеркәсібінің  негізін төмендегі салалар құрайды: азық-түлік өндірісі (саладағы үлесі – 46,5%), химия өнеркәсібінің өнімдері (29,7%), машина жасау (6,9%), металлургиялық өнеркәсіп (9,9%), тоқыма бұйымдары (0,8%) өнеркәсіптің басқа да салалары (6,2%).

2012 жылы өндірілген  өнім көлемі 46,5 млрд. теңгені (НКИ  – 2011 жылғы деңгейге 61,5%) құрады.

 

Сурет 5. 2008-2012 жылдардағы өңдеу өнеркәсібіндегі физикалық

көлем индексінің өзгеру және тауар  өнімдері өндірісінің көлемінің

динамикасы

 

Соңғы екі жылда нақты  көлем индексінің төмендеуі химия  өнеркәсібіндегі (43,6%-ға), машина жасаудағы (21,2%-ға), металлургиялық өнеркәсіптегі (25,5%-ға) және т.б. өндіріс көлемдерінің қысқаруынан болып отыр. Өте терең экономикалық дағдарыстардың бірі өте маңызды сынақ болды және ол қаладағы өнеркәсіп саласының кәсіпорындарының жұмысына қатты әсер етті. 2009 жылы қолданыстағы өнеркәсіп кәсіпорындарының саны 82-ны, оның ішінде 50 өнеркәсіп кәсіпорын (үлес салмағы 61%-ды құрайды) 2966,4 млн.теңге пайданы алды, 32 кәсіпорын (үлес салмағы 39%) 8534,6 млн.теңге зиян алды. Жалақы бойынша жалпы ұзартылған қарыз 582,1 млн.теңге құрады.

Өңірдегі өнеркәсіптің көлем индексінің төмендеуі кәсіпорындарының тауарлар сатып алуындағы қазақстандық мазмұн деңгейінің төмендігіне мыналар әсер етеді:

  • шикізат сатып алуға мәжбүр республика экономикасының қосымша салалары дамуының жеткіліксіз деңгейі,
  • өңдеу саласын өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі, бұл бәрінен де бұрын кәсіпорындардың технологиялық деңгейінің төмендігімен, жабдықтардың физикалық тұрғыдан ескіруімен және моральдық ескіруімен байланысты;
    • отандық кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің төмен деңгейі;
    • айналым қаржыларының жеткіліксіздігі мен пайыздық мөлшерлемесі төмен ұзақ мерзімді кредиттердің қол жетімсіздігі.

Сонымен қатар, өнеркәсіптік кәсіпорындардың маркетингтік қызмет деңгейінің әлсіздігі тұтынушылар  тарапынан сұраныстың төмен болуына алып келеді.

 

Кесте 3.

2008-2012 жылдардағы өндірістің негізгі өнім түрлерін өндірудің динамикасы

 

Өнім атауы

Өлшем бірлігі, мың тонна

Жылы

2008

2009

2010

2011

2012

Химия өнеркәсібі өнімдерінің 

Сары фосфор

мың тонна

83,4

66,7

70,2

80,3

35

ортофосфор қышқылы

-/-

19,7

32,1

41,9

79,0

43,9

Натрий триполифосфаты

-/-

17,1

34,5

46,5

84,0

46,8

Азотты, минералды тыңайтқыштар

-/-

16,5

10,3

7,9

6,8

7,8

фосфорлы, минералды тыңайтқыштар

-/-

81,2

51,9

38,6

44,9

42,8

Машина жасау

тұрмыстық машиналар

дана

144

69

83

70

55

кір сығатын машиналар

-/-

15

59

93

36

42

Металлургия өнеркәсібі

Ферросиликомарганец

тонна

-

-

6 578

12 902

9 602

құрылысқа арналған жиналмалы металлоконструкциялар

мың тонна

28,6

20,0

23,2

21,9

13,7

Өзге металл емес минералды өнімдер өндірісі

құрылыс кірпіштері

мың

 м3

6,8

44,6

10,4

11,3

14,4

Тоқыма бұйымдары өндірісі

Жүн

тонна

82

1 506

1 779

541

853


 

3 кестеден көргеніміздей, соңғы бес жылда химия өнеркәсібінде (сұраныстың жоқтығынан – сары фосфор, ортофосфор қышқылын, натрий трифолифосфатын өндіру), металлургия өнеркәсібінде, машина жасауда және өзге металл емес минералды өнімдер (құрылысқа арналған жиналмалы металлоконструкциялар, бетоннан жасалған жиналмалы құрылыстық конструкцияларға, тұрмыстық машиналар мен құрылыс материалдарына деген сұраныстың төмендеуінен) өндіруде көлемдер барынша қысқарған [27].

 

 

Кесте 4.

2008-2012 жылдардағы өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі салалар өндірудің динамикасы

 

Атауы

2008

2009

2010

2011

2012

- Химия өнеркәсібі, млрд теңге

15,65

17,2

18,4

45,1

21,2

- %-бен өткен жылға

-

110

107

245

47

- Машина жасау, млрд теңге

0,7

2,45

2,4

3,4

3,2

- %-бен өткен жылға

-

350

98

141,7

94,1

- Жеңіл өнеркәсібі, млрд теңге

0,17

0,54

0,54

0,39

0,27

- %-бен өткен жылға

-

317,6

100

72,2

69,2

- Металлургия, млрд теңге

0,29

0,37

1,2

2,43

1,55

- %-бен өткен жылға

-

127,6

324,3

202,5

63,8


 

Химия өнеркәсібі қаланың индустриалды-инновациялық дамуының негізгі бөлігін құрайды және БСҰ-ға (бүкіләлемдік сауда ұйымы) мүше болуға маңызы өте жоғары. Бұл саланың ұзақ мерзімге және тұрақты дамуының негізгі басымдылығы – химия өндірісінің ғылыми-техникалық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, ішкі және сыртқы нарықта өзінің бәсекеге төтеп бере алатындай тұғырын  күшейту және қосымша қосылған кұны жоғары өнім өндіру.

 «Казфосфат» ЖШС-і отандық нарықта фосфорит, фосфорлы минералды тыңайтқыштар, сары фосфор және оның туындыларын өндірумен және өңдеумен танымал. Кәсіпорын құрамына Жанатас пен Қаратау тау-кен өндіру кешені, Тараздағы екі минералды тыңайтқыштар зауыты, Степногорск пен Жаңажамбыл фосфор зауыты және Шымкент қаласындағы синтетикалық заттарды жуатын цех кіреді. Сары фосфордың негізгі тұтынушылары – Дзержинский («Корунд»), Новочебоксар және Волгоград қалаларындағы ресейлік химиялық кәсіпорындар, украиналық Славянск, венгериялық Е-Инвест кәсіпорны, германиялық «Вопелиус», «Беар», «Хеминова» және «Акзо Нобель», польшалық «Альверия», Ұлы Британиядағы «Олрбайт энд Винсон» және италиандық «Италмач». Ортофосфорлық қышқылдың негізгі тұтынушылары отандық «Казогнеупор», «Ак-Толкын», «Химмаш», «Карметкомбинат» және ақтөбелік ЗБХ. Ал шетелде бұл қышқылды украиналық кәсіпорындар мен өзбек және орыс көршілеріміз тұтынады.

Информация о работе Тараз қаласындағы өндіріс орындарының қоршаған ортаға әсері