Рекреациялық география

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 14:20, реферат

Краткое описание

Жоғарғы оқу орындарындағы география факультеттерінде география мамандығын жан-жақты меңгеру үшін бірнеше пәндер оқытылады. Сондай пәндердің біріне «Рекреациялық география» жатады. Пәнді оқып үйренудің негізіне мемлекетіміздің рекреациялық шаруашылығының даму деңгейі, олардың алғы шарттары, қоршаған ортаны қорғаудың жолдары, шаруашылықтың экономикалық, экологиялық тұрғыдан тиімділігі және басқа да проблемалары қарастырылады. Рекреациялық география пәні экономикалық география, физикалық география, медициналық география, картография, математика пәндерімен байланыса отырып зерттеу объектісін қалыптастырған.

Прикрепленные файлы: 1 файл

реакреация удк.doc

— 452.50 Кб (Скачать документ)

Қала болмай тұрған кезде бұл жерде VІ-VІІ ғасырларда бекініс салынған. Мұнда аудан 240 шаршы метрден тұратын. Іші кірпіштен, қабырғаларының биіктігі 6 м жоғарғы жағында еңселі терезелері бар үй салынған.

ХІ- ХІІ ғасырларда бұл жерде үлкен сарайлар салына бастады. Олардың ауданы жоғарда  аталған сарайдан 2 есе үлкен. Жаңа сарай 2 бөліктен тұрады: 1) тұратын 2) бекініске  қызмет атқарды. Тұратын бөлігінің ортасында үлкен 8 қырлы формадағы 4 кіретін есігі бар зал.

Қазақстанда көптеген археологиялық ескерткіштер бар, олардың  әрқайсысынан қаланың қай аралықта қалай пайда болғаны туралы мәліметтер алуға болады.

 

Сайрам – Шымкент

Сайрам-Шымкент ауданының  орталығы Шымкент қаласы – ол Қазақстандағы көне қалалардың бірі, XІІ ғасырда Орта Азия мен Қытай сауда жолдары аралығында іргетасы қаланды. Ол өзінің қолайлы жерде орналасуына байланысты тез өркендеп отырды және Республикадағы ірі қалалардың қатарына қосылды, халқының саны жөнінде Алматы мен Қарағандыдан кейінгі ІІІ-ші орында (354,4 мың адам).

Оңтүстік Қазақстан  облысының аса бір табиғаты көркем, өзіне қызықтыратын Ақсу-Жабағалы қорығы, облыс территориясының оңтүстік шығысында орналасқан. Бұл Қазақстандағы  көне қорық 1926 жылы ұйымдастырылған, территориясының аумағы 74 мың га. қорық Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан мемлекетінің тоғысқан жерінде орналасқан.

Ақсу-Жабағалы қорығы әлемдегі табиғи байлықтар қатарына жатады. Қорықта табиғат патшалығына  жататын: топырақ, су, флора және фауна қорғалады. Мұнда өсімдіктің көптеген түрлері, мысалы, көне арша биіктігі 10-12 м, миндаль, жаңғақ, темір ағаш, бәйшешек, жабайы жүзім сақталған. Жануарлардан бұл жерді қара-сұр суыр, ақ тырнақты аю, барыс, арқарлар, мекендейді. Қанаттылардан жұмбақты шыбынаулағышы, үнді көк құсы, ұлар, торғай, бүркіттер мекендейді.

Ақсу-Жабалы қорығында  өзінше бір сурет галереясы бар. Ол тік шатқалдарға салынған суреттермен  тасқа жазылған жазулар. Онда әйелдер  бие сауып, адамдар мал бағып  жүрген суреттері бар. Бұл деген бұдан мыңдаған жыл бұрын Оңтүстік Қазақстанда отырықшылық болғанын көрсетеді.

Тарихи - құжат ескерткіштеріне  қарасақ Сайрам-Шымкент ауданы, бұрынғы  ежелгі қала Сайрамның қалдықтарына бай, ертеде ол Испиджаб (Ақ қала) деп  аталған. X ғасырдың макеттерінде Сайрам манет сарайының мөрі кездеседі. Бұл Сайрамның бұрын ең ірі экономикалық орталық дін және саяси орталық болғанын білдіреді. Көптеген мазар, мешіттердің қалдықтары қалған қалада сақталып қалған. Ыдырыс-Қазы-Байзаби мешіті және Абдул-Әзиз-баба мазары 1900-1910 жылдардың өзінде күрделі жөндеуден өткен. Барлақ-ата (XІІ ғ.) мешітінің күмбезі, ол күйресе де, қандайда бір құдіреттің күшімен сақталып қалыпты.

Шымкенттен 12 км. шығысқа  қарай Сайрам ауылы орналасқан. Оның көше бойларында ақ теректер, ал айнала мақта және егін даласы қоршап жатыр. Осыдан 8-9 жүз жыл бұрын Сайрам 10 шақты қаланың ортасында болған. Астананың гүлденген кезде округқа Тараз, Түркістан, Сауран қалалары кірді.

Осыдан біздің дәуірімізге  дейінгі бірнеше жүз жыл бұрын Сайрам басқа атпен аталған, сол кезде әлемге Испиджаб (Ақ қала) деген атпен әйгілі болды. Якут өзінің энциклопедиялық анықтамасында Испиджабқа өте дәл сипаттаманы былай берді: Испиджаб үлкен қаланың атауы Түркістан шекарасындаұы Мавераннахарадағы үлкен қаланың бірі. Оның аумағы үлкен, халқы көп. Ол гүлденіп көтеріліп келе жатқан қалалардың бірі болды. Испиджаб шекара қорғанысы болғандықтан салықтан басталады, себебі: халық ақшаны қарау-жарақ алуға жұмсады.

X-XІІ ғасырда Испиджаб Сайрам болып аталды. Сайрам 1214ж. Тараз  қаласы сияқты Хорезм-шах-Мухамед шапқыншылығынан қирады. Сол кезде Сайрам ірі дін орталығы болды. Қожа-Ахмет Яссауи былай деді: “Сайрамды Әулие аталарға сансыз, ал Түркістанда бірнеше мың” Сарамда көптеген әулие орындар бар, олар салынған күйінде әлі күнге дейін сақталып тұр. Олардың ең үлкені деп Па-денах-Малик баба немесе Мир Әли баба мазары X-XІІ ғасырда өмір сүрген. Ибрахим-Ата, Қарашаш-Ана және Ахмет Яссауидің әке-шешесінің басына мавзолейлер тұрғызылды. Қазіргі бұрынғы жерлерге көптеген үйлер салынып, бау-бақшалар өсірілуде. Сол жер қазу кезінде, каналдар қазғанда адамдар ыдыс-аяқ сынықтарын, қоладан, темірден жасалған бұйымдар, архитектуралық бөлшектерді кездестіреді, бұл олардың бұрынұы Оңтүстік Қазақстанның астанасы Испиджабтан тұрғындарынан қалған естеліктер.

Жоғарғы  Бұқтырма

Қазақстанның солтүстік шығысында 100 деген км-ге созылған Алтай тау жүйесі жатыр.

Мұнда әдемі ландшафт Бұқтырма жазығы ерекше, өте үлкен территорияны алып жатқандықтан, көпке дейін  Бұқтырма өлкесі деп аталып келді. Бұл аймақ 1600 км шаршы алып жатыр. Оның негізгі су тамыры Бұқтырма өзені, басын Табын-Богдо жотасының мұздығынан алады. Оның негізі бір саласы Ақ Берел өзені. Бұқтырма өзені Алтай жоталарын шығыстан батысқа қарай 400 км тілімдей ағады.

Мұнда ландшафт биіктен төмен қарай бірте-бірте  өзгеріп отырады. Оның тау бастарында жалаңаш құздар мен шыңдар, мәңгі қар. Одан кейін ылғалды альпі шалғындары. Бұдан кейін қылқан жапырақты ормандар, оның жоғарғы шекарасында самырсын, төменгі жағында қарағай, осы екеуінің аралығында шырша, май қарағай тараған. Жоғарғы - Бұқтырма аудандарында табиғаттың сұлу жерлері – Марқакөл көлі және Марқакөл  қорығы, сонымен қатар әйгілі Рахманов бұлағы орналасқан.

Алтай өңірінің халқы Марқакөлді бүкіл аймақтағы сұлулықтың патшасы дейді. Көлдің суының мөлдірлігі сонша 6-7 км тереңдікке дейін түбі анық көрінеді,  солтүстігінде теңіз деңгейінен 3000 км биікте  орналасқан Күршім жотасы,  оңтүстігінде Азутау жотасы, биіктігі 2385 м.

Табиғат түстерге бай, тік жоталары орманмен жабылған. Өзен маңында сібір шыршасы, қайыңдар және т.б. ағаш түрлері өседі. Мұнда ағаштың 19 түрі өседі. Бұталардан - қоңыр итмұрын, таңқурай, қара және қызыл қарақат т.б. өседі.

Көлде және оның маңында жануарлар әлемі әртүрлі. Мұнда жануарлардың 200 түрі кездеседі. Олардың ішінде -  қоңыр аю, сілеусін, тиын, марал, сары түлкі, және балықтардың көптеген түрлері.

Марқакөлде бір рет  болған адам, өмір бойы оның жағасын, ағаш сыбдырларын, мөлдір таза өзен ағыстарын, қар самалын ұмытпайды.

Рахманов бұлағы – Оңтүстік Алтайдың бірден бір сұлу бөлігі. Бұл бұлақтың ашылуы аяқ астынан болған. Бұдан 200 жыл бұрын аңшы Рахманов тауда бір маралды аяғынан атып алады. Сол  күні жаралы маралмен бірге тау ішінде аңшы қонып қалады. Таңертең тұрса, жараланған маралы жоқ, жан-жағына қарап, жақын жерде бұлақтың ағып жатқанын көреді. Рахманов бұлаққа келіп, сол жерде жаралы маралдың аяғы бұлақ суына салынып, жазылып, маралдың қашып кеткенін байқайды. Рахманов өзіне ыстық бұлаққа тәжірбие жасауды жөн көріп, көп жылдан бері ревматизммен ауырған аяғын 3 күн бұлақ суына салып, аяғының жазылғанын сезеді. Содан бері қарай бүкіл осы маңда тұратын халықтар емдік қасиеті бар бұлақты ²Рахманов бұлағы² деп атап кеткен. Қазір мұнда көптеген ауруларды емдейтін ²Рахманов бұлағы² курорты жұмыс істейді.

Алтайдың қақ жүрегінде теңіз деңгейінен  1760 метр биіктікте, сұлу  екі Алтайдың ең биік нүктесі - Ақ тауы (4506м), мұнда Алтай қарағайы, күнмен шағылысқан сарқырамалар, таудың таза ауасы, қылқан жапырақты ағаштардың және альпі шалғынының түрлі шөптерінің тамаша иістері ерекше. көлдің аралығында орналасқан.

Мұнда көптеген сүйек  аурулары, тері аурулары, бұлшық ет аурулары, жұлын, радикулит, нерв жүйелері аурулары әртүрлі ыңғайлы ванналарда емделеді.

Рахманов бұлағы қазіргі химиялық классификация бойынша азотты - кремнийлі минералды топқа жатқызылды, ол өзінің суының құрамы жөнінен “Белокурихи” және “Цхалтубо” санаторийілерімен ұқсас, бірақ олардан емдеу күші жөнінен біраз ерекшеліктері бар.

Радон суларын ішу  арқылы асқазан - ішек  аурулары, асқазан  жараларын емдеуге болады. Климаты арқылы көптеген ауруларды: жоғарғы тыныс алу жолдарын, астма, қан аздықты емдеуге болады. Санаторий емдеу корпустарында, асхана және коттедждерде барлық жағдайлар жасалған. Екі қабатта екі, төрт адамдық нөмірлер бар, мұнда көбіне жанұясымен демалуға келгендер демалады.  Санаторийдің “қонақ үйі” бар. Демалушыларды санаторий асханасы үш уақыт тамақпен қамтамасыз етеді. Әсіресе, мұнда демалушылар ұлттық тамақты қалайды. Демалушыларға санаторийде қайықты, аттарды жалға береді, спорт алаңы бар. Қыста шаңғыларды жалға береді.

Табиғатпен сырласу және “тірі су” адам денсаулығын қалпына келтіреді және ұмытылмас сезім қалдырады. Басқа санаторийлермен салыстырғанда, бағасы біраз төмен. Жолды қоса есептегенде санаторийге бару 21 күн. Санаторий Өскеменнен 480 шақырым қашықтықта орналасқан. Автобус санаторийге Өскеменнен жүреді.

Қатон - Қарағай селосында көрікті жерлердің бірі - Бұқтырма өзенінің орта ағысы жазығында, оңтүстігінде Сарымсақты жотасына дейін жетеді, биік шыңдары қар басқан. Қатон - Қарағайдың түзу, жасыл көшелерін бойлай аққан арықтар Оңтүстік Қазақстанның жерлерін еске түсіреді.

Медеу спорт кешені

Іле Алатауының солтүстік баурайында жасанды мұз  айдыны бар әлемдегі ең ірі  қысқы  спорт кешені. Кіші Алматы өзенінің Медеу қонысына иек артқан жерінде, теңіз деңгейінен 1691,2 м биіктікте, Алматының орталығынан 14 шақырым қашықтықта орналасқан. Мұнда 1951 жылы ақпанда еліміздегі  тұңғыш биік таудағы  мұз айдыны жұмыс істей бастады, бірақ оның жұмысы тек төменгі температураға байланысты еді (жылына 2-2,5 ай істейтін). Таудың таза ауасы, жарқыраған күн, тұзсыз тау суының мөлдір мұзы конькишілердің көрсеткіштері жоғары болуын қамтамасыз етеді. Онда коньки және хоккей ойындары өтетін жасанды мұз айдыны (ауданы 10,5 мың  шаршы шақырым) 12,5 мың орындық трибуна, трибуналарды астыңғы жағында көптеген бөлемелер (оның ішінде қызметке арналған, қонақ үй, гардеробтар, буфеттер, пресса орталығы, кинозал т.б.) орналасқан. “Медеу кешені” жанында жүзу бассейні, түрлі спорт алаңдары, (жарыстан кейін ағзаны қалпына келтіру) орталық жұмыс істейді.

“Медеу” - Алматылықтар мен қала меймандарының демалатын орны.

                          

Шымбұлақ тау  шаңғы базасы

Тау  шаңғысының спорттық базасы “Медеу” спорт кешенінен 4,5 шақырым жерде, Іле Алатауында, теңіз деңгейінен 2300 м биіктікте орналасқан. Еліміздің тау шаңғысы спортының негізгі орталықтарының бірі. 1955 жылдан жұмыс істейді. Алғашқыда онда спортшылар үшін салынған бірнеше шағын үйлер, ұзындығы 1500 метрлік бір бөгет көтеріліп болды. Кейін Шымбұлақ шатқалының беткейі тау-шаңғы спортынан Бүкіл Одақтық және Республикалық жарыстар өтетін орынға айналды. 1976-83 ж. базаға күрделі қайта жөндеу жұмыстары жүргізілді. 200 орынды қонақ үй корпусы, инженерлік коммуникация салынып, “Медеудің” электр желісі тартылды. Жалпы ұзындығы 4330 м  болатын төрт көтергіш сым арқан монтаждалды, мұның өзі тау шаңғышыларының Талғар асуындағы сөреге (теңіз деңгейінен 3200 м биікте) дейін көтерілуіне мүмкіндік туғызды.

 

Қазақстанның демалу – сауықтыру орындары

 

Ақ қайың санаторийі

 

“Ақ қайың” санаторийі теңіз деңгейінен 1450 метр биіктікте Іле Алатауының табиғаты көркем қойнауына орналасқан.

Саф таза ауа, ақ қайың мен қылқан жапырақты ормандардың хош иісі, емдік қасиеті мен тау шөптері, табиғаттың әсем көріністері бәрі-бәрі сіздің қай уақытта болса да, көңіл күйіңізді сергітіп, кеудеңізді қуанышқа толтырады. 

Сонымен бірге Ивановтың әдісін қолданушылар үшін санаторий аймағында профирлі бұлақ көзі мен суы, таза тау өзені бар.

Мұнда тек ем қабылдап қана қоймайсыз, сонымен бірге спортпен шұғылдануға толық мүмкіндігіңіз бар. Санаторийдің заман талабына сайжабдықталған спорт залында бильярд, стол теннисі, волейбол алаңы бар. Қыс айларында шынығушыларға тау шаңғысы мен электрокөтергіші бар шана трассасы қызмет істейді.

Сонымен бірге жалға беру пункті жұмыс істейді. Ал, аяулы әйелдер үшін  косметологтың қызметі әрдайым дайын.

Санаторийде әр түрлі  мәдени-көпшілік шаралары үнемі өткізіліп  тұрады. Тынығушылар бір мезгіл би кештеріне қатысып, кинофильмдер тамашалайды.

Қаланың көрікті жерлері мен тау шатқалдарына саяхаттар жасайды.

 

Алма – Арасан курорты

Республикалық дәрежедегі курорт 1932 жылы құрылған. Алматы қаласынан 14 шақырым қашықтықта. Іле Алатауының көркем қайнауында, табиғаты тамаша 1830-1850 метр теңіз деңгейінен биіктікте орын алған. Тянь-Шань шыршаларының хош иісі, таудың қар басқан шыңы,  тау өзенінің сарқырап ағуы, таза да қоңыржай ауа, осы табиғаттың әсем көріністері жердің  сұлулығын әсемдей түзеді.

Курорт климаты –  биік таулы ауасы таза бірқалыпты қоңыржай.

Мұнда тек емдік процедураларды қабылдап қана қоймайсыз, сонымен бірге спортпен шұғылдануға толық мүмкіндігіңіз бар. Соңғы спорттық құралдармен жабдықталған спорт залында билярьд, жүзу бассейні және т.б. қызмет көрсетеді. Мәдени көпшілік шаралар үнемі өткізіліп тұрады. Мұнда би залы, клуб, кітапхана қызмет істейді. Көңілді демалуларына толық мүмкіндік бар.

 

Қапал -Арасан санаторийі

Талдықорған қаласынан – 110 шақырым. Биен өзенінің тамаша сағасында Арасан селосының маңында орналасақан. Климаты өте қолайлы, теңіз бойынан 980 м биіктікте. Жазы мамыржай, қысы жұмсақ.

Жыл бойы “Қапал - Арасан”  санаторийі емдеушілерді қабылдайды. Мында тек емделіп қана қоймай, сонымен бірге спортпен шұғылдануға толық мүмкіндік бар. Тренажерлі спорт алаңы, билярд, теннис алаңы бар. Кітапхана, клуб, жаздық кинотеатрларда кинофильмдер, бейнезалдар бар.

 

Сарыағаш курорты

Бұл курорт Ташкент қаласынан 20 шақырым, ал Шымкенттен 130 шақырым қашықтықта, хош иісті жеміс бақтармен  әсем аұаштар арасында орналасқан. Климаты бірқалыпты  жазы ыстық, қысы жұмсақ.

Информация о работе Рекреациялық география