Рекреациялық география

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 14:20, реферат

Краткое описание

Жоғарғы оқу орындарындағы география факультеттерінде география мамандығын жан-жақты меңгеру үшін бірнеше пәндер оқытылады. Сондай пәндердің біріне «Рекреациялық география» жатады. Пәнді оқып үйренудің негізіне мемлекетіміздің рекреациялық шаруашылығының даму деңгейі, олардың алғы шарттары, қоршаған ортаны қорғаудың жолдары, шаруашылықтың экономикалық, экологиялық тұрғыдан тиімділігі және басқа да проблемалары қарастырылады. Рекреациялық география пәні экономикалық география, физикалық география, медициналық география, картография, математика пәндерімен байланыса отырып зерттеу объектісін қалыптастырған.

Прикрепленные файлы: 1 файл

реакреация удк.doc

— 452.50 Кб (Скачать документ)

Рекреацияның экономикалық функциясының ішінде жұмыс күшін кең және  қарапайым түрде қалпына келтіру басты орында. Рекреация қоғамға қажетті уақытты сақтайды. Рекреацияның нәтижесінде  еңбекшілердің жұмысқа қабілеті артады.

Рекреацияның тауарлы-қаражатты  жағдай да басқа экономикалық функцияларды атқарады. Мысалы: 1. мемлекеттің белгілі бір бөлігінің шаруашылық құрылымын жылдам дамытады. 2. Қосымша жұмыс аумағы кеңейеді немесе рекреациялық қызметке байланысты халықтың жұмысы болады. 3. Халықтың қаржы кірісі мен шығысы балансы құрылымына тікелей әсер етеді (рекреациялық ауданның пайдасына). 4. Шетелдік туризм тиімділігінің артуы шетелдік валютаны алудың көзі.

Рекреацияның саяси  функциясы еңбекшілерді саяси-идеологиялық тәрбиелеудің басты құралы. Ішкі рекреация  яғни (аудан, облыс, мемлекет ішінде) сол жердің өткен тарихын, әртүрлі оқиғалар болған жерлермен, табиғатпен таныстыра отырып халықты патриоттық, отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеудің басты құралы. Сонымен қатар интернационалдық тәрбие беруде де ролі зор. Ол халықаралық байланысты нығайтады, адамдар арасындағы қарым-қатынасты дамытады, ұлттарды жақындастырады.

Рекреацияның экологиялық  функциясы – белсенді өмірдің  ұзақтылығын, экологиялық тұрақты  ортаны құру, халықтың денсаулығын  нығайту мен сақтаумен байланысты.

Рекреациялық қажеттілікті өтеуге және туризмді дамытуға табиғаты аз өзгерген жерлер бөлінеді. Тыңайту және орман шаруашылық жұмыстары жүргізіледі, табиғи ормандарды, су ресурстарын, ауаны сақтау шаралары қолданылады. рекреациялық қажетілік әсерінен курорттар, демалыс және туризм зоналары құрылады.

 Жаппай сұраныс  және құрылымның өзгеруі қорғалатын  жаңа территориялар түрін –  ұлттық парк құруға әкелді. Мемлекеттік  табиғи ұлттық парктер – құнды  табиғи және мәдени ландшафты  және демалысты ұйымдастыру үшін  құрылады.

Табиғаттың көрікті жерлерімен танысу, демалыс үрдісінде қоршаған табиғи ортаның жақсы әсері, табиғи резерваттар және табиғи мұражайлар жаратылыстану ғылымының тереңдеуіне әсер етеді. Табиғатты қорғау дағдысының қалыптасуы экологиялық тәрбиеге әсер етеді.

 

 

Рекреациялық ресурстар

 

Туристік-рекреациялық ресурстарды  зерттеу сол территорияда  туризмді дамытудың құндылығы мен пайдалылығын анықтау мақсатында жүргізіледі. Олар емдік, сауықтыру-спорттық және танымдық  рекреациялық сұраныстарды қанағатанадыратын, туристік-экскурсиялық шаруашылықты дамытуға пайдалы қоршаған ортаның табиғат және адам әрекетінің нәтижесінде пайда болған нысандармен  құбылыстардың жиынтығынан тұрады. Сонымен қатар «туристік-рекреациялық ресурс» ұғымын қоғамдық жұмысқа байланысты технологиялық дәрежеге жеткен және оларды туристік-экскурсиялық қызметке тікелей қолдану мүмкіншілігі бар белгілі бір мөлшерде трансформацияланған табиғи және антропогендік ландшафттардың байланысы деп түсінуге болады.

Туристік-рекреациялық ресурстардың барлық жиянтығын екі үлкен топқан бөлуге болады.

        1. Табиғи.
        2. Әлеуметтік-экономикалық

Табиғи рекреациялық ресурс –табиғаттың құбылысы мен  заты, адамдардың сауығуына және демалуына  біршама уақыт пайдалануға болатын  белгілі бір мөлшерде рекреациялық қызметке сай жабдықталған қасиеттері бар табиғи және табиғи-техникалық геожүйе.

Әлеуметтік-экономикалық рекреациялық ресурсқа  тарихи, мәдени нысаналар (ескерткіштер, мұражайлар, галереялар т.б.) және құбылыстар (этографиялық, саяси, өндірістік) жатады. Бұл ресурстар  материалдық және рухани, екінші жағынан жылжымайтын және қозғалмайтын болып бөлінеді.

Материалдық ресурс өндіріс  және қоғам дамуының әрбір кезеңіндегі  материалдық құндылық жиынтығы, ал рухани ресурс – қоғамның ғылымда, білімде, мәдениетте, әдебиетте, мемлекеттік  және қоғамдық өмірде, еңбекте және тұрмыста жеткен жетістіктерінің жиынтығы.

Жылжымайтын ресурстар  тобына тарихи ескерткіштер, қала құрылысы, архитектура, археология, монументтік  өнер және мәдени ескерткіштер жатады.

Қозғалатын немесе жылжитын ресурстар - өнер ескеткіштері, археологиялық табыстар, минералдық, ботаникалық, және зоологиялық коллекциялар, деректі ескерткіштер, құралдар, құжаттар. Бұл ресурстарды қолдану олар жинақталған мұражайларға барумен байланысты.

Тарихи және мәдени ескерткіштер негізгі белгілеріне байланысты: тарихи, археологиялық, қала құрылысы және архитектура, мәдени, деректі  болып бөлінеді.

Тарихи ескерткіштер ғимараттар, халықтың өміріндегі маңызды  тарихи оқиғалар, мемлекеттің және қоғамның дамуы, революциялық қозғалыс, халықаралық байланысты нығайтатын оқиғалар, сонымен қатар ғылым мен техниканың, халықтың тұрмысы мен мәдениетінің, саяси, мемлекеттік, соғыс ардагарлерінің өмірімен, халық батырларының, ғылыми қызметкерлердің, өнер мен әдебиет қызметкерлерінің өмірімен байланысты болуы мүмкін.

Археологиялық ескерткіштер: қалашықтар, қорғандар, ескі елді мекен орындары, өндіріс, каналдар, жол, ескі зираттар, тастағы бейнелер, ескі заттар т.б.

Қала құрылысы мен  архитектуралық ескерткіштерге: архитектуралық ансамбльдер немесе кешендер, тарихи орталықтар, кварталдар, алаңдар, көшелер, ежелгі елді мекендер мен қалалардың құрылыстары мен жобаларының қалдықтары.

Өнер ескерткіштеріне: монументалды, өнертапқыш, сәнді-қолданбалы және өнердің басқа түрлері жатады.

Деректі ескерткіштерге: мемлекеттік басқару органдарының және мемлекеттік өкіметтің актілері, жазу және графикалық құжаттар, кино, сурет (фото) құжаттар және дыбыс таспалары, ежелгі және басқа да қолжазбалар, мұрағаттар, музыка және фольклор жазбасы сирек баспа жазбалар.

Әлеуметтік-экономикалық рекреациялық ресурсқа тарихпен, мәдениетпен, адамдардың қызметімен байланысты ерекше өндіріс орындары, ауыл шаруашылық, жоғарғы оқу орындары, театр, спорт кешендер, ботаникалық бақ, зообақ, океанариюм, сонымен қатар ұлттық салттар, мерекелік ырымдар т.б.жатады.

Табиғи және әлеуметтік экономикалық жағдайы туризм мақсатына қолайлы территориялар өзінен-өзі туристік ресурс болып саналмайды. Олар қажетті сұраныстар және туристік шаруашылықты игеруге мүмкіндік болғанда ғана ресурс болып саналады.

Табиғи кешеннің туристік-рекреациялық ресурсқа өтуі төмендегідей жағдайда жүреді.

  1. табиғи кешенге туристік сұраныс болмағандықтан ресурс қасиеті болмайды, яғни табиғи түрінде болады.
  2. туристік сұраныстың пайда болуы табиғи кешенді зерттеуді және бағалауды талап етеді.
  3. қоғамдық сұраныстың әсер ету күші, еңбек күші және қаржы бөлу табиғи кешенді ресурсқа айналдырады.
  4. туристік сұраныс көлемінің ұлғаюы меллерациядан кейінгі табиғи кешеннің қасиеті жағынан қолайлы болуына әкеліп соғады.

Туристік рекреациялық ресурс –тарихи ұғым, ғасырлар бойы кейбір ресурстар рөлі және оның құрылымы, туристік сұраныстың көлемі өзгереді.

Туристік рекреациялық ресурстың маңызды сипаттамасы:

  1. Қор қоры. ТРЖ потенциалдық сиымдылығын анықтауға қажетті, игерілу деңгейі.
  2. Рекреациялық алқаптың потенциалын анықтауға мүмкіндік беретін, ресурстардың таралу аумағына санитарлық күзет қою.
  3. Туристік лектің тұрақтылығы, туризмнің мезгілділігін анықтау, пайдалану мүмкіндік кезеңі
  4. Ресурстардың көптеген түрлерінің территориялық жылжымайтындығы, рекреациялық инфрақұрылымды және адамдар легін тартуға негізделген.
  5. Салыстырмалы түрде капитал сиымдылығының төмендігі және эксплутациялық шығынның аздығы тез инфрақұрылым құруға және әлеуметтік экономикалық тиімділігі, сонымен қатар өзбетінше кейбір ресурстарды пайдалануға мүмкіндік береді.
  6. Рекультивизация шараларын өткізгенде қажетті және тиімді пайдаланудың шараларын сақтағанда ұзақ уақыт пайдалануға мүмкіндік бетеді.

Қазіргі кезде демалыс  және туризм ресурстарын тікелей  және қосымша деп бөлу қолданылып жүр.

Тікелей ресурстарға: ландшафттың әсемділігі, ерекшелігі, сол жердің емдік-сауықтыру қасиеттері, тарихи –мәдени ескерткіштер және басқа да қолданылытын нысандар жатады.

 

Рекреациялық  сұраныс.

 

Отандық зерттеушілер рекреациялық сұранысты ұйымдастырылуына қарай: жалпы қоғамдық, топтық және жеке деп бөледі.

Адамның сұранысы тарихи қалыптасқан өмір сүру жағдайына  негізделеді. Сұранысты қанағаттандыру өндіріске, өмірлік қорын бөлуге және ауыстыруға байланысты. Рекреациялық сұраныс адам сұранысы сияқты өзгергіш, тарихтың жемісі болып табылады. Оның аумақтық уақыттық динамикасы рекреациялық қызметтің ұйымдастырылу территориясынан көрінеді.

Рекреациялық сұраныс  әлеуметтік-экономикалық даму үрдісінде  сыртқы ортаның және тікелей өндіріс  әдісіне, өмірлік қорды бөлуге байланысты қалыптасады.

«Рекреациялық сұраныс»  адамның өмірлік қызметіне жұмсалған дене және рухани күшін, денсаулығы мен еңбекке жарамдылығын қалпына келтіруге сұранысы.

Рекреациялық халықтың өмірлік қызметін ұйымдастыруда  үш деңгейде болады: қоғам-топ- индивид.

 «Қоғамдық рекреациялық сұраныс» - жетекші сұраныс. Қоғам өзінің барлық мүшелерінің дене және рухани күшін, денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіруге, жан-жақты дамытуға деген сұранысы. Олар рекреациялық шаруашылықтың құрылымын анықтайды және оның территориялық ұйымдастырылу түрінен де көрінеді.

«Топтық рекреациялық сұраныс» - халықтың белгілі бір әлеуметтік-демографиялық, кәсіптік және жас шамасы қарайлас топтардың сұранысы. Топтық сұранысқа  жанұяның емделуге, сауығуға, танымын  кеңейтуге сұранысы да жатады. Сонымен қатар туризмге деген жан-жақты сұранысы дамуда.

«Индивидтік рекреациялық сұраныс» - жеке тұлғаның рухани қатынасын, танымын, еңбекке жарамдылығын  ұлғайтатын және шаршағанын басатын, адамның денсаулығын  нығайтатын және қалпына келтіруге  көмектесетін әртүрлі рекреациялық жұмыстар қамтылады. Қоғамдық, топтық және индевидті сұраныс бір-бірімен байланыста болады. Сонымен қатар индевидті сұраныс әлеуметтік топтың рекреациялық сұранысының құрылымына әсер етеді, осыларды қанағаттандыру арқылы қоғамдық сұраныс қалыптасады.

Рекреанттар рекреацияның түрін және демалыс орнын таңдай отырып белгілі бір мақсатты, нұсқауды, әуестілікті басшылыққа алады. Сонымен  индевид және топтық сұраныс әртүрлі  белгілеріне қарай және аймақтық болып бөлінеді.

Рекреациялық сұраныстың көлемі, тенденциялары, нақты үрдісті жүйелі түрде зерттеу экономикалық, медико-биологиялық, демографиялық, әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық және табиғаттану аспектілері бойынша жүргізіледі. Мұндай зерттеудің кең көлемділігі рекреациялық сұраныстың қалыптасуы кешенді факторлардың әсерінен төмендегідей топтасуы мүмкін.

1. Әлеуметтік-экономикалық фактор: өндірістік күштің даму деңгейі;өндіріс тұтынушыларының игілігі, қызметі; туризм және демалыс ауқымының даму деңгейі; халықтың нақты қаржы кірісі; қызмет көрсеті және тауардың бөлшек сауда бағасы; рекреациялық және транспорт құралдары; транспорт инфрақұрылымының даму деңгейі; демалыс ұзақтығы; рекрациялық аудан және маршуруттары туралы ақпарат пен жарнама беру; халықтың әлеуметтік және кәсіби құрамы; мәдени өмірлік деңгейі; халықтың қозғалысы; ұлттық салттары.

2.  Демографиялық фактор: қала және ауыл тұрғындарының ара қатынасы; халықтың жас және жыныстық құрамы; жанұяның мөлшері және құрамы; орналасу ерекшелігі:

3. Әлеуметтік-психологиялық фактор: мәдени және іскерлік байланыстың қарқындылығы; мәдени өмірдің түрі; сәннің әсері;тұлғаның құндылығын бағалау:

4. Медико-биологиялық фактор: халықтың денсаулық жағдайы

5. Табиғи фактор: өмір сүріп жатқан табиғат зонасы; географиялық жағдайының ерекшеліктері (теңізге, тауға т.б.қатынасы)

Рекреациялық сұраныстың экономикалық бағасының маңызды  мәселелерінің бірі – экономикалық дамудың қазіргі кезеңдегі рекреациялық қызметтің халық сұранысын қанағаттандыру дәрежесін анықтау.

Рекреациялық сұраныстың медико-биологиялық аспектісін зерттеу  міндеті санаторилі-курорты емдеу  құрылымын және көлемін анықтау. Аймақтық медициналық статистика негізінде курортологтар санаторилі-курортты емдеу және оның қанағаттандыру мүмкіндігін зерттеуде.

Медико-биологиялық көзқарас бойынша сауықтыру сұранысы аз зерттелген. Әдебиеттерде рекреациялық қызметтің  медико-биологиялық функциясы туралы жалпы мәліметтер кездеседі.

Рекреациялық қызметті әлеуметтік және әлеуметтік-психологиялық зерттеу әлеуметтік топ және индевидтің қоршаған ортамен диалектикалық өзара байланысын зерттеуге бағытталған.

Рекреациялық кеңістікті ұйымдастыру деңгейі, сонымен қатар  кеңістіктің рекреанттың мінез-құлқына  әсері әлеуметтік және әлеуметтік-психологиялық сипат алады. Сондықтан рекреациялық қызметті зерттеуде әлеуметтану және әлеуметтік психологияның рөлі зор. Әлеуметтану әлеуметтік топтың рекреациялық сұранысын зерттейді. Әлеуметтік психология топқа және индивидке тән рекреациялық ортаға қойылатын психикалық талаптарды зерттейді. Сонымен қатар географияны әлеуметтік-территориялық тұтастық ерекше қызықтырады.

Адамдардың әртүрлі  әлеуметтік және жас шамасы қатар  топтар рекреациялық қызметке түрлі  талаптар қояды. Барлық талаптарды ескеру мүмкін емес.

Информация о работе Рекреациялық география