Рекреациялық география

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 14:20, реферат

Краткое описание

Жоғарғы оқу орындарындағы география факультеттерінде география мамандығын жан-жақты меңгеру үшін бірнеше пәндер оқытылады. Сондай пәндердің біріне «Рекреациялық география» жатады. Пәнді оқып үйренудің негізіне мемлекетіміздің рекреациялық шаруашылығының даму деңгейі, олардың алғы шарттары, қоршаған ортаны қорғаудың жолдары, шаруашылықтың экономикалық, экологиялық тұрғыдан тиімділігі және басқа да проблемалары қарастырылады. Рекреациялық география пәні экономикалық география, физикалық география, медициналық география, картография, математика пәндерімен байланыса отырып зерттеу объектісін қалыптастырған.

Прикрепленные файлы: 1 файл

реакреация удк.doc

— 452.50 Кб (Скачать документ)

Жүйелі анализ жасау  әдісі мен жүйелілік тәсілі рекреациялық қызметтің территориялық түрлерін ұйымдастыруда, ішкі, салааралық, ауданаралық  байланыс түрлеріде, қоғамдық міндеттерді  түрлендіруде, даму жағдайы мен факторларында  кеңінен қолданылады. Жүйелілік тәсіл әдісі қолдану рекреациялық географияда рекреациялық жүйе концепциясын дамытуға мүмкіндік береді.

Жүйелілік тәсіл,  жүйенің  компоненттік (пәндік), функциональдық және тарихи аспектлердің қалыптасуын, динамикасы мен дамуына сараптама  жасауға бағытталған. ТРЖ   және рекеациялық аудандарда жүйелі зерттеудегі компоненттік аспек өзара байланысты екі тапсырманы шешуге бағытталады. 1. зерттеліп отырған қалалық, қаласырты, алысқа демалу ТРЖ қандай элеметтерден тұрады (компоненттік сараптама). 2. бұл элеметтер бір-бірімен қалай байланысты (құрылымдық байланыс). Бұл  жүйенің біртұтастығын көруге, күрделілігін анықтауға,  оның элементтерінің өзара байланысының заңдылығын ашуға, берілген жүйені басқалармен салыстыруға мүмкіндік береді.

Функциональдық аспект ТРЖ-ң құрамдас элементтері өзара әсері үрдісінде ішкі қызмет механизмі мен қоршаған орта және сыртқы қызметтің өзара әсерін зерттеуге бағытталған. Ішкі өзара әсерлесу анализі ТРЖ нысаны – орталықтандыру және субъект – орталықтандыру моделін, ал қоршаған орта мен  өзара әсерімен сыртқы байланыс жүйесін айқындау  - рекреациялық аудан тұжырымдамасын жетілдіруге мүмкіндік береді.

Жүйелі зерттеудің тарихи аспектісі екі бағытта жүреді.

1. Генетикалық. Аталған  ТРЖ-нің шығу тегін ашатын даму  және қалыптасу кезеңдеріне сараптама жасау.

2. Болжау. Рекреациялық  қызмет көрсету және оның аумақтық  ұйым түрінің әрі қарай даму  болашағын анықтаумен байланысты. Бұл аспект рекреациялық шаруашылықтың  және оның жеке салаларының   қалыптасуындағы негізгі кезең  болып саналады.

Экспедициялық зерттеу әдісі – дәстүрлі географиялық әдіс болып есептелінеді. Рекреациялық география қалыптасуында нақты мәліметтерді жинауда, аумақтық рекреациялық шаруашылықты ұйымдастыру ерекшеліктері мен дамуында кеңінен қолданылады. Ол нақты ақпараттарды алудағы жалғыз тәсіл болып саналады.

Картографиялық әдіс – рекреациялық география ғылым  ретінде қалыптасқаннан бастап кеңінен  қолданылып келеді. Карта тек қана ТРЖ (тұрақтылығы, қолайлылығы т.б.) жеке қасиеттері немесе туризмнің материалдық  – техникалық базасы, рекреациялық ресурстардың ерекшеліктерін кеңістікте бейнелеу тәсілі ретінде ғана емес, сонымен қатар жаңа деректер алуға және оның жұмыс істеу заңдылығын көрсетуде пайдаланылады.

Математикалық сараптау немесе  моделдеу әдісі ЭЕМ көмегімен  ақпараттардың үлкен бөлігімен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Дала деректерін камералық өңдеуде уақытты үнемдейді.

Әлеуметтік әдіс рекреациялық зерттеуде әлеуметтік пән ретінде  кеңінен қолданылады. Әлеуметтік  зерттеулерде анкеталық сұрақтар, әлеуметтік интервью, газеттер арқылы сұрақтар, жеке бақылау әдісі және  құжаттарды зерттеу (туристік жолдамаға сұраныс, диспечер журналдарын, ұсыныстар мен шағым кітаптарын) әдістері біршама кең таралған.

Материалдық техникалық базаның сиымдылығын, рекреациялық және материалдық ресурстарды, рекреациялық сұраныстың көлемі мен құрылымын ескере отырып ТРЖ-нің дамуын жоспарлау мен болжау әдістерінің жиынтығы баланс әдісі. Ол халықтың қаржы кірісі мен демалысқа бөлінетін шығынын есептеуге де, сұраныс көлемін есепке ала отырып рекреациялық аумақтың  қажетті көлемін анықтауда да қолданылады.

Сонымен қатар рекреациялық географияда экономико- математикалық, экономикалық, медико-биологиялық және эксперттік бағалау әдістері қолданылады. Бұл әдістер рекреациялық қызмет көрсетудің экономикалық нәтижелілігін, оның сауықтыру және профилактикалық рөлін, туристік маршруттар жүйесі мен туристер (рекреанттар) легінің үйлесімділігін, туристік сұраныстар мен ұсыныстарды болжаумен айналысады.

Рекреациялық география  басқа ғылымдармен, әсіресе география, оның ішінде: экономикалық және әлеуметтік география, халықтар географиясы, физикалық география және медициналық географиямен тығыз байланысты

Экономикалық және әлеуметтік география – туризмнің елдің  немесе ауданның салалық және аумақтық шаруашылығының құрылымына әсерін зерттеуге қатысады. Рекреациялық қызмет көрсету  аумақтық әлеуметтік-экономикалық кешеннің құрамдас бөлігі ретінде қарайды. Экономикалық және әлеуметтік география рекреациялық ауданда аумақтық ұйымның қызмет көрсетуінің үйлесімділігін, рекреациялық сұраныстар мен ресурстар балансын өңдеуде, рекреациялық ауданның сиымдылығының негіздеуде қолданылады. Экономикалық және әлеуметтік география экономикалық тиімділіктің деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Халықтар географиясы - рекреациялық қызмет көрсетудің орналасу жүйесіне, қалалар мен елді мекендердің түрлерін бөлуге, демалыс зонасына, туризм, агломерация аралық демалыс зоналары орталығына кіретін, курортты қалалардың және ірі курорт агломерцияларының дамуын және қалыптасуын қарастырады. Халықтар географиясының әдісі рекреациялық жүйені жұмыс күшімен қамтамасыз ету, анықталған аумақтық заңдылықтар динамикасын және еңбек ресурсы мен халықты рекреациялық сұранысты болжауға ұдайы пайдалану.

Физикалық география  – табиғи кешеннің тұрақтылығы мен динамикасы құрылысының заңдылығы туралы ақпарат береді, ландшафтқа эстетикалық, физиологиялық және технологиялық баға беру әдісін өңдеуге қатысады, табиғи кешеннің рекреациялық жүкке тұрақтылығын және сиымдылығын зерттеуге, демалушының талғамын ескере отырып оның жабдықталуы, рекреациялық қызметтің әлеуметтік экономикалық нормативтерін қарастырады. Физикалық география әдісі табиғи кешенге аймақтық дифференциялық нормалардың рекреациялық қуатын, табиғатты қорғау шараларын қарастыру, ландшафттағы рекреациялық дигрессияны ескерту, рекреациялық ауданның экологиялық жағдайының үйлесімділігін анықтауға қолданылады.

Медициналық география  – табиғи жағдайлардың адам ағзасына әсерін, оның жаңа игерілген аудандарға икемделу ерекшеліктерін, аурулардың кейбір түрлерінің таралуын зерттейді. Бұл пән рекреациялық ортаның минералды емдік су және батпақтың, климаттың, психо-физиологиялық қолайлылығын зерттеуде, әртүрлі санаторилі курортты емдеуді қолданудың аймақтық құрылымын анықтауда негізгі рөл атқарады. Медициналық географияның әдісі рекреациялық қызмет көрсетудің нәтижелілігін және әртүрлі аурулардан сақтандыруда оның рөлін анықтауға қолданылады.

Рекреациялық география  география ғылымына жатпайтын ғылымдардың  да ақпараттарын және әдістерін кеңінен  пайдаланады. Оларға: қоғамдық ғылымдар қатарындағы туризм экономикасы, медициналық ғылымдар жүйесіндегі курортология және физиотерапия жатады.

 

Рекреация әлеуметтік экономикалық құбылыс.

 

Саяхатқа шыққанды ұнататындар, жолға шығар алдында алдарына әртүрлі мақсат қояды. Біреулері көрікті жерлермен танысқысы келсе, ал келесі біреулері орманның немесе таудың таза ауасын жұтып табиғаттың сұлулығын тамашалағысы келеді. ал үшіншілері үшін туристік жорық – спорттық шара. Басқа сөзбен айтқанда рекреацияда 3 негізігі функцияны - танымдық, спорттық-сауықтыру, емдік  деп бөлуге болады.

Осылай бола тұра танымдық функциясына барлығы үлкен мән  береді. Танымдық – бұл психологиялық  күшті қалпына келтірудің ерекше түрі. Саяхатшы келген жердің ерекшелігіне қызығушылық таныту арқылы ол өз ойын оятады немесе сана адамның ойын оятады және сонымен қатар миды психологиялық шаршаудан азат етеді.

Танымдық функциясы  саяхатшының табиғи, мәдени-тарихи, этнографиялық, шаруашылық және басқа  көрікті жерлерге деген қызығушылығынан  байқалады.

Табиғи-климаттық көріктілікке: қолайлы климаттық жағдай, ауаның орташа температурасы, құрғақ күндер, ашық күндер, желсіз күндер және т.б; пейзаждың әсемдігіне – орман, тау, теңіз, көл, өзен, үңгір т.б. Мәдени-тарихи көрікті жерлерге – тарихи, археологиялық, архитектуралық ескерткіштер, мұражайлар, көркемсурет галереялары, театр т.б. Саяхатшылардың ерекше қызығушылығын туғызатын  этнографиялық көріктілікке - әдет-ғұрып, киім, ұлттық тағам, фольклор, халықтың шығармашылығы т.б.  Шаруашылық көріктілікке – сол ауданның өзіне тән шаруашылықты жүргізуі немесе жоғарғы жетістіктері, қызмет көрсету саласының дамуы. Сонымен қатар саяхатшылардың белгілі бір территорияға келуіне жергілікті оқиға, мысалы: музыкалық және театр, кино фистивальдар, слеттар, конгресс, жәрмеңке, көрме, карнавал, спорттық шаралар себеп болады.

Сауықтыру функциясы  – адамның өндірістік және өндірістік емес, дене және психологиялық шаршауын басатын бірден-бір жолы. Белсенді демалысты кең түрде дұрыс  ұйымдастыру (жаяу жүру, қайықпен, велесипедпен т.б.) адамдардың денесін шынықтырады, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайына және оның әсеріне қарсылығын күшейтеді. Спорттық-сауықтыру функциясында адамдардың денсаулығын нығайту шаралары қолданылады.  Ондаған миллиондаған адамдардың денсаулығын нығайту және олардың еңбекке жарамдылығын көтеру бағытында болғандықтан бұл функцияның әлеуметтік-экономикалық маңызы өте зор. Сауықтыру және спорттық шараларсыз өскелең ұрпақтың гормондық дамуын жүзеге асыру, еңбекшілердің қоғамдық және еңбек белсенділігін арттыру мүмкін емес.

Халықтар денсаулығын нығайту және сақтау, олардың еңбекке жарамдылығын көтеру еліміздің саяси әлеуметтік саласындағы басты міндеттердің бірі. Бұл міндетті шешуде рекреацияның ролі зор. Жұмыс және демалыс – қалыпты өмірлік жағдайдың екі жағы және жақсы ұйымдастырылған демалыс жұмысқа қабілеттілікті жоғарғы деңгейде ұстаудың алғы шарты. Ағза бір жұмыстан екінші бір жұмысқа ауысқанда ең жақсы демалады. Осы тұрғыдан рекреацияның ролі зор. Рекреация – қозғалыс, көру сезімін өзгерту, эмоция, таза ауда ұзақ болу.

Жорықтарда адамның белгілі бір психи-физиологиялық, ерік-жігер, іскерлік және т.б. қасиеттері қалыптасады.

«Рекреация» және «туризм» ұғымдары кең таралған. Бірақ ғалым  зерттеушілердің өзі бұл ұғымдардың анықтамасын бере алмайды. Бірақ  бұл соңғы уақытты жер шарында халықтардың «рекреациялық миграциясының» дамуына кедергі келтірмейді.

Рекреациялық қызметтің  дамуының бірден-бір нақты факторының бірі еңбекшілердің бос уақытының  көбеюі.

Рекреацияның жалпылығының материалдық алғы шартының бірі транспорттың дамуы. Бұл тек жылдамдықтың өсуі емес, транспорттық тарифтің төмендеуі және қоғамдық тасмалдау көлігінің көбеюі, сонымен қатар жеке транспорт санының молдығы. Бұл дегеніміз әлемдегі ең шеткі аудандарды және елді мекендерді жалғасытырады. Яғни жылдамдық артады. Жылдамдықтың артуы жолға кететін уақытты қысқартады, соның әсерінен  рекреациялық ауданда немесе орталықта болу уақыты ұлғаяды. Транспорттық тарифтің төмендеуі демалысты баршаның қолы жететін жағдайға жеткізді.

Рекреациялық миграцияның  өсуінің басты факторы халықтың ірі индустриялы орталықтарға  шоғырлануы көлеңкелі жағдай болып саналады. Өндіріс жүйесін механикаландыру  және автоматтандыру  дене еңбегін азайтуда, бір жағынан жаман емес, бірақ дене еңбегінің болмауы геподинамияға әкеліп соғады (қозғалыстың жетіспеуі). Осыған байланысты қозғалыстың жетіспеуін белгілі бір дәрежеде қалпына келтіретін белсенді рекреацияның ролі өсуде.

Геподинамия денсаулыққа  кері әсер ететін «эмоцияның шаршауымен»  жалғасады. Эмоциялық шаршау қазіргі  өндіріс және өндірістен тыс қызмет жағдайынан туады. Бұл жерде әңгіме тез өзгеретін көру және дыбыс әсерлері, ауаның ластауы, ақпараттың көптігі, мезгілдік жылудың қолайсыздығы туралы. Рекреациялық қызмет – адамның табиғи қажеттілігін қанағаттандыратын табиғатқа жақындылық.

Рекреациялық «жарылыс»  капиталистік және дамушы елдерге тән. Қазіргі кезде рекреациялық миграция  ондаға тіпті жүз миллиондаған болып еспетеледі. Кейбір елдерде тұрғылықты халықтың санынан туристердің саны артық болады. Мысалы: Австрияға 9 млн. турист келеді ал, халқының саны 7,8 млн. Швейцарияға 7млн. тұрғылықты халқы – 6,9 млн. багам аралдарына 1,5 млн. халқы – 250 мың.

Рекреацияның үздіксіз дамуы және көлемі өзінің өзекітілігімен әлеуметтік-экономикалық құбылыстың және оның негізгі функцияларының қажетілігі туралы мәселе қойып отыр. Кейбір зерттеушілер рекреациялық қозғалыстың мәнінің бірінші орнына инстинк (түйсік) теориясына негізделген миграцияны қоюда. Мұндай көзқарасты жақтаушылар, адамға туа бітті саяхатқа шығуға қызығушылық тән деп есептейді. Екінші бір зерттеушілер инстинктің орнына қажетілік ұғымын қояды.  Кейбір авторлар барлығын біріктіріп «еңбекке қажеттілікті қалпына келтіру» немесе адамның дене және психикалық күшін қалпына келтіру деп атайды. Сондықтан рекреация демалыс және еңбекке қабілеттілікті қалпына келтіру ұғымдарымен мәндеседі. Ол жалпы қажеттілік болып саналады. Халықтың уақытша жағдайын өзгертуге талпынуы, демалысқа, дене және жан дүниесін қалпына келтіруді қанағаттандыруы жалпы қоғамдық құбылыс болуда.

Рекреацияның негізігі мақсаты - әрбір қоғам мүшелерінің дене және психикалық күшін дамыту және қалпына келтіру, жан дүниесін жан-жақты дамыту. Сонымен қатар бірінші кезекте адамның жан дүниесінің дамуы, оның шығармашылық бейімділігі қанағаттануы керек.  Рекреация – қоғам дамуның бөлінбейтін бір бөлігі.

Ғылымда әлі де рекреацияның  қоғамдық функцияларының жалпыға бірдей классификациясы жоқ. Оны негізі бес топқа бөлуге болады.

  1. медико-биологиялық
  2. әлеуметтк-мәдени
  3. экономикалық
  4. саяси
  5. экологиялық

Медико-биологиялық функция  санаторилі-курортты емдеу мен сауықтырудан тұрады. Әлеуметтік-саяси функция – рекреацияның жетекші функциясы. Мәдени және жандүние қажеттілігі – бұл сананың қажеттілігі, қоршаған әлемді тану және ондағы өзінің орныңды білу. Өзіңнің өмір сүруіңнің мәнін тану.

Информация о работе Рекреациялық география