Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 14:20, реферат
Жоғарғы оқу орындарындағы география факультеттерінде география мамандығын жан-жақты меңгеру үшін бірнеше пәндер оқытылады. Сондай пәндердің біріне «Рекреациялық география» жатады. Пәнді оқып үйренудің негізіне мемлекетіміздің рекреациялық шаруашылығының даму деңгейі, олардың алғы шарттары, қоршаған ортаны қорғаудың жолдары, шаруашылықтың экономикалық, экологиялық тұрғыдан тиімділігі және басқа да проблемалары қарастырылады. Рекреациялық география пәні экономикалық география, физикалық география, медициналық география, картография, математика пәндерімен байланыса отырып зерттеу объектісін қалыптастырған.
Рекреациялық сұранысты әлеуметтік зерттеу кешенді түрде жүргізіледі.
1. демалыстың қазіргі
тенденцияларын статистикалық
2. рекреацияны ұстап
тұру және оның даму
3. халыққа анкеталық сауалнамалар жүргізу
4. рекреацияның келешекте даму гипотезасын жасау
5. территориялық жағдай жасау
Рекреациялық сұранысты
зерттеуге статистикалық
Анкеталық сауалнама
территориялық белгілеріне
1. жұмыс орны және тұрғылықты жері бойынша
2. демалыс және туристік саяхат орны бойынша
Сауалнамада халықтың әлеуметтік-демографиялық құрамы қолданылады.
Жұмыс орны және тұрғылықты жері бойынша сауалнама рекреацияның жиілігін, ұзақтығын, мерзімділігін, құрылымын, рекреациялық орынға жекелеген географиялық тартылуын анықтауға мүмкіндік береді. Рекреациялық территорияны ұйымдастыруға және демалыс, қызмет көрсету мекемелерін таңдауға көмектеседі.
Зерттеулер нәтижелері
бойынша орманды терриориялар, теңіз
жағалауы, су алаптарымен шектесетін
территориялар біршама кең
Демалыс ландшафтарын таңдауда халықтың жас шамасы үлкен әсер етеді. Қала халқының «16-24» жас аралығындағы тобының 31,3%, ал «60 жастан жоғары» топтың 47% демалысын орманда өткізгенді қалайды. Керісінше тауда демалуды «10-20» жастар жақсы көреді (9%). Зейнеткерлер емделу көздеріне көбірек көңіл бөледі.
Рекреациялық қызметтің құрылымы мен жіктелуі.
Рекреациялық сұраныс рекреациялық іс-әрекеттің белгілі бір түрлерінде жүзеге асырылады. Адамның бос уақытындағы қызметінің құрылымы жұмыс уақытына қарағанда күрделі. Жұмыс уақытында өндірістің технологиясы мен ұйымдастырылуы адам қызмет түрін еркін таңдауын шектейді. Бос уақытта ол күшін қалпына келтіру әдісін саналы түрде немесе санадан тыс таңдайды.
Рекреациялық іс-әрекет деп аталатын белгілі бір әдістер арқылы іске асырылады. Рекреациялық іс-әрекет үрдісінде жүзеге асырылатын іс-әрекеттер ішінен күнделікті физиологиялық қажеттіліктен сұранысты қанағаттандырудан рекреациялық іс-әрекетті (суға шомылу,жаяу жүру, жидек, саңырауқұлақ теру, мұражай және ескерткіштер көру) бөлуге болады. Рекреациялық іс-әрекетті екі топқа бөлеміз.
1. қалпына келтіру тобы. а) рекреациялық-емдік
2. дамыту тобы. а) рекреациялық-спорттық
ә) рекреациялық танымдық
Рекреациялық-емдік қызмет санторилі-курортты емдеудің белгіленген әдістер: климатық емдеу, батпақпен емдеу, сумен емдеу және т.б. жүйелерінен тұрады. Рекреациялық сауықтыру түріне: серуен, суға шомылу, күн және ауа ваннасы, ойын, енжар демалыс және т.б.
Рекреациялық-спорт қызметі адамның дене күшін дамытуға бағытталған спорт ойындары, желкенді және моторлы су спорты, шаңғы спорты, ұзақ жол жүру, тау шыңдарына шығу.
Рекреациялық-танымдық адамның рухани дамуына бағытталған. Мәдени ескерткіштерді көру, табиғи құбылыстармен танысу және т.б.
Рекреацияның көптеген түрлері нақты жағдайда біріктіріледі. Мысалы: Жаңа жерде серуендеу қозғалыс және танымдық функцияларын біріктіреді. Рекреант саналы түрде белгілі бір уақыт аралығында рекреациялық іс-әрекетті біріктіруі мүмкін. Неғұрлым рекреациялық іс-әрекет біріктірілсе соғұрлым рекреациялық қызмет нәтижелі болады.
Белгілі бір уақыт аралығында рекреациялық іс-әрекеттің тұрақты түрде қайталануы «рекреациялық қызмет ырғақтылығы» деп аталады.
Рекреациялық іс-әрекеттің әртүрлілігі, біріктірілуі және ырғақтылығы тікелей рекреациялық территорияның қасиеті мен ұйымдастырылуына байланысты. Рекреациялық іс-әрекеттің әртүрлілігі табиғи және әлеуметтік-экономикалық рекреациялық ресурс сияқты үйлесімді болуы керек. Ал біріктірілуі мен ырғақтылығы белгілі бір территориядағы әртүрлі ресурстардың болуымен байланысты.
Рекреациялық іс-әрекеттің дамуында рекреациялық сұраныс құрылымын өзгертуге екі негізгі кезең әсер етеді. Бірінші кезең танымдық және спорттық-сауықтыру рекреациясының маңызының өсуінен көрінеді. Екінші кезең жаңа бұрын қолданылмаған іс-әрекеттің пайда болуымен байланысты.
Рекреациялық іс-әрекет құрылымы теориялық негізде, ғылыми әдебиеттерде әртүрлі жіктеледі. Олардың негізіне: саяхаттың мақсаты, ұйымдастырылу сипаты, құқықтық статусы, рекреаттың келуі, саяхаттың ұзақтылығы, мерзімділігі, рекрант қозғалысының сипаты, жасы, іс-әрекеттің белсенділігі және т.б. алынады.
Емдік рекреация негізінен табиғи емдік факторлармен (климат, минералды су көздері, емдік батпақтар т.б.) ерекшеленеді. Осыған сәйкес үш негізгі топқа бөлінеді. 1.Климатпен емдеу.
2. Сумен емдеу
3. Батпақпен емдеу
Олар үйлесімділігіне байланысты:
1. су және баптақпен емдеу
2. су және климатпен емдеу
3. климат- су-батпақпен емдеу болып бөлінеді.
Аумақтың рекреациялық сиымдылығы
Соңғы уақытта аумақтың рекреациялық сиымдылығы өзекті проблемалардың біріне айналды. Бұл өзара байланысты және кейір жағдайда кереғар келетін екі қоғамдық міндет - халықтың толыққанды демалуын қамтамасыз ету және рекреациялық зоналардағы табиғатты қорғау. «Аумақтың рекреациялық сиымдылығы» - бұл рекреанттардың максимум санының бір уақытта осы аумақта болу, табиғи теңгерімнің тұрақтылығының бұзылуына және сонымен қатар демалыс жағдайының төмендеуіне жол бермеу мүмкіндігі.
Рекреациялық сиымдылық ұғымының анықтауда басқа да тәсілдер бар екенін ұмытауымыз қажет. Бұл табиғи аумақтарды рекреациялық мақсатта пайдалану біршама қарқында түрде дамуына байланысты. Сондықтан кейбір зерттеушілер аумақтың рекреациялық сиымдылығын анықтауда рекреациялық іс-әрекеттің нысаны ретінде туризмді және демалысты ұйымдастыру мен өткізуге алғы шартын құрайтын мәдени-тарихи және әлеуметтік-экономикалық мәліметтері бар рекреациялық потенциал алынады. География ғылымында рекреациялық сиымдылықты зерттеуде оның бағасының деңгейін анықтау проблемасы туындайды.
Бағалаудың көлеміне байланысты рекреациялық потенциал ұғымының көлемі сонымен қатар аумақтың рекреациялық сиымдылығы өзгереді. Елдің немесе экономикалық ауданның рекреациялық потенциалы бірінші кезекте ресурсты құраушы және рекреациялық шаруашылықтың потенциалы – негізгі қор және еңбек ресурсы.
Елдің немесе экономикалық аудан деңгейіндегі рекреант сиымдылық үйлесімді рекреациялық легтің, экономикалық дамудың деңгейіне, халықтың тұрмыс жағдайына, демалыс және туризм шаруашылығына еңбек ресурсын тарту мүмкіншілігіне байланысты. Рекреанттар легінің көлемі елдің (ауданның) көлеміне, туристік-рекреациялық ресурстың қорына (сонымен қатар тұрақтылығына) және оның көптүрлілігі мен кеңістіктік –уақыттық таралуына, қажетті инфрақұрылымның даму деңгейіне байланысты.
Кейбір ғалымдар жергілікті халықтар саны мен рекреанттар легінің елде (ауданда) болу ұзақтығының пропорционал болуына назар аударады. Сонымен, дамушы елдерде шетелдік туризмнің белгілі деңгейден артуы азық-түлік қиындығын туғызады. Рекреациялық сиымдылық елдің азық-түлік мүмкіншілігіне де байланысты болуы шарт.
Рекреациялық сиымдылық сонымен қатар қаржыландыруға да байланысты. Туристік рекреациялық ресурстары мол, ал экономикалық даму деңгейі төмен елдер туризм мен инфрақұрылымға мол қаржы бөле алмайды. Бұл елдерде бар туристік рекреациялық ресурстарды қарқынды түрде қолдану рекреациялық потенциалдың жиі бұзылуына әкелеп соғады.
Аумақтың рекреациялық сиымдылығын кең көлемде зерттеу экологиялық сипат алады. Бірақта бұл зерттеулерде рекреациялық сұраныспен оны қанағаттантандыруға табиғаттың мүмкіндігі арасындағы кереғарлық аумақтың рекреациялық сиымдылығын теріске шығарады. Туристік саланы ұйымдастырушылардың көзқарасы бойынша аумақтың рекреациялық сиымдылығының көптеген проблемаларын шешуде әсіресе қарқынды игеріліп жатқан аудандарда радикалды жолды табуда бұл кереғарлықты ескеру қажет. Рекреанттар санының үздіксіз өсуі аумақты үнемі кеңейтуге әкеліп соғады. Осыған байланысты рекреациялық іс-әрекетке қолайлы жағдайды сақтау және оның деградацияға ұшырауына жол бермеу мақсатында табиғи кешенге рекреациялық жүктің үйлесімділік проблемасы туындайды. Бұл проблеманың негізі рекреациялық әсердің нормативтерін құру жолындағы табиғи кешенге негізделген экологиялық жүк.
Әлемдік практикада табиғи
кешенді туристік рекреациялық мақсатта
қолданудағы нормативтерде
Курорттарды салу нормасында да үлкен айырмашылық байқалады. Бұрынғы КСРО-да жалпы курорттық норма 300-ден 5002м-ден келді. Бір керуерт-орынға әйгілі болгар курорты «Алтын құм» 150м2, румын курорты «Мамайя» -85м2.
Польшада 1 га 75-тен 115 адамға дейін ауытқиды. Ал, АҚШ-та төмендегідей шартты түрдегі стандарт қолданылады.
Рекреациялық мақсатқа пайдаланылатын аумақтардың түрлері |
Бір туристке шаққандағы көлемі |
Қала сырты демалыс зонасы, ойын алаңы Жағажай Пикникке арналған алаңдар Жаяу туризмге арналған жол Атпен жүруге арналған жол |
80м2 18,5м2 шамасында 100 м2 80 м2 80 м2 |
Рекреациялық аудандастыру
Рекреациялық аудандастыру теориялық және методологиялық негізге сүйенеді. Рекреациялық аудандастыру – салалық аудандастырудың түрі. Жекелеген территорияларды рекреациялық мақсатта игеру – кеңістікте әлеуметтік-мәдени жүйенің қалыптасу үрдісінің бір бөлігі. Рекреациялық аудандастырудың ғылыми және практикалық маңызы зор.
Рекреацияны дамыту, оның материалдық техникалық базасын кеңейту, табиғи және мәдени-тарихи элементтерді қарқынды түрде пайдалану, аймақтың әлеуметтік-экономикалық өміріне әсерінің өсуі территорияны рекреациялық аудандастыру мақсатында арнайы зерттеулерді қажет етеді.
Көптеген авторлар және ғылыми мекемелердің өзі рекреациялық мақсатта барлық мемлекеттер көлемінде, сондай-ақ жекелеген аймақтар бойынша аудандастырудың әдісі мен принциптерін қарастыруда. Бірақ та әзірге аудандастырудың белгілі бір әдіс жоқ.
КСРО-да алғаш рет рекреациялық
аудандастыруды Б.Н.Лиханов пен В.С.Преображен
Бұрынғы КСРО-да рекреациялық география бойынша зерттеу, рекреациялық аудандарды анықтау жұмыстары ұлғайып кең көлемде жүргізілді. Аудандастырудың негізіне демалуға қажетті табиғи жағдайды бағалау және сараптау, емдеу, содан соң туризм алынады. Рекреациялық аудандастыруда екі бағытта.
Біріншісінде туризм және демалыс ауданы жекелеген физикалық географиялық аймақтың ішінде бөлінеді. Мұндай жағдайда әрбір ірі физикалық географиялық бірлікте бірнеше аудан болуы мүмкін. Екіншісінде физикалық географиялық ауданның шекарасы рекреациялық аудан шекарасы ретінде алынады.
Туризм проблемасын шешуге эконом географтардың араласуы рекреациялық аудандастырудың негізі етіп экономикалық аудандастыруды алуды ұсынды.
Рекреациялық аудан – рекреанттарға қызмет көрсетуге маманданған, олардың сұраныстарын жоғары дәрежеде қанағаттандыратын, территорияның табиғи, мәдени-тарихи кешенін және оның экономикалық жағдайын қолданып, рекреациялық шаруашылықтар бір-бірімен байланысты экономикалық территориялық жиынтық.
Территорияны рекреациялық мақсатқа байланысты аудандастыру және бағалау үшін табиғи, экономикалық, әлеуметтік, физиологиялық-экологиялық, көрем-архитектуралық және т.б. көптеген факторлар қажет. Туристік аудандастыру әдісі аудандастырудың мақсаты мен көлеміне байланысты.
Е.А.Котляров туристік рекреациялық аудандастырудың төрт сатылы таксономиялық бірлік жүйесін ұсынады. Ол:республика (өлке, облыс), аудан, рекреациялық жергілікті жер, рекреациялық микроаудан. Н.С.Мироненко мен И.Т.Твердохлебов бұл жүйені: рекреациялық зона (аймақ), рекреациялық аудан (макроаудан), рекреациялық подаудан (мезоаудан), рекреациялық микроаудан, рекреациялық пункт деп бөледі.