Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 14:20, реферат
Жоғарғы оқу орындарындағы география факультеттерінде география мамандығын жан-жақты меңгеру үшін бірнеше пәндер оқытылады. Сондай пәндердің біріне «Рекреациялық география» жатады. Пәнді оқып үйренудің негізіне мемлекетіміздің рекреациялық шаруашылығының даму деңгейі, олардың алғы шарттары, қоршаған ортаны қорғаудың жолдары, шаруашылықтың экономикалық, экологиялық тұрғыдан тиімділігі және басқа да проблемалары қарастырылады. Рекреациялық география пәні экономикалық география, физикалық география, медициналық география, картография, математика пәндерімен байланыса отырып зерттеу объектісін қалыптастырған.
Туристік саланы басқару мен жоспарлауда туристік рекреациялық аудандастыру негіз болады.
Қазақстан аумағында табиғи-рекреациялық ауданның екі тобын бөлуге боады. Бірінші топ – ерекше жер бедері, ормандары мен суқоймалары, бальнеологиялық ресурстары бар, климаттық жағдайы ререациялық шаруашылықа біршама қолайлы республиканың шығыс және оңтүстік-шығыс, сонымен қатар Қазақтың ұсақ шоқысының солтүстік бөлігі (Жоңғар және Іле Алатауының орта бөлігі, Алтайдың кейбір аудандары, Рахман, Щучинск-Бурабай зонасы, Зеренді, Баянауыл, Қарқаралы). Екінші топқа – рекреациялық ресурстар қоры шектеулі және экологиялық жағдайы тұрақты емес (респубиликамыздың шығыс және оңтүстік шығысындағы биік таулы аймақ, Балқаш-Алакөл ауданы және т.б.) аудандар жатады.
Республикамыздағы көрікті жерлер
Іле төңірегі Іле Алатауы- ең әдемі көрікті жер, көптеген көлдері бар. Соның ішіндегі ең ірісі Үлкен Алматы көлі. Көлдің айналасы дем алуға өте қолайлы табиғатымен ерекшеленеді. Іле Алатауы Тянь-Шань тауларының жалғасы батыстан шығысқа қарай 300 шақырымға созылып жатыр. Ені 30-40 шақырым жіңішке, Түрген өзендері басталады. Осы Іле Аалатауының етегінде Алматы қаласы орналасқан. Іле Алатуы көптеген тау аңғарларымен сайлармен бөлінген. Олар: Ремезовка, Каменское плато, Горельник, Қотыр-бұлақ, Шымбұлақ, Мыңжылқы, Горный садовод. Кіші Алматы аңғары жақсы игерілген. Халықтар қоныстанған елді-мекендер көп.
Алматы қаласы - ең әдемі жері 25 қабатты Қазақстан қонақ үйі, Республика сарайы, 5 жұлдызды Рахат-Паласс, Анкара қонақ үйлері, Абай Құнанабаев – ескерткіші, Көктөбе ауылына шығатын аспа жол. Ал Алматы маңында түгелдей дем алуға қолайлы көптеген: демалыс үйлері, санаторийлер, кафе, ресторандар орналасқан.
Медеу - әлемге әйгілі биік таудағы спорт кешені. Қонақ үйі, ресторан орналасқан.
Шымбұлақ - тау шағы базасы. Халықаралық жарыс болып тұрады. Үлкен Алматы аңғары - Үлкен Алматы өзені айналасы түгелдей қалың емен арасында Алматы санаторийі орналасқан. Үлкен Алматы көлі 2500 м теңіз деңгейінен биіктікте орналасқан. 38 м тереңдігі суы мөлдір, таза Үлкен Алматы өзені келіп құяды да, ағып шығады. Тағы бір көрікті жер - Талғар аңғары. Талғар қаласы алма бағы, өрігі, қарақат, қайың, емен аралас баулары ерекше орын алады. Есік өзенінің аңғары бау-бақша табиғаты әсем көрікті жер Есік көлі бар. Шырша, қарағай, қалың еменге бай. Түрген аңғары. Түрген ауылы Аса жайлауы, бау-бақша, жүзімдіктерге, жабайы өрікке бай. Түрген аңғары шыршалы Қарағайлы белдеуі басталатын аңғар. Бұл жерде белгілі Тау-Түрген демалыс орны бар. Іле өзені бойында Қапшағай су қоймасы салынған.
Солтүстік Тянь-Шань
Аудан туралы айтатын болсақ, оның таулы аймағынан бастаймыз.
Бұл таулы аймақ орталық Азияда орналасқан. Батыс бөлігі Қазақстан мен Өзбекстанда. Шығыстан батысқа қарай 2500 км, ал солтүстіктен оңтүстікке қарай 300 км созылып жатыр. Жоғарғы нүктесі: Хан-Тәңірі (6995 м). Табиғаты жағынан Орталық Тянь-Шань, Солтүстік Тянь-Шань, Шығыс Тянь-Шань және Ішкі Тянь-Шань болып бөлінеді.
Солтүстік Тянь-Шаньға Іле Алатауы мен Күнгей Алатау және Шелек өзені кіреді.
Солтүстік Тянь-Шань таулы аймағындағы ландшафт түрлері қалың мұздықпен созылған және аппақ қармен өрнектелген; әр түрлі түстегі альпі егістігі, ну орманды Тянь-Шань шыршалары жатады. Талғар алабы өзендері Алматы қорығында орналасқан.
Солтүстік Тянь-Шань ерекше ең жоғарғы сатыда таулы туризмде ең басты орын алады. Олардың жаяу жүруден, суда жүзулерінен және шаңғы тебу туризмдерінен әйгілі.
Солтүстік Тянь-Шань таулы аймағында 10-нан аса спорттық туризм түрлерін өткізуге болады.
Бұл аудан өзінің табиғат сұлулығымен ерекшеленеді.
Жаркент – Талдықорған
Жаркент – Талдықорған ауданы Қаратал өзені жа-ғасында, Жоңғар Алатауында орналасқан.
Жаркент – Талдықорған ауданының басты өзендері: Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсы Балқаш көліне құяды, “Жетісу” (Семиречье). Ірі көлдері: Балқаш, Алакөл (тұщы), Сасықкөл.
Тауларда минералды бұлақтары (курорты), демалыс орны Қапал-Арасан бар.
Шөл және шөлейттер тау қыраттарын түзеді. Жоғарғы 1200 м биіктікте - орман парктер түрі, 1700 м биіктікте - қалың орман, альпі егістіктері орналасқан алты табиғи қазбалары бар.
Алакөл көліне қарай ағатын Тентек, Жаманты, Ырғайты өзендері, онда Биен және Шілікті өзендері құмда тартылып қалады.
Құмды дала жазықтарына – еремен шөбі, жүзгіш шөптер - қыста, қар астында жататын шөптер. Сексеуіл құмды тікенектер ең үлкен алаңды алып жатыр. Ал көл-дермен өзендер жағасында – ну орман, үлкен жапырақты ағаштар.
Өзеннен кейін тау етегі 600-700 м жартылай шөлейт, құрғақ, тікекенекті далалар бар. Тау етегінен кейінгі жағындағы ұзындығы 1250-1300 м тікенек далалары, үлкен қайың және алма бақтары, Тянь-Шань шыршасы бар және де альпі фиалкалары, осакалары жаздың ыстық кезінде – жайлау.
Ормандары 3,2% территориясын алып жатыр. Орман маңында қасқыр, түлкі, қоян, кеміргіштер және жертеселер жүреді. Көл, өзен жағалауында - қабан, ондатрлар, таулы бөліктерінде - қоңырқай аю, борсық, тау ешкі, арқар, марал кездеседі. Ал құстардан-үйрек, қазы, аққулар да кездеседі. Суларында сазандар, балық түрлері бар.
Жаркент – Талдықорған ауданында тарихи ескерткіш “Алтынемел” кешені. Бұл жерде қазақтың бірінші саяхатшысы Шоқан Уәлихановқа арналған ескерткіш бейіт орналасқан.
Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласы. Бұл қала 1868 жылы орнап, 1920 жылы Гавриловка селосы, 1944 жылы Талдықорған қаласы атанған.
Солтүстік Жоңғар
Жоңғар Алатауы таулы аймақтағы Орталық Азияда, Оңтүстік Шығыс Қазақстанда, Қытайда орналасқан. Солтүстігі –Балқаш – Алакөлге, оңтүстігі - Іле өзенінің, Балқаш көліне құятын жеріне дейін келеді.
Орналасқан жері жартылай шөлейт пен егістік солтүстік аймағына қарай ұзындығы 1200-2000 м орманды белдеу. 2600 м жоғары субальпілік және альпілік егістіктер орналасқан. Ландшафтары өте көп, пайдалы. Солтүстік Жоңғар Алатауында пайдалы қазбалары бар. Жаркент – Арасан, Қапал – Арасан курорттық жерлеріне бай. Маршрут пунктері - Талдықорған қаласында. Басты пунктері маршруттардың солтүстікте автожолдары Талдықорған - Қызылағашта, жолында Биен, Ақсу, Сарқанд өзендері ұзындықтары 30-50 км; ал батысында ең басты пункті – Текелі қаласында, жолында өзендері Көктал, Көксу ұзындықтары 100 км.
Солтүстік Жоңғар аудан орманы Тянь-Шань шыршасынан тұрады. Және де биік өте биік тауларында қар мен мұздықтар жатыр. Егістіктерінде сирек кездесетін ақ-жасыл түсті эдельвейс гүлін кездестіруге болады.
Солтүстігі аңдарға кедейлеу, сүйтсе де ол жерде биікте тау ешкі, аю және барысты көруге болады.
Солтүстік-Тянь-Шаньнің базасы Арасан Қапал жеріндегі пайдалы қазбалар мен курорттар ұйымдастырылған.
Арасан-Қапал, Жоңғар Алатауында орналасқан. Курорт – бұл жасыл жапырақты шыршаларымен, орманды демалыс орнымен көрікті. Орасан зор жазықтары жасыл кілеммен қапталған, алаңдарына серуендеп жүруге, демалуға, қанайналым, жүйке жүйесі ауруларын емдеуге әсері орасан зор.
Түркістан
Ертеректе Республикамыздың оңтүстігінде, өте әдемі ел болды, ол Қазақстан Атлантидасы бай және гүлденген қалалары: Тараз, Отрар, Сауран, Түркістан, Фараб және т.б. Мұнда біздің эрамызға дейінгі І мыңжылдықта Ұлы Жібек жолы өтті, ол Тынық мұхитынан Атлант мұхитына дейін созылып жатты. Ертедегі аты аңызға айналған, өлкеге көптеген туристер баруды жөн көрді, өйткені өз Отанының тарихын білуге оның құм тастарымен жүруге, ол елдің халқын тереңірек білуге, көруге, әңгіме аңыз әндерін жазып, фотосуреттер түсіруге, ескерткіштер тұрғызуға барды.
Жамбыл бекеті (станция) дұрысырақ айтсақ, Тараз қазір өзінің ғасырлық атын қайтарып алды. Тараз-Талас жазығындағы көне қалалардың бірі. Ол І-ші мың жылдықтың басында пайда болған. Тоғыз жолдың торабында тұрғандықтан, ол жерден Ұлы Жібек жолы өткен. Х-ХІ ға-сырда Орта Азияны Қарахан хандығы жеңгеннен кейін, Тараз жаңа мемлекеттің бір орталығының астанасы болады және өте тез гүлденуге жетеді. Дәл осы уақытта Таразда және оның маңында әдемі мавзолейлер бой көтерді, олардың екеуі аздап бұзылса да алғаш салынған қалпында бізге жетіп отыр. Айша Бибі мавзолейі және Бабаджа Хатун - біраз ертеректе салынған (Х ғасыр) Айша – Бибі мавзолейі (Х-ХІ ғғ.) сырты ойылып өрнектелген, плиткалармен қапталған, қазіргі уақыттта әйнекпен қапталған.
Тараздағы архитектуралық кешендер аз уақыттың ішінде туристерді өзіне тартатын қызықты орталықтардың бірі болмақ.
Түркістан қаласымен танысу ел алдымен мұсылман әлеміне әйгілі Ахмет Яссауи мавзолей - мешітінен басталды. ХІІ ғасырда Шығысқа аты әйгілі көшпелі түрік халықтарының арасында ислам дінін насихаттаушы ақын Қожа Ахмет Яссауи өмір сүрді. ХІV ғасырдың аяғы мен ХV ғасырдың басында Ахмет Яссауи мен Ұлы Темір жерленген жерлерге археологиялық кешен тұрғызылады. Ол Шығыс архитектураның інжу маржаны болды және көптеген мұсылмандардың мінәжат ететін орнына айналды. Түркістан қаласының пайда болуының түп тамыры өте тереңде. Бұрын оны - Яссы деп атаған. Яссыға халықтың қоныстануын біздің эрамызға дейінгі 1-ші мың жылдыққа жатқызуға болады. Түркістан атауы ХV ғасырдың аяғында пайда болды. Орта ғасыр дәуірінен бастап ірі әлеуметтік саяси орталық болып тіркелді. Түркістан қаласы біздің Республикамыздағы XV ғасырлық тарихы бар бірден-бір қала.
ХІІ ғасырдың І
жартысында Сауран Ақ Орданың астаналық
орталығы болды, оның билеушісі 1320 ж. қайтыс
болған. Сауранда тарихта әйгілі тұлғалар:
Тоқтамыс, Орыс хан, Ұлы темір хандар
болған. Осы қала туралы ең құнды
мағлұматтар тәжік ақыны
ХV ғасырда Сауран қазақтың алғашқы хандары Жәнібек пен Керейдің билігінде болды.
Бүгінде Сауран қаласы - Қазақстанның құнды археологиялық және архитектуралық ескерткіштерінің бірі. Бұл өзінше ерекше музей ашық аспан астында Бұл сізбен біздің ескерткіштеріміз, тарихымыз.
Аудан орталығы Шәуілдерден 10 шақырым жерде бұрынғы гүлдеп тұрған әйгілі Отырар қаласының қалдықтары табылған.
Бұл жердегі әрбір тас, әрбір шаң біздің тарихымыз. Қала біздің эрамызға дейінгі І-ші мың жылдықта пайда болған. Бұл көптеген халықтардың мәдени тоғысуларының жері болған. Бұл жерде отырықшылық өркениеті пайда болды. Халық егін егумен, бау-бақша өсірумен, аң аулау, балық аулаумен айналысты. Темір балқытып, ұзын қылыш, пышақтар жасады. Қола, алтыннан әр түрлі зергерлік тастардан әшекейлер жасады. Қаланың гүлденуіне Монғол шапқыншылығы кесірін тигізді. ХVІІ ғасырдың ортасынан бастап қазақ жеріне жоңғарлар көз тікті. Олар тонаушылық жасап, қаланы қиратты. Осының бәрі Сырдария бойындағы қалалардың күйреуіне әкеп соқтырды. Отырардың көрнекті орындарының бірі кітапхана болды, онда 33000 дана мысырдың балшық кестесінен бастап, Египеттің папирусқа жазылған жазулары және Әл-Фарабидің трактаттарына дейінгі еңбектер бар. Көптеген жаңашылдардың айтуына қарағанда, өзінің басылымы жаұынан ең әйгілі кітапханалар Александра және Карфоген кітапханаларынан кем түспеген. Осы кітапхана туралы мынандай қауесет бар: “Жаугершілік кезде кітапханадағы кітап жер асты жолымен қала шетіне шығарылған немесе осындай шытырман жер асты жолдарының бірінде тығылған”.
1405 ж. Отырарда
захарлы Ақсақ Темір қайтыс
болды. Отырар соғыстың
Түркістаннан Отырарға дейінгі жол құрылысы, қорық мұражайының жанынан құрылатын мәдени орталық, халық шеберлерінің мектебі, қолөнер шеберлерінің орталығы, қонақ үй кешені және көптеген басқа да туристерді қабылдайтын құрылыстар салынуының жобасы анықталды. Баба-Ата қаласы Кішкентай Баба-Ата өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. Оның өз тарихы бар. Бұрын бұл әйгілі Оскак бабаның қамалы болған. 1000 ж. бұрын қорған жанына мазар салып қойған, қаладан әрірек атауы жоқ мавзолейдің қалдықтары бар (ХVІ – ХVІІғғ.) осы Баба-Ата туралы жазба деректер жоқ, себебі жол торабынан алыста болған.