Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 14:20, реферат
Жоғарғы оқу орындарындағы география факультеттерінде география мамандығын жан-жақты меңгеру үшін бірнеше пәндер оқытылады. Сондай пәндердің біріне «Рекреациялық география» жатады. Пәнді оқып үйренудің негізіне мемлекетіміздің рекреациялық шаруашылығының даму деңгейі, олардың алғы шарттары, қоршаған ортаны қорғаудың жолдары, шаруашылықтың экономикалық, экологиялық тұрғыдан тиімділігі және басқа да проблемалары қарастырылады. Рекреациялық география пәні экономикалық география, физикалық география, медициналық география, картография, математика пәндерімен байланыса отырып зерттеу объектісін қалыптастырған.
Оқу жоспарының көшірмесі
Күндізгі және сырттай оқу бөлімі бойынша
Сабақ түрі |
Сағат саны | |||
Күндізгі бөлім |
5 жылдық |
3 жылдық |
2 жылдық | |
лекция |
15 |
6 |
3 |
3 |
СӨЖЖ |
15 |
6 |
3 |
3 |
СӨЖ |
15 |
33 |
39 |
39 |
Пәннің пререквизиттері – Жалпы жертану, туризм географиясы, экономикалық және әлеуметтік географияға кіріспе, халықаралық туризм, туризм және өлкетану негіздері.
Пәннің постреквизиттері – Қазақстанның физикалық географиясы, Туризмдегі зерттеу әдістері, Туризм техникасы мен тактикасы.
Глоссарий
Аумақтың рекреациялық сиымдылығы - бұл рекреанттардың максимум санының бір уақытта осы аумақта болу, табиғи теңгерімнің тұрақтылығының бұзылуына және сонымен қатар демалыс жағдайының төмендеуіне жол бермеу мүмкіндігі.
Әлеуметтік-экономикалық рекреациялық ресурс - тарихи, мәдени нысаналар (ескерткіштер, мұражайлар, галереялар т.б.) және құбылыстар (этографиялық, саяси, өндірістік).
Бос уақыт - жұмыс уақытынан басқа уақыттың бір бөлігі
Геподинамия - қозғалыстың жетіспеуінен пайда болатын ауру
Курорт – (немістің kur – емдеу және ort – орын, жер, аймақ) қолайлы климаты, минералды суы, емдік балшығы және табиғи шипалы қасиеттері бар жерлерге салынған емдеу-профилактикалық мекемелер.
Курортология – (курорт және гректің logos - ілім) емдік қасиеті бар табиғи факторларды зерттеп, оларды пайдалану жолдарын қарастыратын медицинаның бір саласы.
Қорық – бүуіл табиғат кешенін табиғи күйінде сақтау мақсатымен қорғалатын аумақ.
Қорықша – жануарлардың, өсімдіктердің жеке түрдері, су, орман, жер нысандары қорғалатын және табиғи ресурстарды шектеулі түрде пайдаланатын аумақ.
Материалдық ресурс - өндіріс және қоғам дамуының әрбір кезеңіндегі материалдық құндылық жиынтығы
Рекреация-(латынның recreatіo – қалпына келтіру) – еңбек етіп шаршағаннан кейін тынығу арқылы адамның күш қуатын қалпына келтіру.
Рекреациялық аудандар- демалыс үйлері, туристік базалар, санаторийлер шоғырланған жерлер
Рухани ресурс – қоғамның ғылымда, білімде, мәдениетте, әдебиетте, мемлекеттік және қоғамдық өмірде, еңбекте және тұрмыста жеткен жетістіктерінің жиынтығы.
Рекреациялық сұраныс - адамның өмірлік қызметіне жұмсалған дене және рухани күшін, денсаулығы мен еңбекке жарамдылығын қалпына келтіруге сұранысы
Табиғат ескерткіштері – ғылыми, әсемдік, білімділік маңызы зор, сирек ұшырасатын немесе көрікті табиғат нысандары.
Табиғи рекреациялық ресурс –табиғаттың құбылысы мен заты, адамдардың сауығуына және демалуына біршама уақыт пайдалануға болатын белгілі бір мөлшерде рекреациялық қызметке сай жабдықталған қасиеттері бар табиғи және табиғи-техникалық геожүйе.
Туризм - бұл адамдардың саяхат және тұрғылықсыз жеріне бару үдісінде пайда болатын қатынастар мен көріністер жиынтығы.
Ұлттық парк - табиғаты көп бұзылмаған, әсем нысандары бар, қорғауға алынған аумақтардың бірі. Мұнда демалушылардың келуіне рұқсат етіледі
Халықаралық турист- өзінің тұрғылықты жері болып саналмайтын, елде 24 сағат және оданда көп болған тұлға.
Экскурсант- бір жерге баратын немесе тұрған аймаққа барып, бірақ түнеуге қалмайтын тұлға
Типтік оқу бағдарламасы
Түсініктеме хат
Жоғарғы оқу орындарындағы география факультеттерінде география мамандығын жан-жақты меңгеру үшін бірнеше пәндер оқытылады. Сондай пәндердің біріне «Рекреациялық география» жатады. Пәнді оқып үйренудің негізіне мемлекетіміздің рекреациялық шаруашылығының даму деңгейі, олардың алғы шарттары, қоршаған ортаны қорғаудың жолдары, шаруашылықтың экономикалық, экологиялық тұрғыдан тиімділігі және басқа да проблемалары қарастырылады. Рекреациялық география пәні экономикалық география, физикалық география, медициналық география, картография, математика пәндерімен байланыса отырып зерттеу объектісін қалыптастырған.
Негізігі зерттеу объектісі:
Курсты оқып үйрену барысында студенттерге төмендегідей міндеттер жүктеледі;
Студенттердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.
Рекреациялық географияны оқып үйренгеннен кейін студент білуі қажет:
Рекреациялық географияны оқып үйренгеннен кейін студент игеруі қажет:
П Ә Н Н І Ң М А З М ҰН Ы
Рекреациялық географияны оқып үйрену белгілі бір реттілік тақырып арасындағы байланыс ескере отырып жасалынған. Пән кіріспеден және рекреациялық саланың дамуынан, оның негізгі типтеріне, ресурстарына, рекреациялық зоналарына сипаттама беруден және қазіргі кездегі республикамыздағы рекреациялық шауашылықтың дамуы және алға қойылған іс-шаралардан, рекреациялық зоналарынан тұрады.
Лекциялық сабақтардың мазмұны
Кіріспе .
Рекреациялық география және әлеуметтік географиялық ғылым
Рекреациялық география туралы түсінік. Рекреациялық географияны дамыту оны ұйымдастыру. Рекреациялық географияның негізгі проблемасы, оны шешу жолдары. Рекреациялық географияның игеру объектісі территориялық рекреациялық жүйені оқып үйрену, оның негізгі типтері. Емдік, сауықтыру, спроттық және танымдық типтерге жалпы шолу жасау.
Рекреациялық географияның зерттелу методикасы және басқа ғылымдармен байланысы.
Рекреациялық географияның зерттелу методикасы, оның дамуындағы негізгі заңдылықтар, қоғам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас, олардың байланыстары. Рекреациялық географиядағы бос уақыт оған берген К.Маркстің анықтамасы. Рекреациялық жұмыстармен туристік сфераның айырмашылықтары мен ұқсастықтары, олардың арасындағы байланыс. Рекренаттарды есепке алудың методикасы. Ондағы негізі проблемалары, оны шешу жолындағы ізденістер. Рекреация ғылымының басқа ғылымдармен байланысы. Физикалық география, экономикалық география, медициналық география және т.б.
Рекреация-әлеуметтік экономикалық құбылыс.
Рекреацияның дамуы және қалыптасу кезеңдері. Орта ғасырлардағы теңізшілердің саяхатқа шығуы және Афины қаласындағы Олимпиадалық ойындардың рекреациялық қозғалыстардың дамуына әсері. Алғашқы темір жолдар, теңіз жолдары және автомобиль жолдары ашылуының рекреацияның қарқынды дамуына тигізген әсері. Англиядағы ресми туристік саяхатшылардың т.б. халықаралық туризмнің экономикалық тиімділігі.
Рекреациялық ресурстар
Рекреациялық ресурс дегеніміз не? Табиғаттың рекреациялық мүмкіншілігі мен жағдайы. Табиғи рекреациялық ресурстардың экономикалық тұрғыдан бағалануы. Бағаланудағы негізгі проблемалар. Табиғи кешендерге түсетін рекреациялық жүкті анықтаудың методикасы. Табиғи территорияларды рекреацияға пайдаланудағы пайдалы және зиянды жақтары. Рекреацияның табиғатты қорғаудағы алатын орны. Мәдени тарихи рекреациялық ресурстар.
Рекреациялық сұраныс
Рекреациялық сұраныстың ұйымдастырылуына қарай негізгі типтері; жалпы қоғамдық, группалық және индевидті сұраныстың зерттелу методикасы және бағыты. Рекреациялық сұранысқа әлеуметтік-экономикалық, медициналық-биологиялық тұрғыдан баға беру.
Рекреациялық жұмыс оның құрамы мен классификациясы
Рекреациялық жұмыстың қоғамдық ерекшелігі. Бос уақытты пайдалана отырып адамның өзін-өзі қалпына келтіру және дамыту функциялары. Емдік рекреацияның, спорттық рекреацияның және танымдық рекреацияның түрлері.
Рекреациялық территорияның негізгі типтері
Елді мекендер арасындағы рекреациялық территорияны дамыту, оның негізгі түрлері, теңіз жағалаулық аудандар. Емдік-санаториялық курорттар, тау шаңғысы туристік кешендер. Табиғи рекрациялық саябақтар мен Ұлттық саябақтардың рекреациялық территорияларды дамытудағы маңызы, олардың Ұқсастықтары мен айырмашылықтары.
Рекреациялық сала, оның территориялық ұйымдастырылудағы және дамуындағы жағдай мен фактор.
Рекреациялық саланың жалпы еңбек бөлінісіндегі орны және рөлі, басқару орны және құрылымы. Рекреацияға қызмет көрсететін негізгі мекемелер. Рекреациялық саланың территориялық Ұйымдастырылуындағы негізгі фактор мен жағдай, әлеуметтік экономика. Табиғи және рекреациялық ресурс, территорияның сиымдылығы, территорияның рекреациялық потенциалы, туристік инфрақұрылымның даму деңгейі.
Рекреациялық аудандастыру.
ТМД-ның рекреациялық зоналары.
Рекреациялық аудандастырудың методикасы мен принциптері. Аудандастырудағы негізгі проблемалар. ТМД-ның рекреациялық зоналары мен аудандары,1.2.3.4 рекреациялық зоналар. ТМД территориясындағы демалуға арналған табиғи-территориялық кешендер.
Қазақстандағы рекреациялық жұмыстардың даму бағыттары және рекреациялық зоналары
Республикамыздың табиғат жағдайына қысқаша шолу жасау. Рекреацияны дамытудағы қолға алынып жатқан іс-шаралар. Дамытуға кедергі келтіретін проблемалар. Территориямыздың рекреациялық мүмкіншілігі мен қолайлы жерлері. Қазақстанның табиғи-тарихи ресурстары. Негізгі рекреациялық зоналарына сипаттама.
ПРАКТИКАЛЫҚ-СЕМИНАР САБАҚТАРДА ТОҚТАЛАТЫН НЕГІЗГІ СҰРАҚТАР
ТАҚЫРЫПТАРЫ