Қарағанды облысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 13:45, реферат

Краткое описание

Ең алғаш рет қонақ үй өнеркәсібі түсінігі антика заманында қолданыла бастаған. Антика заманы тарихи ғасыр ретінде белгілі. Бұл мәдениет әлемі және қайталанбас тағдырымен және жекелігімен тарихи ортада өмір сүрген адамдар әлемі. Адамдар осыған дейін түрлі антикалық заманда өмір сүріп келген және шығуы, әлеуметтік жағдайы, білімі, ерекшеліктері жөнінен теңдей болған емес. Антиканың «алтын шынжыр» мұрасы ғасырлар мен халықты бір жерде тоғыстырады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР.docx

— 237.18 Кб (Скачать документ)

Соңғы жылдары қосымша  құнды арттыру теориясы қарқынды түрде жасалуда.

Кез келген деңгейдегі фирмаға  иелені қызметі мен басқару және бақылау қызметі арасындағы үзіліс тән, бұл бірқатар жаңа басқару теорияларының  пайда болуына әкеледі. Негізінде  фирма иелері мен басқарушы тұлға  мүддесінің қайшылығы жататын өкіметіліктің  беру теориясы өте танымал. Мұнда  фирмаға тікелей қатысы бар жеке тұлғалардың екі үлкен тобының-иеленушілер (акционерлер, қатысушылар) мен басқару  тұлғасының оңамалануы жүреді. Олардың  мүддесі барлық уақытта сәйкес келе бермеуі мүмкін бұл әсіресе болашақтық шешімдерді сараптаумен байланысты, олардың кейбірі ағымдық кірісті  қамтамасыз етеді, ал келесілері-келешекке  есептелген.

Қызығушы топтар теориясы аталған теорияның бір түрі болып  табылады. Кез келген фирманың қызмет көрсетудегі мақсаты фирмаға  тікелей не жанама қатысы бар заңды  және жеке тұлғаларды шиеленісті мақсатын үйлестіру. Сондықтан турфирма кірісті  арттыруға ұмтылып қана қоймай, өз жұмысшыларының әлеуметтік жағдаймен, қоршаған ортаны қорғаумен және т.б. айналасуы керек. Ұйымды өте тиімді ету үшін көптеген қатысушылардың бір-біріне қайшы мүдделерін есепке алу керек. Сондықтан ұйымдастыру тиімділігінің шарттары қатысушылар құрамы мен олардың мүдделеріндегі өзгерісті бейнелей отырып, үнемі өзгереді. Сонымен, жеке мешіктер салынған кірісті бағалайды және көбейтуге ұмтылады. Несие берушілерді оқшаулық, салым келешегі, қаржы тәуелші қызықтырады. Кәсіподақтар еңбек келісімінің шарттарын анықтау үшін фирма қызметінің тиімділігін бағалайды. Бизнеске қатысушылармен қатар, мекеме қызметінің тиімділігіне сыртқы ұйымдар мен тұлғалар («аутсайдерлер») тікелей және жанама бақылау жүргізеді. Олай болса, нарықтық экономика жағдайында тиімділікке бизнеске қатысушылар, аутсайдерлер, мемлекет жасаған көпқырлы бақалау ғана мекеме үшін экономикалық орта жасайды, мұндағы тиімді қызмет-мекеменің өмір сүруі мен қызмет көрсетуіне қажетті жағдай, менеджерлердің міндеті-акционерлердің , жұмысшылардың, несие берушілер мүддесінің арасында, статистикалық және динамикалық, ішкі және сыртқы тиімділік арасындағы теңдікті қамтамасыз ету. Олай болса, менеджерлер ұйым тиімділігіне динамикалық категория ретінде қарау керек және үнемі өзгерістерге дайын болуы тиіс ҚТК мекемесінің тиімділігіне қадамдардың бірі жалпы жүйелі модельге негізделген. Оның шеңберінде ұйымдасқан әрекет жүйесіне түсетін негізгі құрамдас элементтер сыртқы ортамен байланысты: шектеу, талап пен мүмкіндіктер; ұйым ресурстары; оның тарихы. Басты кіріспе элемент болып мекеме стратегиясы табылады. Жүйенің шығысында мекеменің стретегиялық міндетімен үйлескен қызмет тиімділігі бар. Негізгі сызбамен сәйкес мекеме кіріспе элементтерді алатын және оларды шығушы элементтерге таситын механизм ретінде қарастырылады. Мекеме сараптамасындағы негізгі объекті болып түрлену үдерісі табылар. Бұл модельде мекеме төрт компоненттің құрамында қарастырылады:

  • орындау қажет міндет не жұмыс және олардың негізгі сипаттамалары;
  • тапсырманы орындау міндетімен жұмысшылар;
  • мотивация жасайтын және тапсырманың орындалуына ықпал ететін формалды ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

мекеме қызметінің шынайы жағдайынан көрініс беретін формальды  емес ұйымдық құрылымдар. 

 

 

  

 

 

 

3 Қазақстан Республикасының  туризм инфрақұрылымын дамытудың  болашақтағы бағыттары

3.1 Қазақстандағы  халықаралық туризмдi дамытуға  бағытталған мемлекеттiк саясат 

Туризмдегi мемлекеттiк реттеу жұйесiн жетiлдiру туристiк қызметтi жұзеге асырудың өзгерген әлеуметтiк-экономикалық жағдайларға толық жауап беретiн  мақсаттарына, қағидаттарына және мiндеттерiне сай жаңа көзқарастарды талап  етедi. Бұгiнгi таңда атқарушы билiк  органдары мен туризм саласында  әрекет ететiн ұйымдардың арасындағы озара iс-қимылды реттеудегi мемлекеттiң  рөлiн арттыру қажет. Саланы орталықтандырып  басқару Қазақстан Республикасының  Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiне жұктеледi. Туризмдi кешендi дамытудың  табысты iске асырылуын қамтамасыз ету саланы мемлекеттiк басқару  әдiстерiн дұрыс таңдауға тiкелей  байланысты. Қазiргi уақытта, саланы мемлекеттiк  реттеу мынадай шараларды жұзеге асыруға бағытталуға тиiс:

-       Республикалық және аймақтық деңгейлерде туризмдi дамыту саясаты мен жоспарлауды ұйлестiру;

-       туристiк индустрия саласындағы қарым-қатынасты ретке келтiру мен жетiлдiруге бағытталған заңнамалық және нормативтiк құқықтық базаны қамтамасыз ету;

-       сапалы туристiк өнiмнiң ажырамас бөлiгi ретiнде туристердi қорғауды және олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;

-       статистиканы және зерттеу қызметiн жетiлдiру;

-       бiлiм және оқу стандарттарын қоса алғанда, туризмге арналған кадрларды кәсiптiк даярлау;

-       туризм саласында мұдделi министрлiктер мен ведомстволар, сондай-ақ мемлекеттiк және жеке секторлар арасында жоғары деңгейдегi ұйлестiрудi қамтамасыз ету;

-       халықаралық туризмдi дамытудың нақты аудандарында жердi пайдалануды және құрылыс салу нормаларын қолдануды бақылау;

-       тарифтердi, туристiк ұйымдардың, тасымалдаушылардың қызметiн лицензиялауды, туристiк объектiлердiң сапасын және қызмет көрсетудiң стандарттарын бақылау;

-       ел беделiн қалыптастыру - Қазақстандық туристiк өнiмнiң маркетингi және жылжытылуы жөнiндегi басым шараларды белгiлеу, оның iшiнде туристiк көрмелердi және басқа iс-шараларды ұйымдастыру;

-       халық арасында туризм құндылықтарын және қоршаған ортаны корғауды насихаттау;

-       халықтың тұрлi әлеуметтiк-демографиялық санаттары мен топтары арасында әлеуметтiк туризмдi дамыту үшін қолайлы жағдай жасау;

-       визалық және кедендiк рәсiмдердi барынша оңайлату;

-       мемлекеттiң туристiк көрнектi орындарын құру және қорғау;

-       туризм инфрақұрылымының аса маңызды базалық компоненттерiн жасау.

-       Туризмдi дамытудың мақсаты:

-       сапасы, халықаралық туристiк рынок жағдайында өндiруге, сатуға және бәсекелестiкке төтеп беретiн өнiм өндiруге және сатуға кабiлеттi, рентабельдi туризм индустриясын құру жолымен туризмдi экономиканың табысы жоғары салаға айналдыру;

-       Республиканың туристiк әлеуетiн арттыру;

-       тарихи-мәдени және табиғи-рекреациялық ресурстарды сақтау және ұтымды пайдалану;

-       халықтың барлық жiктерiнiң туристiк ресурстарға қол жеткiзуiн қамтамасыз ету, туристiк қызмет көрсетуге деген сұранысты барынша қанағаттандыру;

-       тұрғындардың жұмыспен қамтылуын ынталандыру;

-       мемлекеттiк және жеке құрылымдардың туризм саласындағы өзара бiрлескен iс-қимылының тиiмдiлiгiн арттыру;

-       шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту болып табылады.

-       Республикада халықаралық туризм саласын дамыту мынадай қағидаттардың негiзiнде жұзеге асырылады:

-       әрбiр адамның демалу және бос уақытын өткiзуге деген құқығын iске асыруы;

-       халықтар мен мемлекеттер арасындағы өзара түсінiстiк пен ынтымақтастықтың iзгiлiк сипатын, бейбiтшiлiк пен сыйластық, нәсiлiне, жынысына, тiлi мен дiнiне карамастан, адам құқықтары мен негiзгi бостандықтарын сақтау;

-       әдiлеттiк пен егемендiк, саяси, экономикалық және әлеуметтiк жұйесiне қарамастан, мемлекеттердiң iшкi iсiне кол сұқпау;

-       қоршаған ортаға және мәдени игiлiктерге ұқыпты қарау;

-       әлеуметтiк тепе-теңдiк пен даму, жеке адам мен қоғамның игiлiгiн арттыру;

-       туризмдi тұрақты дамыту.

-       Алға қойылған мақсаттарды iске асыру үшін мынадай мiндеттердi шешу қажет:

-       туризм саласындағы мемлекеттiк саясатты жандандыру;

-       туристiк қызметтi реттеу жұйесiн жетiлдiру;

-       туризм индустриясының құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негiздерiн одан әрi дамыту;

-       туристiк рынокты демпингке қарсы және мемлекеттiк қолдаудың басқа да шараларын қабылдау арқылы қорғау;

-       туристердiң кауiпiздiгiн қамтамасыз ету;

-       тартымды туристiк объект ретiнде Қазақстанның беделiн қалыптастыру;

-       ақпараттық қамтамасыз ету жұйесiн жетiлдiру;

-       туризм саласындағы ғылыми зерттеулердi терендету;

-       туризм саласындағы қызмет көрсетудiң статистикалық есебiнiң әдiснамасын халықаралық стандартқа сәй№   кестендiру;

-          туристiк объектiлердi қайта жаңғырту мен салу үшін отандық және шетелдiк инвестицияларды тарту жолымен туризм инфрақұрылымын дамытуды ынталандыру;

-          туристiк кызметтi стандарттау, сертификаттау мен лицензиялау негiзiнде туристерге қызмет көрсетудiң сапасын арттыру;

-          туризм саласындағы кадрлар даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыру жұйесiн дамыту;

-          туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту;

-          қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi шараларды қамтамасыз ету, терiс әлеуметтiк әсерлердi бәсеңдету және мәдени мұраны сақтау;

-          туризм саласындағы келеңсiз ұрдiстерден арылу.

Халықаралық туризмнiң даму процесi туристiк қызмет ұсынысы  мен оған деген сұранымның өсуi және бұл қызметтермен айналысатын кәсiпорындардың  материалды-техникалық базасының даму қарқынының жеделдетуiмен анықталады. Бұл өз кезегiнде салалық-экономикалық ғылымның мәселесiн методологиялық негiзде нақты экономика тұрғысында жетiлдiрулерiн қажет етедi.

Ғылым мен техниканың дамуы  адам тұрмысының барлық негiзгi жақтарын қамтиды: өмiр сүру деңгейi, адам мен  табиғат арасындағы қатынас және т.б. 

Өндiрiс күшiнiң дамуының белгiлi бiр сатысында қоғамдағы  адамдардың қажеттiлiгi мен мүмкiндiгiн  салалы түрде қарастыруға мүмкiндiк  бередi. Бос уақыт құрылымының  маңызды элементтерiнiң бiрi адам мен қоғам қажеттiлiктерi  көзқарасы бойынша туризм болып есептеледi, себебi ол адамның психикалық және күш қайратының қалпына келтiруге мүмкiндiк бередi. Осыған байланысты туристiк қызмет халыққа мәдени қызметтi көрсететiн сала ретiнде кең дамуда. Қызмет шеңберiнде ғылыми –техниканың дамуы әсер етедi. Сондықтан қызмет саласының матариалдық өндiрiсi мен қоғамның рухани қажеттiлiгiн қарама-қайшы қоюдың қажеттiлiгi жоқ. 

Қазiргi кезде қызметке деген  қажеттiлiк пен қызметтiк тұтынудың  өсуi қоғамдық өндiрiстiң тиiмдiлiгiн  жоғарылатуға әсер ететiн маңызды  факторға айналуда. Бiрақ туристiк  қызметтiң әсерi жанама және қайта  өндiру, сондай-ақ еңбек ресурстарын  жетiлдiру есебiнен байқалады. Осылайша сала ретiнде халықаралық туризмнiң  дамуы қоғамның негiзгi экономикалық заңдылықты қалыптастырудың формасы  болып табылады. Туристiк экономикалық қызметтiң динамикалық саласы бiр  жағынан тiкелей туристiк қызмет өндiрiсiне басқа туристiк кешендердi салуды қондырғы, транспорт байланыс өндiрiсiн, тамақ өнеркәсiбiн, ескерткiш  бұйымдар, сыйлықтар, сувенирлер жасауда  және т.с.с. қамтитын ңтуризм индустриясың ретiнде қарастырылады.

Басқа жағынан туризмдi арнайы тауар түрi туристiк қызмет өндiрiсi ретiнде қарастыруға болады. Мұндай көзқарас бойынша туризм өндiрiстiк  емес экономика саласы ретiнде қарастырылады.  

Өндiрiстiк емес экономика  саласын зерттеу затын өндiрiстiк  қатынастар құрайды. Бiрiншiден бұл  жүйе құрамына өндiрiстiк күштер мен  шектi байланыстық негiзде өндiрiстiң  жеке және заттай факторлар бiрiктiру жолымен өндiрiс процестерiн жүзеге асыратын қатынастар жатады. Екiншiден, өндiрiстiк емес саладағы өндiрiстiк  қатынастан материалдық өндiрiс жүйесiмен  байланысты болады.

Осылайша өндiрiстiк емес саланы өндiрiстiк қатынастары жеке тұтыну қатынасына тиiстi және материалды өндiрiспен тұтас байланыста болып  келедi. 

Туризм – индустриясы  бiр-бiрiне тығыз байланысты кәсiпкерлер  мен кәсiпорындар арасындағы жүйе, туристке туристтiк процесс кезiнде барлық тұтынылатын туристтiк қызметтердi, тауарларды ұсынушы. 

Әлемдегi туризмнiң жаппай дамуы туризм индустриясымен қосалқы  шаруашылықтарды ғылым мен мәдениеттi бiлiм беру жүйесiн тез қарқынмен  дамытуда. Осыларды қорыта айтқанда туристiк  индустрия қонақ-үй мен орналастыру  орындарының транспорт құралдарының қоғамдық тасымалдау, қоғамдық тамақтандыру объектiлерiмен танымдық, емдiк, спорттық, сауықтыру, дiни-мәдени, iсерлiк және т.с.с. ұйымдастырудың, туроператорлық және турагенттiк қызмет, сонымен  қатар туристiк-экскурсиялық қызмет пен гидаудармашы қызметiн ұсынушы  ұйымдарды да қамтиды. 

Халықаралық туризмдi ұйымдастыруға  екi түрлi туризм сферасындағы кәсiпорындар мен кәсiпкерлер қатыса алады. Олар: туроператорлар және турагенттiк. Былайша  айтқанда олар туристiк қызметтi өндiрушi арасындағы соңғы функцияны орындайды. Бұл қызметтер олардың көрсететiн  қызметi болып саналады. 

Туроператор заңды немесе жеке тұлға туристiк өнiмдi негiздеу жұмысын, оның рыноктағы қозғалысын және реализациясын қадағалайды. Туроператордың алдыңғы екi функциясы түсiнiктi ендi осыларды кеңiрек тарқатсақ. Туристiк  өнiмдi негiздеу түсiнiгiнде ұсынатын қызметiн сапасына, құнына, жұмысы мен  қызмет қарқынына және оларды ұсыну  жайында келiсiмшартты түзу, брондау, т.с.с. қызметтер кiредi. Ал қозғалыс түсiнiгiнде қызмет пен тауарды  турды жарнамалау, потенциалды тұтынушының  тұтыну қабiлетiн қанағаттандыру т.с.с. бiрқатар қызметтер кiредi. 

Соңғы функциясы тереңiрек  түсiнудi қажет етедi. ңреализацияң терминi екi түрлi қасиетке ие.

  1. Сату.
  2. Пайдалану.

 

 Классикалық жүйеге туроператорлық қызмет, туристiк өнiмдi тек қана көтерме  саудамен турагентке сатушы. Өз кезегiнде  турагент көтермемен сатып алушы. Одан кейiн ол бұл өнiмдердi аудандар мен  аймақтарға жергiлiктi турагенттер арқылы сатушы. 

Тұтынушы туристке жеке турды  әрине турагент сатады. Туризм сферасы  кәсiпорындарының арасында тәжiрибе жүзiнде  туроператор 5 ал турагенттер 95 пайыз  болады. Сонымен қатар туроператорлар туристiк өнiмдi тұтынушының толық  пайдалануына жауапты, себебi тұтынушы қызмет көрсету пакетiн туроператор  алады, ал пакетте көптеген әртүрлi кәсiпорындардың қызметтерi кiредi. Жауапкершiлiк  туроператорға кепiлдiк берудi қарастырады. Дамыған елдерде жауапкершiлiктiң  әртүрлi деңгейiне байланысты құн төленедi.  

Информация о работе Қарағанды облысы