Қарағанды облысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 13:45, реферат

Краткое описание

Ең алғаш рет қонақ үй өнеркәсібі түсінігі антика заманында қолданыла бастаған. Антика заманы тарихи ғасыр ретінде белгілі. Бұл мәдениет әлемі және қайталанбас тағдырымен және жекелігімен тарихи ортада өмір сүрген адамдар әлемі. Адамдар осыған дейін түрлі антикалық заманда өмір сүріп келген және шығуы, әлеуметтік жағдайы, білімі, ерекшеліктері жөнінен теңдей болған емес. Антиканың «алтын шынжыр» мұрасы ғасырлар мен халықты бір жерде тоғыстырады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР.docx

— 237.18 Кб (Скачать документ)

 Ал люкс  нөмір   1400 долларға дейін жетеді.  Бұнымен  көбінесе сапарға       келген президенттер қолданады. Жергілікті жердің экзотикасына қызығушылар, халықаралық стандартқа үйреніп қалғандар қолданады. Бес жүлдызды отельдерде шетел азаматтарына барлық керек нәрсе бар. Әрине бағасына сай. Жиі келіп тұратын шетел азаматтарына шамалы жеңілдіктер болады.   

 «Достық» отелі шетел  азаматтарына өте қызықты. "Интерлюкс  отелі, бұл қала сыртындағы  Алатау санаториінде орналасқан. Мұнда советтік партияның қол  басшылары, мәр-мәр залда жүргенін  көресіздер. «Алия», «Уют» орташа  қонақ үйлері бар. Конақтар  көбінесе орташа елдерден Өзбекстаннан, Қырғызстаннан келеді. Жоғары таулы  отель "Ворота", "Туюк су". Бүл керемет пансион Швейцариядағы  альпілік қонақ үйге үқсас  болып келеді. Отель өте ыңғайлы  және қолайлы. Әр нөмірлерінің  қабырғалары ағаштан ойылып салынған.    

 «Анкара» - қонақ үйі.  Алматы қаласының орталығы, Президент  сарайына қарама-қарсы орналасқан. Бүл қонақ үйде 290 жабдықталған  нөмірлер бар.Оның ішіде люкс  нөмірлерінде халықаралық телефон  байланысы, мини барлар, көп бағдарламалы  музыкалық жүйе, спутникті ТВ, бағдарламалармен  жабдықталған. Қонақ үй құрамына 5 мейманхана және барлар кіреді. Сонымен қатар бассейн, денсаулық  клубы, туристік агенттік, шаштараз, казино, түнгі клубтар бар. Алматы  қаласындағы ең үлкен залдардың  бірі осында орналасқан. «Премьер-Медеу-Интернейшнэл»  - қонақ үйі - Алматы қаласының  орталығынан 15километр, ал әуежайдан  50 минуттық жерде орналасқан. Қонақ  үйде 129 нөмірлер бар. Оның ішінде 126 жай нөмір, 3 люкс нөмірі кіреді. Бұл нөмірлердің барлығы халықаралық  телефон жүйесімен, спутник ТВ, мини барлармен жабдықталған. Қонақ  үйде жоғары мамандандырылған  қызметкерлер жүмыс атқарады.   

 «Медеу» қонақ үйі  өзінің клиенттеріне қиындықсыз  келісімге отыруына көмектеседі.  Қонақ үйде 2 конференц залы, 10-80 адамға  арналған, жоғары класстағы мейманхана  бар, сіздерге сусындар мен  шығыс және еуропа асханасын  қызмет көрсетеді. Сіздерге жыл  бойы демалуға мүмкіндік жасайды.  Кімде-кім таза ауада демалуды  ұнатса, қыс кезінде шаңғы, конькимен  мұз айдынында сырғанауға болады. Бұл мезгіл қарашаның аяғынан  басталып сәуірдің басында бітеді. Бұдан басқа, қонақ үйден 30метр  жерде бассейн орналасқан.   

 «Премъер-Алатау» қонақ  үйі – Алматы қаласында 1974 жылы құрылған. Қонақ үйде 185 нөмір  бар. Олардың ішінде қазіргі  уақытта 83 нөмір белсенді жүмыс  атқарады. 5 жартылай люкс және 73 жай нөмірлер бар. Олар халықаралық  стандартпен қамтылған. Ішінде  желдеткіш, телевизор, телефон,  мини барлар бар.    

 Барлық саяхаттар туристерді  орналастырумен басталады. Өйткені  қонақ үйлер туристердің демалу  орны болып саналады. Сондықтан  онда әдемі жақсарған және  туристерге ұнау үшін барлық  жағдай жасалған. Орналасуы әдемі  туристік-рекреациялық жерлерге  үқсас болып келеді.    

 Қарағанды облысында  30-ға жуық қонақ үй бар. Ең  халықаралық стандартпен жасалған  «Созвездие»» отелі. "Созвездие"  люкс отелі сәулеткерлік өнермен  жасалған 8 қабатты ғимарат. Бүл  отель экологиялық таза ауданда  орналасқан және парк зонасында  аквалендпен этнопаркпен қоршалған.  Табалдырықтан аттай бастағанда, сізді жоғары дәрежедегі ыңғайлы  қонақжайлылық күтіп түрады.     

 «Люкс» отель әрбір  жеке клиентке көңіл бөледі. Отельде  жоғары мамандандырылған қызметкерлер  жүмыс атқарады. Бүл жерде Қазақстандағы  жалғыз бильярд спорт орталығы  орналасқан. Сіздерді өте жоғары  деңгейдегі әр түрлі асхана  тағамдарымен қамтамасыз етеді.  Сауна, джакузи ыңғайлы демалыс  бөлмесі бар. Отельде VІР және  люкс нөмірлер евро дизайнмен  жасалған. Мұнда желдеткіш, мини  бар, телефон, телевизор бар.  Бұл отель осы уақытқа дейін 2267 қонақтарды қабылдады. Отельге әйгілі суретшілер, саясаткерлер, халықаралық бильярдтан турнирге қатысушылар, әйгілі фирмалардың басшылары келеді.      

 Жезқазғанда 4 қонақ  үй халықаралық класта қызмет  көрсетеді. "Байқоңыр" - "5" жұлдызды  қонақ үй. 1999 жылы желтоқсанда  қонақ үй "Казақмыс корпорациясының"  меншігіне кірді. Қайта қалпына  келтіру жүмыстары жүргізіліп 2000 - шы жылы іске қосылды. Қонақ  үй - Кеңгір су қоймасының жағасында  орналасқан. Барлық қонақтарға ыңғайлы  болып саналады. Бүл жерде 20 орын, соның ішінде VІР нөмірі; 2 люкс, 8 жартылай-люкс, 9 бір адамдық жоғары  категориялы орындар бар. Қонақ  үй желдеткішпен, таза сумен және  әрбір нөмірде телефон, телевизор,  мини барлар бар. Конференц  залы аудиовизуалды техникамен  жабдықталған. Зал іскерлік кеңесуге  арналған. Қонақ үйде хол және  қысқы оранжерея бар. Осыған  қоса 150 орынға арналған мейманхана, 36 орынға арналған кіші банкет  залы кіреді. Бүл жерде ұлттық  жөне халықаралық асхананы көруге  болады. Жазда ашық ауада терассада  отыруға болады. Демалуға арналған  бассейн, сауна, бильярд ойнау  залы бар. Кір жуатын жерлері  соңғы үлгідегі кіржуғыш машиналармен  жабдықталған. "Бизнес-центр" - "3" жүлдызды қонақ үй. Швед фирмасы  салған.  Ол Кеңгір су қоймасының жағасында, қалалық демалыс орнында орналасқан.Бұнда желдеткіш, таза сумен қамтылған нөмірлер бар. Қонақ үй құрамына автокөлік түрағы, 40 орындық мейманхана, 12 орындық конференц залы, емделу кешені кіреді.    

"Металлург" - қонақ  үйі. Бүл қонақ үй 1969 жылы пайдалануға  берілген. Жезқазған қаласының орталығында  орналасқан. Қонақ үйде 10 адамға  арналған 11 орын, 4 бар, жоғары категориядағы  2 нөмір бар. Қонақ үй құрамында  40 орындық кафе, 25 орындық жазғы  кафе бар. Қонақ үйде іскерлік  комплексінде 23 адам жұмыс атқарады. Бұл жерде ақылы қызметтер:  сауна, бильярд, кір жуатын  жер, мейманхана, кафе. Барлық қызметтер  жоғары деңгейде   орындалады. 

 

1.2 Қазақстан Республикасында  туристік саланың қонақ үй  қызметі аясында  дамуы

Терең ғылыми зерттеуді, талдауды және жүйелендіруді қажет етіп отырған, туризм құбылысының, туристік саланың  елімізде дамуының, туристік қызметтің  жұмылдыра көрсетілуінің басты  себеп-салдары ретінде көрінуі  және адамдардың әл-ауқатын жақсартудағы әлеуметтік-экономикалық мәселелерді  қозғауы, осы бөлімде оларға негізделе  тоқталуымызға түрткі болды.

Отандық ғылым «туризмді», белгілі бір аймақтарды, елдерді  тану мақсатымен жасалатын саяхатты білдіретін белсенді демалыс түрі ретінде  сипаттайды. Түсінік берудегі келістерді қорытындыласақ, онда «туризмді» адамдардың тұрақты мекен-жайларынан тыс жерлерде уақытша тоқталуы немесе саяхат жасауы нәтижесінде пайда болатын қатынастар жүйесі ретінде анықтауға болады. Жалпылама сипат алған бұл  анықтама, аталмыш құбылыстың әлеуметтік және экономикалық аспектілерін қозғамай, бейнелеумен ғана шектелген. Алдындағы  тарауда қозғаған ойлар мен қарастырылған  әдебиеттердің негізінде, диссертант, туризмге өзінің рухани және басқа  қажеттіліктерін қанағаттандыру, дене мен мінезқұлықты саулығын нығайту, қоршаған ортаның жаңаша әсерін тану мақсатымен, туристік қызметті тұтыну негізінде туристің бос уақытты  пайдалануы ретінде анықтама береді.

Қазіргі заман ғалымдарының ішінен алғашқылардың бірі болып, туризмге экономикалық құбылыс ретінде назар  аударған П.Ротоу, елдер дамуындағы экономикалық кезеңдер мен олардағы туризмнің даму ерекшеліктері арасындағы корреляцияны анықтау арқылы ұсынған  үлгісі бүгінгі күнге дейін экономистермен мойындалуда. Халықаралық рынокқа  туристік қызметпен шығу, экономикалық әлуеті жоғары, дамыған елдер үлесіне  тисе, онда туризм «орта кластың» өркендеу белгісіне және жаппай тұтыну өніміне  айналған. П.Ротоудың болжамына сәйкес, рынок жолына түскен дамушы елдерде, ал бұған біз өз кезегімізбен Қазақстанды енгіземіз, қызметтер аясындағы мультипликативті табыс құралы, тұрғылықты халықты жұмыспен қамту және инфрақұрылымның даму құралы болатын, ішкі туризмнің дамуына жағымды әлеуметтік-экономикалық жағдайлар туындап отыр. Теориялық тұжырымдар мен жорамалдарға сүйенбей, статистикалық мәліметтерге жүгінетін, бүгінгі күнгі туристік қызмет аясының ел экономикасына ықпалын бейнелейтін үлгілер, экономикалық тұрғыдан ғана ұсынылып, әлеуметтік жағы назардан тыс қалған.

Қазақстанның өтпелі кезеңнен кейінгі туризм саласының, халыққа  ұсынылатын туристік қызметтер жағдайының әлі де болса тұрақтанбауына қоғамның саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайын реформалау процесі ауқымды үлесін қосты. Қазіргі туристік аядағы «қайшылықтар»  қайдан   пайда   болғанын   анықтау   үшін,   өткен   бірнеше   жыл   ішіндегі Қазақстандағы осы саланың даму процесін қарастыру қажет.

Арнайы әдебиеттерде туристік қызметтер аясы Қазақстанда XX ғасырдың бас кезінде пайда болғандығы жайлы сөз етілген. Туристік сала, халық шаруашылығының барлық салалары секілді кешегі күнге дейін орталықпен қатаң түрде басқарылып келген. Қазақстанда  халықаралық туристік қызметпен  алмасудың бастамасы ретінде, ресми  түрде шетелден келген 25 қонақты  қабылдауымен ерекшеленген 1956 жыл белгіленеді. Тап осы жылы КСРО, сол кездегі  БҰҰ-да әрекет еткен ресми туристік ұйымдардың Халықаралық Одағына  мүше болып кірген болатын. Қарастырылып отырған, екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезең, туристік саланың  индустриализациясы мен монополизациясы  кезеңі болып табылады. Экономиканың жалпы дамуы мен соның ішіндегі туристік қызмет саласына тиісті маңызды  шешімдерді орталық мемлекеттік  органдар қабылдады. Халықаралық және ішкі туризмнің жоспарлы даму міндеттері әртүрлі Орталық органдарға бекітілді: жас өспірімдер және спорттық туризм мүдделері туристік-экскурсиялық, кәсіподақтық және қоғамдық органдардың құзырында  болса, ішкі туризм мәселелерін - кәсіподақтар қарастырса, халықаралық - әртүрлі қалаларда  өз бөлімшесі және шетелде өкілеті  бар жеке ұйымдарға бекітіледі; ал жастар туризмін Орталық жастар ұйымы  ұйымдастырады.

1962 жылы туристік-экскурсиялық  басқару негізінде, туристік саланы  жаппай дамыту міндетін алған,  туризм мен экскурсиялар бойынша  кеңес жүйесі құрылған болатын.  Туризм мен экскурсия бойынша  кеңестің қызметі Орталық Кеңеспен  реттелініп отырған, ал олардың  құрылуы елдегі туристік-экскурсиялық  қозғалыс ауқымының кеңеюіне  жол ашты. 1965 жылы Қазақстан мен  барлық Одақтас республикаларда  туризм бойынша Кеңестер ұйымдастырылып, туристік саланың материалдық  базасы біршама кеңейтіледі. Алматы, Қарағанды, Орал, Шымкент, Шығыс  Қазақстан облыстарында алғашқы  кездері тек жалға алынған  көлік құралдарымен жұмыс істеген,  саяхат пен экскурсия бюролары  пайда болған. 70-жылдардың орта  кездерінде Қазтур Кеңесінде  шетел туристерін қабылдау мен  оларға қызмет көрсету бойынша  бюролар жүмыс істей бастайды.

Алматы, Жамбыл (қазіргі Тараз), Шымкент, Қарағанды және Целиноград (қазіргі Астана) қалаларында «Интурист» атты Бүкіл Одақтық акционерлік  қоғам агенттіктері ашылды. Ол КСРО-ның  Министірлер Кеңесіндегі шетел  туризмі бойынша бас басқармасына бағынышты болды. Сол жылдары  біздің отандастарымызды Жерорта теңізінің  жағалауындағы - Греция, Түркия, Тунис, Мальта, Испания, Франция, Ұлыбритания, Италия елдері арқылы өтетін, социалистік  елдерге саяхат; Финляндия, Үндістан бойынша өтетін маршруттар қызықтырды. Туристік саланың дамуының жоспарлы реттелуі елімізден шетел валютасы «ағымының» мүмкіншілігін мейлінше азайтты, ал айырбастан тыс келген халықаралық  топтарға туристік қызмет көрсету шетел  валютасының түсімін арттыруға  айтарлықтай әсерін тигізді.

Сол кездегі КСРО-дағы туристік қызметтің негізгі аймақтары  болып Кавказ, Қрым, Балтық жағалауы, Ресейдің тарихи орталықтары мен  Орта Азия саналды. Ал Қазақстанның бірқатар табиғи көрнекті жерлері мен мәдени ескерткіштері, архитектурасы мен  археологиясы мүлдем көңілден тыс қалып қойды. Бүл кездері қазақстандық туризм идеологиялық функция атқаратын мәдени-ағартушылық жұмыс жүйесінің элементтерінің бірі ретінде көрінді. Мемлекеттің туристік саланы экономикалық сала ретінде қарастырмауы, кешенді болжаулардың жүргізілмеуі, ұзақ мерзімді жоспарлардың жасалмауы, Қазақстанда туристік қызмет индустриясының артта қалып қоюының негізгі себептерінің біріне айналды. Сондай-ақ, туристік қызметті аумақтық ұйымдастыру мен мемлекеттік емес туристік құрылымдар көңілден тыс қалды.

Постсоветтік уақыттағы  халықаралық туристік қызметпен  алмасуын шектеу саясаты, оның республикадағы дамуына кедергі жасап, тек ішкі туризм, не болмаса өзара туристік ағымның дамуына әкелді және де ол қалдық принципі бойынша қаржыландырылды.

80-жылдардың орталарына  қарай орын алған түбегейлі  реформалар, социалистік құрылысты  «жылдамдатуы» бойынша дәстүрлі  әкімшілік-әміршілдік шаралар шеңберінде  жүргізілді. Реформаторлық ойдың  негізі мынадай екі нұсқамадан  тұрды:

1.   жылдамдатылған қарқынмен бір бесжьлдық ішінде өркениетті батыс елдерін негізгі технологиялық көрсеткіштер бойынша қуып жету.

2.   социализм жүйесі өз бетінше батыс елдерінің қоғамына қарағанда кіршіксіз, ал оның экономикалық артта қалуының себебін «социализмнің әлуетті мүмкіншіліктерін жеткілікті пайдаланбауында» деп сендіре түсіндіру.

«Ұлы советтік арманды», яғни Америкаға жету және одан асып түсуін жүзеге асыруды алғашқы кезде  социалистік негізге реформалану  арқылы болдыруға тырысты. Осыған байланысты, 1990 жылдың басына дейін советтік машина жасау саласын американдық, жапондық және германдық деңгейге дейін «жылдамдатып»  дамыту, «міндеттен тыс» немесе оңтайлы  бағыт болып саналды. Дегенмен, сол  кездегі экономиканың машина жасау  саласы үшін жабдықтар өндірісін  қажетті қарқында дамытуға дайындықсыздығы, аталмыш жобаның іске аспауына әкеліп, басқа да реформалардың кідіруіне  себепкер болды, Яғни, дәстүрлі социалистік  негізде модернизациялау мүмкіншіліктерінің толық игеріліп болғандығы туралы қорытынды  жасауға болатын еді.

Осындай белгісіздік пен  үрейлену кезінде туристік сала мәселелері әлі де болса жоспарлы тәртіпте үйлестірілуін  жалғастырады. Сол кездері шетелден қонақтарды күтіп алу мен азаматтарымызды  шетелге жіберу ісімен «Интурист» Мемлекеттік  комитеті және «Спутник» халықаралық  жастар туризмінің Бюросы айналысты. Шетелден келген туристердің 60%-нан астамын  бұрынғы социалистік елдердің азаматтары құрады. Сондағы шетел туристерінің ішінде жүргізілген сауалнама нәтижесіне жүгінетін болсақ, олардың отанына  келуінің негізгі мақсаты, саяси  және экономикалық өмірдің  өзгеруіне  байланысты  күшейе түскен елдің     тарихи-мәдени  жағдайына қызығушылықтарының артуы болғандығын байқаймыз.

Информация о работе Қарағанды облысы