Қарағанды облысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 13:45, реферат

Краткое описание

Ең алғаш рет қонақ үй өнеркәсібі түсінігі антика заманында қолданыла бастаған. Антика заманы тарихи ғасыр ретінде белгілі. Бұл мәдениет әлемі және қайталанбас тағдырымен және жекелігімен тарихи ортада өмір сүрген адамдар әлемі. Адамдар осыған дейін түрлі антикалық заманда өмір сүріп келген және шығуы, әлеуметтік жағдайы, білімі, ерекшеліктері жөнінен теңдей болған емес. Антиканың «алтын шынжыр» мұрасы ғасырлар мен халықты бір жерде тоғыстырады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР.docx

— 237.18 Кб (Скачать документ)

 

Тұрмыс деңгейі  көрсеткіштерінің жүйесі 

 

 

 

Интегралды 

 

Халықтың жан басына шаққандағы Ж¥Ө (ЖІӨ) және т.б.

Адам әлуетінің даму индексі, тұрмыс деңгейінің индексі 

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

Табыстар,   олардың құрылымы мен бөлінуі

-   Тамақтану және оның құрылымы

-   Баспанамен қамтамасыздық

-   Денсаулық

-   Білім мен мамандығы

-   Бос уақытты өткізу 

 

 

  

 

Сурет 1- Тұрмыс деңгейі көрсеткіштерінің жүйесі

Тұрмыс деңгейі талдауының кешенді сипаты оның барлық негізгі  компоненттерін қарастыру кезінде  қамтамасыз етіледі. Тұрмыс деңгейі  жалпы үш тұрғыдан қарастырылады:

- өткен жылдар және  кезеңдермен салыстыру;

- тұрмыс деңгейінің ғылыми  нормаларымен салыстыру;

- басқа мемлекеттермен  салыстыру.

Мұнда тұрмыс деңгейінің мәнді  компонентерін ерекше бөлу және дамыған  елдердегі динамикасымен салыстыру  маңызды.

Адамдардың материалды және мәдени қажеттіліктерінің қанағаттанды-рылуының сапасын (бос уақыттың құрылымы, тамақтану  сапасы, қызмет етудің, қоршаған ортаның  сапасы және т.б.) көрсететін тұрмыс сапасы тұрмыс деңгейінің толықтай бағалауға  мүмкіндік береді.

Бұл екі көрсеткіш, яғни халықтың тұрмыс деңгейі мен сапасы -мемлекеттің  әлеуметтік саясатының нәтижелігінің  негізгі көрсеткіштері. Тұрмыс деңгейі  негізінен жан басына шаққандағы нақты табыс көрсеткіші арқылы, яғни адам өзінің номиналды табысына сатып  ала алатын материалды игіліктер  мен қызметтер көлемімен анықталады.. Нақты табыстың өсуі, әдетте, тұрмыс сапасының жақсаруымен жалғасады, ал ол өз кезегімен, әрбір адамның  сапалық сипатына оңды.әсер етеді.

Халықтың тұрмыс сапасының  зерттеуі шет елдерінде экономикалық саясат пен қоғамдық өмірде пайдаланылады. Айталық, Еуропалық Одақ деңгейінде халықтың тұрмыс сапасын көтерудің  үйлестірілген саясаты жүргізіледі. Мысалы, Франциядағы құрылған Тұрмыс сапасы Министрлігінің

атқаратын қызметіне қоршаған орта, қаланы көріктендіру, туризм, спорт  және бос уақытты өткізу мәселелерін  шешу кіреді.

Адамзат «тұтыну қоғамы»  топтарынынан алшақтап, өзіндік арнауын (рөлін) тереңдей сезінуде. Соған байланысты, қамтамасыздандырылған халықтың басым  бөлігінің түсінігінде мәдени-адамгершілікті, рухани құндылықтар жүйесі алға қойылатын, тұрмыс жағдайының анықтамасына деген  тар материалды келістер артта қалуда. Дж. Хиршляйфердің айтуынша, табиғат, адам, ішінара әлеуметтік әрекеттер  жайлы ойлар тіптен шектеулі екендігін  экономистер сезінуі қажет, түбінде, жақсы экономика жақсы энтропология, социология, политология және психология болуы шарт.

Жалпы алғанда қоғамды  жетілдіру және әрбір жеке тұлғаның жағымды сапасын күшейту, қоғамдағы  барлық басты бағыттарды адам мүддесіне  қарай шешуді білдіреді. Бұл экономикалық өсудің тежелуіне әкелуі мүмкін, дегенмен де адам сапасын көтеру арқылы жүзеге асырылатын прогресс идеясынан бас  тартуды білдірмейді. Осы жағдай экономикалық ғылымның дәстүрлі бағыттарының маңызын төмендетуді білдірмейді, бірақ экономика мен адам туралы ғылымдар синтезіне негізделген  адам сапасының өсуінің «үнемді» рухани-материалды қамтамасыздығы жайлы  ғылымның, адам экономикасының, яғни жаңа экономикалық ғылымның пайда болуын шарттайды. Адам факторының сапасының - интеллектуалды әлуетінің жақсаруы, әлемдік қоғамдастықтағы еліміздің  бәсекелік артықшылығын қамтамасыз етумен байланысты маңызды стратегиялық міндеттер қатарына жатады.

Тұрмыс деңгейі адамның  өмірлік қызметінің барлық аспектілерін бейнелейтін әл-ауқатының маңызды  құрамасы бола тұра, ауқымды «тұрмыс  салты» түсінігінің негізінде орын алады. «Тұрмыс салтының» ғылыми түсінігі осыдан алдын К. Маркс және Ф. Энгельспен өндіріс тәсілдері мен адамдар қызметтерінің сипаты араларындағы өзара байланысты талдау процесінде жан-жақты өңделген. Олар өндіріс тәсілдері тек тұрмысқа қажетті құралдарды өндіру, индивидтердің физикалық тіршілік етуін ғана білдірмейді, сонымен бірге «бұл көбіне - индивидтердің әрекет етуінің белгілі тәсілдері, олардың өмірлік әрекеттерінің белгілі бір түрі , олардың белгілі бір тұрмыс салты. Индивидтердің өмірлік әрекеттері қандай болса, олардың өзі сондай».

Сөйтіп, адамның тұрмыс салты  өндіріс тәсілінің табиғатымен  анықталады, сондай-ақ, оған өндіріс  тәсілі салдарынан пайда болатын  қондырма да әсер етеді. Сонымен, адамдардың тұрмыс салты белгілі қоғамдық-экономикалық формацияның өнімі болып табылады. Осыған байланысты, тұрмыс салтының саяси-экономикалық аспектілерін атап өту қажеттілігі  туындайды деп білеміз. Олар: өндіріс  тәсілімен шартталған адамдардың өмірлік  қызметтерінің тәсілі, яғни, қоғамның базисін құрайтын және адамдардың тұрмыс салтын қалыптастыратын экономикалық жағдайлар; барлық қоғам мен жеке тұлғалардың өмірлік қызметтеріндегі  түрткіш мотивтер ретіндегі мақсат; адамдардың экономикалық мүдделері, меншікке, еңбекке, бос уақытты пайдалану  әдістеріне деген қатынасы.

Тұрмыс салтының экономикалық негізі - бұл .үстем ететін өндірістік қатынастар жүйесі және ең алдымен - меншік қатынастары.

Сөйтіп, «тұрмыс салты» мен  «тұрмыс деңгейі» - өзара байланысты, бірақ аралас категориялар емес. «Тұрмыс  деңгейі» категориясы тұрмыс салтының экономикалық сипаттамасы негізінде  жатыр.

Қоғамдық құрылыс және онымен туындайтын тұрмыс салты, халықтың тұрмыстық игіліктерді тұтыну динамикасы мен әлеуметтік шекарасын, жұмыс  және бос уақыт көлемін, еңбек  және оған төлем жағдайлары және де басқаларын анықтайды. Бір жағынан, тұрмыс деңгейінің тұрмыс салтына кері ықпал етуі де байқалады, себебі, экономикалық жағы анықтаушы болып табылады.

Тұрмыс салтының қалыптасуындағы  әлеуметтік-экономикалық факторлардың (әсіресе, өндіріс әдістерінің) әсері  мен олардың маңызын айта келе, қандай-да бір елдегі нақты тұрмыс салтының қалыптасуы аумақты географиялық, табиғи-климаттық факторлармен, сондай-ақ, тарихи жағдайлар мен халықтың тұрмысындағы экономикалық-психологиялық ерекшеліктерімен шартталатындығын ескереміз.

Ендігіде экономистер  арасында «тұрмыс жағдайлары» мен  «тұрмыс деңгейі» атаулы экономикалық ғылым категорияларыньщ мазмұны  жайлы бірдей пікір жоқ.

«Тұрмыс жағдайлары» ұғымына  әлеуметтік-экономикалық, өндірістік, тарихи, демографиялық, мәдени-тұрмыстық, табиғи-климаттық сипаттағы көптеген факторлар енеді. Материалистік  көзқарастарға сәйкес, аталмыш факторлар  адамның тұрмыс жағдайларын, оның тіршілік ететін ортасын анықтап, қоғам дамуына  ықпал етеді. Және де шешуші рөлді, ең алдымен, өндіріс тәсілі, өндіргіш күштердің  даму деңгейі және еңбек сипатын  қамтитын әлеуметтік-экономикалық факторлар  атқарады.

Сонымен, тұрмыс жағдайлары - бұл ең алдымен, осы өндіріс тәсілі мен өндіргіш күштердің даму деңгейі  кезінде құрылған, әлеуметтік-экономикалық орта, онда адам, әлеуметтік топтар, халықтардың  тіршілік ету процестері пайда болып, дамиды және олардың тұрмыс деңгейі  мен тұрмыс салты қалыптасады. Адамдардың тұрмыс жағдайлары, өндіріс құралдарын меншіктену қатынастары мен сәйкес өндіріс тәсілдері жағдайларында  әрекет ететін экономикалық заңдармен  де анықталады.

Халықтың тұрмыс жағдайларын  зерттеу олардың аймақтық ерекшеліктерін есепке алуды топшылайды. Жағдайлары бойынша түрленген Қазақстан  Республикасында, бұл міндеттің  маңыздылығы ерекше.

Халықтың тұрмыс жағдайларындағы  аймақтық ерекшеліктер, экономикалық әрі бейэкономикалық, оның ішінде табиғй орта, факторлармен шарттасылған. Халықтың тұрмыс жағдайлары, көбінесе, аймақтардағы қоғамдық өндірістің орналасу сипаты, даму және мамандану деңгейінен байланысты, себебі аталмыш көрсеткіштер бірдей болуы мүмкін емес. Бұл еңбекті  жұмсау жағдайлары, еңбек сипатына, демек, халықтың тұрмыстық жағдайларына ықпал етеді.

Бүгінгі күні табиғи-климаттық  орта өндіріске ғана емес, сонымен  қатар, тұтынуға да әсер ететіндігін  дәлелдеу қажеттік туғызбайды. Және де жеке елдер, облыстар және тіптен тұрғылықты жерлер арасында орын алатын тұрмыстық  жағдайлардағы теңсіздікті мейлінше төмендету мақсатымен шараларды  қолданғанымен, оларды толықтай жою  мүмкін емес екендігін ескеру қажет. Халықтың тұрмыстық жағдайларындағы  аймактық ерекшеліктер сипатын айқындау, осы ерекшеліктерді қандай жолдармен  қысқартуға болады және солайша, шаруашылықтанудың  рыноктық реформаларын қүру жағдайларында  осы маңызды мәселені шешу жолдарын қалайша белгілеу қажет екендігін  анықтауға мүмкіндік береді.

Қызметтер аясы адамның денсаулығы, білім алуынан бастап, бос уақытты  тиімді өткізуіне дейін өмірінің барлық жақтарына, қоғамның осы әрбір  мүшелері үшін жағымды жағдайлар  жасау арқылы әсер ететіндігі аян. Коммуналды-тұрмыстық  жағдайлар адамның өмірлік қызметінің орасан уақыт пен энергияны талап  ететін аясы болып қала бермек. Халық  өзінің бос уақытын өзіндік қызмет жасау бойынша үй шаруасына, коммуналды-тұрмыстық  мекемелерді аралауға, балаларды  күтіп-тәрбиелеуге жұмсайды. Қызметтер  аясының тұрмыс салтын қалыптастыру тұрғысынан алғандағы маңыздылығы, бұдан басқа қызметтер аясының  өзіндік жұмыскерлерінің тұрмыс салты мен оның бүтіндей қоғамға, оның барлық мүшелерінің тұрмыс салтына  әсер етуімен толықтырыла түседі. Қызметтер аясындағы жұмыскердің  өндірістік өмірлік қызметі, оның кәсіби дайындық дәрежесімен, қоғамдық-саяси  даму деңгейімен, біліктілікті үнемі  жоғарылату мен өндірісті жетілдіру  жайлы пәруай таныту секілділермен  снпатталуы қажет. Жоғары білікті мамандардың, қызметті тұтынушылардың жеке тілектерін ескере, тапсырысты дұрыс қабылдау, еңбек пен қызмет көрсетуді ғылыми түрде ұйымдастыру және т.с.с. әрекеттерді  қамтитын жоғары мәдени деңгейлі қылықты  танытулары бүгінгі күн талабы. Мұнда, рынокты экономикамен қалыптасатын тұрмыс салты, айқын байқалатын еңбек  сипатына ие, яғни бұл қоғамның әрбір  еңбекке қабілетті мүшесі үшін міндетті тұрмыстың еңбекті кейпі деп  тұжырым жасай аламыз.

Үй шаруасын жүргізудегі  уақыт шығынын қысқарта, адамды тартымсыз  және еңбек сыйымды жұмысты орындаудан босата, қызметтер аясы адамдардың бос уақытының шегін кеңейте  отырып, олардың рухани және табиғи дамуына септігін тигізеді. Әсіресе  әйелдердің, үй жұмысынан қолы босауы есебінен балаларға көп көңіл  бөліп, тәрбиесі мен мәдени дамуында өз орнын алуынан, бос уақытының  ұлғаюының әлеуметтік маңызын көреміз. Сөйтіп, қызметтер аясы уақыттың үнемделуі  мен оның рационалды пайдалануына атсалысады.

Бос уақыттың әсерін бір  жағынан экономикалық өсу факторы  ретінде қарастыруға болса, екінші жағынан - бұл бос уақыт пен  жұмыс уақытының тығыз ара-қатынасында  байқалатын уақытты үнемдеу заңының  әрекет ету механизмінің көрінуі. Саяси  экономикалық аспектіде аталмыш  ара-қатынас жұмыс уақытының азаюы, бос уақыттың ұлғаюына негіз құрайтынында көрінеді.   Бос   уақыттың   ұлғаюы   жұмыскер   біліктілігін   жоғарылатуға

жағымды жағдайлар орнатса, олардың біліктілік деңгейінің жоғарылауы еңбек ауысуының экономикалық заңының  толық жүзеге асуының бірде-бір  себебі болады, ал оның негізінде қоғамдық уақыттың барлық құрама бөліктерін тиімді пайдалануға әбден болады.

Қазіргі тәжірибе, экономикалық талдау және социологиялық зерттеулер көз жеткізіп отырғандай, бос уақыттың байқалу түрлерінің енжарлығы көптеген субъективті және объективті себептермен  түсіндіріледі.

Бос уақыт бүгінде әлі  де болса толықтай адамның жан-жақты  дамуын қамтамасыз ете алмай отырғандығы, оның ұзақтылығының артуына әкеледі. Бос уақыт ұзақтылығының артуын, қазіргі уақытта байқалатын адам тапсырыстарының түрлілігі мен  кеңеюі, индустриалды әлемнің даму қарқыны талап етіп отыр. Бос уақыт  адамның қабілеттерінің, шығармашылығының, өзін көрсете білуінің дамуындағы мықты  құралына айналу үшін, оның құрамында  әрекеттердің күрделі және белсенді формаларының (өзінің білімін өз бетінше  жетілдіру, шығармашылықпен, спортпен айналысу және т.с.с.) үлес салмағы күрт артуы қажет.

Бос уақытты пайдалану  тиімділігі, қызметтер аясы салаларының  жұмысын жақсарту есебінен жоғарылайды  және де ол күрделі формаларымен қанығып, басқа қызметтер түрлерімен үйлеседі. Егер байланыс, тұрмыстық қызмет, жолаушылар көлігі секілді қызмет түрлері адамдардың бос уақытының үлғаюына септігін тигізсе, онда туристік қызмет секілді  түрлері оны тиімді пайдалануға  мүмкіндік береді. Сондай-ақ ұзақ мерзімді және белсенді демалыс жанұядағы  міндеттердің тиімді бөлінуіне, сонымен  бірге, некелік-жанұя қатынастарын нығайтуға жанама түрде әсер етеді. Адамдарды өздерінің бос уақытын  мәдениетті, белсенді және мүмкіндігінше  тиімдірек пайдалануға үйрету, қызметтер  аясы дамуының әлеуметтік-экономикалық аспектісі. Адамның білім және мәдениет деңгейі, денсаулығының жағдайы  тікелей оның алатын табысына әсер етуі тағы да бар. Оған қоса, денсаулығы, білімі, кәсіби дайындығы стандарттарынан  жұмысшы күшінің сапасы тікелей  және де сәйкесінше, жинақталған өндіріс  қорларын пайдалану интенсивтілігі мен тиімділігі, экономикалық өсудің қарқыны, өндірістің материалды-техникалық базасының жаңартылуы қандай-да бір  дәрежеде байланыстылықта болады.

Қызметтер аясының көптеген салаларының, жинақтаудың маңызды  көзі болып табылатын, экономикалық рентабельділігін ескере кетуіміз қажет. Шын мәнісінде, қондырма базисінің  кез-келген маңызды элементі, қандай-да бір өңірдің қоғамдық өмірінің барлық жақтары, тіке және кері байланыстар  механизмі арқылы қызметтер аясымен  белсенді әрекеттеседі.

Сөйтіп, қызмет және оның түрлілігі  сан жағынан, сапа жағынан көпшілік халықтың әл-ауқатына әсер ете отырып, адам факторының белсендеуінің қуатты тұтқасы бола, экономикалық өсу процесіне  жан-жақты әсер етеді. 

 

  1. Қонақүй-туристік кешеннің (ҚТК) ұйымдастыру тиімділігі

Информация о работе Қарағанды облысы