Қарағанды облысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 13:45, реферат

Краткое описание

Ең алғаш рет қонақ үй өнеркәсібі түсінігі антика заманында қолданыла бастаған. Антика заманы тарихи ғасыр ретінде белгілі. Бұл мәдениет әлемі және қайталанбас тағдырымен және жекелігімен тарихи ортада өмір сүрген адамдар әлемі. Адамдар осыған дейін түрлі антикалық заманда өмір сүріп келген және шығуы, әлеуметтік жағдайы, білімі, ерекшеліктері жөнінен теңдей болған емес. Антиканың «алтын шынжыр» мұрасы ғасырлар мен халықты бір жерде тоғыстырады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР.docx

— 237.18 Кб (Скачать документ)

1987         жылдың қаңтар айындағы КОКП ОК-нің (ЦК КПСС) пленумы реформалаудың жаңа қадамдарын қалайды. Онда әкімшілік-әміршілдік әдіс масқараланып, шетке ысырылып, оның орнына социализм мен демократияны біріктіру стратегиясы қолға алынды. Қайта құрудың демократиялық кезеңінде қалыптасқан «жалпы адамзаттық» құндылықтардың «әмбебап» тұжырымдамасын, социализм мен капитализмнің конвергенция теориясының отандық үлгісі ретінде қарастырыруға болар, яғни 1960 жылдардан бастап ол капитализм социализмнің, ал социализм капитализмнің ең жақсы жақтарын игереді және соның нәтижесінде осы екі жүйе әлемнің өркениетіне үлгі болатын - «жаңа индустриалды қоғамға» трансформацияланады дегенді алға тартқан.

1988         жылы туристік саланы бюджеттен қаржыландыру мен мемлекеттің реттеуі тоқтатылғаннан соң, туристік қызмет индустриясында рыноктық қатынастарды қалыптастыру процесінің нышаны біліне басталғанымен, кәсіпорын қызметін мемлекеттік тапсырыс пен бақылау цифрлары арқылы жоспарлы түрде «жоғарыдан» реттеу процесі өз жалғасын тапты. Қызмет көрсету мен жұмыс көлемі бойынша мемлекеттік тапсырысты орындау, алғашқыдай, кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін бағалаудың негізгі белгісі болып қала берді.

Заңдылықтарға жүгіне отырып, туристік-экскурсиялық кәсіпорындар өз жоспарларын әзірлеп, келісім-шарттар  жасасты. Кәсіпорындардың өндірістік, әлеуметтік қызметі, жұмысшылардың  еңбекақысының төленуі еңбек  ұжымымен атқарылған қаржы есебінен жүзеге асырылды.

Туристік-экскурсиялық мекемелерді  көтерме сауда ретінде материалдық  ресурстармен жабдықтауға, яғни 1987 жылдың шілде айынан бастап толық шаруашылық есеп пен өзін-өзі қаржыландыруға көшіруі, алдағы бірнеше жыл ішінде ғана көптеген туристік қызмет кәсіпорындарының (туристік пансионаттар, демалыс үйлерінің, турбазалардың және т.б.) толық жабылуына  алып келді.

91-жылдағы түбегейлі экономикалық  қайта құрулар: республикадағы  мемлекеттік меншікті жекешелендіру  мен мемлекетсіздендіру, баға белгілеуіндегі  либерализация мен басқа да  көптеген жағдайлар туристік  қызметтер аясына да өз әсерлерін  тигізбей қоймады. Әртүрлі меншік  формаларындағы туристік қызмет  кәсіпорындарының құрылуы салдарынан, туристік қызметтің жоғарғы сапасын  қамтамасыз етуге қабілетсіз, көптеген  шағын туристік фирмалар пайда  болды. Оған қоса, республикадағы  қаржылық жағдайдың нашарлауы,  халықтың сатып алу қабілетінің  төмендеуі, туристік саладағы  дағдарыстық құбылысты тереңдетті. Туристік қызмет саласының материалдық-техникалық  базасы үшін апаттық жағдайлар  туды.

Экономикалық еркіндікті шектен тыс қолдау демократияға зиянын тигізуі және де керісінше болуы  да мүмкін. Осындай көзқарастың нәтижесінде  қоғам үшін зиянды келешек кәсіпкерлер  менталитеті қалыптасты. Осы жылдары  социалистік жүйені жасанды «теңестірудің» баламасы ретінде «алғашқы мүмкіншіліктерін теңестіру» идеясы ұсынылды. Мұнда  мемлекеттің кез-келген араласуын  индивидум жағдайын теңестіруге  бағытталғандай етіп көрініс жасауға  тырысты. Сонымен қатар, әркім өзінің жеке қабілетінің күшіне байланысты үлесін алуы керек болды. Осылайша, мемлекеттің әлеуметтік ара-қатынасқа  қатысуын шектеткеннің нәтижесінде, туристік сала дамуының жылдар бойы жинақтаған тәжірибесі құнсызданды.

Батыс елдерінің стандартын қолдаушы реформаторлар, Қазақстан  реформасының мақсатын анықтауда әлемдік  ортақ өркениет туралы үкімді ұсынды және оның бір бөлігі болып Қазақстан  енуі қажет еді. Бірақ та, онда Қазақстанның негізгі экономикалық көрсеткіштері  бойынша артта қалып қойғаны  ескерілген жоқ. «Орта топты» жылдамдатып  қалыптастыру қажеттілігі мен мүмкіншілігін  жария ете отырып, оны құратын  материалдық негіздің болмауын ескермеген. Нәтижесінде мәселен, қазақстандықтардың тек 4-5%-ы ғана туристік индустрияның қызметтерін тұтына отырып, сапалы демалуы мүмкін еді.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, мемлекетпен реттелмейтін туристік саланың даму процесі тұрақты  даму мәселесін шеше алмайды. Туристік қызмет индустриясының тиімді функциялануы туристік өнімнің өңделу дәрежесі мен  туристік ресурстарды пайдалану  тиімділігімен анықталады. Туристің тілектері мен тұтынуын қанағаттандыру, шектелген туристік ресурстарды  рационалды пайдалану мәселелерін  шешуді, туристік рыноктың әлсіз жерлері  мен жағымсыз механизмін түзету процесіне  мемлекетті қатыстыруын талап етеді.

1991 жылдың жазында Қазақстан  Республикасының Президентімен  Қазақстанның туристік ұйымдарының  жалпылама жұмыстарын реттеу  мақсатымен «Туризм, дене шынықтыру  және спорт Министрлігін құру  туралы» үкімге қол қойылған  болатын. Сол кезде құрылған  Министрлік Қазақстанның саяси егемендік алуымен байланысты жаңа өзгерістерге бейімделу қажеттілігіне сәйкес бірнеше рет өзгерістөрге шалдықты.

Бүгінгі күнде әлемдегі бірде-бір  мемлекет туристік аяны құрайтын байланыстарсыз өмір сүре алмайды. 1993 жылы Қазақстан  Бүкіләлемдік туристік ұйымға кіре отырып, әлемдік туристік қоғамдастықтың бір  бөлігіне айналды, яғни халықаралық  туризмді дамытудың жаңа жолдары  ашылды, ендігі уақытта еліміз жалпыға  бірдей қабылданған принциптер бойынша  дамуға ұмтылыс жасауда. Ұлы Жібек  жолын жаңғырту мәселесіне арналған Бүкіләлемдік Туристік Ұйымның Ташкенттегі  мәжіліс жұмысына (1994, қазан) Қазақстан  Республикасының делегациялары  осы Ұйымның толық құқықты  мүшесі ретінде қатысты. Қазақстан  фирмаларының ішінде осы мәжілісте  аккредитациядан өткен жалғыз «Жібек-Жолы»  холдингтік компаниясы болатын.

Аталмыш кезеңде шетелге  шығу еркіндігі берілгеннен соң, сыртқа шығу туризмі дами бастап, оған Қазақстан халқының шағын көтерме  сауда саласындағы кәсіпкерлердің бір бөлігі, яғни «шоптуристер» айтарлықтай  сұраныс білдіреді. Жүргізілген  есептер бойынша, ТМД-ның туристі  орташа есеппен осы саладағы әйгілі Дубайда күніне қонақүйден басқа  шамамен 1026 доллар шығын жұмсайтын  болса, оның ішінде 980 доллары «шоппинг»  үлесіне тиесілі. Дубай Эмиратының бюджет табысының 15%-ын мұнай саудасы  құрса, туристік саладан түсетін  пайда оның 60%-ын көрсетеді.

Осы мысалдың өзінен-ақ басқа  елдің экономикасын нығайтуға нақты  валюта түрінде қаншама ақша сомасы шетелге кететінін шамамен болжауга болады. Бұдан басқа шоптуристермен алып келінген тауарлар ішкі рынокта  отандық тауарларға бәсеке туғызып, экономикаға келтіретін зияны бір  басқа.

Қазақстанда қарастырылып отырған  туристік «сауданың» даму кезеңі, Кеңес  кезеңі бойындағы басымдылыққа ие болған дәстүрлі ұйымдастырушылық формаларының (жаппай және әлеуметтік туризм) өз жасауын  жасап, рынок құрылымына бағытталған  жаңа күштердің қалыптасуын бейнелейтін  шешуші кезең болды. Қазақстандық туристердің  осы жылдары жиі баратын елдерінің  қатарына Түркия, Польша, Қытай, БАЭ, Германия, Болгария елдері кірді. Ал Қазақстанға  келетін туристердің ағымы көбіне Ұлыбритания, ҚХР, АҚШ, Германия елдерінен. Негізінен осы кезеңдегі сыртқа шығу туризмін ұйымдастыруға бағытталған  отандық туристік қызмет кәсіпорындарының кәсіпкерлік пайдасымен, туризмнің  қоғамға қосқан үлесінің құндылығын өлшеу мүмкін емес еді. Туристік саланың  осылайынан бір жақты жұмыс істеуінен  елдің туристік ресурстарының артуын байқай алмаймыз және де ол ұлттық экономиканы  көтеру котализаторы бола алмайтындығы айқын. Туристік алмасу саласындағы  достастық туралы халықаралық келісім  қорытындысы, әлемдік туристік нарығында  мемлекеттің имиджін құруды қолдау мен өзіндік туристік мүдделерді жүзеге асыру үшін қосымша ынта берді. Қазақстанды туристік әлуетке бай, перспективті партнер ретінде қарастыра  отырып, шет мемлекеттер үкіметінің бірқатар келісімдер жасауға ілтипат  білдіргендігін атап өту қажет. Осындай  келісімдер Иран, Пәкістан, Молдова  республикасы, Венгр республикасы, көршілес Қырқызстан, Өзбекстан елдерімен  жасалған, сондай-ақ бұған ТМД елдерімен  туризм облысында достастық туралы келісімдерін де жатқызуға болса, бүл  өз кезегімен Қазақстан Республикасының  әлемдік туристік рынокқа шығуы  туралы куәландыруы болар.

Қазақстан Республикасының  Президентімен 1997 жылдың 30 сәуіріндегі  «Қазақстан Республикасында Ұлы-Жібек  жолындағы туризмнің инфрақұрылымын дамыту бойынша Бүкіләлемдік Туристік Ұйым мен ЮНЕСКО жобасын, түркі тілдес мемлекет басшыларының Ташкент декларациясын  жүзеге асыру туралы» және 1998 жылдың 27 ақпанында «Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркі  тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын  сақтау және сабақтастыра дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау» атты Қазақстан  Республикасының Мемлекеттік бағдарламасы туралы қабылданған Жарлықтары маңызды  рөл атқарды. Аталмыш Мемлекеттік бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің бірінші   Жарлығында   көрсетілгендерді   орындау   мақсатында   жасалған болатын. Мұнда сонымен қатар, Қазақстан Республикасында туристік қызмет инфрақұрылымын дамыту мен тарихи қалаларды жаңғырту бойынша қажетті ғылыми және өндірістік әлуеттерді біріктіру, жеке тұлғалар мен ұйымдардың өзара әрекетін қамтамасыз- етуін анықтау міндеті, қызметінің негізгі бағдарына айналатын ашық акционерлік «Жібек жолы - Қазақстан» Ұлттық компаниясын құру ұйғарылған болатын.

1997 жылы БҰҰ-ның дамыту  бағдарламасының қолдауымен Бүкіләлемдік  Туристік Ұйымның сарапшыларының  техникалық көмек ретінде жүргізген  мемлекеттің туристік әлуетінің  алдын-ала зерттеуі, Қазақстанда  туристік саланы дамыту бойынша  туристік сектордың шолуын қамтып, техникалық көмектің қажеттілігін  анықтады.

Туристік қызметтің тиімді дамуына елдің немесе өңірдің  географиялық ерекшеліктері, табиғи-климаттық  жағдайлары, рекреациялық ресурстардың турист үшін тартымдылығы, коммуникация тарапынан ыңғайлылық дәрежесі, туристік саяхат жасауға қажетті уақыт  пен қаражат мөлшері, туристік қызметтер  индустриясына қажетті ресурстармен қамтамасыздық деңгейі секілді  алғышарттар жүйесі септігін тигізеді. Рынок тұрғысынан туристік индустрияның өндіретін қызметтері туристік ұсынымды қалыптастырады, ал осы ұсынымға деген  рекреационды сұраным, кейбір қызмет түрлеріне  деген сұраным секілді бағаның  өзгеруіне сезімтал және табыс бойынша  жоғары икемді. Мұнда маусымдық факторының әсерін ескеру қажет, мысалы, демалысқа  шығу кезеңі, сұраным өзгерісінің  уақытты интервалы (қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімді), тұтынушылар  қалауларының сегменттелуі және олардың  тұрақсыздығы, турөнімнің ассортимент  пен сапасы бойьшша саралануы.

Еліміздің туристік-рекреационды әлуетіне негізделген шаруашылық, өндірістік және әлеуметтік қызметтердің сан-қырлы, күрделі жүйесін білдіретін туристік қызметтер индустриясы, адамдардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыруға  және қоғамның демалу мен көңіл күйін  көтеруге деген сұранымын жан-жақты  қанағаттандырып, еңбек ресурстарын  жұмылдыру қабілеттілігімен халықтың тұрмыс деңгейін көтереді.

Бүгінде ішкі туристік рыноктағы  демалыс, туристік-экскурсионды қызметтер, халықтың ақылы қызметтерге деген  тұтыну шығындары құрылымында азғантай үлес алады. Бір жылға жан басына шаққандағы орташа көрсеткіші бойынша 1997 жылғы 27 теңгеден 2001 жылы 47 теңгеге  ауытқығанымен, бұл шама елеуге тұрарлықтай  емес (кесте 1). Тұтыну бағасының жоғарғы  қарқынмен өсуі салдарынан халықтың басым көпшілігінің әл-ауқатының  жақсармауы, минималды қажеттіліктердің, яғни тек әлеуметті-қажетті қызметтердің кейбіреулерінің ғана қанағаттандыры-луына  әкелді, олар өзіндік бір ұдайы  өндірмелі ядро болып қалыптасқан, яғни көрсетілген барлық ақылы қызметтер  көлемінде жыл сайын ¾  үлесін алып отырған. Оны 2001 жылы Қазақстан Республикасының статистика бойынша Агенттігінің 12000 үй шаруашылықтарының арасында жүргізілген таңдамалы зерттеудің нәтижесі көрсетті. Бұл өзгерістер аталған кезең арасында адам үшін осы қызметтердің маңыздылығының артуы үрдісін бейнелемейді. Негізгі себеп баға факторының әрекеті адам мен қоғамның рухани және интеллектуалды өмірімен байланысты қызмет түрлеріне (әлеуметтік-мәдени аясының, тұрмыстық қызметтері, туристік қызметтер) деген сұранымының төмендеуіне бір жақты әкелуінен көрінеді, ал тұрмыстық-коммуналды қызметтердің тұтынылуы өзгеріссіз қалған. Медицина қызметтері бағаның көтерілуінің жалпылама деңгейін статистикалық түрде бейнеледі, бұл салаларда өзіндік қызметке көшу не болмаса оны ауыстыру мейлінше төмен.

Халқының жартысынан көбі жалдамалы жұмыскерлер болып  келетін ел экономикасы үшін, еңбек  қызметінен түсетін табыстардың  жоғарғы үлесі, негізгі жұмыспен қамтылу адамдардың өмір сүруінің қамтамасыздығының  негізгі қайнар көзі болып келетіндігіне  күмәндандырады. Әлеуметтік сипаттағы  төлемдер бойынша қарыздың кейінгі  жылдарда жойылуын көрсеткен оңды өзгерістерге қарамастан, соңғы жылдары әлеуметтік трансферттер үлесінің артуы (2000 жылдың 11%-нан 17%-ға) халықтың тұрмыс деңгейінің біршама төмендегеніне көз жеткізеді.

Еңбек қабілетті халықтың басым бөлігінің материалды қамтамасыз етілмеуі, еңбек ақыдағы сала аралық диспропорцияның орын алуының салдары  болып келеді. Қаражат қызметі, өнеркәсіп  салаларында, құрылыс ұйымдарында  жұмыс істейтін қызметкерлердің  жалақысы жоғары және республика бойынша  олар орта деңгейден жоғары әлеуметтік төлемдерді алатын болса, ауыл шаруашылығы, мәдениет, білім беру, денсаулық  сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету  салаларындағы жұмыскерлердің табысы төмен болып қалмақ. 

 

Кесте 1 - Халықтың тұтыну шығындарының құрылымы (барлығына %-бен)

Шығындардың құрылымы

2000

2001

2002

2003

2004

 

 

Жж

басына

орташа,

жылына,

теңге

Нәти-

жеге

%бен

Жан

басына

оргаша,

жылына

теңге

Нәти-

жеге

%-бен

Жан

басына

оргаша,

жылына

теңге

Нәти-жеге %бен

Жт

басына

оргаша,

жылына

тенге

Нәти-

жеге

%-бен

Жан

басына

орташа,

жылына

теңге

Нәти-

жеге

%бен

Тұтыну шығындары:

28651

100

31237

100

34870

100

40897

100

57071

100

Ақылы қызметтер, олардың  ішінде:

5551

19

6996

22

8734

25

9840

24

12127

22

Тұрғын-үй шаруашылығы

3062

55

3721

53,2

4752

54,4

4944

50,3

6407

52,8

Жолаушылар көлігі

1451

26

1770

25,3

2168

24,8

2625

26,7

2822

23,3

Білім         беру жүйесі

379

7

743

10,6

963

11,1

1130

11,5

1297

10,7

Медициналык

222

4

216

3,1

309

3,5

459

4,6

477

3,9

Демалысты ұйым. қызметі

27

0,5

28

0,4

41

0,5

46

0,5

47

0,4

Басқалары

410

7,5

518

7,4

501

5,7

636

6,4

1080

8,9

Е с к е р т у - «Қазақстандағы халықтың тұрмыс деңгейі» статистикалық. жинақ негізінде жасалынған. Алматы, 2006, 52-56 б.

Информация о работе Қарағанды облысы