Қарағанды облысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 13:45, реферат

Краткое описание

Ең алғаш рет қонақ үй өнеркәсібі түсінігі антика заманында қолданыла бастаған. Антика заманы тарихи ғасыр ретінде белгілі. Бұл мәдениет әлемі және қайталанбас тағдырымен және жекелігімен тарихи ортада өмір сүрген адамдар әлемі. Адамдар осыған дейін түрлі антикалық заманда өмір сүріп келген және шығуы, әлеуметтік жағдайы, білімі, ерекшеліктері жөнінен теңдей болған емес. Антиканың «алтын шынжыр» мұрасы ғасырлар мен халықты бір жерде тоғыстырады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР.docx

— 237.18 Кб (Скачать документ)

  

3 кесте. Қонақ үйлер  көрсеткен қызметтердiң көлемi

 

2001

2002

2003

2004

2005

Қонақ үйлердiң саны, бiрлiк                                             

88

78

95

91

83

Жайғастырылатын адамдар  саны, мың адам        

182,1

136,2

131,9

103,7

123,7

Барлық нөмiрлер саны, бiрлiк                                   

2339

2247

2367

2172

1974

Бiр мезгiлдегi сиымдылығы, орындар             

4125

3777

4192

3505

3498

Күндер саны,                            

313,9

242,6

313,3

209,7

278,4

Қонақ үй қорын пайдалану  коэффициентi

0,21

0,18

0,20

0,16

0,22

                 

 

  

 

1.3 Тұтынушыларға  қызмет көрсету аясының экономикалық  өсуге ықпалы

Қызмет аясының өсу  қарқыны мен қызмет көрсетудің тиімділігі экономикалық базистің кеңеюіне септігін тигізіп, қоғамдық өндірістің нәтижелерін  жетілдіруге әсер ететін еліміздің  әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды  факторы болып табылады. Мұның  барлығы қоғамның барлық мүшелерінің  қоғамдық қажеттіліктерін толығырақ  және жан-жақты қанағаттандырудың  алғы шарты. Қызмет аясының бағдары  табиғат және оның күштері емес, адамның өзі. Оның негізгі функциясы  тұлғаға, оның түйсігіне, қоғамдық өндіріс  процесінде адамдардың қарым-қатынастарына  әсер етуінен байқалады.

Қызметтер аясы дами түсе, адамдардың тұрмыс салтының қалыптасуына әсер етеді. Ол еліміздің материалды, еңбек және қаражат ресурстарын үнемдеуге, жұмыскерлердің бос уақытын ұлғайтуға, олардың еңбегінің шығармашылық мазмұнын толықтыруға, әйелдер мен  еркектердің шынайы әлеуметтік теңестігіне  қол жеткізуге, қоғам мүшелерінің  саяхаттау мен араласу қажеттіліктерін  қанағаттандыруға мүмкіндік береді және де қоғам мүшелерінің әл-ауқатын  көтеруде қомақты маңыздылық алады. Сонымен қатар, рыноктық шаруашылықтану жүйесінде жаңа өндірістік қатынастардың  қалыптасуына септігін тигізетіндігін де атап кетеміз. Рухани өсу мен үйлесімді  даму жолында кең мүмкіндіктер беру, қызметтер аясының әлеуметтік бағыттылығын айқындаушы аспектілерінің бірін білдіреді. Сөйтіп, қызметтер аясы халықтың тұрмыс деңгейін көтере, халық шаруашылығының экономикалық өсуінің маңызды факторы  ретінде көрінеді. Дегенмен де, кері байланыстың маңыздылығын төмендетпейміз, яғни экономикалық өсуді қамтамасыз ететін өндіріс, адам қажеттіліктерінің  жиынтығын, даму деңгейін, өндірілетін  өнім мен қызметтердің көлемі мен  сапасы арқылы оларды қанағаттандыру дәрежесін, алатын табыстар көлемін  анықтайды.

Экономикалық әдебиеттер мен басылымдарда, халықтың тұрмыс деңгейін анықтайтын екі келіс кездеседі. Солардың біріншісіне сәйкес, тұрмыс деңгейі адамның барлық немесе басым  көпшілік қажеттіліктерімен сипатталады, яғни бұл оны кеңейте түсіндіруі. Екінші қадам аталмыш категорияның жинақталған тар анықтамасына сүйендіреді, онда назарға аса маңызды қажеттіліктердің тек шектелген шеңбері ғана алынады, ал тұрмыс деңгейі адамның өмірлік қызметінің барлық жақтарын бейнелейтін әл-ауқатының маңызды құрамасы ретінде сипатталады. Біздің ойымызша, тұрмыс деңгейін кеңейте түсіндіретін тұжырым, оның неғұрлым мәнді жактарын айқындауға кедергі жасайды, сондықтан тұрмыс деңгейін өзіндік, аяқталған  категория  ретінде  қарастыру  орынды.   Сонымен  бірге,  қамту

кеңдігімен қатар тұрмыс деңгейін анықтаудағы келістердің  ымырашылсыздығы динамикалық аспектіде  байқалады. Осыған орай, мақсатты зерттеулер шеңберінде қажеттіліктердің даму деңгейі  мен оларды қанағаттандыру дәрежесін  анықтау маңыздылығы негізделген  болуы мүмкін.

Ал біз өз кезегімізбен, тұрмыс деңгейін адамға қоғамның іскерлі  мүшесі болуға мүмкіндік беретін, белгілі  бір қажеттіліктер жиынтығының  даму деңгейі мен белгілі бір  игіліктер арқылы қанағаттандырылу дәрежесі ретінде анықтаймыз.

Жалпы алғанда, қажеттіліктер  қоғамның, әлеуметтік топтардың, адам тұлғасының өмірлік қызметін қолдауды және оның табиғи дамуына объективті қажетті мұқтаждықты, бір нәрсенің жетіспеуін білдіреді және де ол белсенділіктің ішкі оятқышы болып келеді. Қажеттіліктердің барлық түрлерінің материалды негізі болады, яғни материалды шығындарды қажет  етеді, ал оларды жабу көзі табыс болып  табылады. Тұрмыс деңгейіне қатысты  табысты, қажеттілік ретінде және қажеттіліктерді  қанағаттандыру көзі ретінде де қарастыруға  болады. Қоғам қажеттіліктері, ең алдымен  қоғамдық өндірістің негізі ретінде  көрінетін экономикалық қажеттіліктер, объективті болып келеді. Қоғам және индивидтермен мойындалған қажеттіліктер  олардың мүдделері ретінде көрінеді.

Қоғам қажеттілігінің бір  бөлігі болып келетін және қанағаттандырылуы  үшін қоғамдық ұдайы өндірісті қажет  ететін экономикалық қажеттіліктердің пайда болу шарты мен дамуы  өндіріспен қалыптасады. Ол өз кезегімен, ұдайы өндіріс қызметінің бағдары  ретінде сезілетін экономикалық қажеттіліктердің әсері астында  қалады. Экономикалық қажеттіліктердің әлеуметтік байқалу формасы мен  қанағаттандырылуы экономикалық жүйе түрімен анықталады.

Тар мағынадағы тұрмыс деңгейін қарастырғанда сөз, әдетте, материалды және маңызды рухани қажеттіліктер  жайлы болады. Материалды қажеттіліктерге  үйреншікті тамақ, киім, баспана, тұрмыс заттары, денсаулық және де басқаларын жатқызады. Екінші текті қажеттіліктерді  анықтау біршама қиындықтар туғызады, олардың қатарына, әдетте, рухани-мәдени дамуды енгізеді. Бірақ та, кейбір қажеттіліктерді  қандай да бір нақты разрядқа жатқызуда  келеңсіз жағдайлар пайда болып, өз адресіне түсініктеме жасауды  қажет етеді. Осылайша, адамның өмірлік  қызметінің табиғи да, рухани да негізін  құрайтын рекреацияға деген қажеттіліктің  өзінің ерекшелігіне қарай, бір жақты  руханиға не болмаса материалдыға жатқызылуы орынды болмайды, сондықтан олардың  басым табиғи тегін ескеру қажет  деп білеміз.

Қажеттіліктер серпінді, өзгермелі, қанағаттандырылғаннын орнына жаңалары, одан да жоғарысы пайда болады, ол әрине  тұлғаның түрліше атқарылатын қызметтер  аясы мен формаларына жұмылдырылуымен  байланысты. Өзінің табиғаты бойынша  адамның жеке қажеттіліктері, қоғамдық қажеттіліктер жүйесінде басты  орын алады. Ол өз тарапынан белсенді немесе пассивті өмірлік қызметке белгілі  әсерін тигізеді. Осыған байланысты, белсенді қызмет әрекеттеріне қатысы жоқ пассивті тұтыну

жолымен индивидумдардың  өз қажеттіліктерін қанағаттандыруы, олардың жеке қажеттіліктерінің  құнсыздануына әкелетіндігін атай кетелік. Керісінше, жеке қажеттіліктер  құндылығы белсенді тұрмыс салтын жүргізетін адамдар үшін жоғары болады. Адамдардың жеке қажеттіліктері ұжымның қажеттіліктерімен  тығыз байланыста болады.

Игіліктердің бірінші  ретті, екінші ретті, үшінші ретті және т.с.с. бөліну иерархиясы, маржинализм  теориясында, адамның қоршаған ортасындағы  және оның өзін, заттарды, заттар мен  өзінің тіршілік ету мақсаттары арасындағы байланысты игеру жағдайларын бейнелейтін, адам қажеттіліктерінің бір деңгейден  екіншісіне трансформациялануымен  байланыстырылады.

Қажеттіліктердің түрлі  деңгейлерінің болуы және оларға қандай-да бір заттар игілігінің сәйкес келуінің орын алуы секілді, қызметтерді  де жоғарғы және төменгі тәртіптегі иерархия ретінде қарастыру маңызды  болар деп ойлаймыз. Маржинализмнің негізін салушылар, адамның қажеттіліктерін  тікелей емес, аралық өте, яғни трансформация (физикалық, уақыт және кеңістікте) арқылы қанағаттандыратын игіліктерді  жоғарғы тәртіптегі игіліктер қатарына жатқызған. Дегенмен де, игіліктің субстанционалды  иерархиясының өзгеру бағыттылығы  индивидтің субъективті бағасы және оның қалауларының жүйесімен анықталатындығын атай кеткеніміз жөн. Сондықтан, игіліктердің бірінші ретті, екінші ретті және үшінші реттілігі жайлы көзқарас бір жақты емес, адамның қоршаған ортадағы жағдайы, оның өзін бағалауы мен даму деңгейіне қарай әрбір  субъектілерде әртүрлі болады. Қажеттіліктер  динамикасы түрлі факторларды қамтиды, олар игілікті тұтынудың сапасы, санының, түрлілік дәрежесінің анықсыздығының ұлғаюы жағына қарай өзгеруіне әсер етеді.

Қалай да болса, кез-келген қоғамдағы  қажеттіліктердің қанағаттандыры-луы  ресурстардың шектелуі (сиректігі) мен  қажеттіліктердің шексіз болу қарама-қайшылығының шешілуімен байланысты. Экономикалық шектелген өндірістік мүмкіндіктер мен адамдардың шексіз қажеттіліктерін  келістіру міндеті кез-келген экономиканың алдында тұрады. Бірақ олар түрлі  экономикалық жүйелермен түрліше шешіледі. Жопарлы-орталықтандырылған экономикада  ресурстардың шектеулі болуы тотальді тапшылықта байқалады, ал бұл мәселе тікелей мемлекеттік реттеу, тіптен қисынсыз рациондауға дейін баратын  жолмен шешіледі. Рынокты экономикада  ресурстардың шектеулі болуы өндірушілер  мен тұтынушылар қаражатының  шектелуінде байқалады да, мұндағы  мүмкіндіктер мен қажеттіліктердің келісуі, төлем қабілетті сұраным  мен ұсынымның теңдігін қамтамасыз ететін, баға механизмімен жүзеге асырылады.

Өндіргіш күштер дамуының қазіргі кезеңгі заңдылықтарының  бірі -өндірістік процестегі жеке тұтыну рөлінің белсенділігі. Түпкі сұранымның негізгі құрамасы бола, халықтың шығындары  көбіне экономикалық өсудің динамикасы мен құрылымды параметрлерін  анықтайды. Осымен бірге, әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, әлеуметтік-мәдени және психологиялық   факторларының   күрделі   кешенінің   әсерімен,   халықтың

тапсырыстары мен қажеттіліктерінің  үздіксіз кеңеюі және жаңартылуы орын алуда және де ол тұтыну шығындарының өзгермелі құрылымында өз бейнесін алады.

Әртүрлі қызметтер мен  затты игіліктерге деген сұраным  динамикасы әрбір елдің өзіндік  ерекшеліктерімен анықталады. Мұнымен  қатар, экономистердің еңбектерінде жеке тұтыну қорын сипаттайтын және жалпы  даму үстіндегі әлемге тән жалпылама  мезеттер сөз етілген. Солардың ішіндегі негізгісі тұтыну қорының сандық және сапалық толықтырылуының жергілікті өндірісті-техникалық база мүмкіндіктерінен алға кетуі нәтижесінде индустриалды дамыған мемлекеттермен салыстырғанда, оның халық шаруашылық пропорцияларына  белсенді әсер етуі.

Ал, түрлі меншік формаларының дамуы базасында еңбекпен толық  қамтамасыздығы, еңбектің қауіпсіздігі мен интенсивтілігі тұрғысынан қарағанда  еңбек ету үшін жағдайлардың жасалуы, бос уақыттың ұлғайтылуы, қамтамасыз етілген кәрілік, әлеуметтік бағдарланған демократиялық қоғамдағы бірдей еңбек үшін төленетін төлемдегі  ерлер мен әйелдердің теңдігі  секілді әлеуметтік-экономикалық игіліктер  «халық тұтынуы» түсінігімен қамтыла  алмайды. Дегенмен де, барлық материалды, рухани және экономикалық, әлеуметтік игіліктер, біздің ойымызша, «тұрмыс деңгейі» түсінігімен біріктірілуі қажет.

Рынок жағдайларында үдей түсетін түбегейлі жанданулар орын алған жағдайларда халықтың тұрмыс деңгейі, әл-ауқаты мәселелері қоғамның назарында. Тұрмыс деңгейі қоғамда  тіршілік ететін адамның қажеттіліктерінің  дамуы мен қанағаттандырылуы  дәрежесін білдіреді және де ол көбіне қызметтер аясының даму деңгейінен байланысты. Дамыған елдердегі қызметтер  аясының материалды өндіріс саласына қарағанда үдемелі қарқынмен  дамуы осыған дәлел.

Қазірде орын алып отырған, халықтың басым бөлігінің тұрмыс деңгейінің төмендеуін, соған орай оның табыс деңгейі бойынша топтасуының  айқын саралануын, рынок жағдайларындағы  қажеттіліктердің іске асуының ерекшеліктері  ретінде бағалауға болады. Яғни, Қазақстан экономикасының рыноктық трансформациясы жағдайларындағы  қажеттіліктердің қалыптасуы мен іске асуының ерекшеліктері табыс  деңгейі мен құрылымының өзгеруінде байқалады: бір табыс көзінен (еңбегі бойынша) бірнешеуіне өтуі (еңбек, меншік, трансферттер, кәсіпкерліктен түсетін  табыстар). Халықтың табыстары түпкі  тұтыну аясындағы тұтыну тауарлары  мен қызметтерге деген сұранымды, ал сол арқылы өндіріс масштабтарын, оның құрылымы, пайда мөлшерін анықтайды, оның өзі экономиканың өсуі мен табыстардың  ұлғаюындағы қозғаушы фактор болып  келеді.

Бүгінгі күні адам қажеттілігінің қалыптасуы мен қанағаттандырылуында еңбекпен қамтылудың әлеуметтік-экономикалық жүйесімен тікелей байланысты еңбекке  деген қажеттілік ерекшеленеді. Аталмыш  жүйеге қоғамдық өнімді жасау (экономикалық функция); еңбек табысын алуды  қамтамасыз ету (табысты функция); еңбекке, мамандарға және қоғамдық ұмтылыстарға деген қоғамдық қажеттіліктерді  қанағаттандыру (қоғамдық

функция) секілді үш функция  тән. Бұл функциялар өзара байланысты және өзара тәуелді болғандықтан, оларды қатар жүзеге асыру қажет.

Қазақстандағы қажеттіліктер  жүйесіндегі медициналық қызмет, тұрғын 
үй, білім алу, бос уақытты дұрыс өткізу және т.б. секілді аса маңызды 
қажеттіліктердің іске асуындағы жағдайлардың нашарлауы ерекше назар 
аударуды қажет етеді. Мұнда қала және ауыл халықтарының тұтынуындағы 
күрделі айырмашылықтардың тұрақтануына көңіл бөлу қажет. Елдегі 
урбанизация деңгейі төмен болған сайын, оның аграрлы құрылымдары 
соғұрлым дәстүрлі сипат алады, тіршілікке қажетті игіліктердің, әсіресе 
қызмет игілігінің салыстырмалы бір қалыпты, кедей және тұрақты 
таңдауымен ерекшеленетін ауылдық тұтынудың аз диверсификацияланған 
сипаты айқынырақ көрінеді. Сонымен қатар, ауылдың әлеуметтік 
құрылымының өзгеруі, шаруашылықтанудың рыноктық әдістері, ауыл 
тұрғындарының қажеттіліктерінің өсуі, мәдени-тұрмыстық қызмет 
көрсетудің масштабы мен сапасына жоғарғы талаптарды қояды. Қызмет 
аясының ауылдағы объектілерінің ұсынатын қызметтерінің деңгейі мен 
сапаларын қызмет көрсетудің қалалық жүйесімен салыстырсақ, онда әлсіз 
материалды-техникалық база, жұмыскерлердің біліктілігінің төмендігімен, 
қызметтердің          кедей         ассортиментімен         шартталған          күрделі

айырмашылықтарды көруге болады. Бұл айырмашылықтар ауыл халқының басым бөлігінің ауыл өмірімен қанағаттанбауының  негізін құрайды. Сондықтан, қызмет аясын ауылда дамытуды қолға алудың маңыздылығы жоғары.

Тұрмыс деңгейі категориясының көп қырлылығы экономистердің сәйкесінше көрсеткіштер жүйесін зерттеуді  қажет етеді. Экономикалық әдебиеттер мен қазіргі статистикада түрлі  авторлармен ұсынылған, аталмыш әлеуметтік категорияның жеке аспектілерін бейнелейтін көрсеткіштер жүйесін талдай отырып, диссертант, мемлекеттің жүргізетін әлеуметтік саясатының тиімділігін анықтаудағы оның жетілдірілген түрінің әлі де келтірілмегендігін қорытындылайды [51]. Халықтың тұрмыс деңгейі мен әл-ауқатын сипаттауда пайдаланылатын халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ керсеткіші, өмір сүру ұзақтылығы, табыстарды бөлудегі теңсіздік, үй шаруашылықтарының демалу мен ойын-сауыққа пайдаланатын уақыт және т.с.с. маңызды факторларды бейнелемейді. Талап етілетін жүйе икемді және серпінді, көрсеткіштері бірін-бірі толықтырып, мақсатты бағыттылыққа ие болып, экономикалық процестердің түрлі қырларын жан-жақты бейнелеуі қажет. Біз өз кезегімізбен, халықтың тұрмыс деңгейінің көрсеткіштері жүйесін ұсынамыз(суреті). Негізінен ағымдағы тұтыну халықтың тұрмыс деңгейін сипаттай қоймайды. Қазіргі тұрмыс деңгейінің кез-келген көрсеткіштері халық жағдайының әлі бір қалыпқа келмегендігін білдіреді. Осыған орай, қоғамдық қанағаттандырылатын жеке қажеттіліктерді мемлекет тарапынан реттеу, рынок экономикасының әлеуметті бағдарын басқару қажеттілігі туады. Себебі тап осы мемлекет рөлінің осы процесте өзгеруі тұтыну құрылымының іске асу ерекшеліктерін анықтайды. 

Информация о работе Қарағанды облысы