Ақмола облысының халқының қоныстану жүйесі өзгерісінің экономикалық географиялық мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2013 в 13:12, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыстың зерттелу дәрежесі. Халық қоныстану жайлы зерттеу жұмыстары ХХ ғ. 80-90 ж.ж. жүргізілді. Қазіргі Қазақстан жағдайында халықтың қоныстану жүйесі өзгерісін зерттеу жалпы халық туралы зерттеуде негіз болып есептеледі. Халықтар географиясында урбандалу туралы В.Г. Давидович, О.А. Константинов, А.В. Кочетков, Ф.М. Листенгурт, Г.М. Лаппо, Г.М. Хорев т.б. еңбектерін атауға болады.Ал, Қазақстан ғалымдарында Искаков У.М. (қалалар, агломерациялар), Татимов М.Б.(халықтың әлеуметтік-демографиялық үрдістері), Асылбеков М.Х., Жұмасұлтанов Т.Ж (халықтың демографиялық негіздері) ғылыми еңбектерін атап көрсетуге болады. Жалпы алғанда, Ақмола облысында нарық жағдайында халықтың қоныстану жүйесі өзгерісін ғылыми тұрғыда зерттеу демография ғылымында негізгі орынды алады және ғылыми тұрғыдан зерделеуді қажет етеді.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................3
1.Нарық жағдайындағы халық қоныстануы өзгерісінің теориялық негіздері
1.1.Қоныстану ұғымы және аумақтың сыйымдылығы
Жаңа категориялық аймақтарды бағалау......................................................11
1.2. Қазақстан халқының қоныстану жүйесі өзгерісінің өлшемдері мен көрсеткіштері......................................................................................................14
1.3 Қазақстандағы қоныстану дамуының демографиялық жағдайы..........15
1.4 Қоныстану жүйесіне әсер ететін негізгі факторлар..............................17
2. Ақмола облысының халқының қоныстануының ерекшеліктері...................... 2.1.Ақмола облысының елді мекендеріндегі халықтың қоныстануының аумақтық сыйымдылығы......................................................................................... 2.2. Ақмола облысының елді мекендерінде халықтың қоныстануына әсер ететін негізгі факторлар....................................................................................... 2.3.Ақмола облысының елді мекендерінде қоныстанудың экономикалық, әлеуметтік және экологиялық факторлары....................................................... 3.Нарық кезеңіндегі халық қоныстануының аумақтық ерекшеліктері.............. 3.1.Халықтың көші- қоны және демографиялық дамуының ғылыми болжамы................................................................................................................... 3.2.Қазақстандағы демографиялық үрдістің бүгіні, келешегі және даму болашағы.................................................................................................................... Қорытынды............................................................................................................... Пайдаланылған әдебиеттер ....................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫ1.docx

— 180.31 Кб (Скачать документ)

Астана қаласына жақын  орналасқан аудандарға  келеді. Қазақстанның  жеке аймақтарында ауыл халқы санының  өзгерісі әрқалай. Мысалы, 1999-2009 жылдар аралығында ауыл халқы санының едәуір азаюы Солтүстік Қазақстан облыстарында  (орташа ауыл халқының саны бұл кезеңде 19,5% азайды), Қарағанды облысында -  21,2%, Шығыс Қазақстан облысында - 14,2% азайғандығы байқалады. Жалпы халық шаруашылығы тұғысынан қарағанда, ауылдан халықтың қалалық мекендерге біркелкілеу келуін ескерсек, ауыл халқының кемуі заңды болып  табылады. Бірақ Қазақстандағы соңғы жылдардағы ауыл шаруашылығы саласындағы дәлелсіз реформалар салдарынан ( фермерлік шаруашылықтың жедел дамуы) көші-қонның жеделдеуімен байланысты ауылдық мекендердің елсізденуі орын алуда. Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары ауылдық мекендерінен халықтың кетуі соншалықты, ауылда еңбекке жарамды адамдар қалмауда. Сондықтан мемлекет мүддесіне сай келетін бұл аудандарда халықтың көші-қонуын реттеу проблемасы орын алуда. Сонымен, халықтың қоныстануы ұғымы – ең алдымен аумақ бойынша халықтың бөлінуі мен қайта бөлінуі жүзеге асатын жалпы үлгілерді құрастыру деген сөз. Тікелей араласу жолымен қоныстанудың белгілі бір үлгісін құрастыруға болмайды, өйткені ол жанама табиғи және демографиялық факторлармен біріккен экономикалық үрдістердің жүруімен байланысты. Бірақ мемлекет дамудың осы кезеңі мүддесіне сай келетін халық қоныстануының үлгісін  реттеп, бағыттап және жанама түрде басқара алады. Ең алдымен, халық қоныстануы қоныстану және урбандалу үрдістерін сипаттайтын көрсеткіштермен анықталатындығын ескеру қажет. Аумақтың сыйымдылығы халықтың тығыздығы көрсеткішімен тығыз байланысты.

 

 

2.2. Ақмола облысының елді мекендерінде халықтың қоныстануына әсер ететін негізгі факторлар

Ақмола облысындағы халық қоныстануының  қазіргі үрдістері мынандай факторлардың тобымен анықталып,олардың маңызы алдағы болашақта да сақталынатын болады.

   Бірінші Кеңес Одағының  ыдырауымен тікелей байланысты. Бір кездегі бірыңғай елдің халқы республикалардың дербестілігіне байланысты жүзеге асып жатқан үрдістердің қысымымен лажсыздан байырғы және байырғы емес халық деп бөлінеді. Бір мезгілде бұрынғы одақтас республикалардың арасында қайшылық байқалды. Кеңестік кезеңнен кейінгі әлеуметтік экономикалық жағдайдың жалпы нашарлауына байланысты олардың арасында ғана емес, сонымен бірге мемлекет шеңберінде географиялық,оның ішінде экономикалық географиялық айырмашылықтар күшейді. Жағдай мемлекеттік тілді білу қажеттігімен байланысты одан әрі шиеленісті. Бүкіл осы мезгіл ең алдымен, Ақмола облысының көші-қон үрдісіне әсер етіп, оның құрылымы және көлемі, сонымен бірге көші-қон тасқынының бағыттарын анықтайды.

  Екінші факторлар  тобы терең экономикалық дағдарыс,тұрмыстың  екпінді қымбаттауы және оның дәрежесінің төмендеуі,жұмыссыздықтың пайда болуы,халықтың жіктелінуі,бұрынғы республикалардың арасындағы шаруашылық байланыстардың үзілуімен байланысты болды.

 Үшінші факторлар тобы  нарықтық қатынас дамуының жекешелендіру жекеше кәсіпкерлік және жерді иемдену, коммерцияның дамуы, жекеше қаржылық әрекет, қозғалмайтын рынокпен байланысты болды. Еңбек рыногы жаңа қуатты ынталандыруды ала отырып оның құрылымы әр алуан болып,мемлекеттік сектормен байланысы жоқ баламалы,жұмыспен және ақымен қамтамасыз ету мүмкіндігі пайда болады. Сонымен, елдің ішіндегі аймақтық нарық негізінің қалыптасуы өндіргіш күштердің орналасуы және соған сәйкес елді-мекендердің жүйелеріне өз түзетулерін енгізетін болады.

Төртінші факторлар тобы нарықтық қатынастардың дамуы салда-рынан  туған айырмашылықтармен байланысты. Бұл экономиканы реформалаудың сипаты мен жылдамдығы,өндірістің құлдырауы мен халықтың тұрмыс дәрежесінің айырмашылықтары, әлеуметтік тұрақтылық т.б.

      

 

 

2.3. Ақмола облысының елді мекендерінде қоныстанудың экономикалық, әлеуметтік және экологиялық факторлары

Ақмола облысының қоныстану  жүйесіне әсер ететін негізгі факторлар тобы қазіргі кезде өтіп жатқан түрлі үрдістерге байланысты болып,олардың бастылары ретінде төмендегілерді атап көрсетуге болады:  экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, табиғи-географиялық факторлар жатады.

  Экономикалық факторлар. Экономикалық көрсеткіштердің ішінде халықтың жұмыспен қамтамасыз етілуінің халық қоныстануын анықтаудағы маңызы зор,өйткені бұл көрсеткіш кешенді мәні бойынша, нақтылы экономиканың барлық жақтары мен ерекшеліктерін анықтайды. Ақмола облысына Астана қаласының жақын орналасуы және Қазақстан Республикасының «астанасы» статусын алуының өзі, Ақмола облысының халқының қоныстану жүйесіне біршама өзгеріс әкелді. Жұмысшы күшін, қоныстануды дамыту сияқты ұтымды пайдаланудың негізгі талабы, олардың әлеуметтік және экономикалық тиімділіктерін ең жақсы ұштастыру қажеттігі болып табылады.  Сонымен, халықтың әлеуметтік талабын қамтамасыз ету міндетті бола отырып, іске асыру қоғам дамуының осы кезеңінде кепілденеді. Мұндай талаптарға: Ақмола облысының барлық аудандарындағы тұрғындардың еңбек етуін қамтамасыз ету, аймақтық тұрғыда біркелкі қажеттілгін қамтамасыз ету үшін қолайлы тұрмыс дәрежесін жасау, халықты тұрмыс үшін ең қолайлы зоналарда басымырақ орналастыру және басқалар жатады. Өндіріс үшін еңбек күшін мүмкіндігінше ең аз шығын кететін жағдайда орналастырған тиімді. Өкінішке орай, осы кезеңде оңтайлы өндіріс, еңбек күшінің жұмыспен қамтамасыз етілуі және қоныстануға қойылған ұтымды талаптар туралы айтуға болады.

Көбінесе, бүкіл Ақмола облысы бойынша жұмыспен қамтамасыз ету,өндіріс  және қоныстану бір-бірімен толық  ұштасып отыру керек. Бұл туралы қазіргі кездегі рыноктық қатынаспен байланысты туып отырған халықты жұмыспен қамтамасық ету, өндіріс және қоныстану мәселелері жайлы қалыптасқан жағдай бойынша бағалауға болады. Әсіресе, бұл өзара байланыс ел және оның аймақтарындағы жұмыспен қамтамасыз етілуді талдауда анық сезіледі.

 Ақмола облысындағы жұмыспен қамтамасыз етілу нарық кезеңінің ерекшелігі және экономикалық жағдайымен сипаттталынады. Бұл ерекшеліктер экономика салалары бойынша жұмыспен қамтамасыз етілудің төмендеуі, материалдық өндірістен қызмет көрсету аясында еңбек күшін қайта бөлу, жұмыссыздықтың тез өсуі, жалпы алғанда еңбек нарығындағы жағдайға байланысты. Сонымен бірге жұмыспен қамтамасыз етілудің тек көрсетілген байқалу формасымен бірге, терең аймақтық айырмашылықтары да болады. Атап айтқанда, аймақтық айырмашылықтар болашақта біздің пікірімізше халықтың тек географиялық бөлінуіне ғана емес, сонымен бірге халықтың қоныстану жүйесі мен желісіне әсер етеді. Мұндай тәсілдердің біздің пікірімізше, Ақмола облысы шеңберінде халықтың географиялық қайта бөлінуін болжамдауда іске асыруға мүмкіндік береді.

Ақмола облысындағы жұмыспен қамтамасыз етілудің қазіргі жағдайын талдау облыстағы жалпы экономикалық тұрақтылықты, өндірістің дамуын, кәсіпорындардың ашылуын, жұмыспен қамтамасыз етуге әсер етудің қаржылық және экономикалық құрылымдарының дамуын дәлелдеп, бұл қажетті дәрежеде кәсіпкершілік құрылымдардың дамуына мүмкіндік беруде. Ақмола облысының еңбек рыногы экономиканың мемлекеттік секторында еңбек ететін халықтың үлесінің азаюы,ал соған сәйкес мемлекеттік емес-акционерлік ұйымдарда,біріккен кәсіпорындарда, кіші және орташа кәсіпкершілікте, шаруа қожалықтарында, жекеше кәсіпкер ретінде еңбек ететіндердің көбеюімен сипатталынады.

Нарықтық шаруашылыққа көшу және оның қазіргі техникалық базасының  қалыптасуы, еңбек ресурстарын пайдалануға және бөлуге деген көзқарасты өзгертеді. Еңбекпен қамтамасыз ету құрылымындағы негізгі ілгерілеушілікке материалдық өндіріс аясындағы еңбекпен қамтамасыз етуді оңтайландыру жатады.

Еңбек нарындағы жағдай жұмысшы  күшіне сұраныс  және  оның ұсынысымен анықталады. Соның нәтижесінде жекеше  сектор босаған жұмысшы нарығын  толықтырып, жұмыссыздықтың  азаюыны әкеледі.

Еңбек нарындағы жұмысшы  күші ұсынысының қалыптасуы түрлі бағыттағы  факторлардың әсерімен жүзеге  асуда: іркуші көші – қон есебінен, еңбек  ресурстары санының абсолюттік  азаюы: кәсіпорындағы үлкен көлемдегі  жасырын жұмыссыздық, жұмыспен толық  қаматамасыз  етілмеу   мазмұны; экономиканың формалды емес  секторындағы  өзбетінше  жұмыспен  қамтамасыз  етілудің  артуы; арттырушы-кадрлардың тұрақсыздығымен  байланысты, қызметкерлердің  босауы, жұмыс орнының  және  жұмысшы күшінің  құрылымдық тепе – теңсіздігі, жұмысшы күшінің  төменгі жұмылдыруы, халықтың бос жұмыс  орны жайлы хабарлану деңгейінің төмендігі, тұрғын үй нарығының дамымауы.

Жұмыспен қамтамасыз ету  аясы мен Ақмола  облысы аймақтарының  еңбек  рыногындағы орын  алатын жағдайларды  сипаттайтын  негізгі жағдайлары   осындай.[12.13]

Қоныстану проблемалары халықтың тұрмыс жағдайы деңгейінің  негізгі  өлшемдері, яғни нақты  табысының  деңгейі  мен  тамақтанудың мөлшері мен  сапасы, денсаулығы, тұрғын үй жағдайы, маңызды экономикалық қызмет көрсетудің қолайлы дәрежесі, қоршаған ортаның жағдайы және оның ластану дәрежесінің күшті  әсерлерінде  болады.

Сонымен, облыста іске асырылып жатқан экономикалық үрдістер, елді мекендер  санының  да,  ондағы ауыл халқы санының да артуын анықтайды, кейбір салмақтық ауыртпалық және өзара байланыстарының  өзгерісі жүзеге  асады. Осы үрдістердің одан әрі дамуы қоныстану жүйелері мен желілерінің  экономикалық факторларға  бейімделуімен байланысты.

Сонымен  қатар жұмысқа  жарамды халықтың басым бөлігін  қабылдай алуға оңтайлы жағдайда, яғни біріншіден, өндіріс пен қызмет көрсету сферасының жаңа салаларының  тұрақты қалыптасу салдары, екіншіден, еңбек қорларының едәуір жұмылдырылыған бөліктерінің тез  арада мамандығын қайта өзгерту мүмкіндіктері бар аудандар мен қалаларға заңды түрде бағдарландырылуы керек.

Әлеуметтік факторлар. Тіршілік сапасының бастапқы мезгілі табыс  мөлшерімен анықталады. Нақтылы табыс деңгейінің төмендеуі және олардың жіктелінуі, табыстың қалыптасуындағы  жағымсыз үрдістер болып  табылады. Реформа жылдарында халықтың әр – түрлі топтары арасындағы  табыс  пен ұлттық  байлықты бөлуде елеуі өзгерістер болды. Әлеуметтік топтар мен  аумақтар  бойынша табыс көлемі  жөнінен үнемі нығайып отырған халықтың жіктеленуі нашар және  орташа қамтамасыз  етілген халықтар тобының төменгі дәрежесі проблемасын одан әрі туғызып отырды.

Халық табысының жіктеленуі аумақтық салалық өзгешіліктермен  тығыз байланысты. Неғұрлым шаруашылығы және туризм салалары дамыған аудандарда өнімі жоғары болып  келеді.

Ақмола облысы халқының жалпы тұрмыс дәрежесі маңызды материалдық және әлеуметтік  игіліктер мен  қызмет көрсетуді тұтыну сапасы мен  деңгейіне байланысты болып табылады. Тұтынудың төмендеуі мен шаруашылық  өнімдерінің қысқаруы, сонымен бірге халықтың онша жоғары емес табыс деңгейімен байланысты. Табыстың төмендегі халықтың  нашар  қамтамасыз етілген бөлігін  төменгі сапалы немесе пайдасы аз өнімдерді пайдалануға мәжбүр етуде.

Қазіргі кезде тұтынудың   ұсынылған үлгісі  бойынша азық – түлік өнімдері тұтыну мөлшерінің 67,7 %-ын алуы керек, яғни тамаққа кететін  шығын  жанұя  қаржысының нығынды бөлігі болып  табылады. Бірақ азық – түлік емес  тауарға деген қажеттілік шаруашылықтық және көлік т.б қызмет көрсету түрлері халықтың төменгі қалыптасқан тамақтану құрамын өзгертуге  әкеп  соғады. Осының  нәтижесінде  нан  өнімдерінен басқа барлық  негізгі тамақ  өнімдерін  тұтыну төмендеді. 1990-1995 жылдары өнімдерінің  тұтынудың  төмендеу  үрдісі  барлық  облыстарда   қалыптасып , бұл Ақмола  облысында – 31 кг төмендеді[17,38].

Қоғамда тіршіліктің  сапасы мен деңгейі  едәуір  топталған  түрде халықтың денсаулық жағдайымен сипатталады. Денсаулық  қана еңбек  үрдісіне қатысу дәрежесін  ақықтап, аймақтардың саны  мен құрылымын, халықтың тұрмыс жағдайы  қалыптастырады[18,36].

 Халықтың денсаулық  жағдайы   мен ауруы  арасында  белгілі  бір тәуелділік  бар.  Бірақ ол  бір мағыналы  емес. Бір жағынан халықтың  денсаулығы  ұзақ  өмір  сүріп және ұзақ  жұмыс  істейді, яғни өмір  сүрудің  ұзақтылығымен  және салыстырмалы  түрде өлудің төменгі көрсеткіштерімен  сипатталады. Бірақ екінші  жағынан тікелей өлімге әкелмейтін аурулардың  бірнеше түрлерінің жинақталуы, халықтың  денсаулық деңгейі мен өлім көрсеткіштері арасындағы  айырмашылықтар  арта  түсетін болады. Халықтың  денсаулығының жақсаруы  әрі  өлудің, әрі ауру-сырқаудың  азаюына, яғни халықтың сандық және  сапалық әлеуетін арттыруға әкеледі.

Экологиялық  факторлар. Қоныстану проблемаларының орта жағдайымен байланысы көп жағдайда жанама түрде денсаулық жағдайының демографиялық көрсеткіштеріне  әсері арқылы көрінеді. Денсаулықтың негізгі  көрсеткіштерінде болып   жатқан өзгерістер күрделі әлеуметтік – экономикалық жағдайлардың кешенді  әсері, тіршілік дәрежесінің төмендеуі және экологиялық жағдайлардың нашарлауының нәтижесі болып  табылады.

Осыған қарамастан, денсаулық  және демографиялық үрдістерге әсер ету дәрежесі бойынша экологиялық  факторлар да  ерекше орны алады. Бұл факторларды бағалау С.С.Шварц, Е.К.Федоров, В.П:Казначеев, С.А.Томилиндер еңбектерінде кеңірек ашылған болатын. Бірақ оларды шешудің жолдары  едәуір күрделеніп, әр алуан болды.         

 

3.  Нарық  кезеңіндегі халық қоныстануының  аумақтық ерекшеліктері

Нарықтық кезең әлеуметтік-экономикалық қайта құру үрдісі, оның ішінде халықтың қоныстану мәселесіне ерекше талаптар қояды. Экономикалық дағдарыс кезеңінде, әрине, қоныстану сияқты күрделі  құбылыстарды болжамдау қиын. Дегенмен, қоныстануды анықтаушы факторларды  болжамдау, егер ол ғылыми негізделінген  және дәлелденген мәліметтер бойынша  орындалған болса, онда  сәйкес аймақтар, елдердегі алдағы қоныстанушылық жайының  көрінісін беруге мүмкіндік берер  еді.

Қоныстануды болжамдаудың негізгі  міндеті 2015 жылға дейінгі кезең  бойынша Қазақстан Республикасы мен оның дамуының ғылыми болжамын негіздеу және халықтың келешектегі  санын әлеуметтік-экономикалық бағалау  болып табылады.

Келешектегі есептеуді дайындаудың  негізі ретінде 2001-2009 жылдардағы халықтың жынысы және жасы бойынша құрылымы, 2001-2009 жылдардағы халықтың табиғи және механикалық қозғалысы туралы статистикалық  деректер пайдаланылды. Халықтың ұдайы  өсуінің көптеген көрсеткіштерін, демографиялық  үрдістердің әлеуметтік-экономикалық факторлармен шартталынуын есептеу  үшін Қазақстан Республикасы статистика бойынша Агенттігінің күнделікті статистикалық  деректері келтірілді. Болжамдаудың бастапқы нысаны халықтың ұдайы өсуінің  заңдылықтары мен үрдістері негізінде  жастық туу мүмкіндігі, өлім мен  көші-қон қарқындылығы жайлы жұмысшы  болжамын жасау болып табылады[19,37].

Информация о работе Ақмола облысының халқының қоныстану жүйесі өзгерісінің экономикалық географиялық мәселелері