Ақмола облысының халқының қоныстану жүйесі өзгерісінің экономикалық географиялық мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2013 в 13:12, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыстың зерттелу дәрежесі. Халық қоныстану жайлы зерттеу жұмыстары ХХ ғ. 80-90 ж.ж. жүргізілді. Қазіргі Қазақстан жағдайында халықтың қоныстану жүйесі өзгерісін зерттеу жалпы халық туралы зерттеуде негіз болып есептеледі. Халықтар географиясында урбандалу туралы В.Г. Давидович, О.А. Константинов, А.В. Кочетков, Ф.М. Листенгурт, Г.М. Лаппо, Г.М. Хорев т.б. еңбектерін атауға болады.Ал, Қазақстан ғалымдарында Искаков У.М. (қалалар, агломерациялар), Татимов М.Б.(халықтың әлеуметтік-демографиялық үрдістері), Асылбеков М.Х., Жұмасұлтанов Т.Ж (халықтың демографиялық негіздері) ғылыми еңбектерін атап көрсетуге болады. Жалпы алғанда, Ақмола облысында нарық жағдайында халықтың қоныстану жүйесі өзгерісін ғылыми тұрғыда зерттеу демография ғылымында негізгі орынды алады және ғылыми тұрғыдан зерделеуді қажет етеді.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................3
1.Нарық жағдайындағы халық қоныстануы өзгерісінің теориялық негіздері
1.1.Қоныстану ұғымы және аумақтың сыйымдылығы
Жаңа категориялық аймақтарды бағалау......................................................11
1.2. Қазақстан халқының қоныстану жүйесі өзгерісінің өлшемдері мен көрсеткіштері......................................................................................................14
1.3 Қазақстандағы қоныстану дамуының демографиялық жағдайы..........15
1.4 Қоныстану жүйесіне әсер ететін негізгі факторлар..............................17
2. Ақмола облысының халқының қоныстануының ерекшеліктері...................... 2.1.Ақмола облысының елді мекендеріндегі халықтың қоныстануының аумақтық сыйымдылығы......................................................................................... 2.2. Ақмола облысының елді мекендерінде халықтың қоныстануына әсер ететін негізгі факторлар....................................................................................... 2.3.Ақмола облысының елді мекендерінде қоныстанудың экономикалық, әлеуметтік және экологиялық факторлары....................................................... 3.Нарық кезеңіндегі халық қоныстануының аумақтық ерекшеліктері.............. 3.1.Халықтың көші- қоны және демографиялық дамуының ғылыми болжамы................................................................................................................... 3.2.Қазақстандағы демографиялық үрдістің бүгіні, келешегі және даму болашағы.................................................................................................................... Қорытынды............................................................................................................... Пайдаланылған әдебиеттер ....................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫ1.docx

— 180.31 Кб (Скачать документ)

2.1. Ақмола облысының елді мекендеріндегі халықтың қоныстануының аумақтық сыйымдылығы

 Қоныстану үрдісі урбандалу үрдісімен тығыз байланысты. “Қоныстану”  және “урбандалу” ұғымдарының өзара байланысы өте күрделі және бірін екіншісіне механикалық көшіре салу дәлелді болмауы мүмкін. Теориялық тұрғыда урбандалу мекендер желісінде “жеке-жеке орналастыру”  бағытында әрекетті шоғырландырушы ретінде қаралғанда ғана қоныстанудың бір бөлігі ретінде танылады[1,2,3]. Халық қоныстануындағы өзгерістер, ең алдымен өндірістің дамуы мен орналасуының объективті заңдарының әсерінен жүзеге асады. Дегенмен, белгілі бір мөлшерде демографиялық жағдайлардың қалыптасуына әсер ететін, жеке адамдардың жиынтығы ретінде халықтың өзгешелік ерекшеліктері мен қажеттілігін ескеру қажет. Қоныстанудың дамуы экономикалық заңдар және қоғамдық өндірістің орналасуымен, сонымен бірге тұрғын халықтың өзіндік экономикалық заңдарымен анықталады. Экономикалық реформалау үрдісі барысында  Қазақстандағы қоныстану формасы біраз өзгерді. Әрине, бұл заңды, өйткені экономикалық мақсат пен басымдылық өзгеретін болады. Мысалы, социализмге тән урбандалудың мөлшерлестік үдемелі қозғалысы, туып отырған урбандалудың бұзылуы үрдісімен (дезурбандалу) ауысып, оған қазіргі жағдайдағы өнеркәсіп өндірісінің  дамуы мүмкіндік беруде. Урбандалудың бұзылу үрдісі (дезурбандалу) Ақмола өңірінің аудандарында ерекше байқалады. Кесте 1-де көрсетілгендей, Қазақстан аймақтарының жалпы халық санындағы қала халқының үлесі әр аймақта әртүрлі дәрежеде болып отыр. 1998-2009 жылдар аралығындағы статистикалық деректерге жүгінсек, жалпы Қазақстан Республикасы бойынша қала халқының үлесі 1998 жылы 55,1%-ға тең болса, 2000 жылы 55,9%-ға тең болып, 2009 жылы бұл көрсеткіш 54%-ды көрсетіп отыр. Яғни, мұндай көрсеткіштер ауылдан қалаға көшудің жоғары дәрежеде екеніне үлкен дәлел.

1998 жылмен салыстырғанда  қала халқының өсу дәрежесі 2009 жылы жоғарылауымен көзге түскен  аймақтарды айта кетсек: Ақтөбе (61,5), Шығыс Қазақстан (58,6), Қостанай (54), Ақмола (54,3),Павлодар (67,9),Оңтүстік Қазақстан  облыстары (38,9).

Тек, Ақмола облысында ауыл халқының үлесі 2000 ж. 54,8%-дан,   яғни  2009 ж. 45,7%-ға төмендеді. Ол тек белгілі  бір кезеңге, яғни нарықтық экономикаға  өту кезеңіне ғана тән. Бірақ ондай  өзгерістердің қандай бағытта және қандай жылдамдықпен өтетінін, әзірше айту күрделі мәселе. Жалпы алғанда, халықтың мекендер желісінде  шоғырлану  үрдісі өнеркәсіп өндірісінің шоғырлануымен  қатар жүріп отыр.

Кесте 3

1998-2009 жылдардың  1қаңтарындағы  Қазақстан аймақтарының

жалпы халық санындағы  қала халқының үлесі (%) [16].

 

Облыс атаулары

Қала халқының үлесі,(%)

1998 жыл

2000 жыл

2009 жыл

Қазақстан Республикасы

55,1

55,9

54

Ақмола

45,2

45,7

54,3

Ақтөбе

53,9

56

61,5

Алматы

30,3

28,9

30,3

Атырау

58,3

58,1

59

Шығыс Қазақстан

57,4

58,7

58,6

Жамбыл

45,6

45,8

44,6

Батыс Қазақстан

41,3

40,7

40,9

Қарағанды

82,4

82,3

77

Қостанай

51,1

53,9

54

Қызылорда

59,6

60,5

58,7

Маңғыстау

80,3

78,5

79

Павлодар

62,3

63,4

67,9

Солтүстік Қазақстан

49,8

37,9

40,3

Оңтүстік Қазақстан

37,4

36,9

38,9


 

Нарықтық қатынасқа өту  кезеңінде халық қоныстануын  зерттеудің көптеген теориялық негіздері  өзгерді. Соның ішінде:

  • халықтың шоғырлануынан ірі қалалар онан әрі көбейіп,халықтың орналасуына сай олардың аумағында едәуір біркелкі таралады делінетін ірі қалалардың өсуінің өзгешелік ерекшеліктері талас тудырмайды деп есептелінетін. Қазір Қазақстанда жағдай күрт өзгерді. Ірі қалалардың өсуі түпкілікті өзгерді. Ол тек республиканың екі астанасында және Оңтүстік Қазақстанның ірі қалаларында сақталынды;
  • қоныстануды қалыптастырудағы мекендер арасындағы байланыстың рөлі өзгерді. Мекендер арасындағы байланыс, ең алдымен халықтың тербелмелі көші-қоны. Ұзақ мерзім бойы тербелмелі көші-қон практикалық тұрғыда өзінің маңыздылығын жойып келген, оған өнеркәсіп өндірісі дәрежесінің құлдырауы және көлік мүмкіндігінің қысқаруы әсер етті;
  • урбандалудың кеңістіктік қозғалысында халық көшіп қонуының рөлі өзгерді. Соңғы ондаған жыл Қазақстан үшін қоғам өміріндегі көптеген негіз болатын бағытты бетбұрыстарға алып келді.Осыған орай көші-қон бір мезгілде олардың жағдайы және салдары ретінде болып жатқан бетбұрыстардың барлық қиын-қыстау кезеңдерін айқын бейнеледі.

Дәстүрлі көші-қон үрдістері (ауылдан қалаға ауысу) Қазақстанның қалалық мекендері үшін бұрынғы  одақтың басқа аймақтарынан қоныс  аударушылар есебінен көші-қонның оң айырмашылығы (сальдосы) жаңа факторлардың ықпалымен өзіне қарама-қарсылықпен  ауыстырылды. Атап айтқанда, кету және келу еркіндігін таңдау мүмкіндігі күрт артып және экономикалық еркіндік кеңейді. Олар халықаралық туризм және демалу, коммерциялық көші-қонның шұғыл өсуін  тудырып, еркін эммиграция мен иммиграцияға жол ашты. Уақытша еңбек көші-қонуына  мүмкіндік туып, ол белгілі бір  мөлшерде тұрақты қоныстанған жерлерін ауыстыру мақсатындағы көшуді алмастырады. Республикадағы көші-қон үрдісіне,  сондай-ақ Ақмола облысының қоныстану өзгерісіне де Кеңес Одағының ыдырауы салдарынан болған дағдарыс едәуір әсер етті [1,4,16].

Бұл ең алдыменмыналар арқылы көрінеді:

  • тарихи отанына орыстар, немістер, еврейлер, белорустардың оралуымен байланысты қуатты тасқындар пайда болды. Республика халқының саны  2010 жылдың 1 қаңтарында 2009 жылғы санақ бойынша 16196,8 мың адамды құрап отыр. Сурет 1 көрсетілгендей, қазақтар үлесі 63,1%, орыстар – 23,7%, өзбектер – 2,8%, украиндер – 2,1%, ұйғырлар – 1,4%, татарлар – 1,3%, немістер – 1,1%, басқа ұлт өкілдері – 4,5% құрап  отыр.

 

                        Сурет 3. Жеке ұлттар санының үлесі, (%) [16].

 

  -амалсыз көші-қоны  нәтижесінде Қазақстанда кейінгі  кеңестік республикалардан келген  босқындар және соған ұқсас  жағдайдағы адамдар тіркелген.  Қазақстандағы қоныстануымен байланысты  болып жатқан демографиялық үрдістер  мен жағдайлар басқа елдерде  де олардың дамуының түрлі  кезеңдерінде болғандығын атауға  болады. Қазақстандағы аталынған  үрдістер байқалу формасы жөнінен  айырмашылықтарға ұшырап, ал мәні  жөнінен сол қалпында қалып  отыр. Бірақ бұл үрдістердің әр  алуандығына қарамастан, олар аумақтық  сыйымдылығы мәселесі арқылы  іске асады. Олар түрлі жағдайда: яғни аумақтың географиялық жағдайымен  анықталынатын географиялық бағытта,  сонымен бірге өнеркәсіп дамуы  және тұрғындардың әрекетімен де шешілді. Өз кезінде аумақтың сыйымдылығы ұғымымен байланысты орынды анықтаманы әйгілі орыс географы П.П.Семенов Тянь-Шанский берген болатын. Оның ойынша, аумақтың сыйымдылығы климат, топырақтың құнарлылығы, суландыру дәрежесі тағы басқа жағдайлары ғана емес, сонымен бірге халықтың өзі тұратын мәдени жағдайлар әсерімен де байланысты.

Аумақтың сыйымдылығы  ұғымы үнемі бір-бірімен сай  келе  бермейтін нақтылы және мүмкін сыйымдылық арасындағы айырмашылықты  қамтиды. Нақтылы сыйымдылықты сырттай  қарағанда аумақтың қоныстанғандығын жеңіл сипаттайтын - халықтың тығыздығы  көрсеткіші көмегімен зерттеу мүмкін болады.

Халықтың тығыздығы - аумақтың нақтылы сыйымдылығын, қоныстанғандығын сипаттайтын ең кең таралған көрсеткіш. Халық үшін аумақтың мүмкін сыйымдылығын халық тығыздығының ең жоғары мүмкін көрсеткіші (елдің рұқсат етілген  экономикалық ресурсы) не оңтайлы халық  тығыздығы (осы жағдайда жан басына шаққанда нақтылы жоғары табыс қамтамасыз етілетін аумақтар өлшемі бірлігіне  келетін тұрғындар саны) бойынша  қарауға болады. Қала мен ауыл халықтарының тығыздықтарын есептеу, оның қозғалысын зерттеу халықты қайта бөлу үрдісін  бағалауға мүмкіндік береді. Бірақ  халықтың орташа тығыздығы, халықтың тіршілік жағдайын дұрыс сипаттай алмайды. Халық  тығыздығын есептеудің өткен ғасырдың жылдарында Е.Слуцкий ұсынған тағы бір жолы бар. Бұл - халықтың әлеуметтік тығыздығының көрсеткіші. Бұл көрсеткіштің мәні, халық саны бойынша тығыздықтан  орташа арифметикалықты көрсетуінде. Бірақта не халықтың әлеуметтік тығыздығы, не орташа тығыздық көрсеткіштері арқылы, халықтың аумақ бойынша таралуының дұрыстығын толық сипаттау мүмкін емес. Аумақтың азды көпті біртекті бөліктері  үшін халық тығыздығының таралуын салыстырмалы түрде жан-жақты талдау ғана қоныстану  жайлы толық сипаттама береді. Қазақстанның орташа тығыздығы 1999 жылғы 5,94 адам/км-ден, 2009 жылы 5,49 адам/км-ге төмендеді, осы жағдайда орташа әлеуметтік тығыздық 1999 жылы 16,1 адам/км-ден 2009 жылы 36,7 адам/км-ге артты. Бұл төмендеу республика халқы  санының 1999 жылмен салыстырғанда 2009 жылы 1,2 млн.адамға жалпы кемігендігін көрсетеді. Халықтың орташа әлеуметтік тығыздығының артуы, республика аумағы бойынша халық  таралуының біркелкі өспеуін бейнелейді. Егер 1999 жылы республика халқының негізгі  бөлігі  7 облыс көлемінде шоғырланса, ал 2009 жылы ол  5 облысқа келді.

Осы көрсеткіштерді ескерсек, Қазақстан аумағының шаруашылық тұрғысынан едәуір игерілген облыстары  қатарына Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Жамбыл, Павлодар облыстарын жатқызуға болады. Осы  облыстар экономикалық әлеуетінің өсуі қоныстанудың құрылымдық желісінің  терең өзгерістеріне әкеп соғады. Бұл облыстарда халықтың едәуір мөлшерде ауыл шаруашылығынан өнеркәсіп салаларына ауысуы жүзеге асуда. Нарық кезеңінің  қиындықтарына қарамастан, халықтың ауыл шаруашылығы салаларынан ауыл шаруашылықтық емес салаларына өтуі Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай және Солтүстік Қазақстан  облыстарында одан әрі көрініс беруде.

1970-2009 жылдардағы   еліміз  халқының саны 6,8%-ға, яғни 1970 жылғы  3730,3 мыңнан, 1979 жылы 1674,7, 1989 жылы 1572,4, 1999 жылы -1278,8 төмендеп, 2009 жылы 1022,9 мың  адамға өскені сурет 2-де анық  көрсетіледі.

 

                                                                                                    

Сурет 4. Қазақстан Республикасы халқы санының (өсім (+), азаю (-))

өзгерісі (1000 адам)[16,38].

 

Сөйтіп, 2009 жылдың басында  Қазақстан халқының саны  16004,8 мың  адамды құрды. Шындығында жеке облыстар, қалалар және ауылдар арасында халықтың аумақтық қайта бөлінуімен қатар  жүретін халық санының кемуі, елді  мекендер желісі мен жүйесінің  қалыптасуына елеулі өзгерістер туғызады. Бұл аумақ халқының қоныстанғандығы мен аумақ сыйымдылығын бағалауда, тек әлеуметтік-экономикалық қана емес, сонымен бірге табиғи шаруашылық жүйенің құрамдас бөлігі ретінде экологиялық-демографиялық факторларды да ескеруге негіз болып табылады....................... [5,6,16].

         

                     Сурет 5.  Аймақтар бойынша халықтың орналасуы [16].                                                                              

Еліміз және оның аймақтарындағы экономикалық реформалармен байланысты болған өзгерістер (өнеркәсіп, оның ішінде өңдеуші салалар кәсіпорындарының жабылуы) урбандалу үрдісіне едәуір әсер етті. Еліміз және оның аймақтарында қала халқының өсуі баяулап және керісінше оның жедел төмендеуі сурет 5-те көрсетілген.

Сурет 6. Қазақстан Республикасы халқы санының динамикасы

(1000 адам) [16].

 

Қала халқы санының  қысқаруы әсіресе, орташа және шағын  қалаларда көбірек болып, олардың  кейбіреулерінде халық саны қысқарып қана қоймай, кейбір шағын қалалар  тіршілігінің тоқталуы байқалуда. Екі  халық санағының аралығында, халқының саны 10 мың болатын қалалар саны қысқарды  ( 1999 ж. 67 болса,2009 ж. 60-қа түсті). Ал, халқының саны  20 мың болатын  қалалық елді мекендер саны он жылдық мерзімде  17 кеміді. Әсіресе, Қазақстандағы  орташа қалалар саны күрт азайды. Он жылдық халық санағы аралығында олар  42% аз болды. 12 қаланың орнына  2009 жылы  7 ғана қалды. Сондай-ақ ірі  қалалар саны да азайды [7,8,16].

Республикада осы қатардағы  2 үлкен және өте үлкен қалалардың орнына бүгінде  Алматы, Астана қалалары қалды. Реформа кезеңінде  500 мыңнан төмен тұрғыны бар қалаға Қарағанды қаласы жатты (1999 жылы  507,3 мың адам, ал  2009 жылы - 436,9 мың адам). Халық санағы аралығы кезеңінде қала халқы негізінде елімізден тысқары жерлерге көші- қон есебінен қысқарды. Ақмола облысында халықтың  біршама өсуі әсіресе ауыл халқының  өсуі табиғи өсу және халықтың  республика ішілік қоныс аударуы есебінен жүзеге асуда. Қазірше сақталынып отырған еліміз экономикасының негізі Астана қаласының жақындығы және Астана мәртебесі  еліміз аумағы бойынша салыстырмалы түрде оның орналасуын біркелкі ете отырып,  халықтың шоғырлануының бұзылуын (деконцентрация) күшейтуде және Ақмола облысына келушілерді арттыра түсуде. Халық құрылымын сипаттаудың бір көрсеткіші, елді мекендердің топтасып орналасу формасы, олардың ішіндегі қалалық елді мекендердің едәуір даму ерекшелігі болып табылады. Қалалық елді мекендердің едәуір дәрежеде  Қарағанды облысына тән болып, қала тұрғындарының үлесіне бүкіл халқының 82,3% келсе (2009 жылғы статистика дерегі бойынша), керісінше  Ақмола облысында қала халқының үлесі  46 %-ды  ғана құрайды. Ауылдық қоныстану үрдісі қалыптасуында едәуір аймақтық айырмашылық байқалады.  2009 жылғы статистикалық мәліметке сүйенсек, ауыл халқының ең жоғарғы үлес салмағы

Информация о работе Ақмола облысының халқының қоныстану жүйесі өзгерісінің экономикалық географиялық мәселелері