Ақмола облысының халқының қоныстану жүйесі өзгерісінің экономикалық географиялық мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2013 в 13:12, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыстың зерттелу дәрежесі. Халық қоныстану жайлы зерттеу жұмыстары ХХ ғ. 80-90 ж.ж. жүргізілді. Қазіргі Қазақстан жағдайында халықтың қоныстану жүйесі өзгерісін зерттеу жалпы халық туралы зерттеуде негіз болып есептеледі. Халықтар географиясында урбандалу туралы В.Г. Давидович, О.А. Константинов, А.В. Кочетков, Ф.М. Листенгурт, Г.М. Лаппо, Г.М. Хорев т.б. еңбектерін атауға болады.Ал, Қазақстан ғалымдарында Искаков У.М. (қалалар, агломерациялар), Татимов М.Б.(халықтың әлеуметтік-демографиялық үрдістері), Асылбеков М.Х., Жұмасұлтанов Т.Ж (халықтың демографиялық негіздері) ғылыми еңбектерін атап көрсетуге болады. Жалпы алғанда, Ақмола облысында нарық жағдайында халықтың қоныстану жүйесі өзгерісін ғылыми тұрғыда зерттеу демография ғылымында негізгі орынды алады және ғылыми тұрғыдан зерделеуді қажет етеді.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................3
1.Нарық жағдайындағы халық қоныстануы өзгерісінің теориялық негіздері
1.1.Қоныстану ұғымы және аумақтың сыйымдылығы
Жаңа категориялық аймақтарды бағалау......................................................11
1.2. Қазақстан халқының қоныстану жүйесі өзгерісінің өлшемдері мен көрсеткіштері......................................................................................................14
1.3 Қазақстандағы қоныстану дамуының демографиялық жағдайы..........15
1.4 Қоныстану жүйесіне әсер ететін негізгі факторлар..............................17
2. Ақмола облысының халқының қоныстануының ерекшеліктері...................... 2.1.Ақмола облысының елді мекендеріндегі халықтың қоныстануының аумақтық сыйымдылығы......................................................................................... 2.2. Ақмола облысының елді мекендерінде халықтың қоныстануына әсер ететін негізгі факторлар....................................................................................... 2.3.Ақмола облысының елді мекендерінде қоныстанудың экономикалық, әлеуметтік және экологиялық факторлары....................................................... 3.Нарық кезеңіндегі халық қоныстануының аумақтық ерекшеліктері.............. 3.1.Халықтың көші- қоны және демографиялық дамуының ғылыми болжамы................................................................................................................... 3.2.Қазақстандағы демографиялық үрдістің бүгіні, келешегі және даму болашағы.................................................................................................................... Қорытынды............................................................................................................... Пайдаланылған әдебиеттер ....................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫ1.docx

— 180.31 Кб (Скачать документ)

1999-2009 жылдар аралығында  балалар өлімі коэффициентінің  Қазақстан бойынша 6,2‰ төмендегеніне  қарамастан (2004 жылы 27,2‰-дан 2009 жылы 21,4‰), республика және оның жекелеген  аймақтарында балалар өлімі әлі  де жоғары деңгейде болып отыр. Жас балалар өлімі біз қарап  отырған Ақмола және Шығыс  Қазақстан облыстарында 3 %-дан Оңтүстік  Қазақстанда – 6%-ға төмендеді. 

Балалар өлімі деңгейінің әлеуметтік-эконмикалық жағдайларға  тәуелділігі мызғымас және айқын  дәлел (жалпы халық өлімінен де жоғары дәрежелі).

Сонымен, туу мен өлім көрсеткіштеріндегі болған өзгерістер «табиғи өсім»  нәтижелі көрсеткіштеріне  әсер етті. Қазақстан Республикасы мен қаралып отырған облыстардағы табиғи өсім көлемі төмендеді, ал Шығыс  Қазақстан облысында табиғи азаю орын алуда. 2004-2009 жылдарда Қазақстан  Республикасындағы табиғи өсу коэффициентінің  төмендеу қарқыны 25% құраса, қалалық  қоныстарда – 44,3%, ал ауылдарда – 17,4% құрады. Табиғи өсім есебінен халықтың жоғары өсу қарқынымен көзге түсетін  Оңтүстік Қазақстан облысында да табиғи өсімнің төмендеуі байқалуда .

Халықтың  ұдайы өсуіне тек туу және өлу нәтижесіндегі  халық саны мен жыныс-жастық құрамының  өзгерісі ғана емес, соныме бірге көші-қоны әсерінен өзгеретін халық саны, оның құрамы, аудандар мен мекендер бойынша  халықтың таралуы да жатады. Қөші-қоны  үрдістерінің сипаты көп жағдайда халық қоныстануы өзгерісінің ерекшеліктерін, елді мекендер жүйелері мен желілерінің құрылымын анықтайды. Едәуір дәрежеде адамдар ресурстарының қайта бөлінуімен бірге көші-қон үрдістерінің қарқынды жүзеге асқан жағдайында, халықтың кеткен және жаңадан көші келген мекендеріндегі халық санының өзгерісі мен тұрғындарының құрамына көші-қонның әсері табиғи қозғалыстан да артығырақ болады.

Сонымен, халық көп кететін  аудандарда көші-қон едәуір туу қабілеттілігімен айырмашылық жасайтын, еңбекке қабілеттілеу халықты азайтып, ондағы тұрақты  халықтың еңбек және демографиялық  құрылымын нашарлатады; еңбекке  қабілеттілердің үлес салмағы төмендеп, соған сәйкес, қарттар мен балалардың үлесі артып, әйелдердің басымдылығы  күшейеді. Ал халықтың келетін аудандарында, оған қарсы жаңа қоныстанушылар есебінен халық «жасарады», онда ерлер мен  әйелдердің ара қатынасы теңеседі, кейде ерлердің басымдылығы іске асады.

Көшіп-қонудың әсерінен болатын  халықтың жастық, жыныс-жастық құрамындағы  өзгерістер өз кезегінде, өлім және туу  көрсеткіштеріне тым елеулі және ұзақ мерзімдік әсерін тигізеді, өйткені  көші-қонудың өзі сияқты, бұл демографиялық  үрдістердің қарқындылығы жас және жыныс ерекшеліктері бойынша  шұғыл бөлінеді.

Ұдайы өсу үрдісіне әсер етуші фактор ретінде халықтың көші-қоны маңызының барлық аспектілеріне  тоқталмай-ақ, оны есепке алма тұрып  халық саны динамикасының заңдылықтарын, қоныстану проблемаларын түсінуге, бүкіл ел, не қалалар мен ауылдық  мекендер, облыстар, аудандар, елді мекендер жайлы жеткілікті дәлдікті демографиялық  болжамдар құруға болмайтын, халықтың ұдайы өсуінің компоненті ретіндегі  көші-қон келуі мен кетуінің рөлі ғана көрсетіледі [20,21].

Көші-қон қоғамдағы болып  жатқан өзгерістерге ең сезімтал көрсеткіш (индикатор). Көші-қондық талдау ел дамуының жаңа белестерін дер кезінде байқауға мүмкіндік беріп, бұл нарықтық қатынасқа  өтудің жаңа жағдайларында ерекше маңызды  болып келеді. Кеңестік жүйенің ыдырауы  көші-қондағы дағдарыстық өзгерістерді туғызды. Этникалық көші-қон тасқыны  артып, босқындар және өз еліне қайтып оралушылар (репатриант) пайда болды.

Қауіпті ісік, демалу органдары, өкпе (туберкулез) ауруларының барлық формалары сияқты себептермен байланысты ең жоғарғы ерте өлімдерден еңбек  әлеуетінің ең жоғары жоғалуы өлгендердің  ең жоғары санына барлық уақытта сай  келмейді. «Артық» (қаныққан) өлімдердің саны бойынша бірінші орынды қан  айналымы жүйесі ауруы алып, өлімнің  басымы қартайған жасқа келеді. Еңбекке  қабілетті кездегі адам өмірінің қысқаруы сыртқы себептерге едәуір жол  беріп, жастық шақтағы өлушілердің  үлес салмағы жоғары болып келеді. Жастар жазатайым жағдайда өзін өзі  өлтіру және өлтіруден қаза болады.

Республика халқы депрессия (тоқырау), елегізу реакциясы, ауыр нервтік, психикалық жарақат және ауытқулар, ішімдікке салыну, есірткі тарту  және көптеген ішкі ауруларды қоздыратын үнемі қатты күйзеліс жағдайында өмір сүріп, халық арасындағы дүмпу (жарылыс) қаупін арттырады.

2008 жылы үлкендер арасындағы  психикалық ауытқуы бар адамдар  саны 2005 жылға қарағанда төмен  (8,5%-ға) болса, осы мезгілде жас  өспірімдер (4,5%-ға) және балалар (9,9%-ға) арасындағы психикалық ауырғандардың  өсуі байқалды.

Тіршілік әлеуетінің артуы  денсаулықты қорғауға бөлінетін  қаржының аздығымен байланысты. Қазақстанда  денсаулықты сақтау барлық уақытта  қалдық принципі бойынша қаржыландырылды. Денсаулықты қорғауға бөлінетін  қаржы жалпы ішкі өнімнің 3% ғана. Қазіргі уақытта денсаулық саласына бөлінетін қаржы тіптен аз болуда. Республикалық бюджеттің барлық шығынының тек 11,1% ғана денсаулықты  қорғау салаларына бөлінеді.

2000-2008 жылдар аралығында  халықтың жастық құрылымы және  еңбекке ең қабілетті жастың  өзі де өзгеріске ұшырады . Қарастырылып отырған кезеңде  еңбекке ең қабілетті жастағылардың  үлесі артып (40-49 жастағылар), керісінше  25-29 жастағы еңбек ету қабілетінің  активтілігі ең жоғарыларының  үлесі төмендеді.

Халықтың қартаюы негізінен  әйелдер құрамы есебінен жүзеге асуда. Қазақстан Республикасында халықтың орта жасының ұзақтығы 64,4 жасқа тең  де, ерлер арасында – 59 жас, әйелдер  арасында – 70,2 жасты құрайды.

Ерлер мен әйелдердің орташа жас ұзақтығының айырмашылығы – 11,2 жас. Ерлер шын мәнінде зейнеткерлік жасқа дейін өмір сүре алмайды. Зейнеткерлік жасқа ерлердің тек 1/3-і ғана жете алады. Халықтың қартаюы өздігінен  жиынтық салмақтың айтарлықтай  өзгерісіне әкеліп соқпай, ең алдымен  балалардың қарауындағы қарт кісілермен алмасуынан көрінеді.

Әзірше демографиялық  жиынтық салмағының көп бөлігін  балалар құрайды. Бірақ, еңбекке  қабілетті жастан жасырақ және еңбекке  қабілетті жастағылардан үлкенірек  топтар арасындағы арақатынас еңбекке  қабілетті жастағылар үлесінің төмендеу және керісінше еңбекке қабілеттіліктен  кейінгі үлесінің арту жағына қарай  ауысады. Егер 1990 жылы еңбекке қабілетті  жастағылардан жасырақ топ еңбекке  қабілеттілерден үлкенірек топтан 3 есе көп болса, ал 2009 жылы 2,6 есе  артық болып, қарттардың еңбекке  қабілетті жастағыларға шаққандағы салмағы едәуір болуда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          1.4  Қоныстану жүйесіне әсер ететін негізгі факторлар

Қазақстандағы халық қоныстануының  қазіргі үрдістері мынандай факторлар  тобымен анықталып, олардың маңызы алдағы болашақта да сақталынатын болады.

Бірінші – Кеңес Одағының ыдырауымен тікелей байланысты. Бір  кездегі бірыңғай елдің халқы  республикалардың дербестілігіне байланысты жүзеге асып жатқан үрдістердің қысымымен  лажсыздан байырғы және байырғы  емес халық деп бөлінеді. Бір мезгілде бұрынғы одақтас республикалардың арасында қайшылықтар байқалды. Кейінгі  кеңестік кеңістіктегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жалпы нашарлауына  байланысты олардың арасында ғана емес, сонымен бірге бір  мемлекет шеңберінде географиялық, оның ішінде экономикалық-географиялық айырмашылықтар күшейді. Жағдай мемлекеттік  тілді білу қажеттігімен байланысты одан әрі шиеленісті. Бүкіл осы  мезгіл ең алдымен, көші-қон үрдісіне әсер етіп, оның құрылымы және көлемі, сонымен бірге көші-қон тасқынының бағыттарын анықтайды [22,34].

Екінші факторлар тобы терең экономикалық дағдарыс, тұрмыстың  екпінді қымбаттауы және оның дәрежесінің  төмендеуі, жұмыссыздықтың пайда болуы, халықтың жіктелінуі, бұрынғы республикалардың арасындағы шаруашылық байланыстардың үзілуімен байланысты.

Үшінші факторлар тобы нарықтық қатынас дамуының жекешелендіру, жекеше кәсіпкерлік және жерді  иемдену, коммерцияның дамуы, жекеше қаржылық әрекет, қозғалмайтын рынокпен байланысты. Еңбек  рыногы жаңа қуатты ынталандыруды ала  отырып, оның құрылымы әр алуан болып, мемлекеттік сектормен байланысы  жоқ баламалы, жұмыс және еңбек  ақымен қамтамасыз ету мүмкіндігі пайда  болады.

Төртінші факторлар тобы нарықтық қатынастардың дамуы салдарынан туған айырмашылықтармен байланысты. Бұл экономиканы реформалаудың  сипаты мен жылдамдығы, өндірістің   құлдырауы мен халықтың тұрмыс дәрежесінің  айырмашылықтары, әлеуметтік тұрақтылық.

Бесінші топ – демократияландырумен байланысты факторлар. Олар негізінен  көші-қон үрдістеріне әсер етеді. Еркін келу және кетуге жағдай жасалынды. Эммиграция және иммиграция, шетелдерде оқу, демалу, жұмысқа бару, шетелдерде уақытша тұру қалыпты жағдай ретінде  қалыптасуда. Бұл факторлар аймақтар арасында және олардың өз ішінде халықтың географиялық қайта бөлінуін заңды  түрде тудырады. Әрине, жоғарыда аталынған  факторлардың әрқайсысы халық қоныстануының  өзгерісіне оқшауланбай кешенді  әсеретеді, оны әрбір топтың факторларын  толық талдауда ескеру қажет. Халықтың қоныстану жүйесіне әсер ететін негізгі  факторлар тобы қазіргі кезде  өтіп жатқан түрлі үрдістерге байланысты болып, олардың бастылары ретінде  төмендегілерді сурет 6-да атап көрсетуге  болады: экономикалық ,әлеуметтік, экологиялық  және табиғи-географиялық факторлар  жатады.

 

 

 

 

 

 

 



          


   Табиғи

Экономикалық

Саяси

Демографиялық

Экологиялық


         



                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          

Экономика құрылымы

Сыртқы экономикалық әрістестері

Геосаяси жағдайы

Халықаралық аумақтық еңбек бөлінісі



         



 

Сурет 2. Қазақстан Республикасының  халқының қоныстануының үлгісі

 

                                                                                                               

                                                                                                                                                                                                                                          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Ақмола облысының халқының қоныстануының ерекшеліктері

   Ақмола облысы Қазақстан Республикасының солтүстік бөлігінде Қазақтың ұсақ шоқысы мен Теңіз жазығы шегінде орналасқан. Облыс негізі 1939 жылы қаланған. Облыс аумағы 146,2 мың шаршы шақырым жерді алып жатыр. 2008 жылдың     1 қаңтарында облыс халқының саны 747,4 мың адамды құрады. Облыста 17 ауылдық аудан мен 10 қала , 5 кент, 664 ауылдық округ бар. Қала халқының орташа жылдық саны 345,9 мың адамды немесе 46,2 пайызды, ауыл халқы - 402,1 мың адамды немесе 53,8 пайызды құрайды. Территорияның  жер бедері бір текті емес: ұсақ шоқылы, аласа таулы (қыратты), аз тілімделген аңғарлар мен жазықтардан тұрады. Жер бедерінің мұндай көрінісі геологиялық құрылысы мен геологиялық тарихқа байланысты.  Облыс аумағының солтүстік бөлігін Көкшетау таулары алып жатыр. Қыраттардың орташа биіктігі 400-500 метрге жетеді. Оңтүстікке бағытталған сайын қыраттар аңғарлар мен жыралы сайға ауысады.  Сарыарқаның Ақмола облыстық белдеуінде алтын, мыс, каолин саздары, кварц құмдары басқа да пайдалы қазбалар кездеседі. Облыс климатының басты сипатына байланысты егістік дақылдарын жинау өзіне тән ерекшеліктерден тұрады. Облыстың климаты күрт өзгергіш, жазы  ыстық, қысы қатал. Қаңтар айындағы орташа температурсы -16-180С, минималды температурасы – 49-540С, шілденің орташа температурасы  +19+210С . Ауаның максималды температурасы +44  0С жетеді.  Жылы күндер ұзақтығы 194-202 , ал суық күндер ұзақтығы 163-171 күн.   Жылдық жауын-шашын мөлшері 250-400 мм.  Ақмола облысы бай табиғат ресурстарына ие.  Облыс терриориясы екі ендік бағыттағы топырақ зонасында орналасқан: қара және қоңыр.  Олар сәйкесінше, кәдімгі және оңтүстік қара топырақтары, қара-қоңыр, қоңыр және ашық қоңыр болып бөлінеді. Облыстың ең солтүстік таулы-шоқылы бөлігінде, қоңыржай құрғақ дала   бөліктерінде кәдімгі қара топырақтар кездеседі. Қара топырақ ауданы 487,6 мың га оның 90 пайызы егістікте қолданылады. Ақмола өңірі Қазақстандағы ірі ауыл шаруашылықты және халқының басым бөлігі ауыл шаруашылығымен айналысатын облыстардың қатарына жатады. Ақмола облысында халықтың саны 2009 жылғы мәлімет бойынша  - 739,4 мың адам, оның ішінде қала халқы - 333 мың (45%), ауылдық жерлердегі халықтың саны - 406,4 мың адам (55%).  Халықтың тығыздығы - 1 шаршы шақырым жерге 5,1 адамнан келеді. Әкімшілік орталығы - Көкшетау қаласы, қаланың іргетасы 1824 жылы қаланды. Облыс орталығының 2009 жылғы 1 сәуірдегі халық саны - 145,8 мың адам. Облыстың құрамына облыстық маңызы бар 2 қала, яғни, Көкшетау және Степногорск қалалары, аудандық маңызы бар 8 қала (Ақкөл, Атбасар, Державинск, Ерейментау, Есіл, Макинск, Степняк және Щучье), 17 ауылдық аудан, 5 кент және 664 ауылдық елді мекендер кіреді. Кез келген мемлекеттің даму деңгейін анықтауда сол мемлекеттің табиғи байлықтары, жер асты ресурстары, ауыл шаруашылығына жарамды жер алқабының көлемі сияқты негізгі экономикалық көрсеткіштерімен қатар халқының саны мен өндірістік қабілеті, білім деңгейі мен денсаулығы да есепке алынады. Германия, Жапония, Корея сияқты дамыған мемлекеттерге қарағанымызда адам ресурстарының табиғат ресурстарынан маңыздырақ екені аңғарылады. Қазақстан Республикасының соңғы жылдардағы тұрақты экономикалық даму қарқыны көңілді көншіткенімен, халықтың саны мен денсаулығы, туу мөлшері, табиғи өсуі және өлім мөлшері, әлеуметтік–мәдени қажеттіліктерінің қамсыздандырылу деңгейі сияқты көрсеткіштері әлде де  нашар деңгейде. Аталған мәселелердің негізінде әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, биологиялық себептердің болғаны белгілі. Аумағы өте кең, әр алуан табиғи-шаруашылық кешендері бар Қазақстан үшін демографиялық үрдістердің әртүрлі типтері тән. Қоныстанудағы негізгі ілгерілеушіліктер-бұл да халықтың табиғи қозғалысы мен көші-қон үрдісіндегі аумақтық айырмашылықтар нәтижесі. Аумақтық айырмашылықтар көп жағдайда әлеуметтік-экономикалық жағдайлармен анықталады. Халықтың ұдайы өсуі әлеуметтік-экономикалық дамуға әсер етеді. Демографиялық үрдістердің әр түрлі бағыттылығы көп жағдайда Қазақстанның жеке аймақтарының ерекше жағдайларындағы халық қоныстануы өзгерісі сипатымен шартталады. 1990-1999 жылдар Қазақстан Республикасының қалалық және ауылдық мекендері үшін бүкіл республикаға тән үрдістермен сипатталынып, одан айырмашылығы тек қалалық қоныстардағы халық саны төмендеуінің едәуір жоғары қарқынмен жүретіндігінде болды. Қарастырылып отырған облыстарға ғана халық санының абсолюттік және салыстырмалы өсуі ауылдық жерлердегі жоғары табиғи өсім әсерінен болуда. Туудың тұрақтылығы және төменділігі жағдайында өлімнің төмендеуі Ақмола облысында  үлкен материалдық және әлеуметтік прогресті көрсетеді. Қазіргі уақытта, әсіресе, Қазақстан жағдайында, тууды арттыруға қарағанда өлімді төмендету едәуір нақтылы болып келеді. Сондықтан, демографиялық жағдайға тікелей әсер ететін табиғат және әлеуметтік факторларды бағалау зерттеудің ерекше пәні болып табылады. Бұл мәселемен Қазақстан Республикасы, алыс және жақын, сондай-ақ алыс шетелдердің көптеген ғалымдары мен мамандары айналысатындығын атап өткеніміз жөн. Туу сияқты, өлім де – биоәлеуметтік құбылыс. Бірақ туудан айырмашылығы, өлім дәрежесінің әлеуметтік, әсіресе, әлеуметтік-экономикалық факторларға тәуелділігі анық және тікелей байқалады.

Информация о работе Ақмола облысының халқының қоныстану жүйесі өзгерісінің экономикалық географиялық мәселелері