Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2013 в 13:12, дипломная работа
Дипломдық жұмыстың зерттелу дәрежесі. Халық қоныстану жайлы зерттеу жұмыстары ХХ ғ. 80-90 ж.ж. жүргізілді. Қазіргі Қазақстан жағдайында халықтың қоныстану жүйесі өзгерісін зерттеу жалпы халық туралы зерттеуде негіз болып есептеледі. Халықтар географиясында урбандалу туралы В.Г. Давидович, О.А. Константинов, А.В. Кочетков, Ф.М. Листенгурт, Г.М. Лаппо, Г.М. Хорев т.б. еңбектерін атауға болады.Ал, Қазақстан ғалымдарында Искаков У.М. (қалалар, агломерациялар), Татимов М.Б.(халықтың әлеуметтік-демографиялық үрдістері), Асылбеков М.Х., Жұмасұлтанов Т.Ж (халықтың демографиялық негіздері) ғылыми еңбектерін атап көрсетуге болады. Жалпы алғанда, Ақмола облысында нарық жағдайында халықтың қоныстану жүйесі өзгерісін ғылыми тұрғыда зерттеу демография ғылымында негізгі орынды алады және ғылыми тұрғыдан зерделеуді қажет етеді.
Кіріспе...................................................................................................................3
1.Нарық жағдайындағы халық қоныстануы өзгерісінің теориялық негіздері
1.1.Қоныстану ұғымы және аумақтың сыйымдылығы
Жаңа категориялық аймақтарды бағалау......................................................11
1.2. Қазақстан халқының қоныстану жүйесі өзгерісінің өлшемдері мен көрсеткіштері......................................................................................................14
1.3 Қазақстандағы қоныстану дамуының демографиялық жағдайы..........15
1.4 Қоныстану жүйесіне әсер ететін негізгі факторлар..............................17
2. Ақмола облысының халқының қоныстануының ерекшеліктері...................... 2.1.Ақмола облысының елді мекендеріндегі халықтың қоныстануының аумақтық сыйымдылығы......................................................................................... 2.2. Ақмола облысының елді мекендерінде халықтың қоныстануына әсер ететін негізгі факторлар....................................................................................... 2.3.Ақмола облысының елді мекендерінде қоныстанудың экономикалық, әлеуметтік және экологиялық факторлары....................................................... 3.Нарық кезеңіндегі халық қоныстануының аумақтық ерекшеліктері.............. 3.1.Халықтың көші- қоны және демографиялық дамуының ғылыми болжамы................................................................................................................... 3.2.Қазақстандағы демографиялық үрдістің бүгіні, келешегі және даму болашағы.................................................................................................................... Қорытынды............................................................................................................... Пайдаланылған әдебиеттер ....................................................................................
Кесте 1-де көрсетілгендей, Қазақстан аймақтарының жалпы халық санындағы қала халқының үлесі әр аймақта әртүрлі дәрежеде болып отыр. 1998-2009 жылдар аралығындағы статистикалық деректерге жүгінсек, жалпы Қазақстан Республикасы бойынша қала халқының үлесі 1998 жылы 55,1%-ға тең болса, 2000 жылы 55,9%-ға тең болып, 2009 жылы бұл көрсеткіш 54%-ды көрсетіп отыр. Яғни, бұндай көрсеткіштер ауылдан қалаға көшудің жоғары дәрежеде екеніне үлкен дәлел. 1998 жылмен салыстырғанда қала халқының өсу дәрежесі 2009 жылы жоғарылауымен көзге түскен аймақтарды айта кетсек: Ақтөбе (61,5), Шығыс Қазақстан (58,6), Қостанай (54), Ақмола (54,3),Павлодар (67,9),Оңтүстік Қазақстан облыстары (38,9).
Тек, Ақмола облысында ауыл
халқының үлесі 2000 ж. 54,8%-дан, яғни
2009 ж. 45,7%-ға төмендеді. Ол тек белгілі
бір кезеңге, яғни нарықтық экономикаға
өту кезеңіне ғана тән. Бірақ ондай
өзгерістердің қандай бағытта және
қандай жылдамдықпен өтетінін, әзірше
айту күрделі мәселе. Жалпы алғанда,халықтың
мекендер желісінде шоғырлану үрдісі
өнеркәсіп өндірісінің
Кесте 1
1998-2009 жылдардың
1қаңтарындағы Қазақстан
жалпы халық санындағы қала халқының үлесі (%) [16].
Облыс атаулары |
Қала халқының үлесі,(%) | ||
1998 жыл |
2000 жыл |
2009 жыл | |
Қазақстан Республикасы |
55,1 |
55,9 |
54 |
Ақмола |
45,2 |
45,7 |
54,3 |
Ақтөбе |
53,9 |
56 |
61,5 |
Алматы |
30,3 |
28,9 |
30,3 |
Атырау |
58,3 |
58,1 |
59 |
Шығыс Қазақстан |
57,4 |
58,7 |
58,6 |
Жамбыл |
45,6 |
45,8 |
44,6 |
Батыс Қазақстан |
41,3 |
40,7 |
40,9 |
Қарағанды |
82,4 |
82,3 |
77 |
Қостанай |
51,1 |
53,9 |
54 |
Қызылорда |
59,6 |
60,5 |
58,7 |
Маңғыстау |
80,3 |
78,5 |
79 |
Павлодар |
62,3 |
63,4 |
67,9 |
Солтүстік Қазақстан |
49,8 |
37,9 |
40,3 |
Оңтүстік Қазақстан |
37,4 |
36,9 |
38,9 |
Нарықтық қатынасқа өту кезеңінде халық қоныстануын зерттеудің көптеген теориялық негіздері өзгерді. Соның ішінде:
Дәстүрлі көші-қон үрдістері
(ауылдан қалаға ауысу) Қазақстанның
қалалық мекендері үшін бұрынғы
одақтың басқа аймақтарынан қоныс
аударушылар есебінен көші-қонның оң
айырмашылығы (сальдосы) жаңа факторлардың
ықпалымен өзіне қарама-
Бұл ең алдымен мыналар арқылы көрінеді:
-амалсыз көші-қоны
нәтижесінде Қазақстанда
Аумақтың сыйымдылығы ұғымы үнемі бір-бірімен сай келе бермейтін нақтылы және мүмкін сыйымдылық арасындағы айырмашылықты қамтиды. Нақтылы сыйымдылықты сырттай қарағанда аумақтың қоныстанғандығын жеңіл сипаттайтын - халықтың тығыздығы көрсеткіші көмегімен зерттеу мүмкін болады.
Халықтың тығыздығы - аумақтың нақтылы сыйымдылығын, қоныстанғандығын сипаттайтын ең кең таралған көрсеткіш. Халық үшін аумақтың мүмкін сыйымдылығын халық тығыздығының ең жоғары мүмкін көрсеткіші (елдің рұқсат етілген экономикалық ресурсы) не оңтайлы халық тығыздығы (осы жағдайда жан басына шаққанда нақтылы жоғары табыс қамтамасыз етілетін аумақтар өлшемі бірлігіне келетін тұрғындар саны) бойынша қарауға болады. Қала мен ауыл халықтарының тығыздықтарын есептеу, оның қозғалысын зерттеу халықты қайта бөлу үрдісін бағалауға мүмкіндік береді. Бірақ халықтың орташа тығыздығы, халықтың тіршілік жағдайын дұрыс сипаттай алмайды. Мысалы, Қызылорда облысы үшін, халық тығыздығы бір шаршы шақырымға 2,7 адам бола отырып, облыс халқының 37,7% 3 ауданда (Арал, Қазалы, Шиелі) шоғырланған.
Халық тығыздығын есептеудің өткен ғасырдың жылдарында Е.Слуцкий ұсынған тағы бір жолы бар. Бұл - халықтың әлеуметтік тығыздығының көрсеткіші. Бұл көрсеткіштің мәні, халық саны бойынша тығыздықтан орташа арифметикалықты көрсетуінде. Бірақта не халықтың әлеуметтік тығыздығы, не орташа тығыздық көрсеткіштері арқылы, халықтың аумақ бойынша таралуының дұрыстығын толық сипаттау мүмкін емес. Аумақтың азды көпті біртекті бөліктері үшін халық тығыздығының таралуын салыстырмалы түрде жан-жақты талдау ғана қоныстану жайлы толық сипаттама береді. Қазақстанның орташа тығыздығы 1999 жылғы 5,94 адам/км-ден, 2009 жылы 5,49 адам/км-ге төмендеді, осы жағдайда орташа әлеуметтік тығыздық 1999 жылы 16,1 адам/км-ден 2009 жылы 36,7 адам/км-ге артты. Бұл төмендеу республика халқы санының 1999 жылмен салыстырғанда 2009 жылы 1,2 млн.адамға жалпы кемігендігін көрсетеді. Халықтың орташа әлеуметтік тығыздығының артуы, республика аумағы бойынша халық таралуының біркелкі өспеуін бейнелейді. Егер 1999 жылы республика халқының негізгі бөлігі 7 облыс көлемінде шоғырланса, ал 2009 жылы ол 5 облысқа келді.
Осы көрсеткіштерді ескерсек, Қазақстан аумағының шаруашылық тұрғысынан едәуір игерілген облыстары қатарына Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Жамбыл, Павлодар облыстарын жатқызуға болады. Осы облыстар экономикалық әлеуетінің өсуі қоныстанудың құрылымдық желісінің терең өзгерістеріне әкеп соғады. Бұл облыстарда халықтың едәуір мөлшерде ауыл шаруашылығынан өнеркәсіп салаларына ауысуы жүзеге асуда. Нарық кезеңінің қиындықтарына қарамастан, халықтың ауыл шаруашылығы салаларынан ауыл шаруашылықтық емес салаларына өтуі Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында одан әрі көрініс беруде.
1970-2009 жылдардағы еліміз халқының саны 6,8%-ға, яғни 1970 жылғы 3730,3 мыңнан, 1979 жылы 1674,7, 1989 жылы 1572,4, 1999 жылы -1278,8 төмендеп, 2009 жылы 1022,9 мың адамға өскені сурет 2-де анық көрсетіледі.
Сөйтіп, 2009 жылдың басында
Қазақстан халқының саны 16004,8 мың
адамды құрды. Шындығында жеке облыстар,
қалалар және ауылдар арасында халықтың
аумақтық қайта бөлінуімен қатар
жүретін халық санының кемуі,
елді мекендер желісі мен жүйесінің
қалыптасуына елеулі өзгерістер туғызады.
Бұл аумақ халқының қоныстанғандығы
мен аумақ сыйымдылығын бағалауда,
тек әлеуметтік-экономикалық қана емес,
сонымен бірге табиғи шаруашылық
жүйенің құрамдас бөлігі ретінде
экологиялық-демографиялық
Бұл жағдайда аумақтың сыйымдылығының артуы мен кемуімен бірге алғандағы табиғи-шаруашылық жүйедегі экологиялық-демографиялық және экологиялық-экономикалық шиеленістердің жергілікті ошақтарының орнын анықтаудың қажеттігі туады. Мұндай ошақтар Қазақстанның біраз аймақтарында, атап айтқанда Қызылорда, Алматы облыстарында орын алып, өкінішке орай, экологиялық қауіп пен әлеуметтік шиеленіс өсуінің белгісі Солтүстік Қазақстан аймағында едәуір болып, Павлодар облысында 85,6%, Ақмола облысында - 78,6% дейін халық санының төмендегені байқалады. Тек үш аймақта ғана, яғни Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында халықтың бұрынғыдай дәстүрлі өсу үрдістері сақталынуда. Бірақ бұл облыстарда да халық санының салыстырмалы азаюы жүзеге асуда. Екі халық санағы арасындағы он жылда олардың халық саны небәрі 6,8% ғана өсті.
Кесте 1 қарастыратын болсақ,
ең көп халық қоныстанған аймақ
Оңтүстік Қазақстан облысы (13%) болып
табылады. Одан кейінгі орындарда
Алматы, Батыс Қазақстан және Қарағанды.
Ең аз халық қоныстануымен көзге
түсетін аймақ Маңғыстау (2%), Атырау
(3%) облыстары Еліміз және оның аймақтарындағы
экономикалық реформалармен байланысты
болған өзгерістер (өнеркәсіп, оның ішінде
өңдеуші салалар
Республикада осы қатардағы 2 үлкен және өте үлкен қалалардың орнына бүгінде Алматы, Астана қалалары қалды. Реформа кезеңінде 500 мыңнан төмен тұрғыны бар қалаға Қарағанды қаласы жатты (1999 жылы 507,3 мың адам, ал 2009 жылы - 436,9 мың адам).
Халық санағы аралығы кезеңінде қала халқы негізінде елімізден тысқары жерлерге көші- қон есебінен қысқарды. Қызылорда мен Оңтүстік Қазақстан сияқты екі аймақтағы халықтың біршама өсуі табиғи өсу және халықтың ауылдан қалаға республика ішілік қоныс аударуы есебінен жүзеге асуда. Қазірше сақталынып отырған еліміз экономикасының құлдырауы, еліміз аумағы бойынша салыстырмалы түрде оның орналасуын біркелкі ете отырып, қала халқының шоғырлануының бұзылуын (деконцентрация) күшейтуде.
Республиканың тек Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан сияқты 5 облысында қала халқының дәрежесі қалған 9 облыспен салыстырғанда 2 есе (1,9 есе) жоғары болуда. Бірақ, егер халықтың төмендеу қарқыны ең урбандалған бес облыста сақталынатын болса, онда таяу жылдарда олардағы қала халқының саны Қазақстанның орташа қала халқы санынан арта түсетін болады. Мысалы, екі халық санағының арасында қала халқы санының төмендеу қарқыны Қазақстан бойынша 8,8% болса, ол Алматы облысында - 13,4%, Шығыс Қазақстанда - 12,8%, Қарағандыда - 18,7%, Қостанайда - 10,7% құрды.
Қазақстанда Алматы қаласының астана мәртебесінен айрылғанына қарамастан, халық санының өсуі өзінің тұрақтылығын сақтап отыр. Екі халық санағының арасында оның халқының саны 5,4% өсті. Жаңа астан Астананың халқы тез өсуде. Соңғы екі халық санағы аралығында ондағы халық саны 13,5% артты.