Ақмола облысының халқының қоныстану жүйесі өзгерісінің экономикалық географиялық мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2013 в 13:12, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыстың зерттелу дәрежесі. Халық қоныстану жайлы зерттеу жұмыстары ХХ ғ. 80-90 ж.ж. жүргізілді. Қазіргі Қазақстан жағдайында халықтың қоныстану жүйесі өзгерісін зерттеу жалпы халық туралы зерттеуде негіз болып есептеледі. Халықтар географиясында урбандалу туралы В.Г. Давидович, О.А. Константинов, А.В. Кочетков, Ф.М. Листенгурт, Г.М. Лаппо, Г.М. Хорев т.б. еңбектерін атауға болады.Ал, Қазақстан ғалымдарында Искаков У.М. (қалалар, агломерациялар), Татимов М.Б.(халықтың әлеуметтік-демографиялық үрдістері), Асылбеков М.Х., Жұмасұлтанов Т.Ж (халықтың демографиялық негіздері) ғылыми еңбектерін атап көрсетуге болады. Жалпы алғанда, Ақмола облысында нарық жағдайында халықтың қоныстану жүйесі өзгерісін ғылыми тұрғыда зерттеу демография ғылымында негізгі орынды алады және ғылыми тұрғыдан зерделеуді қажет етеді.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................3
1.Нарық жағдайындағы халық қоныстануы өзгерісінің теориялық негіздері
1.1.Қоныстану ұғымы және аумақтың сыйымдылығы
Жаңа категориялық аймақтарды бағалау......................................................11
1.2. Қазақстан халқының қоныстану жүйесі өзгерісінің өлшемдері мен көрсеткіштері......................................................................................................14
1.3 Қазақстандағы қоныстану дамуының демографиялық жағдайы..........15
1.4 Қоныстану жүйесіне әсер ететін негізгі факторлар..............................17
2. Ақмола облысының халқының қоныстануының ерекшеліктері...................... 2.1.Ақмола облысының елді мекендеріндегі халықтың қоныстануының аумақтық сыйымдылығы......................................................................................... 2.2. Ақмола облысының елді мекендерінде халықтың қоныстануына әсер ететін негізгі факторлар....................................................................................... 2.3.Ақмола облысының елді мекендерінде қоныстанудың экономикалық, әлеуметтік және экологиялық факторлары....................................................... 3.Нарық кезеңіндегі халық қоныстануының аумақтық ерекшеліктері.............. 3.1.Халықтың көші- қоны және демографиялық дамуының ғылыми болжамы................................................................................................................... 3.2.Қазақстандағы демографиялық үрдістің бүгіні, келешегі және даму болашағы.................................................................................................................... Қорытынды............................................................................................................... Пайдаланылған әдебиеттер ....................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫ1.docx

— 180.31 Кб (Скачать документ)

Халық құрылымын сипаттаудың  бір көрсеткіші, елді мекендердің  топтасып орналасу формасы, олардың  ішіндегі қалалық елді мекендердің  едәуір даму ерекшелігі болып табылады. Қалалық елді мекендердің едәуір дәрежеде Қарағанды облысына тән  болып, қала тұрғындарының үлесіне  бүкіл халқының 82,3% келсе (2009 жылғы  статистика дерегі бойынша), Маңғыстау  облысында қала халқының үлесі  80%-ды құрайды. Бұл  облыстарда қалалық  мекендер негізінде облыс орталықтарының айналасына топтасуда. Қалалық мекендердің  топтасуының жоғары үлесі Батыс  Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарына тән. Бұл облыстар агломерациясында Солтүстік Қазақстан облысында қала халқының 57,9%, Павлодар облысында  63,4% дейінгісі қоныстанған.

Ауылдық қоныстану үрдісі қалыптасуында едәуір аймақтық айырмашылық  байқалады.  2009 жылғы статистикалық  мәліметке сүйенсек, ауыл халқының ең жоғарғы үлес салмағы Алматы, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстарына келеді. Қазақстанның  жеке аймақтарында ауыл халқы санының  өзгерісі әрқалай. Мысалы, 1999-2009 жылдар аралығында ауыл халқы санының едәуір азаюы Солтүстік Қазақстан облыстарында  (орташа ауыл халқының саны бұл кезеңде 19,5% азайды), Қарағанды облысында -  21,2%, Шығыс Қазақстан облысында - 14,2% азайғандығы байқалады.

Жалпы халық шаруашылығы  тұғысынан қарағанда, ауылдан халықтың қалалық мекендерге біркелкілеу  келуін ескерсек, ауыл халқының кемуі  заңды болып  табылады. Бірақ Қазақстандағы  соңғы жылдардағы ауыл шаруашылығы  саласындағы дәлелсіз реформалар салдарынан ( фермерлік шаруашылықтың жедел  дамуы) көші-қонның жеделдеуімен байланысты ауылдық мекендердің елсізденуі орын алуда. Солтүстік Қазақстан, Қарағанды  және Шығыс Қазақстан облыстары  ауылдық мекендерінен халықтың кетуі  соншалықты, ауылда еңбекке жарамды  адамдар қалмауда. Сондықтан мемлекет мүддесіне сай келетін бұл  аудандарда халықтың көші-қонуын реттеу проблемасы орын алуда.

Сонымен, халықтың қоныстануы ұғымы – ең алдымен аумақ бойынша  халықтың бөлінуі мен қайта бөлінуі  жүзеге асатын жалпы үлгілерді құрастыру  деген сөз. Тікелей араласу жолымен  қоныстанудың белгілі бір үлгісін  құрастыруға болмайды, өйткені ол жанама табиғи және демографиялық факторлармен біріккен экономикалық үрдістердің  жүруімен байланысты. Бірақ мемлекет дамудың осы кезеңі мүддесіне  сай келетін халық қоныстануының  моделін реттеп, бағыттап және жанама түрде басқара алады. Ең алдымен, халық қоныстануы қоныстану және урбандалу үрдістерін сипаттайтын  көрсеткіштермен анықталатындығын ескеру қажет.

Аумақтың сыйымдылығы  халықтың тығыздығы көрсеткішімен  тығыз байланысты.

Халық санағы арасындағы кезең  мыналармен сипатталынады:

  • жалпы Қазақстан және елдің негізгі аймақтары бойынша қала халқы санының кемуімен. Қалалық елді мекендерде де халық саны азаюда, ол көші-қон мен туу сияқты негізгі көздермен бірге шағын және орташа қалалар халық шаруашылық әрекеттерінің  толық тоқтауымен байланысты болуда;
  • ауыл халқы санының бес облыстан басқа (Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан) облыстарда азаюымен байланысты болуда. Бұл статистикалық көрсеткіштердің қозғалысы халық қоныстануы үрдісі мазмұнында болып жатқан терең өзгерістерді көрсетеді. Әртүрлі дәрежелі елді мекендер арасында өзара байланыс және өзара қатынас жүйесі өзгеріп, ол елді мекендер желісін өзгертуге әкеп соқты.          1.2. Қазақстан халқының қоныстану жүйесі өзгерісінің өлшемдері     мен көрсеткіштері

Нарықтық дамудың қазіргі кезеңінде қоныстану өлшемін анықтаудың қиындығы, ең алдымен өлшем тиімділігінің  нақтылы белгілерін таңдау болып табылады. Қазіргі жағдайда кейбір ұстанымдар, оның ішінде тиімділіктің салалық ұстанымдары өз маңызын сөзсіз сақтауда. Бірақ қоныстану тиімділігін толық  шешу табиғи, әлеуметтік, ұлттық және демографиялық факторлардың әр алуандығын ескеру негізінде ғана болуы мүмкін. Бір жағынан халықтың демографиялық құрамындағы аумақтық айырмашылықтардың өзара шарттылығын, еңбек ресурсы құрылымындағы оның табиғи және механикалық қозғалысын, екінші жағынан елді мекендер жүйелерін кеңес ғалымдары белсене зерттеген болатын. Қоныстану мен халықтың байланысын екі жақты талдаудың негізін С.А.Ковалев, В.В.Покшишевский, О.Б.Ата-Мирзоев, Д.Девиджев, В.Г.Давидович, В.Ш.Джаошвили, В.В.Воробьев, Т.И.Заславская, А.Я.Кваша зерттеген.

Бұл зерттеулердің құндылығы  аталынған авторлардың елді мекендер жүйесін халықты дамыту факторы  және бір мезгілде қоныстану қозғалысы  мен құрылымын демографиялық  үрдістердің нәтижесі және олардың  аумақтық байланыстылығы ретінде қарау  жолдарымен анықтауында.

Соған қарамастан, таяудағы кеңестік кезеңге жалпы ғылыми факторлар  ретінде аталынып келген факторлар, өз маңызын әлі күнге дейін  жоя қойған жоқ. Бірақ нарық кезеңінде  оларды шешудің жолдары едіуір күрделене  және әр алуандана түсті. Бұл факторлардың халықтың   қоныстануындағы ролі зор аймақтық айырмашылықтармен  байланысты, ең алдымен  өндірістің мамандануы және қоғамдық өндірістің аумақтық ұйымдастырылуы бойынша онан әрі арта түседі. Аумақтар сонымен  бірге халықтың саны мен тығыздығы, мекендердің қалыптасқан формалары  және урбандалу дәрежесі, тірек орталықтарының болуы (ірі және орташа қалалар), ең соңында қоныстанудың ұлттық  дәстүрлері жөнінен  елеулі айырмашылықтар жасайды [3,10,11].

Еліміз халқының қоныстануы мен урбандалуын сипаттайтын  негізгі көрсеткіштер төмендегідей:

  • жалпы халық санындағы, қала халқының үлес салмағы;
  • мыңнан астам тұрғындары бар қалалардағы халықтың үлес салмағы;
  • қалалық елді мекендерде тұратын халықтың үлесі;
  • бір елді мекенге шаққандағы қала халқының орташа саны;
  • қалалар желісінің тығыздығы;
  • көлік желісінің жиілігі.

Негізгі көрсеткіштерді таңдағанда, ең алдымен олардың мәнін ескеру керек. Бұл қоғамның өндіргіш күштерінің дамуы мен адамдардың қоныстануы арасындағы оның мәнін бейнелейтін  урбандалу мәселесіне қатысты. Өндіргіш күштердің өсуі өнеркәсіптің пайда  болуы және оның онан әрі дамуына  мүмкіндік беретіндігі тұрғысында елді мекендердің және оның тұрғындарының  жалпы санындағы үлесінің артуына  сай, осы заманғы қалалар объективті қажетті болып табылады. Мысалы, қалалардың өсу көрсеткіші қалалардың өзінің өсуі, ең алдымен, белгілі бір таптар мен кезеңдер не халықтың ең жақсы тұрмыс жағдайы үшін ақша формасындағы сезінетін табысы, яғни бұл өсудің өлшемі қалай болу керек деген мәселелерді қояды.

Қалалық елді мекендерде тұратын  халықтың үлес салмағы, экономикалық көрсеткіштермен  жиынтық тұрғыда үнемі өсіп отыратын өте үлкен және үлкен қалалардағы  халықтың топталу ұтымдылығын анықтауға  мол мүмкіндік береді. Шын мәнінде, жоғарыдағы аталынған барлық көрсеткіштер өндіріс пен қоныстанудың едәуір ұтымды аумақтық құрылымын жасау  жайлы маңызды халық шаруашылық проблемаларды  шешеді. Оны іске асыру мынандай үш бағытта жүреді: әлі де дамуы төмен аймақтарды көтеру, өнеркәсіп құрылысына едәуір қолайлы жағдайы бар шағын  және орташа қалаларды жедел дамыту, халық өмірінің бірыңғай және соған  жақын стандартын жасау үшін әртүрлі  таксономиялық аумақтық өлшемдердің  экономикалық даму дәрежесін теңестіру. Бұл нарықтық экономикасы дамыған  елдер үшін де әділетті болып келеді. Елді мекендердің қалыптасуы, олардың  шаруашылық мамандануы, атқаратын қызметі  және даму көлемінің объективті негізі бола отырып, қоғамдық өндірістің және еңбек бөлінісінің шоғырлану,  орталықтану, кооперативтену сияқты заңдарына  сәйкес жүзеге асады. Әрине социолизм  тұсында бұл үрдістер әкімшілік  жоспарлау мен қатаң шаруашылық механизмдеріне сәйкес жүзеге асып отырды.

Ал нарықтық қатынасқа  өту кезеңінде, бұл үрдістер экономикалық дамудың әртүрлілігі, отандық және шетелдік тауар өндірушілердің бәсекесіне біртіндеп бейімделеді. Мұның барлығы, сөзсіз, халық қоныстануы өлшемін  анықтауда белгілі бір өзгерістер енгізеді.

Сонымен бірге, біздің елде әртүрлі қалалар мен ауылдық  елді мекендердің орналасуы мен  өсуі табиғат ресурстарын пайдаланумен байланысты өндіруші өнеркәсіп, ауыл және орман шаруашылығы және басқа  салалардың аумақтық шағын бөліктер түрінде орналасуымен түсіндіріледі. Ауыл шаруашылығы және табиғат ресурстарын  өндірумен байланысты салалар, әдетте онша үлкен емес елді мекендерде дамиды. Өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындары  және басқа салалар өте үлкен  және үлкен қалалар төңірегіндегі  елді мекендер орналасуының агломерациялық формаларына бағдарланады. Қалалардың және қоныстанудың қалалық елді мекендер формаларының дамуы, өндіргіш күштердің  шоғырлануының күшеюі және өнеркәсіп  тораптарының, аумақтық-өнеркәсіп, аграрлы-өнеркәсіп  кешендерінің жасалынуымен тығыз байланысты.Бірақ  қалалар мен елді мекендер желісінің  сандық өлшемі көп жағдайда аймақтық және халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі олардың әрекеттік  ерекшеліктерімен анықталынады. Атап айтқанда, проблеманың осы астары өзінің дамуын таппай отыр.

Аумақтық шоғырлануды  өндіріс пен қоныстанудың орналасуы  мен дамуының негізгі бағыттарының бірі ретінде қарау, әрбір тарихи кезеңде оның шынайы шекарасының  болатындығын ұмытпау керек.

Мысалы, нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде шаруашылықтың  аумақтық ұйымдастырылуының экономикалық тиімділігін арттыру мақсатында, оның нысанасын шоғырландыруды бұзуға бағытталған реформалар жүргізіледі. Экономикалық реформалар өндірісті  аумақтық біркелкі орналастыруды мақсат етеді. Бұл шаруашылық айналымға  шикізат, еңбек және материалдық-техникалық ресурстарды қосымша тарту мен  ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді. Реформа барысындағы алға қойылған мақсаттың орындалуы басқаша  мәселе. Соңғы жалдары, кейінгі кеңестік кезеңінде орын алғандай, қоныстанудың  аумақтық тиімділігі мәселесіне онша көңіл бөлінбеуде, ал өндірістің аумақтық тиімділігі көп жағдайда қоныстанудың тиімділігіне байланысты. Кеңес жылдарында әзірленген қоныстану тиімділігін  анықтаудың әдіснамалық және әдістемелік  мәселелері өз маңыздылығын толық жоя  қойған жоқ. Қоныстанудың тиімділігі мәселесімен  шұғылданған және шұғылданушы қала құрылысшыларына және көптеген ғалымдардың  зерттеулері, яғни Д.Г.Ходжаев, Ф.М.Листенгурт,О.А.Пчелинцев, Н.Ф.Тимчук, Б.С.Хорев тағы басқа еңбектері  пайдалы. Бұрын қолданылған қоныстану  тиімділігінің бірыңғай көрсеткіштерін әбден пайдалануға болады.

Мұндай әрекеттер ретінде  мыналарды айтуға болады:

          -   халық шаруашылығы міндеттерін  тиімді шешу;

- қоныстану жүйелерін қалыптастырудың алғы шарттарын анықтай отырып,  қоныстануды дамытудың негізгі тұжырымдамаларын әзірлеу;

-  жалпы мемлекеттік  әлеуметтік-экономикалық даму міндеттері  негізінде  қоныстанудың оңтайлы  балансын таңдау;

-  өндіріс пен халықты  аумақтық ұйымдастыруды негіздеу.

Сонымен қатар, бұрыннан қолданылған  қоныстанудың бірыңғай көрсеткіштері  экологиялық факторлардың әсерін жете ескермейді, Арал маңын ғана емес, Қазақстанның басқа аймақтарын да қамтыған шөлдену  мәселесінің сөзсіз елді мекендер жүйелері мен желілеріне қатысы бар. Қолайсыз экологиялық үрдістер өршіген аумақтардағы қоныстанудың ұтымды формасын анықтау  өте күрделі мәселе. Экологиялық  және экономикалық мәселелердің ұштасқан аймақтарында әзірше оларды шешудің  тиімді әдістерінің жоқтығынан ол онан әрі күрделене түсуде. Бұл халық  қоныстануының қосымша өлшемдері  мен көрсеткіштерін әзірлеуді қажет  етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3  Қазақстандағы қоныстану дамуының  демографиялық жағдайы

Аумағы өте кең, әр аруан  табиғи-шаруашылық кешендері бар  Қазақстан үшін демографиялық  үрдістердің  әртүрлі типтері тән. Қоныстанудағы  негізгі ілгерілеушіліктер –  бұл да халықтың табиғи қозғалысы  мен көші-қон үрдісіндегі аумақтың айырмашылықтар нәтижесі. Аумақтық айырмашылықтар көп жағдайда әлеуметтік-экономикалық жағдайлармен анықталынады. Халықтың ұдайы өсуі әлеуметтік-экономикалық дамуға әсер етеді.

Қазақстандағы қоныстанудың аумақтық ерекшеліктері соншалықты әртүрлі, соған байланысты жүйелілік-құрылымдық амалдармен қоса жүйелілік әдістерін  пайдаланып, терең талдау негізінде  республика облыстарының табиғи және механикалық өсу дәрежесі, ол қозғалыстар  негізделінетін себептер мен тенденциялар бойынша топтарын айқындау қажет.

Қоныстану бойынша зерттеу  нәтижесінде,  республика тұрғысында және облыстарға тиісті Шығыс Қазақстанда  – нақтылы анықталған халықтың депопуляциясы, Қостанайда – халықтың өсу қарқынының өсуі және Оңтүстік Қазақстанда –  салыстырмалы халықтың жоғары өсуі сияқты ұдайы өсу үрдісі бойынша бір-біріне қарама-қарсы кең көлемдегі мәселелерді  енгізу қажет.

Демографиялық үрдістердің  әр түрлі бағыттылығы көп жағдайда Қазақстанның жеке аймақтарының ерекше жағдайларындағы халық қоныстануы өзгерісі сипатымен шартталады.

Әрине, демографиялық үрдістердің  аумақтық байқалу формасы бола отырып, бұл қоныстанудың әртүрлі үлгілерін  зерттеуде маңызды болып табылады. Бұл проблема география ғылымдарының кешенді бағыты ретінде адам экологиясының  дамуымен бірге ұзақ мерзім барысында  қалыптасты. 1970-1980 жылдары бұл үрдіске  ғаламдық және аймақтық экологиялық  проблемалардың пайда болуы, тіршілік әрекетінің өзгермелі жағдайына  адамның бейімделуі алғы шарт болды [12,13].

Информация о работе Ақмола облысының халқының қоныстану жүйесі өзгерісінің экономикалық географиялық мәселелері