Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2015 в 07:14, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі: Жалпы орта білім беретін және кәсіптік мектеп реформасын жүзеге асыруды жылдамдату жаңа мектептегі бүкіл білім мазмұнын ,оның құрылымдық жүйесін жаңартуды қажет етеді.Білім беру ісін ұйымдастыру мен басқарудағы демократиялық пен жариялық,мемлекеттік- қоғамдық басқару принципі,оқыту мен тәрбиелеу ісін ізгілендіру жаңа мектепке жетудің бірінщі кезектегі тиімді жолы ретінде танылады.
Кіріспе ...............................................................................................................3
I.Механикалық тербелістерді оқыту әдістемесі
1.1 Тербелістер. Тербелмелі қозғалыстар.............................................4
1.2 Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар..............7
1.3 Механикалық тербеліс кезіндегі энергияның түрленуі..............8
1.4 Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістері.....9
1.5 Еркін және еріксіз тербелістер. Резонанс........................................12
1.6 Электромагниттік тербелістер..........................................................15
1.7 Есеп шығару мысалдары.................................................................. .16
1.8 Лабораториялық жұмыс.............................................................17
II.Механикалық толқындарды оқыту әдістемесі
2.1 Толқындар. Толқындық қозғалыс...................................................18
2.2 Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары.................................................21
2.3. Акустикалық резонанс......................................................................23
2.4 Дыбыстың шағылуы, жаңғырық...................................................24
2.5 Ультрадыбыс......................................................................................27
2.6 Электромагниттік толқындар.........................................................28
2.7 Радиобайланыс...................................................................................29
2.8 Есеп шығару мысалдары...................................................................31
2.9 Лабораториялық жұмыс............................................................32
Қорытынды................................................................................................
Пайдаланылған деректер тізімі..................................................................
Қосымша.....................................................................................
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ..............................
I.Механикалық тербелістерді оқыту әдістемесі
1.1 Тербелістер. Тербелмелі
қозғалыстар...................
1.2 Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар..............7
1.3 Механикалық тербеліс кезіндегі энергияның түрленуі..............8
1.4 Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістері.....9
1.5 Еркін және еріксіз тербелістер.
Резонанс......................
1.6 Электромагниттік тербелістер...................
1.7 Есеп шығару мысалдары.....................
1.8 Лабораториялық жұмыс.........................
II.Механикалық толқындарды оқыту әдістемесі
2.1 Толқындар. Толқындық қозғалыс......................
2.2 Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары.................
2.3. Акустикалық резонанс......................
2.4 Дыбыстың шағылуы, жаңғырық......................
2.5 Ультрадыбыс...................
2.6 Электромагниттік толқындар.....................
2.7 Радиобайланыс.................
2.8 Есеп шығару мысалдары.....................
2.9 Лабораториялық жұмыс.........................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған
деректер тізімі........................
Қосымша.......................
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Жалпы орта білім беретін және кәсіптік мектеп реформасын жүзеге асыруды жылдамдату жаңа мектептегі бүкіл білім мазмұнын ,оның құрылымдық жүйесін жаңартуды қажет етеді.Білім беру ісін ұйымдастыру мен басқарудағы демократиялық пен жариялық,мемлекеттік- қоғамдық басқару принципі,оқыту мен тәрбиелеу ісін ізгілендіру жаңа мектепке жетудің бірінщі кезектегі тиімді жолы ретінде танылады.
Мектепте физиканы
сапалы оқытудың басты шарты
– физика ғылымын мұғалімнің
берік меңгеруі,оның зерттеу
Физканы мектепте оқыту әдістемесі- педагогика ғылымдарының бірі болып табылады. “Тербелістер мен толқындар” тарауларына арналған бұл дипломдық жұмыс мектептерде оқытушыларға әдістемелік көмек болар деген негізбен жазылған. Дипломдық жұмыс “Тербелістер мен толқындар” тарауларын оқытудың жалпы мәселелеріне арналған. Мектепте физиканы сапалы оқытудың ең бірінші және басты шарты-физика ғылымын мұғалімнің берік меңгеруі, оның зерттеу әдістері мен даму тарихын терең түсінуі.
Физиканы оқыту процесінде
Физиканы оқыту әдістемесі, ең алдымен, физика ғылымының зерттеу әдістеріне және оның әдіснамасына сүйенсе, екіншіден, философия, педагогика және психология ғылымдары негізінде дамып келеді. Ол өзінің мақсаттары, зерттейтін мәселелері, пайдаланатын әдістері бойынша физика ғылымына қарағанда, педагогика ғылымдарына бейімділігі мен жақындығы анағұрлым көп. Сондықтан да, физиканы оқыту әдістемесі (сол сияқты барлық пәндерді оқытудың әдістемесі де) педагогика ғылымдарының құрамдас бір саласына жатады.
Физика әдістемесінің ғылыми-
таным мен сезу және ойлау процестері, дидактикалық принциптер, педагогикалық және психологиялық заңдылықтар, бақылау, мектеп тәжірибесін жинактау, оқушылардың ойлауы мен еңбек ету ерекшеліктері пайдаланылады. Осы жұмысты жазу барысында біз көптеген жылдар бойы қолданылып келген дәстүрлі оқыту процесінің формаларын жоққа шығарып оның оң нәтижелерін терістеуден аулақпыз.Кез-келген нәрсенің жақсы жағымен жаман жағы қатар жүретіні секілді дәстүрлі оқыту жүйесінің жетістіктермен қатар кемшілік тұстары да соңғы кездері ғалымдар тарапынан дәлелденіп отыр. Қазақстаның әлемдік білім беру кеңістігіне еніп,ғалымдастыру науқанын кешіп жатқан тұста оқыту процесін ұйымдастырудың жаңа формалары білім берудің инновациялық саласына енгізіліп келе жатыр. Жаңа формалардың жетістіктері де көрінуде. Олар қазіргі заманғы педагогикалық, методикалық жаңа сұраныстарға жауап берердей бейімделген.
Жұмыстың мақсаты: Орта мектептегі ғылым негіздерінің бірі физиканы оқытудың іс-тәжірибесі мен теориясын қарастыру. Оқушыларға физикалық білімдермен дағдылардың жүйесін ұғындырудың тиімді тәсілдерін, оқыту әдістемесін көрсету.
Жұмыстың практикалық құндылығы:
Физика ғылымын мұғалімнің берік менгеруі, оның зерттеу әдістерімен даму тарихын терен түсінуі.
Жұмыстың құрылымы мен көлімі:Бұл дипломдық жұмыс кіріспе бөлімнен екі тараудан, қорытынды бөлімнен және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады. Жұмыс 65 беттен тұрады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 40.
I.Механикалық тербелістерді оқыту әдістемесі
1.1 Тербелістер. Тербелмелі қозғалыстар
Тербелістерді бұған
дейін зерттеген түзу сызықты
қозғалыс пен айнымалы
Тербелмелі қозғалыс кезінде денеге қандай күштер әсер ететіндігін қарастырайық:
1) Төмен қарай бағытталған ауырлық күші Ға
2) Жоғары қарай бағытталған серпімділік күші Ғс
3) Теңәрекетті күш Ғ
Ғ = Ғс+ Ға=0
Денеге әсер етуші күштердің векторларының қосындысы нөлге тең болған кездегі күйі – тепе-теңдік күйі деп аталады. Тең әрекетті күш үнемі тепе-теңдік күйге бағыттап отырады. Немесе бұл күш серіппенің серпімділік күші болып табылады. Дененің оған әрекет етуші күштер векторларының қосындысы нөлге тең болған кездегі күйін тепе-теңдік күй деп атайды. Жүкті тепе-теңдік күйден шығарып төмен ығыстырғанда, серіппе деформациясының ұлғаюы салдарынан Fc серпімділік күші артады, ал Fa ауырлық күші өзгеріссіз қалады. Бұл күштерге теңәрекетті F күші тепе-теңдік күйге қарай жоғары бағытталған. Егер жүкті тепе-теңдік күйден жоғары көтеріп, сонан соң жібере салса, онда ол төмен қарай бағытталған F теңәрекетті күшінің әрекетінен тепе-теңдік күйге дейін үдей қозғалады. Тепе-теңдік күйден өткеннен кейін F теңәрекетті күш жоғары бағытталады да, жүкті тежейді, а үдеу векторы бағытын қарама-қарсы жаққа өзгертеді. Ең төменгі нүктеде жүк тоқтайды да, жоғары қарай үдеумен қозғалып, тепе-теңдік күйіне жетеді. Содан соң одан етіп, үдеумен төмен қарай қозғала бастайды. Осылайша процесс периодты түрде қайталанады. Мұндағы теңәр екетті күш жүкті траекторияның кез келген нүктесінде тепе-теңдік күйге бағыттап отырады. Сөйтіп, серіппеге ілінген жүкті бастапқы тепе-теңдік күйіне қайтарушы F күші сығылған немесе созылған серіппенің серпімділік күші болып табылады. Ол дененің тепе-тендік күйден ауытқу шамасына тәуелді.
Дененің теп-теңдік күйден ауытқуын ығысу деп аталды. Ығысу х әрпімен белгілейді. Гук заңы бойынша серпімділік күші ығысуға тура пропорционал:
Ғ = -kх
Ығысуға пропорционал және оған қарама-қарсы бағытталған күштің әрекетінен болатын механикалық тербелістер гармоникалық тербелістер деп аталады.
Тербелмеі қозғалыс кезінде:
Тербелмелі қозғалыс — қалпына келтіруші күш эсер етіп түрғандағы қозғалыс.[1]
Күнделікті өмірде біз тербелмелі қозғалыстар немесе жай ғана тербелістер деп аталатын қозғалыстармен жиі ұшырасамыз. Мәселен, жел соққан кезде талдың бұтақтары тербеледі, бір шеті қысқышқа бекілген металл пластинаны майыстырып тұрып жібере салca, ол да тербеліске түседі. Сол сияқты вертикаль күиінен ауытқыған өткеншек, бесік, қабырға сағатының маятнигі, серілпеге ілінген жүк, домбыра шегі, таразының тілі және т.б. тербеледі.
Бұл қозғалыстардың ұқсастығы сол, олардың барлығы қайталанып отыратынымен сипатталады: қандай да бір уақыт еткен соң, тербеліп тұрған дене бастапқы орнына үнемі қайта оралады.
Демек, тербелмелі қозғалысқа периодтылық тән. Қозғалыстың периодтылығы белгілі бір уақыт өткен соң дене орнының, яғни оның координатасының дел немесе шамамен дәл қайталанып отыратынын білдіреді.
Сонымен, механикада тербелістер деп дененің бірдей уақыт аралығындағы дәлме-дәл немесе жуықтап қайталанып отыратын қозғалысын айтады
Мәселен, планеталардың, Жердің жасанды серіктерінің орбита бойымен қозғалысы, сол сияқты сағат тілі ұшының, ұнтаспа дискілерінің қозғалысы тербелмелі қозғалыс тәрізді периодты болып табылады.
Дене қозғалысының сипаты бастапқы шарттар мен әрекет етуші күшке тәуелді болады. Тербелмелі қозғалыс жасауы үшін денеге әрекет етуші күштер қандай шарттарды қанағаттандыруы керек екенін қарастырайық. Тұрғы қысқышына болат серіппенің бір ұшын бекітіп, оның екінші ұшына жүк ілеміз. Жүкке әрекет ететін Fa ауырлық күші мен Fс серпімділік күші модульдері жағынан тең, ал бағыттары қарама-қарсы болған жағдайда жүк тыныштық күйде болады:
F=Fc+Fa=0
Дененің оған әрекет етуші күштер векторларының қосындысы нөлге тең болған кездегі күйін тепе-теңдік күй деп атайды. Жүкті тепе-теңдік күйден шығарып төмен ығыстырғанда, серіппе деформациясының ұлғаюы салдарынан Fc серпімділік күші артады, ал Fa ауырлық күші өзгеріссіз қалады. Бұл күштерге теңәрекетті F күші тепе-теңдік күйге қарай жоғары бағытталған.
Егер жүкті тепе-теңдік күйден жоғары көтеріп, сонан соң жібере салса, онда ол төмен қарай бағытталған F теңәрекетті күшінің әрекетінен тепе-теңдік күйге дейін үдей қозғалады.
Тепе-теңдік күйден
өткеннен кейін F теңәрекетті күш
жоғары бағытталады да, жүкті
тежейді, а үдеу векторы бағытын
қарама-қарсы жаққа өзгертеді. Ең
төменгі нүктеде жүк тоқтайды
да, жоғары қарай үдеумен қозғалып,
тепе-теңдік күйіне жетеді. Содан
соң одан етіп, үдеумен төмен
қарай қозғала бастайды. Осылайша
процесс периодты түрде
Дененің тепе-теңдік күйден ауытқуын ығысу деп атайды. Ығысуды х әрпімен белгілейді. Гук заңы бойынша серпімділік күші ығысуға пропорционал және ол мынаған тең:
F=-kx
Ығысуға пропорционал және оған қарама-қарсы бағытталған күштің әрекетінен болатын механикалық тербелістер гармоникалық тербелістер деп аталады.
Сөйтіп, тербелмелі қозғалыс пайда болуы үшін мына шарттар орындалуы қажет: біріншіден, денені тепе-теңдік қалпынан шығарған кезде оны бастапқы күйіне қайтаратын күш болуы керек. Біз қарастырған мысалда жүкті жоғарғы не төменгі шеткі нүктелерде тепе-теңдік қалыпка қарай бағыттайтын серпімділік күші болып табылады. Екіншіден, үйкеліс мейлінше аз болуы керек. Өйткені үйкеліс әр уақытта қозғалысқа қарама-қарсы бағытталатындықтан, ол тербелістің өшуіне себепші болады.[2]
1.2 Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар
Механикалық тербелістердің физикалық процесс ретіндегі жалпы белгісі қозғалыстың белгілі уақыт аралығында қайталанып отыруы болып табылады. Дене қозғалысы толығымен қайталанып отыратын ең аз уақыт аралығын (интервалын) тербеліс периоды деп атайды. Басқаша айтқанда, тербеліс периоды дегеніміз — бір толық тербеліс жасауға кеткен уақыт. Тербеліс периоды секундпен (с) өлшенеді және оны Т әрпімен белгілейді.
Дене қайсы бір нүктеден шығып, сол нүктеге қайта оралғандағы қозғалыс процесі бір циклді береді.
Мысалы, дененің шеңбер бойымен бір айналым жасауын бір цикл дейміз.
Тек ерекшелігі тербелмелі қозғалыстағыдай, айналмалы қозғалыста тепе-теңдік күйден периодты түрде ығысудың болмайтындығына назар аудару керек. Тербеліс периодына оқушылардың есінде қалу үшін мынадай мысалдар айтып түсіндерген жон, яғни, әткеншектің тербелісі, су бетіндегі қалтқының тербелісі, сағат тілінің тербелісі, желді күнгі ағаш бұтағының қозғалысы айтып елестетіп түсіндірсек оқушылардың қызығушылығы артады.
Информация о работе Механикалық толқындарды оқыту әдістемесі