Хлебокомбинат «Восток» ЖШС-нің активтер құрамын, динамикасын және қалыптастыру көздеріне талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2015 в 14:57, курсовая работа

Краткое описание

Нарықтық экономикаға көшу кәсіпорындардың тиімділгін арттыруды ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізу барысында өнім мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін, шаруашылық жүргізудің тиімді формаларын арттыруды және жүзеге асыруды талап етеді.
ҚР Президентінің өзінің халқына “Қазақстан-2030” жолдауында біздің мемлекеттің дамуының ақырғы мақсаты экономикалық өсу болып табылады, оның приоритеті берік болашақ және келер 30 жыл ішінде ең негізгісі болып табылатындығын айтады.

Содержание

Кіріспе

1. Активтерді басқарудың экономикалық мәні мен мазмұны
1.1 Кәсіпорын активтерінің мазмұны, құрамы мен құрылымы
1.2. Кәсіпорын активтерін басқару механизмі
1.3 Активтер айналымдылығын анықтау

2 Хлебокомбинат «Восток» ЖШС-нің активтер құрамын, динамикасын және қалыптастыру көздеріне талдау
2.1 Хлебокомбинат «Восток» ЖШС-нің қызметіне техникалық-экономикалық сипаттама
2.2 Активтердің құрамы мен құрылымын талдау
2.3 Хлебокомбинат «Восток» ЖШС-нің активтер өтімділігін талдау

3. Активтерді басқарудың мәселелері және оларды шешу жолдары
3.1 Активтердің қалыптасу және пайдалану мәселелері
3.2 Активтерді басқарудың тиімділігін жоғарылату жолдары

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Прикрепленные файлы: 1 файл

Диплом1.doc

— 625.50 Кб (Скачать документ)

2.  Тауарлардың сатып  алу бағасы, егер де жеңілдік  болмаса,   онда   сату   бағасынан   төмен   болады,   себебі сату бағасына саудалық үстеме баға қосылады. Мемлекеттік кәсіпорындағы "жарғылық капитал" бабының сомасы қалдық құнымен көрсетілген  "негізгі құралдар" және "материалдық емес активтер" баптарының жалпы сомасынан көп болады.

           Баланс сомасының өзгерісін зерттеумен қатар, оның жеке бөлімдері мен баптарының өзгеру өзгешелігін де талдау қажет.  Осыған байланысты мынаған көңіл аудару керек: баланстың активінде бағалы қағаздардың қалдығы, қысқа және ұзақ мерзімді қаржылық салымдар, негізгі құралдар, күрделі қаржылар және материалдық емес активтер қалдығының өсуі, ал пассивінде - бірінші бөлімінің, әсіресе бөлінбеген табыс көлемінің өсуі оң бағаланады.

Жоғарыда есептелген көрсеткіштер тек кәсіпорын басшылығы үшін ғана емес, сыртқы талдау субъектілері үшін де қызығушылық туғызады: абсолюттік өтімділік коэффициенті шикізат пен материалдар жеткізушілер үшін, жылдам өтімділік коэффициенті - банктер үшін, ағымдық өтімділік коэффициенті - инвесторлар үшін маңызды.

 

 

 

 

 

 

 

3 АКТИВТЕРДІ БАСҚАРУДЫҢ   МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

 

3.1 Активтердің қалыптасу және пайдалану мәселелері

 

 

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығындағы қосымша жұмылдырушы (мобилизацияланушы) қаражаттар үлкен әсерін тигізеді. Кәсіпорын ақша қаражаттарын қаншалықты көп тар-татын болса, оның қаржылық мүмкіндіктері де соншалықты жоғары болады, алайда, сонымен бірге қаржылық тәуекелділік те өседі - яғни кәсіпорын өз кредиторларымен уақытында есептесе ала ма, жоқ па -деген қауіп туады. Және де бұл жерде кәсіпорынның төлеу қабілеттілігінің қаржылық кепілінің бір түрі ретінде резервтерге үлкен рөл берілген.

Ішкі талдау кезінде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына төлеу қабілетсіздігі балансын құру негізінде, тереңдетілген зерттеу жүргізіледі, оған келесі өзара байланысқан көрсеткіштер топтары кіреді:

1.   Төлемеушіліктің  жалпы мөлшері:

-   банктің   қарызы   бойынша   уақыты   өтіп   кеткен борыштар;

-   жабдықтаушылардың    есеп    айырысу    құжаттары  бойынша уақыты өтіп кеткен борыш;

-   бюджетке салықты  толық төлемеу;

-    басқа    да    төлемеу,    соның    ішінде    еңбекақы бойынша  да;

2.   Төлемеушіліктің  себептері:

-    меншікті айналым  қаражатының жетіспеушілігі;

-   тауарлы-материалдык  құндылықтардың жоспардан тыс  қорлары;

-   сатып   алушылар   уақытында   төлемеген,   тиеліп  жіберілген тауарлар;

-    акцептен  бас  тарту  себепті  сатып  алушылардың  жауапты сақтауындағы тауарлар;

-   айналым  қаражатын  күрделі  құрылысқа,  жұмысшылардың    алған    қарыздары    бойынша    борыштарына    жұмылдыру,    сонымен    бірге    бөлінген қаржыландыру көздерінің қаражаттарымен жабылмаған шығындар.

3. Қаржылық шиеленісті  азайту көздері:

-   уақытша бос меншікті  қаражаттар;

-    қатыстырылған  қаражаттар (қалыпты кредиторлық  борыштың дебиторлық борыштан асып кетуі);

-    айналым қаражатын  уақытша толтыруға алынған банк   несиелері   және   тағы   басқа   қарыз   қаражаттары.

Қаржылық шиеленісті азайтатын төлемеушілік пен қаржы көздерінің жалпы мөлшерін толық есептегенде, 2-топ бойынша қорытынды 1 және 3-топтар бойынша қорытындылардың сомасына тең болуы керек. Қаржылық жағдайды төлем тәртіптерін және несиелік қатынастарды талдау үшін берілген көрсеткіштерді динамикада қарастыру ұсынылады (мысалы, тоқсан бойынша).

Тауарлы-материалдық қорлардың қалыптасу көздерімен қатар қаржылық жағдай үшін барлық айналым капиталының, әсіресе тауарлы-материалдық қорларға қатысты (айналымға қарсы) азаюымен көрінетін материалды айналым қаражатының айналымдылығы маңызды орын алады.

Кәсіпорының  қаржы – шаруашылық қызметі  процесінде өзінің  бюджетпен, банк мекемелері және  тағы басқа міндеттемелер бойынша есеп айырысуы қажет болады. Оған қажетті ақша қаражаттары кәсіпорының негізгі және қосымша қызметтерінен түрі қажет.Өндірілген өнім немесе көрсетілген қызмет бойынша кәсіпорын шотына немесе кассасына қолма-қол ақша түспеген жағдайда  алашақ қарыз пайда болады.

Дебиторлық қарызды бағалау бұл негізінен көрсетілген қызмет сатылған тауардың бағасымен бағаланады. Кәсіпорынның қаржы жағдайына дебиторлық борыштың нақты бар болуы емес, оның көлемі, қозғалысы және түрі, яғни бұл борыштың пайда болу себебі әсер етеді. Дебиторлық борыштың пайда болуы кредиторлық борыш сияқты ақшаны аудару арқылы есеп айырысу жүйесі кезеңіндегі шаруашылық қызметтегі объективті процесс болып табылады. Дебиторлық борыш барлық уақытта есептеулер тәртібінің бұзылуы нәтижесінде туындап, барлық уақытта да қаржылық  жағдайды  нашарлатады  деуге   болмайды.   Сондықтан да, оны меншікті қаражатты толығымен айналымнан шығару деп есептеуге болмайды, өйткені оның бір бөлігі банктік несиелендірудің нысаны болып табылады да кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне ешбір ықпал етпейді.

Дебиторлық қарыз бойынша ол:

-Ақша қаражаттарының  тікелей  немесе жанама өсуіне  мүмкіндікті қамтамасыз ететін  болашақтағы тиімділікті  қамтиды

-  Потенциалды қызметтерге деген құқықтық ,заңдылықтардың негізінде олардың заңды болуы.

-Олар алдын ала болжау  арқылы мүмкін болатын алашақ  қарыз көлемін мөлшерден мүмкіндігінше  ауытқумауын қамтамасыз ету.

      Жалпы дебиторлық бұл алдағы уақытта міндетті түрде өндіріліп алынатын табыс болып саналады. Сауда – саттық немесе қызмет негізінде қалыптасқан алашақты саудалық алашақ деген тұжырым да қалыптасқан.Олардың өтелу мерізімі 30-60 күн аралағында болуы қажет. Алашақ қарызға қатысты танылған табыс болған уақытта ғана ол қарызды тану қажет.Олар жасалған шегерімдермен күмәнді қарыздар бойынша жасалатын түзетулар,сатылған тауарлардың кері қайтарылғандары бойынша айырмаларды шегеру арқылы нақты алашақ қарыздың құны анықталады. Алғашқы бағалау ол көрсетілген қызмет атқарылған жұмыстың құны  бойынша бағалануы тиіс.

        Алашақ  қарыз иелік ету құқтарымен  қоса, заңды құқықтарына байланысты  актив болып табылады,яғни алашақ қарыз бұл иелік ету  құқығын қосқанда  заңды құқтармен байланысты  активте қамтылған болашақтағы экономикалық тиімділік болып саналады.Алашақ қарыз өз кезегінде  нормаға сәйкес және аяқталмаған болып табылады.Нормаға сәйкес алашақ қарыз  кәсіпорынның өндірістік  бағдарламасының  орындалу процессімен шартталаған. Оған есеп берге тиісіті адамдардың  қарызы және төлем мерізімі ол босатылған,түсірілген тауарлар үшін қарыз жатады.

  Аяқталмаған алашақ қарыз қаржылық және есеп айырысу тәртібін  бұзу нәтижесінде  және материалдық бағалықтарды босатуға  бақылаудың төмендеу нәтижесінде  пайда болады.Оған мерізімде төленбеген,түсірілген тауарлар үшін қалыптасқан қарызды жатқызады. Алашақ қарыздардың  қаржылары кәсіпорын шаруашылық айналымда қатыспайды. Сондықтан үлкен алашақ қарыздардың  барлығы оның қаржылық жағдайына кері әсер етеді. Алашақ қарызды бағалау бұл негізінен көрсетілген қызмет сатылған тауардың бағасымен бағаланады. Алашақ қарыз бұл-алдағы уақытта міндетті түрде өндіріліп алынатын табыс есебінде есепке алынады.Алашақ қарыз берешек қарызға қарама қарсы болып табылады.

Ақша қаражатарын дұрыс пайдалану және оларды басқара білу ол кәсіпорының қаржылық жағдайына, өндірісті кеңейтуге мүмкіндік беретін актив сондықтан оларды пайдалнуды талдай отырып, резервтерді іздестіруге және дамудың жолдарын қарастыруға мүмкіндік береді. Ақша қаражаттарын тиімді пайдану ол ағымдық шығындарды өтеуге мүмкіндігінің болуын қамтамысыз етеді Мекеменің бір қалыпты іс-әрекеті үшін ақша айналымын жылдамдығы маңызды әсер етеді. Мекеменің қаржылық тұрақтылығын оның ағымдығы міндеттемелерін жабу үшін керек болатын ақша-қаражат түсімі ерекше роль атқарады. Сондықтан мекемеде ақша қаражаттың азаюы оның қаржылық қиыншылықта отырғанын көрсетеді. Бірақ ақша қаражаты тым көбейіп кетсе, онда мекеме ақша инфляциясы мен құнсыздануынан зиян шегіп отыр деп есептеледі. Осыларды сараптай келіп ақша қаражатты белгілі бір тәртіппен ұстау қажеттілігі туады.

Бұл жөнінде әр түрлі талдаулар бар. Солардың бірі мекемедегі активтердің құрамындағы ақша қаражатының азаюы, ал ағымдағы міндеттердің көбеюі қаржы тапшылығы көрсететін барометр деп есептеледі. Ай сайынғы ағымдағы міндеттемелер (мерзімі осы айда бітетін) және ақша-қаражаттың ара қатынасы мекемеде қаржы тапшылығы бар ма, әлде ол өте көп пе деген сұраққа әдемі жауап болады. Ақша қаражатының жеткіліктігін көрсететін тағы бір әдіс ол оның айналым периодының ұзақтығын анықтау.

Ақша қаражатының шынайы қозғалысын көру үшін, ақша кірісі мен шығысының сәйкестігін бағалау үшін және қаржылық нәтижеге ақшаның қатынасын анықтау үшін оның барлық түсімдері мен шығыстарын талдау керек болады. Бұл үшін мекемінің әр кезеңдегі ағындағы, қаржылық іс-әрекеті жеке-жеке қаралады. Ағымдағы ақша-қаражат түсімі өнімді сатудан түскен қаражатқа, атқарған жұмысқа, көрсеткен қызметке және сатып алушылар мен тапсырушылардан алдын-ала төленген аванстар, ал ағымдағы шығысқа -  жұмысшыларға, еңбек-ақы төлеу, сатушылармен есеп айырысу, бюджеттік және әлеуметтік төлемдер. Сондай-ақ ағымдағы төлемге банкіден алынған қарыздарға жүргізілген пайда да кіреді. Қаржылық түсімге банкіден алынған қарыз, ал қаржылық шығысқа дивиденд төлемдері және банкіден бұрын алған қарыздарды қайтару болып табылады.  Талдау барысында ақша қаражаттарының банктегі сомалары бойынша айыналымда болу ұзақтығын талдау арқылы жүзеге асырылады.

Қаржылық есеп негізінен өтелген жағдайлардың қаржылық нәтижелерін және де кәсіпорын үшін инвестициялық шешімдер мен несие беру бойынша шешімдерді шешу үшін, сондай-ақ субъектінің болашақтағы ақша ағымдарын және осы субъектіге сеніп тапсырылған ресурстар мен басқарушы органдардың жұмыстарымен байланысты ресурстар мен міндеттемелерді бағалау   үшін   қажетті   пайдалы   ақпараттарды   сипаттайды. Алайда қаржылық есеп қолданушыларға экономикалық шешімдерді қабылдау үшін қажетті барлық ақпараттарды қамтымайды. Қаржы есебін пайдаланушылар қабылдайтын экономикалық шешімдер субъектінің ақша қаражаттарын айналдыру мүмкіндігін бағалауды, сондай-ақ оларды айналдыру уақытын есептеу және нәтижеге сенімді болуын талап етеді. Бұл нәтижесінде, субъектінің өз жұмысшыларына және жабдықтаушыларына ақы төлеу, пайызды төлеу, несиені қайтару және табысты тарату қабілетін анықтайды. Егер де қолданушылар тек қана субъектінің қаржылық жағдайын, қызметін және оның өткен есепті мерзімдегі қаржылық есебінің өзгерісін сипаттайтын ақпараттармен емес, сонымен қатар барлық қажетті ақпаратгармен жабдықталған болса, онда олар, яғни қолданушылар ақша қаражаттарының айналдыру мүмкіндігін одан да жақсы бағалайды. Бірақ коммерциялық құпияны қорғау туралы заң қолданушылар алатын қаржылық ақпаратқа шек қояды, дегенмен олардың ішінде кейбіреулері (тергеу органдары, ревизорлар, аудиторлар) өкілдігі бол-ған жағдайда қаржылық есепте көрсетілген ақпараттарға қосымша ақпараттарды талап ете алады. Қолданушылардың көпшілігі қаржылық есепке қаржылық ақпараттың басты көзі ретінде сенуі тиіс.

 

3.2.Активтерді басқарудың тиімділігін жоғарылату жолдары

 

Жалпы қаржы менеджменті қаржыны басқарудың ілгеріде баяндалған қағидаттарына негізделген. Ол басқарудың тиісті элементтерін – ақпаратты, жоспарлауды, ұйымдастыруды, реттеуді, бақылауды кіріктіреді. Қаржы менеджментін жүзеге асырудың шарты нарықтық ортаның болуы болып табылады, бұл орта бағалардың еркін жүйесі, тауар мен қызметтердің рыногымен қатар еңбек, капиталдар, өндіріс құрал-жабдықтары рыногының жұмыс істеуі, кәсіпорындардың қызметін мемлекеттік реттеуді заңнамалық реттемелеу кезіндегі кәсіпкерлік қызметті коммерциялық есеп негіздерінде жүргізуге мүмкіндік береді.

Сөйтіп, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы менеджментінің шеңбері нарықтық факторлармен анықталады, бұл оны жеке буындарында басқарушы субъектілердің басқарылу объектілеріне ықпал жасауының экономикалық элементтері басым болуы мүмкін қаржыны басқарудың жалпы шарттарынан ажыратады.

Кәсіпорынның дебиторлық борышы қалыпты және өтелмеген болып екіге бөлінеді. Өтелмеген дебиторлық борышқа, төлеу мерзімі өтіп кеткен есеп айырысу құжаттары бойынша тиеліп жіберілген тауарлар үшін қарыздар жатады.

Өтелмеген дебиторлық борыш айналым қаражаттарының заңсыз бұрмалануын және қаржы тәртібінің бұзылуын көрсетеді. Осыған байланысгы тал-аушы оның құрылымын зерттеу негізінде өтелмеген дебиторлық борышты анықтауы тиіс.

Дебиторлық борыштың құрамы және құрылымымен толық танысып шыққаннан кейін оны нақты құны бойынша бағалау керек. Себебі дебиторлық борыштың барлығы бірден өндіріліп алмауы мүмкін. Оның қайтарымдылығы өткен тәжірибенің, сондай-ақ ағымдағы жағдайлардың негізінде анықталады. Бухгалтерлік тәуекелдің мәні, сол өткен кезең тәжірибесі болашақтағы зиянға сәйкес келмеуі мүмкін немесе ағымдағы жағдайлар толығымен ескерілмей қалуы мүмкін. Нәтижесінде зияндар елеулі дәрежеде болады. Талдаушы дебиторлық борыштың қайтарылу ықтималдылығын анықтаудың және оны дайындаудың дұрыстығы мен нақтылығын білуі керек.

Қарыздардың қайтарылмау пайызы бірнеше жылдардың орташа мәліметтері бойынша есептеледі.

Сондықтан, келесілерді зерттеу қажет:

- бір   немесе   бірнеше   негізгі   қарыз   тұлғалардың  үлесіне   қайтарылмайтын   дебиторлық   борыштың қанша    пайызы    келеді    (бұл    пайыз    қайтарылмайтын қарыздың  шоғырлануын сипаттайды);

- негізгі   қарыз  тұлғалардың   ішінде   біреуінің   борышты төлемеуі, кәсіпорынның қаржы жағдайына әсер ете ме;

-  қалыптасу мерзімі  бойынша дебиторлық борышты қалай  бөледі;

Информация о работе Хлебокомбинат «Восток» ЖШС-нің активтер құрамын, динамикасын және қалыптастыру көздеріне талдау