Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2015 в 14:57, курсовая работа
Нарықтық экономикаға көшу кәсіпорындардың тиімділгін арттыруды ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізу барысында өнім мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін, шаруашылық жүргізудің тиімді формаларын арттыруды және жүзеге асыруды талап етеді.
ҚР Президентінің өзінің халқына “Қазақстан-2030” жолдауында біздің мемлекеттің дамуының ақырғы мақсаты экономикалық өсу болып табылады, оның приоритеті берік болашақ және келер 30 жыл ішінде ең негізгісі болып табылатындығын айтады.
Кіріспе
1. Активтерді басқарудың экономикалық мәні мен мазмұны
1.1 Кәсіпорын активтерінің мазмұны, құрамы мен құрылымы
1.2. Кәсіпорын активтерін басқару механизмі
1.3 Активтер айналымдылығын анықтау
2 Хлебокомбинат «Восток» ЖШС-нің активтер құрамын, динамикасын және қалыптастыру көздеріне талдау
2.1 Хлебокомбинат «Восток» ЖШС-нің қызметіне техникалық-экономикалық сипаттама
2.2 Активтердің құрамы мен құрылымын талдау
2.3 Хлебокомбинат «Восток» ЖШС-нің активтер өтімділігін талдау
3. Активтерді басқарудың мәселелері және оларды шешу жолдары
3.1 Активтердің қалыптасу және пайдалану мәселелері
3.2 Активтерді басқарудың тиімділігін жоғарылату жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
Кесте 8 - Хлебокомбинат «Восток» ЖШС -нің 2008 жылдағы ұзақ мерзімді активтердегі меншікті капитал үлесі
Көрсеткіштер |
жыл басы |
жыл соңы |
1. Ұзақ мерзімді активтер құны, мың теңге |
65722 |
61966 |
2. Ұзақ мерзімді міндеттемелер, мың теңге |
- |
- |
3. Айналыстан тыс активтердегі меншікті капитал сомасы, мың теңге |
65722 |
61966 |
4.Айналыстан тыс активтердегі үлесі, %: - ұзақ мерзімді несие - меншікті капитал |
- 100 |
- 100 |
Келесі кезекте меншікті капиталдың қай бөлігі айналыста екендігін анықтау керек, меншікті айналыс капиталын анықтау үшін келесідей ееептеулер жүргізу қажет:
1) Меншікті капитал - Ұзақ мерзімді активтер, немесе
2)Ағымдық активтер - Ағымдық міндеттемелер
Бұл айырмашылық айналыс капиталының қай бөлігі меншікті капитал есебінен қалыптасқанын немесе егер кәсіпорын бір сәтте барлық ағымдық міндеттемелерін өтесе, айналыста қанша қаражаты қалатындығын көрсетеді. Оның есебін келесі кестеден көруге болады (кесте 9).
Кесте 9 - Хлебокомбинат «Восток» ЖШС -нің 2008 жылдағы айналыс капиталының қалыптасу көздері
Көрсеткіштер |
Жыл басы |
Жыл соңы |
1. Айналыс капиталы, мың тг |
64323 |
154713 |
2. Қысқа мерзімді міндеттемелер, мың тг |
28785 |
113294 |
3. Меншікті айналыс капиталы, мың тг |
35538 |
41419 |
4.Айналыс капиталындағы үлесі, %: - меншікті капитал |
55,2 |
26,8 |
- заемдық капитал |
44,8 |
73,2 |
Мәліметтер жыл басында айналыс капиталының 55,2 %-ы , жыл соңында 26,8 %- ы ғана меншікті капитал есебінен қалыптасқанын көрсетеді. Бұл «Шығыс-Нан комбинаты» ЖШС -нің қаржылық тұрақтылығының кемігенін көрсетеді (меншікті айналыс капиталы 5881 мың тг өскен, оның ішінде 2125 мың тг меншікті капиталдың өсуі, ал 3756 мың тг ұзақ мерзімді активтер сомасының кемуі).
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен оның тұрақтылығын сипаттаушы маңызды көрсеткіштердің бірі - запастардың қаржыландырудың қалыпты көздерімен қамтамасыз етілуі. Тауарлы-материалдық қорларды қалыптастырудың қалыпты көздерінің артықшылығы не жетіспеушілігі - кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына баға берудің критерийлерінің бірі болып саналады, осыған орай қаржылық тұрақтылықтың 4 типін анықтайды. 1.Қаржылық жағдайдың абсолютті тұрақтылығы, бұл кезде меншікті айналыс капиталының құны (М) тауарлы-материалдық қорлар құнынан көп, яғни кәсіпорын сыртқы кредиторлардан тәуелсіз: М>ТМҚ
2.Қаржылық жағдайдың қалыпты тұрақтылыгы келесі теңсіздікпен сипатталады: (М+ұ.м.) > ТМҚ,
мұндағы: (М+ұ.м.) - меншікті айналыс капиталы + ұзақ мерзімді міндеттемелер
3.Қаржылық жағдайдың тұрақсызд
Н - (М+ұ.м.) + қысқа мерзімді міндеттемелер
4.Кризистік қаржылық жағдай, бұл жағдайда кәсіпорынның алдыңғы 3- теңсіздікпен қатар уақытында өтелмеген несиесі, заемдары мен ұзартылған кредиторлық қарыздары болады. Бұл кезде кәсіпорын кредиторларымен уақытында есеп айырыса алмайды, оның ақша қаражаттары мен дебиторлық берешегінің қосындысы кредиторлық қарызды өтей алмайды деген сөз.
Кәсіпорынның каржылық тұрақтылығы бойынша қай типке жататындығын анықтау үшін келесі кесте мәліметтерін пайдалануға болады (кесте 10).
Есептеу бойынша жыл басына кәсіпорынның ТМҚ меншікті айналыс қаражаттарымен толық қамтамасыз етілген және меншікті айналыс қаражаттарының 15028 мың тг артықшылығы бар, яғни кәсіпорынның жыл басындағы қаржылық жағдайы - абсолютті тұрақты (1-тип) деп бағалауға болады. Ал жыл аяғында меншікті айналыс қаражаттары ТМҚ сомасын жаба алмайды, оны тек ТМҚ негізгі көздерінің сомасы ғана жаба алады, яғни кәсіпорынның қаржылық жағдайы абсолютті тұрақты типтен тұрақсыз типке ауысқан. Демек, кәсіпорынның төлем балансы бұзылған, төлем міндеттемелері қалыпты емес көздер есебінен орындалады, кәсіпорынның кредиторлық қарызы дебиторлық қарыздан көп.
Кесте 10 - Хлебокомбинат «Восток» ЖШС -нің тауарлы-материалдық қорларды құралу көздерімен қамтамасыз етілуі, мың тг
Көрсеткіштер |
жыл басы |
жыл соңы |
өзгеріс |
1.Меншікті капитал |
101260 |
103385 |
+2125 |
2.Ұзақ мерзімді активтер |
65722 |
61966 |
-3756 |
3.Меншікті айналыс капиталы (1-2) |
35538 |
41419 |
+5881 |
4. Ұзақ мерзімді міндеттемелер |
- |
- |
- |
5.ТМҚ-дың меншікті және ұзақ мерзімді көздерінің болуы (3+4) |
35538 |
41419 |
+5881 |
6.Қысқа мерзімді міндеттемелер |
28785 |
113294 |
+84509 |
7.ТМҚ негізгі көздері (5+6) |
64323 |
154713 |
+90390 |
8.Тауарлы-материалдық запастар |
20510 |
70780 |
+50270 |
9.Меншікті айналыс қаражатының артықшылығы не жетіспеушілігі (3-8) |
+15028 |
-29361 |
-44389 |
10.Меншікті және ұзақ мерзімді көздердін артықшылығы не жетіспеушілігі (5-8) |
+15028 |
-29361 |
-44389 |
11.ТМҚ қорлардың негізгі көздерінің артықшылығы не жетіспеушілігі (7-8) |
+43813 |
+83933 |
+40120 |
Қаржылық жағдайдың тұрақтылығын келесі жолдармен жоғарылатуға болады:
- ағымдық активтердің айналымдылығын жоғарылату
- запастардың көлемін оптималдау
- меншікті айналыс капиталын ішкі және сыртқы қарыз көздері есебінен толықтыру
2.3 Хлебокомбинат «Восток» ЖШС-нің активтер өтімділігін талдау
Кәсіпорынның болашақта күтілегін төлем қабілеттілігіне сипаттама беру үшін баланс негізінде активтердің өтімділігіне талдау жасау қажет. Өтімділік түсінігі активтерге және кәсіпорынның өзіне қатысты айтылады. Активтердің өтімділігі - бұл активтердің ақша қаражаттарына айналу мүмкіншілігі мен жылдамдығы, ал кәсіпорынның өтімділігі - бұл кәсіпорынның өз міндеттемелерін уақытында өтеу мүмкіншілігі.
Баланс өтімділігін талдау өтімділік дәрежесі бойынша топтастырылған актив топтарын өтелу мерзіміне байланысты топтастырылған пассив топтарымен салыстыруға негізделеді.
Өтімділік дәрежесі бойынша актив баптары 4 топқа біріктіріледі:
А1 - абсолютті өтімді (ең өтімді) активтер - ақша қаражаттары мен қысқа мерзімді қаржылық салымдар.
А2 - жедел өтімді активтер - қысқа мерзімді дебиторлық берешектер.
А3 - жай өтімді активтер - тауарлы - материалдық қорлар мен ұзақ мерзімді қаржылық салымдар.
А4 - Қиын өтімді активтер - ұзақ мерзімді активтер жиынтығы (қаржылық салымдарсыз).
Сәйкесінше, баланс пассиві өтелу жылдамдығы бойынша 4 топқа біріктіріледі:
П1 - ең жедел міндеттемелер - кредиторлық берешектер, несиенің уақыты жеткен бөлігі.
П2 - қысқа мерзімді міндеттемелер - қысқа мерзімді несие мен заемдар.
П3 - Ұзақ мерзімді міндеттемелер - ұзақ мерзімді несие мен заемдар.
П4 - Тұрақты міндеттемелер - меншікті капитал жиынтығы.
Баланс пассивінің 3 бөлімінің өтелу жылдамдығы бойынша топтастырылуын келесідей бейнелеуге болады: Жоғарыдағыдай топтастырудан кейін баланс өтімділігіне баға беру үшін актив пен пассив топтары салыстырылады. Егер келесідей қатынастар сақталса, онда баланс абсолютті өтімді болады:
А1>П1
А2>П2
Аз>П3
А4<П4
Кесте 11 - Хлебокомбинат «Восток» ЖШС -нің 2008 жылдағы өтімділік дәрежесі бойынша топтастырылған актив топтары және өтелу мерзімі бойынша топтастырылған пассив топтары
Актив
|
сомасы, мың тг |
Пассив
|
сомасы, мың тг |
төлем артықшылығы жетіспеушілігі (-), мың тг | |||
жыл басы |
жыл соңы |
жыл басы |
жыл соңы |
жыл басы |
жыл соңы | ||
А1 |
8441 |
7362 |
П1 |
21997 |
92656 |
-13556 |
+85294 |
А2 |
35372 |
76571 |
П2 |
6788 |
20638 |
+28584 |
+55933 |
А3 |
20510 |
70780 |
П3 |
- |
- |
+20510 |
+70780 |
А4 |
65722 |
61966 |
П4 |
101260 |
103385 |
-35538 |
-41419 |
Σ |
130045 |
216679 |
Σ |
130045 |
216679 |
- |
- |
Хлебокомбинат «Восток» ЖШС –де екі кезеңде де келесідей қатынас сақталады: А2>П2, А3>П3, А4 <П4, ал бірінші қатынас жыл басында да, жыл соңында орындалған жоқ А1 <П1, яғни абсолютті өтімді активтер ең жедел міндеттемелерді өтей алмайды, демек осы сәтте кәсіпорын төлем қабілеті емес, бұл жетіспеушілік басқа топтардың артықшылығымен жабылып отыр, дегенмен, нақты жағдайда өтімсіз активтер өтімді активтердің орнын айырбастай алмайды.
Бұл кесте негізінде Хлебокомбинат «Восток» ЖШС –нің төлем қабілеттілігіне абсолютті шамада баға бердік. Төлем қабілеттілік деңгейіне қысқа мерзімді перспективада салыстырмалы баға беру үшін төлем қабілеттіліктің келесідей көрсеткіштері есептеледі:
1. Абсолютті өтімділік коэффициенті (Ка.ө.) :
Ка.ө. = (Ақша қаражаттары + құнды қағаздар) / Ағымдық міндеттемелер
Бұл көрсеткіш ағымдық міндеттемелердің қай бөлігі ақша қаражаттарымен бірден өтеле алатындығын бейнелейді, бұл көрсеткіштің мәні жоғары болған сайын қарызды қайтару сенімділігі де жоғары. Егер кәсіпорын ақша каражаттарының кірісі мен шығысын көлемі мен мерзімі бойынша үйлестіре алса, онда бұл көрсеткіштің мәні төмен болғанымен кәсіпорын төлем қабілеттілігін жоғалтпайды. Көрсеткіш деңгейіне белгіленген талап бойынша ағымдық міндеттемелердің 100 теңгесіне 20 теңгеден жоғары абсолютті өтімді активтер сомасы келуі тиіс.
2. Жылдам өтімділік коэффициенті (Кжө):
Кжө= (Ақша қаражаттары + құнды қағаздар + дебиторлық берешек) / Ағымдық міндеттемелер
Көрсеткіш деңгейіне белгіленген талап бойынша ағымдық міндеттемелердің 100 теңгесіне 100 теңгеден кем емес абсолютті активтер мен дебиторлық берешек сомасы келуі тиіс. Егер етімді активтерде дебиторлық берешек үлесі басым болса, онда жоғарыдағы қатынастың да мәні жоғары болуы тиіс.
3. Ағымдық өтімділік коэффициенті (Кағ.ө):
Кағ.ө = (ағымдағы активтер – алдағы кезең шығындары) / (ағымдағы пассивтер - алдағы кезең кірістері)
Жалпы өтімділік коэффициенті келесі формуламен есептеледі:
К ж.ө. = (а1А1 + а2А2 + а3А3) / (а1П1 + а2П2 + а3П3) =
= (А1 + 0,5 А2 + 0,3 А3) / (П1 + 0,5 П2 + 0,3 П3)
Мұндағы: Кж.ө. - жалпы өтімділік коэффициенті; а1, а2, а3 - салмақтық коэффициенттер; А мен П - актив пен пассив бойынша сәйкес топтарының жиындары.
Баланс өтімділігінің жалпы көрсеткіші ЖШС-нің барлық өтімді айналым қаражаттарының сомасының барлық төлем міндеттемелерінің сомасына қатынасын көрсетеді. Теориялық мәні 0,9-дан төмен болмауға тиіс. Көрсеткіш кәсіпорынның міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша таяу арадағы есеп айырысуды жүзеге асыру қабілетін көрсетеді. Яғни, Хлебокомбинат «Восток» ЖШС –де төлем қабілетті болуы үшін ағымдық активтер сомасы ағымдық міндеттемелер сомасынан ең кемі екі есе көп болуы тиіс. Хлебокомбинат «Восток» ЖШС –де баланс өтімділігінің көрсеткіштері келесідей (кесте 12):
Кесте 12 - Хлебокомбинат «Восток» ЖШС -нің 2008 жылдағы баланс өтімділігінің көрсеткіштері
Көрсеткіштер |
Мәні |
Өзгеріс (+,-) |
Шекті мәні | |
жыл басы |
жыл соңы | |||
Абсолюттік өтімділік коэффициенті |
0,30 |
0,07 |
-0,23 |
>0,2 |
Жылдам өтімділік коэффициенті |
1,52 |
0,74 |
-0,78 |
>1 |
Ағымдық өтімділік коэффициенті |
2,24 |
1,37 |
-0,87 |
>2 |
Жалпы өтімділік коэффициенті |
1,27 |
0,65 |
-0,62 |
>0,9 |
Хлебокомбинат «Восток» ЖШС –де жыл басында 4 көрсеткіштің мәні шекті мәндерге сәйкес келсе, жыл соңында бірде-бірінің мәні сай келмейді, яғни жыл аяғында кәсіпорын төлем қабілетсіз. Оның себебі ағымдық активтердің арту қарқыны ағымдық міндеттемелердің арту қарқынынан артта болуында (жыл басымен салыстырғанда ағымдық активтер сомасы 2,4 есеге артқанда, ағымдық міндеттемелер сомасы 3,9 есеге артқан). Сонымен бірге жыл басында ағымдық активтердің 13 пайызын абсолютті өтімді активтер құраса, жыл аяғында олардың үлесі 4,7 процент қана, демек ағымдық активтердің өсуі негізінен шикізат пен материалдар, дебиторлық берешек есебінен болып отыр.
Ай сайынғы ағымдағы міндеттемелер (мерзімі осы айда бітетін) және ақша-қаражаттың ара қатынасы мекемеде қаржы тапшылығы бар ма, әлде ол өте көп пе деген сұраққа жауап болады. Ақша қаражатының жеткіліктігін көрсететін тағы бір әдіс ол оның айналым периодының ұзақтығын анықтау.
Баланста жекелеген баптар арасында байланыс болады. Олардың кейбіреуін атап көрсетейік.
1. Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің қалдық құны олардың бастапқы құнынан асып кетпейді, себебі ол бастапқы құнынан тозу сомасын алып тастағанда шығады.