Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2015 в 14:57, курсовая работа
Нарықтық экономикаға көшу кәсіпорындардың тиімділгін арттыруды ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізу барысында өнім мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін, шаруашылық жүргізудің тиімді формаларын арттыруды және жүзеге асыруды талап етеді.
ҚР Президентінің өзінің халқына “Қазақстан-2030” жолдауында біздің мемлекеттің дамуының ақырғы мақсаты экономикалық өсу болып табылады, оның приоритеті берік болашақ және келер 30 жыл ішінде ең негізгісі болып табылатындығын айтады.
Кіріспе
1. Активтерді басқарудың экономикалық мәні мен мазмұны
1.1 Кәсіпорын активтерінің мазмұны, құрамы мен құрылымы
1.2. Кәсіпорын активтерін басқару механизмі
1.3 Активтер айналымдылығын анықтау
2 Хлебокомбинат «Восток» ЖШС-нің активтер құрамын, динамикасын және қалыптастыру көздеріне талдау
2.1 Хлебокомбинат «Восток» ЖШС-нің қызметіне техникалық-экономикалық сипаттама
2.2 Активтердің құрамы мен құрылымын талдау
2.3 Хлебокомбинат «Восток» ЖШС-нің активтер өтімділігін талдау
3. Активтерді басқарудың мәселелері және оларды шешу жолдары
3.1 Активтердің қалыптасу және пайдалану мәселелері
3.2 Активтерді басқарудың тиімділігін жоғарылату жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
Ағымдағы активтер - бұл кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың өндірістік қорларының бір өндірістік айналымда түгел тұтынылып және өзінің құнын дайындалатын өнімге толық көшіретін бөлігі. Әдетте, өзінің табиғи нысанын сақтамайды және аяқталғаннан кейін ақшалай нысанда қайтарылады.
Кәсіпорынның қаржылары айналым қорларын нормалау - кәсіпорындарға, ұйымға өздерінің қалыпты жұмыс істеуінің жылдық жоспарлауын қамтамасыз ету үшін қажетті ақшалай қаражатты ең аз қажет етудің ғылыми тұрғыда негізделген есеп-қисабы.
Айналым қаражатын мақсатты түрде үнемдеп пайдалану өндіріс пен айналыста тауар мен материалдық құндылықтардың қосалқы қорларын қысқартуға, өнімді өткізуге, ақшаның қорлануына, шаруашылық органдарының қаржы жағдайының тұрақтылығына және т.б. септігін тигізуге жағдай жасайды.
Бұл арада ағымдағы активтердің нормативі қолданылады.
Айналым қаражатының нормативі - қаржы жоспарында белгіленетін ақшалай қаражаттын ең аз мөлшері. Ол кәсіпорынға, бірлестікке, ұйымға өздерінің қалыпты, толассыз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін тауар - материалдық құндылықтардың ауыспалы қосалқы қорларын құрау үшін қажет.
Ағымдағы активтер екі түрге бөлінеді: меншікті айналым қаражаты және қарызға берілген айналым қаражаты. Меншікті айналым қаражат - кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың ресурстар жөніндегі тұрақты ең аз қажеттерді қамтамасыз ету үшін бекітілген нормативтерге сәйкес өздерінің тиесілі айналым каражатының бір бөлігі.
Қарызға берілген айналым қаражаты - кәсіпорындардың, бірлестіктердің және ұйымдардың айналым қаражатының қысқа мерзімді банк кредиті және айналымға тартылған каржы есебінен құралған бөлігі.
Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу үшін субъектіге арнап ағымдағы (есеп айырысу) шоттар ашылуы мүмкін. Ол сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын субъект үшін ашылады. Аккредитивтер, чек (аванс) кітапшаларының шоттарын және басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын сақтау үшін және тиісті операцияларын жүргізу үшін ашылады.
Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге асыруда келесі әдістер пайдаланылады:
Кәсіпорындар мен ұйымдар ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізгенде мыналарды басшылыққа алу керек:
Қазіргі таңда ақшалар қозғалысын басқару қаржы нарығының күрделілігіне байланысты маңызды мәселе болып саналады. Бәсеке қабілеттілігі – кәсіпорындар мен ұйымдардың дамуына қажетті құрал – жабдықтармен қамтамасыз етілуін талап етеді. Ақшалар мен олардың баламаларын (эквивалентін) дұрыс ашып көрсету және жіктеу кәсіпорын қызметінің нәтижесін нақты бағалау үшін қажет.
Ақша баламалары (эквиваленті) – бұл ақшаларға ұқсас, бірақ басқаша жіктелетін активтер болып табылады. Олардың түрлері төмендегідей:
Түрлі ұсталымдар мен айыппұлдар ұйымның ақшалары қатарына жатқызылмайды. Сондықтан да ақша эквивалентін кассадағы ақшалар шотында есептемейді. Ақша эквивалентін кәсіпорынның есеп айырысу құралдары ретінде қарастырудың қажеттілігі жоқ. Көп жағдайларда оларды қысқа мерзімді инвестициялар шотында есептейді.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың меншігіндегі пошта маркалары, алынған вексельдер, жұмысшылар мен қызметкерлерге іс – сапар шығындары үшін аванс ретінде берілген сомалары, жұмысшылар мен қызметкерлердің басқа да дебиторлық қарыздары ақшалар қатарына жатқызылмайды, оларды бухгалтерлік есепте дебиторлық борыштар бөлімінде есептейді.
Кәсіпорындар мен ұйымдар болмасын өз қызметі барысында басқа заңды және жеке тұлғалармен қарым – қатынас жасайтындығы белгілі. Сол уақыттардағы операцияладың барлығы ақшамен есеп айырысу арқылы жүргізіледі десек қателеспейміз.
Қазіргі таңда ақшалар қозғалысын басқару қаржы нарығының күрделігіне байланысты маңызды мәселе болып саналады.
Ақша қаражаттарын басқарудың мақсаты, ақша құралдарын сақталуын бақылауын, мақсатты түрде шектелімге, шығындық есепке сәйкес, ұсталуын қамтамасыз етуге; толық уақытында құжаттану операцияларын өткізуге; қаржы және есеп тәртібін сақтау үшін; аналитикалық есепті жеткілікті уақытында инвентаризация жүргізу үшін; банк арқылы қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін.
Ақшалар шоттарында
тек қана жедел арада
Ақша баламалары – бұл ақшаларға ұқсас, бірақ басқаша жіктелетін активтер болып табылады. Оларға қазыналық вексельдер, коммерциялық қағаздар және депозиттік сертификаттар жатады.
Түрлі ұсталымдар мен айыппұлдар ақшалары қатарына жатқызылмайды. Сондықтан да оларды кассадағы ақшалар шотына есептемейді. Ақша баламаларын кәсіпорынның есеп айырысу құралдары ретінде қарастырудың қажеттілігі де жоқ. Көп жағдайларда оларды қысқа мерзімді инвестициялар шотына есептейді.
Кәсіпорындар ұйымдардың меншігіндегі пошта маркалары, алынған вексельдер, жұмысшылар мен қызметкерлерге іс сапар шығындар үшін аванс ретінде берілген сомалары, жұмысшылар мен қызметкерлердің басқадай дебиторлық қарыздары ақшалар қатарына жатқызылмайды. Оларды бухгалтерлік есепте дебиторлық борыштар бөлімінде есептейді.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі барысында өздерінің өндірген дайын бұйымдары, сату үшін сатып алған тауарлары, сатып алған ұйымға келіп түспеген тауарлары, аяқталмаған өндіріс, басқаларға көрсеткен қызметтері, сондай-ақ жұмыстарды орындау қызметтерді көрсету барыснда пайдалануға арналған қосалқы бөлшектерді, отындарды, ыдыс және ыдыс материалдарын, жартылай фабрикаттар және басқадай материалдарды, жартылай фабрикаттарды және басқа да материалдарды сол ұйымның тауарлық материалдық қоры түріндегі ағымдағы активі болып табылады.
Олардың өндіріс құралдардан өзгешелігі, өндіріс құралдары шаруашылық процесте ұзақ уақыт қатысып, өздерінің табиғи пішінін сақтай отырып өндірілетін өнімге өз құнының бір бөлігін қосып отырса, еңбек заттары өндірісте пайдаланылған кезде өздерінің бастапқы құнын түгелдей өндірілетін өнімге ауыстырады.
Шығарылатын өнімнің, атқарылатын жұмыстың өзіндік құнының көп бөлгі еңбек заттарының құнынан тұрады. Сонымен еңбек заттары өндірістік қор болып табылады.
Еңбек заттары біртекті емес. Олардың бір бірінен өндірісте атқаратын міндеттеріне қарай, сонымен физикалық және химялық қасиеттеріне қарай өзара айырмашылықтары бар. Өздерінің өзгешеліктері мен өнім дайындауда атқаратын міндеттеріне қарай материалдар:
- шикізат;
- негізгі материал;
- көмекші материал;
- жартылай фабрикат және тағы да басқалары болып бөлінеді.
Негізгі материалдар мен шикізаттар өндірілетін өнімнің өқұрамына кіріп оның материалдық негізін жасайды.
Шикізаттар деп бұрын азды-көпті еңбек сіңірген заттарды айтады. Бұлардың құрамына кен өндіруші өнеркәсіптермен ауыл шаруашылығы мекемелерінің өндірген өнімдері- мұнай, кен, мақта, дүн, тері, ағаш және тағы да басқа материалдар датады.
Негізгі материалдар құрамына өнімнің өзіндік құнын құрайтын өңдеуші өнеркәсіп өнімдері – ұн, мата, кірпіш және тағы да басқалары жатады.
Өндірістік процестің бір сатысынан толық өтіп әрі өңдеуді қажет ететін материалдар жартылай өнімдер деп аталады. Материалдардың бұл түрін ірі қарай өңдеу арқылы дайын бұйымдар алынады.
Олардың аяқталмаған өнімнен айырмашылығы, оны сол кйінде сатуға болады. Мұндай жағдайда жартылай сатып алған ұйымдар оны ары қарай өңдейді.
Сондықтан да ары қарай өңдеуге арналған ұйымның өзінің өндірген немесен басқалардан сатып алған заттары еңбек заттарының қатарында есептеледі. Жартылай өнімдер қатарына құрлыс ұйымдарында бетон ағаш бұйымдарын, металлургияда – шойын мен юолатты датқызуға болады.
Көмекші материалдарға - әр түрлі химикаттар мен майлайтын, сүртетін және өңдеуге керекті басқа да материалдар жатады. Көмекші материалдардың негізгі материалдардан айырмашылығы, олар өнімнің материалдық қнегізін құрамайды.
Олар өндіріс процесінде қолданылуы барысында негізгі материалдарға өзінің қандай да бір тиісті әсерін тигізіп негізгі материалдардың түсін және тағы да басқа жерлерін өзгертеді. Материалдардың бұл түріне бояуларды, әктерді жатқызуға болады.
Материалдық қорлардың ішінде бөлек топ ьолып отындар, ыдыс және ыдыс материалдары, қосалқы бөлшектер, құрлыс материалдары, тағыда басқалар есептеледі. Отындар тобына техникалық мақсатта энергия өндіруге, үй жайларды жылытуға пайдаланылатын барлық түрі жатажы.
Өндіріс процесіне өнім өндіру және қызмет көрсету үшін қажетті керек заттардың бірі еңбек заттары немесе материалдар.ТМҚ есепке алуды ұйымдастыру кәсіпорын үшін өте маңызды болып табылады. Материалдар есебін дұрыс ұйымдастыру ол шаруашылық субьектінің өндірістік қызметінің негізін қалайды .Сондықтан материалдар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін мыналар қажет:
Тауарлық материалдық құндылықтар – шикізат қоры, материалдар, жартылай өнімдер, қосалқы бөлшектер, отын, ыдыс және ыдыс материалдары, басқадай материалдар өндіріске немесе қызмет көрсетуге арналған ;аяқталмаған өндіріс, сатуға арналған дайын өнім мен тауар түріндегі активтер жатады.
Тауарлық материалдық құндылықтың өзіндік құнына келесілер кіреді: құндылықты сатып алу шығындары, тауарлық материалдық құндылықтарды жеткізуге байланысты шығындар, атқарылған жұмыстар және қызмет көрсету шығындары.
Сатып алу шығындарына сатып алынған құндылық бағасы , камиссиондық шығындар, транспорттық дайындау шығындары, тиеу және түсіру, сатып алумен тікелей қатысты тағы басқа шығындар кіреді.
Сату кезіндегі
жеңілдіктер, артық төлемдер және
тағыда басқа түзетулер сатып
алу шығындарын анықтағанда
Тауарлық материалдық құндылықтың қайта өндеуге кеткен шығындарға өндірістік процесс кезінде қолданылған табыс ресурстар, шикізат, материалдар, отын, энергия, еңбек ресурсы, негізгі құрал амортизациясы және де тағы басқа өнімнің бір бірлігін өндіруге кеткен шығындардың құны (ретінде) танылады.
Өнімді өндіру шығындары экономикалық мазмұнына байланысты келесі элементтері бойынша топтастырылады :
- материалдық шығындар
- еңбеккерлерге төлем шығындары
- сақтандыруға аударымдар
- құралдардың тозуы
- тағы басқа шығындар
Өнімнің өндірістен өзіндік
Мысалы: жалпы және әкімшілік шығындар – бұларға өндірісті ұиымдастыру мен басқару шығындары жатады, несиелік пайыздарды төлеу шығындары; тауарлық материалдық құндылықтарды өткізу бойынша шығындар.
1.2 Кәсіпорын активтерін басқару механизмі
Активтерді басқару қаржылық менеджменттің негізгі операцияларының бірі болып табылады. Кәсіпорынның активтерін басқару оның операциялық циклының қалыптасу ерекшелігімен байланысты. Операциялық цикл бұл айналым активтерінің толық бір кезең ішіндегі айналымын айтады.
Әуелі кәсіпорын құрылғанда айналым қаражаттары жарғылық қордың бір бөлігі ретінде қалыптасады (капитал). Олар тауарлық өнімдерді өндіруге байланысты өндірістік босалқы қорларды сатып алу үшін жұмсалады. Дайын өнім қоймаға түседі, содан соң тұтынушыларға жіберіледі. Оның төлеуге дейінгі мезетінде өндіруші ақша қаражаты мұқтажынан жоқшылық көреді. Мұқтаждық бұл деңгейі салынған қаражаттың көлеміне ғана емес, сонымен бірге алдағы есеп айырудың мөлшеріне де байланысты, ол жыл ішінде түрлі себептермен тұрақсызданады. Сондықтан да кәсіпорын айналым қаражатын қалыптастыруда басқа да қиындық көздеріне ұшырайды - орнықты пассивтер, несиегерлік берешек, банк несиесі және басқа да несиегерлер.
Өндірістік бағдарламаның өсу мүмкіндігіне байланысты айналым қаражатына мұқтаждық артады, осыған орай, қаражатының өсуіне тиісті қаржыландыруды қажет етеді. Бұл жағдайда оларды толықтыру көзі кәсіпорынның таза пайдасы болып саналады.