Хлебокомбинат «Восток» ЖШС-нің активтер құрамын, динамикасын және қалыптастыру көздеріне талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2015 в 14:57, курсовая работа

Краткое описание

Нарықтық экономикаға көшу кәсіпорындардың тиімділгін арттыруды ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізу барысында өнім мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін, шаруашылық жүргізудің тиімді формаларын арттыруды және жүзеге асыруды талап етеді.
ҚР Президентінің өзінің халқына “Қазақстан-2030” жолдауында біздің мемлекеттің дамуының ақырғы мақсаты экономикалық өсу болып табылады, оның приоритеті берік болашақ және келер 30 жыл ішінде ең негізгісі болып табылатындығын айтады.

Содержание

Кіріспе

1. Активтерді басқарудың экономикалық мәні мен мазмұны
1.1 Кәсіпорын активтерінің мазмұны, құрамы мен құрылымы
1.2. Кәсіпорын активтерін басқару механизмі
1.3 Активтер айналымдылығын анықтау

2 Хлебокомбинат «Восток» ЖШС-нің активтер құрамын, динамикасын және қалыптастыру көздеріне талдау
2.1 Хлебокомбинат «Восток» ЖШС-нің қызметіне техникалық-экономикалық сипаттама
2.2 Активтердің құрамы мен құрылымын талдау
2.3 Хлебокомбинат «Восток» ЖШС-нің активтер өтімділігін талдау

3. Активтерді басқарудың мәселелері және оларды шешу жолдары
3.1 Активтердің қалыптасу және пайдалану мәселелері
3.2 Активтерді басқарудың тиімділігін жоғарылату жолдары

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Прикрепленные файлы: 1 файл

Диплом1.doc

— 625.50 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе

 

1. Активтерді басқарудың  экономикалық мәні мен мазмұны

1.1 Кәсіпорын активтерінің мазмұны, құрамы мен құрылымы

1.2. Кәсіпорын активтерін басқару механизмі

1.3 Активтер  айналымдылығын анықтау

 

2 Хлебокомбинат «Восток» ЖШС-нің  активтер құрамын, динамикасын және қалыптастыру көздеріне талдау

2.1 Хлебокомбинат «Восток» ЖШС-нің  қызметіне техникалық-экономикалық сипаттама

2.2 Активтердің құрамы  мен құрылымын талдау

2.3 Хлебокомбинат «Восток» ЖШС-нің  активтер өтімділігін талдау

 

3. Активтерді басқарудың   мәселелері және оларды шешу жолдары

3.1 Активтердің қалыптасу және пайдалану мәселелері

3.2 Активтерді басқарудың тиімділігін жоғарылату жолдары

 

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар

 

 

6

 

8

8

19

27

 

 

33

 

33

42

50

 

55

55

60

 

63

65

67


 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Нарықтық экономикаға көшу кәсіпорындардың  тиімділгін арттыруды ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізу барысында өнім мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін, шаруашылық жүргізудің тиімді формаларын арттыруды және жүзеге асыруды талап етеді.

ҚР Президентінің өзінің халқына “Қазақстан-2030” жолдауында біздің мемлекеттің дамуының ақырғы мақсаты экономикалық өсу болып табылады, оның приоритеті берік болашақ және келер 30 жыл ішінде ең негізгісі болып табылатындығын айтады.

Қаржылық менеджмент кәсіпорындардың ұйымдардың қаржылық ресурстарын, ақшалай қаражаттарының айналымын қалыптастырумен, тартумен және пайдаланумен байланысты басқарушылық шешімдерді жүзеге асыру принциптері мен әдістер жиынтығынан тұрады. Қаржылық менджменттің негізгі мақсаты кәсіпорын иелерінің қаржылық жағдайын ағымдағы және болашақ кезеңде максимизациялауды қамтамасыз ету.

Қазіргі таңда ақшалар қозғалысын басқару қаржы нарығының күрделілігіне байланысты маңызды мәселе болып саналады. Бәсеке қабілеттілігі – кәсіпорындар мен ұйымдардың дамуына қажетті құрал – жабдықтармен қамтамасыз етілуін талап етеді. Ақшалар мен олардың баламаларын (эквивалентін) дұрыс ашып көрсету және жіктеу кәсіпорын қызметінің нәтижесін нақты бағалау үшін қажет.

Менің таңдаған тақырыбым актуалды болып табылады, өйткені әрбір кәсіпорын өзінің қызметін жүзеге асыру барысында міндетті түрде активтерді пайдаланады және олардың дұрыс қолданылуы үшін және тиімділігін арттыру үшін оны басқару өте маңызды болып табылады.

Жалпы активтер кез келген кәсіпорынның қызметінің негізін құрайды. Олардың ағымдағы активтер деп аталуы олар қысқа уақыт аралығында бір формадан екінші бір формаға тез ауыса алады. Ағымдағы активтердің негізгі қасиеттеріне  байланысты оларға келесілер жатады: тауарлық материалдық құндылықтар,  ақша қаражаттары, қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар, дебиторлық қарыз.

Кәсіпорынның тұрақты жұмыс істеуі үшін негізгі құралдармен бірге оптималды мөлшерде айналым қаржылары керек. Айналым қаражаттары айналым өндірістік қорларына және айналыс қорларына авансталған ақша қаражаты жатады.

Активтерді басқару өнері кәсіпорындағы оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады. Ақша активтерін немесе қаражатының қалдықтарын басқару жалпы айналым активтерін басқарудың бір бөлігі болып табылады.

Дипломдық жұмыс Хлебокомбинат «Восток» ЖШС-нің мысалында жазылынды. Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты – активтерді басқарудың кәсіпорындағы мәселелерін ашып көрсету. Дипломдық жұмыс үш бөлімнен тұрады және келесідей негізгі сұрақтар қарастырылған:

-Ағымдағы активтердің теориялық негізі: ақша қаражатының, тауарлы- материалдық құндылықтардың, дебиторлық қарыздың мәні және мазмұны;

- Хлебокомбинат «Восток»  ЖШС-нің ағымдағы активтерді басқару; кәсіпорынның техникалық экономикалық көрсеткіштерін талдау;

-Ағымдағы активтерді  басқаруды жетілдіру жолдары.

Дипломдық жұмысты жазу барысында Дүйсенбаев К.Ш., Оразалин К.Ж., Балабанов И.Т. авторларының әдебиеттері, сонымен қатар, мерзімді басылымдар қолданылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

1 АКТИВТЕРДІ БАСҚАРУДЫҢ  ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ

 

1.1 Кәсіпорын активтерінің мазмұны,  құрамы мен құрылымы

 

 

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен оның тұрақтылығы белгілі деңгейде кәсіпорынның капиталы қандай активтерге салынғанынан, олар қандай табыс әкелетіндігінен тәуелді. Кәсіпорын активтерінің орналасуы туралы ақпарат баланс активінде қамтылады.  Активтер кез келген кәсіпорын қызметінің негізін құрайды. Актив дегеніміз - бұл өткен жағдайлардың нәтижесінде кәсіпорынмен бақыланатын және болашақга кәсіпорынға экономикалық табыс әкелетін ресурс.

1997 жылға дейін бухгалтерлік  баланс екі бөліктен: актив және  пассивтен тұратын кесте түрінде құрылып келді. Активтер баланс кәсіпорынының есепті кезеңде бақылап, таратып отыратын мүмкіндік және қарыздық құқық кұны ретінде көрсетіледі. Пассивтер кәсіпорынның заемдар мен кредиторлық қарыздар бойынша міндеттемелері болып табылады, оларды өтеу мүлік құнының немесе келіп түсетін табыстың төмендеуіне әкеліп соқтырады.

Бухгалтерлік стандарттың іске қосылуынан бастап бухгалтерлік баланс жаңаша анықталады және оның екі бөлігі мен элементтері де жаңаша сипатталады. Олардың түсіндірмесі нарықтық экономикасы дамыған елдердің бухгалтерлік есеп және аудит тұрғысындағы жетекші ғалымдардың еңбектеріне арқа сүйейді. Осыған орай ағылшын тілінен орыс тіліне аударылған оқулықтардың және тәжірибе құралдарының авторларының пікірлері теориялық көзқарас болып табылады. Жоғары оқу орындарында экономикалық мамандық алатын студенттерге, бизнес мектептер мен экономикалық лицейлерге арналған ағылшын авторының "Бухгалтерлік талдау деген оқулығында келесідей анықтама берілген: "Баланс - бұл кәсіпорынның белгілі бір күндегі қаржылық жағдайының кестесі болып табылады. Активтер дегеніміз бұл кәсіпорын нені иеленеді және ол нені алуға тиіс, соны көрсетеді (немесе активтер - бұл кәсіпорынның иелігіндегі және алуға тиісті мүлкі); пассивтер - бұл кәсіпорынның өзінің біреуге берешек қарызы немесе борышы. Активтер сомасы әрқашан да пассивтер сомасына тең болуы тиіс. Ағылшын ғалымдары шығарған «Бухгалтерлік іске кіріспе» деген оқу құралында былай жазылған: Баланс -бұл белгілі бір күнге кәсіпорынға тиісті барлық активтер мен оның борыштарын анықтайтын пассивтерінің тізімі. Бұл берілген уақыт мерзіміндегі бизнестің (іскерлік қызметтің) қаржы жағдайының бейнесі болып табылады. Актив пен пассивтің әр бабы ақшалай көрініске ие болады және де активтер сомасы әрқашан пассивтер сомасына тең болуы тиіс.

Әрі қарай олар баланстың негізгі элементтерін келесідей сипаттайды:

«Активтер - бұл ұйымға тиісті немесе ол пайдаланатын бағалы нәрсе. Пассивтер  -  басқа  біреуге  тиісті   нәрсе.   "Пассив" термині таза бухгалтерлік ұғым болып табылады және ол кәсіпорынның қарызы дегенді білдіреді.  Капитал - пассивтердің арнайы түрі. Капитал алғашқы капитал мен қызметте қалдырылған табысты қоса алғандағы меншік иесінің бизнестегі үлесі болып табылады».

Актив баптарын шартты түрде келесі белгілері бойынша топтастыруға болады:

1.   Өтімділігі бойынша: ұзақ мерзімді және ағымдық активтер.

2.  Пайдаланылуы     бойынша:     ішкі     айналыстағы    және     сыртқы айналыстағы  (дебиторлық  берешек,  қаржылық  салымдар,   банк шоттарындағы ақша) активтер.

3.  Инфляциялық процестерге шалдығуына байланысты:  монетарлық және   монетарлық   емес   активтер   ажыратылады.       Монетарлық активтер қайта бағалауға жатпайды, олар ағымдық ақшалай бағадағы активтер -  ақша қаражаттары, депозиттер,  есеп айырысулардағы қаражаттар, т.б. Ал монетарлық емес активтер құны уақыт өтуіне қарай өзгеріске ұшырайтын, сол себепті қайта бағалауды қажет ететін активтер - негізгі құралдар, запастар, аяқталмаған өндіріс, т.б.

4.   Өндіріс үрдісіндегі айналыс  капиталы (запастар, аяқталмаған өндіріс, болашақ кезең шығындары) және  айналыс үрдісіндегі капитал (дайын өнім, ақша қаражаттары, қаржылық салымдар, тауарлар.т.б.).

Ағымдық активтердің негізгі қасиеттеріне  байланысты оларға келесілерді жатқызады:

  • Тауарлық материалдық құндылықтар, мұнда өндірілу мерізіміне байланысты емес.
  • Ақша қаражаттары
  • Қысқа мерізімді қаржылық инвестициялар
  • Дебиторлық қарыз.

Ағымдық  және ұзақ мерзімді активтердің жаңа бухгалтерлік баланс бойынша құрылымы 1-кестеде келтірілген. Қазіргі кезеңде  көп кәсіпорындар осы нысан бойынша қаржылық есептілікті тапсырады.

 

Кесте 1 – Ағымдық  және ұзақ мерзімді активтердің құрамы

I. Қысқа мерзімді активтер

II. Ұзақ мерзімді активтер

Ақша қаражаты

Ұзақ мерзімді қаржы инвестициялар

Қысқа мерзімді қаржы инвестициялар

Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек

Қысқа мерзімді дебиторлық берешек

Үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестициялар

Қорлар

Инвестициялық жылжымайтын мүлік

Ағымдағы салықтық активтер

Негізгі құралдар

Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер

Биологиялық активтер

Өзге қысқа мерзімді активтер

Барлау және бағалау активтері

Қысқа мерзімді активтердің жиыны

Материалдық емес активтер  

Кейінге қалдырылған салықтық активтер

Өзге ұзақ мерзімді активтер


 

 

Кәсіпорынның тұрақты жұмыс істеуі үшін негізгі құралдармен бірге оптималды мөлшерде айналым қаржылары керек. Ағымдағы активтер айналым өндірістік қорларына және айналыс қорларына авансталған ақша қаражаты жатады.

Айналым өндірістік қорлар дегеніміз өндірістік қаражаттардың бір бөлігі болып табылады. Олар өндіріс процесіне негізгі қорларға қарағанда әрбір өндірістік циклда шығындалады, ал олардың бағасы дайын өнімнің құнына толық және бірден жатқызылады.  Айналым қорлар өндіріс процесінде өзінің материалды формасын және физикалық, химиялық қасиеттерін жоғалтады. Кәсіпрынның өндірістік айналым қорлары үш бөліктен құралады:

    1. аяқталмаған өндіріс;
    2. меншікті өндірістің жартылай фабрикаттары;
    3. алдағы кезең шығындары.

Ағымдағы активтер 2 бөлімнен тұрады:

- Өнеркәсіп саласындағы ағымдағы активтер;

- Айналыс саласындағы ағымдағы активтер (Сурет 1).

 


 

 

 



 

 




 

 

 

 

 

 


 


 

 

 

 

 

Сурет 1 –Ағымдағы активтердің  құрамы мен құрылымы

Өндірістік айналым қорлары өнеркәсіптегі айналым қорларының ең негізгі бөлігі болып табылады. Олар барлық айналым қорларының өнеркәсіпте 70%, машина өндіру мен металл өндеуде 80% аса бөлігін құрайды.

Өндірістік айналым қорлары мынадай топтарға бөлінеді:

- Өндіріс қалдықтары (запастар). Оларға - шикізат, негізгі материалдардың, отынның қосалқы бөлшектердін қалдығы (запастар), бағасы 100 теңгеден кем құнсызданғыш және тозғыш заттар, арнайы құрал-саймандар жатады.

- Аяқталмаған өндіріс. Оның ішінде өз ішінде шығарылған жартылай дайын өнімдер.

- Болашақ кезендердің  шығындары - жаңа өнімдерді әзірлеуге және игеруге кеткен шығыңдар.

Айналыс қорларының құрамына дайын өнім, жөнелтілген, бірақ ақысы төленбеген тауарлар, банк мекемелеріндегі шот есептеріндегі, кассалардағы ақша қорлары, бітпеген есептесулердегі ақша құралдары жатады.

Дайын өнім - техникалық бақылаудан өткізілген шығарылған дайын өнім. Олар өндіріс процесі аяқталған сон, әрі қарай орап, қораптап сатуға дайындауға дейін қоймаларда сақталады. Дайындау жұмыстары жүргізіліп бітіп, кажетті кұжаттар толтырылған соң, дайын өнім тұтынушыға жөнелтіледі.

Ақша құралдары - кәсіпорындардың материалдық ресурстарды сатып алуға, еңбекақы төлеуге, мемлекеттік төлемдерді және басқа да ұйымдар мен мекемелерге атқарған қызметгері үшін төлемдер төлеуіне жұмсалатын қаржысы.

Дебиторлық берешек - заңды ұйыммен немесе жеке адаммен шаруашылық өзара арақатынастық қорытындысында, кәсіпорынға, ұйымға, мекемеге есептелген борыштың сомасы. Кәсіпорыннын дебиторлық берешегі болуы кәсіпорын қаражатының тікелей көзделген мақсаттан басқа мұқтаждыққа жұмсалғандығы, демек кәсіпорын жұмысындағы елеулі кемшілік ретінде қаралады.

Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк шоттары – бұл банк пен клиенттер арасындағы келісімшарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жиынтық және корреспонденттік болып бөлінеді.

Информация о работе Хлебокомбинат «Восток» ЖШС-нің активтер құрамын, динамикасын және қалыптастыру көздеріне талдау