Хлебокомбинат «Восток» ЖШС-нің активтер құрамын, динамикасын және қалыптастыру көздеріне талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2015 в 14:57, курсовая работа

Краткое описание

Нарықтық экономикаға көшу кәсіпорындардың тиімділгін арттыруды ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізу барысында өнім мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін, шаруашылық жүргізудің тиімді формаларын арттыруды және жүзеге асыруды талап етеді.
ҚР Президентінің өзінің халқына “Қазақстан-2030” жолдауында біздің мемлекеттің дамуының ақырғы мақсаты экономикалық өсу болып табылады, оның приоритеті берік болашақ және келер 30 жыл ішінде ең негізгісі болып табылатындығын айтады.

Содержание

Кіріспе

1. Активтерді басқарудың экономикалық мәні мен мазмұны
1.1 Кәсіпорын активтерінің мазмұны, құрамы мен құрылымы
1.2. Кәсіпорын активтерін басқару механизмі
1.3 Активтер айналымдылығын анықтау

2 Хлебокомбинат «Восток» ЖШС-нің активтер құрамын, динамикасын және қалыптастыру көздеріне талдау
2.1 Хлебокомбинат «Восток» ЖШС-нің қызметіне техникалық-экономикалық сипаттама
2.2 Активтердің құрамы мен құрылымын талдау
2.3 Хлебокомбинат «Восток» ЖШС-нің активтер өтімділігін талдау

3. Активтерді басқарудың мәселелері және оларды шешу жолдары
3.1 Активтердің қалыптасу және пайдалану мәселелері
3.2 Активтерді басқарудың тиімділігін жоғарылату жолдары

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Прикрепленные файлы: 1 файл

Диплом1.doc

— 625.50 Кб (Скачать документ)

Кәсіпорынның авансталған капиталы 86634 мың теңге немесе 66,6 %-ға жоғарылаған. Бұл өсімнің 97,5 %-ы заемдық капиталдың өсімінен болып отыр. Сол себепті жыл соңында меншікті капиталдың үлесі кеміп заемдық капитал үлес салмағы өсіп отыр.

Талдаудың келесі кезеңінде меншікті және заемдық капиталдың динамикасы мен құрылымына талдау жасау қажет (кесте 4).

 

Кесте 4 - Хлебокомбинат «Восток» ЖШС-нің 2008 жылдағы   меншікті капитал динамикасы

 

 

Капитал көздері

Сомасы, мың тг

Құрылымы, %

жыл басы

жыл соңы

өзгеріс

жыл

басы

жыл соңы

өзгеріс

1Жарғылық капитал

7171

7171

-

7,1

6,9

-0,2

2 Қосымша капитал

3595

3595

_

3,6

3,5

-0,1

3Резервтік капитал

1626

5426

+3800

1,6

5,2

+3,6

4Бөлінбеген табыс

88867

87192

-1675

87,7

84,4

-3,3

Барлығы

101260

103385

+2125

100

100

 

 

Кезең аралығында меншікті капитал сомасы 2125 мың теңге немесе 2,1 %-ке өскен, ол резервтік капиталдың өсуінен болып отыр. Жарғылық және қосымша капитал сомасы өзгермеген.

Қазіргі таңда Хлебокомбинат «Восток» ЖШС жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасының аумағындағы жүзден  астам ірі коммерциялық ұйымдармен тығыз қарым-қатынаста жұмыстар атқаруда.

Зауытта өндірілетін өнімдер Қазақстанның 18 қаласындағы өздерінің жеке филиалдар  (Алматы, Астана, Қарағанды, Жезқазған, Шымкент, Қызыл-Орда, Тараз, Талдықорған, Қостанай, Өскемен, Павлодар, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Орал,  Көкшетау, Петропавловск) желісі және сауда үйлері арқылы таратылады. Кәсіпорын даму тұрақты темптерін көрсетеді, бұл аймақта тиімді орналасуымен және кәсіпорынның өнделген даму стратегиясына байланысты. Материалдық  ресурстардың  арзандығы  және  жақындығы   өнімнің  өзіндік құнының төмендігің дәлелдейді.

 

2.2 Активтердің құрамы  мен құрылымын талдау

 

Активтерді басқару өнері кәсіпорындағы оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады. Ақша активтерін немесе қаражатының қалдықтарын басқару жалпы айналым активтерін басқарудың бір бөлігі болып табылады. Кәсіпорындағы ақша қаражатының қалдығы оның төлемқабілеттілік деңгейін анықтайды.

Алашақ қарызды басқарудағы қаржылық менеджменттің  негізгі мақсаты кәсіпорынның төлемқабілеттілігін қамтамасыз ету. Кәсіпорынның төлемқабілеттілігін қамтамасыз ететін ақша қаражатының элементтерінің құрылымы:

  1. Ұлттық валютадағы ақша активтері: кассадағы ақша қаражаты, есеп айырысу шотындағы ақша қаражаты, арнайы шоттардағы ақша қаражаты, жалдағы ақша қаражаты;
  2. Шетел валютасындағы ақша қаражаты: есеп айырысу шотындағы валюталық ақша қаражаты, арнайы шоттардағы валюталық ақша қаражаты, жалдағы валюталық ақша қаражаты;
  3. Қысқа мерзімді салым түріндегі ақша қаражаты: қысқа маерзімді ақша құралы түріндегі резервтік активтер, қысқа маерзімді қор құралы түріндегі резервтік активтер.

Баланс  мәліметтері бойынша (ҚОСЫМША Б) актив баптарының құрамы  мен орналасуын 5- аналитикалық кестеден көруге болады.

Мәліметтер бойынша кәсіпорын активтерінің құны жыл ішінде 86634 мың теңге не 66,6 %-ға жоғарылаған. Бұл кәсіпорын қызметінің оң бағытқа өзгергенін көрсетеді. Ол өсім негізінен ағымдық активтер құнының 90390 мың теңге не 1,4 есе өсуінен болып отыр.

Кесте 5 - Хлебокомбинат «Восток»  ЖШС -нің 2008 жылдағы баланс активтерінің құрамы мен құрылымы

 

Мүлік түрлері

жыл басында

жыл аяғында

өзгеріс (+,-)

мың тг

%

мың тг

%

мын тг

%

пункт

Актив            құны-барлығы, оның ішінде:

130045

100

216679

100

+86634

+66,6

 

- ұзақ мерзімді активтер

65722

50,5

61966

28,6

-3756

-5,7

-21,9

- ағымдағы активтер

64323

49,5

154713

71,4

+90390

+140,5

+21,9


 

Соған сәйкес кәсіпорын мүлкінің құрылымы елеулі өзгеріске ұшырады: егер жыл басында ұзақ мерзімді активтер үлесі 50,5% болса, жыл сонында оның үлес салмағы 21,9 пунктке кеміп, 28,6 % -ды құрады, тиісінше ағымдық активтер үлесі осыншаға өсіп отыр. Ұзақ мерзімді активтердің жоғарылауы оң жағдай болып саналады және ағымдағы міндеттемелерді орындауға мүмкіндік береді.

Кәсіпорын  балансы  және  5-кесте  негізінде  кәсіпорынның мүліктік жағдайына баға беруге болады. Мүліктік жағдайының көрсеткіштері қосымшада келтірілген (ҚОСЫМША Ә).

Кәсіпорынның  қаржылық жағдайын сипаттаушы барлық көрсеткіштер шекті  мәндерге жауап береді және жыл соңына кәсіпорынның  мүліктік жағдайы келесілермен  сипатталады: активтер құнының 61,2 % - ын  өндірістік  бағыттағы мүліктен құралады; мүліктің 71,4 %-ың а ғымдық активтер құрайды және ұзақ мерзімді активтердің 1 теңгесіне 2,5 теңге ағымдық актив келеді; негізгі құралдардың жарамдылық деңгейі 68,5 %.

Баланс бойынша Хлебокомбинат «Восток» ЖШС -нің 2008 жылдағы ұзақ мерзімді активтері толықтай негізгі қорлардан қалыптасқан және негізгі қорлар құны жыл ішінде 5,7 %- ға кеміген. Ал ағымдық активтер құны 1,4 есеге артқан. Ағымдық активтердің құрамы мен құрылымына 6-кесте көмегімен талдау жасауға болады.

 

Кесте 6 - Хлебокомбинат «Восток»  ЖШС -нің 2008 жылдағы ағымдық активтерінің құрамы мен құрылымы

Мүлік түрлері

жыл басы

жыл аяғында

өзгеріс (+,-)

мың тг

%

мың тг

%

мың тг

%

пункт

Ағымдық активтер: оның ішінде:

64323

100

154713

100

+90390

+140,5

 

-тауарлы-материалдық қорлар

20510

31,9

70780

45,7

+50270

+ 245,1

+13,8

- дебиторлық берешек

35372

55,0

76571

49,5

+41199

+ 116,5

-5,5

- ақша қаражаттары мен қаржылық  салымдар

8441

13,1

7362

4,8

-1079

-12,8

-8,3


 

6-кесте мәліметтері бойынша жыл ішінде кәсіпорынның айналыс қаражаттарының құны 90390 мың теңге немесе 1,4 есеге артқан. Оның ішінде негізінен тауарлы-материалдық қорлар мен дебиторлык берешек сомасы жоғары қарқынмен өсіп отыр, ал ақша қаражаттарының көлемі 1079 мың теңге немесе 12,8 %- ға кеміп отыр.

Тауарлы-материалдық қорлар - шикізат қоры, материалдар, жартылай өнімдер, қосалқы   бөлшектер, отын, ыдыс және ыдыс материалдары, басқадай материалдар өндіріске немесе қызмет көрсетуге арналған; аяқталмаған өндіріс, сатуға арналған дайын өнім мен тауар түріндегі активтер жатады.

Жалпы алғанда тауарлы-материалдық қорлар мен дебиторлық берешек сомасының өсуі оң бағаланғанымен, өтімділігі төмен запастар мен күмәнді дебиторлық берешектердің болуы айналыс қаражаттарының айналымдылығын кемітеді, яғни айналыста болып табыс әкелуі тиіс қаражат айналысқа қатыспайды, мұндай жағдай кәсіпорынның қаржылық жағдайына кері әсерін тигізеді. Сол себепті ТМҚ мен дебиторлық берешектің құрамы мен құрылымына талдау жасау керек және мұндай талдау тек ішкі қаржылық талдау барысында сыртқы пайдаланушылар үшін құпия ақпараттарды пайдалана отырылып жүргізіледі( кесте 7).

 

Кесте 7 - Хлебокомбинат «Восток»  ЖШС -нің 2008 жылдағы тауарлы-материалдық қорлардың құрамы мен  құрылымы

ТМҚ түрлері

 

жыл басы

жыл соңы

өзгеріс (+,-)

мың тг

%

мынтг

%

мың тг

%

пункт

1.Материалдар

12930

63,0

70129

99,0

+57199

442,3

+36

2.Дайын өнім

7580

37,0

651

1,0

-6929

91,4

-36

Барлығы

20510

100

70780

100

+50270

2,4есе

 

 

Тауарлы-материалдық қорды тиімді, үнемді қолдану өнімнің өзіндік құнын түсіреді, мекеменің тиімділігі мен пайдалылығын арттырады. Және бұл тек қана экономикалық көрсеткішті көтермейді  өнеркісіптің бұлай жұмыс істеуі материалдардың үнемді жұмсалуына әсер етеді. Қазіргі замандағы өнеркәсіптің өркендеуі табиғи ресурстар азаюуына, өмір сүріп жатқан ортамыз ластануына әкеп соқтырып отыр. Осы тұрғыдан алғанда тауарлы-материалдық құндылықтарды тиімді пайдалану экологиялық мәселелерді шешуге де көмектеседі.Тауарлы материалды құндылықтарды талдау дегеніміз, оны тиімді және үнемді қолдану әдістерін анықтауға тіреледі. Тауарлы материалдық қорды талдаудың негізгі кезеңдері:

1) Материалдық қордың тиімді пайдалануын бағалау.

2) Материалдық қорды тиімді пайдаланудың  материалдық шығындар сомасына  әсерін бағалау.

         3) Мекеменің  товарлы материалды қорларымен  қамтамасыздығын талдау.

4) Материалдық-техникалық қордың  жұмсалу мөлшерінің (нормасы) дұрыстығын талдау.

5) Материалдық қордың тиімді (оптимальды) қажеттілігін дәлелдеу.

 Материал сиымдылығы бұл: материалдық  шығындарды/өндірілген өнім құнына  арқылы анықталады.Материал қайтымдылығы  өндірілген өнім құнын/материалдық  шығындарға арқылы анықталады.

Барлық материалдарды пайдалануды талдаудың мақсаты – жеке бұйымдар және өнімдер материалсиымдылығын төмендету мүмкіндігін бағалау. Норманы ескермегеннен болған шикізат, материалдар, отын, энергияшығындарының асып кетуін анықтау, қалдықтар мен жоғалтулардың жоғарылауын анықтау, материалды ресурстардың нормадан асып кету фактілерін анықтау.                                                

Әдетте, кәсіпорындар несие алуға бірнеше себептен барады:

1) Айналыс қаражаттарына уақытша қажеттілікті қамтамасыз ету үшін;

2) Өндіріске жаңа техника мен технология енгізу үшін;

3) Кредиторлық карыздың бір бөлігін өтеу үшін.

Сонымен бірге банк несиесінің кәсіпорын үшін келесідей оң жактары бар:

а) Заемдық капитал бойынша пайыздық шығындар салық  салынатын табысты азайтады.

ә) Әдетте,  несие   пайызы заемдық   капиталдан   алынатын   табыс нормасынан төмен, нәтижесінде меншікті капиталдың рентабельділігі артады.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы актив пен пассив арасындағы арасалмақты оқу нәтижесінде тереңірек талданады. Соған байланысты ұзақ мерзімді және ағымдық активтердегі меншікті капиталдың үлесіне талдау жүргізу қажет (кесте 8).

Кесте мәліметтері бойынша ұзақ мерзімді активтер құны 65722 мың теңгеден 61966 мың теңгеге дейін төмендеген (3756 теңгеге). Айналыстан тыс активтердегі меншікті капитал сомасы өзгерген жоқ.  Яғни, кәсіпорынның айналыстан тыс активтері толықтай меншікті капитал есебінен қалыптасқан, себебі ұзақ мерзімді міндеттемелері жоқ.

Информация о работе Хлебокомбинат «Восток» ЖШС-нің активтер құрамын, динамикасын және қалыптастыру көздеріне талдау