Хлебокомбинат «Восток» ЖШС-нің активтер құрамын, динамикасын және қалыптастыру көздеріне талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2015 в 14:57, курсовая работа

Краткое описание

Нарықтық экономикаға көшу кәсіпорындардың тиімділгін арттыруды ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізу барысында өнім мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін, шаруашылық жүргізудің тиімді формаларын арттыруды және жүзеге асыруды талап етеді.
ҚР Президентінің өзінің халқына “Қазақстан-2030” жолдауында біздің мемлекеттің дамуының ақырғы мақсаты экономикалық өсу болып табылады, оның приоритеті берік болашақ және келер 30 жыл ішінде ең негізгісі болып табылатындығын айтады.

Содержание

Кіріспе

1. Активтерді басқарудың экономикалық мәні мен мазмұны
1.1 Кәсіпорын активтерінің мазмұны, құрамы мен құрылымы
1.2. Кәсіпорын активтерін басқару механизмі
1.3 Активтер айналымдылығын анықтау

2 Хлебокомбинат «Восток» ЖШС-нің активтер құрамын, динамикасын және қалыптастыру көздеріне талдау
2.1 Хлебокомбинат «Восток» ЖШС-нің қызметіне техникалық-экономикалық сипаттама
2.2 Активтердің құрамы мен құрылымын талдау
2.3 Хлебокомбинат «Восток» ЖШС-нің активтер өтімділігін талдау

3. Активтерді басқарудың мәселелері және оларды шешу жолдары
3.1 Активтердің қалыптасу және пайдалану мәселелері
3.2 Активтерді басқарудың тиімділігін жоғарылату жолдары

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Прикрепленные файлы: 1 файл

Диплом1.doc

— 625.50 Кб (Скачать документ)

Айналым қаражаты ретінде кәсіпорын орнықты пассивтерді пайдаланады. Олар жеке көздеріне теңестіріледі, себебі, кәсіпорынның айналымында түпкілікті болып, оның іс-әрекетін қаржыландыру үшін қолданады, бірақ оған жатпайды.

Тауарлы материалдық құндылықтарды басқару қаржылық менеджменттің мақсаттары мен өндіріс менеджментінің және маркетингтің мақсаттарымен сәйкес келетін күрделі кешенді процесс.

Тауарлы материалдық құндылықтарды тиімді басқару өндірістік және операциялық циклдың ұзақтығын қысқартуға, оларды сақтауға кеткен шығындарды азайтуға көмектеседі. Бұл тиімді басқару іске асу үшін арнайы тауарлы материалдық құндылықтарды басқарудың саясатын әзірлеу қажет. Тауарлы матералдық құндылықтарды басқару саясаты кәсіпорынның жалпы ағымдағы активтерін басқару саясатының бір бөлігі болып табылады.

Тауарлы материалдық құндылықтарды басқару саясатының негізгі кезеңдері:

- Тауарлы матералдық құндылықтарды  талдау;

- Тауарлы материалдық құндылықтарды  қалыптастырудың мақсатын анықтау;

- Ағымдағы запастардың көлемін  оптималдау;

- Тауарлы материалдық құндылықтардың жалпы сапасын жоғарылату;

- Кәсіпорындағы құндылықтардың  қозғалысын бақылаудың тиімді  жүйесін қалыптастыру;

- Инфляция жағдайындағы тауарлы  материалдық құндылықтарды қаржылық  есепке алынуы.

Жоғарыда аталған кезеңдердің біріншісіне кеңінен тоқталатын болсақ, яғни, кәсіпорында тауарлы матералдық құндылықтарды басқару талдау негізінде жүзеге асырылады.

Кәсіпорынның өндірістік қызметі дүрыс жүргізілуі және және оның нәтижесі материалдық ресурстарды тиімді және  үнемді пайдалануына тәуелді.

Материалды ресурстарды талдаудың мақсаты мен міндеті басқарушылық қажеттіліктерге бағытталған. Материалдық ресурстардың талдаудың жағдайы мен қолданылуы басқарушыға келесідей мүмкіндіктер береді.:

- тапсырыс беруші бөлімді  дұрыс және дәл уақытында ақпараттандыруға, географиялық жағдайға байланысты тиімді жабдықтаушыны таңдауға , материал бағасы мен сапасының деңгейін анықтауға мүмкіндік берелі;

- құндылықтардың жағдайын анықтауға , оның кәсіпорынға не керек не керек еместігін анықтауға;

- материалдың уақытында келіп түсуіне байланысты басқа материалдармен алмастыруды ұйымдастыру;

- кәсіпорынға материалдардың  уақытында келіп түсуін  бақылау

- баяу айналатын материалдарды  анықтау және оларды алмастыруды  ұйымдастыру, тасымалдау кезіндегі  жоғалтулар;

- сақтандыру запастарының не керек не керек еместігін анықтау, керек болған жағдайда ең кіші көлемін анықтау;

- өндірістің үздіксіз  жұмыс істеуін қамтамасыз ету  үшін материалдардың және жартылай  өнімдердің көлемін есептеу;

- жабдықтаушыларды анықтау  және орармен ұзақ байланысты сақтау , жаңа нарықтарды табу;

- материалдық қалдықтардың  нақты құрамын және көлемін  анықтау, нормадан тыс және қажеттілігі  жоқ мартериалдық ресурстарды  анықтау, сақтау мерзімін де анықтау ;

- запастардың нақты нарықтық құнын анықтау, олардың айналымдылығының тиімділігін анықтау;

- өндірістің материалдық  ресурстармен қамтамасыз етілгендігін  және оның өнім шығаруға ісерін  анықтау;

- МТЖ есебі мен жоспарлауын  ұйымдастыру , материалдық нормалау , пайда болу орны мен шаруашылық  орталығына байланысты материал есебі мен бақыланады;

- өндірістік қалдықтарды  азайту жолдарын анықтау;

- ақау болған материалдар  кезіндегі жоғалтуларды анықтау ;

- шикізат пен материалдардың  жаңа рецептураларын енгізу;

-жартылай өнім өндіруден дайын өнім шығаруға көшу;

-жаңа техналогияларды қолдану;

Жоғарыда көрсетілген мақсаттарды қорыта келгенде келесілер басқарушылық нәтижелерді жақсартуға бағытталған:

-шығарылған көлемін жоғарылату , өнімнің сапасын арттыру;

- өнімнің бір бірлігіне  келетін материалды шығындарды  азайту;

- кәсіпорынның айналым  активтерін пайдаланудуды жоғарылату;

Басқарудың мақсаттарына негізгі сұрақ бойынша дәл және уақытылы ақпарат алу керек . Олар келесілер:

- Материалдар мен шикізатардың  жеке түрлері бойынша ағымдағы  қажеттіліктер;

- Шикізат және материалдық запастардың жағдайы ;

- Аяқталмаған өндіріс  көлемі;

- Алынған тапсырыстардың  орындалу мерзімі;

- Төлемдерді төлеу мерзімі  мен төлемнің қандай формада  болатын талаптар;

- Қораптау түрлерін қолдану  және жеткізіп беру тәсілдері, тиеу жұмыстарының типтері және жеткізілім құны.

Талдаудың ақпараттық көзі келесілер:

  1. жабдықтау келісім шарты;
  2. жеткізіп беру құжаттары;
  3. қоймадағы мәліметтер есебі;
  4. материалдардың бухгалтериядағы аналитикалық және синтетикалық есебі.

Кәсіпорындағы материалдардың есебі олардың сорты, көлемі, түрлеріне байланысты топтап жүргізіледі. Кәсіпорынның жплпылама қоймадағы материалдар өндіріске және цехтарға лимиттік карта бойынша жіберіледі.  Лимитті анықтаудың негізі болып арнайы   норма болып табылады.

Материалдардың көп мөлшерін өндіру кезінде лимиттік карта өте тиімді. Жалпылама қоймадағы және цех қоймасындағы лимиттік карта бойынша жіберілген материалдардың құнын «Негізгі өндіріс» баланстық шоты бойынша құруға болады.

Материалдардың қосымша босатылуы актілермен құжатталады. Тағы бір ақпарат көзі болып аяқталмаған өнеркәсіп бойынша ведомосы болып табылады. Одан қосалқы бөлшектерге шығындалған материалдар туралы,  аяқталмаған материалдар туралы мәліметтер алуға болады.

Келіп түскен шығындалған шикізат қалдықтарының , отынның және тағы басқа  материалдық ресурстардың аналитикалық есебінің мәліметтері талдаудың ақпараттық көздері болып табылады.  Өнімнің бір бірлігіне шығындалған шикізаттың , отынның материалдың жоспарлы және нықты көрсеткіштері өнімнің өзіндік құны калькуляциясында көрсетіледі.

Нақты шикізат және материалдың үнемдеуі туралы кәсіпорынның ішкі есеп қисабында көрсетіледі.

Талдаудың негізгі бағыттары:

- өндірістік бағдарлаианың  материалдық ресурстапмен жабдықталу  мен қамтамасыз етілу бағытының  орындалуын талдау 

- материалдық ресурстарды үнемдеуге бағытталған, өндірістегі пайдаланатын материалдық ресурстарды талдау

- өнімнің материал сиымдылығын  талдау

Талдаудың барлық бағыттары  жоспарлаудың және болжауға қатысты шешімдерді шешуге көмектеседі, оларға келесілер жатады:

- материалдық ресурстармен қамтамасыз етілген өндіріске негізделген бағдарлама құру;

- өнімнің жаңа түрлерін  шығару;

- өндірістік шығындар  сметалары.

Тауарларды сатып алушы кәсіпорын тауардың келіп түсуі туралы журнал жүргізеді. Сондықтан сатып алушы кәсіпорын келісім шарттағы және жеткізіп беру туралы шпттардың орындалуын бақылайды.

Келісім шарт бойынша келіп түскен тауарлар жедел есеп беруде арнайы карточкаларда жүргізіледі, сол үшін кортатека құрылады. Бұл циклда сонымен қатар жеткізушілерге материалдық құндылықтарды жеткізгені үшін берешек төлемдері талданады.

Екінші циклдың мақсаты – қоймадағы құндылықтардың жағдайын талдау, өндіріске материалдардың дұрыс жіберілгендігін талдау, өндірістің қамтамасыз етілгендігін талдау, материалдың дұрыс сақталуын талдау, сақтау кезіндегі бүлінулер мен жоғалтулар.

Материалдық ресурстарды пайдаланудың тиімділігін анықтау үшін көрсеткіштер жүйесін қолданып анықтау қажет.Ондай қөрсеткіштерге материал сиымдылығы,қор қайтымдылығы,өзіңдік құндағы үлесі бойынша анықталады.

Ағымдағы активтер әрқашан да козғалыста болып, ауыспалы айналым жасайды, яғни айналыс сферасынан өндіріс сферасына, өндіріс сферасынан айналыс сферасына қайта айналып келіп отырады. Мұндай құбылысты айналым қорларының кезеңі деп атайды.

Шетелдік тәжірибеде тауарлық материалдық  құндылықтың өзіндік құнын келесі тәсілдер бойынша бағалайды:

- орташа салмақтанған

- ФИФО

- ЛИФО

- спецификалық идентификациялық.

Тауарлық материалдық  құндылықтың өзіндік құнын анықтаудың төрт ұсынылған әр бір әдістің  өзінің артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Соның ішінде спецификалық идентификация әдісіне тоқталсақ, спецификалық идентификация әдісі -өзара алмастырушы болып табылмайтын және арнайы тапсырмаларға арналған қорлардың өзіндік құнын есептейді.

Спецификалық идентификация әдісінің осы әдістердің арасындағы алатын орны ерекше. Бұл әдіс партия бойынша қорлар есебін нақты мүмкіндік болған жағдайда жүргізіледі. Тауарлық материалдық құндылықтарды сатып алу нақты тапсырмалар орындау үшін жүргізілгендіктен, компания қаржылық нәтижеге әсер ете алмайды.

Орташа өлшенген құн әдісінің артықшылығы есептеулердің қарапайымдылығында. Кемшілігі айналыстағы тауарлық материалдық құндылықтардың да кезең соңындағы  тауарлық материалдық құндылықтардың да әзіндік  құндары нақты мәндерінен өзгеше болуында. Бірақ бұл әдіс бағаның түсуі мен көтерілуі кезінде компания қызметіне экономикалық процестердің әсерін төмендетеді.

 ФИФО әдісі - шығындалған қорлардың  құны түсу кезіндегі тіркелген  қорлардың құнына «алғашқы кіріске- алғашқы шығыс.» принципі бойынша теңестіреді. ФИФО әдісінің артықшылығы инфляция кезінде мүмкіндік болатын таза пайданың өте жоғары деңгейін береді. Бұл инфляция кезінде компания өз өніміне бағаны жоғарылатумен ерекшеленеді. Сәйкесінше бағаның төмендеуі кезінде таза пайда мөлшері минималды болады. Осы әдістің кемшілігі болып табылады.

ЛИФО әдісі – (соңғы сатып алулар құны бойынша) «соңғы партия кіріске – алғашқысы шығысқа»  принципіне негізделген.

ЛИФО әдісі ФИФО әдісіне қарағанда дефиляциялық кезеңде таза пайданың жоғарғы деңгейін алуға және инфляция кезінде таза пайданың жоғарғы деңгейін алуға негізделген. Бұл әдістің кемшілігі есептік кезең соңында қорлар құны нақты мәнінен алшақтау болуында.

Тұрақты экономикалық жағдайда әрбір әдіс нақты нәтижелер береді.

          Өткізілген тауарлық материалдық  құндылықтың өзіндік құны сол есепті кезенді шығын ретінде     танылады, егер соған байланысты табыс та танылса. Өткізілетін өнімнің таза   құны   анықталғанға дейінгі есептен шығарылған сома тауарлық материалдық  құндылықтың жоғалтулар сол есепті   кезеңінің шығындары болып есептеледі.

         Қаржылық есепте келесілер көрсетілуі  тиіс:

- ТМҚ бағалауда қолданылатын  есептік саясат

- ТМҚ классификациясы  бойынша баланстық құнды жіктеп  көрсету

- ТМҚ есептен шығару

- Тауарлық материалдық  құндылықтың бағалау әдістерін қолданғанда ЛИФО, ФИФО,орташа өзіндік құнды есептеу әдістерінің арасындағы айырмашылықты көрсету

- Сатып алынған тауарлық  материалдық  құндылықтың өзіндік  құны

- Міндеттемеге кепілдеме  ретінде салынған тауарлық материалдық  құндылықтың  баланстық құны

    Материалдарды келешекте пайдалану үшін сақтауды  және басқа да өндіріке  босату мен пайдалану мөлшерін белгілеу. Олардың нәтижесін дер кезде есепке алып отыру.

  Материалдардың  өздерінің өзгешеліктеріне байланысты және атқару қызметтері бойынша оларды: келесідей жіктейді: материалдар,негізгі материалдар мен көмекші  материалдар,жартылай өнімдер және тағы басқалар. Шикізаттар деп -бұрын азды-көпті еңбек сіңірген заттарды атайды.

Бұлардың құрамына  кен өндіруші,өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы  құрамына кіріп,оның матреиалдық негізін жасайды.

  • Негізгі материалдардың қатарына өндіруші өнеркәсіптегі  өнімдері;
  • Өндірістік процесстің негізгі сатысынан  толық өтіп,әрі қарай өңдеуді қажет ететін материалдар олар:жартылай өнімдер деп аталады.

Материалдардың бұл түріне әрі қарай өңдеу  арқылы дайын өнім шығаруға болады. Жартылай өнімдер қатарына бетон мен ағаш бұйымдары жатады.

Өндіріс процессі кезінде еңбек құралдармен бірге қндірістік босалқылар да  еңбек азты ретінде  қатысады.Олардың еңбек құралдарынын айырмашылыға өндіріс процессі кезінде бір ғана рет қатысып,өзінің құнын өндірілетін өнімге  береді себебі ол сол өнімнің материалдық негізін құрайды

Тауарлы материалдық құндылық-мүліктік сатуға арналған өнімді, өндіргенде, жұмыс атқарғанда, қызмет көрсеткенде мекеменің өндірісінің  қажетіне керек бөлігі.

Тауарлы-материалды қор еңбектік заты бола тұрып, еңбек құралдары мен және жұмыс күшімен бірге мекеменің кәсіптік процесін қамтамасыз етеді. Онда ол бер-ақ рет қолданылады. Олар әрбір кәсіптік циклде толығымен қолданылады және өзінің құнын шығарылатын өнім құнына көшіреді. 

  Таурлық материалдық  қорларды есептеудің негізгі мақсаттары: материалдың құндылықтардың барлық операцияларын дұрыс уақытында жүргізу,материал өткізушілерге уақытында есеп айырады.

 

 1.3 Активтер  айналымдылығын анықтау

 

Айналым қаржысының айналымдылығы - айналым қаржысының тиімді пайдалануын сипаттайтын экономикалық көрсеткіш.

Информация о работе Хлебокомбинат «Восток» ЖШС-нің активтер құрамын, динамикасын және қалыптастыру көздеріне талдау