«Банк ЦентрКредит» Акционерлік қоғамының кепілдік несие саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2013 в 19:53, дипломная работа

Краткое описание

Несиелік тәуекел отандық банктердің дамуына қауіп төндіріп отырған тәуекелдің түріне жатады. Себебі, әлемдік тәжірибе көрсеткендей дағдарыс тұсында көптеген коммерциялық банктердің банкроттыққа ұшырауы қарыз алушылардың несиелерді қайтармауымен және олардың несиелік тәуекел-менеджменті саласында ойластырылмаған саясат жүргізуіне байланысты болуда. Осыған жалпылама түрде қарағанда банктердің жүзеге асырып отырған кепілдік несие саясатының тиімсіз екендігін байқауға болады

Прикрепленные файлы: 1 файл

кепіл және кепілді бағалау диплом 2013.doc

— 995.00 Кб (Скачать документ)

Ішкі  жалпы  өнімнің  50-70  пайызы  шағын  және  орта бизнес үлесінде болмайынша  ел экономикасы  тұрақтылығын  толық  сақтап, шикізат  тәуелділігінен  құтыла  алмайды.  Бұл  қайсы  мемлекеттің  болмасын  экономикасының  басты  алғышарты.осыған қол жеткізуге  бізде  толық  мүмкіндік бар, оның үстіне бған қабілетіміз де  жететініне  бүгігі шыққан белестеріміз  айғақ.  Еліміздің  ортбасылық  коэиценті  3,5 деп  санайтын болсақ, 4 миллионнан астам адам  еңбек  ақыларын  осы  мекемелерден  туып  отырғаны форумда  айтылды. Бұл  дегеніміз Қазақстан халқының төртен бірін құрайды.  Табыстың  орташа  көрсеткіші  18  пайызға  өскен.  Халқымыздың осы  салалардан  табатын  жалақыларының  жалпы  мөлшері  500 милиард  теңгеге жетіпті.  Мұнды енді жетістік  емес деп көріңізші.  Әйтсе де, алдағы  міндеттер мұнан да орасан. Болашақтағы  қызметтеріміздің  негізгі  бағыттары  белгіленді.  Бизнес үшін  ең  өзекті саналатын  осы  өзгерістер  бағдарламасы  11 міндеттен  тұрады. Мұны орындауға бар-жоғы алты  ай мерзім  белгіленді.мемлекет  басшысының  форумында Үкімет басшысының  алдына  қойған  басты талабы осы.

Барлық мемлекеттік  органдар  кәсіпкерлікке,  жеке меншікке деген көзқарастарын түбірінен  өзгертуі  керек. Бұл әсіресе  құқық  қорғау органдарына қатысты. [22] 

Құқық қорғау оргадары-бұл мемлекттің билігі. Олар елде заңдардың бұзылуын  тексеру мен анықтауға және бұл үшін мемлекеттің атынан жазаға тарту қойылған. Бірақ олардың өздері сол заңдарды бұзбауға тиіс.

Мемлекеттік, әсіресе  құқық қорғау аппараты мынаны  түсінуі  тиіс: жеке меншік, бейнелеп  айтқанда, бұл қасиетті, ал бірақ сауын сиыр емес.

Мемлекеттік қаржыландыру мен жеке меншік қаржыландыруды нақпа-нақ  шектейтін кез келді. Барлық әлеуметтік және басқа шығындарды өзіндік құнға, баға мен тарифке  кіргізіп жіберу әрекеттері  тыйылмай отыр. Ал, мұның өзі бизнесмендер өнімдердің бәсекеге  қабілеттілігін  алдын-ала төмендетеді.

Міне, мәселен, жасақшыларды  ынталандыру,  әйелдердің  бала туғанға дейінгі және кейінгі  демалыстарына ақы  төлеуді,  мобилизациялық  әзірлікті  қаржыландыруды және  басқа  осындай  жағдайларды  жеке меншіктің  монына  ілетін   заңдар  әзірленуде.  Ал  содан кейін  әйелдерді, әскерге шақырылатындарды және сол  сияқтыларды  жұмысқа  алғысы  келмейді  дейтін  болады.бұл мселені заң аясында шешу керек.

Бақылаушы  органдардың, дәлірек  айтқанда,  үнемі  кәсіпкерлік  құрылымдардың  төңірегінде  тұрақты  айналыста жүріп,  солардың есебінен өздерінің қара бизнесін жасайтын  адамдардың  шектен  тыс  саны секілді  тексерушілердің де шектен тыс  саны  қордаланғанын тағы да  айтуға  тура  келеді.осы жерде  халықтың кәсіпкерлер  жағдайы  туралы  айтқан  бір  қақпайын айта  кетейін: ит көп болса қой санатпайды, деген. Бұл өмірдің өзінен алынған сөз. [14] 

01.04.2013 жылға экономикалық қызмет түрі бойынша шағын бизнес кәсіпорындарының негізгі көрсеткіштері

 

 

Жұмыспен қамтылғандар саны, адам

Өнімді шығару, млн. теңге

01.04.2013ж.

01.04.2012ж.

01.01.2013ж.

01.04.2012.

Облыс бойынша  барлығы 

оның ішінде:

 

 

38331

 

 

37651

 

 

8003,9

 

 

6725,8

Ауыл шаруашылығы, аң аулау және орман  шаруашылығы

 

 

 

 

1238

 

 

 

 

1544

 

 

 

 

98,5

 

 

 

 

105,3

Балық аулау, балық  өсіру

 

52

 

39

 

23,4

 

1,9

Өнеркәсіп

тау-кен

өндеуші

электр энергия, газ, су өндіру және тарату

6595

238

5761

 

 

596

6230

269

5325

 

 

636

2181,4

453,9

1245,9

 

 

481,6

1020,4

58,3

905,6

 

 

56,5

Құрылыс

6861

6578

1324,7

1080,6

Сауда;

автомобильдерді, тұрмыстық бұйымдарды және жеке пайдалану  заттарын жөндеу

 

 

 

 

 

 

12777

 

 

 

 

 

 

13121

 

 

 

 

 

 

2448,9

 

 

 

 

 

 

2672,8

Қонақ үйлер  мен мейрамханалар 

 

556

 

590

 

109,4

 

151,3

Көлік және байланыс

 

2093

 

1758

 

544,4

 

506,7

Жылжымайтын мүлік  пен операциялар, жалға беру және тұтынушыларға қызмет көрсету

 

 

 

 

 

5245

 

 

 

 

 

4883

 

 

 

 

 

992,7

 

 

 

 

 

903,3

Білім беру

297

347

19,3

25,1

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет қөрсету

 

 

 

1431

 

 

 

1259

 

 

 

99,7

 

 

 

95,1

Коммуналдық әлеуметтік   қызметтер 

 

 

1186

 

 

1302

 

 

161,5

 

 

163,3


 

Соңғы үш жылда,  менің қатаң  нұсқауларыма  қарамастан, мемлекеттік  аппараттың  саны  шамамен  20 пайызға өскен.  Оның  үстіне нақ осы  бақылаушы  тексеруші  және  әлеует  органдары  өсуде.  Біз  қара  дүрсін  басымдықтың  мемлекеттік  аппаратты  қысқартудың  жетегінде  көп  кетеміз. Мен  мәселе шенеуніктердің  көп  боуында  ғана емес және тек  сонда ғана  емес деп  санаймын. Егер  халықтың  мың  адамына келетін  есептен  алатын  болсақ, бізде АҚШ пен Европаға  қарағанда қызметшілер үш  еседен  астамға, тіпті Ресейге қарағанда жартысына кем екен. [8] 

Біз  қазірдің  өзінде  бизнеске жіберуге,  тауарлардың,  жұмыстар  мен  қызметтердің  сапасы  мен  қауіпсіздігін  бақылауға  байланысты  мәселелерді  шешу  жауапкершілігін  мемлекеттен  алып,  түрлі  азаматтық-құқықтық  инститтуттарға  жүктей  алатын  деңгейге  дейін өстік  деп  санаймын.  Сайып  келгенде,  бізге  бизнес  пен  сауданың  өзіндік  конституциясы  керек.  Мұның  бәрін  жоғарыдан  берілген әкімшілік  өкіммен  ғана  іске  асыру  мүмкін емес.  Сіздер  бұған  біздің  тәуелсіздіктің  бүкіл  тарихы  бойына көз  жеткізіп көреміз.

Бұл  қозғалысқа  серпінділік  пен  нәтижелікті  азаматтық  қоғам  инститтуттары  мен  бизнестің  бірлескен  күш-жігері  ғана  бере  алады.  Бұл  сондай-ақ  кәсіпкерлік  қауымдастығының да міндеті.  Ал  Үкіметке проблемаларға   сарабдалдықпен  және  кәсіби  тұрғыда  келуі  керек.  Бақылаушы  органдардың  санында  анықтап  көру  керек.  Үш  ай  мерзімде  барлық  мүдделі  тараптардың  қатысуымен  талдап  жасалған  нақты  ұсыныстар  енгізуді  тапсырыс  берілді.  Енді  мороторий  туралы  біз  бәріміз  де  бұл  шара  уақытша  және  төтенше  екенін  түсінеміз.  Ал,  оның  төңірегінде  тұтас  эпопея  туындады.  Ведомстволар  мороторийдің  зияндылығын  дәлелдеп  бағуда,  ал  кәсіпкерлер  оны  ұзартуға  әзір.  Алайда, бұл  мәселенің  жүйелі  шешімі  емес,  сондықтан   да  жаңа  жылдан  бастап  мороторий  тоқталуы  тиіс.  Кейбір  бизнесмендер  оған  икемделіп,  пайда  таба  бастапты, бірақта  бұған да  жол  беруге  болмайды.  Адал  кәсіпкер  тексерулерден  қоқпауы  тиіс.  Құқық  қорғау және  салық  органдары  бақылау  жүргізіп,  заң  бұзушылықтыанықтап,  жазалап  отыруға  міндетті. Тек  осылай  ғана  адал  жұмыс  істеуге  мәжбүрлеуге  болады. [11] 

Лицензиялық  тіркеу  рәсімдерінің  саны  бүкіл  ақылға  сыйымды  қалыптан  шығып  кетті. Ведомстволар  мен  әкімдер  өз  қызметтері  мен  өздерінің  РМК-ларының  қызметі  үшін  бағаныіс  жүзінде  бақылаусыз  белгілеуде. Бұрын Монополияға қарсы  комитет  мемлекеттік  қызметтер  үшін  бағаны  тіркеп,  белгілеп  отыратын, қазір  ол  жоқ.  Бізге  инфляцияны  ведомостволар  мен  әкімдер  туындатып  отыр  деп  Марченка  дұрыс  айтқан.  Үкімет  тарапынан  әрекетсіздіктен  солай  боып  отыр  дегенді  қоспақпын.  Сондықтан  да  Үкімтке  әрқилы  лицензиялардың,  рұқсаттардың  санын  5-10  есе  қысқарту  үшін  тура  алты  ай  беремін.  Президент  Әкімшілігі  бәрін  тексеріп,  баяндайтын  болсын.  Бірнеше  мәрте  тапсырылғанына  қарамастан,  Үкіметте,  Ұлттық  банктте,  кредит   ресурстарының  қымбатшылық  мәселесін  шеше  алмады.

Ұлттық  банк  соңғы  төрт жылда  шағын  бизнеске  берілген  несиелер  бес  еседен  астамға  өсті  және  сұранысты  қанағаттандыру  дәрижесі  90  пайыздан  асып  түсті  дейді.  Кәсіпкерлер  несиелердің  қымбатшылығы  бірінші  номірлі  проблема  болып  қалып  отыр.  Алты  пайыз  инфляция  жағдайында несиелердің  20-22  пайызбен  берілетін,  Ұлттық  банк  пен  Үкіметке   осы  проблемалар  бойынша  ұсыныс  енгізуге  бір ай мерзім  беріледі. [16] 

2008  жылы  қыркүйек  айында  өткен кәсіпкелер  форумында 2009  жылдың  қаңтар  айынан  бастап  қазанына  дейін шағын бизнесті  қадағалауғабайланысты мороторий жарияланған болатын.  Алайда тәжірибе  көрсеткендей,  осы уақыт арылығында  көптеген  кәсіпорындар мен жаңа  бастамаларөмірге  келгенімен,  олардың бәрі  бірдей  аяғынан нықтұрып кете алған жоқ.  Себебі, аталмыш салаға  жүргізілген үздіксіз  тексерулер  енді  ғана  бизнеске  қадам басқан  кәсіпорындардың  көсіле  еңбек  етуіне  мүмкіндік  бермеді.  Осы  мәселе  тұрғысында  Елбасының  өзі  кәсіпкерлердің  қайсыбір  форумында  болмасын  жеке  меншіктердің  ісіне  қол  сұғуға  болмайтындығын  әрі  кәсіпкерліктің  сауыр  сиыр  емес  екендігін   тексеруші  органдарға,  яғни  салалық министрлерге,  кеден қызметкерлеріне қадап айтып келе  жатқандығын жақында теледидардағы   сөзінде тағы да  бір қайталап  өтті.  Елбасының сөзімен алғанда,  елімізде  шағын және  орта  кәсіппен  айналысатын ұйымдар  500  мыңмен  саналса,  онда  жұмыс істейтіндер саны  1,5  млн.  құрап отыр  екен.  Яғни,  шамамен 600  млн. адам  осы саладан пайда көруде.  Алайда,бұл көрсеткіштің  өзі аз,  өйткені әзірге  бұл бизнес  экономикамыздың 20 пайызын ғана  құрап  отыр.  Бізге керегі  50 пайыздық  көрсеткіш.  Ал  мамандар  сарап-таулары бойынша,  үздіксіз  тексерулер – кәсіпкерлердің  аяғынан тұрып кетуіне кедергі келтіретін  бірден-бір фактор  болып табылмақ. [17] 

Бүгінгі  күнде  кәсіпкерлер  арасында  мынадай үйреншікті  тіркес  қалыптасқан:  біздің  елімізде  рэкитерлер – нағыз бандиттерден  емес,  бақылаушы органдардың өкілдерінен тұратын шенеуніктер.  Қарап отырсақ,  еңбек,  салық инспекциялары,  ветиринарлық,  санитарлық,  қызмет  өкілдерінің  аталмыш  саланың  қызметін  тексеруге  толық  құқықтары  бар.  Ал  негізінде  Үкіметтің  шешімі  бойынша  инспекторлық  қызметке  38  министірлік пен  ведомстволарға  рұқсат  берілген  екен.  Мұның  сыртында  ресми  тексерушілер  қаншама,  осындай  органдар  тарапынан  жүргізілген  жан-жақты  жүргізулер  кәсіпкерлердің  жұмыс  істеуіне  мүмкіндік  бермей  отырғандығын  тағы  да  дәлелдей  түседі.

Сонымен,  кәсіпкерлікті  дамытудыңалдында  кесе-көлденең  тұрған  мәселелер  өз  алдында  бір  төбе.  Тіптен,  Әділет  министірлігінің  бұйрығы  бойынша  жеке  кәсіпорындардытіркеу  үш  күннің  ішінде  жүзеге  асырылатын  болса,осы  уақыт  ішіндешаруасын  рәсімдеп  үлгерген  кәсіпкер  менмін  дейтіндер  некен-саяқ.  өйткені,  аталмыш  министірлік  ешігін  ашқан  сәтте  жаңа  істі  бастауға  арналған  құжаттарды  бастауға  арналған  құжаттарды  рәсімдеу  барысында  айтылатын  ескертулер  жеткілікті.  Сіз  құжаттарыңызды  толыққанды  рәсімдеп  болғанша,яғни  банктен  есеп  шот  ашу,  статистикалық  карточка  алу,  тіркеуден өту т. б. үшін үш  күн ғана  қажет емес.  Күні-түні  есіктерді күзетуіңізге  тура  келеді. [13] 

Шағын  және  орта  бизнесті  дамытудың  алдындағы  кедергілер  жайында  сөз  болғанда,  кәсіпкерлер  қай  салада  болмасын  заңның  жетімсіздігін  алға  тартады.  Алматы  қалалық  шағын  бизнес департаментінің  директоры С.Тұржановтың айтуынша, аталмыш бизнеске кедергі болар жағдайлар – жеткіліксіз заңдық база, әкімшілік, экономикалық кедергілер,  негізсіз тексерулер  арқылы   шенеуніктердің   жемқорлыққа жол беруі,  бюрократия,  жоғары  арендалық төлем,  несие пайызының көптігі Қазақстан Республикасының << Әкімшілік құқық бұзушылық туралы >> Кодексі шағын кәсіпорындарға да, ірілеріне де бірдей айыппұл көлемін көрсетеді .Аталған құжаттың әкімшілік нормаларын тәжірібиде қолдану құқық бұзышушылықтың  алдын алуға емес,  әлі қанаты  қатып үлгермеген  шағынбизнесті ірі көлемдіайыппұлдар салу  арқылы  бірден  тұралатып алуға лайық. Аталмыш департамент директоры өз  сөзін жалғастыра келе  әкімшілік  кодекс  қызметінің  қандай  түрінде  болмасын  заңды  және  жеке  тұлғаларға  айыппұл  салуда  тексеруші  орган  қызметкерлеріне  кең  ауқымды  өкілеттік  беріп  отыр.  Құқық  бұзушылыққа  қатысты  айыппұл  көлемі  көрсетілген  баптарда  оның  заңдарды  тұлғаларға  салынатын  көлемі  де  өте  жоғары.  Ал  көп  жағдайда  айыппұл  мөлшері  1000 айлық  көрсеткіш  немесе  5,5  АҚШ  долларын  құрайды. [4] 

2009  жылы   Шағын кәсіпкерлік нысандарының  қызметіне мемлекеттік органдар  тарапынан  тексеру  жүргізу  ережесін  бекіту  туралы  Үкіметтің  №572  қаулысы  қабылданған  болатын.  Осы  қаулы  негізінде  шағын  бинес   нысандарын  тексеруде  бақылаушыоргандар  қызметін  қалыпқа  келтіріп,  кәсіпкерлер  құқығының  сақталуына  және  тексеруші  орган  қызметкерлерінедеген  талап  пен  жауапкершілік  күшейтілген  болатын. Және  де  бұрындары  бақылау  тексеру  органдары  Аппарат  және  құқықтық  статистика  орталығында тіркеуден  өтетін  болса,  жаңа  ережелерге  сәйкес  аталмыш  органдар тіркеуден  өтпей-ақ  текскрулерге  тікелей  шыға  беретін  болған. Алматы  қалалфқ  кәсіпкерлер  қауымдастығы  деректері  бойынша,  бүгінгі  күнде  тексеруші  мекемелер  саны  жүзге  жеткен  көрінеді. 

Шағын  және  орта  кәсіпкерлік  жылдан-жылға  қарқын  алып  келе  жатқанымен,  бірқатар  әкімшілік  және  заңдық  кедергілердің  салдары  отандық  экономиканы  көтеруге  қосатын  үлесті  азайтып  қана қоймай,  салада  еңбек  ететін  менеджерлер  біліктілігіне де  айтарлықтай  кері  әсерін  тигізіп  отыр.  Ал  Қазақстан  кәсіпкерлері  форумының  деректері  бүгінгі  күнде  қазақстандық  өндіріс  орындары  әлемдік  компаниялар  қатарына  қосылмақ  түгілі,  отандық  өнім  өндіру  ісін  дұрыс  жолға  қоя  алмай  отырғандығын  айтады.   Ал  ЮСАИД-тің  Орта  Азия  бойынша  директоры  Рональд  Ашкин  жақында  өткен  *Қазақстанның  ұлттық  табысын  ұлғайтудағы  шағын  және  орта  кәсіпкеріктің  үлесі*  атты  дөңгелек  үстел  басында  әлемдік  экономикаға  шығу  үшін  елдегі  компаниялардың  бәсекелестігі  маңызды  болып  табылатындығына  кеңінен  тоқталып    өткізіледі. Оның  пікірінше,  Қазақстанда  соңғы  жылдарда  макроэкономикалық  саясат  қарқын  алып  отырғанымен,  отандық  кәсіпорындар  әлі де  бәсекелестікке түсе  алмай  отыр. Қай  мемлекетте  болмасын  шағын  және  орта  бизнес  экономиклық өсімге  ықпал ететін   салалардың  бірі  болғандықтан, дамыған елдерде кәсіпорындарда  95  пайызы  аталмыш салаға  тиесілі болып табылады екен.  Ал  бұл саладаеңбек ететіндер саны  60-70 пайызды құрайды. [6] 

Информация о работе «Банк ЦентрКредит» Акционерлік қоғамының кепілдік несие саясаты