Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2013 в 19:53, дипломная работа
Несиелік тәуекел отандық банктердің дамуына қауіп төндіріп отырған тәуекелдің түріне жатады. Себебі, әлемдік тәжірибе көрсеткендей дағдарыс тұсында көптеген коммерциялық банктердің банкроттыққа ұшырауы қарыз алушылардың несиелерді қайтармауымен және олардың несиелік тәуекел-менеджменті саласында ойластырылмаған саясат жүргізуіне байланысты болуда. Осыған жалпылама түрде қарағанда банктердің жүзеге асырып отырған кепілдік несие саясатының тиімсіз екендігін байқауға болады
КІРІСПЕ
ҚР Президентінің 2013 жылғы халыққа жолдауында банк секторының бәсекелестік қабілеттігі мен тұрақтылығын арттыру міндетін белгілей отырып, банктерге мемлекеттік қолдаудың біржақты бола алмайтындығын, яғни тәуекелдердің өздеріне тиесілі бөлігін алуға тиістігін, сондай-ақ банктердің акционерлері өздерін дамытуы үшін қосымша ресурстар тартқысы келмесе немесе оған қабілетсіз болса, ондай кезде мемлекет қажетті шаралар қолдануға дайын болу керектігі айтылды
Әлемдік қаржы дағдарысына қарсы таяу арада қабылданған ҚР Үкіметі, Қазақстан Ұлттық банкі және ҚР-ғы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігінің 2012-2013 жылдарға арналған экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыруға байланысты бірлескен шаралар жоспарын іске асыру механизмдерінде қарастырылған қаржы секторын тұрақтандырудың басты бағыттары айқындалды, соның ішінде екінші деңгейдегі банктердің кепілдік несие саясатын және тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру, олардың сыртқы қарыздарды алуын әрі қарай шектеу шараларын қабылдау, Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына сәйкес қызмет етіп отырған банктердің активтерінің жіктелім тәртібін оңтайландыру және жүйе құраушы екінші деңгейдегі банктердің жай және артықшылықты акцияларын сатып алу арқылы, сондай-ақ оларға субординирленген займдар беру арқылы қосымша капиталдандыру шаралары көзделген. .[1]
Аталмыш жоспарды іске асыру мақсатында белгіленген шаралардың ең бастысы ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктердің кепілдік несие саясатының жетілмегендігін, тәуекелдерін басқарудың бүгінгі күнге сай еместігін және оның тиімсіздігін нақты көрсетіп отыр.
Шынымен де, Қазақстанның бүгінгі дамып отырған банк секторының бәсекелестікке қабілетті дамыған банктердің қатарына кіруі үшін ең әуелі олардың басты табыс көзінің бірі болып отырған несиелік қызметін басқарудың тиімділігін арттыруға терең мән беру қажет. Ең бастысы бұл жерде ҚР-ғы екінші деңгейлі банктердің несиелік қызметін, оның ішінде тәуекелдерін басқаруды жүйелі түрде зерттеуде жоғарыда көтерілген мәселелердің шешімін табу барысында арнайы теориялық, әдістемелік және тәжірибелік тәсілдерді қолдануды қажет етеді.
Несиелік тәуекел отандық банктердің дамуына қауіп төндіріп отырған тәуекелдің түріне жатады. Себебі, әлемдік тәжірибе көрсеткендей дағдарыс тұсында көптеген коммерциялық банктердің банкроттыққа ұшырауы қарыз алушылардың несиелерді қайтармауымен және олардың несиелік тәуекел-менеджменті саласында ойластырылмаған саясат жүргізуіне байланысты болуда. Осыған жалпылама түрде қарағанда банктердің жүзеге асырып отырған кепілдік несие саясатының тиімсіз екендігін байқауға болады. [2]
Қазақстандық коммерциялық банктер үшін мұндай мәселе қосарлы көрініс тапқан, яғни олардың несиелік қоржындарында мерзімі өткен және күмәнді несиелердің үлесі дамыған елдердің банктерінен екі-үш есе артып отырғандығы жасырын емес. Сондықтан да, кез-келген ҚР-ның екінші деңгейлі банктердің қызметінің тиімділігі және жалпы еліміздің банк секторының тұрақтылығы несиелік саясатының тиімділігін арттыруға тікелей байланысты.
Демек, ҚР-ғы екінші деңгейлі банктердің кепілдік несие саясатын жетілдіруге, несие-тәуекел менеджментінің тиімділігін арттыруға арналған және бүгінгі банктік сектордың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуді мақсат етіп қойған бұл зерттеу жұмысының тақырыбы – ең өзекті тақырыптардың қатарынан орын алатыны ешқандай күмән тудырмайды. [3]
Зерттеу жұмысының мақсаты мен басты міндеттері. Зерттеудің мақсаты ҚР-ғы екінші деңгейлі банк «Банк ЦентрКредит» Акционерлік қоғамының несиелік саясатын талдау, оның мазмұны мен құрылымдық элементтерін нақтылай отырып, несиелік тәуекелді тиімді басқару жүйесін дамыту және жетілдіру жолдарын ұсыну болып табылады.
Қойылған мақсатқа жету мынадай міндеттерді шешуді көздейді:
Зерттеу обектісіне: Қазақстан Республикасының «Банк ЦентрКредит» Акционерлік қоғамы жатады.
Зерттеу пәніне: «Банк ЦентрКредит» Акционерлік қоғамының кепілдік несие саясаты және оны жүзеге асыру әдістері жатады.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі. Зерттеудің әдістемелік және теориялық негізіне қазіргі кездегі отандық және шетелдік экономистердің несиелік саясаттың жүзеге асырылуында орын алатын мәселелері туралы зерттеулері пайдаланылды. [5]
Зерттеудің ақпараттық және статистикалық базасы. Зерттеудің статистикалық және ақпараттар базасы ретінде ҚР Ұлттық банктің және ҚР қаржылық қадағалау агенттігінің ақпараттық бөлімшелерінің статистикалық және есептік деректері, нормативтік құжаттары, ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктерінің жылдық есеп деректері, түрлі деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, сондай-ақ несиелік тәуекелді басқару жүйесі жайлы сұрақтарды қамтитын жергілікті және шетелдік басылымдардағы мақалалар және т.с.с. пайдаланылды.
Сонымен қатар,
ғылыми жұмыста көрсетілген
Құқықтық негізіне: ҚР Президентінің заңдары мен заң күші бар жарлықтары, ҚР Ұлттық банктің және ҚР қаржылық қадағалау агенттігінің нормативтік құжаттары мен актілері және әр түрлі әдістемелік нұсқаулары жатады. [6]
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы:
Қорғауға шығарылатын негізгі тұжырымдар:
- «кепілдік несие саясаты», «несиелік тәуекел» және «несиелік тәуекел-менеджмент» ұғымдарына қатысты авторлық көзқарас және несиелік тәуекел типологиясы;
- несиелік тәуекелді басқарудың қазіргі жүйесінің құрылымдық элементтері және олардың өзара байланысы;
- несиелік тәуекел түрлерінің пайда болу себептерін анықтауға ықпал етуші факторлар;
- екінші
деңгейдегі банктер қызметінде
жиынтық несиелік тәуекелді
Зерттеу нәтижелерінің тәжірибелік маңызы. Дипломда жасалған қорытындылар мен ұсыныстар екінші деңгейдегі банктердің несиелік қызметтерінде болашақта пайдалануы мүмкін.
Дипломның құрылымы. Дипломның құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. [13]
1ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ КЕПІЛДІК НЕСИЕ ТҮРЛЕРІ МЕН ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Кепіл туралы түсінік және кепілдік несиелер түрлері
Несие табиғатын,
оны әлеуметтік-психологиялық
Шын мәнінде, сенімділік белгілі бір мөлшерде әрбір несиелік келісімшартта орын алатын жайт. Алайда, несиелік келісімшартқа отыру барысында шаруашылық етуші субъектілердің іс-әрекетін ынталандырудың маңызы жоғары болса да, көбіне ол сыртқы факторларға байланысты болып келеді. Несиелік келісімшарттағы сенімділік қатысушылардың жеке мінез-құлықтық қасиетіне ғана негізделіп қана қоймайды. Ол борышкердің несиелік қабілеттілігінің бағасы мен үшінші жақтың қамсыздандыруын және кепіл бере алуын қамтитын белгілі бір шарттардың қызмет етуінің нітижесі болып табылады. [14]
Кепіл - күдіктінің, айыпталушының анықтау, тергеу органдарына немесе сотқа олардың шақыруы бойынша келуі жөніндегі міндеттерін орындауын қамтамасыз ету үшін күдіктінің, айыпталушының өзі не басқа жеке немесе заңды тұлға соттың депозитіне, сондай-ақ қылмыстық процесті жүргізуші орган қабылдайтын жылжымайтын мүлік пен басқа да бағалы заттар түрінде салатын ақшадан тұратын бұлтартпау шарасы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 148-бабының 1-бөлігі, 322-бабының 1-бөлігі (бұдан әрі - ҚІЖК)). Бағалы заттар мен жылжымайтын мүлік прокурордың немесе соттың рұқсатымен кепіл ретінде алынуы мүмкін. [15]
Кепіл беруші -
күдіктінің, айыпталушының анықтау,
тергеу органдарына немесе сотқа
олардың шақыруы бойынша келу
міндеттерін орындауын
Депозит - келу жөніндегі міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету үшін ақша сомалары түсетін арнайы банктік есеп-шот. [6]
Ақша - сатып алу және сату кезінде құн өлшемі болып табылатын металл және қағаз белгілер.
Құндылықтар - бұл бағалы заттар, құнды қағаздар, автокөлік құралдары мен өзге де мүлік, антиквариат және мәдени және өзге де құндылықтарды білдіретін басқа да заттар.
Бағалы заттарға бағалы металдар мен асыл тастар, сондай-ақ олардан жасалған бұйымдар жатады.
Бағалы металдар - алтын, күміс, платина және кез-келген түрдегі және күйдегі платина тобының металдары. [11]
Асыл тастар - табиғи алмастар, зүбаржаттар, лағылдар, сапфирлер және кез келген түрдегі және жағдайдағы басқа да асыл тастар.
Құнды қағаздарға акциялар, облигациялар және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі мен басқа заңнамалық актілерде белгіленген басқа да құнды қағаздардың түрлері жатады.
Жылжымайтын мүлік (жылжымайтын дүние, жылжымайтын зат) - жер учаскелері, сондай-ақ жермен тығыз байланысты ғимараттар, құрылыстар және өзге де мүлік, яғни көшіргенде оның мақсатына тең емес зиян келтірілмеуі мүмкін емес объектілер. [16]
3. Бұлтартпау шарасы ретіндегі кепіл тек Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 139-бабында көзделген процессуалдық негіздер болған кезде ғана қолданылады. Бұл ретте мынадай талаптарды сақтау қажет: қылмыстық іс қозғау туралы қаулы, осы бұлтартпау шарасын таңдау туралы тергеушінің, анықтаушының прокурор санкциялаған қаулысы не болмаса соттың шешімі; кепілді және кепіл туралы шарт қабылдау туралы хаттама жасау.
4. Кепіл күдіктіні ұстағаннан кейін қамауға алудың, үйде қамап ұстаудың немесе өзге де бұлтартпау шарасының орнына дербес қолданылуы мүмкін. Кепіл аса ауыр қылмыс жасаған айыпталушы адамдарға қатысты қолданылмайды.
5. Қылмыстық процесті жүргізуші орган бұлтартпау шарасын таңдау туралы қаулы шығарады. [10]
Қаулыда мыналар көрсетіледі: оның толтырылған жері мен уақыты; қаулы шығарған адамның тегі мен лауазымы; күдікті немесе айыпталушы адамның қылмыс жасау жағдайлары; осы адамның тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, айы, жылы мен туған жері; азаматтығы; күдіктінің, айыпталушының жеке басын куәландыратын құжат; қылмыстық істі қозғау күні мен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабы; ұсталған және айып тағылған күн; тағылған айыптың көлемі; кепіл түрінде бұлтартпау шарасын таңдау үшін негіз болатын мән-жайлар; кепіл ретінде салынатын ақшалай сома не болмаса оның құнын және соттың депозитіне ақша салуды растайтын құжатқа сілтеме жасай отырып, мүлік тізбесі; күдіктінің, айыпталушының анықтау, тергеу органдарына немесе сотқа олардың шақыруы бойынша келу жөніндегі міндеттерін, сондай-ақ өзінің болатын жерін өзгерткен жағдайда хабарлау туралы түсіндіру; Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің қаулы шығаруға негіз болған баптары. Қаулыға оны толтырған адам, күдікті, айыпталушы және қатысқан жағдайда - олардың қорғаушысы тегі мен ордер номерін көрсетіп, қол қояды. [17]
Кепіл тек прокурордың санкциясымен немесе соттың шешімі бойынша қолданылады. Қылмыстық қудалау органы шығарған кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы қаулы, қылмыстық іс бойынша өндірістің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыратын прокурор оны санкциялағаннан кейін күшіне енеді. Прокурор ҚІЖК-нің 148-бабының 3-бөлігінде көрсетілген көлемнен төмен болмайтын басқа кепіл мөлшерін тағайындай отырып, тергеуші (анықтаушы) белгілеген кепіл сомасын өзгертуге, сондай-ақ қаулыны санкциялаудан бас тартуға құқылы. Кепілді таңдаған лауазымды адам бас тартқан жағдайда, оны кепіл берушіге қайтару және кепілге алынған мүліктен барлық шектеулерді алу жөнінде шаралар қабылданады. [9]
Информация о работе «Банк ЦентрКредит» Акционерлік қоғамының кепілдік несие саясаты