Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2013 в 19:53, дипломная работа
Несиелік тәуекел отандық банктердің дамуына қауіп төндіріп отырған тәуекелдің түріне жатады. Себебі, әлемдік тәжірибе көрсеткендей дағдарыс тұсында көптеген коммерциялық банктердің банкроттыққа ұшырауы қарыз алушылардың несиелерді қайтармауымен және олардың несиелік тәуекел-менеджменті саласында ойластырылмаған саясат жүргізуіне байланысты болуда. Осыған жалпылама түрде қарағанда банктердің жүзеге асырып отырған кепілдік несие саясатының тиімсіз екендігін байқауға болады
Кепілді қолдану туралы қаулы қылмыстық істі жүргізіп жатқан органның кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын есепке алу журналына тіркеледі.
6. Ақша, бағалы заттар, жылжымалы және жылжымайтын мүлік кепіл заты болып табылады.
Алдын ала тергеу барысында бағалы заттарды немесе жылжымайтын мүлікті кепіл ретінде салу туралы шешім тек прокурордың немесе соттың рұқсатымен қабылдануы мүмкін.
Бағалы заттардың бағалылығы, түпнұсқасы және құны анықталса, бұл туралы кепіл беруші тиісті құжаттар ұсынса, олар кепіл заты болуы мүмкін.
Түріне қарай құнды қағаздарға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген әртүрлі талаптар қойылады. Міндетті деректемелерінің болмауы немесе белгіленген нысанға сәйкес келмеуі құнды қағаздың жарамсыздығына әкеп соғады. Құнды қағаздың құны бұлтартпау шарасын таңдаған кезде айқындалады. [20]
Кепіл ретіндегі мүлік
егер осы мүлікпен мәміле
Меншіктің ортақ иесінің кәмелетке толмаған балалары болған жағдайда пәтер немесе үй кепіл ретінде ұсыныла алмайды. [19]
Жылжымайтын мүлікпен айналысу тәртібін реттейтін қолданыстағы заңнамаға қарама-қайшы келмесе, кепіл ретінде өзге жылжымайтын мүлік ұсынылуы мүмкін.
7. Егер кепіл ретінде ақша немесе бағалы заттар берілсе, сот депозитіне кепіл салуды куәландыратын түбіршек растау құжаты болып табылады.
8. Кепіл мөлшері шағын ауырлықтағы қылмыс жасағандығын айыпталуы кезінде, айлық есептік көрсеткіштің жүз еселенген мөлшерінен; орта ауырлықтағы байқаусызда жасалған қылмысқа айыпталуы кезінде - айлық есептік көрсеткіштің үш жүз еселенген мөлшерінен; орташа ауырлықтағы қасақана қылмыс жасағандығына айыпталуы кезінде - айлық есептік көрсеткіштің бес жүз еселенген мөлшерінен; ауыр қылмыс жасағандығына айыпталуы кезінде - айлық есептік көрсеткіштің мың еселенген мөлшерінен кем болмайды. [18]
Кепіл сомасын айыптаудың ауырлығын, күдіктінің, айыпталушының жеке басын, қызметін, тұрақты тұрғылықты жерінің бар-жоғын, кепіл берушінің отбасылық және мүліктік жағдайын, қылмыстық жауапкершілік пен жазаны ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларды және басқаларды есепке ала отырып, осы бұлтартпау шарасын таңдайтын адам анықтайды.
9. Енгізілетін кепілдің бағалылығын дәлелдеу кепіл берушіге жүктеледі. Кепілдік мүліктің құнын айқындайтын құжаттарды қолданыстағы заңнамаға сәйкес бағалау қызметімен айналысуға құқық беретін лицензиясы бар заңды тұлғалар сияқты жеке адамдар да бере алады. [14]
10. Қылмыстық процеске
қатысушылар бұлтартпау шарасы
ретінде кепіл қолдану туралы
қолдаухатпен өтініш жасауға
құқылы. Қолдаухатта кепілді
11. Кепіл берушіге, егер оның өзі сезікті, айыпталушы болмаса, оған қатысты осы бұлтартпау шарасы қолданылатын адамның айыбының мәні түсіндіріледі. Кепіл берушіге күдікті, айыпталушы шақыруы бойынша келуден жалтарған жағдайда кепіл мемлекеттің кірісіне айналатындығы туралы ескертілгендігі атап өтілген хаттама жасалады. [21]
12. Бұлтартпау шарасын
таңдаған адам кепілді
Хаттамадан басқа қылмыстық іске соттың депозитіне кепіл енгізу туралы құжат, кепіл ретінде алынған жылжымайтын мүлікке, автокөлік құралдарына және басқа да мүлікке құқық беретін нотариалды расталған құжаттар, олардың құнын растайтын құжаттар, сондай-ақ кепілді соттың сақтауына өткізуді растайтын құжаттар тігіледі.
Бұлтартпау шарасы ретінде кепілді таңдаған орган кепіл берушінің еңбекке қабілетті екеніне көз жеткізу керек. [23]
13. Кепіл аумақтылығы бойынша соттың депозитіне енгізіледі. Кепіл енгізілген кезде сот тиісті құжат (кассалық кіріс ордері, төлем тапсырмасы) береді. Егер кепіл ретінде бағалы заттар енгізілсе, онда оларды сақтау нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 658 болып тіркелген, "Соттардың, прокуратура, алдын ала тергеу, анықтау, сот сараптамасы органдарының қылмыстық, азаматтық істер жөніндегі және әкімшілік құқық бұзушылық істері туралы құжаттарды, заттай дәлелдемелерді алу, есепке алу, сақтау, беру және жою тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 12 қарашадағы № 121, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 1998 жыл-ғы 1 желтоқсандағы № 1043, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 1998 жылғы 8 желтоқсандағы № 73, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1998 жылғы 22 желтоқсандағы № 598, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1998 жылғы 2 желтоқсандағы № 429, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 1998 жылғы 28 желтоқсандағы № 111 бірлескен бұйрығымен бекітілген нұсқаулыққа сәйкес заттай дәлелдемелерді сақтау сияқты жүзеге асырылады. [24]
Аталған бұлтартпау шарасын таңдаған лауазымды адам кепіл ретінде жылжымайтын мүлікті немесе автокөлік құралын қабылдаған жағдайда, олармен жасалған мәмілелер жасауды болдырмау мақсатында бұл туралы жоғарыда атал-ған кепіл заттары тіркелген органдарға дереу хабарлайды.
14. Алдын ала тергеу
жүргізу міндетті болып
15. Алдын ала тергеу
жүргізу міндетті емес істер
бойынша анықтау кезінде
16. Егер адам қылмыс жасағаны үшін күдікті ретінде ұсталса, онда бұлтартпау шарасы ретінде кепілді таңдау туралы қаулы қылмыстық істің материалдарын және кепілді енгізу мүмкіндігін растайтын құжаттарды қоса отырып (кепіл берушіде кепіл заттардың барлығын растайтын құжаттар), ұстау мерзімі аяқталғанға дейін 6 сағаттан кешіктірмей кепілді таңдау туралы қаулыны санкциялау туралы мәселені қарайтын прокурорға берілуі тиіс. [15]
17. Кепіл қамауға алудың немесе үйде қамап ұстаудың орнына прокурордың немесе соттың (ҚІЖК-нің 150-бабының 9-бөлігі), сондай-ақ прокурор санкциялаған қаулы бойынша тергеуші мен анықтау органының шешімімен қолданылуы мүмкін. Бұл жағдайда күдікті, айыпталушы келісілген сома іс жүзінде соттың депозиттік шотына енгізілгенге дейін қамауда немесе үйде қамау-да ұстауда қалады. Осыдан кейін прокурордың, соттың қаулысы атқарылуға беріледі. [11]
18. Ұсталған адамға (қамаудағы адамға) шоттан ақша қаражатын алу қажет болған жағдайда сенімхат ресімделеді.
19. Қылмыстық қудалау органы қамауға алу немесе үйде қамап ұстау бұлтарт-пау шараларын кепілге ауыстырудан бас тартқан жағдайда күдікті, айыпталушы, олардың қорғаушысы немесе заңды өкілдері, сондай-ақ кепіл беруші ретінде іске қатысуға рұқсат берілмеген адам ҚІЖК-нің 110-бабында белгіленген тәртіппен шағымдана алады.
20. Енгізілген кепіл бойынша міндеттемелер мерзімі кепіл түрінде бұлтартпау шарасы таңдалған сәттен бастап ол жойылғанша немесе өзгергенге дейін, істі алдын ала тергеудің және сотта қараудың барлық уақытына созылады. [25]
Егер күдікті, айыпталушы немесе айыпталушы болып табылмайтын кепіл беруші салынған ақшаны, мүлікті немесе бағалы заттарды қайтаруды талап етсе, қылмыстық процесті жүргізуші орган бұдан бас тартуға құқығы жоқ. Мұндай жағдайда кепіл - бұлтартпау шарасы неғұрлым қатаңырақ түрге өзгертілуі немесе басқа кепіл берушіге ресімделуі тиіс, бұл туралы күдіктіге, айыпталушыға түсіндіріледі.
21. Егер кепіл
беруші бірнеше адам
болса және олардың
біреуі қабылданған
22. Күдікті, айыпталушы қылмыстық процесті жүргізуші органның шақыруы бойынша келуден жалтарған жағдайда, бұлтартпау шарасы неғұрлым қатаң түрге өзгертіледі. Күдікті, айыпталушы шақыру бойынша келмеген әрбір жағдайда қылмыстық процесті жүргізуші орган мұның себептерін анықтауға және күдіктіні, айыпталушыны шақыру туралы тиісті хабарламаны растайтын құжаттарды (шақыру қағазын алғаны туралы қолхаттар, баянаттар және тағы басқалар) істің материалдарына қосуы керек.
Кепілді неғұрлым қатаң бұлтартпау шарасына өзгерту үшін шақыру бойынша келмеу жүйелі, яғни екі және одан да көп болуы тиіс. Әрбір келмеген жағдай туралы қылмыстық процесті жүргізуші орган бір тәулік мерзім ішінде кепіл берушіге хабарлауы және оған кепілдің мемлекет кірісіне берілу мүмкіндігі туралы түсіндіруі тиіс. [27]
Дәлелді себептер болған жағдайда (келу мүмкіндігінен айыратын ауруы, жақын туыстарының қайтыс болуы, дүлей зілзала, жаппай тәртіпсіздіктер, шақыру қағазын алмауы, белгіленген мерзімде келу мүмкіндігінен объективті түрде айыратын өзге де жағдайлар) күдіктінің, айыпталушының келмеуі бұлтартпау шарасын өзгерту үшін негіз ретінде қабылдануы мүмкін емес. [28]
Егер күдікті, айыпталушы өзінің тұрғылықты жерін хабарламай жасырынған және ол осындай себептермен келуден жалтарғаны туралы жеткілікті негіздер болған жағдайда, бұлтартпау шарасын неғұрлым қатаң түрге өзгерту және оған іздестіру жариялау туралы мәселе қаралуы тиіс.
Кепілді неғұрлым қатаң бұлтартпау шарасына өзгерту туралы (үйде қамап ұстау, қамауға алу) қылмыстық процесті жүргізуші орган дәлелді қаулы шығарады, оны қылмыстық істің материалдарымен және күдіктінің, айыпталушының шақыру бойынша келуден жалтарғанын растайтын құжаттармен бірге осы бұлтартпау шарасын санкциялаған прокурорға дереу жібереді, ал сотталушыға қатысты шешімді сот қабылдайды. [29]
Прокурор осы шешімнің заңдылығы мен негізділігін тексере отырып, сотқа кепілді мемлекет кірісіне жіберу туралы ұсыныс жасайды, бұл туралы кепіл берушіге хабарлайды. Егер бұлтарпау шарасын өзгерту туралы қабылданған шешім негізсіз және заңды бұза отырып қабылданса, прокурор өзінің қаулысымен оның күшін жояды. Мұндай жағдайларда кепіл өзгеріссіз қалады.
Егер кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын өзгерту туралы шешімді сот өзінің өндірісіндегі қылмыстық іс бойынша қабылдаса, онда кепілді мемлекет кірісіне беру туралы мәселені олар дербес қарайды, бұл туралы қаулы шығарады. [16]
23. Міндеттемелерді
орындау кезінде кепіл
ретінде енгізілген сома
есебінен азаматтық талапты
Информация о работе «Банк ЦентрКредит» Акционерлік қоғамының кепілдік несие саясаты