Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2013 в 19:53, дипломная работа
Несиелік тәуекел отандық банктердің дамуына қауіп төндіріп отырған тәуекелдің түріне жатады. Себебі, әлемдік тәжірибе көрсеткендей дағдарыс тұсында көптеген коммерциялық банктердің банкроттыққа ұшырауы қарыз алушылардың несиелерді қайтармауымен және олардың несиелік тәуекел-менеджменті саласында ойластырылмаған саясат жүргізуіне байланысты болуда. Осыған жалпылама түрде қарағанда банктердің жүзеге асырып отырған кепілдік несие саясатының тиімсіз екендігін байқауға болады
24. Күдікті, айыпталушы өзінің міндеттерін сақтаған жағдайда, сот істі тоқтату туралы үкім немесе қаулы шығарған кезде кепілді кепіл берушіге қайтару туралы мәселені шешеді (ҚІЖК-нің 148-бабының 7-бөлігі). [24]
25. Алдын ала тергеу сатысында қылмыстық іс тоқтатылған жағдайда, кепіл ретіндегі бұлтартпау шарасының күші прокурор санкциялаған тиісті қаулымен жойылады. Бұл ретте осы шешімді қабылдаған лауазымды адам прокурор санкциялаған қаулыны қоса отырып, кепілді қайтару туралы сотқа жазбаша түрде хабарлама жібереді. Егер салынған мүлікке шектеулер болса, қылмыстық істі тоқтатқан орган оларды алу жөнінде қажетті шаралар қабылдайды.
Сот осы қаулыға сәйкес салынған мүлікті, сақтауға тапсырылған бағалы заттарды немесе депозитке салынған ақшаны береді. Кепілді кепіл берушіге қайтару туралы құжатты сот істің материалдарына тігу үшін анықтау немесе алдын алу тергеу органына жібереді. [34]
Кепіл туралы келісім-шарт жасасу. Қазіргі несиелеудің басты ерекшелігі бойынша банк қарыз алушының несиелік қабілетін тексеріп болғаннан кейін, несиелік шарт жасасу үшін несиелеу субъектісімен қатынасқа түседі. Несиелеуге байланысты барлық сұрақтарда банк пен қарыз алушы келісім-шарт негізінде шешеді.
Несиелік келісім-шарт екі жақтың өзара міндеттемелерін және жауапкершіліктерін анықтайды. Онда мыналар көрсетіледі:
Несиелік клісім-шарттың мазмұнын келісуші жақтардың өздері
анықтайды.
Несиелік қатынастарды ұйымдастыру тәжірибесінде кепіл туралы келісім-шарттың орыны ерекше. Кепіл туралы кепіл затына байланысты ажыратылады. [21]
Кепіл затына: заттар, бағалы қағаздар, басқа да мүліктер және мүліктік құқықтар жатады.
Материалдық-заттық мазмұнына қарай кепіл заттары мынадай топтарға бөлінеді:
а) шикізаттар, материалдар, жартылай өнімдер кепілі;
ә) тауарлар және дайын өнімдер кепілі;
б) валюталық бағалылар (нақты валюталар), алтыннан жасалған бұйымдар кепілі;
в) басқа да тауарлы-материалдық құндылықтар кепілі;
Кепіл туралы келісім-шартта
мынадай мәселелер
Кредиторлардың
талабын қанағаттандыру үшін кепілдік
келісім-шарттың рәсімделуін
Осы заңға сәйкес кредитор (кепілдік ұстаушы), егер де қарызданушы өз міндеттемесін орындай алмаса, кепілдікке қойылған мүліктен берілген несиенің құнын ұстап қалуға құқылы.
Кепілдікке қойылған мүлікке деген талап білдірушілердің талабын қанағаттандыру үшін олардың кезектілігін белгілеп, кепілдіктегі мүлік қозғалысын тіркейді. Кепілдік заңы бойынша кез келген міндеттемені орындаудың мүмкіндігін қамтамасыз етеді (банкі несиені бергенде, құрал-жабдықты, қаражатты уақытша пайдалануға алғанда, салып-сатуда, жалғада, жүкті тасымалдағанда т.б.). Кепілдік бұйымы (нәрсесі) кәсіпорынның мүліктік айналысынан алынбауы мүмкін «ғимарат, қондырғы, өндіріс құралдары, бағалы қағаздар, ақша қаражаттары, мүліктік құқықтары т.б.), бірақ оларды Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес өндіріп алуға (төлетуге) болады. [15]
Кепілдік міндеттеменің қамтамасыз етілуі тоқтатылса, кепілдік тоқтатылады: кепілге салынған мүлік жойылған жағдайда, кепілге салынған мүлікке меншік иесі ретінде иеленген жағдайда, кепілге салынған мүлік мәжбүрлік жолмен сатылғанжағдайда және т.б. Кепілдіктің түрлері болып мүлікті салу және ипотека саналады. [19]
Кепілге салу кезінде кепілдікке (закладкаға) салынған мүлік кепілге берушіден кепілге ұстаушының иелігіне өтеді. Кепілге ұстаушының келісімімен кепілге салынған зат кепілге берушіде айрықша сақталынып, мөр қойылып, сол жерде қалдырылуы мүмкін.
Ипотека жағдайында кепілге салынған мүліктер кепілге берушінің немесе үшінші тұлғаның иелігі мен пайдалануында болуы мүмкін.
Ипотекалық несиелік келісім-шарт бойынша негізгі қарыздың сомасын кепілдік ұстаушыға төлеуді немесе ипотекалық келісім-шарт бойынша қарастырылған басқа міндеттемелерді толық не ішінара бөлігін орындауды қамтамасыз етеді. [12]
Егер де келісім
– шартта басқаша шаралар қаралмаса,
онда ипотека тек сол кезеңдегі
талапты толық көлемде
Ипотекалық куәлік басқа бір тұлғаның пайдасына жазылып берілуі мүмкін. Жазып беру бұл ипотекалық құқықтың басқа тұлғаға берілгендігін көрсетеді. Бұндай жазып беру операциясын банктер жасамайды. Жазып берілген құқықта берілгентұлғаның толық аты-жөні болуы тиіс, ал егер де ол бланкалық тұрғыда (толтырылмаған, қол қойылмаған нысанда) болса, онда ол ипотекалық куәліктің беру жазбасы болып саналмайды. Егер беру жазбасы бірінші беріліп отырса, онда ипотекалық куәлігінде көрсетілген кепілдік ұстаушысы қол қояды, ал егер де ол бірінші болмаса, онда осының алдындағы жазып берген тұлға қол қояды. Егер де беру жазбасы арқылы құқығын жүзеге асыратын болса, онда онымен бірге, сол берілген тұлғаға негізгі міндеттемесі де, ипотекалық куәлігі бойынша құқығы да өтеді. [5]
Банктен тұтыну несиесін алуға қажетті құжаттар тізімі мынадай:
Келесі бір
дамып отырған несиеге
Несие мөлшері: жылжымайтын мүліктің бағалау құнының 85℅-на дейін. [22]
Бастапқы жарна: жылжымайтын мүліктің бағалау құнынан 15℅-ға дейін.
Несие үшін төлемі: айына: 1,3℅ (АҚШ долл.), 1,7℅ (теңгемен).
Несие валютасы: АҚШ долл. Немесе теңгемен (егер 1 жылдан аспаса).
Несие мерзімі: 10 жылға дейін.
Қамтамасыз ету түрі: пайдаланатын немесе сатып алатын тұрғын үй.
Қазақстанда ипотеклық несиенің дамуын қолдау мақсатында соңғы жылдары «Қазақстан Ипотекалық компаниясы» ЖАҚ бірқатар жұмыстар жасап жатыр.
Қарыз беруші банк қарыз алушыдан негізгі қарыздан да, оған төленетін пайызын да өндіріп алуға және олардан кепілдік мүліктерін талап етуге құқығы бар. Тауарлы-материалдық құндылықтарды, өнімдерді және басқа да кепілдік салуға болатын мүліктерін ұсынған жағдайда банк несие береді. [31]
Қарыз алушының мүлкіне банк олардың арасында жасалған келісі-шарт бұзылған жағдайда ғана иелік ете алады. Сондай-ақ, кепілге алу міндеттемесі қарыз алушы төлеуге қабілетсіз және банкротқа ұшыраған кезде, кепілге салынған мүлікті өткізуден түскен түсімді несиені өтеуге жатқызылады. Кепілге салу жөніндегі келісім тұрғын үйді кепілге салуды қоспағанда, нотариалдық куәліксіз жазбаша түрде жасалады. Қарыз алушыға тиеселі тауарлы-материалдық құндылықтарды немесе шығарылуына қарай дайын өнімді кепілге салу кепілге салудың бір түрі болып табылады. Кепілге салуға ақшалай бағаланатын мүліктер, соның ішінде бағалы қағаздар да ұсынылуы мүмкін. Кепілге салынған құндылықтар әдетте қарыз алушының иелігінде қалады, қарыз алушы кепілге салынған тауарлы-материалдық құндылықтарды басқа құндылықтарға ауыстырған жағдайда сатуға немесе өз өндірісінде қайта өңдеуге құқылы. Кепілге салынған бағалы қағаздар несие келісіміне қол қойылғаннан кейін, банкке сақталуға беріледі және несие толық өтеліп, ол бойынша пайыз төленгеннен кейін қарыз алушыға қайтарылады. Борышкер кепілге салумен қамтамасыз етілген міндеттемесін орындамаған жағдайда «кепілге салынған» мүліктің құнынан банктің талабын қанағаттандыру соттың шешімі бойынша жүзеге асырылады. Банк мүлікті кепілге салуға қабылдаған кезде, әсіресе, кепілге салынған мүлікті сақтау кезінле оның толық сақталуын талап етуге құқылы. Кепілге салынған мүлік жойылған (опат болған( жағдайда, егер ол сақтандырылған болса, банк талабын сақтандыру өтемінен қанағаттандырудың айрықша құқығын пайдалана алады. Банк шартта белгіленген тәртіпке сай, қарыз алушының кепілге салған мүлігінің құнынан несиенің сомасын өндіріп алуға құқылы. [33]
Кепілшінің шотынан даусыз түрде қаржыны есептен шығару төлем-талап тапсырмасы ұсынылған кезден бастап жүзеге асырылады. Қарыз алушының өтелмеген несиесі үшін жауапкершілігін сақтандыру «Сақтандыру жөніндегі» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Бірақ қарыз алушыға берілген несиені сақтандыру компаниясымен несиелік тәуекелділігімен өз еркімен сақтандыру жөніндегі шарт жасасу жоымен, өз бетінше сақтандыра алады. Бұл жағдайда банк несиелік шартта қарыз алушының несиені өтемегені үшін жауапкершілігін өз еркімен сақтандыру шарты бойынша банк төлеген сақтандыру төлемінің сомасын банкке қарыз алушының қайтаруын қарастыруы мүмкін. [30]
Қарыз алушыға несие жасалынған шартына сай беріледі. Бұл келісімде несиенің мақсаты, мөлшері және мерзімі, құжаттар тізімі және олардың банкке ұсынылу мерзімділігі, несиенің мақсатты пайдалануын және қамсыздандырылуын тексеру нысандары, несие бойынша қарыздарды өтеудің барысында кепілге салынған мүліктерді өткізудің рәсімдеу тәртібі, қамсыздандыруды тексеру үшін банкке ұсынылатын ақпараттардың мазмұны ашылады.
Банк қарыз алушыға несиелік қызмет көрсету үшін онымен бір жылға немесе одан ұзақ мерзімге шарт жасайды және әрбір несие берудің жағдайын әрбір клиент бойынша жеке дара анықтайды.
Қысқа мерзімді несие, әдетте, 12 айдан аспайтын мерзімге несиеленетін материалдық құндылықтардың айналымдылығына және шыққан шығынның өзін-өзі ақтауына негізделіп беріледі. Жеклеген жағдайларда өндіріс циклының ерекшелігіне байланысты несиелер неғұрлым ұзағырақ мерзімге де, бірақ екі жылдан аспайтын мерзімге де берілуі мүмкін. [26]
Несие, әдетте, қарыз алушының есеп айырысу шотында қаражаттың бар болуына қарамастан, қолма-қолсыз тәртіпте беріледі немесе оның есеп айырысу шотына аударылады.
Банк несиелік келісім шартты жасамастан бұрын, қарыз алушының (немесе қарызданушының) несиені өтеу қабілеттілігін, қарызданушының репутацциясын, қаржылық және экономикалық жағдайын, баланс өтімділігін, айналым қарадатының пайдалану тиімділігін басқа да жағдайларын жан-жақты талдап зерттейді. [29]
Тұрақты түрде несиеленетін қарызданушылардың банкке қойған кепіліне бухгалтерлік баланстың мәліметтері бойынша бақылау жасалынады. Олардың әрбір тоқсан сайын запсатары мен шығындарының өзгерісі, дебиторлық және кредиторлық қарызы талданады, ал керек болған жағдайда, қойма мәліметтері және бухгалтерлік есептегі натуралдық көрінісі зерттеледі.
Қарыз алушылар негізгі несиеден басқа несиені пайдаланғаны үшін пайыздар, айыппұлдар төлеуге міндетті. [9]
Информация о работе «Банк ЦентрКредит» Акционерлік қоғамының кепілдік несие саясаты