«Банк ЦентрКредит» Акционерлік қоғамының кепілдік несие саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2013 в 19:53, дипломная работа

Краткое описание

Несиелік тәуекел отандық банктердің дамуына қауіп төндіріп отырған тәуекелдің түріне жатады. Себебі, әлемдік тәжірибе көрсеткендей дағдарыс тұсында көптеген коммерциялық банктердің банкроттыққа ұшырауы қарыз алушылардың несиелерді қайтармауымен және олардың несиелік тәуекел-менеджменті саласында ойластырылмаған саясат жүргізуіне байланысты болуда. Осыған жалпылама түрде қарағанда банктердің жүзеге асырып отырған кепілдік несие саясатының тиімсіз екендігін байқауға болады

Прикрепленные файлы: 1 файл

кепіл және кепілді бағалау диплом 2013.doc

— 995.00 Кб (Скачать документ)

 

 

    1. Банктердің кепілдік несие саясаты түсінігінің мән-мағынасы және оның қалыптасуын анықтайтын факторлар

 

Несиелік саясаттың теориялық тұжырымдамаларын жоғарыда қарастырып өттік, ендігі кезекте нарықтық экономика жағдайында қызмет ететін несиелік саясаттың мәні мен мазмұнын айқындайтын жайттарға тоқтала кету қажет деп ойлаймын.

Қазіргі несиелік саясат нарықтық қатынастарға сай экономиканың тиімді дамуын қамтамасыз ететін несие түрлерін, несиелеу принциптері мен шарттарын, несие беру және қайтару әдістері мен тәсілдерін және несиелік тәуекелді басқарудың элементтерін қамтитын экономикалық саясаттың бір бөлігі болып табылады. [7] 

Екінші деңгейлі банктер өзінің несиелік қызметінде тікелей қоршаған ортасымен тығыз  өзара қарым-қатынаста болады, яғни ол әрдайым кеңейіп отыратын және сапалы түрде өзгеріп отыратын клиенттер  ортасы. Соған сәйкес банктік несиелеу де кеңейіп, несиелік өнімнің жаңа түрлері, формалары, әдістері енгізіліп отырады.

Сонымен қатар  несиелік өнім мен қызмет көрсету  нарығында бәсеке өрши түседі. Соның  салдарынан банктерде несиелік саясатты жетілдіру қажеттігі туындайды.

Заманауи отандық  банктік тәжірибеде «кепілдік несие саясаты» түсінігінің бірмағыналы анықтамасы жоқ. Ең алдымен, менің ойымша, «саясат» ұғымына мән беру керек сияқты.

Саясат (грек тілінен  аударғанда politike – мемлекетті басқару  өнерін дегенді білдіреді) жалпылама түсінік бойынша қоғамдық қызмет ретінде тұжырымдалады. [23] 

Саясат адами  қажеттіліктерді қанағаттандырудың  шарттары мен әдістерін зерттейді  деген де ой бар, себебі бұл мемлекет құзырына кіреді.

Саясат ол классаралық, ұлтаралық қарым-қатынастармен байланысты қызмет ету аясы деп философиялық энциклопедиялық сөздікте анықталған.

Сонымен қатар, саясат – бұл қоғамдық қызметтің  ерекше арнайы түрі: тәжірибелік қарым-қатынас  ретінде де, идеология ретінде  де – экономикалық процестер қозғалысымен анықталатынын және қоғамның экономикалық базисінің іргетасы ретінде рөл атқаратынын атап өту керек.

Осыдан шығатын  қорытынды, кепілдік несие саясаты банктің несие қызметінің басымдылықтары мен мақсаттарын анықтап, банктік жалпы стратегияға сай несие ісін ұйымдастырудың негізі және де қолда бар нақты шектеулерді ескере отырып, несие ресурстарын тиімді бөлу сияқты банк мақсатын қамтамасыз ететін белгілі бір перспективада қарастырылатын банктің активті және пассивті операцияларының жынтығы [6].

Экономикалық ғылымда кепілдік несие саясаты барлық формадағы несие қозғалысын басқарумен пара-пар келетіні туралы ой қалыптасқан. Сондықтан да кепілдік несие саясаты – бұл несие беру саласындағы саясат болып та және оны қайтарып алу саласындағы саясат болып та табылады.

Алайда, бұл анықтама нарықтық қатынастар жағдайында нақты белгілі бір екінші деңгейлі банктің жұмысын және оның ұйымдар көзқарасы жағынан клиенттермен несиелік қарым-қатынасын толық қанды бағалауға мүмкіндік бермейді. Сондықтан бүгінгі таңда әрбір екінші деңгейлі банктің кепілдік несие саясатын бағалау маңызды мәнге ие болып келеді.

Сонымен, нарықтық экономикаға сай қазіргі несиелік саясатқа мынадай анықтама беруге болады: экономиканың тиімді дамуын қамтамасыз ететін несие түрлерін, несиелеу принциптері  мен шарттарын, несие беру және қайтару әдістері мен тәсілдерін және несиелік тәуекелді басқарудың элементтерін қамтитын экономикалық саясаттың бір бөлігі болып табылады. [21] 

Қайта құру кезеңіне дейінгі  сияқты несиелік саясаттың кейбір элементтерінің жинағы бұрынғысынша қалғанына қарамай-ақ шаруашылықтың нарықтық жағдайға өтуіне байланысты аталған элементтердің әр қайсысының мазмұны түбірімен өзгерген десе болады. Сондықтан бұл жұмыста екінші деңгейлі банктердің кепілдік несие саясатының құрылымын әр түрлі әдебиет көздерін пайдалана отырып жан-жақты қарастыруға тура келіп отыр.

Кепілдік несие саясатының элементтерін қарастырмас бұрын банк саясатының элементтеріне шолу жасап өтейік [6].

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 


 

 

 

 

 

Cурет 1. Банк саясаты және оның элементтері

 

Кепілдік несие саясатының құрамына несие қатынастарын ұйымдастырудың ғылыми дәлелденген тұжырымының жасағы, ұлттық шаруашылықты және халықты несиелеу саласындағы мәселелерді қою және олардың жүзеге асырылуы бойынша тәжірибелік іс-шараларды жүргізу кіреді.

Кепілдік несие саясатының мәнін банктің қайтарымдылық негізіндегі ресурстарды тарту және оларды банк клиенттерін несиелендіру жағынан инвестициялау бойынша стратегиясы мен тактикасы ретінде анықтауға болады.

Екінші деңгейлі банктің несиелік саясатының негізгі  бағыттары мен принциптері 2-суретте көрсетілген [8].

 

 

 

 



 

 

 


 

 


 

 



 


 



 



 











 



 



 

 

 

Сурет 2. Екінші деңгейлі банктің несиелік саясатының негізгі бағыттары мен принциптері

Ал 3-суретте екінші деңгейлі банктің кепілдік несие саясатын жүзеге асыру механизмінің қимылы мен құрылымының жалпылама сызбасы берілген.

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 




 

 

Сурет 3. Eкінші деңгейлі банктің кепілдік несие саясатын жүзеге асыру механизмі

 

Бұл жерде:

БНК – несиелік ұсыныстың банктің несиелік комитетіне мақсатқа сай шығарылуы;

N – қабылданбағандар (лауазымды тұлғалардың теріс шешімдері – «nacks»);

S(БНК) – БНК  (оң, теріс) шешімнің сапалы бағасы (solution);

C(Probl) –  мәселелі  несиенің бар болуы («0» - жоқ,  «1» - бар);

НТ – несиелік тапсырыс;

НК – несиелік келісім шарт;

БНК – банктің  несиелік комитеті;

ОБ – операциялық бөлім;

НД – несиелік досье.

Г. С. Панованың  ұсынған кепілдік несие саясатының тұжырымдамасы оның функцияларын бөліп көрсетуге мүмкіндік береді (мәнінің бір көрінісі ретінде). Кепілдік несие саясатының функцияларын екі топқа бөлуге болады:

І-топ – Жалпы. Банктік саясаттың әртүрлі элементтеріне тән;

ІІ-топ –  Ерекше. Кепілдік несие саясатын басқа элементтерден бөліп көрсетеді.

Жалпы функцияларына  кіретіндер:

  1. Коммерциялық, яғни банктің барлық жүзеге асыратын операцияларынан пайда алу мағынасында.
  2. Ынталандырушы,мемлекеттің, банктің, клиенттің объективті қажеттілігін көрсетеді. Банктің уақытша бос жатқан қаражаттарын аккумуляциялауды және олардың рационалды пайдаланылуын ынталандырады.
  3. Бақылаушы, екінші деңгейлі банктің кепілдік несие саясатында анықталған басымдылықтарды ескере отырып банк пен клиенттердің несие ресурстарын тарту және пайдалану процесін бақылауға мүмкіндік береді [7].

Функцияларды  құбылыстар мәнінің ерекше көрінісі ретінде қарастыра келе, кепілдік несие саясаты тек бір ғана, бірақ өте маңызды функцияны жүзеге асырады – несие процесін оптимизациялау функциясын. Бұл функцияның қызмет етуі банк саясатының мақсатына жетуге бағытталған.

Шетелдің экономикалық әдебиеттерінде екінші деңгейлі банктердің несие процесін ұйымдастыру бойынша  стратегия мен тактиканы анықтауға мүмкіндік беретін кепілдік несие саясаты бойынша құжат (меморандум) жасақтауды ұсынып отыр. Бұл ұсынысты ескере отырып кепілдік несие саясатын міндетті түрде жазбаша түрде құжат бойынша рәсімдеу керек және оның несиелік алдын ала жұмыстарды және несиелеу процесін регламенттейтін қаулысы болуы қажет.

Регламенттелетін  параметрлері мен іс-шаралары және несиелеу кезеңдері 2-ші кестеде көрсетілген. Алайда, бұл әдістің белгілі бір  таршылығы бар, себебі екінші деңгейлі банктің кепілдік несие саясатын несиелік процесті ұйымдастырудың тактикасына алып келіп отыр [9].

 

 

Кесте 1

Кепілдік несие саясатының элементтері

 

Несиелеу кезеңдері

Регламенттелетін параметрлері мен іс-шаралары

Несие беру бойынша алдын  ала істелінетін жұмыстар

Болашақ борышкерлердің құрамы

Несиелеу түрлері

Несиелеудің сандық іс-шаралары

Борышкердің төлем қабілеттілігін бағалау стандарттары

Қарызды бағалау стандарттары

Пайыздық қойылымдар

Несиенің қайтарымдылығын  қамтамасыз ету әдістері

Несиені берудің дайындығын қадағалауды бақылау

Несиені рәсімдеу

Құжаттардың формасы

Несие берудің технологиялық  жұмысы

Несиені рәсімдеудің  дұрыстығын бақылау

Несиені басқару

Несие портфелін басқарудың тәртібі

Несие келісім шарттарын  орындауды бақылау

Мерзімі өтіп кеткен несиелерді қалпына келтіру және ұзарту шарттары

Шығындарды өтеу тәртібі

Несиені басқаруды бақылау


автормен құрастырылған

 

Әлемдік және отандық  тәжірибені ескере отырып, кепілдік несие саясатын оптимизациялаудың талаптары мен оның қалыптасу тәртібін келесі кезеңдер түрінде көрсетуге болады (4-сурет).


 

 



 



 

 

 

 


 

 

Сурет 4. Екінші деңгейлі банктің кепілдік несие саясатының қалыптасу кезеңдері

Кепілдік несие саясатының қалыптасу процесінің әр бір бағыты қалғандарымен өте тығыз байланысты және кепілдік несие саясатының қалыптасуы мен несие процесін ұйымдастыру үшін міндетті болып саналады да, оптималды кепілдік несие саясатының мәнін ашу үшін де қажет.

Банктің кепілдік несие саясаты келесілермен анықталады:

Біріншіден, несие құралдары (нарықты сегменттеу) мен клиенттерді таңдаудағы басымдылықтармен;

Екіншіден, банк персоналының тәжірибелік қызметін регламенттейтін  және осы басымдылықтарды тәжірибеде жүзеге асыратын нормалар мен ережелермен;

Үшіншіден, банк басшылығының құзыреттілігімен және нақты несие  ұсыныстарын таңдау мен несиелік келісімдердің шарттарын жасақтаумен айналысатын персоналдың білім дәрежесімен.

Банктер өздерінің кепілдік несие саясатын жасақтау кезінде олардың қызметіне әсер ететін көптеген факторларды талдайды (5-сурет). [8] 

 

 



 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

Сурет 5. Банктің кепілдік несие саясатын анықтайтын факторлар

Екінші деңгейлі банктің кепілдік несие саясатын жүзеге асыруының негізінде ресурстық базаның талдауына негізделіп жасақталған оптималды кепілдік несие саясатының теориялық жағынан дәлелденген моделі жатуы қажет.

Несиелік саясаттың  негізгі бағыттары көрсетілген  бір ғана құжат жасаудың шетелдік тәжірибесінен бөлек тиімді кепілдік несие саясатын жүзеге асыру бойынша банк қызметінің барлық жақтарын көрсететін басқа да құжат жасақталуы қажет.

Кепілдік несие саясаты туралы құжатта ереже бойынша несиені басқарудың  ақылға сыйымды, жалпылама қағидалары болуы керек. Мұндай құжаттардың айырмашылығы әр банктің нақты ерекшелігіне байланысты: оның мақсаттарына, нарықтарына, қаржылық құрылымына, бәсекелік жағдайдың өлшеміне, персонал тәжірибесіне.

Сәйкесінше, әр бір банк дәл өзінің нақты қажеттіліктерін  көрсететін жеке саясатының жасақталуына ақылмен қарау керек.

Кепілдік несие саясатының тиімді болуы үшін максималды  түрде детальді құжатпен қамтылуы тиіс. Оның міндетті элементі болып несие тапсырысын тәжірибеде анықтау үшін арналған ұсыныстыр табылады. Несиелік саясат басқа саясаттар сияқты нақтылыққа негізделуі керек.

Кепілдік несие саясатын жасақтау барысында оңтайлы кепілдік несие саясатын анықтау позициясы жағынан оның диверсификациясын қарастыра отырып банктер несие портфелін қалыптастыруда басымдылықтарды анықтайды. Ал бұл кепілдік несие саясатының тұтыну қарыздарын беру, ипотекалық несиелендіру, шағын және орта бизнесті несиелендіру және т.б. сияқты түрлері туралы айтуға мүмкіндік береді [9].

Жоғарыды айтылғандарды  қорытындылайтын болсақ, кепілдік несие саясаты екінші деңгейлі банктердің стратегиялық мақсатқа қол жеткізудің маңызы зор құралы болып табылады. Банктік мекеменің қаржылық нәтижесі көбіне оның табысты жүзеге асуына байланысты болады.

 

 

1.3 Шағын  және орта бизнесті несиелендіру-жетістікке  жету жолдарының  кепілдігі.

 

Кез-келген  мемлекет  экономикасының  негізгі  тірегі шағын  және  орта  бизнес  екенін бүгінде мойындалған шындық.  Нарықтық  қатынастарғакөшкен  соңғы  он жылкөлемінде  біздің де бұған  көзіміз жеткен. Экономиканың маңызды  тетіктерінің  бірі  саналатын бұл салаға  мемлекеттік  қамқорлықтың  болуын  ұдайы  назарда ұстайтын  мемлекет  басшысы  осы жолыда кәсіпкерлерді  барынша қолдауға дайындығын байқатты. Алмақтың да салмағы бар демекші, қамқорлықтың да қайтарымы болуы тиіс. Бұған кәсіпкерлерде құлшынып отыр. Тек  мүмкіндік болса  екен дейді.  Ал  мүмкіндік  болатынын  Елбасы  айқын  аңғартты. Республикадағы жарты миллионға жуық  шағын және  орта бизнес субьектілерінде еңбек ететін 1 млн. 340 мың адамның атынан форумға келгендердің Президент тапсырмаларын жүзеге  асыруға жер жердегі шенеуніктердің   қолдан  қояр тосқауылдары  қиындық тудырмасына    кумандары  қалмаған  сияқты.бұған  негіз  көп. Нұрсұлтан  Әбішұлы жалпы  Үкіметке  және  Премьер  министірдің  тікелей  өзіне  елдегі кәсіпкерлікті  өркендету  үшін  қолайлы  жағдайлар   қалыптастыруға  қатысты  бірқатар тапсырмалар берді. [7] 

Информация о работе «Банк ЦентрКредит» Акционерлік қоғамының кепілдік несие саясаты