Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Декабря 2014 в 09:21, лекция
1.Ғылымның пайда болуы
2.Ғылым тарихы мен философиясының қалыптасыуы
3.Ғылымның тарихи негізгі даму кезеңдері
Ғылыми техникалық прогресс - ғылым мен техниканың бірегей, бір-бірімен сабақтаса, біртіндеп дамуы. Ол 16 — 18 ғасырдағы мануфактуралық өндірістен, ғылыми теориялық және технологиялық қызметтер өзара жақындасып, тоғыса түскен кезден бастау алады.
Бұған дейін материалдық өндіріс, негізінен, империялық тәжірибені, кәсіби кұпияны қорландырып, машық тәсілдерді жинақтау есебінен баяу дамып келді. Сонымен бірге табиғат туралы ғылыми теориялық таным аясында да ілгерілеу ниеті байқалды, бірақ ол теологиялық-схоластикалық қасаңдықта қамалып, өндірістік амал-шараларға ұдайы әрі тікелей ықпал ете алмады. 16 ғасырда адамзат баласының сауда-саттықты өрістетіп, теңіз жолын меңгеруі, ірі мануфактураларға ие болуы бірнеше келелі міндеттерді теориялық және тәжірибелік тұрғыдан шешу, қажеттігін алға тартты. Нақ осы кезде ғылым қайта өрлеу дәуірі идеяларының әсерімен схоластикалық дәстүрлерден қол үзіп, практикаға жүгіне бастады. Шығыс жұртының компасты, оқ дәріні ойлап табуы жөне кітап шығару тәсілін меңгеруі ғылыми және техникалық кызметтердің берік одағын құруға жетелеген ұлы жаңалықтар болды.
Жалпы, бұл — революциялық прогрестің бірінші кезеңі саналады. Кейінгі кезендерде ұлғая түскен мануфактуралық өндіріс мұқтажы үшін су диірменін пайдалану әрекеті кейбір мех. процестерді теориялық тұрғыдан зерттеуге жетеледі. Тісті дөңгелектер қозғалысының теориясы, науа теориясы, су қысымы туралы, қарсыласу мен үйкелу туралы ілімдер пайда болды. Яғни, мануфактуралық кезең ірі өнеркәсіптің бастапқы ғыл. және тех. нышандарын дамытып, Г.Галилей, И.Ньютон, Э.Торричелли, кейін Ц.Бернулли, Э.Мариотт, Ж.Л. Д'Аламбер, Р.А. Реомюр, П.Эйлер, т.б. ғалымдар тарихка "өндіріс қызметшілері" деген атпен енді. 18 ғ-дың соңында машина өндірісінің пайда болуына математиктердің, механиктердің, физиктердің, өнертапкыштар мен шеберлердің үлкен бір тобының ғылыми-техникалық жасампаз іс-әрекеттері негіз қалаған еді.
Дж. Уаттың бумен жүретін машинасы конструкторлық тех. ізденістің ғана емес, "ғылымның жемісі" саналды. Ал машиналы өндіріс өз кезеңінде ғылымды технол. түрғыдан қолда-ну үшін тың, шын мәнінде шектеусіз мүмкіндіктерді ашты. Осының өзі ғылыми-техникалық прогрестің жаңа, екінші кезеңіне айналып, ғылым мен техника бір-бірін аса қаркынды дамуға ынталандырып отырғандығымен ерекшеленді. Ғылыми-зерттеу қызметінің теориялық шешімдерді техниканы нұсқаға жеткізуге құзырлы арнаулы салалар: қолданбалы зерттеулер, тәжірибелік-конструкторлық жасалымдар, өндірістік жетілдірулер үрдісі қалыптасты.
Ғылыми-техникалық іс-әрекет адам еңбегінің ең ауқымды, ажырамас бөлігіне айналды. Ғылыми-техникалық прогрестің үшінші кезеңі қазіргі заманғы ғылыми-техникалык революция жетістіктерімен байланысты. Оның ыкпалымен техниканы дамытуға арналған ғылыми пәндердің аясы кеңи түсуде. Техникалық мін-деттерді шешу ісіне тек электроншы инженерлер мен компьютерші мамандар ғана емес, сондай-ақ, биологтар, физиологтар, психологтар, лингвистер, логиктер де белсене қатысады. Ғылым техниканы үздіксіз революция-ландырушы күшке айналды. Ал техника болса, ғьлымның алдына тың талап, тосын міндет қою, әрі оны күрделі, эксперименталды жабдықтармен жарақтандыру арқылы алға тартып келеді. Осы заманғы Ғылыми-техникалық прогрестің ерекше қыры — тек өнеркәсіпті ғана емес, сондай-ақ қоғами тұрмыс-тіршіліктің, т.б. көптеген салаларын: көлік катынасын, байланыс аясын, медицина мен білім беру ісін, қызмет көрсету түрлерін қамтитындығы. Ғылыми-техникалық прогресс әлеуметтік прогресстің негізі болып табылады.
Информация о работе Ғылым тарихи мен философиясының қалыптасуы