Ғылым тарихи мен философиясының қалыптасуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Декабря 2014 в 09:21, лекция

Краткое описание

1.Ғылымның пайда болуы
2.Ғылым тарихы мен философиясының қалыптасыуы
3.Ғылымның тарихи негізгі даму кезеңдері

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ғылым лекция (1).docx

— 88.19 Кб (Скачать документ)

-суреттеу–қоршаған жағдайдың  байланыстары мен қасиеттерін  сипаттап көрсету;

-қорытында жасау–табиғаттағы  болып кеткен, қазіргі кезде жүріп  жатқан және болашақта күтілетін  процестер есепке ала отырып, ғылыми негізде қорытынды жасау;

- жаңалық ашу–табиғаттың  жаңа заңдарын ашу, жаңа ғылыми  гипотезалар шығару;

-өндірістік–тәжірибелік  бағыт беру– алған білімді  өндірісте, әлеуметтік басқаруда  және тағы басқа салаларда  қолдану мүмкіндігі;

-дүниетанымдық–алған білімді  әлемнің обьективті картинасымен  байланыстыру.

Адамзат өз тарихында  сипаты бойынша сан алуан білімдерді жинақтады, ғылыми білім –сол білімдердің тек бір түрлі ғана болып саналады. Сондықтан ғылымға қойылатын критерийлерді білу өте қажет.

Ғылымилықтың ең басты критерийі– жүйелілік. Ғылыми білім әр қпашан белгілі бір жүйе ретінде қарастырылады: бұл жүйенің өзіндік басталу принципі, іргелі түсініктері болады. Сонымен бірге жүйеге аталған  ғылым үшін зор маңызы бар тәжірибелік фактілер, эксперименттер, тәжірибелік қорытындылар мен ұсыныстар енеді.

Ғылымға қойылатын тағы бір критерий– онымен айналысатын бір дарынды адамдардың болы және қажетті материалдар мен технологияның болуы.

Ғылымилықтың үшінші критерийі– ғылыми танымның мақсаты. Яғни, мақсатсыз ғылым дамуы мүмкін емес, ғылымның нәәтижесі адамзат игілігіне айналуы шарт.

Тағы бір төртінші критерий– рационадылық (тиімділік). Зерттеудің әр түрлі тәсілдерін өзгерте отырып, ең тиімді жолын таңдап алу.

Ғылымға қойылатын бесінше критерий– зерттеудің тәжірибелік әдістемесін қолдану және ғылымды математикаландыру. Бұл белгілер жаңа уақытта пайда болды және тәжірибемен байланыстыра отырып , ғылымға жаңа сипаттар әкелді.

Әлеуметтік институт– қоғамның негізгі қажеттіліктіерін қанағаттандырып, қоғамдық құндылықтар мен процедураларды біріктіретін байланыстар  мен әлеуметтік нормалардың ұйымдасқан жүйесі.

Яғни институттар–әрдайым дамып отыратын жүйе. Қоғамда институттар мынадай түрдерге бөлінеді:

- саяси институт– қоғамды  басқарып, оның тұрақтылығын, тұтастығын, тәртібін қамтамасыз етіп, қауіпсіздігін  сақтауға бағытталады;

- экономикалық институт–  қоғамның биологиялық үздіксіздігін  қамтамасыз етуге, ұрпақ жалғастырып, оны әлеуметтендіріп, тәрбиелеп, қоғамда  жақсы азаматтың қалыптасуына  бағытталады;

- діни институт–адамдардың  рухани жан дүниесін байытып, олрадың бойында адамгершілік  қасиеттерді дамытуға, қиындық кезде  дұрыс бағыт, қолдау көрсетуге  арналады.

- Отбасы инситут–қоғамның  биологиялық үздіксіздігін қамтамасыз  етуге, ұрпақ жалғастырып, оны леуметтендіріп, тәрбиелеп, қоғамда жақсы азаматтың  қалыптасуына бағытталады;

- білім институты–жастарға  білім беріп, тәрбиелеуге, білікті  кадрларды дайындап қоғамды рухани  дамытуға ат салысуға бағытталады.

 

     Тақырыбы: Ғылымдағы шынайылық пен рационалдық мәселесі

  1. Ғылым философиясындағы шынайылық пен рационалдық
  2. Әлеуметтік ғылымдағы шынайылық пен рационалдық білім

 

  Ғылымның басты мәселелерінің бірі шынайлық пен рационалдық мәселесі. Оның шешімдері тарихи өзгермелі, бірақ барлық өзгерістерге қарамастан ғылыми әрекеттің мақсаты шындыққа қол жеткізуге, ғылыми рационалдық негіздерін құрауға негізделген, оның барлық көріністері мен ауқымындағы рационалдылықпен байланысты.

 Шынайылықты неоклассикалық баяндау адамгершілікке емес жеке жауапкершілік пен еңбек этикасына негізделген. Рационализмге еңселі түрде жүгінген жоқ, оған жай ғана тегіс пішін беріп, бұрыңғы әмбебап сана сезімінің орнына ғылымға сенім мен қойған мақсатқа жету түрінде ғана түсіне бастады. Тарихилық, тарихтың ауыспалылығы мен зерделігінен алшақтап, материалды даму сеніміне көшті. Шынайылық ендігәрі белгілі ғылыми ережелер мен тәртіптерді орындау нәтижесі ретінде түсіне бастады.

 Ғылыми емес идеялар дәл ғытыми дәлелденген тұжырымдамалар сияқты қоғамда өз орнын таба алады, және де ғылыми негізі жоқ негіздемелерді бекітуге мүмкіндік ала алатыны уақыт өте білініп келеді.

Постмодернизм еркіндік пен плюрализм негіздерімен байланысқан. Ол тек ғылымның ғана емес, әдебиеттің де тәсілін береді.

Ғылымның құдыреттілігіне сенім, сонымен бірге шынайылықтан бас тарту күнделікті өмірге зиянын тигізу мүмкін. Ғылым басқаша өмір сүруге «үйретеді» деп сеніп, оны бұзуға болады. Бірақ мұны ғылымға күнделікті өмірдің қандай түрі жүзеге асатыны еш маңызды емес деп те жасай беруге болады.

Ғылым мен тәжірибедегі әскери стратегия, дін, коммунизмнің ыдырауымен байланысты күрделі өзгерістер, алдын ала жоспарланған нәрсені тарихи дәлелге сүйенер болсақ мүлдем басқаға айналу ғалымдарда қорқыныш сезімін тудырмай қоймайды. Өздерінің жауапкершілігін түсінген ғалымдар қиын жағдайға тап болады.

Оған қоғам енді әлемді белсенді өзгертуді тапсырмайды. Ғылыми негізделген білімнің өзі үлкен тәуекел. Ғалым тәуекелділіктен қаша алмайды, және де өз бастамаларының әлеуметтік дұрыс нәтижесіне кепілдік бере алмайды. Тұрақсыз жүйеде ойластырылған жоба алдын ала болжанғаннан мүлдем алшақ нәтиже беруі мүмкін; ал тұрақты жүйелерде түрлі жобалар жақын нәтижеге алып келуі мүмкін.

Шынайылықты неоклассикалық түсіндіру, XIX—XX ғ.ғ., қоғамдық ғылымда пайда болды, біріншіден, объектінің болмысы мен ерекшеліктерін тануға бағытын сақтап, таным субъектісінің объектіден алшақтауын растауға бас тартады. Ол танымның субъектісі қоғам сынды объектіге қатынасын мойындап, оның таным процессіне қандайда болса ықпал жасамай қоймайтындығын растайды. Екіншіден, ол субъектінің таным белсенділігі дамытудын идеясын құрастыруды талап етеді. Үшіншіден, шынайылықтың неоклассикалық концепциясы оның монополиялық сипатын қабылдамайды, ол ғылымда түрлі көзқарастардың бар екендігін мойындайды. Ол ғалымнан алынып жатқан нәтижелерге жоғары сынмен қарауды талап етеді, бұл ғылыми тұжырымдамасы дұрыс деп есептеген ғалымдар үшін қиын мәселе болып келеді. Түрлі концепциялар, олардың құрамындағы шынайылық сынды, бір бірін толықтырып тұрады, себебі олардың біреуі де таным объектісін толық қамтыдым деген атқа ие бола алмайды. Қазіргі әлеуметтік және қоғамдық ғылымға деген көзқарас осыған негізделген: қандайда бір ғылыми концепциядан шыққан қорытындыны әлеуметтік шынайылықпен байланыстыруға және оны жаһанды әлеуметтік жоба негізі ретінде қарастыруға болмайды. Концепцияның әрқайсысы те жеке экономикалық немесе саяси мақсаттарға қатысты болады, себебі қоғамда біз көп жағдайда әлеуметтік мәселелердің барлығын шеше алмау тығырығына келіп тірелеміз. Әрекеттің артықшылықтарын алмастыру өз кезегінде оның теориялық негіздемелерінің өзгеруіне әкеледі. Әлеуметтік ғылымдарда теория мен тәжірибенің ара қатынасы күрделене түсуде. Әлеуметтік таным шынайылығының маңызды ерекшелігі оның ситуациялық түрі: олар тек белгілі бір уақыт пен кеңістік, әлеуметтік немесе мәдени жағдайда, белгілі әлеуметтік институттар шеңберінде ғана шынайы болып келеді.  Әлеуметтік және қоғамдық ғылымдардың шынайылығының жылжымалылығы оларға тән объективтілікті жоғалту деген сөз емес. Субъект жай ғана өзінің қызығушылығына жақын әрекет жасай бастайды. Қағамдық білімнің шынайылығын сипаттау барысында қазіргі зерттеушілер оның тек объективті әлемді ғана емес, сонымен қатар субъективті қызығушылық пен ахуалды жүзеге асыруын белгілейді. М.М. Бахтин мен Л.А. Микешинаның жұмытарында шынайылыққа антропологиялық көзқарастар қарастырылған. Метдологиялық тұрғыдан қазіргі әлеуметтік танымда шынайылықты танудың екі моделін қарастыруға болады. Гадамер мен Рикердің жұмыстарында бірінше модель көрсетілген, ғылымда шынайылықты түсіндірудің көптеген жолдары болғанда, біреуін ғана бөліп көрсету қиынға соғады. Екінші модель, әлеуметтік білімде шынайылықтың неоклассикалық концепциясы уақыт өте постмодернизм арқасында ондағы субъект пен объектінің жіктеуін жойғанында қалыптаса бастайды. Бұл жағдайда жарасымдылықтың ортақ принципі керек емес болып қалады.

Аристотельден бері дәстүрлі түрде шынайылықты тек пайым ретінде іздестірсе, онда қазіргі қоғамдық сана пайымдауға қарсы затты қоюда. Гадамер бойынша пайым автономды емес, бірақ дұрыс сұрақ құру арқылы қол жеткізуге болатын уәждемеге ие. Сондықтан шынайы пайымдау диалогтық құрылымға ие. Хайдеггер ракурсты өзгертіп, шынайылықты деректік пікірге сәйкестікке тұйықтамауды талап етеді. Ол шынайылықты болымысқа есептейді.

 Кез келген табиғи және әлеуметтік құбылыстарды ғылыми танудың басты мақсаты, олардың даму заңдылықтары мен болмысына негізделіп, шынайылықты тану. Ал ғылымда шынайылыққа рационалды (логикалық) ойлау жолдарымен қол жеткізіледі.

Шындықтың логикалық ойлау дәрежесінде бейнеленуі күрделі, қайшылықты, диалектикалық сипатқа ие, өйткені логикалық үдеріс санадан, ойлаудан, парасаттан тыс және тәуелсіз тіршілік ететін объективті шындықтың бейнесі болып табылады. Сонымен қатар бұл бейнелеу санада тікелей сезімдік тәжірибе арқылы ашылатын шындықты тәуелді түрде көшіру емес, бірақ ол белсенді шығармашылық үдеріс, яғни таным субъектісі ретіндегі адамның өзінің әрекетшілдік табиғатының көрініс табуы болып табылады.   Логикалықтың табиғатын ашу үшін оның объективті мазмұнын құрайтын байланыстардың сипатын көрсету жеткіліксіз, яғни логикалықты онтологиялықпен, субъективтілікті - объективтілікпен біріктіру жеткіліксіз. Сонымен бірге табиғаттың объективті заңдары мен күштерін танымның өзінің заңдарына айналдыратын шынайы қозғалысты да көрсету қажет. Басқаша айтқанда, объективтіліктен субъективтілікті ажырату қажет.Қазіргі кезді таным (гносеология) теориясында рационалдылықтың үш түрі бөлінген, оларға классикалақ, неоклассикалық және постнеоклассикалық жатады.

Рационалдықтың классикалық түрі зерттеудің объектісіне толық бағытталып, субъектіге қатысты нәрселердің бәрін тырнақшаның сыртына шығарады.

Рационалдылықтың неоклассикалық түріне зерттеліп жатқан объектінің оны танып білу тәсілдеріне тәуелділігі тән. Осы тәсілдерді анализден өткізу объекті туралы шынайы білім алу шарты деп түсінеді.  Рационалдылықтың постнеоклассикалық түрі объекті туралы білімді тек таным тәсілдерімен ғана емес, сонымен қатар зерттеудің мақсаттарымен байланыстырады.  
 

Тақырыбы:Ғылымның қазіргі кезеңдегі даму ерекшеліктері.

  1. Қазіргі ғылымның негізгі сипаттары
  2. Ғылымдағы жаңалықтар
  3. Ғылыми техникалық прогресс

 

Қазіргі ғылым XX ғасырмен XXI ғасыр аралығын қамтиды. Барлық сипаттары бойынша ол классикалық ғылымнан өзгеше, сондықтан кейде оны классикалық емес ғылым деп атауға болады. Қазіргі ғылымның негізгі сипаттары төмендегідей:

 Классикалық  механиканы негізгі ғылым деп  санаудан бас тарту, оны кванттық-релятивистік  теориямен алмастыру. Муның өзі  әлемді алып механизм түрғысынан  қарауды жоққа шығарды. Оның орнына  байланыстар, өзгерістер, даму идеяларына  негізделген ойлау әлемінің моделі  келді.

- Классикалық ғылымдағы  механистикалық, метафизикалық көзқарастарды  диалектикалық көзқарас ауыстырды;  

Классикалық ғылымдағы дәрменсіз бақылау жүргізу белсенді, жаңа тәжірибемен алмасты, буған жаңа кұрал-жабдықтар мен ғылыми әдістемелердің пайда болуы көп әсерін тигізді:

- Дүниенің ең  алғашқы негізін табу мумкін  еместігі сияқты материя шексіз  екендігі түсіндірілді.

- Ғылыми білім  бурынғыдай  абсолютті шындық  ретінде қарастырылмайды, тек қана көп гипотезалар мен теориялар ішінде салыстырмалы түрде шындық бар.

Классикалық ғылымға тэн табиғаттағы заттарды қоршаған ортадан бөліп алып қарауды теріске шығару;

Заттың қасиеттерінің оны қоршаған нақты жағдайларға тәуелді екендігі. Биосфералық класқа жататын ғылымдардың дамуы, ғаламдағы өмір  мен ақыл ойдың пайда болуының кездейсоқ еместігіндәлелдейтін концепциялардың шығуы.

Ғылым мен діннің қарама-қарсылығы логикалық шегіне жетті, яғни ғылым XX ғасырда басымдылыққа ие болды.

Ғылым мен өндірістің бірігуі, ғылыми-техникалық революция қоғамдағы ғылымның рөлін анықтап берді.

Сонымен қатар, ғылым жетістіктеріне гуманистік сын (философтар, мәдениет танушылар, әдебиет пен өнер қайраткерлері) айтыла бастады.

XX ғасыр аяғында  дүние ғылымға деген абсолюттік  сенімін жоғалта бастады. Бүл  үшін посмодернизациялық көзқарас  қажет болды. «Постмодерн» - жаңа  сипаттағы ғылыми көзқарастарға  тең келетін ғылыми көзқарастар.

Көптеген отандық ғылым зерттеушілердің болжамы бойынша бо-лашақта ғылымның жаңаша сипаттары төмендегідей болуы керек:

1. Ең алдымен, ғылым  адамзат мәдениеті   мен  дүниетанымы жүйесіндегі өз орнын табуы қажет. Постмодернизм адам қызметінің кез келген   түрінің   дүниетанымдық жүйеде ерекше  бөлініп шығуын қаламайды.

XX ғасырдағы өз  алдына бірқалыпты дүниенің жаңа  образын жасауды, яғни ешбір езгеріске  жатпайтын, жүйелі, тәртіпті, бір өзіне  мақсат етіп қойды. Ал, посмодерндік  ғылым дүниенің өзгермелі екендігін, олай болса әрбір алынған нәтиженің ең соңғы өзгеріссіз нәрсе еместігін ашып көрсетті.

Бұрынғы ғылым мен жаратылыстану - білімнің монологтық формасын қолданады., яғни, интеллект затты түсініп білген соң өз пікірін айтады, ал постмодерндік ғылымда бақылаушы - ғалым зерттейтін дүниенің бір бөлігі  саналады,  яғни диалогтік дүниетаным қалыптасады.Постмодерндік ғылымның негізі болып  глобалдық экологияесептеледі. Дүниедегі құбылыстар мен өзгерістер әр түрлі жүріп жатқанпроцестердің қосындысы болып табылады.Постмодерндік ғылымның бір қасиеті - оның комплексті турдедамуы, яғни бурынғыдай жаратылыстану, техникалық, қоғамдықғылымдарды жеке-жеке бөліп қарамау.Бұлар тек біздің көз алдымыздағы қазіргі кезде қалыптасып жатқан болашақ ғылымның негізгі жақтары.

Информация о работе Ғылым тарихи мен философиясының қалыптасуы