Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Декабря 2014 в 09:21, лекция
1.Ғылымның пайда болуы
2.Ғылым тарихы мен философиясының қалыптасыуы
3.Ғылымның тарихи негізгі даму кезеңдері
4) болжам жасау —
дәл қазіргі кезде жүріп
5) қорытынды жасау
— табиғаттағы болып еткен, қазіргі
кезде жүріп жатқан және
6) жаңалық ашу —
табиғаттың жаңа заңдарын ашу,
жаңа ғылыми гипотезалар
7) өндірістік-тәжірибелік бағыт беру — алған білімді өндірісте, әлеуметтік басқаруда және тағы басқа салаларда қолдану мүмкіндігі;
8) дүниетанымдық —
алған білімді әлемнің
Адамзат өз тарихында сипаты бойынша сан алуан білімдерді жинақтады, ғылыми білім — сол білімдердің тек бір түрлі ғана болып саналады. Сондықтан ғылымға қойылатын критерийлерді білу өте қажет.
Ғылым дамуының классикалық кезеңі ХVІ-ғасырдан басталды деуге болады. ХVІ-ғасыр – адам рухының қайта өркендеген кезеңі. Қалалардың көбеюі адамның сезімдері мен өмірлік құндылықтарының жаңа деңгейде дамуына оң әсерін тигізді. Университеттер пайда бола бастады, олар әлі күнге дейін ғылым ордасы болып есептеледі. Өркендеу дәуірінде елеулі ғылыми жаңалықтар дүниеге келді, осы кезеңде ғылым мен өнерді біріктірген ғұламалар өмір сүрді. Олардың бәрінің есімдерін және олар ашқан жаңалықтардың бәрін бірдей атап шығу мүмкін емес. Ең басты тұлғаларды ғана атасақ: Леонардо да Винчи (1452-1519) – ұлы суретші және қазіргі жаратылыстану ғылымының пионері; Николай Коперник (1473-1543) поляк астрономы, дүниенің гелиоцентристік жүйесін ашты; Джордано Бруно (1548-1600) – әлем біртұтас, шексіз, үнемі өзгеріп отыратын монадолардан тұрады деп тұжырымдады; Галилео Галилей (1564-1642) – Жер айналып отырады, дүниені математика, механика ғылымдарының, ақыл-ойдың көмегімен тануға болады деп пайымдады.
Одан бергі ғылымдағы негізгі революциялық жаңалықтар – атом бөлшек-терінің ашылуы, атом бомбасының жасалуы, космосты игеру, ғылым же-тістіктерінің өндіріс саласына көптеп енгізілуі немесе ғылымның өндіргіш күш ретінде қарқынды дамуы, электроника және кибернетика салалары жетістіктерінің адамның өмір сүруін жеңілдету үшін қолданылуы, яғни, ғылымның адамның күнделікті тұрмысында кең орын алуы.
Бұл классикалық кезең Галилей мен Пуанкареге дейінгі ХVІ-ХХ ғасыр-ларды қамтиды. Неоклассикалық емес қазіргі кезеңде ғылым жеке салаларға бөлініп кетті. Бұл құбылыс ғылымның дағдарысына әкеліп соқты деуге болады. Оның басты себебі – ғылымның басты мақсаты – жалпы дүние туралы білім жинау екендігі ұмыт болды және дүниені тұтас нәрсе деп қарастыру принципі естен шығарылды, әрбір ғылым өзімен-өзі болып кетті.
Тақырыбы: Ғылым философиясының әлеуметтік қырлары
Ғылымды философиялық тұрғыдан зерттеу аса маңызды және ол ғылым мен ғылыми қызметті зерттейтін басқа пәндердің арасында ерекше, басты орын алады. Ғылымды зерттеудің әр түрлі жеке методтары мен арнайы ғылымтану пәндері қаншалықты профессивті және өзекті болғанымен, олар ғылымды философиялық тұрғыдан зерттеудің орнын баса алмайды. Философия ғылымды қоғамдық сананың белгілі бір формасы және адамның дүниеге көзқарасын анықтаушы теориялық сана ретінде, қоршаған ортаға қатынастың типі ретінде сараптайды.
Тарихта мәдениеттің бір сферасының екіншісіне зиянын тигізе отырып ерекше бөлініп шығуының мысалдары көп. Ең алдымен бул орта ғасыр мен Жаңа уақыттағы ғылымның, философияның және діннің арақатынасына байланысты. Ортағасырлық ғылым діннің билігінде болғандықтан, антикалық ғылымның жетістіктері ұмытылуға айналып, ғылым бірнеше қадам артқа шегінгені белгілі.
Тек қана XIX ғасырда жаратылыстанудың жетістіктеріне байланысты ғылым адамзат пен қоғам дүниетанымында, мәдениетіндебасымдылыққа ие болды. Содан бастап ғылым мен философия арасында осы уақытқа дейін басылмаған дау-дамай басталды, олардың әр қайсысы шындықты айқын көрсету қүқығына ие болғысы келді. Ғылым ешбір шектеусіз барлық сүрақтарға жауап беріп, адамзатты жарқын болашаққа бастауды мақсат етті. Әдетте мұндай болашақ ғылым мен техниканың жетістіктерінен болатын материалдық игілік пен тоқшылықты білдіретін. XX ғасырдың басындағы адамзаттың көп бөлігіне қатысты тіршіліктің төменгі деңгейінде болашаққа деген мундай көзқарас бұқара халық тұрмақ саясаткерлерге де, тіпті ойшылдарға да (философтар, жазушылар, суретшілер) түсініксіз боп қала берді. XX ғасырдың басында философтар мен мәдениеттанушылардың аз бөлігі бүл жолдың апатқа бас-тайтынын ашық айтты. Бұл XX ғасырдың ортасында атом қаруын жасау экологиялық апаттың төнуі арқылы расталды.
Соған қарамастан, сциентизм идеологиясының қалдықтары — ғылымның жалғыз ғана құтқарушы екендігіне сену — осы уақытқа дейін сақталып келеді. Ағартушылық қойнауынан дамып, позитивизм философиясында дамыған бундай көзқарас XX ғасырдың екінші жартысында қоғамдық және гуманитарлық пәндерден жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін асыра мақтап көрсетуге көшті. Осы сенім планетаның қазіргі жағдайына, термоядролық апат қаупіне, ең бастысы — мәдениеттің этикалық және эстетикалық көрсеткіштерінің төмендеуіне, технократтық психологияның күшеюіне әкеп соқтырды.
Сөз жоқ, ғылым — адамзат мәдениетінің орасан зор жетістігі болып саналады. Ол адамзат өмірін ұрпақтан-ұрпаққа жеңілдетіп, тәуелсіз етеді және материалдық, рухани байлықтың негізіне айналады.
Ғылым адамзат мәдениетінің бір сферасы ғана, оның өз ерек-шеліктері мен мақсаттары бар, бүларды басқа түрге қолдан өзгертуге болмайды. Ал ғылым жеке өзі адамзат өркениетінің ең жоғарғы құндылығы бола алмайды, ол — тек адамзат өмір сүруіндегі әр түрлі мәселелерді шешетін бір құрал ғана. Қалыпты, үйлесімді қоғамда ғылымға да, өнерге де, философияға да, дінге де, адамзат мәдениетінің басқа да құрамдас бөліктеріне бір уақытта орын табылады.
Ғылыми білімнің үшінші іргелі бағытын адам және оның ойлау жағдайы туралы ғылыми жүйе құрайды. Адамзат жан-жақты аспектілерде қарастырылып, көптеген ғылым салалары арқылы зерттеледі.
Жоғарыда айтылған жағдайларға байланысты біз ғылымға нақты анықтама бере аламыз.
Ғылым — жаратылыс туралы объективті білім жиынтығы болып саналатын адамзат мәдениетінің бір бөлігі. Бұл түсініктің мазмунына сонымен қатар білімді алу процесі мен оларды адамзаттың тәжірибелік өмірінде қолдануының түрлері мен механизмдері кіреді.
Объективті жаратылыстың философиялық түсінігі табиғат, қоғам және адамзатты қамтиды. Соған байланысты обьективті жаратылыстың осы үш элементіне білімнің үш сферасы нақты қарастырылады.
Жаратылыс сферасына
және зерттелетін ақиқат
Табиғат туралы барлық білім жиынтығы жаратылыстану арқылы қалыптасады. Оның құрылымы табиғат логикасының нақты көрінісі іспетті. Жаратылыс ғылымдарының білім жүйесі орасан зор және әр алуан. Мұнда заттар мен олардың қүрылысы, заттардың қозғалысы мен әрекеттесуі, химиялық элементтер мен қосылыстар, тірі материя мен тіршілік, Жер және Космос туралы білім жүйесі енеді. Жаратылыстанудың осы объектілерінен іргелі ғылыми жаратылыстану бағыттары бастау алады. Денелер, олардың қозғалысы, олардың әр түрлі деңгейлердегі пайда болу формалары мен айналымдары физикалық ғылыми білімнің зерттеу объектілері болып табылады. Іргелі сипаты бойынша олар жаратылыстанудың негізіне жатады және басқа да білім салала-рын қамтиды.
Химиялық элементтер,
олардың қасиеттері, айналымдары
мен қосылыстары химиялық
Биологиялық білімдер тіршілік туралы білім тобын қамтиды, олардың зерттеу объектілері клетка мен клеткадан пайда болған барлық ағзалар. Биологиялық білімнің негізіне зат, химиялық элементтер туралы білім жатады. Жоғарыда айтылғандай мунда да аралық пәндер, атап айтқанда, биофизика, биохимия т.б. дамиды.
Жер Күн жүйесіне енетін бір планета есебінде геологиялық білімдердің зерттеу пәні болып табылады. Олар біздің планетамыздың қурылысы мен дамуын зерттейді. Басқа ғылымдар тобымен бірлесу арқылы геохимия, геофизика, палеонтология сияқты жаңа салалар пайда болды.
Өте ертеден бері дамыған, сонымен қатар ғылымдағы жаңа бағыттардың да қатарына жататын білім жүйелелерінің бір тобы-космологиялық білімдер, олардың зерттеу пэні — Бүкіл әлем. Космология — космостық объектілердегі жағдайлар мен өзгерістерді зерттейді.
Тақырыбы: Құндылықтар табиғаты мен олардың әлеуметтік-гуманитарлық маңызы
1.Құндылық түсінігінің тарихи дамуы.
2.Г. Риккерт және М. Вебер пікірлері. Ғылыми танымға қатысты
аксиологияның қоланылуы.
3. Кеңестік философиясындағы ғылым мен мәдениет мәселесі.
Ғылымда ғылыми әдістердің қалыптасу мен қызмет етуінде аксиологтялық, яғни құндылықтық аспектілер анықталды. Тек әлеуметтік институттардың әсер етуі, капитал салымдарының саясаты, ғылымның мемлекет қолдауына сүйенуі ғана емес, сонымен қатар, ғалымдардың құндылықтық бағдарлануы да ғылыми танымды әлеуметтік-мәдени және тарихи тұрғыдыан түсіндіреді.
Ғылыми-танымдық қызметтің идеалдары, методологиялық және коммуникативті нормалардың, ережелердің, парадигмалар мен көру тәсілінің, дүниетанымдық және этикалық құндылықтардың жүйесі зерттеушінің ғыдыми қызметінің сипаты мен нәтижелеріне ықпал етеді.
«Құндылық» түсінігі мен оның мазмұны философиялық рефлексияның пәніне жақында ғана айналды. Көптеген зерттеушілер құндылықтық мәселенің мазмұндалуын Герман Лотценің (1817-1881) философиялық ілімінен бастаса, енді біреулері оны И. Кантпен байланыстырады.
Құндылықтар мәселесін антикалық немесе ортағасырлық дүниетаным шеңберінде талқылау өзінің мәні жөнінен дұрыс еме болып табылады. Әрине, құндылықсыз дәуірдің болуы мүмкін емес, қай заманда болмасын, адам белгілі бір түсініктерге сеніп, ұмтылуы қажет деген қарсы пікір айтылуы мүмкін. Ол да дұрыс, алайда бұл құндылықтың нақты мән-мақсатын ашпайды. Платон өзінің «Мемлекет» деп аталатын диалогында әділеттілікті ең жоғарғы ізгілік ретінде бағалайды. Платонның пікірінше, әділеттілік халықты ортақ игілікке жеткізуші рөлін атқарса да, оны ең жоғарғы құндылық деп санау қате болар.
«Бағалы, құнды» сөзінің грек тіліндегі эквиваленті «axios» - «лайықты» деп аударылып, құндылықтар туры ғылымның атауына айналды – аксиология. Алайда ол кезеңде «лайықты» түсінігінің бағалаулық сипаты болған жоқ.
Өзінің мәні жөнінен, «құндылықтар адамныі әлеуметтік және табиғи шынайылылықтағы бағдарлануының нормативтә формасы қызметін атқарады». «Құндылық» түсінігі мен функционалды мақсатының осылайша анықталуына И. Канттың трансценденталды философиясы әсер етті. Кантка сәйкес, өнегелік сферасы ерікті заңнамамен бекітіледі. Бұл ұстанымдарды адамның өзі таңдайды және соған сәйкес өз еркін бағындырады. Олай болса, еріктің автономиясы құндылықтың негізі болып табылады. Құндылықтар болмыстың саласына жатпай, яғниғ өзімен өзі тіршілік етпей, талаптар мен бұйрықтар ретіндегі «міндетті» нәрселердің қатарына жатады. Тек идеямен ғана анықталатын біріңғай нәрселерді Кант «идеалдар» деп атады.
«Құндылық» түсінігінің мәнін зерттеуді Г. Лотце өзінің «теологиялық идеализм» ілімі шеңберінде қарастырды. Өзінің «микрокозм» атты фундаменталды шығармасында ол сананы «құндылықты-қабылдаушы» ретінде анықтады.
Лотценың кейбір идеялары оның шәкірті, неокантшылдықтың бадендік мектептің негізін салушы В. Виндельбандтың шығармашылығында көрініс тапты. Оның пікірінше, ғылыммен табылған кез келген білім өзінің құндылығын дәлелдеу үшін философиялық тексерістен өтуі керек.
Ғылыми білімге қатысты құндылықтар туралы ілім фундаменталды неміс философы Г. Риккертпен жасақталды. Құндылықтарды «жеке патшалық» ретінде сипаттай келе, әлемнің субъектілер мен объектілерден емес, шынайылылық пен құндылықтардан тұратынын мақұлдайды.
Құндылықтардың негізі олардың фактілігінде емес, мәнділігінде жатыр. Олар мәдениет пен оның игілігінде көпшілік сипатында көрініс тапты. Осыған сәйкес, құндылықтар теориясы ретіндегі философияның бастапқы пункті – бағалаушы субъект емес, шынайы объектілер ретіндегі мәдениеттегі құндылықтар көпшілігі болуы керек. Құндылықтарды философиялық танудың басты процедураларының бірі – оларды мәдениеттен межелеу. Риккертке сәйкес, 3 саланы бөлуге болады: шынайылылық, құндылықтар мен мәндер. Және танудың 3 әдісін бөлуге болады: түсіндіру, түсіну және интерпретация. Құндылық ұстанымына сүйеніп, мәдени үдерістерді табиғи құбылыстардан айыруға мүмкіндік туады. Риккерт және оның жақтастары ұсынған тарихи-индивидуаландырушы әдіс құндылықпен байланыстырушы әліс деп бағалана алады. оған қарсы жалпылаушы әдіс мәдени құндылықтарды мүлдем елемейді.
Тарих философиясы әрқашан құндылықтармен қиысады, сондықтан тарих логикасы тұрғысынан Риккерт құндылықтардың типологиясын жасады:
Информация о работе Ғылым тарихи мен философиясының қалыптасуы