Ғылым тарихи мен философиясының қалыптасуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Декабря 2014 в 09:21, лекция

Краткое описание

1.Ғылымның пайда болуы
2.Ғылым тарихы мен философиясының қалыптасыуы
3.Ғылымның тарихи негізгі даму кезеңдері

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ғылым лекция (1).docx

— 88.19 Кб (Скачать документ)

Эмпирикалық тарихи танымның нормалары мен формалары негізделетін құндылықтар; Тарихтың өзін бекітуші құндылықтар; Тарих үдерісінде жүзеге асатын құндылықтар.

 

Тақырыбы: Ғылыми танымдағы ақиқат мәселесі

  1. Ғылыми танымдағы ақиқат сөзінің мағынасы
  2. Ақиқат теориясының қағидалары
  3. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат аспектілері

 

      Ақиқат дегеніміз - танымның негізгі мақсаты. Өйткені таным процесіндегі субъектінің белсенділігіне байланысты қалыптасқан жаңа білім зерттеліп отырған объектіге сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі мүмкін. Осыған орай ғылым мен философияда ақиқат проблемасы алға тартылады.

  Ақиқат дегеніміз не? Аристотель өзінің «Метафизикасында” ақиқатты біздің қоршаған дүниедегі заттармен құбылыстардың адам санасында бейнеленуі деп түсінді. Дегенмен ол ақиқаттың дәйекті материалистік ұғымын бере алмады.

 Шын мәнінде, ақиқат  дегеніміз біздің біліміміздің  бізден тысқары түрған объектіге  сәйкес келуі, оның санамызда  дәл көрініс тауып, бейнеленуі. Ақиқатқа  жету субъект пен объект арасындағы  өзара байланыс негізінде жүріп  жататын әлеуметтік – тарихи  процесс.

    Егер объективті  ақиқат бар болса, оны білдіріп  отыратын адамның тұсінігі сол  ақиқатты бірден, толығы мен, тұтасынан  объсолютті тұрде емес, тек шамамен, біртіндеп, салыстырмалы тұрде ғана  білдіреді. Бұл жерде салыстырмалы  ақиқат пен объсолютті ақиқаттың  ара қатынасын көреміз.

  Сонымен, ақиқат теориясы мынадай қағидаларға сүйенеді: 1) ақиқат — әлеуметтік процес; 2) объективті ақиқатты мойындау – объсолютті ақиқатты мойындау деген сөз; 3) ақиқат барлық жағдайда нақты; 4) практика – ақиқаттық жалпы өлшемі; 5) ақиқатты тану – қайшылықты, күрделі диалектикалық процесс.

     Танымның мақсаты шынайы бiлiм. Шындық, ақиқат дегенiмiз не? Бұл сұрак гносеологияның iргелi мәселелерiнiң бiрi. Философияда бұл мәселе жайында бiр қалыпты түсiнiк жоқ. Бiреулер, бiлiмнiң шындыққа сай келуi деп түсiнедi, бұл үйлесiмдiк немесе корреспонденция теориясы. Келесiлерi, ақиқат деген тәжiрибеде дәлелденгеннiң өзi дейдi, бұл эмпирикалық тұғырнама. Үшiншiлер, ақиқат бұл келiсiм шарт деп уағыздайды- конвенционалды теория. Төртiншiлерге, ақиқат бұл бiлiмнiң өзiндiккелiсiмдiлiгi- когеренция теориясы. Бесiншiлер, бiлiм тек пайда әкелгенде, практикада тиiмдi болғанда ғана ақиқатты болады деп есептейдi- прагматикалық тұғырнама.  Ақиқат концепциясының дәстүрлiнемесе классикалық концепциясы бiрiншi түсiнiгiмен байланысты. Ол көне замандарда пайда болды. Аристотель “үзiлгендi үзiлген деп, байланыстыны байланысты деп айтатын шындыққа жетедi”. Орта ғасырларда, Фома Аквинский “ақиқат дегенiмiз интеллект пен заттың арасындағы келiсiммен айқындалады”. Декарт “ақиқат- өзiнiн мән-мағынасында ойдың затқа үйлесiмдiлiгi”. Бұл пiкiрдi материалистер де, идеалистер де; диалектиктер мен метафизиктер де; теологтар мен атеистер де келiстi. Қазіргі заманда корреспонденция теориясы негiзiнде келесi түсiнiк қалыптасты: 1) ақиқатты түсiну объективтi және субъективтi шындықың бар екенiн мойындауды бiлдiредi; 2) ақиқат таным объектiсiмен, субъектiсiмен және оның практикалық әрекетiмен байланысты бiлдiредi; 3) ақиқат нақты болып табылады, оның мазмұны танымның нәтижелерiне баға берiлетiн нақты орынмен, және уақытпен себептес; 4) ақиқат шексiз процесс болып табылады, онда бiлмеуден бiлiмге, толық емес бiлiмнен толық бiлiмге өту болып жатады.

       Сонымен, ақиқат - таным субъектiсiнiң практикалық  бiлiмде алынатын шындықты барабар  бейнелеу. Әрбiр ақиқат өзiнiң формасы  жағынан субъективтi: ол субъектiнiң  әрекетiнiң нәтижесi және субъектiден  тыс өмiр сүрмейдi. Ол тұлғаның  “iзiн” сақтайды, өйткенi ол өзiнiн  әлеуметтiк-тарихи тәжiрибесiне сүйенедi. Ал, мазмұны жағынан ақиқат объективтi: адам санасынан  тыс, одан тәуелсiз  тұрған объектiнi адам санасында  бейнеленуi.

      Адамның  және адамзаттың дамуымен объективтi дүние жайында бiлiмдер де өзгередi, өркениеттiң жаңа сатысына көтерiлуiмен  бiлiм алу құралдары да өзгередi. Бұдан ақиқаттың салыстырмалы  болатыны анықталады, ол екi аспектiде  көрiнедi: 1) салыстармалы ақиқат қоғамның  дамуының белгiлi бiр деңгейiне  лайықты, сол бiлiмдердi алудын тәсiлдерiн  себептейтiн (обуславливающий) толық  емес, нақты емес бiлiмдер; 2) оларды  алу шарттарына, орыны мен уақытына  байланысты, тәуелдi бiлiмдер.

 

Тақырыбы: Ғылымдағы дәстүрлер мен жаңалықтар

1. Ғылымдағы дәстүрлер  мәселесі, Т.Кунның «ғылымдағы дәстүрлер  концепциясы»;

2. Ғылыми новациялар (жаңалықтар);

3.Ғылыми жаңалықтар мен дәстүрлердің диалектикалық бірлігі.

 

Ғылымды біз әдетте адамның дүние туралы жалпы білім жинауға бағытталған қызметі деп түсінгендіктен, бір қарағанда ғылыми процесте дәстурге, өткенге қайта оралуға орын жоқ секілді көрінеді. Бірақ тереңдеп тексерсек, дәстүрлер ғылым дамуының және ғалымдардың ізденістік қызметінің негізі. Бұл қағиданы барлық ғылымдарға ортақ деуге болады. Ғылымдағы дәстүрлер проблемасының негізін қалаушы американдық физик-философ Т. Кун. Гарвард университетінде стажировкадан өткен үш жыл ол үшін ғылым тарихын А.Койре, Э.Мейрсон, Е.Мецгер және А.Майердің еңбектеріне сүйене отырып еркін зерттеуге арналған кезең болды. Кейінірек әлеуметтік ғылым өкілдері мен жаратылыстану саласының ғалымдарының арасында ғылыми мәселелерді қою мен оларды шеше білу мәселелері бойынша туындаған көзқарас алшақтығы Т.Кунды ғылымдағы дәстүрлер тақырыбын жан-жақты зерттеуге, ғылым динамикасының парадигмалық концепциясын жасауға итермеледі.

 Бұл концепцияның мәні  мынада. Ғылымды сипаттау үшін  «ғылыми қоғамдастық» және «парадигма» (бұл ұғымды Т. Кун кейінірек  «дисципли-нарлық матрица» деген  ұғыммен ауыстырды) ұғымдарын қолдану  керек. Ғылыми қоғамдастық дегеніміз, Т.Кунның түсінігі бойынша, белгілі бір сала бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатымен парадигмалар немесе осы ізденістердің теориялық алғышарттарын негізге ала отырып біріккен ғалымдар ұжымы.Т. Кун парадигма ұғымын тандау себептерін түсіндіреді. Әдетте бұл ұғым қабылданған модель, үлгі дегенді білдіреді. Бірақ Т. Кун бұл түсініктер парадигманың анықтамасын толық ашпайды деп есептейді, себебі бұл мағы-нада парадигма бұрын жасалып біткен жұмыс дегенді білдіреді, сонда ғалымдардың келесі тобы немен айналыспақ? Кунның пікірінше, парадигмаларды жалпы заң ретінде қолданылатын, бірақ сонымен бірге жаңа және қиын жағдайларда одан әрі жетілдірілетін және нақтыланылатын объект деп түсінген дұрыс.

Дәстүрлер көзге көрінетін (явное) немесе вербальді және көрінбейтін (неявное) немесе вербальдік емес болып бөлінеді, ғылыми таным процесінде өзара орын ауыстырып отырады. Көрінетін білімдерді кейбір ғалымдар басты, орталық білім деп те атайды, бұл білімдер басты назарда болады, негізінен алғанда оқулықтар мен ғылыми монографияларда мәтін-текст түрінде болады. Т.Кунның парадигмаларын білімнің осы түрінің мысалы ретінде қарастырған дұрыс. Көрінбейтін білім ( философиялық әдебиетте бұл білімді сипаттауға - жасырын», «имплициттік», «перифериялық», «үндемейтін», «менталитет» және тағы басқа терминдер қолданылады) назардан тысқарырақ, көбіне практикалық білім саласында кездеседі. Ғалымдардың әдеттерінде, мінез-құлқында кездеседі, оларды ауызша, вербалды түрде толық жеткізу қиын. Мысалы, белгілі химик-философ Марк Полани химик студенттердің практикалық сабақтарға келіп уақыттарын бөлу ерекшелігін тәжірибелік білімдердің ұстаздан шәкіртке ғылыми дәстүр ретінде берілу деп есептейді. Олар ғалымнан оның ғылыми кадрларына ауызша емес, тек жеке үлгі-өнеге арқылы жетеді, яғни білімнің тұлғалық сипатымен тығыз байланысты.

Парадигмаларды қолдану ғылыми ізденісті жеделдетеді, себебі ғылыми мәселелерді шешудің басқа бәсекелес жолдарын қолданғаннан гөрі қабылданған парадигмаларды қолданған қолайлы және нәтижелі. Парадигма ұғымының элементтерінің анықтамасын Т.Кун толық бермесе де, оларды жалпы түрде төмендегіше сипаттауға болады:

1) матема-тикалық формада  жазылған, бастапқы ұғымдар мен  заңдарды қамтитын фундаменталдық  теориялар;

2) табиғат туралы жалпы  философиялық түсініктер және  қазіргі ғылымда қабылданған  ұғымдар мен олардың жүйесін  бейнелеудің логикалық тәсілдері;

3) ғылыми қоғамдастықтың  әрбір мүшесі өзіне қойылған  ғылыми міндеттерді шешу үшін  ұстанатын үлгілер мен эталондар.

Ғылымның жағдайын, Т. Кунның пікірінше, екі кезеңге бөліп қарасты-руға болады: ғылымга дейінгі кезең (бұл кезеңде парадигмалар әлі қалып-тасып үлгермеген) және гылыми кезең (ғылыми қоғамдастық парадигаманы құрастырып, қабылдаған кезең).

Ғылыми кезеңдегі ғылымның жағдайы екі түрде сипатталады: қалыпты жағдай (оны Т.Кун қалылты ғылым деп атайды) және дағдарысты жағдай. Қалыпты ғылымда ғылыми қоғамдастық белгілі бір парадигманы қабылдайды және оны танымның белгілі бір саласындағы міндеттерді шешу үшін тиімді қолданады. Парадигмаларды зерттеу жас ізденушіні белгілі бір ғылыми қоғамдастықтың мүшесі болуға дайындайды, ол өзі таңдаған, ғылым саласының кезінде нақты үлгілерге сүйеніп зерттеген адамдардың қатарына қосылады және ғылыми тәжірибеде олардың дәстүрлі теориялары мен әдістерін қолданғандықтан негізгі принциптерден аса алшақтамайды. Мұндай дәстүрлілік, өзара келісімділік ғылымның қалыпты дамуына ықпал етеді. Жалпы қабылданған парадигмалардың болуы осы ғылым саласының жеткілікті дамығандығының белгісі.

Бірақ парадигмаларға негізделген қалыпты ғылымның бір ерекшелігі – ол үлкен жаңалықтарды ашуға онша бағытталмаған, оның нәтижелері көбіне-көп алдын-ала, парадигмалар шеңберінде болжанған. Мұндай жағдайда ғалымның ізденістік қызметінің мәні жоқ болып көрінуі мүмкін. Кунның пайымдауынша, қалыпты ғылым саласында жұмыс жасайтын ғалымның алдына қоятын негізгі мақсаты – «жаңылтпаштарды шешу», немесе, парадигмаларға негізделген теориялық білімді іс жүзіндегі факт-ма-териалдармен рационалды сәйкестендіру. Ғылымның дағдарысты жағдай-ында ізденіс процесінде қабылданған парадигмалар шеңберіне сыймайтын фактілер пайда болады да, парадигманың тиімділігі күмән туғызады, одан бас тартып, шындықты мүлдем жаңа көзқарас тұрғысынан түсіндіретін жаңа парадигмалар жасау қажеттілігі туады.

 

Тақырыбы: Техника және білім ғылым философиясы

  1. Техника және білім ғылым философиясы қалыптасуы
  2. Қазіргі кездегі техника ғылымның даму үрдістері

 

Бүгінгі қоғам өмірін ғылым мен техникасыз көге елестету мүмкін емес. Енді ғылыммен тығыз байланысты екінші «техника» ұғымын талдауға уақыт келген сияқты. Гректің «техне» деген сөзі алғашқыда «өнер», «шеберлік» деген мағынада қолданды. Бүгінгі таңда «техника» деп барлық қоғамның салаларында қолданылатын неше түрлі құралдардыайтамыз. Ф.Энгельсті еске алсақ, адамның өзі-ақ еңбек құралдарын жасау арқылы жануарлардын бөлініп, саналы пендеге айналған жақ па? Егер жануар айнала қоршаған ортаға өз дене мүшелерін жетілдіру арқылы бейімделсе, адам, керісінше, өз дене мүшелерінің жалғасы ретінде неше түрлі жасанды заттарды жасайды да, оларды табиғат пенөзінің екі ортасында орналастырып қоршаған ортаны өзгертеді. Егерде жануардың дене мүшелері белгілі бір оның өміріне керек қызметті істеуге мыңдаған жылдары бойы бейімделіп, өзінің мәресіне жетсе, адамдікі ондац жетілген болмасада, өзінің жан-жақтылығымен  көрінеді. Мысалы, адамның қолын алайықшы: оның жан-жақтылығы соншалықты, тек таңғаласың. Бұл жолда дәрігерлердің микроскоппен жасайтын операциясынан бастап, алып  механизмдерді жүргізетін дәрежеге дейін неше түрлі деректерді келтіруге болады.

Бүгінгі таңда күнбе-күнгі өмірде «технология» деген ұғымды да көп пайдаланып жүрміз. Қарапайым сананың деңгейінде «техника» мен «технология»  ұғымдары бір мағынада қолданылады. Алайда бұл ұғымдардың бір-бірінен айырмашылығы бар екенін байқаймыз. Егер техникаға неше түрлі заттардан жасалған құралдарды жатқызсақ, технологияға белгілі бір жасанды затты, я болмаса құбылысты жасау жолындағы әдістерді, олардың бірінің соңынан бірі келетін тәртібін айтамыз. Олай болса, алғашқы «шеберлік» деген мағынаға тағы да қайтып келдік. Жоғарғы дәрежедегі технологияның негізінде жасалып шығарылған заттың сапасы биік болады. Қазақстандағы кеңесзаманында салынған біршама алып өндіріс кешендерінің тоқтап тұрғанының себебі де осында: ондағы ескі технологиялар дұрыс нарықта өтетін тауарларды шығаруға мүмкіндік бермейді.

Технология ұғымының өрісі жыл сайын кеңейе түсуде. Оны біз өндірісте ғана емес, қоғамның басқа салаларында да қолданып жүрміз. Бүгін біз саясатта «пиар-технология», қоғамдық пікірді калыптастыру жолында «ақпараттық технология», білім беру жүйесінде «педагогикалық технологиялардың»  т.с.с. неше түрлерін көріп те, естіп те жүрміз.

Қайсыбір затты жасау үшін белгілі бір шикізатты әкелу (көлік), содан кейін оны өңдеу (технология), осы жолда біршама күш-қуат жұмсау (энергия) және шешім қабылдау мен оның іске асуын бақылау (контроль) керек. Тарихтың алғашқы  сатыларында  оның бәрін де адамның өзі жасады. Бірақ, жүре келе, жануарларды үйретіп, көлік ретінде  пайдалана  бастады. Үй салу жолында адам неше түрлі тастарды жоғарыға көтеретін алғашқы дәнекерлерді жасайды да, соңынан оның ішкі сырын ашып, механиканың алғашқы қағидаларын тудырады. Содан кейінгі үлкен жаңалық — адам су шығыршығын ойлап шығарып, ағыс күшін игерді, нәтижесінде су  диірмені пайда болды. Бұл  алғашқы  технологиялық машинаның дүниеге келуі еді. Онда қозғаушы күш, оны жеткізу, жұмыс жасау механизмдері бірге берілген. Жүре келе, ғасырлар шеңберінде одар бір-бірінен бөлініп, қозғаушы механизмдер, оны жеткізу және технологиялық машиналар пайда болады. 18-ғ. аяғында технологиялық  машиналарды  жасауда  нағыз төңкеріс болды:  жіпті иіретін,  мата тоқитын  машиналар дүниеге  келді. Бу  күшіне негізделген қозғалтқыштар пайда болып, мұның өзі алып өндірістер — фабрикалардың  дүниеге  келуіне себеп болды. XX ғ. дүниеге келген электр күшіне негізделген жеке қозғалтқыштар әрбір машинаның құрамдас бөлігіне айналып, өндірісті әрі қарай дамытты.

Алайда қандай машиналар жасалса да, оларды бақылап басқаратын адам болды. Бірақ ол да XX ғ. көп ұзамай,  автоматтандырылған өндіріс ошақтарымен ауыстырыла басталды. Бүгінгі таңда дамыған елдерде көп өндіріс ошақтарында автоматтандырылған цехтар жиі кездеседі. Мысалы, автомобильдерді шығаратын зауыттарда, машина қорабын жасау, оны бояу, т.с.с. жұмыс түрлері автоматтар мен роботтарға берілген.

Компьютерлік техника дамып, көп жағдайда бүгінгі таңда олар ақпаратты таңдап алу, оларды бір жүйеге келтіру, түр-түрге бөлу, т.с.с істермен айналысып, өндірістегі шешімдерге келуге, оларды іске асыруға көмектеседі.

 

.Тақырыбы: Ғылыми танымның логикасы мен методологиясы

1. Ғылыми таным. Ғылыми  танымның теориялық сипаты

2. Ғылыми танымның логикасы мен методологиясы

 

Ғылыми танымның әдістері өте көп, әрі сан салалы, себебі танып білудің объектісі болып табылатын материалдық және рухани дүниенің өзі көп түрлі, сан салалы. Дегенмен, ғылыми танымның барлық әдістердің шартты түрде үш топқа бөлуге болады: 1) жалпылама диалектикалық әдіс. Ол болмыстың барлық жақтарын зерттеуге және таным процесінің барлық кезеңдерінде қолданылады; 2)жалпы ғылыми әдістер. Олар ғылымның барлық саласвнда пайдаланылғанымен, таным процесінің барлық кезеңінде қолданыла бермейді; 3) жекеше әдістер. Олар нақты құбылыстарды бір ғылымның шеңберінде зерттеуге қолданылады. 

Информация о работе Ғылым тарихи мен философиясының қалыптасуы