Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Декабря 2014 в 09:21, лекция
1.Ғылымның пайда болуы
2.Ғылым тарихы мен философиясының қалыптасыуы
3.Ғылымның тарихи негізгі даму кезеңдері
Ғылыми танымның жалпы
әдістері мен түрлерін қарастыру үшін
танымның эмпириалық және теориялық деңгейлерін
ажыратқан дұрыс, себебі әр деңгейдің
өзіндік ерекшеліктерімен әдістері бар.
Эмпириялық деңгейде таным объектісінің
қасиеттері мен қырлары сезімдік қабілет
түрғысынан қабылданады.
Теориялық деңгейде
таным объектісінің маңызды байланыстарымензаңдылықтары
тәжірибе негізінде алынған біліммен
қоса абстрактілі ойлау нәтижесінде тұжырымдалады.
Ғылыми танымның эмпериялық
деңгейінде кең қолданылатын ең қарапайым
әдіс – бақылау деп аталады. Оның мәні
– зерттеу объектісін белгілі бір мерзім
арлығында нысаналы ұйымдасқан тұрде
жүйелі бақылай отырып, ондағы өзгерістерді
қадағалау. Келесі әдіс – эксперимент
– ғылыми тәжірибе деп аталады. Оның ерекшелігі
– зерттеліп жатқан объектіге адамның,
зерттеушіні тікелей әсер етіп, ондағы
процестерге арласуы.
Осы заманға кең пайданылатын
әдістердің бірі – модельдеу. Модельдеу
дегеніміз эксперименттің бір түрі, бірақ
мында объектінің өзі емес, оның орнын
басатын модель зерттеледі. Ғылыми теоррияның
қалыптасуы барысында гипотезаның маңызы
зор. Гипотеза – ғылыми тұрғыдан дәйектелген
болжамға негізделген теория.
Әрине, кез келген болжам
гепотеза бола алмайды.
Қысқасы, ғылыми жолы
– қиын жол, инемен құдық қазғандай. Ғылыми
танымның жеңісіне үлкен ізденіс, қажылы
еңбек, шыдамдылық, терең білім жеткізеді.
Логика (гр. λογική - «талдауға құрылған», λόγος — «сөз», «сөйлем», «ойлау», «ақыл») — ойлау, оның формалары мен заңдылықтары туралы ғылым. Логика дәлелдеу мен теріске шығарудың белгілі бір әдіс-тәсілдері қаралатын ғылым теориялар жиынтығын құрайды.
Ғылым ретіндегі логикадан логикалық дұрыс ойдың байланысы мен динамикасын (ойлау логикасы) айыра білу қажет. Ғылыми логика саласына белгілік құрылымдарды жасау мен зерттеу (есептеу, формальдік жүйелер), жалпы касиеттері логикалық оймен көрінетін және белгілік құрылымда белгіленетін шындықтың белгілі бір үзінділерін қарастыру (модельдер) енеді.
Логика ұғымы объективті дүниенің, шындықтың даму заңдылықтарын бейнелеу мағынасында да қолданылады. Кең мағынада Логика ойлаудың ғана емес, болмыстың да байланыстарын көрсетеді, бұл жағынан ол онтологиямен сабақтас. Ойлау мен таным қатар жүретіндіктен Логика таным теориясымен (гносеологиямен) байланысады. Логика философияның негізгі бөлігі болып табылады, өйткені философия “оймен басталып, оймен жалғасады, сондықтан оны кейде “ойлау туралы ойлау” деп анықтайды.
Логика тарихы философия тарихымен тығыз байланысты. Логиканың алғашқы тарихи нұсқасын б.з.б. 4 ғасырда ежелгі грек философы Аристотель жасаған. Ол дедуктивтік ой қорытулар теориясын (яғни силлогистиканы) қалыптастырып, логика қателердің алғашқы жіктелімін жасап берді және Логикалық дәлелдеу туралы ілімнің негізін қалады. Дәстүр бойынша Аристотельдің Логикасы — аподейктика — анық, ақиқат білім туралы ілім, ол Аристотельдің “Аналитикасында” баяндалған.
Аристотель дедуктивтік-силлогист. ілімді дамытса, Эпикур мен оның ізбасарлары
индуктивтік Логиканың бастауын
ашып, индуктивтік жалпылаудың бірқатар
ережелерін тұжырымдаған. Аристотельдің Ло
Қазіргі Логикада түсініктеме (интерпретация) ұғымы маңызды рөл атқарады, өйткені бұл ұғым арқылы Логикалық заң және Логикалық жалғасу ұғымдары анықталады. Кейінгі кездері Логикалық зерттеулерде жаңа математика аппарат — категориялар теориясының тілі кеңінен қолданылуда. Логикалық теориялар оларда зерделенетін Логикалық лебіздердің сипатына, түптеп келгенде заттар қатынастарының түріне орай классик. және бейклассиктер болып бөлінеді. Қазіргі Логиканың маңызды бір бөлігі — металогикада Логикалық теориялардың қасиеттері (қайшылықсыздығы, толықтығы, түпкілікті дедуктивтік принциптерінің тәуелсіздігі, т.б.) зерттеледі, яғни оны Логиканың өз түзілістері турасындағы өзіндік рефлексиясы деп атауға болады.
Тақырыбы: Ғылыми танымның методологиялық проблемалары
1 .Ғылыми танымның мәні мен құрылымы
2. Ғылым және оның қоғамдағы рөлі
3. Ғылыми-танымдық әдістемелері
Таным объектілері
адамның практикалық қызметімен тығыз
байланысты және әрқашан соған тәуелді
болады. Таным процесінің негізінде адамның
объективті дүниеге тигізетін белсенді
әсері жатады. Себебі таным адамның объективті
құбылыстарымен байланысына, оларға тигізетін
әсеріне және оларды өзгертугіне байланысты
дамып отырады. Осы тұрғыдан алғанда, таным
дүниенің белсенді әрі нысаналы бейнеленуі
деп қарастыруға болады. Қоғамдық практика
таным процесінің қозғаушы күші болып
табылады. Ол өмір сүру, іс - әрекет жасау
барысында адамдардың алдына ұнемі шешуін
талап ететін проблемалармен міндеттер
қойып отырады.
Қорыта айтқанда, таным процесіндегі субъект
– объект, объект – субъект қатынастары,
адамның ой санасы мен сыртқы пактикалық
қызмет арқылы байланысқан. Таным болмыстың
жай ғана бейнесі емес, ол адамның практикалық
қызметі барысында іске асады.
Таным теориясы адамзаттық философия
тарихын, мәдениет пен ғылым тарихын, техника
мен практика жетістіктерін философиялық
жағынан қорытуының нәтижесі. Сонымен
бірге ол қазіргі ғылыми – техникалық
революция және жаңаша ойлау жетістіктеріне
сәйкес одан әрі тез қарқынмен дамуда.
Қазіргі жағдайда біз таным теориясы ретіндегі
диалектиканың практикалық және теориялық
рөлі арта түскенің көріп – біліп отырмыз.
Ақиқат – танымның негізгі мақсаты. Өйткені
таным процесіндегі субъектінің белсенділігіне
байланысты қалыптасқан жаңа білім зерттеліп
отырған объектіге сәйкес келуі немесе
сәйкес келмеуі мүмкін.
Осыған орай
ғылым мен философияда ақиқат
проблемасы алға тартылады.
қолданылады. Ғылыми танымның жалпы әдістері
мен түрлерін қарастыру үшін танымның
эмпириалық және теориялық деңгейлерін
ажыратқан дұрыс, себебі әр деңгейдің
өзіндік ерекшеліктерімен әдістері бар.
Эмпириялық деңгейде таным объектісінің
қасиеттері мен қырлары сезімдік қабілет
түрғысынан қабылданады.
Теориялық деңгейде таным объектісінің
маңызды байланыстарымензаңдылықтары
тәжірибе негізінде алынған біліммен
қоса абстрактілі ойлау нәтижесінде тұжырымдалады.
Ғылыми танымның эмпериялық деңгейінде
кең қолданылатын ең қарапайым әдіс –
бақылау деп аталады. Оның мәні – зерттеу
объектісін белгілі бір мерзім арлығында
нысаналы ұйымдасқан тұрде жүйелі бақылай
отырып, ондағы өзгерістерді қадағалау.
Келесі әдіс – эксперимент – ғылыми тәжірибе
деп аталады. Оның ерекшелігі – зерттеліп
жатқан объектіге адамның, зерттеушіні
тікелей әсер етіп, ондағы процестерге
арласуы.
Осы заманға кең пайданылатын әдістердің
бірі – модельдеу. Модельдеу дегеніміз
эксперименттің бір түрі, бірақ мында
объектінің өзі емес, оның орнын басатын
модель зерттеледі. Ғылымды қоғамдық сананың
формасы ретінде түсіну және ақиқат туралы
нақты білім беретін мәдениет сферасы
ретінде қарастыру — толық емес және аяқталмаған
жағдай. Ғылыми білімнің пайда болуының
формалары туралы мәселелер толығымен
шешілген жоқ. Ғалымдар ғылыми білімнің
негізгі формасы ғылыми теориялар деп
санайды.
Теория-ғылыми білімнің ең күрделі және дамыған формасы. Генетикалық жағынан классификациялау секілді оның қалыптасуына негіз болған формалардан соң пайда болды. Сондықтан теориялар программалар мен парадигмалардың негізінде пайда болады. Парадигма дегеніміз — нақты бір ғылыми зерттеуді анықтайтын және ғылым дамуының белгілі бір кезеңінде танылған алғышарттардың жиынтығы. Осы парадигмалар шеңберінде теорияларда қолданылатын ең маңызды базистік жағдайлар анықталады, ғылыми түсінік беру мен ғылыми білімді ұйымдастырудың, оған баға берудің үлгілері қарастырылады. Ал бұл базистік жағдайлардың ортақтастығы ғылыми программалар негізіне жататын философиялық принциптермен анықталады.
Қоғам мәдениетінің әркелкілігіне байланысты бір мәдени-тарихи біртұтастықтың шеңберінде бірнеше ғылыми программалар қалыптасады. Сонымен бірге бір ғылыми теориялар тудырады.
Ғылым мен мәдениеттің байланысын жете түсінбеу — ғылым дамуы мен ғылыми парадигмалардың ауысуын көрсететін себептерді анықтаудың мүмкін еместігіне әкеліп соғады.
Ғылыми теорияның құрылымын зерттеуге кірісерде оның мазмұндық және формалдық жақтарын да ескеру қажет.
Ғылым білімдер алуға бағытталған, білімнің жинақылығы мен тұтастығынан көрінетін адамның шығармашылық қызметі және сол қызметтің нәтижесі. Ғылым қарапайым тәжірибенің тарихи дамуында жинақталған ақпарлардың, сілтемелердің, қызмет пен пәнге нұсқаулардың жиынтығы болып табылатын стихиялы, тәжірибелік білімдермен салыстырғанда жүйелілігімен ерекшеленеді. Ғылым — табиғат (материалдық) дүниесі мен қоғамның заңдары туралы білім жүйесі ретінде көрініс береді. Ғылым біртұтас бола тұра жеке ғылымдар деп аталатын бірқатар білім салаларына жіктеледі. Олай бөліну бізді коршаған дүниенің көптүрлілігінен болады, сондықтан ғылымның жеке саласы көпқырлы қызметтің белгілі бір жақтарьн зерттейді. Соған орай, табиғат туралы ғылымдар — жаратылыстану, қоғам туралы — қоғамтану (әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар); таным мен ойлау туралы — логика, гносеология, диалектика болып бөлінеді.
Тақырыбы: Ғылым әлеуметтік институт ретінде
Адамза өзінің даму тарихы барысында қоршаған әлемді танып –білудің және игерудің бірнеше тәсілдерін меңгерді. Сондай тәсілдердің біріне сөзсіз ғылымды жатқызуға болады. Ғылым – қоғамның рухани мәдениетінің құрамдас бөігі болып табылады. Адамзат дамуының белгілі бір кезеңінде ғылым дами келе, қоғамдық сананың дербес формасына айналады. Себебі, қоғамдағы сан–салалы мәселелер көп жағдайда ғылымның орны мен рөлін түсіну осы уақытқа дейін аяқталмаған күрделі процесс. Бұл процесс қиыншылықтар мен қайшылықтардың, талас–тартыстың, күмәнді сұрақтардың, көптеген жаңа мәселелердің пайда болуымен ерекшеленеді. ХХ ғасырдың 20-шы жылдарында ғана ғылымның мәні мен ерекшеліктерін, оның даму және қолдану механизмдерін қарастыратын, сонымен қатар, ғылымның білім жүйесі, әрі ерекше әлеуметтік институт ретінде даму заңдылықтарын зерттеуге бағытталған «ғылымтану» атты жаңа пән пайда болды.
Содан бастап ғылым мен философия арасында осы уақытқа дейін басылмаған дау –дамай басталды, олардың әр қайсысы шындықты айқын көрсету құқығына ие болғысы келді. Ғылым ешбір шектеусіз барлық сұрақтарға жауап беріп, адамзатты жарқын болашаққа бастауды мақсат етті. Әдетте мұндай болашақ ғылым мен техниканың жетістіктерінен болатын материалдық игілік пен тоқшылықты білдіретін. ХХ ғасырдың басындағы адамзаттың көп бөлігіне қатысты тіршіліктің төменгі деңгейінде болашаққа деген мұндай көзқарас бұқара халық тұрмақ саясаткерлерге де, тіпті ойшылдарға да түсініксіз боп қала берді. ХХ ғасырдың басында философтар мен мәдениеттанушылардың аз бөлігі бұл жолдың апатқа бастайтынын ашық айтты. Бұл ХХ ғасырдың ортасында атом қаруын жасау экологиялық апаттың төнуі арқылы расталды.
Соған қарамастан, сцентизм идеологиясының қалдықтары –ғылымның жалғыз ғана құтқарушы екендігіне сену – осы уақытқа дейін сақталып келеді. Ағартушылық қойнауынан дамып, позитивизм философиясында дамыған мұндай көзқарас ХХ ғасырдың екінші жартысында қоғамдық және гуманитарлық пәндерден жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін асыра мақтап көрсетуге көшті. Осы сенім планетаның қазіргі жағдайына, термоядролық апат қаупіне, ең бастысы– мәдениеттің этикалық және эстетикалық көрсеткіштерінің төмендеуіне, технократтық психологияның күшеюіне әкеп соқтырды.
Сөз жоқ, ғылым–адамзат мәдениетінің орасан зор жетістігі болып саналады. Ол адамзат өмірін ұрпақтан –ұрпаққа жеңілдетіп, тәуелсіз етеді және материалдық, рухани байлықтың негізіне айналады. Ғылым адамзат мәдениетінің бір сферасы ғана, оның өз ерекшеліктері мен мақсаттары бар, бұларды басқа түрге қолдан өзгертуге болмайды. Ал ғылым жеке өзі адамат өркениетінің ең жоғарғы құндылығы бола алмайды, ол–тек адамзат өмір сүруіндегі әр түрлі мәселелерді шешетін бір құрал ғана. Қалыпты, үйлесімді қоғамда ғылымға да, өнерге де, философияға да, дінге де, адамзат мәдениетінің басқа да құрамдас бөліктеріне бір уақытта орын табылады.
Ғылыми білімнің үшінші іргелі бағытын адам және оның ойлау жағдайы туралы ғылыми жүйе құрайды. Адамзат жан–жақты аспектілерде қарастырылып, көптеген ғылым салалары арқылы зерттеледі. Ондай ғылым салаларына –гуманитарлық ғылымдар және математика жатады.
Аталған негізгі ғылыми бағыттармен қатар, ғылымның өзін зерттейтін ғылыми салаларды жеке топқа жатқызуға болады. Ғылымның бұл салалары ХХ ғасырдың 20-шы жылдарында пайда болды және бұл өз бетінше ғылымның адамзат өміріндегі рөлі мен маңызын анықтай алатын дәрежеге көтерілгенін білдіреді. Ғылымтану қазіргі кезде өз бетінше, тез дамып келе жатқан ғылыми пән болып саналады.
Ғылым, білімнің құрылысын анықтай келе біз ғылымға толық анықтама бере алатындай мүмкіндікке жкттік. Сонымен, ғылым дегеніміз– арнаулы қоғамдық қызмет нәтижесінде алынып, дамыған және қолдану барысында қоғамның тікелей тәжірибелік күшіне айналған объективті шындықтың динамикалық жүйесі.
-Ғылыми –білімнің құрылымымен
ғылым атқаратын функциялар
-Түсіндіру –табиғат
-жүйелеу–жиналған фактілік материалдарды сұрыптап, бір жүйеге енгізу;
болжам жасау–дәл қазіргі кезде жүріп жатқан процестердің даму дәрежесін есепке ала отырып, болашаққа болжам жасау;
Информация о работе Ғылым тарихи мен философиясының қалыптасуы