Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Декабря 2014 в 09:21, лекция
1.Ғылымның пайда болуы
2.Ғылым тарихы мен философиясының қалыптасыуы
3.Ғылымның тарихи негізгі даму кезеңдері
Дәрістер
Ғылым тарихы мен философиясы
Тақырыбы: Ғылым тарихи мен философиясының қалыптасуы
1.Ғылымның пайда болуы
2.Ғылым тарихы мен философиясының қалыптасыуы
3.Ғылымның тарихи негізгі даму кезеңдері
Ғылым дегеніміз не? Бұл сұраққа жауап берудің оңай еместігінің дәлелі ретінде оның қашан пайда болғандығы туралы пікірталастың әлі күнге толастамай отырғанын айтуға болады. Ғалымдардың бір тобы ғылым ежелгі дүниенің антикалық кезеңінде, яғни, осыдан 2,5 мың жыл бұрын пайда болды десе, енді бір ғалымдар нағыз ғылым тек Жаңа Дәуір кезеңінде, шамамен ХVІІІ-ғасырда қалыптасты деген пікірді үстанады. Мұндай пікірталастың себебі ғылымның күрделі және санқырлы құбылыс екендігінде. Ол бір жағынан алғанда білімдердің, теориялық қағидалар мен методтардың жүйесі, сонымен бірге қоғамдық сананың формасы, қоғамды» дамудың рухани жемісі, қоғам дамуын басқару құралы, өндіргіш күш күрделі информациялық жүйе және т.б. Осы әр түрлі салалардың мамандары ғылымға әр түрлі анықтамалар береді және олардың ешқайсысын да теріске шығаруға болмайды. Әртүрлі анықтамаларды қорыта келіп, ғылымның жалпы анықтамасын беретін болсақ, ғылым – табигат, қогам және адам туралы білімдер өндіруге багытталган зерттеу қызметі саласы.
Бұл анықтамадан ғылымның зерттеу пәні туралы түсінік алуға болады. Ғылым ең әуелі адамды қоршаған орта – табиғатты зерттеуге бағыталған қызметтің жемісі ретінде дүниегекелді.
Бірте-біртеқоғам турал
ғылымитүсініктер жинақтау
Ғылымның функциялары. Ғылым күрделі әлеуметтік функциялар атқарады.
Бұл функциялар ғылымның өзінің дамуымен бірге үнемі өзгеріп, толықтырылып және ғылымның дамуына өзіндік осерін тигізіп отырады. Қазіргі ғылымның үш әлеуметтік функциясын атап көрсетуге болады:
1) мәдени-көзқарастық;
2) өндіргіш күштерфункциясы;
3) әлеуметтік күштер функциясы.
Ғылымның генезисі және негізгі даму
кезеңдері.
Ғылымның генезисі, қоғамдағы қызметі
және дамуының қозғаушы күштері мәселесі
бойынша интерналистік, экстерналистік және позитивистік концепциялар бар.
Интернализм ғылымның пайда болуы мен дамуына философиялық ой тікелей әсер етті деп есептейді және қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси құрылымы мен сол қоғамның ғылымының арасында ешқандай байланыс болуы мүмкін емес деген пікірді ұстанып, ғылымның ішкі факторларын абсолютке айналдырады. Экстернализм бұл концепцияға қарсы. Оның өкілдерінің пікірі бойынша, ғылымға сыртқы факторлардың әсері мықты. Позитивизм; ғылым нақты, тәжірибеден өткен, дәлеледенген фактілерге сүйене отырып дами алады, абстрактылық ойлау мен метафизикалық түсініктер ғылым үшін пайдасыз. Біздің ойымызша, ғылымның пайда болуына, эволюциясына, қоғамда атқаратын қызметіне жоғарыда аталған факторлардың бәрі де белгілі бір дәрежеде ықпалын тигізеді және ол әр дәуірде әр түрлі болуы мүмкін. Сондықтан оларды бір-біріне қарсы қойып, немесе бір-бірінен бөліп алып, белгілі бір факторларды абсолютке айналдыру дұрыс емес.
Зерттеуші ғалымдар ғылымның
даму кезеңдері туралы әр түрлі пікірлер
айтады. Олардың бір тобы ғылым көне заманда
қалыптасты десе, енді бір ғалымдар ғылым
қоғамның ерекше саласы ретінде Жаңа Дәуірде
пайда болды деп тұжырымдайды. Біздің
пікірімізше, ғылымның даму кезеңдері
туралы мейлінше дұрыс пікірді ұсынған
қазіргі заманғы Ресей ғалымы В.В.Ильин.
Ол ғылымның дамуын классикалық, классикалық
емес және неоклассикалық емес деп жіктейді.
Бұл жіктеуді ғылымның классикалыққа
Дейінгі кезеңімен толықтырған дүрыс
секілді деп ойлаймыз. Себебі, классикалық
ғылым кезеңіне дейін ғылым ұзақ уақытқа
созылған «нағыз ғы- лымға» дейінгі қалыптасу
кезеңінен өтті.
Алғашқы қауымдық қоғам дамуының
мыңжылдық практикасы ғылым ды қалыптастыра
алған жоқ. Білім күнделікті өмірдің қажеттіліктері
қанағаттандыруға ғана бағытталып, одан
жоғары кетеріле алмады. Алғашқы қауымдық
қоғамда өмір сүрген адамдар дүние туралы
білім жинамады деуге болмайды, бірақ
заттар туралы объективтік білім оларды
субъективтік қабылдаумен тығыз байланысты
еді, яғни, объективтік білім элементтері
мен субъективтік сана арасында шекара
болмады, табиғат құбылыстары адам және
оның өмірімен байланысты түсіндірілді.
Адам ойы таза теориялық білім деңгейіне көтерілуі үшін оның дәстүрлі практикалық бағытталғандығын бұзу қажет еді. Ескі сананы күйрету санаға тікелей әсер ету арқылы емес, сана бейнелеп отырған дүниені түбірімен қайта түсіну арқылы жүрді. Дүниеге деген жаңа көзқараста заттар адамға байланысты емес, объективті, заттар мен адам жеке-жеке, бір-біріне қатысты, бірақ тәуелсіз, нәрселер ретінде пайымдалды. Осындай ерекшелік көне гректерге тән еді. Ғылымды зерттеуші ғалымдардың бәрі дерлік ғылымның отаны көне Греция деп мойындайды. Гректер Египет пен Вавилон империяларында бірнеше жүзжылдықтарға созылған соғыстардан аман қалған, ұзақ уақыт ескерілмеген білімдерді қабылдап алды және жәй қабылдап қана қоймай, өздерінің ақыл-ойының, ойлау қабілетінің күштілігі арқасында өздерінің білімдерін қоса отырып жаңа дәрежеге көтерген, оларға абстрактылық және рациональдік сипат берген халық болды.
Тақырыбы: Ғылымның философиялық негіздері
Философия біздің өмірлік тәжірибеміздің бір бөлігі болып табылады. Біз мұны мойындасақ та, теріске шығарсақ та философиялық ой-толғаулар біздің күнделікті өмірімізді толықтырып, адамзат дамуының бүкіл ұзақ жолы ілесіп келеді. Философия б.з.д. VІ-V ғасырларда қалыптасты, осы кезден бастап адазат әлемі туралы, ондағы өзнің орны мен тағдыры туралы рационалды көзқарас қалыптастыра бастады. Философиялық рефлексияның пайда болуы күрделі үдеріс болыптабылды.адазат ойының дамуы архайкалық, фантастикалық, илюзиялық көзқарас қалыптастан оның рационалдық-танымдық формаларына дейін ұзақ жолдан өтті. Әлемнің рационалды түсіндірулеріне ең алғаш қадам жасағандар дүние құрылымы туралы ерекше ілімдерді тудырған мысырлық, вавилондық, үнді және қытай ойшылдары болды. Мысалы, ертедегі вавилондық матеметиктер мен астрономдар әлемнің глеоцентристік картинасын қалыптастырып, алгебра, геометрияның негізін қаладығквадраттық және кубтық түбірден шығару тәсілдерін меңгерді. Ежелгі үнді астрономдары
Жердің шар тәрізді екендігін, оның өз өсінен айналу туралы ойларын айтты, матиматиктері он мәнді жүйесін, цифрларды белгілеуді ойлап тауып , тригонометрия негіздерін қалыптастырды.
Ғылым философиясы—ғылымды адам іс-іәрекетінің ерекше аясы және ұдайы дамудағы білімнің жүйесі деп қарайтын философияның тарауы. Ғылымда білімді философияның гносеологиялық және методологиялық тұрғыдан зертеудің аздаған тарихы болғанымен, Ғылым философиясы –соңғы кезде 20 ғасыр кеңінен тарй бастады. Ең алғашқы бұл термин логикалық позитивтер деп аталатын философтардың еңбектерінде қолданылып, ғылым тілін философиялық тұрғыдан зерттеулер тек ғана формальдық (математикалық) логика шеңберінде болуы керек. Ал ғылыми ғымдарды эмпирикалық, тәжірибе, байқау арқылы түсіндіруге болады деп түсіндірілді. Ғылым, бұл концепция бойынша-- адамның ең жоғарғы ісі, ал ғылым философияның бір ғана функциясы осы жеке ғылымдарда, логикалық, методологиялық тұрғыдан қамтамассыз етілуі. Бері келе ғылым философиясы біржақты екендігі байқалғаннан кейін оның проблематикасына өзгерістер енгізілді. Қазіргі кезде ғылым философиясы ғылымның құрылымы мен қатар, оның тарихын зерттеуге бет бұрып отыр.
Ғылымдардың топқа жіктелуі—ғылымдардың өзара байланысы, олардың ғылыми білімдер жүйесәндегі,ең алдымен, әртүрлі ғылымдардың зертелеттін белгілі бір принциптерге байланысты туындайтын өзара орналасу тәртібі, сондай-ақ олардың зерттеу әдісі. Ғылымдардың топңа жіктелуі формальды (үйлестіру принципіне негізделген) немесе диалектикалық мазмұны (субординация принципіне негізделген) болады. Энгельс « Табиғат диалектикасында» бұрынғы топқа жіктеудің (Сен-Симонның, Канттың және Гегельдің) бір жақтылығынан арылған ғылымдардың топңа жіктелуін жасады. Энгельс ғылымдардың топңа жіктелуін жекеленген ғылымдар зерттейтін материя қозғалысыныңформаларының өзінің және оолардың материалдық негіздернің (материалды дискретті түрлерінің) байланысы мен алмасуының бейнесі деп түсінеді.
Ол бірқатар ғылымдарды механиканы , физиканы,химияны биологияны анықтады.Кейінен (биологиядан) Энгельс жасаған антропогенездің еңбек теориясы арқылы табиғаттан адамға тарихқа, жаратылыстанудан қоғамдық ғылымдарға және ойлау туралы ғылымдарға ойысы ашылды. Механикадан математикаға көшу жүзеге асырылды. Энгельс жекелеген ғылымдардың арасындағы ( қозғалыс формалары арсындағы (қозғалыс формалары арасындағы ) ойысуға баса назар назар аударды, бұл орайда қозғалыстың неғұрлым жоғары формасының мәні бұл формалардан оның төменгі формаларымен байланысын тану тану арқылы ашылатыны басшылықа алынды, ол генетика жағынан туындайды және олар бағынышты формаларретінде көрінеді.
Ғылымдарда бұдан былайғы
саралау олардың барған сайын
күшейе түскен
Жүйелі талдау моделдеу және басқалар сияқты ғылыми әдістер онымен өзара байланысты. Ғылымның қазіргі дамуы Энгельстің ғылымдардың топқа жіктелуінің алғашқы схемасына түбегейлі өзгерістер енгізді: Микродүние туралы жаңа ғылым (ядролық—субатомдық физика, кванттық механика,) аралық ғылымдар пайда болды (биохимия, биофизика, геохимия ) барлық жерде ғылымдардың өзінің ерекше маткериалдық қолданушысы бар неғұрлым ортақ абстрактілі және нақты ғылымдарға бөліне отырып, күрделі тарамдану іске асады.
Барлық жеке ғылымдар жалпы ғылым ретінде диалектикалық- материалистік философияда қамтылды.
Тақырыбы: Ғылыми білім құрылымы
1.Ғылыми білім берудің ерекшелігі
2.Ғылым дамуының классикалық кезеңі
Ғылым, білімнің құрылысын анықтай келе біз ғылымға толық анықтама бере алатындай мүмкіндікке жеттік. Сонымен, ғылым дегеніміз — арнаулы қоғамдық қызмет нәтижесінде алынып, дамыған және қолдану барысында қоғамның тікелей тәжірибелік күшіне айналған объективті шындықтың динамикалық жүйесі.
Ғылымның дамуында ғалымның тұлғалық ерекшеліктерінің белгілі бір рөл атқаратынын жоққа шығармасақ та, керінбейтін білімді М.Полани секілді тым әсірелеуге болмайды, бұл білімнің иесі ұжымдық субъект екендігін ұмытпаған дұрыс. Білімді тек жеке білім деп түсіну – қате.
Әрине, тек дәстүрлерге сүйенсе, ғылым дамымай қалар еді. Ғылыми білімнің құрылымында жаңалықтар да ерекше рел атқарады. Ғылыми субъект парадигма-дәстүрлерді басшылыққа алып қана қоймай, оларды жаңалықтармен үнемі толықтырып отыруы тиіс.
Ғылымның дамуындағы ғылыми жаңалықтардың рөлін көрстеу үшін алдымен ғылымның онтологиясын анықтап алған дұрыс. Ресей ғалымы В.В.Ильин ғылымының онтологиясын: 1) гылымның алдыңгы шебі; 2) гылымның мыгым ядросы; 3) гылымның тарихы құрайды деп есептейді.
Ғылымда ғылыми ақыл норма-ережелері бойынша ұйымдастырылған қызмет рационалды қызмет болып саналады. Бірақ нормалардың да шегі
бар, оны практика көрсетіп-анықтайды. Ғылыми нормаларды сипаттау күрделі, себебі олар көп және жан-жақты, себебі ғылым сантүрлі, бір-біріне ұқсай бермейтін, әрқайсысының өзіндік зандылықтары бар салалардан және ғылыми субъектілерден тұрады. Сондықтан ғылыми қызметтің барлық ерекшеліктерін қамтитын, ғылыми субъектілердің бәрі бірдей мойындап, қабылдайтын нормалар ұсыну, әрине, қиын.
Ғылыми білімнің тағы бір іргелі бағыты — қоғамтану. Оның пәні болып қоғамдық қубылыстар мен жүйелер, қурылымдар, жағдайлар процестер табылады, қоғамдық ғылымдар қоғамдық байланыстар мен цатынастардың жеке түрлері мен барлық жиынтығы туралы білім береді. Өзінің сипаты бойынша қоғам туралы ғылыми білімдер сан түрлі, олар жалпы үш бағыт бойынша топтастырылған: зерттеу пәні қоғам болып табылатын әлеуметтік бағыт; халықтың еңбегін, меншіктік қатынасты, қоғамдық өндірісті, айырбасты, таралуды және осыларға негізделген қоғамдық қатынастарды зерттейтін экономикалық бағыт; сонымен бірге мемлекеттік-құқықтық құрылымдарды және қоғамдық жүйелердегі қатынастарды пәні ретінде қарастыратын мемлекеттік-құқықтық білімдер бағыты.
Ғылыми білімнің іргелі бағытын адам және оның ойлау жағдайы туралы ғылыми жүйе құрайды. Адамзат жан-жақты аспектілерде қарастырылып, көптеген ғылым салалары арқылы зерттеледі. Ондай ғылым салаларына — гуманитарлық ғылымдар (психология, логика тағы басқа) және математика жатады.
Аталған негізгі ғылыми бағыттармен қатар, ғылымның өзін зерттейтін ғылыми салаларды жеке топқа жатқызуға болады. Ғылымның бұл салалары XX ғасырдың 20-шы жылдарында пайда болды және бұл өз бетінше ғылымның адамзат өміріндегі рөлі мен маңызын анықтай алатын дәрежеге көтерілгенін білдіреді. Ғылымтану қазіргі кезде өз бетінше, тез дамып келе жатқан ғылыми пән болып саналады.
Ғылым, білімнің құрылысын анықтай келе біз ғылымға толық анықтама бере алатындай мүмкіндікке жеттік. Сонымен, ғылым дегеніміз — арнаулы қоғамдық қызмет нәтижесінде алынып, дамыған және қолдану барысында қоғамның тікелей тәжірибелік күшіне айналған объективті шындықтың динамикалық жүйесі.
Ғылыми-білімнің құрылымымен
ғылым атқаратын функциялар
1) түсіндіру — табиғат
объектілері мен табиғат
2) жүйелеу — жиналған
фактілік материалдарды
3) суреттеу — қоршаған
жағдайдың байланыстары мен
Информация о работе Ғылым тарихи мен философиясының қалыптасуы