Шпаргалка по "Философии"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Апреля 2013 в 02:02, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по "Философии".

Прикрепленные файлы: 1 файл

Философия.docx

— 139.98 Кб (Скачать документ)

 

 

 

Материяның құрылымдық даму деңгейі

 

 

 

 

 

 

 

 

             Табиғат                                                                                                 Қоғам 

 

 

 

 

 

 

 

 

Неорганикалық табиғат               Органикалық табиғат                                  

 

 

 

Элементарлы бөлшектер,               ДНК, РНК, белок,                               Адам, жанұя,

 

атомдар, молекулалар,                    клетка, организм,                               әлеуметтік топ,

 

галактика                                          поуляция                                             этнос, халық

 

 

 

       Материяның  формалары немесе өмір сүру  тәсілдері – қозғалыс, кеңістік, уақыт. Қозғалыс-бұл материяның  тіршілік ету тәсілі, демек ол материя сияқты мәңгі, қайталанбайтын, жоғалмайтын, бір формадан басқа формаға өтуші, жалпы, абсолютті. Қозғалыстың формасына тән ерекшелік - өзгермелік және тұрақтылық.

 

Кеңістік – бұл материя  тіршілігінің жалпы және обьективті формасы, ол бір мезетте тіршілік ететін обьектілердің орналасу тәртібін білдіреді. Материяның үш өлшемді объективті формасы.

 

Уақыт – бұл ұзақтықты, бір өлшемдікті, ассиметриялықты, қайта  айналмауды және жалғастықты сипатпен анықталатын материя тіршілігінің обьективті формасы.

 

Дүниенің түпнегізін бір  ғана субстнация - материя немесе рухты  санайтын философиялық ілім - монизм деп  аталады. Монистік әлем моделі әлемнің  негізі не материалды не рухани бір  субстанция болуы керегін түсіндіреді. Әлемнің түпнегізін екі бастамадан көретін философиялық концепция  – дуализм деп аталады. Әлемнің  басатауын екі немесе одан да көп  субстанциядан іздейтін философиялық ілім – плюрализм.

 

           3.Болмыстың екінші ғажайып түрі  – сана, рух. Танымдық тұрғыдан  қарағанда, сана – дүниені  бейнелеудің ең биіе, тек адамға  тән идеалдық формасы. Сана  белгісіз, ғайыптан пайда болған, дайын күйінде біздің миымызға  енген құбылыс емес. Іштен де  тумайды. Әрине, адам бойында  атадан балаға көшетін кейбір  нәсілдік бейімділік, қабілет те  болады. Оның дамуы да түрлі  жағдайларға байланысты. Бірақ сана  ондай қабілет емес. Сана адам  миына байланысты пайда болады. Ал ми – оның мекені. Сана  адам миы қызметінің жемісі.

 

         Адам  өз түсіктері арқылы сыртқы  дүниедегі құбылыстарды қабылдап, лынған ақпараттарды жүйке жүйелерарқылы  арнаулы ми бөліміне жеткізеді,  осы сәттен сараптау басталады.  Ол өте күрделі биоэлектрлік  «кванттық өрістер» негізінде  жүреді.       

 

         Сана  белгілі бір дәрежеге жеткенде  сана-сезімге айналады. Рух дегеніміз  -  адамның өзіндік сана-сезімі, өзін-өзі сезініп, ұғыну арқылы  жететін сананың ең жоғарғы  сатысы. Адамның сана-сезімі қашанда  таптық, топтық, қоғамдық сана-сезімдерге тығыз байланысты. Бірақ сана-сезім – адамның өзін-өзі сезіну және өзін-өзі реттеу қабілеттері де кіреді.

 

         Жеке  адамның рухымен қатар, халықтың  рухы туралы да айтуға болады. Мысалы, қазақ халқының руханиятына  – оның өзіне тән дүниесезімі,  құндылықтыры жатады.

 

         Рухтың  жетістіктері  ғылым мен шығармашылық  жетістіктерден көрінеді.

 

         Рухтың  негізгі – адам бойындағы:  ақыл-ой, парасат, борыш, ар-ұждан,  адалдық, махаббат, сүйіспеншілік,  ізгілік, ақиқат, әсемдік, үміт  пен сенім, еркіндік пен әділетілік  т.б. жатады. Николай Александровия  Бердяев: «Рух дегеніміз –  ақиқат, ізгілік, әсемдік, еркіндік  пен мән-мағына, ... Рух дегеніміз  – адам ішіндегі оның құдайлығы» (Н.А.Бердяев «Философия свобонного  духа» М. Мысль 1994.)     

 

13 дәріс. Диалектика

 

 

 

Дәрістің мақсаты: Диалектиканың  негізгі катигориялары мен заңдарымен таныстыру.

 

 

 

Негізгі сұрақтар:

 

1. Диалектика және оның  катигориялары.

 

2. Даму ұғымы: прогресс  және регресс түсініктері.

 

3. Диалектика заңдары

 

     

 

    Дамудың мәні  мен оның әртүрлі мәселелерін  терең қарастыратын ілімі диалектика  деп аталады. Грек тілінен аударсақ, бұл термин «әңгіме жүргізудің  өнері» немесе «талас-тартыс өнері»  деген мағына береді. Диалектика  сұхбат жүргізудің өнері ретінде  ежелгі Грекияда өте жоғары  бағаланған. Кейіннен диалектика дамудың жалпы заңдары туралы ілім болып қалыптасты.Диалектиканы қазіргі кезде категориялардың белгілі-бір жүйесі ретінде қолданамыз. Бұл жүйе не шындықтың обьективті байланысының көрінісі, не белгілі-бір болмыс болып қарастырылады.

 

Диалектиканың моделдері:

 

Логика-гносеологиялық модель (Кант, Фихте, Шеллинг, Гегель концепциялары);

 

Тепе-теңдік модель ( Спенсер, Ле Дантек, Уорд, т.б. концепциялары);

 

Материалистік модель (Маркс, Энгельс, Плеханов, Ленин);

 

Натуралистік модель (Дарвин, Хаксли, Берталанфи, Симпсон, т.б.).

 

Диалектика категориялары  дегеніміз-зерттеудің жеке принциптерін бейнелейтін ұғымдар. Белгілі-бір  зат пен құбылыстың қайшылықтарын  ашу және оны шешу-диалектикалық  зерттеу болып табылады. Диалектиканың  екі жұп  категориялары бар, олар: ұқсастық пен өзгеріс, сан мен  сапа, шексіздік пен шекті, түр  және мазмұн, мән және құбылыс, мүмкіндік  және шындық, қажеттілік және кездейсоқтық, себеп және салдар, т.б.

 

Жоғарыдағы категориялармен  қатар жүйе, элемент, құрылым, бүтін  және бөлшек диалек. категориялар.

 

     Жүйе – тәртіпке  келген өзара байланыстағы элементтер  жиынтығы.

 

     Элемент - әрі  қарабөлінбейтін жүйенің негізінде  жатқан оның бөліктері.әрбір элемент  бедгілі бір жүйенің қалыптасуына  қатысады.

 

      Бүтін - өзінің  іштей байланысты құрамдас бөліктерін  бірлікке әкеліп, оны анықтайды.

 

      Бөлшек –  бүтіннің құрамына кіріп, оның  сапалық қасиеттерін өз бойына  қабылдау.

 

      Мазмұн –  заттың немесе құбылыстың барлық  құрамдас бөліктерінің жиынтығы, олардың қасиеттері мен байланыстары, қайшылықтары жатады.

 

     Форма –  мазмұнның өмір сүру тәсілі, оның  ішкі ұйымдасу тәртібі.

 

     Себеп, салдарлық  байланыстар детерменизм (лат.  анықтау) – дүниедегі заттар  мен құбылыстардың белгілі бір  заңдылықтардың негізіндегі байланыстары  мен өзара тигізетін ықпалдарының  арқасында өзгеріске түсуін зерттейтін  ілім. Оған қарсы индетерминизм  (лат анықталмайды) болмыстың себептілінгін  мойындамайтын ілім.

 

     Себеп –  зат немесе құбыфлыстың белгілі  бір жағдайлардағы өзара әрекет  негізіндегі қажетті түрде өзгеруі,  я болмаса екінші зат, құбылысты  тудыруын айтамыз.

 

      Салдар –  белгілі бір себептердің негізде  пайда болған зат, құбылыс. 

 

      Мүмкіндік  – заттың болашағы, өзеру мен  дамуының көрініс табатын кейбір  нышандар, алғышарттар. Филос. ендірген  Аристотель(гр. динамика- мүмкіндік,  энергия- шындық, лат. акт- шындық, потеция – мүмкіндік). Аристотель  бойынша материя – таза мүмкіндік,  оны шындыққа айналдыратын –  эйдос, форма.

 

      Шындық –  заттың актуальды болмысы, мүмкіндік  – ішкі қайшылықтардан шығатын  заттың  дамуының бағыттары, алғышарты.

 

     Мүмкіндіктің  шындыққа айналуы қажетілік пен  кездейсоқтықтың өзара диалектикалық  байланысының нәтижесінде іске  асады. 

 

      Қажеттлік  – зат не қозғалыстың дамуындағы  болмай қалмайтын, әрдайым іске  асатын жақтары.

 

      Кездейсоқтық  – болуы я болмауы мүмкін  жақтар.

 

     Даму – бұл  материалды және идеалды обьектілердің,  яғни заңдылықты, бағытты, қайта  айналмауды білдіретін сандық-сапалық  өзгеріс. Бұл анықтамадан «даму»мен  «қозғалыс» тұғымдарының синоним  немесе тең еместігін біліп  алған жөн. Егер, даму бұл әрқашан  қозғалыс болса, ал кез-келген  қозғалыс даму емес, Ал қозғалыс  пен дамудың бастауы қайшылық. Даму өз бағытында прогрессивті  немесе регрессивті, біртінділік  даму болуы мүмкін.

 

Прогресс (лат. алға өрлеу, күрделену, табыс) дегеніміз - төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделіге өту, даму.

 

Регресс (лат. кері қарай) дегеніміз  – жоғарыдан  төменге өту, құлдырау, деградация.

 

Біртінді даму – заттың тұрақты ұйымдасу деңгейінің шеңберіндегі кейбір жақтарының ғана жетілуін айтамыз.

 

        Материалды  жүйеде бұрын болып көрмеген  жаңа сапалы мүмкіндіктердің  пайда болуынан дамудың кері  қайтымсыздығын айқындауға болады. Даму үшін сондай-ақ жаңашылдық  пен жалғастық қасиеттері тән.  Материалды обьект бір сападан  екінші сапаға өткенде бұрын  болмаған қасиетке ие болса  жаңашылдық пайда болады. Ал жалғастық  дегеніміз осы жаңа обьектіде  ескі ұйымның кейбір құрылымдарын, элементтерін сақтап қалуы. Даму  материалды сферамен шектеліп  қалмайды. Материя ғана дамымайды.  Даму процесінде адам оның  санасы, ғылым, қоғамдық сана тұтастай  дамиды. Рухани шындықтағы даму  оның материалды иегерінен тәуелсіз  қозғалып отырады. Мысалы, тұлғаның  рухани сферасының даму  оның  физиологиялық дамуынан озып  кетуі немесе артта қалып қоюы  мүмкін.

 

        3.Диалектиканың  заңдарына: қарама-қарсылықтардың  бірлігі мен күресі заңы, сандық  өзгерістердің сапалық өзгеріске  өту заңы, терістеуді терістеу  заңы жатады. Бұл заңдар табиғатта,  қоғамда, санада әрекет жасайды. 

 

Қарама-қарсылықтардың бірлігі  мен күресі заңы - заттар, құбылыстар, процестердің ішкі бірлігі мен қарама-қайшылығы  болатын даму мен өзіндік қозғалыстың бұлағын, бастауын ашу және қарама-қарсы өзара қатынас. Бұл дегеніміз бірлік бойынша:

берік тепе-тең жүйелердің өзара байланысы;

бір-біріне өтуі (реалдық  пен потенциалдық);

қарама-қарсы бағытталған  күштердің бір жүйеге бір уақытта  бағытталуы.

 

Ал қарама-қайшылық бойынша:

қарама-қайшылық кез-келген затта бар, бірақ кез-келген қарама-қайшылық диалектикалық қарама-қайшылық емес, ол өзгеріс;

диалектикалық қарама-қайшылық таным процесіндегі қайшылықтар, обьективті шындыққа қарам-қарсы.

 

Сандық өзгерістердің  сапалық өзгеріске өту заңы-даму механизмін ашады, белгілі бір сандық өзгерістер сапалық өзгерістерді тудыруы, ал жаңа сапа өз кезегінде жаңа мүмкіндіктер мен сапалық өзгерістердің интервалын тудырады. Сапаның дамуы санның өзгерісі есебінде жүреді. Оны әдетте секіріс  деп атайды. Бір сапалы қалыптан екінші қалыпқа өту-секіріс деп  аталады.

 

Сапа дегеніміз обьектінің тұтас интегралды сипаты, яғни басқа  оьектілер байланысы мен қатынасынан  алынған қасиеті.

 

Сан – бұл обьектінің шығу деңгейін, оның сапа интенсивтілігін, оның бөліктерінің өзара қатынасын, биіктігін білдіретін қасиеті.

 

Өлшем – бұл сандық өзгерістер болу ерекшелігі және сапаны бұзбаудың  сандық және сапалық бірлігі.

 

Терістеуді терістеу заңы-дамудың  негізін ашып, дамудың бағыттылығы  мен қажеттілікті, циклді, ескі сапаға жаңа негізде қайта оралуды білдіреді. Алғаш рет терістеуді терісте  заңын ашқан Гегель болатын. Бұл  заң төменнен жоғары қарай дамуды білдіреді.

 

14 дәріс.Гносеология: жалпы  мәселелері

 

 

 

Дәрістің мақсаты:студенттерді таным процесінің негізгі деңгейлері, түрлері мен танымның жалпы мәселелерімен  таныстыру.

 

 

 

Негізгі сұрақтар:

 

1. Гносеология және эпистемология.  Таным түсінігі 

 

2. Таным түрлері

 

3. Ақиқат және оның өлшемдері

 

 

 

       1. Таным  теориясы немесе гносеология  философияда оның ең алғашқы  даму кезеңінде ақ пайда болған. Гносеология грек тілінен аударғанда, таным туралы білім деген мағына  береді. Гносеология-адамның табиғатын,  нақты білімге қатынасын, оның  мәдениет пен коммуникация жүйесіндегі  өмір сүру шартын, ақиқат білімге  жетудің заңдылықтары мен тәсілдерін  оқытады. Гносеология адамның  дүниені танып білу қабілетін,  танымның негізгі заңдылықтарын,  әдістерін, жолдарын зерттейтін  философиялық ілім. Кейіннен «эпистемология»  термині пайда болды, ол да  өте кең таралды. Бұл термин  ғылыми таным теориясын білдіреді. 

 

Таным субектісі дегеніміз-мақсатпен  бағытталған заттық-практикалық, белсенді таным әрекетін ұстанушы, ол индивид  те, ұжым да, әлеуметтік топ, қоғам да болуы мүмкін.

 

Таным обьектісі дегініміз-субьектінің  таным әрекеті бағытталған нәрсе.

 

      2.  Философиялық  концепцияларда танымның екі  түрі бар:

 

сезімдік таным (түйсік, қабылдау, елестету)

 

рационалды (логикалық) таным (түснік, пайымдау, ой-тұжырым)

 

Сезімдік таным бойынша  біз әлем туралы алғагқы білімдерді түйсік, қабылдау, елестету түрінде  аламыз. Алынған сезімдіктер рационалды сферада ой тұжырым, пайымдау, түсінік  көмегімен өңделеді. Таным процесі  адамның практикалық іс-әрекетімен тығыз байланысты. Қоғамдық практика таным процесніңі негізі және мақсаты. Сезімдік таным түрлері:

 

 Түйсік-материалды заттың  адам сезім органдарына тікелей  өзара әрекет ететін қарапайым,  элементарлы көрінісі. Олар белгі  немесе сигналды қызметтер атқарады.

 

Қабылдау-сезімдік таным  формасы, онда обьект тікелей сезім  органына әсер етіп, санада тұтастай көрініс  беруі. Қабылдау түйсік негізінде пайда  болады. Ол да образдық-белгі бірлігімен сипатталады.

Информация о работе Шпаргалка по "Философии"