Шпаргалка по "Философии"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Апреля 2013 в 02:02, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по "Философии".

Прикрепленные файлы: 1 файл

Философия.docx

— 139.98 Кб (Скачать документ)

 

      Білге қаған  мен Күлтегін ескерткіштерінде  „Биікте көк Тәңірі, төменде қара  жер жаралғанда, екеуінің арасында  адам баласы жаратылған ...“ –  деп жазылған.

 

       Көне  Түркілердің нанымында ерекше  орынға ие болған Ұмай ана  – үйдің шаңарақтың, ошақтың қамқоршысы, балалардың сүйеушісі, өнердің  қолдаушысы. (Тувадағы Ұйық өзенінің  бойынан табылған түркі ескерткішінде  Ұмай анаға арналған қоштасу  сөздері жазылған). Қазақтардың дүниетанымындағы  екі құдай да табиғаттың бір  бөлшегі ретінде болса, өзі  сол табиғат бөлшегіне тәуелді  жан ретінде айқындалған. 

 

      Ертедегі  ата-баалардың тотемі ретінді  қасқырды есептеген. Түрік қағандарының  патшалық рәміздерінде қасқыр  бейнесі болған.

 

       Көне  түркілер үшін қайырымды рухтар  – ата-баба рухтары болған.оларға  арнап құрбандық шалынған. Бұл  жөнінде батырлар жырларда сәбиге  зар болғандар жөнінде: „Әулие  қоймай қыдырып, етегін шеңгел сыдырып“ деп, олардың тілеуін де сол әулелер қабыл еткен.

 

       Қазақ  топырағында қалыптасқан философиялық  ойдың бастааушысы Анахарсис  (Анарыс). Геродот Анахарсисті Қара  теңіздің солтүстік жағалауын  жайлаған тайпалардан шыққанын  айтады. Гректер оны жеті дананың  бірі деп есептеген, оған арналған  ескерткіште Анахарсистің „Тілің  мен құлқыныңды, нәпсіңді ауыздықтай  біл“ – деген сөзі жазылған.

 

         Орта  ғасырдағы қазақ философичясынң  өкілдері: әл-Фараби, Қорқыт, Жүсіп Баласағұн,  Махмұд Қашғари, Дулати, Яссауиді  жатқыза аламыз.

 

        Қорқыт (ҮІІІ ғ.) Сыр бойында өмір сүген  ханның дана көмекшісі ғана  емес, , ескіні сақтаушы, ғұлама жыршы  болған Оның есімінен экзистенциалистік  сарынның барын аңғаруға болады. Қорқыт есімі «қорқу» сөзімен  тығыз байланысты, өлімнен қашып  өлместікті іздеген Қорқыт әрекетінен  оның өлімнен қорыққандығын білеміз.  Қорқыт өмірдің шекті, мәңгі  еместігін өлімнен қашып құтылуға  болмайтынын айтқан, өмір мен  өлім мәселесімен толғанған. „Қорқыт  ата кітабы“ – түркі тілдес  халықтардың өмір салты, тарихы, әдет-ғұрпы, ақындық дәстүрден  хабардар ететін эпикалық-тарихи  туынды. 12 дастаннан тұрады.

 

 

 

3.   Шоқан   Уәлиханов  (1835-1865) еңбектері қазақ халқының  тарихына көз жүгіртіп оның  дүниетанымымен танысуға,  18-19 ғғ. қазақ халқының тұрмыс тіршілігінің  жандануына, өзіндік әлеуметтік-реформасының  қалыптасуына негізделген. 

 

         Шоқан  қоғамда жасалатын өзгерістер  адам мүддесіне сәйкес келуі  қажет екендігін атап көрсетті. Ол: «халыққа етене жақын, ең  маңызды соның мұқтажына тікелей  қатысты реформа-экономикалық және  әлеуметтік реформа. Ал саяси  реформалар экономикалық істерді  жүзеге асыратын құрал ретінде  көрінбек. Өйткені әрбір жеке  адам және бүкіл адамзат қауымдасып, өзінің бірегей түпкі мақсаты-материалдық  әл ауқатын жақсартуға тырысады. Прогресс дегеніміз-осы» дейді.  «Сот реформасы жайында хат»  деген еңбегінде сол кезде  қазақ даласында жүргізіліп жатқан саяси әлеуметтік реформаларды талқылады. Әлеуметтік болмыс жөніндегі көзқарасында географиялық детерменизм бағытында болған.

 

        «Қырғыздардағы  шамандықтың іздері» еңбегінде  Шоқан зорастризм және шаманизм  дінідерін қазақтардың ежелгі  діні деп, ондағы наным-сенімдердің  тамырын зерттеген. Сол белгілерді  қазақ халқының күнделікті тұрмыста  қолданып жүрген сөздерімен де  дәлелдеп береді.

 

       Ш. Уәлиханов  шығармашылығы қазақтың рухани  дүниесін зерттеуге арналған.Халықтық  жыр-дастандары мен аңыздарының  түрлі нұсқаларын қағазға түсірген: «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу»,  «Едіге», «Ер Қосай», «Ер Көкше», қырғыздардың «Манас» жыры. Сондай-ақ  оның философиялық көзқарасы  негізінен ағартушылық идеяларды  негіздеуден тұрады. 

 

 

 

4.  Абай Құнанбаев (1845-1904) өткен замандардың кемеңгер ойшылдарының  шығармаларын оқып, өз дәуірінің  алдыңғы қатарлы ой-пікірлерін  қорытып, олар арқылы қазақ  өміріндегі аса маңызды мәселелерді  түсіндіруге сол кездегі қазақ  қоғамын толғандырған әлеуметтік-философиялық  мәселелерге жауап беруге ұмтылған. Абай философиясының 

 

-         дүниенің объективтілік заңдылығын  мойындады, дүние мен адамзат  қоғамы бір қалыпты тұрмай, өзгеріп  отырады деп таниды „Дүние  – үлкен көл, заман – соққан  жел. ... “. 

 

-         Философиялық антропологиясында  адамды дүниенің ең маңызды  бөлігіне жатқызады, оның бойындағы  асыл қасиеттерге былай сипат  береді: Үш-ақ нәрсе - адамның қасиеті:  ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы  жүрек.

 

-         этика тақырыбын қозғағанда иман  мәселесіне көңіл аударады. «Иман»  термині қазақ санасына мұсылманшылық  арқылы енген. Ол барлылық, білімділіктің  синонимі болып табылады. «Ұят  кімде болса иман сонда», «Адам  баласына адам баласының бәрі  дос» дейді. Мына дүниенің шолақтығын  біле тұра бір-бірімен өшігіп, не болса соған көрсеқызарлық, жалауыздық адам жанына берері шамалы деп тұжірімдайды.

 

-         Ағартушылық идеясы басым болған  Абай нағыз адам болуды ұрпаққа  өсиет еткен. 

 

  

 

       Ұлы Абайдың  жолын қуған Шәкәрім Құдайбердіұлы  (1858-1931 жж.). Шәкәрімнің дүниетанымына  Абай ықпалы зор болды. Бес  жасынан бастап өз бетінше  сауат ашып, араб, парсы, түрік,  орыс тілдерін үйреніп, Батыс  және Шығыс философиясымен, әдебиетімен  танысты.

 

        Шәкәрім  философиясының өзекті жақтары:

 

-         онтологиялық көзқарастарында деизм  бағытын ұстанды. «Тіршілік, жан  туралы өлеңінде:

 

Жаратылыс басы қозғалыс,

 

Қозғауға керек қолқабыс.

 

«Жан» де, мейлің бір «мән»  де,

 

Сол қуатпен бол таныс.

 

Әлемді сол мән таратқан,

 

Қозғалысқа көшпейді,

 

Көшпеген нәрсе өспейді.

 

Өспеген нәрсе өзгермес,

 

Түрден ол түрге түспейді-

 

деп, болмыс өзгерісте болатындығын, оны өгеріске келтіретін қозғалыс екендігі, ал сол қозғалыстың өзінің тіпкі  мәні болатындығын айтады. Түпкі мән  тек қозғалысты тудырып, әрі қарай  еш нәрсеге араласпайтындығын, сондықтан  ол ешбір өгеріссіз қалатындығын  тұжырымдады.

 

-         жан мен тән арақатынасы мәселесінде,  жанды алғашқы, ал тәнді екінші  ретте санап, жанның қасиеті  ақыл-парасатта, сондықтан жан  тәнді билейді деп идеалистік  бағытты ұстанды.

 

-         таным мәселесінде, қоршаған дүнені  тануда таным процессінің сезімдік  және рационалды деңгейлерден  өтетіндігін, танымның негізі  ақиқатта, сол ақиқатқа жету жолында  қажырлылық танытуды ескертті.

 

-         Шәкәрімнің этикалық, ағартушылық  көзқарастары негізінде «Үш анық»  концепциясы қалыптасып, рухани  ізденістерінің аумағы айқындалды.

 

-         Алғашқы ақиқат – діни анықтықтың  дәлелі дүниенің бір заңдылыққа  сүйеніп дамитындығы мен ондағы  кездейсоқтықтың болмайтындығы.  Яғни, ойшыл бұндай заңдылық пен  үйлесімділіктің түпкі тамырында  Құдай жатыр. 

 

-         Екінші ақиқат – ғылым ақиқаты,  жанмен, оның ажалсыздығымен байланысты  ақыл-ойды алды. Шәкәрімде жанның  мәңгілігі рухпен айқындалмайды,  оның түсінігіндегі рух ақыл-ой  қасиеті. 

 

-         Ал жанның азығы ретінде үшінші  ақиқат ретінде ұжданды көрсетті. Ұждан – адамның ішкі рухани  әлемі, онсыз адам жаннын елестету  де мүмкін емес. Ұждан жанның  азығы ретінде, адамның адамдығы  мен адамгершілік қасиеттерінің  негізі, қоғамдық дамудың көзі. Шәкәрім  ар ілімімен қоғамдық дамытудың  негізі мен оның дамуының жолын  көрсетіп берді. Қоғамдағы әрбір  адамның ары мен ұятын оятып,  оны жетілдіру арқылы мүмкін  екендігін айқындады. Адамның  ішкі дүниесін жетілдіруді ұсынған  ойшыл, ағартушы ретінде өзіндік  ерекше жолды нұсқады. Оның  нұсқаған жолы ар ілімінде  көрсетілгендей адамды ең басты  құндылық ретінде тану болып  табылады. Ойшылдың бұл ойы бүгінгі  күннің де мәнді мәселесі екендігі  анық. Осы тұрғыда ойшылдың ілімінің  құндылығы адамның өзін-өзі тәрбиелеу,  мүмкіндіктерін тек жағымды жағдайларға  пайдалану, адам деген атқа  сай өмір сүру, өзін-өзі жетілдіру,  білім мен еңбек арқылы дүниенің  кілтіне ие болатындығы туралы  ойларынан көрінеді. 

 

-          Шәкәрім Құдайбердіұлының ұсынған  ілімі гуманизм, ол адам жанын  жетілдіру арқылы адамға қолайлы  қоғам орнығатындығын, онда тек  адами заңдар басшылыққа алынатын, қоғамның ең басты құндылығы  адам болып табылатынын тұжырымдады. 

 

           Ол өзінің «Үш анық» еңбегінде  берген ойы мына өлең шумақтарымен  жеткізілген:

 

Еңбекпенен, өрнекпен

 

                                                           Өнер ойға тоқылса,

 

       Жайнар  көңіл, қайнар өмір

 

Ар ілімі оқылса

 

Ол адам жолы дегеніміз  адам баласына пайдасын тигізу, жақсылық ету деп түсіндіреді.

 

Анық бақ деп айтарлық үш-ақ нәрсе бар:

 

                                           Кірсіз ақыл, мінсіз сөз, адал  еңбек

 

                                           Бұл үшеуі біріксе сорды жоймақ,

 

                                          Шын бақ осы деп бұған ақыл  тоймақ.

 

11 дәріс. Орыс философиясы

 

 

 

Дәрістің мақсаты: Орыс филоософиясының  тарихи кезеңдерімен таныстыру, өзіндік  ерекшелігін көрсету.

 

 

 

Негізгі сұрақтар:

Орыс философиясның қалыптасуының  ерекшеліктері мен дамуынң тарихи кезеңдері

Ортағасырлық (10-17 ғғ.) орыс философиясы

Ағартушылық дәуірдегі (18 ғ.) орыс философиясы

ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы  орыс философиясы

 

 

 

Орыс философиясының қалыптасуы мен даму кезеңдері орыс мемлекетілігі  мен мәдениетінің кезеңдерімен сәкес  келеді. Орыс филлософиясы қалыптасуының  алғашқы кезеңінен –ақ әлемдік  философиямен байланыста болды, сондай-ақ оған өзіндік ерекшелік тән болды. Сонымен, орыс философиясының қалыптасуындағы  мынандай кезеңдерді бөліп көрсетуге  болады:

орыс философиясының қалыптасуының  алғашқы кезеңі – ІX – XІII ғғ. (Киевтік  Русь) бұл кезеңді: Ерте кездегі орыс философиясы немесе орыстың ортағасырлық философиясы  деген атауларға  ие болады.

монғол-татар шапқыншылығы тұсындағы философия ХІІІ-ХVІІ ғғ.

Орыс философиясының үшінші кезеңі XVIII ғасырдан басталады, ағартушылық  дәуір философиясы деп аталды.

Келесі кезеңі XIXғ. философиясы 

XX ғ. филоософиялық жүйелердің  пайда болуымен байланысты.

 

Орыс философиясының жалпы  сипаты:

 

- діни ықпалдың (провославияның) әсеріне бейімділік;

 

- халыққа жақындығы және  кең таралуы;

 

- нақтылық;

 

- адмгершілік, моарль мәселелерін  кеңінен қарастыру;

 

- философиялық зерттеу  аясының кеңдігі;

 

Орыс философиясының қарастырған  мәселелері:

 

- адам мәселесі;

 

- космизм (космосты біртұтас  организм ретінде қарастыру;

 

- адамгершілік, мораль мәселесі;

 

- Ресейдің даму жолын  таңдау;

 

- билік мәселесі;

 

- Мемлекет, әлеуметтік әділетілік  мәселе;

 

- Идеалды қоғам мәселесі;

 

- Болашақ мәселесі.

 

 

 

2.    Орыс халқының  тарихында ортағасырда орыс ұлтының  мемлекетілігінің қалыптасуы туралы  қоғамдық ойлар кең тарала  бастады. 

Ортағасырдағы алғашқы орыс философы, митрополит Илларион орыс халқының жеке мемлекеттілігі мен халықаралық  маңызын негіздеуге ұмтылған. Ол христиандықты  ең жоғарғы ізгілік ретінде бағалаған («Ізгілік пен заң туралы сөз»).

Владимир Мономах („Поучение“) моральдық-адамгершілік кодексін жасаған.

Климент Смолятич шығармасы  „Пресвитер Фомаға жолдама“ философиясының тақырыбы – ақыл, таным мәселесі

 

 

 

  Монғол-татар шапқыншылығы  тұсындағы философия ХІІІ-ХVІІ  ғғ.

 

·        Ортағасырда  монах Филофейдің (ХVІ) «Москва-үшінші Рим» атты доктринасы кең тарала бастады.  Бұл концепция Орыс империясының қалыптасуына әсер етті. «Құдайлық  Үштік образды жерге орнату –  орыс идеясының негізі». Рим-Константинополь-Москва бағытындағы орыс православиялық шіркеудің  сабақтастық идеясын ұсынды.Филофей  концепциясының үш басты белгісі  мынадай:

 

-         христиан дініне, соның ішінде  православиялық сенімнің ақиқаттығын  бұзбау;

 

-         осы сенімді бүкіл жарыққа  тарату;

 

-         миссиандық сендіру.

 

 

 

·        Сергий Радонежский (ХІV) – кү-қуат, христиандық  универсалдық, әділет, орыс халқының консолидациясы, монғол-татар шамқыншылығынан азаттық  идеясын насихаттаған.

 

·        Максимилиан  Грек (1475-1556) моральдық-адамгершілік құндылықтарды, аскетизмді насихаттанды,халыққа қамқорлық  пен әділетті монархия мен патшалық биліктің идеолгы болды.

 

·        Андрей Курбский (1528-1583) – патшалық биліктің диспотизмін шектеуді жақтады, бостандық  пен құқықты көздеді. Ивыан грозныймен полемика (пікірталас) жүргізді.

 

 

 

 

 

3. XVIII ғасыр орыс философиясының  екі басты бағыты қалыптасты:

 

1. Петрлік реформалар дәуіріндегі  философия Петр біріншінің ағарту  саясаты орыс қоғамының дамуына  үлкен ықпал етті. Алғашқыда өндіріс,  ғылым, білім дамыды. Мемлекеттік  аппарат түбегейлі өзгерді. Шіркеу  мемлекеттің қол астында қалды;  оның идеологиялық монополиясы  жоғалды. Осы уақытта философия  өз пәнін, өз зерттеу обьектісін  таба бастады. Діннен босап,  деистік көзқарасқы сүйене отырып, «екі ақиқат» теориясын негіздеді.  өкілдер. Феофан Прокоповия, В.Н.  Татищев, А.Д. Кантемир –Петр  І саяси кеңесшісі, Берлин академиясының  мүшесі, Молдованың билеушісі.

Информация о работе Шпаргалка по "Философии"