Шпаргалка по "Философии"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Апреля 2013 в 02:02, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по "Философии".

Прикрепленные файлы: 1 файл

Философия.docx

— 139.98 Кб (Скачать документ)

 

       Стоицизм (стоя) мектебі – (stoa -  афина  қаласындағы философтар жиналатын  ғимарат) негізін қалаған Китионнан  шыққан Зенон. Адамның негізгі  мақсаты – құмарлықтан құтылу, еркіндікте болу, самаурқаулық дәрежеге  жету (apatia – самарқаулық). Бұны соңғы  стоиктер даналық – София деп  атаған. Натурфилософиялық көзқарастары  Гераклит көзқарастарымен сәйкес  келеді. Дүниенің негізі от.

 

      Скептиктер (грек «қарапайым», «күдіктенемін») адамның ішкі дүниесін, рухани  өмірін өзгерткен ойларды қамтыды.  өкілдері Пиррон, Секст Эмпирик.  Адамның ойы арқылы айналадағыларға  кеңінен көз салу, оны жақсылап  бағдарлау, өткенге қайта қарау,  таным жетістігіне сын көзбен  шолу болды.

 

      Сонымен,  көне грек философиясы адамның  мәнін түсінуге үлкен қадам  жасады.

 

4 дәріс. Ортағасырлық Батыс  және Шығыс философиясы

 

 

 

Дәрістің мақсаты: орта ғасырлардағы батысеуропалық және араб-мұсылман философиясының қалыптасуының тұптамырымен, сипатымен, негізгі тақырыбымен таныстыру.

 

 

 

Негізгі сұрақтар:

Ортағасырлық еуропалық  христиан философиясының ерекшеліктері  мен дамуының кезеңдері.

Аврелий Августина және Фомы Аквинский шығармаларындағы философиялық идеялары.

Универсалия мәселесі. Номинализм және реализм.

Араб-мұсылман философиясының қалыптасуы мен ерекшелігі средневековья.

Арат тілді философиядағы  универсализм, энциклопедизм, пантеизм, перипатетизм: әл-Кинди, әл-Фараби, ибн-Сина, ибн-Рушд.

 

 

 

1.  Ортағасырларды (І-ХV  ғ.ғ.) философияның қалыптасуының  екі негізгі алғышарты болды:

 

а) ертедегі грек философиясы, әсіресі платондық және  аристотельдік  дәстүр;

 

б) философияны христиандыққа  қарай бұрған әулие жазбалар.

 

Ортағасырлар философиясы  алдыңғы антика философиясынан, одан кейін болатын қайта өрлеу  дәуірінен өзінің діни мазмұны мен  бағытылығымен ерекшеленді.

 

      Бұл дәуірде  философия дінге тәуелді болды,  өйткені философиялық сұрақтар  теоцентризм, креационизм, провиденциализм  позициялармен шешілді. 

 

Теоцентризм – әлемнің  түптамыры, жаратылыстың себебі құдай  деп түсіндіретін ілім.

 

Креационизм – Құдай тірі және өлі табиғатты жоқтан жаратты  деген принцип (ортағасырлық онтологиялық принцип)

 

Провиденциализм – әлемдік  оқиғаларды, тарихты, адам әрекетін құдай  басқарады деген көзқарастар  жүйесі (ортағасырлық гносеологиялық принцип)

 

     Христиан философиясы  түрлі фазалар мен формалардан  тұрды. Ортағасырлық батысеуропа  философиясының 2 кезеңін атап айтуға  болады:

 

Патристика – қасиетті жазбаларда белгіленгендей, жүйелі догмаларды жасау кезеңі болды. (антика философиясына, әсіресе Платон философиясына сүйенді)

 

Схоластика – бұл кезеңнің негізгі міндеті діни догмаларды негіздеп, дәйектеп, қорғау болды. Схолостикалық  философияның әдісі – ақыл көмегімен, яғни философия арқылы ақиқатты анықтау  болды. Схоластикалық ойлау мәні жағынан 2 мәселеге шоғырланды: 1) әмбебаптылық мәселесі бойынша номинализм мен  реализмнің таласы; 2) Құдайдың бар екендігін  дәлелдеу.

 

Батыс еуропалық ортағасырлық философиясының ертехристиандық философиясының өкілі Аврелий Августиннің (354-430 ж.ж.) ықпалы зор болды. Оның негізгі  еңбектері: «Ақиқат дін туралы», «Тәубә», «Жаратушы туралы», «Құдай қаласы туралы».

 

     Оның философиясының  негізгі жақтары:

 

      Қоғам өмірі  – екі қарама-қарсы патшалықтардың  күресінен тұрады, Жергілікті және  Құдайлық қалалар. Жер қаласы  Құдай қаласының қаһарына ұшыраған. Оның тұрғындары өзімшіл, эгоистер, олардың талап-тілектері дұрыс  өмір сүргісі келетін азшылыққа  қарама-қарсы. Бұл екі қала  сүйіспеншіліктің екі өзгеше  түрлерінен жаратылған: жердегі  - өзіне сүйіспеншілікпен қарайтын, Құдайды жек көруге дейін баратыдар;  аспандағы – құдайға сүйіспеншілік,  өзін-өзі жек көруге дейін баратындар.

 

     Жердегі қала  – жауыздар мен перілердің  әлемі, онда басқарушылар мен  оларға бағынышты халықты басқару  жүзеге асады.

 

     Құдай қаласы  – бұл адамгершілік пен құдай  әлемі, сүйіспеншілік бойынша  басқарылады, құлдық етеді.

 

     Августин бойынша,  адам өмірінің мақсаты құдайға  құлшылық ету мен сүйіспеншілік,  адам құдай идеяларын қабылдаушы.

 

      Аврелий  Августин философиясының теоцентристік  көзқарастағы философия, құдай  жалғыз түпнегіз ретінде бәрі  соған тәуелді, барлық нәрселер  соның көлеңкесі (креационизм).

 

      Ортодоксалды  схоластикалық жүйеге келтіруші  доминикан монахы Фома Аквинский  (1225-1274). Оның негізгі шығармасы  «Теологияның мәні»- онда котоликтік  догматиканы жасады, бұл сохоластикалық  теологияның негізіне айналды.

 

    Фома Аквинский  – католицизмнің діни-философиялық  жүйесін негізеуші, оның ілімі  томизм деп аталды. Оның әулие  аталуы да осы еңбегі үшін  еді.

 

     Ф. Аквинскийде  ғылым мен сенімнің аймақтары  қатал анықталған. Ғылымның міндеті  әлемдік заңдарды түсіндіру болады. Августин объективті түрде өмір  сүретіндерді танып білуге болатындығына  сенді, бірақ адам ақылының  әрекеті ғана шынайлық дегенге  қосылмайды.

 

     Объективті  және ақиқатты тануда барлығын  білу мүмкін емес. Христиан дініндегі  құпияларды (құдайдың үшбірлігі,  қайта тірілу және т.б.) философиялық  ақыл мен танымнан тыс, ал  философияның қарастыратын мәселелері : құдай болмысын дәлелдеу. Ғылым  мен сенім арасында қайшылық  жоқ, христиандық ақиқат ақылдан  жоғары тұрады, өйткені ол құдайдан  пайда болады, бірақ ол ақылға  қайшы емес. Сонымен Фоманың негізгі  принципі – сенім мен ақылдың  үйлесімділігін жасау болды.

 

     Философия дінге  қызмет етуі керек, ол діни  ақиқатты ақыл катигорияларына  салып бейнелеуі және талдауы  керек, және сенімге қарсы шығатын  жалған аргуметтерді теріске  шығарып отыруы керек.

 

       Ф.Аквинский  «құдай болмысы», өзінен-өзі белгілі  емес, сондықтан оны таным арқылы  дәлелдеп көрсету керек деп  тұжырымдады. Ол өзінің төмендегідей  құдай болмысының дәлелдерін  келтірген:

 

Қозғалыс – қозғалғанның барлығын қозғалысқа келтіретін біреу, яғни алғашқы қозғалысты жасаушы  – Құдай;

 

Себептілік – тіршілік ететіннің бәрінде сепеп бар, яғни олардың тіршілік етуінің себебі – Құдай;

 

Кездейсоқтық пен қажеттілік – кездейсоқтық қажетіліктен туындайды, қажеттіліктің алғашқы бастамасы  – Құдай;

 

Сапалық белгілер – болады, ең жоғарғы өзіне-өзі сәйкес –  Құдай;

 

Мақсат – жаратылғанның  бәрінің бір мақсаты бар, ал барлығының мақсатын анықтайтын – Құдай.

 

     Аквинскийдің  әлеуметтік философиясы католиктік  ілім рухымен шешілді. Мемлекеттік  билік – құдайдан, басқару формасы  жағдайға байланысты жасалуы  керек. Ол монархиялық билікті  көздеді. Азаматтық қоғамда шіркеу  бірінші орында болуы керек.  Жердегі өмір болашақ о дүниелік  өмірге дайындық. Мемлекетті жоғарыда  Христос, ал жерде Рим папасы  басқаруы керек деп тұжырымдады.

 

XI ғасырда схолостикалық  философияда  әмбебаптар мәселесіне  байланысты номинализм мен реализм  арасында талас-тартыс жүрді. 

 

Реалистер: Аврели Августин, Ансельм Кентерберийский, Альберт  Великий, Фома

 

Аквинский.

 

      Реалист  Ансельм Кентерберийский (1033-1109) нақты өмір сүретін тек мәңгі,  жалғыз құдай, ол бәрінің мәні. Қалған тіршілік ететінің бәрінің  бастауы Құдай. Жалпы ұғымдар  қайырымдылық, ақиқат, әділдік адамның  іс-әрекетінен тыс шынайы өмір  сүрген дейді.

 

      Әмбебаптардың  өмір сүретіндігіне қарсы шыққан  номиналистер болды. Олар: Пьер  Абиляр, Росцелин, Ульям Оккам. Олар  бойынша, нақты өмір сүретін  жекелеген заттар, ал жалпы ұғымдар  тек атау, затардың ортақ қасиеттеріне  берілетін, тек тілде ғана қолданатын  атаулар.

 

   Пьер Абелярдың  пікірінше әмбебаптар үш түрлі  өмір сүреді:

 

заттан бұрын құдай  санасында, сол арқылы әлем жаратылады.

 

заттарда көптің бірі ретінде;

 

заттардан соң адам санасында, бұрынғының белгісі ретінде.

 

4. батыс Еуропа  философиясы  діни схоластиканың арқасында  даму тоқырауға ұшыраса, Шығыста  керісінше, ортағасырларда гүлдену  дәуірін бастан кешірді. Ортағасырлық  Шығыс философиясын екіге бөліп  қарастыруға болады:

 

1.Араб тілді мұсылман-шығыс  философия;

 

2. Түркі тілді мұсылман-шығыс  философиясы.

 

        Шығыс  философиясы грек философиясымен  байланысты үзбей, оларды қабылдап, сақтады. Сондай-ақ негізгі мәселесі  – Ислам және оның догмалары  болды.

 

5. Араб философиясының  қалыптасуының негізгі бағыттары:

 

 Мутакаллимдер мектебі  – Исламның діни қағидаларын  негіздеу;

 

Мутазилиттер мектебі  – әлемнің, адамның жаратылуы  туралы, тағдыр туралы Ислам қағидаларынан  бас тарты, Құдай туралы антроморфты  бейнелерден бас тартып, адам ақылы  мен күшіне сенді;

 

суфизм – қоршаған дүниеге  қайырымды қарым-қатынас адамның  жоғарғы міндеті, аскетизм, өзімен-өзі  болу.

 

әл-Кинди (800-879) – Араб тілді  ортағасырлық философияның алғашқы  өкілі. Құдай, ақыл мәселелеріне тоқталып, философия мәнін, ғылымды классификациялауға тырысты.

 

     Адам ақыл  иесі, ол өзін-өзі ғана емес, қоршаған  дүниені, заттар мен құбылыстар  себебін, мәнін түсіне алады.

 

      4 түрлі ақылды  көрсетті. 1-ші – белсенді; 2-ші  – енжар; 3- - жүре пайда болған; 4-ші – көрер көзге ғана арналған  ақыл.

 

Танымның 3 түрлі деңгейін. 1-ші – логикалық-математикалық; 2-ші – табиғи-ғылыми, 3-ші – метафизикалық (философиялық).

 

 әл-Фараби (870-950) – шығыс  перипатетизмінің көрнекті өкілі.  Аристотель шығармаларының шығыстағы  комментаторы. Философиясына болмыс  мәнін түсінуге тырысты. Негізгі  еңбектері «Бақытқа бастайтын  жол» «Азаматтық саясат», «Мемлекет  қайраткерлерінің көзқарастыры»,  «Қайырымды қала тұрғындары»  және т.б. бақытқа ұмтылудың  себебі – адамның өзін-өзі  жетілдіруі мен саясаттың соңғы  мақсаты деп түсіндірді.

 

   Ибн-Сина (Авиценна) (980-1037) – ғылымдарды класификациялаған.  Философиялық білімді 2-ге бөлді:  практикалық және теоретикалық.

 

Теоретикалық – ақиқатқа жетуге бағытталған ғылымдар, олар : физика, математика, метафизика.

 

Практикалық – саясат, экономика, этика. Бәрі логиканы пайдаланады, логика – ғылымның құралы, бәріне таным  әдістерін ұсынады.

 

   Ибн-Сина философия  мен теологияның ерекше статустары  туралы айтты, кейін ол  Ибн-Рушдтың  «екі удайлы ақиқат теориясынан»  көрініс тапты.

 

    Ибн-Рушд (Аверроэс) (1126-1198) – Кардова халифатының  тұсында Испанияда өмір сүрген  араб-испан философы, «фальсафа» (философия)  терминін ендірген.

 

   Материалды дүние  мәңгілік, бірақ кеңістікте шекті,  Құдай мәңгілік, табиғат та мәңгілік.

 

   Ол жанның мәңгілігін  теріске шығарды. Индивидтің жаны  тәнімен бірге өледі, яғни тән  өлгенде оның сезімі, есі тарап  жоғалады. Адам әрекеті келесі  өмірде шартты түрде,  адам  өзі жақсылықтар жасауы керек.

 

      «Екі  удайлы  ақиқат» теориясы – ғылым мен  философияны дінен босату керек,  бір ғана шындық бар, ол –  философиялық шындық деген.

 

Түркі тілді философия. Ж. Баласағұни, «Құтты білік», Қашқари  «Дивани луғат ат түркі», А. Яссауи – түркі бұтағының суфизмнің  өкілі.

 

5 дәріс. Қайта Өрлеу  дәуірінің философиясы

 

 

 

     Дәрістің мақсаты:  Қайта Өрлеу дәуірінің философиясының  негізгі мәселелері мен, оның  өзіндік ерекшелігімен,  утопистік  ойларымен таныстыру.

 

   

 

 Негізгі сұрақтар:

Қайта өрлеу дәуірінің  өзіндік сипаты: Италия қайта өрлеуінің  гуманизмі

Қайта Өрлеу дәуірінің  философиясының натурфилософиясы –Николая Кузанский философиясы

Қайта Өрлеу дәуірінің  философиясының - әлеуметтік-саяси  көзқарастары: Н. Макиавелли, Т. Мор, Т. Кампанелла.

 

 

 

1. Қайта Өрлеу дәуірі  – ортағасырлық кезеңнен Жаңа  заманға қарай өтетін өтпелі  уақыт, бірнеше мыңжылдықтарды  қамтыды (XIV-XVI ғ.ғ.).

 

     Қайта Өрлеу  дәуірінде алғашқы капиталистік  қатынастар пайда болып, ұлттық  мемлекеттер қалыптасты, абсолютті  монархияға қарсы әлеуметтік конфликтілердің өршіген кезеңі болатын. Германиядағы шаруалар көтерілісі, Франциядағы діни соғыстар, Нидерландиядағы буржуазиялық ревалюциялар.

 

        Бұл   кезде қоғам өмірі мен мәдениет  саласында бірқатар жетістіктерге  қол жеткізді. Қайта өрлеу дәуірі  ХІҮ ғ. Италияда пайда болып,  гүлденуі ХҮ ғ. болды, ХҮІ  ғ. Қайта өрлеу бүткіл батысеуропалық  құбылысқа айналды. Қайта өрлеу  дәуірі мәдениетінің жарқын көрінісі  Флоренцияда ХҮ ғ.аяғы мен ХҮІ  ғ. басында көрінді. Италияда  қала мемлекеттерінде белсенділік  орын алып, феодалдық ескіліктен  арылу басталды. Қалаларда сауда,  банк істері дамыды, мануфактура  пайда болды. Қайта өрлеу дәуірінің  мәдениеті мен философиясы –  жаратылыстану және географиялық  жаңалықтармен байланысты болды.

Информация о работе Шпаргалка по "Философии"