Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2014 в 19:27, курсовая работа
Жұмыссыздық – жұмысқа белсенді адамдардың қоғамда тауар өндіру жұмыс орындарында және қызмет көрсету салаларында жұмыспен қамтылмауын көрсететін әлеуметтік – экономикалық құбылыс. Жұмыссыздар мен еңбекпен қамтылған адамдар елдің жұмыс күшін құрайды. Экономикалық өмірде жұмыссыздық жұмыс күшінің ұсынысының жұмыс күшіне сұранысынан асып түсуі жұмыссыздықты көрсетеді. Адам қоғамының түрлі даму кезеңдерінде жұмыс күшінің қолдануының тиімділігі әр қалай болды. Алғашқы адамдар қоғамында топтағы бүкіл еңбекке жарамды адамдардың түгелдей дерлік еңбекпен айналысып және бір уақытта территорияларды қоныстануларымен белгіленді. Осыдан түрлі тайпалар арасында территориялары үшін соғыстар болып отырған. Құлиеленуші қоғамда құлдар толық еңбекпен қамтылып, ал олардың иелері мен тәуелсіз азаматтар басқа территорияларға отарлау мен «құлдар – армиясын» толтыруымен айналысқан. Феодалдық қоғамда және азиялық өндірісте шаруалардың толық немесе шамалы аграрлық қоныстануымен және басқа өндіріс салаларында еңбекпен қамтылуымен белгіленді.
Кіріспе................................................................................................................3
1 Жұмыссыздықтың мәні мен түрлері, себептері мен салдары.
1.1 Жұмыссыздықтың мәні мен түрлері........................................................5
1.2 Жұмыссыздықтың себептері мен салдары........................................... 11
2 Қазақстан Республикасындағы тұрғындарды жұмыспен қамтуда шетелдік тәжірибелерді қолдану жолдары және ҚР жұмыспен қамту мәселесін шешу жолдары
2.1 ҚР-дағы тұрғындарды жұмыспен қамтуда шетелдік тәжірибелерді қолдану жолдары.......................................................................................................19
2.2 ҚР жұмыспен қамту мәселесін шешу жолдары...................................27
Қорытынды......................................................................................................32
Қолданылған әдебиеттер тізімі......................................................................34
Қандайда жұмыссыздық болмасын қоғамдағы аса ауыр экономикалық және әлеуметтік қайшылық. Батыс елдерінде жұмыссыз болу - тек қана жұмысты жоғалту ғана емес, сонымен бірге адам өзінің арнамысын, абырой- беделін жоғалту деп те есептеледі.
Қазіргі кезде біздің Қазакстанда басқа көптеген елдермен салыстырғанда адамның еңбегі төмен бағалануда. Мысалы, бір сағаттық адам еңбегі Швейцарияда -30, Германияда- 28, Австралияда -22, Францияда —15 доллар құрайда. Біздің есептеуімізше, Қазакстан Республикасында жұмысшы мен мемлекеттік сектордағы кызметкердің бір сағат еңбегі 0,10 доллар тұрады. Рыноктық катынастарға көшкенде жұмыс күшінің сапасына деген сұраныс өседі, сондықтан оның ақысын көбейту кажеттілігі еріксіз туындайды.
Нарық қатынастары дамыған көп елдерде еңбек нарығы әр түрлі топтағы адамдарды, әсіресе жастарды жұмыспен қамтудың жеке шараларын жүзеге асырады. Ол үшін арнайы бағдарламалар қабылданып іске асырылады. Осы мақсатта кәсіпкерлердің қатысуымен жастар үшін жалақы шығындары бөлінеді, жәнt оларды кәсіптік мамандыққа дайындайтын шығындарды мемлекет толық өз мойнына алады.
Қазіргі еңбек биржасында, жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным туралы мағлұматтар банкісі болуы қажет, Осы бағытта өнеркәсібі дамыған Батыс елдерінің тәжірибесін қолдануға болады. АҚШ-та, мысалы, аймақты және жергілікті деңгейде жұмыс күшінің электронды банкілері құрылған. Онда жұмысқа орналасқан кезде жоғары сапалы консультациялық көмек көрсетіледі. Натижесінде барлық мамандық топтарындағы жұмыссыздардың 40 проценті бір айдың ішінде жұмысқа орналасады. Соңдай-ақ, жұмыссыздарды қаржыландырудың жаңа бағдарламасы өндірілген. Әсіресе, Вашингтон штатында федералдық үкімет тиісті білім, жұмыс тәжірибесі бар және өз ісінің маманы болғысы келген 400 жұмыссыз адамға белгілі бір уақытқа дейін мүмкіндік беріп, алдын ала жәрдемақы төлейді. Бұның өзі, олардың жұмыс жобасының экономикалық дәлелі бар, әдейі курстарды өткен, сондай-ақ жаңа істі консультант көмегімен бастаған жұмыссыздарға беріледі.
Қазақстан Республикасында тәжірибесінде енді ғана тұрғындарды жұмыспен қамтудың нарыктық механизмге өтуі карастырылуда. Қазіргі кезде жұмыспен камту катынастары терең дағдарысты басынан кешуде. Оның себебі әміршілдік экономика жағдайында жұмыспен қамту қатынастары тоталитарлық орталықтан жоспарланған еді. Бұрынғы әміршілдік коғам толық жұмыспен қамту міндетін және тұрғындардын тиімді енбекпен камтылуын шеше алмады.
Біздің экономика әкімшілдік-әміршілдік жүйесінен рыноктық тәсілге көшуі жұмыс күшін босату процесін жеделдеттіреді. Рынок жағдайында нақты жұмыс орны енді ешкімге де кепілденбейді және еңбекті жалдаудың осы түрінін күшіне енуі шын мәнге ие болып, көптеген адамдардың мүдделеріне кәдімгідей әсер етеді. Осы уакытқа дейін бізде жұмыссыздықтың болмағандығы мойындалады және оны біз үлкен жетістікке санадық.
Қазақстан Республикасында тұрғындарды жұмыспен қамтудың арнайы бағдарламасы жасалған. Еңбек рыногындағы жағдайды ескере отырып, жұмыссыздарды қайтадан оқыту шаралары, қарастырылған жастар әйелдер, мүгедектерді жұмыспен қамтуға қамқорлықтар жасау көзделген. Кәсіпорындарда оларды жұмысқа алудың үлесі (квотасы) белгіленген.
Қазақстан Республикасында тұрғындарды жұмыспсн қамтудың арнайы бағдарламасы жасалған. Еңбек рыногындағы жағдайды ескере отырып, жұмыссыздарды қайтадан оқыту шаралары, қарастырылған жастар әйелдер, мүгедектерді жұмыспен қамтуға қамқорлықтар жасау көзделген. Кәсіпорындарда оларды жұмысқа алудың үлесі (квотасы) белгіленген.
3 статистикалық көрсеткіш жалпы ұлттық өнім тұтыну, құн индексі, жұмыссыздық деңгейі — экономика жағдайын сандық түрде бағалауға мүмкіндік береді. Бұл көрсеткіштер жеке тұлғалардың шешім қабылдау үрдісінде қолданылады, сонымен бірге мемлекеттік экономика үшін, экономикалық саясатты талдау үшін қолданылады. Экономистер бұл көрсеткіштерді экономиканы дамыту теорияларын жасау және тексеру үшін қолданады.
Қазақстанды соңғы жылдары жұмыссыздық деңгейі төмендеп келеді. Көршілес Өзбекстан мен Қырғызстан елдерінде бұл көрсеткіштер әлдеқайда жоғары долып келеді. Қазақстанда жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне түрлі факторлар әсер етеді. Оларды айта келсе, соңғы жылдары және осы уақытта қолға алынып келе жатқан Қазақстан Республикасының әлеуметтік реформалары 2005-2007 жылдары Мемлекеттік тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасы және индустриалды инновациялық бағдарламалары және елімізге үлкен мөлшерде ағылып келе жатқан шетел инвестициялары қосымша жұмыс орындарын ашып отыр. Оған қоса халықтың әлеуметтік жағдайы біршама жақсарып, жұмыссыз отырған азаматтар кіші және орта бизнеспен шұғылданып жұмыссыздар санын азайтуда.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Информация о работе Жұмыссыздықтың мәні мен түрлері, себептері мен салдары